SAMALY 13 маусым, бейсенбі 2024 жыл №24 (16040) Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады SARYARQA [email protected] www.saryarka-samaly.kz facebook.com/saryarqasamaly @saryarqa_samaly @saryarqa_samaly ТУРИЗМ Демалушыларға таңдау баршылық Жалғасы 5-бетте ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР! 2024 жылдың екінші жартысына «Saryarqa samaly» газетіне жазылу жалғасуда! Жазылу мерзімі «Қазпошта» АҚ –ның бөлімшесі арқылы жазылу «Alash Press» ЖШС - нің бөлімшелері арқылы жазылу Редакцияда ресімделу және алумен жазылу Индексі 69276 Павлодар қ. Павлодар қ. қала ауыл 6 ай 4 620,85 теңге 4 726,20 теңге 4 620 теңге 4 050 теңге Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады. Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41. беттер 8-9 беттер 14-15 ҚАН ТАПСЫРУ - ҚАЙЫРЫМДЫ ІС ЕРТЕҢ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАН ДОНОРЫ КҮНІ 16 МАУСЫМ – ӘКЕЛЕР КҮНІ ӘКЕНІҢ ӨНЕГЕСІ - ЕЛДІҢ КЕРЕГЕСІ Алдағы сенбі, 15 маусымнан бастап өңірімізде жазғы туристік кезең ашылады. Баянауыл курорттық аймағында бір демде 5 мың адам демала алатын 50-ден аса туристік нысан бар. Жергілікті билік арнайы кешенді бағдарлама аясында, облыс аймағында демалушылардың санын арттыруға арналған іс-шараларды атқаруда. Құрбан айт мейрамының қасиеті мен сауабы туралы газеттің 20-21-беттерінен оқи аласыздар
ТАҒАЙЫНДАУ 2 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл АҚПАРАТ SARYARQA SAMALY Өңірімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті шетелдік инвесторлардың қатары артып келеді. Таяуда ғана ресейлік компания аймақта құрылыс материалдарын дайындауға қатысты жоба ұсынса, бұл жолы қытайлық кәсіпкерлер алюминий өнімдерін өндіруге ынталы. Павлодар облысының инвестициялық әлеуеті зор. Мұны қытайлық инвесторлармен кездескен облыс әкімі Асайын Байханов ерекше атап өтті. Аймақ басшысы «East Hope Group» компаниясының өкілдерімен кездесіп, облыста бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарларын талқылады. Бұл ретте облыста бизнес жүргізудің артықшылықтары, өңірдің инвестициялық саясаты таныстырылды. «East Hope Group» бас директоры Мэн Чжанцзюн аймақтағы инвестициялық жоспарлары туралы айтты. Бұл компания әлем бойынша электролиттік алюминий және алюминий тотығын өндірушілердің ондығына кіреді. Қытай компаниясы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып, ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына үміт білдірді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі. Суретті түсірген - Валерий Бугаев. ИНВЕСТИЦИЯ Өңірімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті шетелдік инвесторлардың қатары артып келеді. Таяуда ғана ресейлік компания аймақта құрылыс материалдарын дайындауға қатысты жоба ұсынса, бұл жолы қытайлық кәсіпкерлер алюминий өнімдерін өндіруге ынталы. Байланыс орнатуға бейілді Павлодар қаласындағы №3 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсететін «Таксомотр» ЖШС автобус паркі жаңа көліктермен толықты. Кәсіпорын «Isuzu SAZ LЕ 60» маркалы 12 автобус сатып алды. Мұнда 25 орындық бар. Ал автобустың жалпы сыйымдылығы – 56 адам. - Автобус желдеткіш жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус, бейнебақылау камералары және USB порттармен жабдықталған. Олардың жолға шығуы нәтижесінде енді қозғалыс аралығы 7-8 минутты құрайтын болады. Біз жолаушылар мен жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін сапалы қызмет атқаруға тырысамыз, - дейді кәсіпорын директоры Дмитрий Самчук. Аталған жаңа автобустар аймақ басшысы Асайын Байхановқа таныстырылды. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтің айтуынша, бұған дейін №3 бағыттағы автобус жолаушылар тарапынан жиі шағым түсетін бағыттардың бірі болатын. Сондықтан бірінші кезекте дәл осы бағытпен қатынайтын көліктер жаңартылды. Бұған дейін автобустар аралығындағы интервал 12-15 минут болса, енді бұл уақыт 5-7 минутқа дейін қысқарады. - Мен қала әкімі болған тұста қоғамдық көлікті жаңарту процесін қолға алған едік. Биыл субсидиялардың орнына ескі және шағын газельдер жұмыс істейтін №115, 126, 003 және 3 бағытындағы көліктерді жаңартуды тапсырдым. Бүгінгі таңда үш бағыт бойынша жаңа заманауи жайлы автобустар қызмет көрсетуде. Қазан айының соңына дейін бұл процесті толықтай аяқтаймыз. Бұл ретте жолаушылар тасымалымен айналысатын барлық кәсіпорынға қойылар ортақ талап – тұрғындарға қолайлы жағдай жасай отырып, қозғалыс аралығын қысқарту, - деді аймақ басшысы. Қыркүйек айында аталмыш кәсіпорын №003 бағытына арналған тағы 12 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Жалпы, облыс орталығында 150 қоғамдық көлік жаңартылған болатын. Сонымен қатар, Асайын Байханов Есенәлиев көшесінен Қайырбаев көшесіне дейінгі Ак.Сәтбаев бойындағы d 500 мм шаруашылық су құбырын реконструкциялау жұмыстарын тексерді. Аталмыш инженерлік желі 53 көпқабатты және 102 жеке тұрғын үйді сумен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда жаңа құбырдың 98 метрі төселді. Қалған бөлігін қыркүйек айының соңына дейін салу көзделіп отыр. Сол сияқты Минин, Малайсары батыр, Бекмаханов көшелерінде ауқымды жұмыстар жоспарланған. Мұнда жерді қазбай, санация әдісімен d 500-1000 мм өздігінен ағатын 4 км коллекторды қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл - кәріз желісін жаңартудың ең үнемді және тиімді әдісі. Жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ал Академик Шөкин мен Қамзин көшелерінің қиылысында ЖМ-13 жылу магистралі салынып жатыр. Осыған дейін 2,5 шақырымдық желінің 250 метрі салынды. Асайын Байханов облыс орталығын аралау кезінде абаттандыру жұмыстарының барысын да байқады. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Амановтың айтуынша, биыл барлығы 80 балалар ойын алаңы орнатылады. Бүгінде 40 алаңның негізі құйылып, 12-сінде элементтер орнатылды. Алаңдарда тартан жабыны төселіп, аумағы қоршалатын болады. Барлық жұмыстар 10 шілдеге дейін аяқталады. – 2021 жылғы талдау нәтижесінде 600 ауланың 420-сы абаттандырылмағанын көрсеткен еді. Сондықтан бұл бағытта ауқымды жұмыс қолға алынды. Олқылықтың орнын толтыру үшін былтыр 150 аула ретке келтірілді. Биыл да аулалар тұрғындарға жайлы болуы үшін жұмыстар жүргізіледі. Олар уақытылы және сапалы атқарылуы тиіс, - деді аймақ басшысы. Жаңарған сондай аулалардың бірі - Айманов көшесі, 31 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласы. Мұндағы балалар алаңының ашылуына Асайын Байханов қатысып, жергілікті тұрғындармен тілдесті. Олар былтыр ауланы абаттандыруға қатысты әкімдікке жолдаған өтініші назарсыз қалмай, төрт ай аралығында аумақтың құлпыра түскеніне қуанышты екенін алға тартып, билік өкілдеріне алғыс білдірді. Облыс әкімі музыкалық колледжге де барды. Өткен оқу жылында еліміздегі үздік білім беру орталғына баланатын аталмыш колледж республикалық және халықаралық конкурстардың 220 лауреатын дайындады. Бір «әттеген-айы» - 1959 жылы салынған облыстың ең көне музыкалық колледжі тозып тұр. - Өмірін музыкаға арнаған ұстаздар мен балаларға тиісті деңгейде жағдайдың жасалмағаны қынжылтады. Бұған дейін ғимараттың жағдайын көрген едім. Оны ретке келтіру үшін ауқымды жұмысты бастаймыз, - деді А.Байханов. Яғни, алдымен ғимараттың шатыры, жылыту, электрмен жабдықтау жүйелері, екінші кезеңде іші мен қасбеті, музыкалық аспаптар мен жабдықтар жаңартылады. Ал үшінші кезеңде қайта қалпына келтіруге кіріседі. Өз тілшіміз. Суреттерді түсірген – Валерий Бугаев. Облыс әкімінің өкімімен Дархан Досжанов Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Дархан Төлеуұлы 1976 жылы туған, жоғары білімді. Инновациялық Еуразия университетін «Агрономия» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр түрлі лауазымда, соның ішінде бөлім басшысы ретінде еңбек етті. 2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі. Суретті түсірген - Әлібек Дженалинов. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ауысты. Бұл қызметке Дархан Досжанов тағайындалды. Басқармада – жаңа басшы ИНФРАҚҰРЫЛЫМ Жаңа автобустар жолға шықты Облыс орталығында жолаушыларды тасымалдайтын №3 бағыттағы шағын автобус бұған дейін адамға лық толы болып, тұрғындардың қатынауында қиындықтар мен қолайсыздықтар тудыратын еді. Енді көпшілік діттеген жеріне жаңа әрі жайлы қоғамдық көлікпен жете алады. Алдағы уақытта қаланың бірнеше шағын ауданын, әсіресе емдеу орындарын өзара байланыстыратын №003 бағыттағы автобустар да жаңартылмақ.
ӨҢІР Құрылыс қысқа қалмасын... Енді, міне, жобалық-сметалық құжаттарына өзгерістер енгізіліп, волейбол мен баскетболдан республикалық жарыстар ұйымдастыруға лайқыталды. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің аппараттық жиынында айтылды. Облыстық спорт басқармасының мәліметі бойынша жаңа жобалық құжатта баскетбол залында 119 көрермен орны, ал волейбол залында 209 орын қарастырылмақ. Олардың бәрі жылжымалы телескопиялық трибуна түрінде болмақ. Стандартқа сай келеді. Сондықтан, аталмыш спорт түрлерінен болашақта республикалық турнирлер өткізуге еш кедергі жоқ. Ал кешендегі 25 метрлі, 4 жолақты бассейн облыстық, ауданаралық жарыстар ұйымдастыруға жарайды. Одан бөлек, шағын мобильді азаматтардың екінші қабатқа көтерілуіне лифт қарастырылады. Облыс әкімі Асайын Байханов бұл спорттық кешенде ірі жарыстар өткізу мүмкіндігін қарастырудың өте маңызды екенін атап өтті. Себебі, Баянауыл туристік аймақ екенін ескеру қажет, деді. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиевтің мәлімдеуінше, биыл аймағымызда бюджеттің барлық деңгейінен 16 млрд теңгенің құрылыс, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, аталмыш басқарма бақылауында мұндай 57 нысан бар. Денсаулық сақтау саласында 10 нысанның құрылысы іске асуда. Тағы 18 жоба сараптамадан өткен, министрлікке өтінім жіберілген. Павлодар қалалық №1 аурухананың 7 қабатты блогы мен 6 операциялық бөлме ағымдағы айдың соңында қолданысқа берілмек. Май аудандық ауруханасына дренаждық жүйе салатын мердігер анықталған. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Павлодар қаласында №47 мектептің бірінші қабаты қаланып жатса, Достық шағын ауданындағы 1200 орындық білім ошағының құрылысы мамыр айында облыс әкімі арнайы барғаннан кейін қарқын алыпты. Сондай-ақ, №44 мектепке қосалқы ғимарат құрылысы басталыпты. Облыста спорттық 16 нысан бой көтеруде. Оның 13-інің құрылысы былтыр басталған. Павлодар қаласындағы ат спорты ойындарына арналған стадион, Ақсу қаласындағы мұз айдыны биыл спортшылардың игілігіне беріледі. Қ.Сәтиевтің айтуынша, Ақсу, Ақтоғай, Павлодар аудандарында бірқатар спорт нысандарының құрылысы кестеден кешеуілдеп жатыр. Мәселен, Ақтоғай ауданына қарасты Қараоба ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізген бастапқы мердігер жосықсыз деп танылып, биылға келісімшарт созылмаған. Енді нысанды аяқтауға жаңа мердігер тартылмақ. Биыл Ақсу қаласына қарасты Үштерек, Шарбақты ауданының Шалдай, Май ауданының Қаратерек ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды. Облыс әкімі А.Байханов маңызды нысандар құрылысын қысқа қалдырмай, күз кезінде қолданысқа беруге күш салуды тапсырды. Кестеден кешіккендерге дер кезінде тиісті шара қолдануды ескертті. Қор арқылы тұрақтандыру қажет Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау мәселесі талқыланды. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялықинновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Тілеулесовтің айтуынша, апта сайын мониторинг жүргізіледі. Макарон өнімдерінің бағасы Железиннен басқа барлық ауданқалада өскені тіркеліпті. Мәселен, Успен ауданында макарон, қарақұмық пен күріштің бағасы белгіленген шекті 15 пайыздан асып кеткен. Аймақ басшысы аудан әкімінен ахуалды оңалту үшін қандай шара қолданылғанын сұрады. Аудан әкімі Нұрболат Мақашев бағаны түсіру үшін тұрақтандыру қорынан аталған азық-түлік түрін жеткілікті көлемде әкелінгенін мәлім етті. Облыс әкімі аталмыш аудан әкіміне ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін жандандыруды тапсырды. Осы ретте, облыс әкімі делдалсыз тұрғындарға өнімнің тікелей жетуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 14 мың тонна өнім бар. Олар аймағымызда 217 әріптес-дүкендер арқылы сатылады. Jailau фермерлік нарығында жыл басынан бері 20 жәрмеңке өткен. Биыл қазан айында мұндай нарық Ақсуда ашылады. Ал кеншілер шаһарында арнайы орын мен құжаттары әзірленуде. - Біздің тұрақтандыру қорымызда азықтүліктің жеткілікті мөлшерде сақталуда. Алайда аудан-қалаларға осы қордан алынатын өнім көлемі өте аз. Жұмыс тым баяу жүргізіледі. Осы жұмысты белсендендіру керек, - деді облыс әкімі А.Байханов. Аймақ басшысы оңтүстік өңірлерден ерте пісетін көкөністер жеткізу мәселесін де қозғады. Басқарма өкілінің айтуынша, 400 тонна картоп пен 200 тонна пияз әкелуге қатысты келіссөздер жүргізілуде. Бірақ, баға нарықтағы бағадан айырмашылығы болмаған соң әлі нақты шешім қабылданбағанын мәлім етті. Облыс әкімі келісімнің тым ұзақтығын сынға алып, шешім шыққанша, өзіміздің де ерте пісетін өнім сөремізге түсіп қоятынын ескертті. Шіркеймен күрес өзгеше өрбиді Облыста күннің жылынуынан шіркей мен масаның көбейгенін айтып, тұрғындардан шағым жиі түсе бастағанын аймақ басшысы аппараттық жиында алға тартты. Соған байланысты шыбын-шіркеймен күрестің жаңа тұжырымдамасы қолданылатыны айтылды. Облыстық жер қойнауын пайдалану, экология және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаеваның мәлімдеуінше, күн сайын шыбын-шіркейге фенологиялық мониторинг жүргізіледі. Аудандарда сары маса дернәсілдерінің дамуы байқалмаған. Басым бөлігі 1-ші және 2-ші генерацияға тиесілі дернәсіл көлемі азайтылыпты. Ал қанаттанғандары күнделікті тосқауылдық өңдеу арқылы реттелуде. - Биыл су қоймаларынан Ертіс өзеніне су жіберу көп көлемде әрі созылып кеткендіктен, аймағымыздың солтүстік аудандарында өзеннің арнасына келуі біршама кешірек жүруде. Қазіргі таңда секундына 1300 текше метр су жіберілуде. Бұл көлем маусым айының соңына дейін сақталмақ. Осыған байланысты Ертіс, Железин, Тереңөкл, Ақтоғай аудандарында шіркейлердің дамуы жайылмаларда байқалып отыр. Бір шаршы дециметрде 1000-1700-ге дейін дернәсіл анықталды, - дейді Әйгерім Қабылтаева. Сондықтан, Ертіс өзені Бесқарай ауылынан бастап Моисеевкаға дейін қайта өңделуде. Барлық өңдеу жұмыстары ауа температурасын ескере отырып, түзетіліп отырмақ. Яғни, дезинсекцияның бекітілген арнайы тұжырымдамасы қолданылады. - Аудан әкімдерімен бірлесіп, атқару қажет. Судың көлемі әр жерде әртүрлі. Биыл жайылманың 92 пайызына су жайылды. Бұл жағдай, әсіресе, Ертіс, Железин, Ақтоғай, Тереңкөл аудандарында байқалып отыр. Осы өңірлерде жұмысты ағымдағы аптада күшейту керек, - деді А.Байханов. Жағаға жақындамасын! Жиында жаздың келуімен туындайтын тәуекелдер де талқыға түсті. Осы орайда, облыс әкімі Павлодар қаласының орталық жағажайында әлдебір пысықай азаматтар арнайы екі пирстің арасына аялдап, тура жағажайдан адамдарды резеңке қайықпен тасуға әдеттеніп алғанына куә болғанын айтты. Мұндай бассыздыққа жол бермеу қажеттігін ескертті. Яғни, бұл мақсатқа бюджет қаражатына арнайы пирс орнатылғанын еске салды. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Қайрат Шаймерденов жағдайды бақылауға алатынын мәлім етті. Облыста 47 арнайы жағажай бар. Тыйым салынған орындарға 177 белгі, 18 баннер орнатылған. Әлі 77 белгі қойылмақ. Аймақ басшысы шомылу маусымында бала қауіпсіздігіне құзырлы басқармалар мен аудан-қала әкімдері баса мән беру керек, деді. SARYARQA SAMALY АЙНА 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 3 Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жерлестерді мерекемен құттықтап, моноқаланы оң өзгерістер күтіп тұрғанын жеткізді. - Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, өйткені ол Екібастұзда дүниеге келген және осында еңбек етіп, өмір сүріп жатқан барлық жанды біріктіреді. Қаланың тарихы – алдымен оның тұрғындарының тарихы. Менің өмірім де осы қаламен астасып жатыр. Мені Екібастұзбен студенттік шағым байланыстырады, ата-анам осында тұрады. Осынау айтулы күні энергетиктер мен кеншілер қаласының негізін қалаған алғашқы құрылысшыларға, ардагерлерге зор алғысымды айтамын. Екібастұздың дамуына аянбай үлес қосып жатқан жастарға да ризашылығым зор. Сіздердің арқаларыңызда қала дамып жатыр. Екібастұзда Мемлекет басшысы және Үкіметтің қолдауымен оң өзгерістер орын алуда. Нәтижесінде сіздер мен біздің қаламыздың болашағы зор болатынына сенімдімін. Баршаңызға татулық пен жылулық, денсаулық, қуаныш пен амандық тілеймін! – деп ізгі лебізін білдірді аймақ басшысы. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин де жерлестерді құттықтап, қаланың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға арнайы барды. Құрметке ие болған еңбек ардагерлерінің қатарында Әди Әлкебаев та бар. Ол саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын дамытуға арнап, мал шаруашылығының маманы болып еңбек етті. Агроөнеркәсіптік бірлестіктің төрағасы болды. Бүгінде зейнетке шықса да, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласуда. Сонымен қатар, шаһар басшысы еңбек ардагерлері - Еркен Рахманғұлов, Александра Петровнаны құттықтады. Еркен Жүнісұлы еңбек жолын «Екібастұзкөмір» мекемесінде жылжымалы құрамды жөндеу слесарінің шәкірті болып бастап, кейін көмір өнеркәсібінің қалыптасуынан өндірістің өркен жаюына дейін еселі қызмет атқарды. Ал Александра Петровна облыстағы білім беру, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласының дамуына сүбелі үлес қосты. – Еңбек ардагерлерін облыс әкімінің атынан құттықтап, өңірдің игілігі жолындағы көп жылғы еңбегіне ризашылығымды білдірдім. Мұндай кездесулер әрқашан шынайы, даналық пен орынды кеңестерге толы, – деп атап өтті А.Бейсекин. Айта кетейік, Екібастұз қаласы 1898 жылы құрылып, 1957 жылы қала мәртебесіне ие болған еді. Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ. Кеншілер шаһарының келешегі кемел Биыл Екібастұз қаласының құрылғанына 67 жыл толып отыр. Өткен демалыс күндері кеншілер шаһарының тұрғындары айтулы күнді атап өтті. БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ Кестеден кешіксе, кешірім болмайды Баянауыл ауданында былтыр спорт кешенінің құрылысы басталғаны белгілі. Екі жылға жоспарланған екіқабатты нысан биыл қолданысқа беріледі. Құрылыс барысымен бұған дейін танысуға барған аймақ басшысы Асайын Байханов спорттық ғимаратты жобалаушы ұйыммен бірлесіп, республикалық турнирлер өткізуге лайықтауды тапсырған болатын. Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ С
4 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ЗЕРДЕ SARYARQA SAMALY ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ Облыстық дін істері басқармасының басшысы Балтабай Қаппасовтың мәлімдеуінше, бұл шешім жобасы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұған дейінгі қолданыстағы ережелерге өзгеріс енгізуіне орай аймағымыздағы құжаттарды да сәйкестендіру мақсатында қолға алынып отыр. Яғни, 2019 жылы жерлеудің және зираттарды күтіп ұстауға қатысты қабылданған үлгілік қағидаға өзгертілді. Шешім жобасы құзырлы мекемелермен келісілген. Басқарма басшысының айтуынша, аталған актіні қабылдау қайтыс болғандарды жерлеу жүйесін оңайлатуға, санитарлық нормалар мен зираттарды абаттандыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Соңғы өзгерістерге сәйкес, зираттардағы бос орындар бұдан былай жер кадастрында көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктер өздеріне қарасты әкімшілік аумақтағы жерлеу орындарының айналасын тиісті талапқа сай ұстауы тиіс. Сессияда облыстық мәслихат депутаттарын сайлауға қатысатын бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамы бекітілді. Облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко 9 округте бос орын қалыптасқанын атап өтті. Міне, сол орындарға саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданған. Айта кету керек, мұндай округтік комиссия бес адамнан құралады. Олар бес жылға сайланады. Әрбір саяси партия бір өкілден ұсына алады. Саяси партиялардан ұсыныс болмаған жағдайда қоғамдық бірлестіктер тартылады. Тоғыз орынға бұған дейін сол округтік сайлау комиссиясынан шығып кеткен саяси партияның, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сайланбақ. Әрбір ұсынылған үміткерге қатысты барлық тексерістер жүргізілген. Отырыста облыстық жер комиссиясының да құрамы бекітілді. Бұл комиссия құрамы 12 айдан кейін қайта қаралып, өзгеріп отыратын көрінеді. Облыстық қоғамдық кеңестің де құрамы өзгерді. Нақтысы, Еламан Қабділәшім және Сымбат Тайнов өздері берген өтініштеріне байланысты кеңес құрамынан шығарылды. Олардың орнына қатарға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының директоры Ерқанат Әбенов пен Д.Махмудов атындағы трамвай басқармасының басшысы Муслим Махмудов қабылданды. Ережеге өзгеріс енгізілді Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бірқатар құжаттарға енгізілген өзгерістер бекітілді. Солардың бірі жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларына байланысты болды. Сессияға облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбек қатысты. Айдана БОРАНБАЕВА МЕРЕЙ Білім бәйгесінің жүйріктері Облысымызда талантты да дарынды жастар баршылық. Әсіресе, бүгінде білім додаларында топ жарып жүрген оқушылар саны артып келеді. Жуырда «Достық үйінде» халықаралық және республикалық олимпиаданың 60 жүлдегері марапатталды. Салтанатты шараға аймақ басшысы Асайын Байханов қатысты. Осы жылдың республикалық олимпиадаларының қорытындысы бойынша облыс оқушыларының құрама командасы екі бағыт бойынша жалпы командалық 1-орынға ие болып, 10 алтын, 15 күміс, 25 қола медаль жеңіп алып, «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атағына ие болды. Облыс әкімі салтанатты шарада бүгінгі жастар кемелді келешектің кепілі екенін алға тартты. - Жыл сайын дәстүрге айналған кездесуде сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Ел Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев білімді әрі талапты азаматтарға зор үміт артатынын атап өтті. Қазір маңызды шешім мен қадамдардың уақыты. Осы ретте, Қазақстан жастарының тәжірибесі әлемдік тәжірибеге айналуы керек. С о н д ы қ т а н сіздер жарқын болашақтың іргетасын қалауға барынша атсалысады деген сенімдемін, - деді аймақ басшысы. Шара аясында республикалық, халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен 60 оқушы 100 мың т е ң г е л і к с ы й а қ ы м е н , оларды дайындаған 45 педагог Алғыс хатпен және 150 мың теңгелік сертификаттармен марапатталды. Солардың бірі - Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 10-сынып оқушысы Назерке Жұмажан. Ол бүгінге дейін республикалық олимпиадалар мен көркемсөз оқу байқауларында топ жарған. - Әр жыл сайын Мұқағали, Абай көркемсөз оқу және «Ақберен» танымдық байқауларына қатысамын. Ұстазыммен бірге әр сайысқа тыңғылықты дайындаламыз. Ел Президенті мен облыс әкімі біз секілді жастарға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Еліміздің болашағы – жалынды жастардың қолында дегім келеді, - дейді ол. Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек. ЖАСТАР САЯСАТЫ Павлодар облысында талантты да талапты жастар баршылық. Әсіресе, креативті индустрия бағыты бойынша тың жобалар ұсынып, оны жүзеге асыра алатын өрендер көп. Олардың идеяларын қолдау, жалпы жастарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жергілікті билік тарапынан да ауқымды жұмыс атқарылуда. «Мен жастарға сенемін!» Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ Бүгінде аймағымызда 35 жасқа дейінгі 207 663 жас тұрады. Олардың қатарында бизнеспен айналысуға бейілді азаматтарға өз ісін ашу үшін түрлі мүмкіндік қарастырылған. Жұмыс орындарына орналасуы үшін де оңтайлы тетіктер бар. Мәселен, 2 трлн теңгеге 91 жобадан тұратын пул қалыптастырылды, ол 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осы жылдың 1 мамырына дейін қалалар мен аудандардың Мансап орталықтарына 1964 жас өтініш білдіріп, олардың 1424-і жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 810 ауыл жасы бар. Оларды нақты жұмысқа орналастыру үшін «Тиімді таңдау» жобасы жүзеге асырылуда. Жастарға бағытталған осы және өзге де қолдау шаралары облыс әкімі Асайын Байхановтың белсенді жастармен кездесуі барысында айтылды. Аймақ басшысымен кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласына жастарды кеңінен тарту мәселесі де талқыланды. Бұған дейін жарияланған Өңірлік кадрлық резервке қабылдау аяқталды. Бұл – жас мемлекеттік қызметшілерге тиімді мүмкіндік. Сол сияқты жастардың өз ісін ашу және кеңейту үшін жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен биыл 820 млн теңге сомасына 164 жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған. Жастарды мазалайтын басты мәселе баспана екені белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда да жергілікті билік қолдау көрсетуге әзір. Айталық, «Отбасы банкімен» бірлесіп Павлодар мен Ақсу қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған «Ертіс жастары» өңірлік жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бейресми форматта өткен кездесу барысында Асайын Байханов жетістіктерімен өңіріміздің даңқын асырып жүрген жастарға алғысын білдірді. - Қазір ерекше шешімдер мен мүмкіндіктердің уақыты келді. Сіздердің батыл әрі жарқын идеяларыңызға қолдау көрсету біз үшін аса маңызды. Аймақ басшысы ретінде маған жастардың өңірімізде қалып, облыста оларға жан-жақты жағдай жасау да өзекті, - деді А.Байханов. Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті. «Astana Hub» өңірлік community менеджері Нұрсипат Төлеубай шағын аудандарда жастар үшін тегін коворкингтер ашуды ұсынса, хореограф Алима Макитова «Ертіс Promenade» сахнасында өтетін дарынды және креативті жастар фестивалінің тұжырымдамасымен бөлісті. Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Ризат Рахымжанов коммуналдық мәселелер бойынша жүгінуге арналған платформаны таныстырды. Сондай-ақ, аймақ басшысы жастардың танымал демалыс орындарында тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ұсынатын еліміздегі алғашқы жоба - «Жастар картасын» құру туралы бастаманы қолдады. Жалпы, жүздесу кезінде блогерлік турлардан бастап өңірдің имидждік өнімін жасауға дейін бірқатар идея айтылды. Асайын Байханов көпшілікке белгілі жерлес жастарды да атап өтті. Олардың қатарында әнші Мария Мудряк, Иманбек, Скриптонит, «Ирина Кайратовна» тобының негізін қалаушылардың бірі Алдияр Жапарханов, IT-технологиялар саласының ғалымы, PhD докторы, Google орталығында жұмыс істейтін Қуат Есенов бар. Аймағымыз даңқты спортшыларымен де танымал. Бұл кездесуге 22 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Сабыр Ерболат қатысты. Аймақ басшысы Павлодар бокс мектебінің тәрбиеленушісін жоғары жетістіімен құттықтап, жас спортшыға 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға лицензия алуына тілек білдірді және 1 млн теңгелік ақшалай сертификат табыс етті. Кездесу соңында Асайын Байханов ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген қанатты сөзін айтып, өңірдің болашағын әрдайым қолдайтынын жеткізді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі. Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.
SARYARQA SAMALY ӘЛЕУМЕТ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 5 БАС ТАҚЫРЫП ТУРИЗМ КӘСІПКЕРЛІК МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ - Ернар Мейрамұлы, әр салаға қатысты Телеграмм парақшалар бар екенін білеміз. Ал бұл боттың өзге боттардан ерекшелігі неде? - Біз әр баланың өзіне ұнайтын ісін тауып, қабілеттерінің ашылып, оның одан әрі дамығанын қалаймыз. Мақсат - оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Сол себепті, жақында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған uirme_pavlodar_bot – ты ойлап таптық. Енді ата-ана немесе оқушы әр парақшадан өзін қызықтырған үйірмелер туралы ақпарат жинамай-ақ, осы бот арқылы өтіп, өзінің жанына жақын ісімен бірден таныса алады. Жалпы, үйірмелер үш бағытқа бөлінген. Мәселен, өнер және шығармашылық бөлімінде сурет салу, кескіндеме, музыка, вокал, би, хореография және сәндік қолданбалы өнер түрлері бар. Спорт және белсенді өмір салты бөлімінде шағын футбол, бокс, каратэ, муай тай, асық ату, күрес түрлері енсе, білім беру секцияларына тіл және математика курстары, экология үйірмелері енген. - Үйірмелер тегін жұмыс істей ме? - Аталған үйірмелердің барлығы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Үйірме жұмысының нәтижесінде оқушылар анағұрлым толық мағлұматтарға қанығып, шеберлігі шындалып, ой-өрісі кеңи түседі. Үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен шектелмей, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша балалар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады. - Аталған бот қалай жұмыс істейді? Оқушылар мен атааналар үйірмелермен қалай таныса алады? - Алдымен Telegram желісін жүктеп алу қажет. Кейін «іздеу» деген бөлімге «uirme_pavlodar_ bot»-ты енгізу керек. Сөйтіп, бот сізге қолжетімді үйірмелер мен секцияларды, сондай-ақ, олардың кестесі, өтетін орны және байланыс деректері туралы қосымша ақпарат береді. Алдағы уақытта Ватсап желісінде де бот ашу жоспарда бар. - Ақпаратыңызға рақмет! Әңгімелескен – Айдана БОРАНБАЕВА. Басы 5-бетте Демалушыларға таңдау баршылық Үйірмелерге тегін қатыса ала ма? Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Сағыныш Нұрқымбаев мәлім етті. Конкурсқа құжаттарды қыркүйек айында қабылдау жоспарлануда. Өтінімдерді Kezekte.kz ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады. 5 млн теңгеге дейінгі гранттар бұған дейінгі жылдарда да үлестіріліп келді. Биыл екі санат қана қамтылмақ. Біріншісі – «Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздары. Мұндай байқауды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы өткізеді. Екіншісі – әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімінде тұрған шағын және орта бизнес субъектілері. «Әлеуметтік кәсіпкер» түсінігі жуырда ғана қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда аймағымызда мұндай мәртебені 7 кәсіпкер алған. Тағы 4 өтінім қаралуда. Мұндай мәртебеге қол жеткізетіндер санаты белгіленген. Олар - мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, заңды өкілдері, зейнет жасына дейін 5 жыл қалған егде жастағылар, балалар үйлерінің түлектері, аз қамтылған отбасылар, көпбала өсіріп отырған ата-аналар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, қандастар. «Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін алу үшін тиісті құжаттарын тапсырады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дюсупова да қоғамның осал топтары мен жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мүмкіндіктер жайында баяндады. Кәсіп ашқысы келген азаматтарға «Бастау» онлайн оқыту жағдайы қарастырылған. 12 модульдан тұратын курсты бизенске бет бұрғандар арнайы онлайн платформадан оқып, аяқтаған соң сертификат алады. 3 жылға жарамды сертификат қайтарымсыз грант, шағын несиелер конкурсына қатысу кезінде қажет болады. 400 АЕК көлемінде грант биыл екі лекпен беріледі. Биылға 443 грант түрінде аймағымызға лимит белгіленген. Мұндай гранттарды ауылдық елді мекен тұрғындары ауыл шаруашылығын дамытуға алса, қалалықтарға қызмет көрсету саласына көбірек берілген. Одан бөлек, жас кәсіпкерлерге 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие үлестірілуде. «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы ауыл шаруашылығы кәсіптеріне 7 жылға дейін, қалғандарына 5 жылға дейін беріледі. Былтыр облыста 172 жас кәсіпкер өз бизнесін бастаған. Оларға барлығы 785 млн теңге берілген. Қазір солардың жетеуі несиесін толық жауып тастаған. Биылға 820 млн теңге қарастырылып отыр. Шілдетамыз айларында өтінім қабылдау басталады. Г.МАҒЖАН. Биыл облысымызда 5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беруге 82 млн теңге бөлініп отыр. Мұндай мүмкіндікке кәсіпкерлердің тек екі санаты ғана ие бола алады. Бес миллион кімге беріледі? Оқу жылын аяқтаған балалар енді жазғы демалысты тиімді өткізудің қамына кіріседі. Әсіресе, қосымша үйірмелер оқушылар үшін таптырмас мүмкіндік. Жуырда Павлодар қаласында балаларға арналған үйірмелерді таңдауға арналған Telegram бот пайда болды. Бұл қандай бағдарлама? Оларды кімдер пайдалана алады? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде Павлодар қалалық білім беру бөлімінің маманы Ернар Садуовпен тілдескен едік. Әрине, турзим десек ең алдымен Баянауыл өңірі ойға оралады. Ол тегіннен емес. Таулы өлкеде 13 негізгі туристік маршрут және 68 көрнекі орын жұмыс істейді. Былтыр Жасыбай демалыс аймағына шамамен 120 мың адам келген. Павлодар облысы әкімдігінің берген ақпарынша, туристік саланы дамыту жөніндегі 2028 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы бекітілді. Онда 8,5 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны және 12,3 млрд теңгеге 7 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар көзделген. Баянауылдағы туристік әлеуетті одан әрі дамыту үшін Павлодар облысының әкімдігі мен ERG арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 3 жобаның сметалық құжаттамасы әзірленді. Олар - Баянауыл кентінде Ұлы Отан соғысы батырларына арналған стелла бойындағы жаяу серуендеу аймағын қайта жаңарту, Сабындыкөл көлінің жағалауы мен жағажайын қайта жаңарту, туристерге арналған музейі бар орталық салу. Бұған қоса ауданда дене шынықтыру-сауықтыру орталығын ашу көзделген. Келешекте аудан орталығында шаңғы-роллерлік трасса, шипажай салу, хостелі бар ірі заманауи жанармай құю стансасын тұрғызу сияқты жоспарлар да бар. Бұған дейін айтылғандай, облыста Баянауыл аймағындағы Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл жағасынан бөлек, туристердің қызығушылығын тудыратын орындар баршылық. Олардың қатарында Аққулы ауданындағы Тұзқала көлі, Павлодар ауданындағы қарағай орманы, Шарбақтыдағы Маралды көлі мен Шалдай орманы сынды демалуға ыңғайлы орындар бар. Осы аталған және өңірдегі өзге де демалыс орындарын дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бізде медициналық тұрғыда дамытуға болатын демалыс аймақтары бар. Еске сала кетейік, елімізде туризм саласынан бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемі 450 млрд теңгені құрады. Өз тілшіміз. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиыны барысында облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармаcы басшысының орынбасары Дияр Қайыркенов дезинсекциялық жұмыстардың түпкілікті нәтижесіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі – Ертіс өзенінің бойындағы жайылма алқаптары екенін атап өтті. Айтуынша, бүгінгі таңда өзен жағалай қоныстанған Ертіс, Железин және Ақтоғай аудандарында қанатты зиянкестермен күрес шаралары күшейтілді. Жоғары сын аймағында Ақтоғай ауданының Қожамжар, Мүткенов, Естай ауылдары, Ертіс ауданының Иса Байзақов ауылы, сондай-ақ, Железин ауданының орталығы мен Береговое ауылдары бар. - Биыл облыс аумағында 6,7 шаршы шақырым су көлеміндегі табиғатты қорғау ағындары есебінен жайылма аумақтың 80 пайыздан астамы су астында қалды. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысындағы мол жауын-шашын мен өзендердің бүйірлік ағыны дезинсекциялық жұмыстардың ерте аяқталуына кері әсерін тигізуде.Мәселен, қазіргі уақытта Шүлбі су қоймасындағы су көлемі бүгінгі күнге дейін 1300 м3/сек деңгейінде сақталды. Бұл су шығыны 15 маусымға дейін сақталады, содан кейін 1000 м3/с дейін төмендейді. Ауа райының жағдайын ескере отырып, биыл дезинсекциялық іс-шаралар шілде айының І онкүндігінен ерте аяқталмайды, - деді Д.Қайыркенов. Сонымен қатар, спикер облыс бойынша солтүстік аймақтардың, атап айтқанда Ертіс және Железин аудандарының жайылмасынан шіркей дернәсілдерінің дамуын болдырмау мақсатында өзен өңдеуден басқа қосымша шара ретінде жайылманың жекелеген бөліктерінде авиация қолданылатын жеткізді. Фенологиялық мәліметтерге сәйкес, шыбыншіркей дернәсілдерінің сандық көрсеткіштері өзеннің әртүрлі учаскелерінде бір шаршы дециметрге 1000-нан 1700-ге дейін дернәсілді құрады. - Ағымдағы жылы 29 мамыр мен 31 мамыр аралығында Ертіс өзенінде шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық күрестің 1-ші туры өткізілді. Бесқарағай ауылынан бастап, бұрын бекітілген 10 нүктеде 133 мың литр (39900 кг) көлемінде биологиялық препараты ағызылды. Сондай-ақ, Железин, Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл аудандарының және Кенжекөл ауылынан Павлодар ауданы Мичурин ауылына дейінгі учаскенің бойындағы негізгі арналар өңделді. Өндеуден кейін шіркей дернәсілдерінің саны бір шаршы дециметрге 150 бірлікке дейін азаяды. Негізгі арна бойынша өңденудің екінші бөлімі ғылыми топтың ұсынысы бойынша 11 маусымнан басталды, - деп толықтырды ол. А.МҰҚЫШЕВ. Күрес шаралары күшейтілмек Бүгінгі таңда Павлодар, Ақсу қалалары мен Павлодар ауданы Ертіс өзенінің жайылмасы бойымен шыбын-шіркей дернәсілдеріне қарсы авиациялық өңдеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар облыстың солтүстік аймақтарында жалғасады. Сондай-ақ, жайылманы өңдеуге қатысты ғылыми топпен бірге дезинсекциялық іс-шаралар стратегиясы қайта қаралды.
6 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ДӘУЛЕТ SARYARQA SAMALY Жаңа мектеп салынады Апта басында облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Аққулы ауданына барып, елді мекендердегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Алдымен аймақ басшысы Тілектес ауылындағы апатты жағдайда деп танылған мектептің жай-күйімен танысты. Мұндағы білім беру мекемесі 1972 жылы қамыстан салынған. Биылғы оқу жылында 51 оқушы білім алған. Мектепте дене шынықтыру және мәжіліс залы жоқ. Қазіргі уақытта 18 мұғалім мен 12 техникалық қызметкер еңбек етеді. Биыл бес бала 1-сыныпқа барады деп күтілуде. Ал шағын орталықта 8 бала тәрбиеленуде. Аталған мектепте жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізіліп, жылу жүйесі ауыстырылған. Мектептің жағдайын анықтау мақсатында 2022 жылы мемлекеттік сараптама жасалып, күрделі жөндеу жұмыстары талап етіледі деген қорытынды шығарылған. 2024 жылы қайтадан сараптама жүргізіліп, мектептің техникалық жағдайы одан әрі пайдалану үшін жарамсыз деп танылған. Апатты жағдайдағы білім беру мекемесінің орнына жаңа мектеп салу туралы шешім қабылданды. Бұл – тұрғындардың талай жылдан бері орындалмай келе жатқан арманы екен. Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқанов жаңа оқу жылында Тілектес ауылының оқушылары елді мекеннен 7 шақырым қашықтықта орналасқан Қызылқоғам ауылындағы мектепте білім алатынын айтты. Бұл ретте білім беру басқармасына автобус бөлу жөнінде өтінім берілген. Жоба бойынша жаңа мектептің аумағы 1400 шаршы метрды құрамақ. 50 орындыққа шақталған ғимаратта 13 кабинет қарастырылған. Оның ішінде дене шынықтыру залы мен екі киім ауыстыратын орын да болады. Сонымен қатар, 40 орынға асхана, ұл және қыз балаларға арналған технология кабинеті, мәжіліс залы, 20 балаға шағын орталық, пән кабинеттері орналаспақ. Ал абаттандыру бойынша шағын футбол және баскетбол алаңы, балалар ойын алаңы да бой көтереді деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта жек учаскесін таңдау және құжаттарын рәсімдеу жұмыстары басталған. Асайын Қуандықұлымен кездескен ауыл тұрғындары елді мекенге 100 орындық екі қабатты мектеп салуды сұрады. Аймақ басшысы бұл өтінішті орындай алмайтынын кесіп айтты. Себебі елді мекендегі тұрғындардың саны соңғы бес жылда 46 адамға азайған. Қазіргі уақытта 256 адам тұрады. Өткен оқу жылында 48 бала ғана білім алған. Ауылдағы 63 отбасының 35-і мал ұстамайды екен. Осы жағдайларды ескере отырып, 20 орындық шағын орталығы бар, ӨҢІР Аққулыда – ауқымды істер Биыл Аққулы ауданында бірқатар әлеуметтік нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдар жөнделуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында да ілкімді істер атқарылуда. Шаруалар мемлекет тарапынан берілетін көмекті тиімді пайдалануда. 50 орындық мектеп салу жөнінде шешім қабылдады. Ауыл тұрғындары жоғарыда айтылған жаңа оқу жылында балаларын Қызылқоғам ауылындағы мектепке жібере алмайтындарын айтады. Өйткені баланың қауіпсіздігі үшін алаңдаулы. Бұл ретте аймақ басшысы ата-аналардың тілегін ескеріп, қолхат жазу негізінде жаңа мектептің құрылысы аяқталғанша ауыл балалары ескі мектепте білім ала алатынын жеткізді. Тек жауапкершілікті ата-аналар өздеріне алуы тиіс. - Құрылыс кезінде 100 немесе 50 орындық мектеп салудың айырмашылығы аса көп емес шығар. Бірақ үлкен мектептің қызметі қымбат болатынын ескеру керек. Электр қуаты мен көмір бар. Тіпті, еденді жуудың өзі шаршы метрмен есептеледі. Жаңа мектепте балалар екі ауысым бойынша білім алады. Тұрғындардың күнкөрісі мен балалардың санына динамика жасау арқылы осындай шешімге келдік. Тұрғындардың тілегі бойынша оқушылар ескі мектепте оқуларын жалғастыратын болады. Ал жаңа мектептің құрылысы шамамен 7 айға созылуы мүмкін, - деді Асайын Қуандықұлы. Жолдар жөнделуде Жұмыс сапары барысында облыс басшысы облыстық бюджеттен бөлінген бонустық трансферт есебінен салынған Қызылқоғам ауылындағы шағын футбол алаңының сапасын тексерді. Биыл бонустық трансферт шеңберінде Бесқарағай, Тақыр, Қазантай, Майқарағай, Төсағаш, Шақа ауылдарында балалар алаңы, Әйтей, Қызылқоғам, Тақыр, Төсағаш, Жабағылы, Шәмші ауылдарында шағын футбол алаңы жабдықталады деп жоспарлануда. Облыс әкімі Қарақала-ҚазыБаймолдин автожолының 7,5 км және Аққулы-Қазы-Майқарағай жолының 7,5 км жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, жолдарды абаттандыру жұмыстары басталды. Биыл ауданда 34,7 км жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда, оның ішінде 15 км - аудандық маңызы бар ҚарақалаҚазы-Баймолдин және АққулыҚазы-Майқарағай жолдары. Аудан әкімі Руслан Мұқановтың айтуынша, биыл облыстық бюджеттен 5 ауылға кіреберіс жол төсеуге 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазіргі уақытта Мерғалым ауылындағы жұмыс толық атқарылған. Малыбай ауылындағы ұзындығы 4 шақырым кіреберіс жолға асфальт төселуде, Қызылқоғам ауылындағы жұмыстарды мердігер осы айдың соңына дейін аяқтамақ. Ал Төсағаш ауылындағы ұзындығы 13 шақырым кіреберіс жолды мердігер «АЗА» ЖШС шілде айында аяқтайды. Сонымен қатар, Шарбақты ауылындағы 600 метр кіреберіс жол да жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта елді мекендердегі кіре беріс жолдың жөнделу көрсеткіші 58 пайызды құрайды. 2025 жылы мұндай жұмыс тағы 7 ауылда жүргізілмек. Нәтижесінде ауылдағы кіре беріс жолдардың асфальтталу көрсеткіші 95 пайызға жеткізілмек. - 2026 жылға тек Жабағылы ауылы ғана қалады. Бұл ауылда 200 адам тұрады. Ұзындығы 35 шақырым жолды қалпына келтіру керек. Қымбат жоба болайын деп тұр, – деді аудан әкімі. Аймақ басшысы жол жөндеу бойынша көп жұмыс атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдарға асфальт төселуде. Енді оның сапасын бақылау қажет. Жабағылы ауылындағы жолды жөндеу уақыт еншісінде екенін атап өтті. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарақала ауылында ілкімді істер қолға алынған. Елді мекенде дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы, «Айгөлек» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары, жалпы ұзын-дығы 4,5 км болатын ауыл ішіндегі Теміржанов, Джанхотов, Арынов, Жабағин көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде дене шынықтыру сауықтыру орталығының құрылысы аяқталуға жақын, модульдік қазандық толығымен орнатылды. Жобаның құны – 373 миллион теңге. Мердігер – «ALTYN LTD» ЖШС. Мердігер нысанды маусым айының соңына дейін тапсыруды жоспарлауда. Аймақ басшысы құрылыс нысанының не себепті кешіктірілгенін сұрады. Мердігер Ақылбай Оразов Павлодар облысында бірінші рет жұмыс істеп жатқандарын алға тартып, қыс мезгіліне есеп жасай алмағанын айтты. Қыс айында құйған еден әлі кеппеген. Материалдар толығымен дайын. Облыс әкімі мердігер ұйымға жұмысты сапалы орындауды тапсырды. Өзге нысандарда еңбек етуі осы дене шынықтыру кешенінің сапасына қарай анықталмақ. «Айгөлек» балабақшасында жұмыстардың жалпы көлемінің 75% орындалған. Асайын Байханов аудан әкіміне әлеуметтік нысандардағы жұмыстардың мерзімдері мен сапасын бақылауды тапсырды. Шаруалармен жүздесті Биыл Аққулы ауданындағы егістік көлемі 19 мың 104 гектарды құрамақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға көп. Аудан әкімі Руслан Мұқанов майлы дақылдар бойынша биыл ауданда алғаш рет 420 гектарға соя отырғызылғанын атап өтті. Жамбыл ауылдық округіндегі «АгроСервис-Аққу» ЖШС былтыр картоп салған болса, биыл соямен айналысуды қолға алған. Сондай-ақ, кәсіпкер 4 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын салмақ. Бұдан бөлек, ауданда 2024-2025 жылдар аралығындағы инвестициялық жобалар да жүзеге асырылмақ. Бұл ретте облыс әкімі «Дәнекер» ШҚ ЖШС-нің 932 га алқапта суармалы жерді іске қосу бойынша инвестициялық жобаның іске асырылуын, сондай-ақ, қуаттылығы 2100 текше метр болатын сорғы станциясының құрылыс барысын тексерді. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңге, оның 800 млн теңгесі меншікті. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы 1200 бас асыл тұқымды мал және бақша дақылдарын өсірумен айналысатын «Қайрат» шаруа қожалығына барды. Шаруашылық бақша дақылдары бойынша тұқым өсіру мәртебесіне ие болды. Биыл 200 гектарға тұқым себілген. Өнімді кеңейту мақсатында қожалық басшысы асқабақ тұқымын дайындау цехын ашты. Облыс әкімі жергілікті шаруалармен кездесіп, жайылым, субсидия мәселелерін талқылады. Шаруалар биылғы толассыз жаңбыр мол астық жинауға мүмкіндік беретінін айтты. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдау үшін ризашылықтарын жеткізді. Шарауалардың дені субсидияның нәтижесінде техникаларын жаңартқан. Облыс әкімі аудан басшылығына ауданда іске асырылып жатқан жобаларға қолдау көрсетуді тапсырды. Айдана ҚУАНЫШЕВА, Аққулы ауданы. Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.
SARYARQA SAMALY ТІРШІЛІК 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 7 ӨҢІР Егіншілік саласы – мемлекеттік қолдауда Алдымен облыс басшысы Ертіс ауданындағы көктемгі дала жұмыстары барысымен танысты. Биыл ауданның егістік алқабы 323,7 мың гектар жерді құрады. Оның 75 пайыздан астамы астыққа тиесілі. Бүгінде зиянкестер мен арамшөптерге қарсы 216,8 мың гектар алқап өңделген. Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріповтің сөзінше, дала жұмыстарына барлығы 183 трактор, 185 шөп шабатын машина, 384 комбайн және 400-ден астам арнайы техника іске қосылған. Аталған жұмыстар бір апта көлемінде аяқталуы тиіс. - Биыл 201,5 гектар бидай, 1,8 мың га қарақұмық, 19 мың га арпа, 2,1 мың га сұлы, 7,3 мың га жасымық, 1,2 мың га тары және 11,6 мың га астық қоспасы егілді. Одан бөлек, 24,5 мың га күнбағыс, 18,6 мың га зығыр және 4 мың га мақсары себілді. Өткен жылы 18 га күнбағыс егілсе, биыл оған 5 га қосылды. Жалпы, жоспарланған егіннің 82 пайызы егілді. Тек бидай қалды. Көктемгі дала жұмыстарын бес күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Б.Кәрімов. Асайын Қуандықұлы содан кейін аудан шаруаларымен кездесіп, оларды толғандырып жүрген сауалдарына жауап беріп, аталған мәселелер жақын арада шешімін табатынына уәде берді. Ауылішілік жолдар жөнделуде Сапар барысында облыс әкімі Ертіс ауданындағы жобалардың «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының аясында іске асырылуын тексерді. Биыл аталған бағдарлама шеңберінде Панфилов ауылында ұзындығы 3,7 шақырым болатын көшені жөндеуге республикалық бюджеттен 165,5 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, Голубовка, Северный, Ағашорын, Бестөбе, Қызылағаш ауылдарындағы 12 көшеге жөндеу жүргізіледі. Бонустық қор есебінен биыл Бірлік және Құдайберген ауылдарында жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Асайын Байханов Қызылжар Дер кезінде аяқталуы тиіс Өткен аптада облыс әкімі Асайын Байханов Ертіс, Ақтоғай аудандарына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аймақ басшысы аталған аудандардың шаруа қожалықтары басшыларымен кездесіп, құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың бүгінгі жайымен танысып қайтты. ауылында бонустық трансферттер шеңберінде жөндеу жүргізілген ұзындығы 1,7 шақырым болатын екі көшені тексерді. Тексеріс барысында аймақ басшысы Ақсудың шекарасынан Қараоба ауылына дейінгі жолдың сапасы нашар екенін атап өтті. - Ақтоғай ауылынан Атамекен кентіне дейінгі жолдың жағдайы көңіл көншітпейді. Жолдың көп жерінде шұңқырлар, тесіктер жиі кездеседі. Республикалық маңызы бар жолдарда авариялық жағдай туғызғаны және қауіпті учаскелерді уақытылы жоймағаны үшін «Қазавтожол» акционерлік қоғамына қатысты қатаң шара қабылдау қажет, - деді облыс әкімі. Жол жөндеу ісі қарқынды Осы жылы Ертіс ауданында балалар мен ересектерге арналған бассейннің құрылысы басталады. Жоба құны 884,7 млн теңгені құрайды. Орталықта ересек адамдарға арналған 360 текше метр, балаларға арналған 113,5 текше метр, 2 скиммермен жүзу бассейні болады. Сондай-ақ, аймақ басшысына биыл құрылысы басталатын 32 және 24 пәтерлі үйлердің жұмысы таныс-тырылды. Аталған тұрғын үйлер әлеуметтік осал топтарға арналған. - Бүгінде үй кезегінде 3 жетім бала, 3 көпбалалы отбасы, 7 мемлекеттік қызметкер және 43 халықтың әлеуметтік осал топ мүшесі бар. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін бір тұрғын үй бірлігінің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта мердігер анықталып, жер телімдерін аукцион арқылы тіркеу рәсімдері жүргізілуде, - деді аудан әкімі Б.Шәріпов. Алайда Асайын Қуандықұлы әлеуметтік осал топтардан бөлек, ауылға келетін жас мамандарды да тұрғын үймен қамту керектігін басты назарға алды. - Жоғарыда аталған топтағы адамдарға жан-жақты көмек көрсеткеніміз жөн. Дегенмен тұрғын үймен қамтылмаған жас мамандарды да ойлауымыз қажет. Бүгінде өңіріміздің елді мекендерінде пульмонолог, балалар дәрігері, хирург, онколог, кардиолог секілді мамандар тапшы. Оларды басқа өңірлерден ауылға тарту үшін алдымен тұрғын үймен, одан кейін жұмыспен қамтуымыз қажет, - деді Асайын Қуандықұлы. Ертіс ауылында 1964 жылдан бері жөндеу көрмеген ғимарат орналасқан. Өткен жылдың соңында облыс әкімі Ертіс ауданындағы сапары барысында бұл нысанды қайта қалпына келтіруді тапсырған еді. Бүгінде тапсырма қабылданып, реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазинаның сөзінше, бос тұрған орталық жақында балалар шығармашылығы үйіне айналмақ. Бүгінде нысанның шатыры, терезелері, электр сымдары, жылыту жүйелері ауыстырылды. Сондай-ақ, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл орталық облысымыздағы үшінші білім беру және демалыс орталығы болмақ. Қалған екеуі Екібастұз және Павлодар қалаларында салынуда. Шыбыншіркеймен күрес Кейін Асайын Байханов ауданда жүргізіліп жатқан дизенсекциялық жұмыстардың барысымен танысты. Осыдан бір апта бұрын пайда болған шыбын-шіркейлер ауданның Ертіс, Қызылжар және Иса Байзақов ауылдарында көбейіп кеткен. Ауыл тұрғындары аудан әкімдіктеріне осы мәселе бойынша шағым түсіруде. Дегенмен шыбын-шіркеймен мәселе тек Ертіс ауданында емес, сонымен қатар көршілес Железин ауданында байқалған. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, дезинсекциялық жұмыстар қазіргі уақытта Ертіс ауданының 10 мың га аумағында жүргізілуде. Су әлі толық ығып, тұрғындардың мазасын алуда. - Бүгінде әуе бойынша дезинсекциялық жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырсақ, жайылманы су басы деңгейі 1,5 есеге өсті. Осының себебінен, шыбыншіркейлер көбейіп кетті. Енді өндеу жұмыстарының өзге нұсқаларын қолданамыз, - деді Ә.Қабылтаева. Облыс басшысы аудан әкіміне осы мәселеге жауапты басқармамен бірлесіп жағалау бойында орналасқан ауылдардағы жағдайды бақылауды және солтүстік аудандардағы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін ұлғайтуды тапсырды. Көрсеткіш едәуір артқан Асайын Байханов Ақтоғай ауданына сапарын Қожамжар ауылдық округінің «Agro Terra» ЖШС-нің суармалы егістігінен бастады. Онда облыс басшысы 1110 гектар алқапты суармалы егістікке айналдыру бойынша инвестициялық жобамен танысты. Аудандағы суармалы жерлердің көлемі шамамен 6 мың гектар құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 мың га-ға артық. Суармалы жерлерді одан әрі ұлғайту үшін электр энергиясының қуаты жеткіліксіз. Облыс әкімі қосалқы станцияны жөндеу бойынша жобалаусметалық құжаттаманы әзірлеуді немесе «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша сорғы станциясының жанындағы бұзылған қосалқы станцияны қалпына келтіру нұсқасын қарастыруды тапсырды. «Весна» шаруа қожалығының басшысы Анатолий Филипишин егіс өсірудің заманауи әдістерін қолданып көргенімен 30 жыл бұрын қолданған классикалық технологияларға қайтып оралғанын жеткізді. - Ауа райы өзгеруде. Дегенмен бұдан жер құнарлы бола түспейді. Сондықтан, қолда барды сақтай білу керек. Ал бұл үшін осы жерде жұмыс істейтін арнайы технологияларды пайдалану қажет, - деді аймақ басшысы. Аудан әлеуеті артуда Кейін облыс әкімі облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа жүзеге асып жатқан жобаларды қарап, аудан әкімімен талқылады. Жалпы 333,6 млн теңгеге саябақ аймағын абаттандыру, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, ауылдардағы кентішілік жолдардың орташа жөндеу жұмыстары орындалады. Бұл туралы аудан әкімі Қаршыға Арынов Асайын Байхановқа баяндап берді. - Қаражаттың басым бөлігі Ақтоғай ауылына бөлінді. Облыстық бюджет есебінен 214 миллион теңгеге барлық көшелерге асфальт төселеді. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар АқтоғайШолақсор автожолының жөндеу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы 9 шақырымы, биыл жоспарланған 15 шақырымның 6 шақырымы жөнделді. Ал қалған 9 шақырым шілде айына дейін жалғасады. Келесі жылы жолды толығымен аяқтаймыз, - деді аудан әкімі. Одан соң балаларды дамыту және түзету орталығының жұмысымен танысты. Балаларға арналған мекемені кәсіпкер Айгүл Жүсіпова 4,9 млн теңге инновациялық грант алғаннан кейін ашқан. Алдағы уақытта орталықта мектепке дайындық, сенсорика, ағылшын тілі, және «Ана-бала» курстары ашылады. Сондай-ақ, облыс әкімі Ақтоғай ауылында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысып, күрделі жөндеуден өткен аудандық мәдениет үйіне барды. Сапар соңында аймақ басшысы дезинсекциялық жұмыстардың барысы туралы есепті тыңдады. Ауданда бүгінде шыбын-шіркейге қарсы 20 мың га алқап өңделуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артық көрсеткіш. А.Байханов шыбын-шіркейлерді толықтай жойып жіберу мүмкін емес екенін айтты. Өйткені, олар - табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі. Алайда олардың жаппай ұшып шығуының алдын алу қажет екенін атап өтті. Айдана БОРАНБАЕВА, Ертіс, Ақтоғай аудандары. Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.
8 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ SARYARQA SAMALY 16 МАУСЫМ – ӘКЕЛЕР КҮНІ Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – Әкелер күні. Өткен жылдан бері тойланып келе жатқан мереке еліміздегі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, әулеттегі әкелердің рөлін дамытуға ықпал ету мақсатында енгізілген болатын. Отбасы – шағын мемлекет. Жанұяның рухани, материалдық тұрғыдан мықты болуы – отағасы деп саналатын әкеге тікелей байланысты. Өкінішке қарай, соңғы уақытта отбасылық институттың әлеуметтік иммунитеті әлсіреп бара жатыр. Әке ұлағатын көрмей, аналардың бауырында ғана өсіп жатқан балалардың болашағы туралы жиі айтылып жүргені сондықтан. Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Қоғамдағы ер адамдардың мәртебесін қалай арттырамыз? Өзекті мәселе төңірегінде басылым редакциясында «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Шараға облыстық қоғамдық бірлестіктің мүшесі Еркеғали Жанғазы, республикалық «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс, «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Дина Ержанова, «JEBE» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, жас әке Оразбек Саяхат қатысып, әке тақырыбында әңгіме өрбітті. Тілші: - Қазіргі уақытта бала тәрбиесімен аналар қауымы айналысып жатқаны жасырын емес. Мектептегі ата-аналар жиналысына қатысатындардың 95 пайызы – әйелдер қауымы десек, қателеспейміз. Жалпы, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін ақсатып алмадық па? Осы төңірегінде ой қозғап көрсек. Еркеғали ЖАНҒАЗЫ: - Біздің заманымыздағы ұрпақты бір ауыл тәрбиеледі. Ауылдағы әкемізбен жасты адамдар, ата-әжелердің бәрі ұрпақ тәрбиесіне атсалысты. Шешеміз әкеміздің отбасындағы орнын, мәртебесін үнемі есімізге салып өсірді. Кеңес Одағы кезінде әкеміз жұмысқа таңертең кетіп, кеш батқанда келетін. Кейде ол кісіні апталап көрмейтін едік. Бірақ соған қарамастан әкенің қадірін біліп өстік. Кеңес Одағынан кейін колхоз-совхоздардағы зауыттар жабылғаннан кейін еркектердің басым көпшілігі жұмыстарынан айырылды. Асыраушы деген атағын жоғалта бастады. Сол кезде әйел адамдар асыраушы болды. Қазақ халқында ер адамның сауда саласында еңбек етуі өте ұят саналатын. Осы уақытта әйел адамға біртіндеп басымдық рөл көше бастады. Бала күнімізде жиналыстарға әкеміз көп баратын. Осыдан 5 жыл бұрын іс-шараларда «қазіргі балалар неге ынжық?» деген тақырыпты қозғап, сараптама жүргізген болатынбыз. Сөйтсек, балабақшадағы тәрбиешілер – әйелдер, мектептегі ұстаздардың дені – әйелдер, орта және жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың 80 пайызы тағы да - әйелдер қауымы екен. Ұл балалардың мінезінің өзгеруіне осы жағдайлар себеп. Бүгінгі уақыт қаражатқа байланған заман ғой. Қазіргі уақытта кез келген әйел ақша таба алады. Әкенің рөлін төмендетіп алғанымыз - ақиқат. Кезінде «Қағандық» қоғамдық бірлестігін қоғамдағы ер азаматтың, отбасындағы әкенің рөлін арттыру мақсатында құрған едік. Өкінішке қарай, көшеде келе жатып, ешкімге ақыл айта алмайсың. Қазіргі жастардың көзқарасы, дүниетанымы мүлде бөлек. Бізге маңызды болып саналатын нәрсе оларға қызықты емес. Қоғамдық көлікке мінген ұл-қыздар үлкенге орын беру дегенді білмейді. Олардың түсінігінде жолақысы төленгеннен кейін олар қоғамдық көліктегі орынға отыра алады. Бұрынғыдай адамгершілік, үлкенді сыйлау сынды тәрбие қалып барады. Тілші: - Хызыр аға, сіз басқарып отырған қоғамдық бірлестік әкелер институтын қалыптастыруда жұмыс атқарып келе жатқанын білеміз. Мақсат орындалды ма? - Біздің бірлестік тек қана әкелермен жұмыс істемейді. Жалпы, ата-аналар қауымымен байланыс орнатылған. Бірақ бірлестік құрылған кезде әу баста әкелерге мән бергеніміз рас. «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі еліміз бойынша 16 облыста жұмыс істейді. Оның құрамында 142 ата-ана тіркелген. Иә, қазіргі уақытта әкелердің 90 пайызы бала тәрбиесіне мән бермейтіні шындық. Мектептегі жиналыстарға да аналар барады. Өз басым қоғамдық бірлестікке жұмысқа келгенге дейін балаларымның не киіп жүргеніне мән бермеппін. Әйтеуір, анасына киім-кешекке деп ақша беретінмін. Қажетті сауда орнына апарып, әйелім мен балаларымды көлік ішінде күтіп отыратынмын. Олар киімді өздері барып сатып алатын. Отбасын тәрбиеге бейімдеу адами идеология дер едім. Идеология дүкеннен сатып алатын зат емес. Бір адамның миына математиканы құю үшін 11 жыл оқытады. Ал ұлттық идеологияны, тәрбиені адам бойына сіңіру – үлкен жұмыс. Ол оңайлықпен келмейді. Ұзақ жылдарға жалғасуы мүмкін. Біздің бірлестік үш жыл көлемінде жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта аймағымыздың мектептерінде әкелер кеңесі құрылған. Ауылда да бар. Облыста 50-ге жуық мектепте әкелер кеңесін құруға қатыстық. Мектеп басшылығы мен тәрбие жөніндегі орынбасарлармен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде тәжірибе бөлісеміз. Әкелер балаларымен бірге доп ойнап, қамшы өру сынды шараларға қатысады. Әсіресе, Ертіс, Тереңкөл, Успен, Железин сынды өзге халық көп тұратын аудандармен тығыз жұмыс істедік. Қазіргі таңда Екібастұз қаласымен жұмысты күшейтудеміз. Әрбір мектепте әлеуметтік желіде арнайы әкелерге арналған чат құрылды. Бүгінде Павлодар қаласындағы №19 мектепте 220 әке бар, Ал облыс орталығындағы №12 мектепте 80-ге жуық, №37 мектепте 200-ден астам әке бар. Әкелер кеңесіндегі азаматтардың дені – жастар. Әкелер кеңесі мектеп басшылығымен тығыз байланысты жұмыс істеуі тиіс. Мысалы, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда мектепке тұрақты келетін 80-нен астам әке бар. Олар білім беру мекемесіне келіп, балаларының жағдайын бақылайды. Білім беру мекемелерінде әкелер бағы да ашылып жатыр. Күзде мектеп ауласында жапырақ, қыста қар жинау, көктемде құм төсеу сынды жұмыстарға қатысады. Мектепке келмейтін ата-аналармен де жұмыс жасайды. Көп жағдайда жалғызбасты ата-аналар, тұрмысы төмен отбасылар қарым-қатынас орнатпайды. Баласының оқу үлгерімі төмен ата-аналар да мектепке жолаудан қашады. Міне, әкелер қауымы ата-аналардың жағдайымен танысып, сырласады. Біз ең бірінші кезекте ата-ананы тәрбиелейміз. Егер ата-анасының түсінігі дұрыс болса, баласы да ақылды болады. Міне, осы бағытта жұмыс атқарып келеміз. Нәтиже бір кісінің қолынан келмейді. Көппен атқарылады. Тілші : - Отбасында әкенің мәртебесін арттыру, беделін жоғары қоюда әйел адам көп рөл атқаруы тиіс. «Әкелерің келді» деген сөзді естіген балалар оның қас-қабағына қарап өскен. Солай емес пе? Дина ЕРБОЛАТҚЫЗЫ: - Иә, дұрыс айтасыз, әке – асқар тауымыз. Отан отбасынан басталады деп тегін айтылмаса керек. Шағын мемлекеттің негізін қалаушы, қамқоршысы – әке. Ол - адам отбасына қаржылық, рухани тұрғыдан барлық жағдайды жасайтын адам. Сондықтан ол құрметке лайық болуы тиіс. Әкенің балалар алдындағы дәрежесін қалыптастыруда аналар қауымының атқарар рөлі зор. Өз отбасымда әкеміз мейірімді адам болды. Балаларына дауыс көтерген кезін көрген емеспіз. Бірақ әкемізді құрметтеп, жақсы көріп өстік. Бұл ретте анамыздың даналығы, тәрбиесі себеп болды. Әлі күнге дейін өз отбасымыз болса да, әкеміздің қас-қабағына қараймыз. Отбасында әке әйелден бір саты биік тұрады. Кезінде атабалбаларымыз баланы үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. «Ұят болады», «Обал болады» және «Жаман болады» деген қағидаларды ұстанған балалар жамандық атаулыдан аулақ жүруге тырысатын. Қазір заман дамыған. Қоғамда бәрі ақшаға тәуелді болып барады. Әкенің берген ақылы мен тәлімін 100 мектеп те бере алмайды. Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде «Даналық мектебі», Әкелер кеңесі жұмыс істеп жатқаны қуантады. Өз басым облыс орталығына жақын орналасқан Теміржолшылар кентіндегі мектепте жұмыс істеймін. Мұнда аналарға арналған «Даналық мектебі» жұмыс істейді. Шағын Еркеғали Жанғазы Хызыр Жанарыс С ,, ...Әке – асқар тауымыз. Отан отбасынан басталады деп тегін айтылмаса керек. Шағын мемлекеттің негізін қалаушы, қамқоршысы – әке. Ол - адам отбасына қаржылық, рухани тұрғыдан барлық жағдайды жасайтын адам. Сондықтан ол құрметке лайық болуы тиіс... Әкенің өнегесі -
SARYARQA SAMALY ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 9 мектепте 197 оқушы бар. Жақында білім ошағында «Әжелер клубын» аштық. Оның құрамында 8 әже бар. Олар балаларға салт-дәстүрлер, ұмыт болып бара жатқан тыйымдарды үйретеді. Бүгінде әжелерге бірыңғай қазақы киім тігілді. Олар мектепке кимешек киіп келеді. Енді оқушыларымыз ақылгөй әжелерімізден де тәлім алуда. Оразбек САЯХАТ: - Шыны керек, бұрынғы және қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесі екі бөлек. Мысалы, анамыз кезінде ер баланың санасында әкені тұлға ретінде қалыптастыруда ерекше рөл атқарды. Шешем әпкем екеуімізді әкеміздің қабағына қарап өсуге тәрбиеледі. «Әкең жұмыстан келеді», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен сұран» деген секілді қарапайым тәрбиені санамызға құйды. Қазіргі отбасыларда осы жағдай әлсіреп барады. Баланың әкеге иек артуынан гөрі, шешесіне жақын болуы басым болып кетті. Ұл рухты, намысшыл болып өсуі үшін, мейлінше әкенің тәрбиесін көп көру қажет. Сонда бала әкенің бүкіл тұлғалық болмысына, өмірлік ұстанымына қарап бой түзейді. Тілші: - Қай қоғамды алып қарасақ та, әке – түздің адамы. Отбасынан жырақта, жұмыста жүреді. Олар табыс табуға міндетті, әке отбасын асырауға тиіс деген ұстанымдар берік орнаған. Осын- дайдан кейін әке мәртебесінің кейбір қасиеттері көрінбей қалатын сияқты. Еркеғали ЖАНҒАЗЫ: - Отбасын ең бірінші кезекте асырайтын – әке. Бұл – табиғи заңдылық. Бірақ қазіргі уақытта әйелдер де отбасын асырай алатын деңгейге жеткен. Кейбір әйелдердің табысы ерінің еңбекақысынан жоғары. Мектепте мұғалім болып ай сайын жарты миллион теңге көлемінде жалақы алатын әйелдер бар. Десе де, мәселе әйелдің даналығында. Ол ұл-қызының алдында әкенің беделін арттырып, оған асыраушы, отағасы деп қарауы тиіс. Қазақ отбасында ер адамға ауыр сөз айтқаны үшін мүгедек болып өмірден өткен аналарымыз бар. Оны тарихтан біле аламыз. Ал қазіргі қоғам мұндайды қабылдай алмайды. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қабылданған заң әйелдерді қолдауға бағытталған. Ал қазақ отбасында ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс болмаған. Жалпы, үйде ер адамның сөзінен асатын сөз болмауы тиіс. Соңғы сөзді әке айтуы керек. Қазіргі қазақ отбасындағы балалар орыс мектептерінде білім алуда. Осыдан кейін ұлттық идеология туралы айту да қиын. Дина ЕРБОЛАТҚЫЗЫ: - Ер адам мал тапса, әйел өмірге сәби әкеліп, оның тәрбиесімен айналысуға жаратылған. Біз бұл гармонияны бұзып алдық. Өйткені еркек пен әйел тең құқылы деген ұғымды миымызға сіңірді. Отаршылдық жүйе, кейін Кеңес Одағы қазақтың осы тамаша мектептерін жойды. Еркек пен әйелді тең деп жариялады. Еркектердің беделі күрт төмендеп, балаға идеал болудан алшақтады. Қазақ әйелінің ерін сыйламау құбылысы қазақ даласындағы әкелер мектебінің тамырына балта шапты десем, қателеспеймін. Бұл құбылыс осы күнге дейін жалғасып келеді. Тілші: - Бала тәрбиесінде адамдар қандай рөлді атқаруы тиіс? Оразбек САЯХАТ: - Отбасы мүшелерінің жайлы өмір сүруі, бала-шағаның тәрбиелі болып өсуі – шаңырақтың темірқазығы саналатын отағасының ақылы мен еңбекқорлығына тікелей байланысты. Бүгінде әкелердің басым көпшілігі күйбең тіршілікпен аласұрып, жұмысбастылықтан арыла алмай, тек табыс тауып, отбасын асырау, материалдық жағдай жасау қамымен жүр. Тіпті, кейбірі үйден жырақта жұмыс істеп, балашағасын ұзақ мерзім көрмейді. Сол себепті бала тәрбиесімен анасы ғана айналысады. Өз басым жас отбасымын. Жұбайым екеуіміз екі баланы тәрбиелеп, үшінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Қызым 3 жастан асса, ұлым екіге толды. Ер баладан гөрі қызымның тәрбиесі үшін алаңдаймын. Біз бала күнімізде ата-әжелерімізден таяқ жеп өстік. Бірақ одан жаман болған емеспіз. Олардың «таяқ жейсің» деген бір ауыз сөзінен тым-тырыс бола қалатынбыз. Ауылдарда көшелерді топ болып аралап жүретін ер адамдар да ұл балаларға тәрбие бере алды деп айта аламын. Жасы үлкен ағаларымыздан құралған топтың ортасына түскенде батыл болуға, қорқақ болмауға үйрендік. Ал қазіргі ұлдарды анасы мен қатар әкелері де тым еркелетеді. Ұл балалардың бойында бұрынғыдай өжеттік азайып барады. Өйткені ата-анасы баласының бар айтқанын орындайды. Шыны керек, қазіргі балалар тәрбиені телефоннан алып жатыр. Өзіміз ересек болса да, әйтеуір тыныш отыр ғой деп ұялы телефоннан мультфильм қосып береміз. Қазіргі жас отбасыларының бәрінде осы жағдай десем, қателеспеймін. Үйде бала тәрбиесімен жұбайым айналысады. Демалыс күндері ұл-қызымды балаларға арналған ойын-сауықтыру кешендері апарып тұрамын. Бұдан бөлек, ауылға ата-әжесіне қонаққа барамыз. Бір қуанарым, елімізде әкелер күні белгіленіп, әкелердің отбасындағы рөлі мәселесі жан-жақты талқыланып жатқаны. Осындай көпшілікке ой салатын шаралар арқылы да ер адамдардың қоғамдағы орнын арттыра аламыз деп ойлаймын. Дина ЕРБОЛАТҚЫЗЫ: - Отбасындағы бала тәрбиесімен аналар айналысатыны - ақиқат. Десе де, бұл мәселеге әкенің де араласқаны маңызды. Өйткені әкенің тәрбиесін ешкім бере алмайды. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі - өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. «Әке - бәйтерек» деген мақал әкенің беделін көрсеткен. «Әке балаға - сыншы» дейді дана халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос болуы керек. Қазіргі ер азаматтар ұлдарының немен айналысып жатқанынан бейхабар болып жатады. Қыз балаға да әкенің тәрбиесі қажет. Қыздар табиғатынан әкеге жақын болып өседі. Әрбір қыз бала әкесінің қасында өзін қорғаны мықты адам ретінде сезінуі тиіс. Жұмыстан шаршап келсе де, кішкене уақыт тауып, баласымен бірге сабақ оқып, кино көруге, белгілі бір тақырыпта әңгімелесуге болады. Ұл-қызына оқушы кезіндегі қызықты оқиғаларды да айтып бере алады. Бұл да – тәрбие. Еркеғали ЖАНҒАЗЫ: - Кезінде ата-әже институты болды. Біз сол мектептен тәлімтәрбие алдық. Оразбектің айтып отырған көшедегі ағалардан біз де көп нәрсені үйрендік. Дене шынықтыру залына кешігіп келген кезде де сол ағалардан таяқ жейтін едік. Олар бізді тәртіпке үйретті. Бұдан бөлек, жеңгелер институты болды. Қазір қоғам бәрін заңмен реттеуге тырысады. Әйелдер тек сол заңды негізге алып, еркектердің алдында жоғары болуға тырысады. Ал бұрынғы заманда ата-аналарымыз ешбір заңсыз тату-тәтті өмір сүрген. Міне, біз осы тәрбиені жоғалтып алдық. Тілші: - Бала бойында жақсыжаман қасиеттер байқалса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан. Өкінішке қарай, толық емес отбасында әкесіз өсіп жатқан балалар бар. Қазіргі уақытта жас отбасылар арасында ажырасу жағдайлары көбеюде. Бұл мәселе туралы не айтасыздар? Хызыр ЖАНАРЫС: - 2022 жылы еліміз ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде 8-інші орында болды. Ал 2023 жылы 5-інші орынға көтерілдік. Биыл екінші орында тұрмыз. Біз әлем бойынша Үндістан мен Қытайдың алдында тұрмыз. Үндістанда 1,5 млрд-тан астам адам тұрады. Өзім Үндістанның бірнеше қаласында болдым. Ол жаққа ажырасу адамдардың күнкөріс деңгейінің нашарлауынан орын алады. Мұнда 350 млн кедей тұрады. Бұл дегеніңіз үй-күйі жоқ тұрғындар. Кедейліктің шегіне жеткен мемлекетте суицид жоқ, халқы көп болса да, ажырасудан біз олардан озып тұрмыз. Тұрғындары ұлттық идеологияға берік. Жергілікті халық 320 дінді ұстанады. Әрқайсысы өз сенімімен өмір сүреді. Бізде ажырасуға адамдардың көзқарасының өзгеруі себеп болып отыр. Қазіргі уақытта жастар өмірдің мәнін қаражатқа тірейді. Бұдан басқаны ойламайды. Өмірде әке тәрбиесін көрмеген ұл - әке сыйлауды, қыз күйеу сыйлауды білмейді. Бұл мәселені шешуде ұлттық, рухани құндылықты көтеру қажет. Еркеғали ЖАНҒАЗЫ: - Жоғарыда біздің заманымызда ата-әженің институты болғанын айттым. Солардың тәлім-тәрбиесі мен даналығының арқасында келіндер күйеуін сыйлап, бала тәрбиесімен айналысты. Ал қазіргі келіншектер ақылды психолог, коучтардан сұрайды. Әлеуметтік желіде талқыланатын видеолардан сабақ алады. Танымайтын адамның ақылымен өмір сүреді. Кезінде атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін ажырасып кеткен отбасыларды білемін. Үй кезегіне тұру үшін де қағаз жүзінде екі жаққа кеткен жанұялар бар. Қазақ халқында әйелдің үйге қайтып келуі – өліммен тең болған. Қазір жастар шаңырақтың киесін кетіріп алған. Бұрындары ерлі-зайыптылар арасында ажырасу деген сөз мүлде болмайтын. Қазір отбасы құндылығы жойылып барады. Бұдан тек бала ғана сорлайды. Тілші: - Қоғамда әкелер институтын қалыптастыру үшін қандай жұмыс жүргізілуі керек? Хызыр ЖАНАРЫС: - Ең бірінші кезекте ұлттық идеологияны қалыптастыру қажет. Қоғамда ер адамның рөлін арттыру мақсатында көптеген жиналысқа қатысып, ойымызды айтып жүрміз. Осындай шаралардан нәтиже шығып, оқырмандарға ой сала білсек, ұтқанымыз. Оразбек САЯХАТ: - Қоғамдағы ерлердің рөлін әке ретінде де, азамат ретінде де бұқаралық ақпарат құралдары және кино арқылы арттыру керек. Отбасылық құндылықтар, бала тәрбиесі, аталар мен әжелердің рөлі туралы бағдарламалар мен мақалаларды көбірек шығаруды ұсынар едім. Сонымен қатар, мектептерде құрылған әкелер мектебінің жұмысын күшейту қажет. Дина Ержанова Оразбек Саяхат Түйін: Отбасында әкенің орны қашанда бөлек. Әке - шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, ұл-қызын асырап-бағуға, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке - бала үшін асқар тау. Әкенің ұлға беретін тәрбиесін басқа әке не басқа институт бере алмай- тынын қазақ халқы әуелден білген. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ал отбасындағы әкенің мәртебесін арттыру - қоғам үшін ортақ міндет. Айқарманы әзірлеген – Айдана ҚУАНЫШЕВА. елдің керегесі
Ләйлә НҰРМАҒАМБЕТОВА, ардагер ұстаз: Әсел СҰЛТАНОВА, ата-ана: Алтынбек НУХҰЛЫ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты (пікір интернеттен алынды): «Алаңды» үйлестірген – Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ. 10 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл АЛАҢ SARYARQA SAMALY ЖЕТІСТІК Мектеп пәндерін қалай жүйелеген жөн? Білімді ұрпақ – ұлт болашағы екені анық. Сондықтан да кім-кімде ұрпағының уақытылы сапалы білім алғанын қалайды. Әлемдік өзгерістермен қатар қадам басқанын тілейді. Себебі, біліммен қаруланған буын ғана елді ілгерілетіп, өзге мемлекеттермен теңестіруге талпынады. Әлбетте, сол білімнің жүйелі, денсаулыққа салмақ салмайтындай болғаны да талап етіледі. Мектеп бағдарламасында жүктеменің көптігі аракідік ата-аналар тарапынан айтылып қалады. Бірақ, кейбір қоғам белсенділері тәрбиелік, сауаттылық тұрғысынан тағы да қосымша пәндер енгізу керектігін алға тартады. Жалпы, Қазақстанда мектеп пәндерін жүйелеу керек пе? Заманға сай кейбірін қысқартқан жөн бе? Бұл бағытта қандай өзгеріс болғаны абзал? Міне, осы сұрақтарға «Алаң»-да жауап іздеп көреміз. - Сапалы білім беру жағынан озық елдер Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия және Канада сияқты елдерде мектеп оқушылары 7-8-сыныпта нақты ғылым салаларына қатысты 4-6 пән оқыса, Қазақстанда - 15 пән. Ал 9-сыныпта тіпті 16 пән оқытылады. Бізде міндетті оқу пәндерінің саны 2,5 есе көп. Мұндай шамадан тыс пәндердің жалпы саны әлемдегі бірде-бір дамыған елде жоқ. Бізде химия, биология, география сияқты оқу пәндері жекежеке пән ретінде 578 сағат көлемінде, ал аталған мемлекеттерде осы пәндер топтастырылып, бір ғана «Ғылым» пәні деп оқытылып, 324 сағатты құрайды. Соған қарамастан, соңғы 15 жылдағы халықаралық PISA зерттеуінің қорытындысы бойынша осы елдердегі оқушылардың жаратылыстану ғылымы бойынша сауаттылығы жоғары болып отыр. Біздің оқушыларға тақырып бойынша шамадан тыс көлемде ақпарат беріледі және оқулықтардың тілі ауыр әрі ғылыми сипатта. Озық елдің тағы бірі – Ұлыбританияда керісінше ақпарат көлемді емес, тақырыптар тәжірибеге бағытталып, күнделікті өмірдің жағдаяттарымен байланыстырылып оқытылады. Орта білім беру сапасын көтерудің Концепциясына сәйкесінше өзгерістер енгізілуі керек деп есептеймін. - Ол рас, саны көп, сапасы аз пәндер мен оқулықтар көбейіп кетті. Жаңа министр келген сайын реформа жасауға тырысады. Жыл сайын өзгеріс енгізудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Оқушылар түгілі, мұғалімдер сол жаңашылдықтардың соңынан ілесе алмайды. Жаңа бір өзгеріске үйрене бергенде, оны алып, орнына басқасын бастап кетеді. Содан білім сапасы да оңалмайды. Мұғалім де жалығады. Сонымен қатар, мұғалімдерден түрлі есеп талап етуді доғару қажет. Қазір, естуімше, түрлі қағаз түрінде толтырылатын есептен бөлек, фото-бейне есептер де қосылыпты. Мұндай жүктеме ұстаздардың нақты міндеті – білім беруді өз деңгейінде атқаруға мұрша бермейді. Тағы бір айтарым, оқулықтардың тілін жеңілдету керек. Бүгінде баласына сабағын орындауға көмектесуге отырған ата-ананың өзі ұқпай жататын тапсырмалар барын құлағымыз шалады. Ересек адам түсінбеген тақырыпты бала қайдан ұға қойсын. Бір ұқпаған соң оның білімі ары қарай да ақсай береді. Сонымен қатар, ана тілі, әдебиет пәндерінде оқушыларға тәрбиелік мәні бар қысқа да нұсқа әңгімелер қарастырылуы тиіс. Баланы еркін сөйлеп, пікірі дәлелді білдіре алатындай деңгейде білім берілуі керек. - Әр баланың өз ыңғайы болады. Негізі, 7-8-сыныптан кейін оқушылардың өздері де қай бағытта мықты екенін байқай бастайды. Сүйіп оқитын, тереңдей үңіле алатын пәндері айқындалады, соған сай мамандық таңдауға кіріседі. Міне, сондықтан жоғары сыныптарда барлық пәнді міндеттемей, таңдаған мамандығына қарай оқытылса, пайдасы көбірек болар еді. Яғни, келешегіне керегі болмайтын сабақтарға уақытын жоғалтпас еді. Біреуге гуманитарлық пәндерді меңгеру қиынға соққанымен, ол жаратылыстану бағытында жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Пәннің саны көп болғаннан сапа оңалмайды. Балалар тез шаршап, нақты келешегіне керек пәнді меңгеруге күш жетіңкіремейді. Оқулықтардың мазмұнын да қайта қараса, артық болмайды. Тәжірибелік жұмыстарға көңіл бөлінсе деймін. Аталмыш халықаралық жарыстың басты мақсаты – тәжірибе алмасу, кәсіби байланысты нығайту және электр энергиясын тарату желілеріне қызмет көрсету сапасын арттыру. Байқауда Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Ресей елдерінің энергетиктер командасы бақ сынады. Біздің елдің атынан «Павлодар ЭТК» АҚ мамандары қатысты. Олардың бұл бәсекеге аттануы тегін емес. Жергілікті электр монтерлері бұған дейін бірнеше рет республикалық сайыстардың жеңімпазы атанған еді. Үш күн аралығында сайыс қатысушылары үздік электрмонтерлер бригадасы атағын сарапқа салды. Арнайы құрылған комиссия мамандардың кәсіби даярлығын бағалады. Әсіресе, шеберлік, топпен жұмыс істей білу, төтенше жағдайларда жедел шешім қабылдау сынды қабілеттері сараланды. Төрт кезеңнен тұрған сайыс қорытындысы бойынша павлодарлық мамандар екінші орын иеленді. Команда жетекшісі – бас директордың тарату жөніндегі орынбасары Геннадий Сокуренко. Топ құрамында жөндеу басқармасының басшысы Иван Миронец, электрқауіпсіздік жөніндегі бригадир Юрий Волошанин және электрқауіпсіздік жөніндегі электрмонтерлер Досхан Жұмабаев пен Александр Жамбурбаев бар. Олар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсете білді. Елге жүлдемен оралған мамандарды облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко, «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Олег Щемель құттықтады. Өз тілшіміз. Кәсіби шеберлік көрсетті Татарстанның Қазан қаласында түркітілдес елдер арасындағы электр энергетикасы мамандары сынға түсті. Кәсіби шеберлік сыналған сайыста еліміздің намысын павлодарлық энергетиктер қорғап, жүлделі оралды. Ағымдағы жылы облыста суармалы жердің жалпы ауданын 175 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов Павлодар облысында суармалы жерлердің жалпы ауданы 2020 жылдан бастап 65 мың гектарға ұлғайғанын айтты. Оның ішінде суармалы жерлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша 25 жоба іске асырылғаннан кейін суармалы алқаптар қатарына 16,6 мың гектар енгізілді. Бүгінгі таңда ауданы 6,1 мың гектар жерді суармалы егістікке ауыстыру көзделіп отыр. - Бүгінде өңірдегі суармалы жерлердің ауданы 171 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 147,8 мың гектар, елді мекендер мен орман қорындағы жер 8,8 мың гектарды алып жатыр. Сондай-ақ, жер қорында 14,4 мың гектар жер бар. Ағымдағы жылы облыста жалпы ауданы 2,5 мың гектарға суарудың 3 жобасы іске асырылды, - деді М.Хамитов. Сонымен қатар, басқарма басшысы биыл 14,1 мың гектар алқаптағы суармалы учаскелерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша өткен жылдан қалған 5 жобаны іске асыру жалғасын табатынын айтты. Суармалы егіншілікті дамыту үшін Павлодар облысында 35,5 млрд теңге сомаға жалпы ауданы 22,8 мың гектар учаскеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы бар 35 жоба қарастырылуда. А.МҰҚЫШЕВ. ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде 2030 жылға қарай елімізде суармалы жердің көлемін 3 млн гектарға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алқаптар ұлғаюда
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛДАУ Асыл тұқымды мал саны көбеюде 11 SARYARQA SAMALY 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл Бетті әзірлеген – Алтынбек МҰҚЫШЕВ. Павлодар облысында асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын қожалықтар саны жыл санап артып келеді. Бұл ретте мал баққан ағайынға көрсетілетін қолдау шаралары да мол. Себебі, асыл тұқымды мал сатып алу бағыты мемлекет тарапынан субсидиялауға жатады. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде күні бүгін облыста асыл тұқымды саналатын ірі қараның үлесі көбейді. Осы орайда субсидия алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын талаптар қандай? Мал тұқымын асылдандыру ісін неден бастау керек? Осы іспетті сұрақтардың жауабын іздеп көрелік... Тұжырымдамада Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары бойынша жоғары импортқа тәуелділік сақталатыны аталып өтті. Отандық селекциядағы жеміс-жидек, жаңғақ, көкөніс, бақша, картоп, қант қызылшасы 10 пайыздан аз. Елдің егіс алқаптарының көлеміндегі элиталық тұқымдардың үлес салмағы 7,1 пайызды құрайды. Селекция мен тұқым шаруашылығын дамытудың бес жылдық жоспары тұқымдарды бақылаудың цифрлық жүйесін енгізуді көздейді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптарын шығару және өсімдіктердің үздік шетелдік сұрыптарын Қазақстан жағдайына бейімдеу бойынша селекция мен тұқым шаруашылығының жетекші әлемдік ғылыми орталықтарымен бірлескен жұмысты дамыту жоспарлануда. Сондай-ақ, заңнамалық және нормативтік негіздерге түзетулер енгізіледі, кіші саланың материалдық-техникалық негізі жаңартылады, жас кадрлардың келуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, нәтижесінде аграрлық сектор отандық селекцияның бәсекеге қабілетті тұқымдары мен отырғызу материалының қажетті көлемімен қамтамасыз етілетін болады. 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы дақылдарының 108 жаңа сұрыптары мен будандарын сынауға шығару және беру жоспарлануда. Басым дақылдардың элиталық отандық тұқымдарын пайдалану үлесін 7,5 пайыздан 14,4 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес отандық селекция тұқымымен егілген егіс алқаптарының үлесі 2028 жылға қарай 51,7 пайыздан 78,2 пайызға дейін өседі. Бұдан басқа, әлемдегі жетекші үш селекция және тұқым шаруашылығы ғылыми орталықтарымен бірлескен жұмысты жолға қою жоспарлануда. Жоспар бекітілді Қазақстан Үкіметі Ауыл шаруашылығы дақылдарының селек- циясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті. Оны іске асыруға 63,4 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Селекциялық жұмысты жетілдіру қажет ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыста ірі қара малдың саны 581 мың басты құрайды. Сондай-ақ, өңірде 712,1 мың бас қой, 80,1 мың бас ешкі, 304,5 мың бас жылқы және 1 058,8 мың бас үй құстары тіркеулі. Ағымдағы жылдың басынан бері 100,4 мың тонна сүт, 30,9 мың тонна тірі салмақтағы ет және 64,8 млн дана жұмыртқа өндірілді. Сонымен қатар, саланы дамытудың сапалық көрсеткіштері де өсуде. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы құрылымдарында сүттің орташа көлемі 10 пайызға артса, жұмыртқа өндірісі 22 пайызға өсті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Қайырболат Байсариновтің айтуынша, аймақ басшысы Асайын Байхановтың қолдауымен 2023 жылы жем-шөп шығындарының құнын арзандатуды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 3 млрд теңге бөлініп, игерілді. Нәтижесінде мемлекеттік қолдаумен 1,5 мыңнан астам фермер қамтылды. Оның ішінде ірі қара мал өсірумен айналысатын 1 199 фермер және ұсақ мал бойынша 339 шаруа қожалықтары бар. - Облыста ірі қара малдың асыл тұқымды аналық мал басын өсірумен айналысатын 170-ке жуық шаруа қожалығы бар. Ет бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы – қазақ ақбас, герефорд, абердин-ангус, әулиекөл және сүт бағытындағы – симментал, голштин, қызыл-дала тұқымы өсіріледі. Қойлардың асыл тұқымды аналық басын өсірумен 21 шаруашылық айналысады. Оларда 20 мыңнан астам бас тіркеулі. Сондай-ақ, бір шаруашылық саны 5 мыңнан асатын ешкінің асыл тұқымды аналық басын өсірумен айналысады. Атап айтсақ, асыл тұқымды аналық ешкі басының таулы Алтай тұқымы өсіріледі. Жылқылардың асыл тұқымды аналық басын өсірумен 15 шаруашылық айналысады. Шаруа қожалықтарында 13 мыңнан астам бас бар. Бұдан басқа, 1 шаруашылық 11 мыңнан астам асыл тұқымды аналық шошқа өсірумен айналысады, - деді Қ.Байсаринов. Сонымен қатар, бөлім басшысы мал шаруашылығындағы тиімділікті арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымдарының генетикалық әлеуетінің деңгейін және мал санының өсу қарқынын жеделдету үшін селекциялық жұмыстарды жетілдіру қажет екенін айтты. Мәселен, бүгінгі таңда Еуропадан 940 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара әкелінді. Атап өтсек, Ақсу қаласындағы «Кронос-Павлодар» шаруа қожалығына Даниядан 272 бас сүтті бағыттағы гольштейнфриз тұқымы әкелінді. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданының «Ақтоғай-Агро» фирмасы Чехиядан 319 бас сүт бағытындағы симментал тұқымы жеткізілсе, Успен ауданының «Галицкое» ЖШС Словакиядан сүт бағытындағы ірі қара малдың 349 басын әкелді. Басты мақсат - арзандату Мал шаруашылығы саласын дамыту мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Ағымдағы жылы аталған бағдарлама бойынша 7,2 млрд теңге бөлінді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ережеде субсидия алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын талаптар мен өлшемдер жазылған. Мәселен, мал шаруашылығында мемлекеттік қолдау субсидиялаудың 37 бағыты бойынша жүзеге асырылады. Оның ішінде «асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту» бағыты бойынша 3,2 млрд теңге бөлінді. - Ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуге (тауарлық норматив – 10 000 теңге, асыл тұқымдық - 15 000 теңге), қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге (тауарлық норматив – 2 500 теңге, асыл тұқымдық - 4 000 теңге), асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға (норматив – 150 000 теңге), асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға (ет бағытындағы норматив: отандық – 150 000 теңге, ТМД елдерінен, Украинадан импортталған – 225 000 теңге, Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен импортталған – 300 000 теңге, сүт бағытындағы: отандық – 200 000 теңге, ТМД елдерінен, Украинадан импортталған – Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен импортталған 225 000 теңге - 400 000 теңге), асыл тұқымды қойларды сатып алуға (отандық норматив – 15 000 теңге, импортталған аналық қойлар – 30 000 теңге, импортталған асыл тұқымды қой - 150 000 теңге) мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, - делінген хабарламада. Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Қайырболат Байсаринов асыл тұқымды малдардың сапасын арттыру, мал азығын дайындау бағыты бойынша 4 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. Айтуынша, ауыл шаруашылығы жануарларына жем-шөп шығындарының құнын арзандату, сондай-ақ, субсидиялар алу критерийлері мен өтінімдер беру мерзімдері мал шаруашылығы және жем-шөп өндіру жөніндегі мамандандырылған бейінді ғылыми ұйымның қаулысымен бекітіледі. - Барлық өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) қабылданады. Биыл ауыл шаруашылығы жануарларының мал басына жем-шөп шығындарының құнын арзандатуды субсидиялау гидрометеорологиялық қызметпен расталған, яғни, төтенше жағдай жарияланған немесе қалыптан тыс ауа райы жағдайлары басталған кезде ғана жүзеге асырылатынын атап өткім келеді. Осыған байланысты былтыр жалпы ауданы 25 мың гектардан астам мемлекеттік орман қорының жерлерінен шөп дайындау үшін шабындық жерлер бөлінді, бұл шамамен 20 мың тонна шөп дайындауға мүмкіндік берді, - деді бөлім басшысы. Субсидия алу тәртібі қандай? Өтінімдерді қабылдау Ауыл шаруашылығы жануарларының орналасқан/тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады. Тауар өндірушіде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде дербес тіркелу үшін ЭЦҚ болуы қажет. Сондай-ақ, жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «plem.kz» базасын пайдаланғаны үшін абоненттік төлем жүргізеді. Жеке кабинетте тіркелу үшін тауар өндіруші өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, байланыс деректерін, екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелерін көрсетуі тиіс. АШТӨ тіркелгеннен кейін «subsidy.plem.kz» веб-порталында субсидия алуға электрондық өтінім беріледі. Өтінім тауар өндірушінің ЭЦҚ-сына қол қою арқылы тіркеледі және тауар өндірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы 2 жұмыс күні ішінде субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы веб-порталда ЭЦҚ-мен хабарламаға қол қою арқылы өтінімнің қабылданғанын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты растайды. Осылайша ведомство веб-порталда қалыптастырылған төлем құжаттарын жүктеп, қаржыландыру жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі бюджеттік субсидияларды аударады. Өтінімдер тиісті бағыттарға көзделген қаражат шегінде қабылданады. Тиісті бағыттарға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) түседі. Ағымдағы жылы резервке (күту парағына) түскен өтінімдер бойынша қосымша бюджет қаражаты болмаған жағдайда, субсидиялар төлеу келесі жылы жүзеге асырылады.
Бақыттың төресі – бала сүю ЛЕБІЗ Мың алғыс саған, дәрігер! Дәрігерлерді адам жанының арашасысы дейміз. Сала мамандары бұл сөзді күнде еңбектерімен дәлелдеп келеді. Өмірімді сақтап қалған ақ халатты жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Өткен жылдың күз айында жол апатына ұшырадым. Ауыр жарақаттың салдарынан көзімді жан сақтау бөлімінде ашыппын. Ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен екенмін. Басыма зақым келіп, қол-аяғым бірнеше жерден сыныпты. Ауыр халдегі маған екінші өмірді дәрігерлер қауымы сыйлады. №1 Павлодар қалалық ауруханадағы политравма бөлімшесіндегі білікті дәрігер Азамат Ибраев маған күрделі ота жүргізіп, өмірімді сақтап қалды. Сонымен қатар, аталған бөлімшедегі Арай, Сая есімді және тағы басқа медбикелер істеріне жауапкершілікпен қарады. Өз еркіммен жүріп-тұра алмаған менің жанымнан табылды. Медицина қызметкерлері психологиялық және моральдік тұрғыда үлкен қолдау білдірді. Тіпті, техникалық қызметкердің өзі жанымнан табыла білді. Ұжым өте ұйымшыл. Ем-шарасын жүргізіп қана қоймай, әрдайым қолдау білдіргендерінің арқасында аяғымнан тұрдым. Бұдан бөлек, емді тіркеуде тұрған «Мед С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде дәрігерім Еркежан Дәуленбаева жалғастырды. Оңалту бөлімінің қызметкері Алтынай Макимова қолыма массаж жасауы арқылы қолымды көтере алуыма мүмкіндік берді. Денсаулығымды қалыпқа келтіру үшін жарты жыл көлемінде ем қабылдадым. Әлі күнге дейін оңалту шараларын өтіп, ай сайын сараптамалар тапсырудамын. Осы орайда, науқас жанға қолдарынан келген көмекті аямай, мені аман алып қалу үшін барын салған дәрігерлер қауымына, медбикелерге айтар алғысым шексіз. Массаж жасаған Алтынай Құмарқызына да ризамын. Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметтеріңізге жеміс тілеймін! Күрделі саладағы еңбектеріңіз елене берсін! А.ИМАНҒАЗИНА, Павлодар қаласының тұрғыны. Суреттер ғаламтордан алынды. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Павлодар Теміржол ауруханасының гинеколог-дәрігері Айжан Серікқызы жайында сөз етуді құп санадық. Білікті дәрігер күн сайын емделушілерді қабылдап, кеңес айтып қана қоймай, әйелдер қауымына ультра-дыбыстық зерттеу (УЗИ) жүргізеді. Бұдан бөлек, үнемі білімін жетілдіріп, тәжірибе жинауды да назарында ұстайды. Өз ісінің маманы эндокринолог саласын да меңгеруде. - Медицина саласына ата-анамның тілегін орындау үшін түстім. Әке-шешем отбасымызда бір дәрігер болуды қалады. Еш қарсылық білдірмей, Қарағанды медициналық академияда білім алып, гинекология саласын таңдадым. Осы мамандықта білім алып жүрген кезімде салаға деген қызығушылығым күн сайын артты. Дәрігер болып жұмыс бастаған уақытта мамандығымды адаспай таңдағанымды түсіндім. Себебі, өзімді басқа салада мүлде елестете алмаймын. Алғашқы еңбек жолымды оқуды тәмамадаған соң, 2004 жылы Қарағанды қаласындағы орталық ауруханада бастадым. Әйелдер кеңесінде, күндізгі стационарда еңбек еттім. 4 жылдың ішінде білікті мамандардан көп тәжірибе жинадым, - дейді А.Ахметова. Айжан Серікқызы 2008 жылы жолдасымен бірге қызмет бабымен Павлодар қаласына көшіп келеді. Сол уаықтта облыс орталығындағы Павлодар қалалық №4 емханаға қызметке орналасады. 2011 жылы Павлодар Теміржол ауруханасына жұмысқа тұрады. Бүгінде Айжан Ахметова аталмыш емдеу мекемесіндегі әйелдер кеңесінің меңгерушісі болып еңбек етеді. - Әйелдер кеңесінде екі гинеколог дәрігер мен 3 акушер жұмыс істейді. Біздің ең бірінші міндетіміз – әйелдердің денсаулығын тексеру, болашақ аналарды бала сүюге дайындау, жүкті әйелдердің сәбиін аман–есен қолына алуына жағдай жасау. Бұл ретте құрсағына сәби біткен әйелді есепке аламыз. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде 100-ге жуық жүкті әйел есепте тұр. Бұдан бөлек, жасөспірімдермен жұмыс істейміз. Қандай да бір ауруға шалдыққан әйелдерді диспансерлік есепке аламыз, - дейді дәрігер. Айжан Серікқызы күн сайын алдын ала жазылу бойынша 20-дан астам әйелді қабылдайды. Көп жағдайда 18-49 жастағы қыз-келіншектер кеңес алады. Бөлімшеге қарайтын мұндай жастағы әйелдердің саны – 5 мыңнан асады. Гинекология саласында 20 жыл еңбек етіп келе жатқан дәрігер әйелдер арасында бедеулік факторлары көп кездесетінін айтады. - Соңғы 10 жылдың ішінде сәби сүйе алмайтын жұптардың қатары артты. Мұны қызмет барысында көріп келемін. Сәби сүйе алмаудың себептері көп. Бұл жағдайға әйелдер арасындағы бедеулікпен еркектер арасындағы белсіздік те себеп. Өзекті мәселені шешуде мемлекетіміздегі «Аңсаған сәби» бағдарламасының орындалуы жолында қызмет жасаудамыз. Жылдар бойы жүктілікке қолы жете алмай жүрген қыз-келіншектерді есепке қойып, ЭКҰ-ға тегін квота алуына жағдай жасаймыз. Аталған бағдарламаға қатысуы үшін денсаулығын толық тексеріп, ЭКҰ-мен айналысатын орталықтарға жібереміз. Өткен жылы 35 әйел диспансерлік есепте тұрды. Оның ішінде 16-сы «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысты. Нәтижесінде 10 әйел жүктілікке ие болды. Ал бұл бағдарламамен сәби көтерген емделушілеріміз тәулік бойы біздің назарымызда десем, қателеспеймін. Бақыттың төресі – бала сүю. Осы жолда аянбай еңбек етіп келеміз, - дейді дәрігер. Айжан Серікқызы енді үйленген ерлізайыптылар табиғи жолмен бір жылдың ішінде сәби сүю керектігін айтады. Егер 2-3 жылдың көлемінде жүктілік болмаса, гинекологтар толық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда репродуктолог маманына жолдайды. Білікті дәрігер қызмет барысында қайғылы оқиғалар да орын алатынын айтады. Айжан Серікқызы жүктілігінң 39-шы аптасында сәбиінен айырылып қалған ананың жағдайын ешқашан ұмыта алмайтынын айтады. Бұдан бөлек, құрсақтағы баланың кіндікке оралып, жүрегі тоқтап қалған жағдай да болғанын жасырмады. - Өмір болғаннан кейін түрлі жағдайлар болатыны - ақиқат. Соңғы 5 жыл көлемінде қарамағымдағы жүкті әйелдерге ультрадыбыстық зерттеуді өзім жүргіземін. Қызмет барысында бөбектің кіндігі мойнына оралып қалған жағдайды көріп, дереу медицицналық жолмен толғақ шақырып, сәбиді аман алып қалған кез болды. Бұдан бөлек, биыл «құрсағындағы сәбиі шетінеді» деген диагнозбен келген әйелге екі апта уақыт бердім де, 14 күннен кейін өзім ультрадыбыстық зерттеу жүргіздім. Сол кезде сәбидің жүрегі соғып тұрды. Егер әлгі әйел менің кеңесіме құлақ аспаса, қате диагнозға сеніп, баланың өмірін қиятын еді. Осындай жағдайларды көргенде мамандығыма деген жауапкершілігім арта түседі,- дейді дәрігер. Айжан Серікқызы өмірде бала сүйе алмайтын әйел болмайтынын айтады. Бедеулік қатып қалған диагноз емес. Тек, уақытылы емделіп, қажетті мамандардың көмегіне жүгіну маңызды. Барлық әйел ана атана алады. 16 МАУСЫМ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ Айжан Ахметова – болашақ аналардың денсаулығын тексеріп, жүкті әйелдердің өмірге дені сау нәресте әкелеуіне барын салып жүрген білікті дәрігер. Мамандығы арқылы нәресте сүюді аңсап жүрген отбасылардың шаңырағына сәби күлкісін сыйлауда десек, қателеспейміз. Білікті дәрігер «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы бала бақытын армандаған талай отбасының тілегін орындау жолында еңбек етіп келеді. Тіпті, «құрсақтағы бөбек шетінеген» деген диагнозбен келген әйелдің бөбегін аман алып қалған. 12 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл МЕРЕЙ SARYARQA SAMALY
Мамандығы – мақтанышы Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылының тұрғындары Бақыт Нұртаева есімді дәрігерді жақсы таниды. Жалпы тәжірибе дәрігері елді мекендегі фельдшерлік-акушерлік бөлімшеде 5 жыл көлемінде еңбек етуде. Таңғы сағат 8.00-де емделушілерді қабылдау үшін ұйқысынан ерте оянып, қоғамдық көлік арқылы облыс орталығынан жұмысқа келеді. Мойылды ауылының тұрғындарына №3 Павлодар қалалық емхана қызмет көрсетеді. 2019 жылы елді мекенде фельдшерлікакушерлік бөлімше ашылған. Мұндағы халықтың денсаулығы үшін Бақыт Асқарқызымен бірге Анастасия Армиянова мен Сая Ахметова есімді екі медбике жауапты. Бақыт Нұртаеваның учаскесінде 1800-ге жуық адам тіркелген. Оның ішінде 1 жасқа толмаған балалар, диспансерлік есепте тұрғандар, мүгедек жандар, жүкті әйелдер де бар. Жалпы тәжірибе дәрігері жұмыс күндері таңғы сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін емделушілерді қабылдайды. Ал түстен кейін жедел жәрдем шақырған науқастардың жағдайымен танысады, жүкті әйелдердің денсаулығын бақылайды, үйге дәрігер шақырған науқастардың денсаулығын тексеріп, үй-үйді жаяу аралайды. - Мойылды ауылындағы тұрғындардың саны күн сайын артуда. Елді мекенде 1800-ге жуық адам ғана менің учаскеме тіркелген. Оның ішінде 12 жүкті әйел мен 1 жасқа толмаған 25 нәресте бар. 5 жылдың ішінде емделушілерімді жақсы танып үлгердім десем қателеспеймін. Қаладан қатынау маған еш қиындық тудырмайды. Кейде шақырту түскенде ауылға екі рет баруға тура келеді. Әр мамандықтың өз қиындығы бар ғой. Бірақ мен өзімді басқа салада елестете алмаймын. Адам өміріне араша түсетін дәрігер болғанымды мақтан етемін. Мен үшін дәрігер мамандығы - жұмыс емес, емделушілер алдындағы жауапкершілік, антқа адалдық, - дейді Бақыт Асқарқызы. Бақыт Нұртаева - Тереңкөл ауданының тумасы. 2015 жылы қазіргі Семей медициналық университетін жалпы медицина мамандығы бойынша тәмамдап, Павлодар қаласында интернатурада жалпы тәжірибе дәрігері мамандығы бойынша білімін жалғастырады. Оқумен қатар, Павлодар қалалық №3 емханада медбике болып жұмыс істеген. 2017 жылы диплом алып, жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрады. 2019 жылы Павлодар қалалық №3 емханаға жұмысқа орналасып, Мойылды ауылындағы фельдшерлікакушерлік бөлімшеге қызметке тұрады. - Бөлімшедегі қызметкерлер ұйымшыл. Екі мейірбике де тұрғындармен тез тіл табысады. Балаларға қажетті екпені салады. Ауыл тұрғындарына дәрігердің шешіміне сәйкес, система қойып, укол да салады. Сонымен қатар, әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері емделушілерден түрлі сарптама-талдаулар алып, курьер арқылы №3 Павлодар қалалық емханаға жолдайды. Бөлімшеде еден жуушы мен күзетші де жұмыс істейді, - дейді дәрігер. Бүгінде Бақыт Асқарқызы жолдасымен екі баланы тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Дәрігер қызметінің жауаптылығына байланысты көп жағдайда балаларына көп уақыт бөле алмайтынын айтады. Бұл ретте жұмысына түсіністік танытып отырған жанұя мүшелеріне алғысын айтады. - Дәрігер – адам өміріне, тағдырына жауап беретін мамандық. Әр науқастың жағдайын жіті бақылап, сараптамаларды толық тексеру арқылы ғана қажетті емді тағайындауға болады. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдыра алмайсыз. Сонысымен зор жауапкершілік жүктейді. Сөз соңында №3 Павлодар қалалық емханасының басшылық құрамына алғыс айтқым келеді. Бас дәрігер мен орынбасарлардың жұмысты дұрыс үйлестіруіне байланысты емделушілерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп келеді. Гиппократ антын арқалаған әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Күрделі әрі жауапты саладағы еңбектеріңіз елене берсін, - дейді Бақыт Асқарқызы. Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек. Бірегей музейдің жұмысы осыдан он жыл бұрын басталған екен. Медицина саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Тентекпаев бас болып, архив қызметкерлері мен облыстың медицина саласының өкілдері қостап, заттай және құжат күйінде біршама жәдігердің басын қосыпты. Музей бүгінде Павлодар облысының кардиологиялық орталығында орналасқан. Жәдігерлер соншалықты көп болмаса да, аса құнды. Оларға қарап, Павлодар облысы медицина саласының тарихын зерделеуге болады. Атап айтсақ, музей сөресінен 1961 жылы шыққан тіс бұрғылау құрылғысын, 1968 жылғы химиялық лабораторияны, 1987 жылғы электрокардиограф, алғашқы ультрадыбыстық зерттеу аппаратын көруге болады. XIX ғасырдың соңынан бастау алатын мұрағат құжаттарынан облысымыздағы медицина саласының даму сатыларын айқын байқауға болады. Ол кезде ең білікті деген дәрігерлер әскери емшілер еді. SARYARQA SAMALY МЕРЕКЕ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 13 Айқарманы әзірлеген – Айдана ҚУАНЫШЕВА. ТАРИХ Медицина музейінің жәдігері Тарихпен тілдесу қашанда қызықты. Әсіресе, көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер кім-кімді де бейжай қалдырмайды. Мысалы, қазақ жеріндегі алғашқы ультрадыбыстық зерттеу аппаратының қандай болғанын білесіз бе? Ал Павлодар қаласындағы ең алғашқы емхана 1905 жылы ашылғанынан хабарыңыз бар ма? Ертіс-Баян өңірінен шыққан ең алғашқы қазақ фельдшері Арын Сүлейменов жайында не білесіз? Осы және медицина саласына қатысты өзге де деректер аймағымыздағы алғашқы әрі жалғыз денсаулық сақтау музейінде жиналған. Қазір облысымызда медицина саласында соңғы үлгідегі заманауи технологиялар пайдаланылуда. Ал осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын дәрігердің қолындағы бар құрал микроскоп қана еді. Айтпақшы, сол кезеңдегі микроскоптардың бірі аталған музейде сақтаулы тұр. Денсаулық сақтау музейіне жетекшілік етіп отырған «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығының төрайымы Гүлнар Ситқазинованың айтуынша, Павлодар облысындағы алғашқы емхана 1905 жылы ашылған. - Онда 20 науқасқа арналған жатын орын болды. Емхана қазіргі Абай көшесі, 115 мекенжайында салынған. Екі дәрігер жұмыс істеді. Олардың бірі - Ертіс-Баян өңірінен шыққан алғашқы қазақ фельдшері Арын Сүлейменов. Бұдан кейін, 1907 жылы Песчаный ауылында, 1912 жылы Ертісте емхана бой көтерді, - дейді Г.Ситқазинова. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми құрылым ретіндегі тарихы 1920 жылдан бастау алады. Сол жылы Павлодарда денсаулық сақтау бөлімі құрылған. Оған қарасты екі амбулатория, бір емхана жұмыс істеп тұрды. Әрине, ол уақытта ешқандай диагностикалық, зертханалық құрылғы болған жоқ. Санаулы дәрігер жұртшылыққа барлық бағытта медициналық көмек көрсетуге тырысты. Міне, өңір медицинасының алғашқы даму сатысы мен қалыптасу кезеңін және бүгінгі даму жолын паш етуге арналған музейде осы тектес көптеген құнды тарих парақтары сақталған. Мұндағы мұрағаттар мен жәдігерлер денсаулық сақтау ісінің кешегісі мен бүгінгісі жөнінде сан алуан сырды аңғарта алады. Оның бастауы тым тереңде екендігі жоғарыда аталған деректерден айқын көрінеді. – Өңір медицинасының қаз басып, қалыптасуына арналған музей жұмысының медициналық оқу орындарының студенттеріне тәрбиелік және тәлімдік тұрғыда маңызы зор деп есептеймін. Бұл жерге келген әрбір зерделі жас пен студент өмір мен өлім арпалысқан сыни сәтте дертке араша түсуге ұмтылған дәрігерлердің жанкешті еңбектерін түсіне алады. Музей есігі әрдайым ашық екенін айтқым келеді. Келем деушілерді қуана қарсы аламыз, – дейді Г.Ситқазинова.
14 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ SARYARQA SAMALY ЕРТЕҢ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАН ДОНОРЫ КҮНІ Қан – тіршілік көзі. Ересек адамның ағзасында шамамен 5 литр қан болатынын білерсіз. Тамырлар арқылы әр ағзаны тіршілік көзімен қамтамасыз ететін сұйықтықтың әрдайым өз мөлшерінде болғаны қадағаланады. Әлбетте, түрлі жарақат, операцияға дейін және ота жасалып жатқан кезде қан құю қажет етіледі. Күнделікті өмірде жол апаттары орын алып, хал үстінде жатқан жандарға қаншама қан құйылады. Бір қуантарлығы, Қазақстанда донор қанынан тапшылық жоқ. Республика көлемінде жылына 300 мыңға жуық адам қан тапсырады екен. Оның 90 пайызы өтеусіз негізде өз еркімен донор болуға ниет етеді. Осы ретте, кімдер қан доноры бола алады? Жылына неше рет қан тапсыра аласыз? Донор атану арқылы өз ағзаңызға қандай жәрдем жасайсыз? «Құрметті донор» төсбелгісі кімдердің кеудесіне тағылады? Қауіпсіз қан деңгейіне жету үшін қандай зерттеулерден өтеді? Осы және өзге де сұрақтарға «Saryarqa samaly» газетінің Инстаграм парақшасында өткен тікелей желі барысында жауап берілді. Тікелей желі қонақтары – Павлодар облыстық қан орталығы директорының медицина істері жөніндегі орынбасары Сара Балтақызы Сыздықова және аталмыш орталықтың қан жинақтау бөлімінің меңгерушісі Алма Қалкенқызы Исабекова. Қан тапсыру - қайырымды іс Тілші сауалы: - Алдымен, қан донорлығының маңызына тоқталсаңыздар. Қан доноры қоғамға қандай пайда әкеледі? Қан доноры дегеніміз кім? Алма ИСАБЕКОВА: - Қан доноры – адам өмірін сақтап қалатын қайырымды жан. Қан құюды қажет ететін жағдайлар аз емес. Әдетте, қатты жарақаттар алғанда, түрлі операциялар, әйелдердің ауыр босанулары кезінде қан құю қажет етіледі. Қанның құрамында бөлшектері нормадан тым төмендеп кеткен сырқаттар да болады. Оған да қанның компоненттерін көтеру үшін қан құйылады. Гемофилия, анемия сырқаттары кезінде де қанға қажеттілік болады. Демек, осындай ауыр жағдайларға тап болған жандарға қан донорлары демеу жасайды, қол ұшын созады. Оларды аман алып қалуға өлшеусіз үлес қосады. Сондықтан, қан тапсыруға келген азаматтарды қайырымды жандар деуге әбден болады. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Тілші сауалы: - Қан доноры болу үшін адамдар не істеуі керек? Қайда барып, қалай дайындалғаны жөн? Сара СЫЗДЫҚОВА: - Донор болып, қан тапсыруға ниеттенген адам біздің орталыққа келуі керек. Аптаның бес күні қабылдаймыз. Донорларды таңғы 8.00-ден түскі 13.00-ге дейін қабылдаймыз. Ол үшін донор жеке куәлігін ала келгені абзал. Қан тапсырардың алдында донор 1-2 күн дайындалуы тиіс. Яғни, тапсыратын күннен бір күн бұрын кешкіде майлы тағам жемегені жөн. Бірнеше күн дәрі ішпеуі талап етіледі. Өзін жақсы сезініп келуі керек. Содан кейін алдымызға келген донордың деректерін енгізіп, infodonor.kz ақпараттық базасынан тексереміз. 2014 жылдан бері жұмыс істейтін бұл базада әрбір азаматтың донор болуға рұқсаттың бар-жоғы көрсетіледі. Мәселен, туберкулезбен ауырған адам ешқашан қан доноры бола алмайды. Міне, осы мәлімет аталмыш базада көрсетіліп тұрады. Базада тыйым салынбаса, ары қарай донор арнайы сауалнама парағындағы сұрақтарға жауап береді. Өз еркімен тапсыруға келгенін растап, келісімін береді. Бірден зертханаға жолданады. Мұнда қанның тобы мен резусы анықталады. Гемоглобиннің деңгейі тексеріледі. Мысалы, әйелдерде гемоглобин 120-дан, ал ерлерде 130-дан төмен болмауы тиіс. Бауыр ферменті - а ланинаминотрансферазаны анықтаймыз. Содан кейін донор терапевт дәрігерге барады. Дәрігер тексеріп, сұрап, анамнезін жинайды. Сосын шешім қабылданады. Донор болуға ешқандай тыйым салынған көрсеткіш болмаса, оған қан дайындайтын бөлімге қан тапсыруға жолдама беріледі. Донор қан тапсырып кеткеннен кейін де қан тағы тексеріліп, жарайтынжарамайтындығы анықталады. Айжан: - Бала кезімде гепатит С-мен ауырыппын. Кейде туыстарымның біріне қан тапсыру керек дегенде барудан бас тартамын. Себебі, таныстарымның бірі бұрын ауырсаң, тапсыруға болмайды деген еді. Сол рас па? Бала кезде ауырғанымды айтпасам, қазір қан тапсыру кезінде анықтала ма? Сара СЫЗДЫҚОВА: - Бәлкім, хабарласқан оқырман бала кезінде гепатит А-мен ауырған болар. Яғни, жалпақ тілмен айтқанда Боткин ауруы, сарғайып ауыру. Гепатиттің бұл түрімен бұрын ауырса да, кейін қан доноры болуға рұқсат. Ал гепатиттің В мен С түрлерімен сырқаттанғандарға қан тапсырып, донор болуға тыйым салынған. Келген адамдар ауырғанын айтпағанның өзінде тексеру барысында ол анықталады. Донорлардың әрбір донациясы (әрбір қан тапсырғаны) кезінде тексеріледі. Дана: - Салмағым - 48 килограмм, жасым - 20-да. Мен қан доноры бола аламын ба? Сара СЫЗДЫҚОВА: - «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес 18 жастан асқан, дені сау, медициналық тексерістен өткен және қан тапсыруға еш шектеуі жоқ, ерікті түрде ниет білдірген жандар донор бола алады. Тағы бір талап, донордың салмағы 50 келіден төмен болмауы тиіс. Демек, сізге рұқсат етілмейді. Тілші сауалы: - Қандай ауруға шалдыққан адамдарға мүлдем қан тапсыруға болмайды? Сара СЫЗДЫҚОВА: - Гепатиттің В және С түрлерімен, АИТВ, мерез сияқты бірқатар вирустық, инфекциялық аурулармен сырқаттанған жандарға қан тапсыруға тыйым салынған. Қан тапсырардың алдында сауалнама жүргізіледі. Сонда донордың аллергиясы, созылмалы сырқаттарының бар-жоғы анықталады. Мәселен, маусымдық аллергиясы бар адамдарға донор ретінде қан тапсыруға уақытша шектеу қойылады. Яғни, аллергиясы басылғаннан кейін қан тапсыруына болады. Вакцина алғанда да осындай уақытша тыйым жаса- ,, ...«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес 18 жастан асқан, дені сау, медициналық тексерістен өткен және қан тапсыруға еш шектеуі жоқ, ерікті түрде ниет білдірген жандар донор бола алады. Тағы бір талап, донордың салмағы 50 келіден төмен болмауы тиіс... Сара Сыздықова Алма Исабекова С
SARYARQA SAMALY ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 15 лады. Тұмау, өткір респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар жазылған соң 14 күннен кейін ғана донор бола алады. Жалпы, елімізде донорлықтан уақытша және тұрақты шеттету қолданылатын жағдайлар, аурулар тізімі бар. Жүрегінде ақауы бар, инсульт, инфаркт алған, қант диабетінің I типімен ауыратын азаматтар да донорлар қатарына алынбайды. Көзі көрмейтін, құлағы толық естімейтін адамдарға да қан тапсыруға рұқсат жоқ. Бірқатар тері аурулары бар адамдар да донор бола алмайды. Қадиша: - Қан қысымым кейде 160- 180-ге дейін көтеріледі. Маған қан тапсыруға бола ма? Алма ИСАБЕКОВА: Қан қысымы 180-нен жоғары жандарды қан тапсыруға қабылдамаймыз. Бұл олар үшін өте қауіпті. Сондай-ақ, қысымды түсірудің дәрісін қабылдап жүргендерге де қан тапсыруға болмайды. Ол дәрілер қан құрамындағы тромбтарды бөлшектейді. Бұл кезде қан тапсыру сіз үшін өте қауіпті. Тілші сауалы: - Тұрақты донорларыңыз бар болар. Қайырымды істі әдетке айналдырғандар жайында айтып берсеңіздер... Алма ИСАБЕКОВА: - Бір жылда кемінде үш рет қан тапсыратын адам тұрақты донор деп саналады. Тұрақты донорлар қатары жыл сайын өзгеріп тұрады. Мәселен, 2021 жылы - 792, 2022 жылы - 840, 2023 жылы - 472 донор тұрақты донорлар қатарынан табылды. Олар бір жылда кемінде 3 рет қан тапсырды. Биыл бес айда 311 азамат тұрақты донор атанып үлгерді. Тағы бір айта кетерлігі, бізде жыл сайын тұрақты донорларымызға құрмет көрсету дәстүрге айналған. Арнайы грамота мен бағалы сыйлықтар табысталады. Оларды «Құрметті донорларымыз» деп атаймыз. 2017-2018 жылдары 7 құрметті донорымыз «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Мұндай құрмет ең кемі 40 рет тегін түрде қан тапсырған адамдарға беріледі. Тілші сауалы: - Жалпы, донорлар жеткілікті ме? Донорлардың белсенділігі қандай? Жылына сіздерде қанша адам қан тапсырады? Жетпеген жағдайда өзге өңірден жеткізген кездер болды ма? Сара СЫЗДЫҚОВА: - Ондай жағдайға жеткізбейміз. Өзге өңірден қан алмаймыз. Облысымыздың медициналық мекемелерін жүз пайыз қанмен қамтып отырмыз. Күн сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Қан жөнелтілетін экспедиция деген бөлімше бар. Аталған бөлімше тәулік бойы жұмыс істейді. Оған қоса, жұмсалмайтын қор деген түсінік бар. Бұл қор тұрақты түрде толтырылып отырады. Яғни, күнделікті қажеттенген қан мөлшерінен бөлек, әрдайым сақтауда тұратын көлем. Облыста қан құятын, стационарлық ем жасайтын 20 медициналық мекеме бар. Олардан өтінім түссе, бірден экспедиция бөлімшесі қажетті қан көлемін береді. Айта кету керек, ауруханалардың өзінде де жеке қан кабинеттері бар. Яғни, шұғыл қажет болғанда өздеріндегі қанды қолданып, оның орнын бізден толтырып қояды. Донордан қан алынған соң оны толық зерттеуге 6-8 сағат жұмсалады. Зерттеулер екі кезеңмен жасалады. Оған арналған заманауи жабдық бар. Қанды толық тексерудің екі әдістемесі қолданылады. Бірі – ихла, екіншісі – ПЦР. Егер бұл тексеру кезінде қандай да бір ауру бойынша оң нәтиже шықса, қан толығымен жойылады. Оны қолдануға жол берілмейді. Өткен жылы 20 медициналық ұйымға 18 178 доза қан жіберілді. Оның ішінде қан ғана емес, жаңа мұздатылған плазма (қанның сұйық құрамы), эритроциттік масса және өзге де компоненттері бар. Біздің орталыққа жылына шамамен 15 мыңға жуық донор қан тапсыруға ниет етіп келеді. Оларды потенциалды донорлар деп атаймыз. Олардың 10 мыңы қан тапсырып кетеді. Яғни, бес мыңына донор болудан шеттететін көрсеткіштер бары бастапқы кезеңде анықталады. Ал донация саны жағынан келсек, өткен жылы 12 242 рет қан тапсырылды. Ал былтыр донор болған жандар саны – 9091 адам. Әйелдерге жылына 4-5 рет, ал ер адамға 6 рет қан тапсыруға рұқсат беріледі. Демек, бір донор бірнеше рет донорлық қан тапсырып кетті. Тілші сауалы: - Қай топтың, резус-фактор- дың қанына сұраныс жоғары, қайсысы сирек талап етіледі? Алма ИСАБЕКОВА: - Қан беру кабинетінде барлық қан топтарын толтырып қоямыз. 100 пайыз дайын тұрамыз. Әрқайсысының сақтау мерзімі болады. Мысалы, қызыл қанды (эритроциттік массаны) алсақ, оны 42 күнге дейін сақтауға болады. Жаңа мұздатылған плазманы 3 жыл сақтай аламыз. Ол үшін арнайы медициналық жабдық бар. Ал тромбоциттер шұғыл өтінім негізінде жасалады. Оларды арнайы тромбомиксерде 5 тәулікке дейін сақтауға болады. Қан топтарына келсек, әмбебап қан топтары бар. Мәселен, қызыл қан қажет болған кезде I-топтың теріс резусты қаны әмбебап, бәріне жарай береді. Плазманы алсақ, мұнда IV-топтың қаны әмбебап саналады. Көп жағдайда қанның I-тобына сұраныс жиі түседі. Дегенмен, жағдайларға байланысты сұраныс көлемі өзгеріп отырады. IV-топтағы теріс резусты қан сирек сұралады. Мәлика: - Қан тапсырған денсаулыққа пайдалы деген рас па? Ағзада қандай өзгеріс болады? Алма ИСАБЕКОВА: - «Жинақтаушы аурулар» деген термин бар. Мәселен, холестерин көбейіп, ағзаға зиянын келтіреді. Майлы гепатоз деген сырқат бар. Яғни, бауыр жасушаларында мөлшерден тыс май жиналып қалады. Осы және қант диабеті сияқты аурулардың алдын алу үшін қан тапсырғанның пайдасы өте мол. Қан тапсырған сайын бойдағы қан жаңарады. Тромб болмайды. Иммунитетті арттырады. Донорларымыз өткір респираторлық вирустық инфекцияларға шалдықпайды. Себебі, қан тапсырған сайын иммунитеті нығаяды. Тілші сауалы: - Қан тапшылығын болдырмау үшін, донорлар қатарын арттыру үшін орталықтарыңыз тарапынан қандай шаралар жүзеге асырылады? Сара СЫЗДЫҚОВА: - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бойынша қан донорлығы - тегін. Яғни, адамдар өз еріктерімен келіп, қайырымды іс жасауға ұмтылады. Біз де, әлбетте, донорларды қан тапсыруға шақыру үшін түрлі жұмыстар жасаймыз. Акциялар өткіземіз. Үкіметтік емес ұйымдармен, еріктілермен, медициналық ұйымдармен, зауыттармен бірлесіп, акциялар ұйымдастырылады. Түрлі кәсіпорындардың, құзырлы органдардың қызметкерлері ұйымдасқан түрде келіп, қан тапсыратын кездер де болады. Ай сайын Екібастұз бен Ақсу қалаларына барып, қан қабылдаймыз. Бұл шаһарлардан тұрғындар облыстық орталыққа келіп, қан тапсыру оңай емес. Сондықтан өзіміз барып тұрамыз. Алдын ала бұл жайында азаматтарды хабарландырамыз. Әлеуметтік желі арқылы да донорлыққа тұрғындарды шақырамыз. Донорлық мектебін, дөңгелек үстел шараларын ұйымдастырамыз. Яғни, донор болудың маңызы мен пайдасы жөнінде әңгіме өрбітеміз. Колледждерде кездесулер өткізіп, кімдердің қан тапсыра алатыны, қалай дайындалу керектігі турасында насихат жұмыстарын жүргіземіз. Донор мәдениеті туралы да жиі сөз етеміз. Жалпы, елімізде, өңірімізде донор мәдениеті қалыптасқан. Аймағымызда донорлардың 100 пайызы тегін түрде қан тапсырып, қаншама адамның өміріне араша түседі. Біреуге көмегім тисе деген ниетпен келеді. Азаматтық парыз сезімімен келеді. Олардың 2 пайызы – туыстық донорлар. Яғни, жақынына қан қажет кезінде туыстары, дос-жарандары келіп, донор болады. Нұрлан: - Донор ретінде қан тапсырған соң 2 күн демалыс алуға болады деп естідім. Бұл рас па? Алма ИСАБЕКОВА: - Заң бойынша донорға қан тапсырған 1 күнге жұмыстан босату жөнінде мөр басылған, қол қойылған анықтама береміз. Яғни, сол күні демала алады. Екінші күнді өз басшысының қарауына қарай бір жыл ішінде пайдалануына кеңес беріледі. Бәлкім, еңбек демалысына қосып алады немесе өзге күні қажетіне жаратуына болады. Тілші сауалы: - Қанша заманауи құралжабдық болғанымен, олардың бәріне білікті маман қажет. Сіздердің орталықтарыңыз тиісті мамандармен қамтылған ба? Сара СЫЗДЫҚОВА: - Ол рас, қанның науқасқа қауіпсіз қалыпта жетуі үшін қыруар еңбек атқарылады. Заманауи жабдықтар арқылы қаншама зерттеу жүргізіледі. Мәселен, донордан алынған 450 миллилитрлік қанды бөлеміз, қызыл қанын бір бөлек, сұйығы - плазманы бір бөлек аламыз. Макробағалау жүргізіледі. Майлы ма, түсі қандай, бәрі тексеріледі. Мысалы, плазма лейкосүзгі арқылы өткізіледі. Қан сапаны бақылау бөлімінде зерделенеді. Зертханада да тексеріледі. Жабдықтарымыз да жиі жаңартылып отырады. Барлық сүзгіден, зерттеуден, тексерістен өткен қауіпсіз қан медициналық мекемелерге жолданады. Осы кезеңдердің бәріне біздің білікті мамандарымыз қатысады. Қазіргі таңда орталығымызда 93 адам қызмет етеді. Қатарымызды жастармен толықтыру үшін Семейдегі медициналық университетте түлектермен кездесіп, бос орындар жәрмеңкесіне қатысып келдік. Біздің орталыққа трансфизиолог, зертханашы, терапевт дәрігерлер қажет. Жастарды тартып, тәжірибемізбен бөлісіп, үйретсек деген ниеттеміз. ,, ..Біздің орталыққа жылына шамамен 15 мыңға жуық донор қан тапсыруға ниет етіп келеді. Оларды потенциалды донорлар деп атаймыз. Олардың 10 мыңы қан тапсырып кетеді. Яғни, бес мыңына донор болудан шеттететін көрсеткіштер бары бастапқы кезеңде анықталады... Тікелей желіні жүргізген – Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ. Түйін: Қан доноры болудың қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін көпшіліктің түсініп, қоғамда донор мәдениетінің қалыптасқаны қуантады. Тапсырған жарты литрге де жетпейтін қанның қаншама адамның өмірін сақтауға септігін тигізіп жатқанын сезінудің өзі адамға қанат бітіргендей. Бір жағынан, жағдайыңыз жарап тұрса, қан тапсырып адам өміріне араша түскенмен қатар өзіңіздің де иммунитетіңізді нығайтып, түрлі аурулардың алдын алуға жәрдемдесетінін біліп жүргейсіз.
16 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл МЕРЕЙТОЙ SARYARQA SAMALY Ұлт реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді», – деп айтып кеткен болатын. Арада қанша жыл өтсе де, ардақты тұлғаның бұл сөзі өзектілігін жойған емес. Осы Алаш аманатын абыроймен арқалап, кешегіні саралап, бүгінгіге ой тастап, болашаққа бағдар беріп отырған, ұлт үнпарағына айналған «Saryarqa samaly» газеті облыс орталығындағы «Ертіс Promenade» сахнасында өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтті. Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына Иса Байзақов Ғасырға иек артқан Өткен аптада Павлодар қаласындағы «Ертіс Promenade» сахнасында облысымыздағы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Saryarqa samaly» газетінің 95 жылдық мерейтойы аталып өтті. Ұлт шежіресін тасқа қашаған байырғы басылымның дәуір тынысын бедерлеудегі тарихы да, тағылымы да теңдессіз. Осылайша ғасырға иек артқан басылымның парасат биігінен үн қатқан ұлағаты жалғасып, игілікті істері ұлықталды. Шара жергілікті «Ertis» телеарнасы мен «Halyq radiosy»-нан тікелей эфирде берілді. атындағы облыстық филармониясы мен «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, газет өміріне белсене араласқан бірқатар авторлар мен тұрақты оқырмандар марапатталды. Өңірлік қазақ журналистикасының кеңістігін толтырып отырған газеттің мерейтойын облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Әлнұр Сейдуманов ортақ тойымыз деп атап өтті. Сондай-ақ, Әлнұр Серікұлы газет бетінде жарық көрген әрбір өзекті мақалалар, шұғыл хабарлар мен ақпараттар, сүбелі сұхбаттар қалың оқырман қауымның жан серігіне айналғанын толық сеніммен жеткізді. Сонымен қатар, басылымның бұрынғы әріптестері облыстық «Обозрение недели» газетінің бас редакторы Валерия Джембетова, «ERTIS» телеарнасының бас режиссері Гүлнәр Олжабаева және «Ирбис» телеарнасы қазақ редакциясының жетек-шісі Роза Хасенова құттықтау сөз сөйлеп, редакция ұжымына шалқар шабыт пен толағай табыс тіледі. Бұдан бөлек, мерейтой аясында Ертіс-Баян өңірінің шежірелі тарихын газетпен бірге жазып келе жатқан бірқатар тұрақты оқырмандар мен жас авторлар марапатталды. Атап өтсек, «Жас тілші» аталымы бойынша М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшісі, Павлодар қалалық Әлихан Бөкейхан атындағы лицеймектебінің 6 Г-сынып оқушысы Бибігүл Төлегенова, «Жас суретші» аталымы бойынша Павлодар қалалық Әлихан Бөкейхан атындағы лицеймектебінің 5А-сынып оқушысы Қасым Рүстем Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болса, «Үздік жетекші» аталымы бойынша М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының қызметкері Әсем Аипова және ұстаз Балжан Қаппаева марапатталды. Сондай-ақ, «Ертіс Медиа» ЖШС директоры Руслан Билялов және газеттің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев ел егемендігінің тарихын таңбалап, қаламы жүрдек журналистермен қатар жас ұрпақтың санасын ғибратты ой мен салиқалы сараптама, мағыналы мысал мен өткір сын арқылы қалыптастырып келе жатқан қалың оқырман қауымға еңбектері үшін алғыс білдірді. Бұл ретте, бірге газет өміріне белсене араласқан оқырмандарға Алғыс хат пен газеттің екінші жартыжылдығына тегін жазылуға сертификаттар табысталды. Атап айтсақ, «Үздік оқырман» аталымы бойынша Павлодар облысының Құрметті азаматы Мұхтар Әбенов, «Ертегіші атай» аталымы бойынша ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері, «Ainalaiyn» қосымшасының тұрақты авторы Серік Сатыбалдин, «Үздік оқырман» аталымы бойынша Алтынбек МҰҚЫШЕВ
SARYARQA SAMALY МЕРЕЙТОЙ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 17 басылым Қожагелді Мәуленқұлов және Толқын Сыздықова марапатталды. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Saryarqa samaly» газетін облыс тұрғындары жаңалықтың жаршысы деп қана емес, халықтың қамқоршысы ретінде де таниды. Себебі, басылымның бастамасымен жыл сайын тың жобалар жүзеге асуда. Мәселен, газет ұжымы жыл сайын қазақтың ұлттық ойынҚұрметті «Сарыарқа самалы» газетінің ұжымы! Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз – облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жарыққа шыққанына 95 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! 95 жыл басылым Ертіс-Баян өңірі жақсылығының жаршысы әрі бұл үнпарақ менің киелі кенді мекенім - Майқайыңның қолдаушысы, қамқоршысы болды. Кентіміздегі келелі мәселелерде газет үн қатып, жетістіктерімізді жар салып, қиыншылықтарымыздың күрмеуі шешілуіне атсалысты. Газет ұжымындағы Әлғожа Мұхамеджанов, Әбдеш Баймурзин, Әділбек Жұмаділденов, Мұхит Омаров, Асыл Әбішов, Қажымұрат Смағұлов, Бақыт Баймұратов, Өскенбай Тастемханов, Нұрбол Жайықбаев, Мұрат Аяғанов, Еламан Қабділәшім секілді журналистермен тізе қосып ауылымызда орындалмай жатқан істердің нәтижелі аяқталуына әрекет жасадық. Сондықтан, Майқайың халқының ата басылымға деген құрметі өте зор. Әрі бүгін 95 жылдық тойымызға Майқайың алтын кентінен арнайы шақырумен келіп отырмын. Бұл тойды көру мен үшін тағы да үлкен қуанышты сәттің бірі болды. Өйткені, газетіміздің 75, 80, 90 жылдық мерейтойларында осы ұжыммен бірге қуаныштарын бөліскен едім. Міне, бүгін Алланың жазуымен 92 жасымда да өздеріңіздің орталарыңызда отырмын. Мен «Қызыл ту», «Сарыарқа самалы» газеттерімен 65 жыл байланыстамын. Сонау 1959 жылдан бері бұл басылымға жазылудан қалыс қалған емеспін. Көп оқырманының бірі ретінде бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым – «Сарыарқа самалының» ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық толағай табыстар, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі және облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан игі істеріңізге Алланың нұры жаусын! Ізгі тілекпен, Мұхтар Зәпішұлы ӘБЕНОВ, «Құрмет» орденің иегері, кенші, Павлодар облысы және Баянауыл ауданының «Құрметті азаматы», дербес зейнеткер. Майқайың кенті. дарын дәріптеп, республикалық деңгейде «Тоғызқұмалақ» ойынын өткізіп келеді. Бұдан бөлек, өңірдің саяси-қоғамдық өміріне араласып, толымды жұмыс атқарып жүрген азаматтарды да көпшілік облыстың бас үнпарағы арқылы танып, оқып білді. Тоқсан бес жыл елге хабар таратуда өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған басылымның биылғы мерейтойы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен газет мерейтойына арналған көрмемен басталған болатын. Онда басылым тарихынан сыр шертетін фотосуреттер, газет авторлары мен байырғы басылымда қызмет еткен бірқатар ақын-жазушылардың кітаптары қойылды. А.МҰҚЫШЕВ. Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.
- ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ 18 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл SARYARQA SAMALY ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ - МАЙ АУДАНЫ Денсаулыққа пайдасы мол Малайсары ауылындағы мектептің жанынан құрылған лагерьде балаларға қымыз беріледі. Қымызбен ауылдың «Мәди» шаруашылық қожалығы қамтамасыз етуде. Малайсары орта білім беретін мектеп басшылығының сөзінше, емдік сусын бүлдіршіндерге төрт жыл қатарынан ұсынылып келеді. - «Жауқазын» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде, одан бөлек әр балаға ерекше педагогикалық тәсіл таңдалады. 3D қаламмен модельдеу әдісі арқылы түрлі бұйымдар жасалады. Әжелер үш жыл қатарынан балаларға құрт жасау әдісін үйретуде. Мектеп түлектері «Лагерьге жолдама сыйла» акциясы аясында жыл бойы нәтиже көрсеткен 10 оқушыға Көкшетауға жолдама сыйлады. Балалар 18 маусымда GM camp балалар шахмат лагеріне демалуға барады. GM camp – Zerenda Park жабық демалыс базасындағы GMCA шахмат академиясының шахмат жаттықтырушылары және тәжірибелі «Думан» педагогикалық тобы бар балалар лагері. Өз тілшіміз. АҚҚУЛЫ АУДАНЫ - ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ Еріктінің ерекше мектебі Жолтаптық ауылында «Халықаралық орман еріктісі мектебі» жобасы жүзеге асты. Оған экологиялық еріктілік бағытындағы еліміздің және шетелдің сарапшылары қатысты. Экологиялық қозғалыстың мұндай кездесулерін аталмыш ауданда жыл сайын өткізу жоспарлануда. Экология еріктілеріне арналған мектеп жобасына қазақстандық «Тұрақты даму» Жер қоры және Ресейдің «ЭКА» жасыл қозғалысы қолдау көрсеткен. Бұл жоба арқылы Қазақстан Президентінің «Адал азамат» идеясын жастар ортасында барынша насихаттау мақсат етілген. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш идеяның негізгі бағыттарының бірі - өскелең ұрпақ бойында экологиялық белсенділікті, әділдікті, қоршаған ортаға ұқыппен қарау, еліне, отбасына жауапкершілік таныту қасиеттерін сіңіру. Еріктілер мектебіне арнайы келген «Тұрақты даму» Жер қорының сарапшысы Мирас Қадірбаевтың Инстаграм желісіндегі парақшасынан аңғарғанымыз, «Жер амбассадорлары» бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысының креативті жастары және көрші елдің экологиялық еріктілері қоршаған ортаны қорғауға үлес қосудың түрлі тәжірибелерімен бөлісіп, болашақта өз жобаларын бастауға ниетті. Еріктілер Жолтаптық ауылы маңында орман ішінде киіз үйде бір аптадай тіршілік етіп, экологиялық мәселелерді талқылап, озық тәжірибелерін ортаға салды. Г.МАҒЖАН. Ұлттық нақышта өтеді Ауданда балалардың жазғы демалысын мәнді ұйымдастыру мақсатында киіз үйлік лагерь жасақталды. Оқушылар мұнда қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін үйренеді. Ұлдар ат мініп, серуендесе, қыздар кесте тігудің қыр-сырын меңгермек. Қыздарға сүттен жасалатын ұлттық тағам әзірлеуді үйретеді. Яғни, құрт, қоспа, талқанның құрамы, жасалу жолдары түсіндірілмек. Ұлдарға қамшы өру, ат әбзелдерін жасау, жылқы малына күтім жасаудың қыр-сырына қанық болады. Оған қоса, ата-әжелер де бала тәрбиесіне үлес қосып, демалушыларға ұлттық салт-дәстүрден дәріс бермек. Сонымен қатар, оқушылар аудандағы қасиетті мекендерді аралайды. Г.ТҮГЕЛБАЙ. ПАВЛОДАР АУДАНЫ АҚТОҒАЙ АУДАНЫ Балаларға қуаныш сыйламақ Ақтоғай ауылына қарасты Жоламан елді мекеніндегі балаларға арналған демалыс орталығы күрделі жөндеуден өтуде. Қолданысқа осы жылдың шілде айының басында берілмек. Қазірде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жуырда аудан әкімі Қаршыға Арынов Жоламан елді мекеніндегі «Ақтоғай» балалар сауықтыру лагерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Кездесу барысында аудан әкімі тапсырыс берушіге жұмыс процесін тұрақты бақылауға алуға және оны белгіленген мерзімде аяқтауға тиісті тапсырмаларды берді. Жазғы лагерьдің бірінші маусымының ашылуы осы жылдың 1 шілдесіне жоспарланған. Айта кетейік, «Ақтоғай» лагері бір уақытта 75 баланы қабылдай алады. А.БОРАНБАЕВА. Жас сарбаздар клубы құрылды Черноярка орта мектебі оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында мектепте «Бүркіт» жобасы ұйымдастырылды. Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Евгений Архиповтың айтуынша, мұндағы басты міндет – балалар мен жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу, жасөспірімдер арасында спорттық жұмыстарды жандандыру және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. - Сабақтар бірнеше бөлімдер бойынша өткізіледі. Атап айтсақ, төтенше жағдай салдарына дайындық, автоматты бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық мылтықтан ату, тактикалық дайындық және дене шынықтыру бөлімдерінен тұрады. Оқушылардың бойында адалдық, қарапайымдылық, ұйымшылдық, тәртіптілік, батылдық, алғырлық, жауаптылық, мейірімділік, жауапкершілік, еңбексүйгіштік сияқты маңызды адамгершілік қасиеттері сыналды. Мектептегі қоғамдық жұмыстар негізінен адамгершілік ұғымдары мен идеяларынан құралып, жоба оларды іс-әрекет пен мінез-құлықта бекітуге негіз болды. Бұл қасиеттер, әсіресе, қазіргі кезде жастар арасында ауадай қажет, - дейді Е.Архипов. А.МҰҚЫШЕВ. Түлектердің тартуы Жабағылы орта мектебін осыдан 40 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері білім ордасына ерекше сый-сыяпат көрсетті. Түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектер үш сыныпқа парта жиынтығын тарту етіп, мектептің материалдық-техникалық базасының жабдықталуына үлес қосты. Қаржылай сертификат, интерактивті тақта және музыкалық бағанды да қоса сыйлады. Жабағылы негізгі мектебі сонау 1965 жылы 8 жылдық болып ашылған. -Биыл мектеп бітіргенімізге 40 жыл толып отыр. Ең көп оқушы біздің сыныпта болатын. Алтын ұямызға оралып, балалық шағымызды еске алдық. Мектептегі сәттер ешқашан ұмытылмайды. Ұстаздарымыз мәңгі жадымызда. Сондықтан 40 жылдық түлектердің атынан сый-сыяпат тарту етуді міндетіміз деп санадық. Білім алып жатқан ұрпағымыз оқуда озат болып, еліміздің өркендеуі жолында еңбек ететін маман иелері атансын, - дейді Толқын Кішкентаева. А.АСҚАРҚЫЗЫ. Дайындық бәсеңдемеуі тиіс Кеншілер шаһарында көпқабатты үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары пысықталды. Қала әкімі Аян Бейсекин апта сайын көпқабатты үйлердің басқару органдары өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысын бақылауда ұстамақ. Қала әкімінің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда шаһардағы 238 көпқабатты тұрғын үйді жылыту маусымына алдын ала қабылдау-тапсыру шаралары атқарылған. Басқару органдары жоқ көпқабатты үйлерге қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жауапты мамандары бекітілген. Олардың бір бөлігі ішкі жылумен жабдықтау жүйелерінің жұмыстары үшін нысаналы жарналарды жинауға жауапты болмақ. Себебі, мұндай үйлерде дайындық баяу, тұрғындар тарапынан белсенділік жоқ көрінеді. Қуантарлығы, өз жұмысына тиянақты бірқатар пәтер иелері кооперативтері жылыту маусымына дайындықты 100 пайыз аяқтаған. Қала әкімі оларға ерекше алғысын білдірді. Жауапты органдарға ортақ міндетті мінсіз орындауды әрі жұмыстарды бәсеңдетпеуді тапсырды. Г.МАҒЖАН.
SARYARQA SAMALY ИМАНДЫЛЫҚ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 19 Мұсылманның бір міндеті – құрбан шалу Күні Апта атауы Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан 6 Бейсенбі 02:07 03:54 12:19 17:55 20:35 22:22 7 Жұма 02:07 03:54 12:20 17:56 20:36 22:23 8 Сенбі 02:07 03:54 12:20 17:56 20:36 22:23 9 Жексенбі 02:07 03:53 12:20 17:56 20:36 22:23 10 Дүйсенбі 02:07 03:54 12:20 17:57 20:37 22:24 11 Сейсенбі 02:07 03:54 12:20 17:57 20:37 22:24 12 Сәрсенбі 02:07 03:54 12:21 17:57 20:37 22:24 КӨКЖИЕК ПАРЫЗ Назарларыңызға Павлодар облысындағы 2024 жылдың 13 - 19 маусым аралығындағы намаз кестесін ұсынамыз Намаз уақыты Бетті әзірлеген – Тілеуберді САХАБА. Мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі, қасиетті Құрбан айтқа да санаулы күндер қалды. Құрбандықтың жақсылығы мен сауабын жүрекпен сезінген әрбір мұсылман бұл қасиетті күндерді асыға күтеді, жағдайы келген адам бір малын құрбандыққа шалады. Сондай-ақ, айналасын Айт мерекесімен құттықтап, қайырымды істер атқаруды да өнегелі іс деп біледі. ИМАНДЫЛЫҚ ӘЛІППЕСІ Жазғы курс басталды Қазақстан Мұсылмандары діни басқарма- сының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық мешіттерінде балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курстары ашылды. Мақсаты – жас жеткіншектердің жазғы демалыс уақыттарын пайдалана отырып, алғашқы діни білім беру, имандылық орындарын таныстыру. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні! «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындық» деген мағыналарды білдіреді. Демек, Алланың ризашылығы үшін құрбандық шала отырып, Жаратқан иесіне жақындап, күнәларының кешірілуіне мүмкіндік алады. Биыл һижри жыл санауы бойынша мұсылман күнтізбесіндегі Зұлхижжа айы 7 маусымда басталды. Соған байланысты Арапа күні 15 маусымға және Құрбан айттың алғашқы күні 16 маусымға сәйкес келетіні жарияланды. Ислам дінінде қасиетті күндер мен түндер және айлар Қамари («Қамари» сөзі аспандағы айды білдіреді) жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың көрінуімен жаңа қамари айы басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зулхижжа айын анықтау үшін соның алдындығы зулқағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып отыр. Ендеше осы уақыттарда қандай қандай амалдар жасаған дұрыс? Осыған рет-ретімен тоқталайық. Бірінші – Арапа күні ораза тұту «Арапа» сөзі тілдік тұрғыда «ға-ра-фа» делінген етістіктен туындап, «білу», «түсіну» деген мағыналарды білдіреді. Бұл күннің «арапа» деп аталуының себебі, зұлхижжа айының сегізі күні Ибраһим пайғамбар баласы Исмайылды құрбандыққа шалу жайында түс көреді. Алғашқыда көрген түсін ол жәй түс екен деп ойлайды. Алайда, ертесінде әлгі түсті тағы көреді. Осыдан кейін оның Алладан келген аян екенін біледі. Осы себепті бұл күн «арапа» деп аталды деген пікір бар. Арапа күнінің уақыты – Зұлхижжа айының тоғызы, яғни Құрбан айттан бір күн бұрын. Бұл күні қажылық парызын өтеуге барған кісілер Арафат тауына бір мезет тұрақтайды. Арапа күні қажылыққа бармаған кісінің ораза ұстап, нәпіл намаздар оқып, Алладан дұға тілеуі – сауапты іс. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Арапа күнгі ораза арқылы Алла Тағаланың өткен және келер жылғы күнәларды кешіруін үміт етемін», – деген. Екінші – Айт күндері құрбандық шалу Құрбан айтта құрбандық шалу – әрбір ақыл-есі сау, жолаушы болмаған, мал-дүниесі нисап мөлшеріне жететін мұсылман адам үшін уәжіп. Шәкәрім қажы бабамыз өзінің «Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде: «Зекетке малы толған кісіге жылында құрбан күні бір қой шалмақ уәжіп болады», – деп айтқан. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хаж» сүресінің 34-аятында: «Біз әрбір үммет үшін өздеріне берген малдардан, Алланың атын атап құрбан шалуды бекіттік», – деген. Көрнекті қоғам және дін қайраткері Сәдуақас Ғылмани (Сәкен халпе) «Құрбан айт» өлеңінде: Көпшілік қызықтаумен күлетін күн, Діншілдер Хаққа көңіл бөлетін күн. Мол ойлы, ғибрат көзді милы адамдар, Көп олжа бұл байрамнан көретін күн, – деп, Құрбан айттың теңдессіз мейрам екенін жеткізген. Үшінші – мұқтаж жандарға жәрдемдесу Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ, пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Осы себепті де шалынған құрбандық етімен мұқтаж жандарға жәрдемдесудің сауабы үлкен. Қасиетті Құранның «Зәрият» сүресінің 19-аятында: «Олардың малдарында қайыр сұраушының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар», – делінген. Құрбан етiн үшке бөлiп, бiр бөлiгiн мұқтаж жандарға, екiншi бөлiгiн туған-туыстарға немесе көршiлерге, ал қалған бөлiгiн өз отбасына алып қалу – мұстахаб амал. Төртінші – тәкбір-ташриқ айту Мәшһүр Жүсіп бабамыздың: «Айтылды: «Алла-акбар» екі жерде, Намаз бен құрбан шалу келді бірге», – деп айтқанындай, Құрбан айт кезінде айтылатын тәкбірдің арнайы бекітілген уақыттары бар. Оны – ташриқ күндерінің тәкбірі дейді. Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 203-аятында Алла Тағала: «Санаулы ташриқ күндері Алланы еске алыңдар!», – деп бұйырған. Бұл тәкбір зұлхижжа айының 9-ы күнгі таңғы намазынан бастап айтылып, әр парыз намазының соңында зұлхижжаның 13 күнгі екінті намазының соңына дейін жалғасады. Тәкбір ташриқты намазын жеке оқыған адам да, жамағатпен оқыған адам да айтады. Бір мәрте айту – уәжіп, одан көбірек айту мустахаб амал саналады. Ер адам дауысын көтеріп, әйел адам ішінен айтуы қажет. МЕРЕКЕ Жол жүру тегін болады Құрбан айт мерекесі уақытында Ақсу қаласын- дағы қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді. Ақысыз қоғамдық көліктің жұмысы таңғы сағат 06.00-де басталып, кешкі уақытқа дейін қызмет көрсетеді. «Имани жаз-2024» деп аталатын жазғы сауат ашу курстары облыстың барлық қала, аудан және ауыл мешіттерінде ашылды. Жақында Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде осы жазғы курстардың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, оған облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысты. - Жас жеткіншектер үшін алғашқы діни білім алу өте маңызды. Себебі, олар енді ержетіп, ақыл-есін тоқтатып келеді. Егер, оларға дінді біз үйретпесек көшеде басқа біреулер үйретуі мүмкі. Мұның соңы қауіпті. Жазғы курс барысында біз балалардың тәртібі мен денсаулығына және қауіпсіздігіне ерекше мән береміз, - деді бас имам. Жолдас қажының айтуынша, биылғы жазғы курс барысында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанынан шыққан «Имандылық әліппесі» кітабы бойынша сабақ беріледі. Аталған жаңа кітапта халқымыздың ата діні, салтдәстүрі, адамның мінезі мен әдебіне қатысты ең маңызды тақырыптар қамтылған және бала тілімен түсінікті жазылған. Сонымен қатар, балалар арасында түрлі спорттық жарыстар, мәдени шаралар ұйымдастырылады. Бұл хабар Ақсу қаласы әкімдігінің ресми парақшасында таратылды. Әкімдік өкілдерінің сөзінше, Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні, яғни, 16 маусымда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаровтың сөзінше, Ақсу қаласында екі жерде құрбандық шалынады. Онда қала тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған, дұға бағыштау, мал сою, мүшелеу және басқа да қажетті қызметтер ұсынылады. - Құрбан айт мерекесі – барша мұсылман қауым үшін жылына бір келетін ұлық ғибадат, мейірім мен шапағат мерекесі. Мерекенің алғашқы күні түстен кейін қалалық мешіттің алдында Айт мерекесі тойланады. Онда ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар болады. Атап айтсақ, арқан тарту, гир тасын көтеру, асық ату сынды жарыстар өтеді. Сонымен қатар, балалар арасында да түрлі жарыстар ұйымдастырылып, дәмді тамақтар таратылады. Құрбан айттың үш күнінде де аз қамтылған отбасыларға құрбандықтың еті беріледі, - деді мешіт имамы.
ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ 20 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл БЕТПЕ-БЕТ SARYARQA SAMALY Тілші сауалы: - Ақтөре мырза, биылғы Құрбан айт қай күні баста- лады және Айт намазы қай уақытта оқылады? Сұхбатты осыдан бастасақ. - Алла Тағаланың қасиетті айларының бірі – Зулхижжа айы басталып кетті. Құрбан айт осы Зулхижжаның 10-шы күнінде болады. Бұл біздің күнтізбе бойынша 16 маусымға дәл келеді. Айт намазы сол күні тағы сағат 06.00-де оқылады. Айт намазынан кейін құрбандықты шала беруіне болады. Айт мейрамы үш күнге жалғасады. - Осы тұста Айт намазына барудың тәртібі қандай деген сұрақтар жиі туындап жатады. Осыған жауап беріп өтсеңіз... - Иә, Айт намазын оқудың қысқаша шарттары бар. Ең бастысы – бой дәреттің болуы маңызды. Сонымен қатар, таза киініп, үстіңізге жағымды жұпар иіс себу - айт мерекесіндегі әдепті амалдардың бірі. Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша, Айт намазын таңғы асты ішпей барып оқып, келгеннен кейін айт дастарханынан дәм татудың сауабы мол. Егер құрбандық шалып жатқан болсаңыз, сойылған малдың етімен оразаңызды ашсаңыз болады. Алла Елшісінің тағы бір сүннетінде Айт намазына барар жолы мен қайтар жолы бөлек болған екен. Сонымен қатар, таңғы ұйқыңыздан оянғаннан бастап Алланы еске алып, әрбір қадамыңызда Алланы зікір ету абзал. Жалпы Алланы ұлықтау мақсатында тәкбіртәшрихты Арапа күні, яғни құрбан айттан бір күн бұрын таң намазынан бастап, айттың соңғы күні екінті намазына дейін жалғастырған абзал. - Дініміздегі Құрбан шалудың үкімі қандай? - Құрбан шалу дегеніміз - жылына бір рет Алла жолында өзіңіздің мал-мүлкіңізден шығаратын садақа. Оның негізгі шарты бір малды ниет етіп, қанын шығару. Құрбандықтың екі түрлі үкімі болады, ол - парыз және сүннет. Енді құрбандық кімдерге парыз болады дегенге тоқталсақ, зекет беруге қаражат көлемі жеткен әрбір адамға құрбандық шалу - міндет. Діни басқарманың шешіміне сәйкес, күнделікті ішіп-жемі мен киім-кешегінен тыс 1,6 млн теңге көлемінде қаражаты болу. Ал сүннет амалына тоқталар болсақ, қаражаты өзінің күнделікті қолданысынан артылмайды, бірақ соған қарамастан бір мал тауып құрбандыққа шалатын болса, ол сүннет болып есептеледі. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кімде-кім құрбандық шалатын болса, сол шалған малы қиямет күні сират көпірінің алдында күтіп алады» деген екен. Егер жағдайыңыз болып жатса, өзіңіздің атыңыздан және дүниеден өткен әке-шешеңіздің атынан да шалуға болады. Пайғамбарымыз бір хадисінде «Аллаға шалған құрбандықтың еті де, қаны да жетпейді. Аллаға адам баласының шынайы ниеті ғана жетеді» деген. - Павлодар қаласының тұрғындары құрбандықты қайда шалады? - Павлодарлықтар үшін жылдағы үрдіс бойынша «Құлагер» ипподромында құрбан малын сою және мүшелеу қызметі көрсетіледі. Қазіргі күні қала әкімдігімен бірлесіп дайындық жұмыстары жүргізілуде. - Құрбан айт мерекесіМұсылман қауым үшін берілген екі мерекенің бірі. Осы күні Павлодар облысының мешіттері қандай қызметтер, қандай шаралар ұйымдастырады. Жалпы, Айт мерекесі қалай өтеді? - Айттың бірінші күнінде халық жаппай құрбан шалу алаңында болады. Ал мерекеге арналған іс-шара Айт күндерінің бірінде Мәшһүр Жүсіп мешітінің ауласында болады. Онда түрлі сұрақ-жауап сайыстары, спорттық ойындар жүргізіліп, Айттың сыйлығы таратылады. Құралай, Павлодар қаласының тұрғыны: - Құрбан айттың басталу уақыты неге өзгерді? - 2024 жылға арналған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесі жасалғанда, ҚМДБ ресми түрде Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келетінін хабарлады. Бұл күн жұмыс күні болғандықтан, демалыс болады деп жоспарланған. Кейін ҚМДБ Құрбан айт 16 маусымға сай келеді деп жариялады. Оның себебі былай. Біз айға қарап ораза ұстап, айға қарап ауыз бекітеміз. Яғни мұсылман күнтізбесі аспандағы айдың шығуымен басталып, батуымен аяқталады. 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді. Бұл өзгеріс Орта Азия елдерінің діни басқармаларымен бірлесіп жасалды. -Енді құрбандық шалудың шартына тоқталсақ. Құрбандыққа қандай мал таңдалғаны дұрыс? - Осы мәселеге қатысты түрлі сұрақтар туындайды. Мысалы, құрбандыққа тек еркек малы шалына ма деп сұрап жатады. Бұл міндет емес, бірақ еркек малды таңдаған абзал болып саналады. Ал ұсақ мал шалу үшін ол бір жасқа толған болу керек. Егер дене бітімі ірі болса, алты айдан асқан малды да шалуға болады. Ірі қара мал шалғыңыз келсе, міндетті түрде екі жасқа толғанын таңдаңыз. Түйе малы бес жастан бастап құрбандыққа жарамды саналады. Малдың жарамдылығына тоқталсақ, егер мүйізі сынған болса, құлағына сырға тығылып, ен салған болса оның ешқандай айыбы жоқ. Ең маңыздысы, - малыңыз аурудан аман, етті және дене мүшесі сау болуы керек. - Қандай адам құрбан- дық уәжібінен босатылады? - Сапарда жүрген адам құрбан шалуға міндетті болмайды. Сонымен қатар, жеткілікті дүниесі бар, бірақ ол қандай бір жерде кепілде болса ол адамға да парыз емес. Маржан, қала тұрғыны: - Құрбандыққа сойылған малдың етін үшке бөліп тарату керек дейді. Бірақ оны өзге діннің өкілдеріне беруге бола ма? - Құрбандықтың етін қандай адамға берсеңіз де, өзіңіздің еркіңіз. Мұсылманға берсеңіз де, өзге діннің адамына берсеңіз де болады. Ең бастысы, Алланың ризалығы жолында ниет еткен болу керек. Бұл асыл дініміздің көркемдігін, мейірім мен шапағат діні екенін көрсетеді. Сіз осы арқылы бір адамның мұсылман болуына себеп боларсыз, бәлкім. Негізі малдың етін нешеге бөліп үлестіргісі келеді, ол құрбандық шалушы адамның өз еркінде. Пайғамбардың сүннеті бойынша үшке бөлген абзал. Бір бөлігін өзінің бала шағасына қалдыруға, бір бөлігін келген қонағына асуға, бір бөлігін мұқтаж адамға беруге болады. Егер екіге бөліп таратамын десеңіз де оған тыйым жоқ. Тіпті, бала шағасы үшін етті толығымен өзіне алып қалуына да болады. Өздеріңіз білесіздер, қала тұрғындары құрбандықты арнайы орындарға барып шалады. Ол жерде арнайы қасапшылар қызмет көрсетеді. Міне, сондай жағдайда малды сойған қызметі үшін төлейтін ақысына құрбандықтың етінен беруге болмайды. Яғни, мұндай малдың етімен қандай да бір қарыз, берешек үшін есеп айырысуға тыйым салынады. Қызметі үшін ақыңызды төлеп, оның үстіне көмек үшін бір жілігін берсеңіз болады. - Құрбандыққа мал алып соймай, орнына малдың құнын ақшалай садақа ретінде беру арқылы міндетінен құтыла ала ма? - Құрбандықтың ең бірінші шарты, мал сойып, қан шығару. Сондықтан, садақа беру арқылы міндетінен құтыла алмайды. Бұл - тек күнделікті жасалатын сауапты амалдардың бірі. - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024. kz сайтын іске қосқан екен. Онда қандай қызмет көрсетіледі? - Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады. Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні бір адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе, ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі. Тікелей желіні жүргізген – Тілеуберді САХАБА. Мұсылманның қастерлі мерекесінің бірі – Құрбан айттың басталуына да аз күн қалды. Осы ретте оқырмандар тарапынан құрбандық шалудың үкімі, талаптары мен шарттарына байланысты сұрақтар да көбейеді. Сондықтан, Мәшһүр Жүсіп оралық мешітінің наиб имамы Ақтөре Әліпбайұлымен сұхбаттастық. Имаммен болған әңгіме газеттің Instagram парақшасында тікелей эфирде көрсетіліп, оқырмандар да өз көкейлеріндегі сұрақтарын жолдады. Ендеше осы әңгіменің толық нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз. Құрбан шалу - ізгі амал
ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуымен тұспа-тұс келеді. Бұнда да мешітке айт намазына қатысып, құрбан шалады. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен көрісіп, қабыл болсын деу арқылы достық пен ағайындықты нығайта түседі. Құрбандық шалынып болған соң Айттық басталады. Әр үйде дастархан жайылып, айтшылап ел аралау басталады. «Айт қабыл болсан», деп Айттық сұрайды. «Айт мүбәрак болсын, айт мереке болсын! Айт құтты болсын! Айттын, жақсылығы бірге болсын!» деген жақсы тілектер айтылады. Алладан ізгі тілектер тілейді. Шелпек салып, бақилық болған ата-бабаларының, жақындарының рухына құран бағыштайды, берекесі мол дастархан жайып, «Құрбан айт құтты болсын!» деп, бір-бірінің үйіне айттайды. Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ауыл ақсақалдары немерелерін ертіп, бірнеше үйді аралап шығатыны баяндалған. Үлкендер айт шай ішіп, балалар айттық сыйлықтарын алып мәз-мейрам болып тарқасатын. Содан болар, бүгінде жеті немесе он үйге айтшылап бару дәстүрі қалыптасқан. Әлбетте, шариғат мұндай санды міндеттемейді. Дегенмен де айт күні шай ішіумен шектеліп қалған қазекең «Айттықты» ұмыт қалдырды. Көнеден жеткен қонақ кәдесі, сүйінші сияқты адамзатты жақындастыра түсетін амалдардың бірі - айттық сұрау. Айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанның қазақ бетін қайтармай қолда бар сыйлықтарын аямаған. Мәшһүр Жүсіп: «Айтың қабыл болсын! Дегенде «Айттық сенен болсын» дегенің жарасымды» деп жазған. Айттық беру – мерекесінің мәртебесін жандандырғандай. Яғни, бабаларымыз наурызнаманы тойлағандай Айтты да ерекше құрметтеген. Негізінде айттық деген – айтшылаған адамдарға берілетін сыйлық, кәде. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Дәулетті жандар «Айт қабыл болсын, айттық сізден болсын» деп келген кедейдің балаларына айттық кәде ретінде түрлі ойыншық, ақша, қант, кәмпит беріп шығарып салатын болған. Ал үлкен кісілерге сыйлыққа тәспi, жайнамаз, тақия, кестелi орамал, зергерлiк бұйымдар сыйға берілген. Бала кезімізде қолымызға пакет ұстап, айтшылаушы едік. Сонда ауыл адамдарының үйін аралап, әпке-жеңгелеріміздің дастарқанынан уыстап кәмпит жинап, мәз-мейрам болатынбыз. Қалада да шелпек таратып жүрген көршілерді көріп едік. Топырлаған балалар есік қағып, жарапазан айтып, мерекенің сәнін келтіруші еді. Ал қазір үйде дастарқан жайсақ, қонақты өзіміз шақырамыз, есіктің алдына итті байлап қойып, бөтен адамды жолатпаймыз. Ата-әжелеріміз де немерелерін ертіп айтшыламайды. Бұл заманның ағымы ма әлде тәрбиенің болмағаны ма? Мүмкін қазақы болмысымыз евроцентристік арнаға бұрылып ұсақталып барамыз ба!.. Сондықтан да бұл айрықша мерекенің мәнін ұғындырып жеткізіп отыру ләзім. Құрбан айт мерекелеріңіз құтты болсын! Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болсын! Айт күні айттық бергендердің жолы ақ болсын демекпін. Әсет ПАЗЫЛОВ. Құрбандықтың уәжіптігі қасиетті Құранда: «Раббың үшін айт намазын оқы, құрбандық шал», – деп бұйырылған. Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп ескерткен. Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бірінші орындайтынымыз - мерекелік намаз, содан соң құрбандық. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге ергені. Ал, кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалса, оның жай кездегі отбасы қажеті үшін берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұл құрбандыққа жатпайды», - деген. Мәшһүр Жүсіп «Құрбан айт уағызы» деген шығармасында: «Әй, адамдар үшбу ғайд намазын өтемек, уа құрбан бауыздамақ Хақ Тағаланың кәләм шариғлы ләзим уа фарыз болмас дүр», - деп жаза келе: «Айт намазынан кейін мал шалуға, зиратқа баруға және ренжіскен туысыңның шаңырағына баруға асық», деп қортындылайды. Өз заманында Лекер қажы Айт намазынан кейін, құрбандығын шалып болмайынша ешбір ас татпаған екен. Ал тобықты елінің байлары құрбандығын өз қолымен шалғанды жөн көрген. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Намаз, құрбан шалу мәні, маңызы туралы» баяндалатын №6 қолжазбада құрбан шалудың шығу тарихы туралы жазылған. Онда: «... Тәкбир тәшрихнің асылы Ибраһим Халиуллаһ баласын бауыздамаққа дайын болған уақытта хазрет Жәбрейіл ғалейһи сәлем көктен көк қошқар келтіріп бауыздап жіберер деп асыққаннан «Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр» деп айғайлайды. Ибрахим Халиулаһ естіп басын көтеріп алып қарай салып көк қошқарды көріп баласының орнына құрбандыққа шалу үшін келтіргенін біліп «Алладан басқа тәңір жоқ, Алла ұлы! «Лә иләһә иллә аллаһ, аллаһу әкбәр» дейді, сонда забих аллаһ естіп құдайының сақтығына қайран қалып бауыздамақтан өзінің аман қалғанына шүкірін Аллаһу әкбәр уаллаһуль хамд, дейді. Біздерге ахирет күніне дейін Ибраһим Халиуллаһтан сүннет болып қалды», деп баядалған. Аңызға құлақ түрсек, Құрбан айт мейрамы Ыбырайым пайғамбардың тұсында басталғаны мәлім. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Біздерге ахирет күніне дейін Ибраһим Халиуллаһтан сүннет болып қалған осы мейрам» деп жазады. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алған Құрбан айт мерекесі ұлы ғибадатпен шынайы тарихтың маржаны. Аллаһтың Елшiсi (с.ғ.с.): «Адам баласы Құрбан айт күнiнде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйiктi iспен Аллаһ тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күнi мүйiздерi, тұяқтары және жүндерiмен келедi. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ тағаланың құзырында үлкен дәрежеге жетедi. Сондықтан, құрбандарыңды көңiл ризашылығымен шалыңдар», - деп сүйiншiлеген. Құрбан шалу мерзімі - жыл сайын Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединаға көшкен күнінен бастау алған. Бұл ғибадаттың басы болмақ. Сол күні жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы Құрбан шалып, айт мейрамын мерекелейді. Шындығына келсек, 1921 жылы 5 наурызда Орынбор қаласында өткен қазақ зиялылары бас қосқан Төралқасында «Мұсылмандардың мерекесі» мәселесі қаралып, Ораза айтқа 3 күн, Құрбан айтқа 3 күн, Наурызға 1 күн беру туралы қаулы қабылданғаны мәлім. Аталған мерекелер 1927-1928 жылдарға дейін тойланып келді. Өкінішке орай кеңес үкіметінің солақай саясаты Құрбан айт мерекесінің де болашағына балта шапқанын білеміз. Бүгінгі күні құрбан айттың үш күн мерекеленетіні анық. Бұның өзі өркениеттіліктің айғағы болса керек. Аллаға шүкiр, оның мемлекеттiк деңгейде аталып жатқаны көңiлге қуаныш ұялатады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Намаз, құрбан шалу мәні, маңызы туралы» баяндалатын №6 қолжазбасында «...Біреудің есігі ашық қалса, ішінде адамзат жоқ болса, ол үйге ит қалай кіремін десе ерікті. Көңіл деген осы сықылды нәрсе, оның ішіне кіретұғын иесі - жаратушы Құдай және олар Құдайды ойлау, еске түсіру, зікір қылу. Құдайды ойлап еске алмаған көңілге шайтан ғалейһи ләғнет қалай кіремін десе, кіруге ерікті. Шайтан ұялаған көңілдің иесі болған кісіні намазды оқығаны не, оқымағаны не, сол үшін құлақ қағып, намазға кірісе бастаса, қайда бір ұмытқан нәрсесі есіне түседі.» деп жазылған. Шынында да адамның көңілі бір Аллада болмаса, санасына тәубешілік бермесе, жүрегінде имандылықтың шоғы болмаса ғалейһи ләғнеттің соқпақ жолына түсіп адасарымыз хақ. Демек Құрбандық шалу – парыз болса, оны орындау - аманат. Ал аманатқа қиянат жасауға болмайды. Құрбанның мағынасы: Аллаһ Тағалаға жақындық қылу сол үшін айт күндерінде шалынған мал құрбан атанды. Қарапайым тілмен айтқанда - Аллаһ тағаланың ризашылығына бөленуге ұмтылу. Сонымен бірге жаратушымыздың пендесіне берген сансыз нығметтеріне ризалығын білдудің және шүкіршілік етудің тура жолы. Құрбан шалу – садақа берудің бастамасы. Себебі Құрбан айт мұқтаж жандардың қиыншылығын аз да болса жеңілдетіп, шаңырақтарына шаттық сыйлауға сеп болады. Демек, бұл - халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға ынталандырып және де ауызбіршілігін нығайтатын ұлы мереке, ұлы ғибадат. Құрбандық шалу шаңырақты берекеге бөлеп, бәле-жалаларды аластатады. Құран кәримнің ең қысқа сүресінің бiрi «Кәусәр» cүресінде: «Әй, Мұхаммед (ғ.с.), caғaн (пайғамбарлықты, құранды, исламды, ғылымды, миғражды) ұжмақтағы кәусәр атты көлді бердік. Соның шүкiрлiгi үшiн Айт намазын оқып, Құрбан шал» - делiнген ұғымдағы аят бойынша құрбан шалу уәжiп болған. Сондықтан болар, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «...Әй, ғазиздер, осы Айт күнінде құрбан бауыздар күніңіз. Құрбан бауыздап, Алла тағаланың қасында ұлық биік дәреже алар күніңіз тәмуғ отынан құтылып, ұжмақта болатын күніңіз. Қапы қалып жүрмеңіз...» деп ескертеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисiнде: «Расында, амал ниетке қарай ескерiледi және амалды iстеушiге ниетiне қарай сауап берiледi», - деген. Хазреті Али (р.а) құрбан шалудың маңыздылығы жайында: «Кімде-кім құрбан сатып алу үшін үйден шықса, ол адамның әр қадамына он сауап жазылады, он күнәсі кешіріледі және дәрежесін он дәреже үлкейтеді, сөйлеген әр сөзі салауат болады, беріп жатқан кезде ақшаның әрбір тенгесіне 700 сауап жазылады, құрбанды жерге жатқызып сойған кезде бүкіл жаратылыстар ол адамға истиғфар оқиды. Құрбанның етін бөліп берген кезде әр бөлік үшін хазреті Исмайыл ұрпағынан бір құлды азат еткендей сауап алады. Негізінде құрмалдық малын мал иесінің өзі бауыздағаны абзал. Өйткені, бұл – құлшылық амал. Ал өзіне сенімсіздік танытып мал бауыздаудан хабарсыз болса, қасапшыға қол ақтығын төлеп, қасында тұрып өз көзімен көруі керек. Бұл да - пайғамбарлардан жеткен амал. Көптеген деректерге көз жүгіртсек, пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі малды бауыздап: «бисмиллаһи, Аллаһу Акбар. Бұл менің және менің үмбетімнен құрбандық ете алмағандардың атынан», - деп сөз қалдырған. Татулық пен бiрлiктің шамшырағы болып, адамзатты ұлы мақсаттарға жетелейтін ұлы күні Аллаһ тағаланың ризашылығына бөленуді мақсат тұтқан жөн. Сонда ғана Аллаға шүкіршілік етіп, күнәларымыздың кешірілуін сұрарымыз хақ. Ясин сүресінің 12-аятындағы: «Кейін қалдырған нәрселерін жазамыз» деген сөздің мағынасын Мәшһүр Жүсіп төмендегідей түсіндіреді: «Осы жерде мешіт бар, айт намазы бар..., деп үйлеріңізден шығып, аттыңыз-атты, жаяуыңыз-жаяу, қанша қадам басып келдіңіздер, соны Құдай Тәбарак уа Тағаланың өзі айтып, уағда қылып тұр. «Алдыңғы жағындағы басқан жердің, арттан қалған ізін бәрін таразыдан жақсылық салынатұғын басына саламыз.» дейді.». Ал енді «Періштелерге Алла сөзі» деген өлеңінде: Бір теңге берген кәріпке құдай үшін, Сөзін жылы шырайы ғып, оған жүзін. Құдайым періштеге айтады екен: «Көрдің ғой қылған қайыр менің үшін». Беріпті мені ойға алып, малын қиып, Шайтанның тілін алмай, нәпсі тыйып. «Берем, - деп бір теңгені сатып апты, Иманның жеті шартын бірдей жиып». Жарайды, міне, пендем, пәле, ерім, Жарылқар ілгері күн оңлар жерім. Өзімнің анық пендем екеіңе, Мінекей, мен құдайлық бастым мөрін. Бұл пендем жақсылықтан ойлаған ой, Сол көрер көп ішінде айт пенен той. Қойған соң мен мөрімді не қыласың, Періште, сендер-дағы қолыңды қой! - деп, айт күні шалған малдың, берген садақаңның қайырымы мол, игі шара екенін ескертіп, періштелердің нұрына бөленетін күн екенін меңзеп тұрғандай. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымыздың хадисiнде: «Иә, Аллаһтың Елшiсi (с.ғ.с.) құрбандық деген не?» - деп Одан (с.ғ.с.) сұрағанда Ол (с.ғ.с.): - Бұл - бабаларың Ибраһимнің (ғ.с.) сүннетi, - деген. - Одан бiзге не пайда? - Әрбiр тал қылшығына жақсылық (сауап) аласыңдар. - Қойдың жүнiнен бе? - Қой терiсiнiң әрбiр тал қылшығына да жақсылық (сауап) жазылады», - деген. Пайғамбарымыз (с. ғ. с.) хадисiнде: «Расында, амал ниетке қарай ескерiледi және амалды iстеушiге ниетiне қарай сауап берiледi», - деген. Демек, амалдың өлшемi - ниет. Құрметті мұсылман жамағат, сіздерді Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын, Алла жолында жасаған игіліктеріңіз мүбәрак болсын. Әсет ПАЗЫЛОВ, Мәшһүр Жүсіп мұражайының меңгерушісі, Баянауыл ауданы. Айт мейрамын ерекше құрметтеген Мәшһүр Жүсіп жазбаларындағы «Айттық» мерекесі Мұсылман жамағатының ұлы мейрамдарының бірегейі - Ораза айт және Құрбан айт. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін басталады. Аталмыш Рамазан айында айт намазын оқып, пітір садақасын береді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Алла тағаланың сөзін осы Рамазан айында естіген. Ораза айттан 70 күннен кейін Құрбан айт басталып, үш күнге созылады. Құрбан айттың ұлылығы Ислам шариғатында құрбандықтың екі түрі бар. Бірі - Уәжіп құрбан, екіншісі - Нәпіл құрбан. Уәжіп құрбан дегеніміз - қасиетті Құрбан айт күндері шалынатын мал. Ол мал үшке бөлінеді. Отбасыңның, көрші-қолаңның, жесір-жетімнің ырзығы үшін. Ал Нәпіл - Құрбан айттан басқа уақытта шалынған мал. Оны жағдайыңызға қарай шаласыз. SARYARQA SAMALY МЕЙРАМ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 21 ҚҰЛШЫЛЫҚ
22 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ПАРАСАТ SARYARQA SAMALY ТҰСАУКЕСЕР Мемлекеттік қызметтің майталманы Айдана БОРАНБАЕВА Жуырда «Достық үйінде» Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, мемлекеттік қызметтің ардагері Жақсыбек Алиннің өмір деген кең дүниедегі ғұмыры дәріптелген «Туған еліме тағзым» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған жиынға Жақсыбек Тілеуғабылұлының әр салада еңбек еткен әріптестері және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. Автор еңбегінде Қазақстанның Кеңестік дәуірі мен Тәуелсіздікке аяқ басу кезеңі аралығынан қазіргі Жаңа Қазақстанның куәгері болған тұлғаның еңбек жолын сипаттайды. Екі дәуірдің саяси және әлеуметттік ахуал айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқырманға терең ой салады. Адалдық пен сатқындық, ізгілік пен зұлымдық, қасірет пен бақыт бірін-бірі толықтыра отырып, өмірдің заңдылығын құрайды. Бұл кітапта Жақсыбек Тілеуғабылұлы – сынаптай сырғып өткен қызықты да тәтті естеліктерге толы балалық шағы мен студенттік уақыт, Краснокутск ауданына (қазіргі Ақтоғай) келген жас маманның алғашқы еңбек жолын бастаған кезін ерекше еске алады. Кейіпкердің туған жерінде аса жауапты да күрделі басқару қызметіндегі табысты азаматтық жолы дәл осы жылдары басталған еді. Басты кейіпкердің жеке өмір жолымен қатар, ата-тегінің үлгілі отбасын құрып, дәстүрлі тәлімтәрбиесінің арқасында өсіп-өнген салиқалы ұрпақтың бүгінгі сабақтастығы қамтылған. Жақсыбек Алин негізі ұстаздық мамандықты таңдайды. Кейін оқуды аяқтаған соң университет басшылығы оны қызметке шақырады. Дегенмен туған жерге деген азаматтық парызын орындау мақсатында Ақтоғайға оралып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып зейнеткерлік жасқа дейін мемлекеттік салада қызмет етеді. - 46 жыл мемлекеттік салада қызмет атқардым. Оның ішінде ұстаздық, комсомол, партия, шаруашылық қызметтерде еңбек еттім. 1990 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі болған Әбілхақ Түгелбаев Шідерті совхозына қызметке шақырды. Ол жерде 3 жыл қызмет істедім. 1996 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қожамжар елді мекенінің әкімі болдым. Ол уақыт қиын-қыстау кезеңдердің бірі болды. Жұмыссыздық деңгейі өсіп, зейнетақы, еңбекақы берілмеді. Тіпті, жарық та болмады. Тұрғындардың ұйымшылдығының және мемлекеттік салада еңбек еткен азаматтардың көмегінің нәтижесінде ол кезеңді аман-есен өткердік. Түйткілді мәселелердің шешімін таба алдық. Еңбекті жазудағы мақсатым – мемлекеттік саланы таңдаған жас буынға аздыкөпті еңбек еткен сала жөнінде ақыл-кеңес беру. Одан бөлек, жинақта қазақ ауылының кешегі мен бүгіні және бір әулеттің өмірі жазылған. Ақпараттар мен суреттерді жинағаным болмаса, кітапты келінім Әсел Жұмабекова 3 жылдай уақыт жазды, - дейді автор. Кітаптың тұсаукесер рәсімін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Бибігүл Оспанова және мемлекеттік қызметтің ардагері Нығман Пішенбаев өткізді. Таяуда Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында өңірімізде актерлік мамандықтарды меңгерген алғашқы түлектер дипломдық жұмысын қорғады. Студенттер көрермен назарына Антон Чеховтың «Шағала» спектаклін ұсынды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген қойылым өзіндік ерекшеліктерге толы болды. Оларды сахналаған жас актерлер 2021 жылы Торайғыров университетінде ашылған «Актерлік өнер» бөлімінде білім алған. Жас мамандарды баулыған оқу орнының оқытушысы Ермұрат Тілегенов айтқандай, биыл сол бөлімнің алғашқы үш түлегі оқу бітіріп, дипломдық жұмысын қорғауда. Болашақ мамандар спектакльді бір ай бойы оқу барысында талдап, пьеса бойынша анализдер жасаған. Студенттердің жұмыстарына жетекшілік жасаған актерлік сыныптың шеберлері - ҚР Мәдениет қайраткерлері, кафедра оқытушысы Жұмахан Доспаев және спектакль режиссері Гүлжанат Доспаева. - Пьеса - армандар жайлы. Өмірде әр адам армандайды. Қойылым кейіпкерлері де армандау арқылы өз мұраттарына қадам жасайды. Бірақ сол армандарына жету жолында тағдырдың тәлкегіне түсіп, бастарын тауға да, тасқа да соғады. Міне, пьеса мазмұны - осы тақырыпқа арқау, - деді Гүлжанат Мұхабылқызы. Спектакль режиссерінің сөзінше, студенттердің қойылымға орыс әдебиетінің шығармасын алуының да өз себебі бар. - Болашақ әртістер шетел классикасын да ойнай білуі керек. Сол классикаларда жазылған пьеса кейіпкерлерінің образын шығарып, қойылым барысында сезімнен сезімге ауыса алуы – басты талап. Біз әр рөлді студенттің дарыны мен болмысына қарай қойдық. Соның бәрін әртіс өздігінше меңгеріп, әр ғасырға тән образдарды алып шығуы – басты міндет. Ал біздің міндет – осыны студенттерге үйрету, - деді ол. Әдемі КӘУКЕН, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті. Мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елестету мүмкін емес. Қазақ руханиятының ұйытқысына айналған киелі мекеннің абыройын қорғап, даңқын асқақтатып жүрген өнерпаздарымыз жетерлік. Қазіргі таңда осы сахна иелерінің жолын жалғап келе жатқан жас буын қатары артып келеді. Алғашқы түлектер спектакль қойды БӘРЕКЕЛДІ! Лагерьдің басты мақсаты – болашақ мамандық иелеріне бағдар беру, сондай-ақ оқушыларды жазғы уақытта жұмыспен қамту. Айта кетелік, бұл жоба Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінде осымен екінші рет өтті. Биыл оған қала мектептерінің 37 оқушысы қатысты. Шәкірттер шаштараз қызметі және тігін өндірісі негіздері бойынша курстардан тегін өтіп, осы мамандықтардың ерекшеліктерін меңгерді. Курс өндірістік оқытудың білікті және тәжірбиелі мамандарының жетекшілігімен өтті. - Биыл лагерьге көптеген шәкірт қызығып қатысуда. Барлығының да иекемі бар, таланты байқалады. Бес күннің ішінде біраз жұмыс атқарды. «Болашақта осы саланың маманы боламын», «Оқуымды аяқтаған соң осы колледжге түсемін» деп ой түйген шәкірттер бар. Оқушылардың бойында осындай қызығушылық туып жатса, біз бек қуанышты боламыз, - деді колледж басшысы Азамат Кашитов. Оқушылар тігін ісінің, шаштараз мамандығының қыр–сырымен танысып қана қоймай, жейде, көйлектер, тігіп, әртүрлі шаш үлгілерін жасады. - Жазғы кезде уақытымды бос өткізбей, лагерьге келуді жөн санадым. Себебі, шаштараз мамандығына бала кезден қызығамын. Бұл жердегі тәжірибелі ұстаздардың арқасында аз уақыт ішінде техникаларды дұрыс қолданып, шаштың үлгілерін тез әрі сапалы жасауды меңгердім. Мүмкіндік болса, жазғы уақытымның барлығын осы лагерьге арнайтын едім, - деді №36 мектептің 8-сынып оқушысы Тәттігүл Балықбай. Курс аяқталған соң барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл сертификат осы колледжге конкурстан тыс оқуға түсуге мүмкіндік береді. Даяна ИБАДЕЛЬДИНОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті. КӘСІБИ БАҒДАР Мамандықтың қырларын меңгерді Мамандық таңдау – өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау. Дұрыс таңдалған мамандық иесі қашан да өз ісінің шебері әрі білгірі бола алатыны анық. Осы ретте Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі 8, 9 - сынып оқушыларына арналған жазғы кәсіптік бағдар беру лагерін ұйымдастырды.
SARYARQA SAMALY МӘДЕНИЕТ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 23 Бетті әзірлеген – Айдана БОРАНБАЕВА. Келіңіздер! Көріңіздер! * Іс-шаралар бағдарламасында толықтырулар мен өзгерістер болуы мүмкін. Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары және қонақтары! 2024 жылдың 13-19 маусым күндері аралығында өтетін мәдени іс-шаралар кестесі ЖОБА 13-14 маусым сағат 10.00- 11.00 аралығында М.Әлібектің «Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі» ертегісі 15 маусым сағат 17.00-де Н.Тұрлыбектің «Шәмші» спектакль-концерті 18-21 маусым сағат 10.00- 11.00 аралығында А.Салбанның «Ойыншықтар» ертегісі Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры «Ашық кітапхана» шақырады 14 маусым сағат 19.00-де Екібастұз қалалық өнерпаздарының музыкалық бағдарламасы 15 маусым сағат 19.00-де «Retro Mix» вокалдық ансамблінің ән кеші 16 маусым сағат 19.00-де «El paso» би студиясының концерті «Еrtis Promanade» сахнасында 15 маусым сағаи 09.00-де тегін таңғы жаттығулар 16 маусым сағат 18.30-да «Tynda music» камералық ансамбльдің музыкалық кеші Естай атындағы мәдениет сарайы 12 маусым сағат 11.00-де «Туған өлкем, сені сүйемін» атты әдеби-музыкалық бағдарламасы 14 маусым сағат 11.00-де «Менің әкем – ең жақсы адам» атты әдеби-ойын бағдарламасы Павлодар қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 12 маусым сағат 19.00-де «Өнер» мәдениет сарайы шығармашылық маусымының ашылуы Екібастұз қалалық «Өнер» мәдениет сарайы «Ашық кітапхана» жобасы аясында қаладағы кітапханаларға барып, тіркеуден өтіп, қалаған кітабыңызды іздеп уақыт жоғалтқанша, ғимараттың ішіне кірмей-ақ, ауласындағы кітаптарға толы сөрелерден өз қалаған кітабыңызды таба аласыз. Кітапхананың ауласындағы сөредегі кітаптарды тегін алып, орталық жағалау немесе басқа демалыс орындарында, тіпті үйге алып оқуыңызға да рұқсат етілген. Сондай-ақ, өз жеке кітапханаңыздағы кітаптарды «Ашық кітапханаға» әкеліп қоюларыңызға да болады. Сіз ұсынған кітаптар өзге оқырмандарға қызықты болуы әбден мүмкін. Мәселен, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жыл сайын «Ашық кітапхана» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында жуырда кітапхана ғимараты алдына кітаптарға толы стеллаж қойылды. Қала тұрғындары бұл кітаптарды орындыққа отырып оқуына, жағажайға (басқа да демалыс орнына) немесе үйге алып оқуына рұқсат етілген. Кітаптар арасынан көбінесе көркем әдебиет бағытындағы кітаптарды кездестіре аласыз. Кітапхана басшылығы бұл жобаның оқырмандардың өтініші арқылы жүзеге асқанын және оқырмандар арасында ақын-жазушылар Ақын Алақанұлы, Ғалымбек Жұматов және де басқа жергілікті қаламгерлердің кітаптары ерекше қызығушылық туғызып жатқанын атап өтті. Кітаптардан бөлек, түрлі бағыттағы газет-журналдар қойылған. Сөредегі кітаптар күн сайын жаңартылып отырады. Кітапханаға келуіңізге мүмкіндік болмаса, pavlodarlibrary сайтына кіріп, өз қалаған кітабыңызды онлайн форматта да оқуыңызға үлкен мүмкіндік бар. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың абонемент бөлімінің басшысы Бақытжан Букашеваның сөзінше, аталған жобаның мақсаты - билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу. Халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. - Бүгінде, өкінішке қарай, қоғамда «Жастар кітап оқымайды» деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен біздің кітапханаға келетін оқырмандардың көбі – жастар. Кітап – білімнің кені. Қазақ әдебиеті – өрісі кең бай әдебиет. Мұны оқырмандарымыз жақсы біледі. Статистиканы айта кетсек, кітапханамыздың қорында 500 мыңға жуық кітап бар. Оның ішінде 3 мыңнан аса сирек кездесетін әдебиеттер. Жылына 30 мыңға жуық оқырман келеді. Ал веб-ресурстарды 110 мыңнан аса пайдаланушы қолданады. Кітапханаға келушілердің көбі жастар болғандықтан, біз олардың талғамын бағамдап отыруға тырысамыз. Мәселен, оқырмандар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Ілияс Есенберлин, Әзілхан Нұршайықов, Төлен Әбдік секілді жазушылардың шығармаларын ерекше зейінмен оқиды, - дейді бөлім басшысы. Оқырмандарды қоғамдық жұмыстар мен мәдени іс-шараларға тарту мақсатында кітапхана жанынан ашылған «Абай алаңы», «Айна» галереясы, «Сирек кітап залы» секілді бірлестіктер мен мәдени, әдеби клубтар жұмыс істейді. Мұнда түрлі сипаттағы кездесулер, тренингтер, мәдени шаралар және пікірталастар ұйымдастырылады. Егде жастағы оқырмандар да компьютерде қарапайым мәтіндерді теруден бастап, әлеуметтік желілер арқылы жақындарымен хат алмасуды үйренеді. Ал орталық қызметкерлері мұндай жас категориясындағы адамдарға қол ұшын созып, қоғамда жан-жақты сауатты азаматтар қалыптастыруға ықпал етуде. Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек. Жандарбек БАДЕНОВ, кітапхана оқырманы: - Жастайымыздан ата-анамыздың ықпалымен кітап оқыдық. Қазір шынын айту керек, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің кітап оқуға уақыттары тапшы. Бұл жоба оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятады деп ойлаймын. Туған өлкенің тарихын тануда бұл жобаның берері мол. «Кітапсыз үй жансыз дене сияқты» деген екен бір данышпан. Ал кітапты ғұмыр бойы қолына ұстамаған адамды неге теңеріңді білмей - дағдарасың. Кітап – қашанда рухани азық. Ондай қымбат қазынаны өткінші дүниелермен алмастыруға әсте болмайды. Сондықтан достар, алдамшы нәрселерге еріп, кітаптың қадірін түсірмейік!
АҚТАҢДАҚ 24 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ТАРИХ SARYARQA SAMALY Өкінішке қарай, совет өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ жастары арасында өзінің белсенділігімен танылған К.Сәбитов 30 жасында сотталып, айдауға жіберіледі. Кейін 10 жыл жазасын Ресей ормандарында өтеп келіп, босаған соң қайтадан шаруашылық-сауда жұмыстарына араласып, ел-жұртымен қауышады. Алайда, осы күнге дейін оның қандай себептермен қызметінен алынып, сотталғаны туралы мардымды деректер болмаған еді. Осы орайда облыстық архив мекемесіне ресми сұраныс беріп, партия-совет қызметкері К.Сәбитовтің ісі туралы деректерді алдырып едік. Осының негізінде бүгінгі аз-кем дүниемізді назарларыңызға ұсынамыз. Сәбитов Кәрім Сәбитұлы, 1912 жылы Павлодар облысы Каганович ауданының №7 ауылында дүниеге келген (Каганович ауданы – қазіргі Ақсу қаласының ауылдық аймағы). 1926 жылдан бастап 1930 жылдар аралығында Павлодар ауданының №14 мектебінде 4 кластық білім алған. 1930-31 жылдары «Жаңажол» колхозында жұмыскер болып, 1932 жылы Павлодар қаласында 6 айлық партиялық актив курсының тыңдаушысы болады. 1932-33 жылдары Қызылжар ауылдық советінің, 1933-1936 жылдары Калинин ауылдық советінің хатшысы болып қызмет атқарды. 1936-1939 жылдары Калинин ауылдық советінің төрағасы болып еңбек етеді. 1939 жылдың ақпан айынан шілде айына дейін Куйбышев аудандық еңбекшіл депутаттар кеңесінің атқару комитеті жанындағы кадрлар бөлімінің сектор меңгерушісі. Өзінің биографиясында жазуынша, К.Сәбитов 1939 жылы партия мүшелігіне Шамкен Садыров, А.Сейтқазинов, К.Кикимов, Б.Нұрғалиев, А.Байжұмановтардың ұсынысымен өтеді. 1939-1941 жыл аралығында Куйбышев аудандық инструкторлық бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1941 жылдың 17 қарашасынан бастап Куйбышев аудандық партия бюросының отырысының мүшелерімен Куйбышев аудандық еңбекшіл депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы болуға ұсынылады (секретарь Потякин), Коммунистік партия облыстық комитетінің кадрлар бөлімінің сектор меңгерушісі Попов обком бюросына К.Сәбитовтің биографиясы сәйкес келетінін айтып, аталған лауазымға бекіту қажеттілігі туралы қорытынды береді. Павлодар облыстық Коммунистік (большевиктік) партия комитеті Бюросының 1942 жылы 22 шілдедегі қаулысымен К.Сәбитов Куйбышев аудандық еңбекшіл депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы болып бекітіледі. Құжаттарда қызметінің алғашқы жылдарында К.Сәбитовке бақылаушы тұлғалар тарапынан оң баға берілген екен. Мәселен, облыстық партия комитетінің хатшысы Тәжібаевтың берген мінездемесінде «жолдас Сәбитов партиялық жұмыста белсенді қатысатыны, өзінің саяси білімін арттыру бойынша жеке жұмыс жүргізетіні, өздігінен Бүкілодақтық Партия комитеті қысқаша тарихынан 12 тарау конспекті жазғаны» атап өтіледі. Алайда 1943 жылы 17 сәуірдегі Еңбекшіл халық депутаттар облыстық кеңесінің атқарушы комитет төрағасы Т.Койчубаев обком кадрлар бөліміне мінездеме жазып, жолдас К.Сәбитов 1941 жылдан төраға болып басқаратын Куйбышев ауданы маңызды шаруашылықсаяси кампанияларды орындауда облыс бойынша артта қалып келе жатқан аудан екенін баяндайды. Ұсыныс ретінде жағдайды түзеу үшін деген шартпен ғана жолдас К.Сәбитов қызметінде қалдыруға болатынын айтады. 1943 жылдың 19 мамырында Қазақстан коммунистік (большевиктік) партиясы Облыстық комитеті бюросының және Орталық комитетінің бригадалары арнайы қаулыларға сәйкес, облыс бойынша соғысқа қатысушылардың және мүгедектерінің отбасыларына көмек көрсету бойынша жергілікті партия және атқару комитеттерінің жұмысына қатысты жүргізілген тексерулер қорытындыны қарайды. Тексерулер қорытындысында облыстық бюро мүшелері облыс аудандары мен қалаларында Орталық комитеттің 1943 жылғы 22 январьда қабылдаған «майданға қатысушылар мен мүгедектердің отбасына көмек көрсету туралы» қаулы мен облыстық комитеттің «іс-шаралар жүргізу туралы ілеспе қаулысын» орындау нәтижесін талқылай келе, бірқатар кемшіліктерді атайды. Мәселен, Бесқарағай райком хатшысы Березовский, Үйірлітөбе райком хатшысы Будашкин аталған қаулылардың саяси маңызын түсінбеді деген айыптауларға ие болады. Майдангерлердің отбасылары жазып түсірген салықтық жеңілдіктер беру, пенсия-пособие тағайындау, қиын тұрғын үй жағдайын түзеуге көмектесу секілді шағымдар 30-40 күнге дейін қаралмағаны айтылады. Ал Куйбышев ауданында «қылмыскерлер тобы» жасақталып, «олар эвакуацияланған майдангерлер отбасына тиесілі азық-түлік қорын жүйелі түрде саудалады және жымқырып ұрлады» деген айыптаулар көтеріледі. Оған жауапты Куйбышев аудандық еңбекшіл депутаттар кеңесінің атқару комитетінің төрағасы К.Сәбитов тиісті шара қолданбады деп танылады. Обком бюросының қаулысымен жолдас Кәрім Сәбитовті партия мүшесі қатарынан шығару, аудандық кеңестің атқару комитеті төрағасы қызметінен босату, сот жазасына тарту туралы шешім шығарылады. Облыстық военкомат төрағасы Долмаковқа Бесқарағай аудандық военкомат төрағасын жұмыстан шығару және жауапқа тартуды ұсынуға, Павлодар қаласы партия комитетінің хатшысы Талалаевқа және қалалық еңбекшіл депутаттар кеңесі атқару комитетінің төрағасы Ахметовке «допустил нечуткое отношение к нуждам семей защитников отечества» деп жеңілдетіп, әрі Талалаев «өзінің кінәсін мойындағаны» үшін деп оларға партиялық жазалау беру ғана ұсынылады. Цюрупин райкомы бір семьядан алып қойған сиырды бір тәулік ішінде қайтаруға міндеттеледі. Барлық аудан және қала партия комитеттеріне, совет ұйымдарына соғыс қатысушыларына көмек көрсету ісін жандандыру туралы тапсырмалар беріледі. Барлығы 15 пункттен, көптеген тараушадан тұратын міндеттемелер белгіленеді. Десе де, осы отырыста К.Сәбитовтен басқаларына тек партиялық-әкімшілік жаза белгіленген, ешбіріне қылмыстық жазаға тарту туралы шешім шығарылмайды. Осылайша, саяси маңызды науқанда белсенділік танытпады деген себеппен қырағы органдардың назарына ілігеді. Осы обком қаулысынан кейін Кәрім Сәбитов көп ұзамай қылмыстық сотқа тартылады. Қылмыстық іс бойынша қаралып, 1943 жылы жазасын өтеуге Ресейдің Комсомольск на Амуре деген қаласына жіберіледі. 10 жылдық жазасын өтеп, 1952 жылы елге келгеннен кейін Краснокутскі ауданы (бұрынғы Куйбышев) Октябрьдің 25 жылдығы атындағы совхозда кооператив қызметінде еңбек етеді. Шәрбан, Раушан, Сәуле және Майра есімді қыздар көреді. Үшеуі елге белгілі, өнегелі шәкірттер тәрбиелеген ұстаз атанады. Кәрім Сәбитов өзінің атамекені Ақтоғай ауданы Өтес-Әуелбек, Ақсу ауданына қарасты іргелес Сарышығанақ-Қызылжар ауылдарында ерекше абыройға ие, сауатты үкімет адамы ретінде есте қалды. Оның советтік-партия қызметінде қазақ жастары арасында алғашқылардың бірі болып еңбек етуін ел-жұрты жоғары бағалап, жаза басқанына қарамай ілтипатын танытып көрсеті. Түзеу лагеріндегі 10 жылда көрген ауыр еңбек зардаптары салдарынан К.Сәбитов ұзақ жасамай, 1970 жылдары қайтыс болды. Алдағы уақытта облыстық архивте сақталған қосымша деректерді одан әрі сұратып, екшеп, сұрыптап, 10 жылға үкім шығарылған қылмыстық істің егжейтегжейін зерттейтін боламыз. Кәрім Сәбитовтей ел үшін еңбек еткен адамдардың қызметін саяси науқан режимінен бөлек алып қарайтын уақыт жетті. Нұрбол ҚАНАТБЕКҰЛЫ. Сәбитов Кәрім Сәбитұлы кеңес өкіметі тұсында Павлодар облысының Куйбышев-Краснокутск аталған қазіргі Ақтоғай ауданында жастығына қарамай, лауазымды қызмет атқарған партия және совет қызметінің қайраткері болатын. Еліне абыройлы болған еді
SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 25 ТАҒЗЫМ Рухы биік азамат еді Ұлт және тіл жанашыры, адамгершілік, еңбекқорлық сынды асыл қасиеттерді бойына жинаған жан Ульян Мақұлұлының есімі өңірімізге етене таныс. Асыл азаматтың өмірден өткеніне бір жыл болды. Ол саналы ғұмырын еліне қызмет етуге, ұрпақ тәрбиесіне арнаған еді. Ульян Мақұлұлы Мақұлов 1939 жылғы 15 маусымда Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданындағы Еңбек ауылында туды. Әкесі - Мақұл, анасы - Мұһмина ұжымшар мүшелері болды. Ульян Мақұлұлы Орал педагогикалық училищесі мен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1958 жылы Павлодар облысы Ермак ауданындағы Құркөл жетіжылдық мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, кейін сол мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. 1962-1972 жылдары Орал облысы Чапаев ауданындағы М.И.Калинин атындағы орта мектепте мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1972-1976 жылдары Орал облысы Чапаев аудандық партия комитеті саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1976-1982 жылдары Павлодар облысы Май аудандық партия комитетінде нұсқаушы, насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, 1982-1987 жылдары Павлодар қаласындағы Ильич аудандық және қалалық партия комитеттерінде нұсқаушы қызметтерін атқарды. 1987 жылы еңбек жолын «Қызыл ту» газетінде партия тұрмысы бөлімінің аға тілшісі ретінде жалғастырды. Ал 1990- 2005 жылдары халық депутаттары Павлодар облыстық атқару комитеті мен облыс әкімінің аппаратында сектор меңгерушісі, құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2005-2014 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында бақылау және құжаттамамен қамтамасыз ету, ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бөлімдерінің бастығы, 2014-2017 жылдары облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінде аппарат басшысы, 2018-2020 жылдары «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды. Ол соңғы 30 жыл дересінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптары мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру және ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелермен айналысты. Ульян Мақұлұлы мемлекеттік тіл мерейінің облыс көлемінде артуына көп еңбек сіңірді. Оның Павлодар облысы әкімшілігі аппаратында және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында жұмыс атқарған жылдары осы мақсатта дайындаған әдістемелік, көмекші және анықтамалық құралдары аз емес. Олардың қатарында «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері», «Мемлекеттік тіл күнделікті жұмыс және ісқағаздарын жүргізу тілі», «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу мәселелері», «Ұлтыңды сүйсең, ана тіліңді ұлықта, азамат!» «Рухани құндылықтарымыз, мақтанышымыз», «Сатира, юмор, әзіл-қалжың тәрбие құралы әрі жанға азық» сынды еңбектері бар. Маманның тілге, тіл мәдениетіне, аударма және ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге арналған зерттеу еңбектері облыстық «Saryarqa samaly», «Ертіс дидары» газеттерінде және әр деңгейдегі мәслихаттар жинақтарында жарияланды. Оның туған тілді насихаттауда осы кезең ішінде жинақталған мол тәжірибесін бөлісудегі, аймағымыздың түрлі сала мамандарын оқыту және тәрбиелеу жолындағы жұмысы айтарлық. ПМПИ-дің құрылымдық бөлімшелерінде ісқағаздарын жүргізумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыруда қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған іс-шараларды жүйелі ұйымдастырды. Ішкі аудитор ретінде құрылымдық бөлімшелерде ісқағаздарын ұйымдастыру және ұйымдастыру-басқару құжаттамасын рәсімдеуде институт сапа менеджменті жүйесі құжаттарын дайындаушылардың бірі, тәртіптік және ардагерлер кеңестерінің мүшесі, кәсіподақ ұйымы тексеру комиссиясының төрағасы болды. Облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінде кызмет еткен уақытта мешіт ұжымын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының талаптарына сай жұмыс атқаруға жұмылдырды. Жұртшылық арасында дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттауға белсене атсалысты. Тағылымды мақалалары облыстық баспасөзде жарияланды. «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде бірлестік мүшелерінің алдына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын белсенділікпен насихаттау, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу бағытында біршама іс-шара атқарды. Тағылымды той өткізу жөнінде өңір жұртшылығына Үндеу, жарияланды. Аталы сөзіміз - батаны үйренуге кішілер мен үлкендердің назары аударылды. Осы мақсатта облыстық, аудандық байқаулар да өткізілді. Ульян Мақұлұлының қажырлы еңбегі Кеңес үкіметі тұсында да еленіп, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, еліміз Тәуелсіздік алған соң да Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен, «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 және 25 жыл» медальдарымен, облыстық мәслихаттың, Павлодар облысы және Павлодар қаласы әкімдерінің, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының, ПМПИ ректорының Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапатталды. 2012 жылы есімі Павлодар қаласының «Еңбек данқы аллеясына» енді. Ульян Мақұлұлы қоғам жұмысы мен ұрпақ тәрбиесіне атсалысып, өмірі мен еңбегін халқына арнады. Ульян Мақұлұлының бойындағы адамгершілік, енбекқорлық, ұйымдастырушылық ізденімпаздық қасиеттері кез келген жанды тәнті етпей қоймады. Көпшілікпен бірлесе отырып құрған «Ақсақалдар тағылымы» бірлестігі мүшелерінің құрметіне ие болды. Осындай абзал азаматтың фәниден бақиға аттанғанына бір жыл болды. Көзі тірі болса биыл 85 жасқа толған мерейтойын атап өтер едік. Жаны жаннатта болып, артында қалған жұбайы Баукен Мұхтарқызы мен ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін. Құралай УАҚПАЕВА, «Ақсақалдар тағылымы», «Нұр-Ана әлемі» бірлестіктерінің мүшесі. Суретте: оң жақта бірінші (түрегеп тұрған) Ульян Мақұл. ХАЛЫҚ ЕМІ Қаныңыз таза болса, ауырмайсыз! Аурудың көбі қанның ластануынан пайда болады екен. Яғни, дұрыс тамақтанбаған кезде, түрлі аурулармен ауырғанда қан құрамы бұзылады да, адам аурудан көз ашпай қалатын көрінеді. Сондықтан ауырғыңыз келмесе, қан құрамының таза болуына мән бергеніңіз дұрыс. Грек жаңғағын көбірек жеп, жеміс шырындарын көп тұтыныңыз. Әсіресе, аққайың шырыны өте пайдалы. Екіншіден, дастарханыңыздан теңіз капустасы, қалақай, көк пияз, аскөк, сәбіз, қарақат және асқабақ үзілмесін. Бұлардың бәрінің де құрамында қанға қажетті витаминдер мен минералдар жеткілікті. Үшіншіден, төменде келтірілген рецептердің бірін таңдап, оны ұдайы пайдаланып жүрсеңіз, қаныңыз тазарып, ауру жоламайды. Итмұрын жемісінің 20 грамына 1 стақан су құйып, баяу отта 10 минут қайнатыңыз. Оны күніне екі рет жарты стақаннан ішіп жүру керек. 1 стақан қайнаған суға 10 грамм жүгерінің шашағын салып, 10 минуттан кейін сүзіп алу керек. Оны күніне бір ас қасықтан үш рет ішеді. Осылайша, үш апта үзбей ішіп жүресіз де, он күн демалып, қайталайсыз. 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық бақбақтың тамыры мен шөбін салып, 1 сағат тұндырып қоясыз. Содан соң сүзіп, күніне жарты стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішесіз. Сіздер де пайдаланып көріңіздер, мүмкін пайдасы тиіп қалар. Егер қандай да бір өсімдікке аллергияңыз болса, алдымен емдеуші дәрігеріңізбен ақылдасып алыңыз. Құлаққа қауіп қайдан? Бүгінде құлаққа тиген суықтан зардап шегіп, есту қабілеті нашарлаған адам көп арамызда. Суық тиюді, тұмауды ауру деп санамағандықтан болатын бұл асқыну талайды түңілдіріп жүргені мәлім. Қазір жастар басын жуа сала далаға шығып кетеді, салқын, жаңбырлы күндері жалаңбас жүреді. Оның соңы құлақ түбіндегі тамырларды суықтатудан басталып, соңы өкінішке ұрындырып жатады. Есту жолдарына инфекция түсетін кездер де болады. Сөйтіп, құлақтың естуі біртіндеп нашарлай береді. Егер құлағыңыздың естуі нашарласа, дереу мына халық емін жасап көріңіз: Бал мен даршынды біркелкі етіп араластырып, күн сайын жеп тұрыңыз. Күніне 3 ас қасық жеткілікті. Ол есту қабілетін жақсартып, ағзаның басқа да зиянды бактериялармен күресуіне көмектеседі. Қызыл шарап пен көк шай да құлақтың естуін жақсартуға көмектесе алады. Бұл екеуінің құрамында антиоксиданттар көп. Олар құлақтың ішіндегі түкті қорғайды. Ал түк естуді жоятын бактерияларға тосқауыл қояды. Сол үшін күнделікті ішетін сусынның құрамына көк шайды қосу керек. Сарымсақтың бірнеше түйірін алып, суын шығарып, зәйтүн майымен теңдей етіп араластыру керек. Майды дәке арқылы өткізген дұрыс. Осыны күніне 2 рет 3-4 тамшыдан құлаққа тамызып тұрса, көмегі керемет. Одан кейін құлақты міндетті түрде мақтамен «тығындап» қойыңыз. Қызыл пияздың 30 миллиграмм шамасындағы шырыны мен сынша сарымсақтың шырынын араластырып, күніне бірнеше рет ішсеңіз құлақтың суықтауы, естуді нашарлауынан тез құтыласыз. Олай болса, құлаққа қауіп қайдан демеңіз, оны суықтаудан, шаң-тозаң түсуден, кірлеуден сақтаңыз және міндетті түрде жылына бір рет ЛОР дәрігерге тексеріліп тұрыңыз. Зеренің (Тмин) пайдасын білесіз бе? Палауға қосылатын зере ас қорытуды жақсартады. Егер одан тұнба әзірлеп қойса, жас баладағы ықылықтың тез қайтуына көмектеседі. Жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынбауына, инфаркттің алдын алуға, тамырдың түйілуіне, бас сақинасына қарсы көмегі де бар. Ал енді зиреден тұнба әзірлеу құпиясына келейік. 1 шай қасық дәнді қайнаған ыстық суға саласыз. Оны 30-40 минут тұндырасыз. Күніне 3-4 рет, астан бұрын ішу арқылы кешке дейін осы 1 стақан тұнбаны тауысасыз. Яғни, 1 стақан тұнба 1 күнге жетеді. Ем нәтижелі болу үшін зирені таңдай білу керек. 6 айдан асқан болса, оның емдік қасиеті кемиді. Сондықтан жақын арада дайындалғанын алыңыз. Ұзақ тұрып қалған зиренің иісі мен дәмі ашқылтым-қышқыл болады. Ал тұнбаны арасын үзбей, кемінде 1 ай қабылдаған дұрыс. Оны қалағаныңызға жалғастыра аласыз. Әзірлеген - Бегімхан ИБРАГИМ, Ақсу қаласы, Абай атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Осы жылы елімізге белгілі суретшілер Всеволод Теляковский, Гүлфайруз Ысмайылова, Құлахмет Қожықов, Үкі Әжиев, Мәжит Бәйтенов, Александр Бибин, Регина Великанова, Павел Реченский, Елена Карасулова және т.б. шеберлердің мерейтойлары аталып өтпек. Осыған орай облыстық көркемсурет музейі қордағы суреттерден көрме ұйымдастыруды жөн санаған. Туындылардың арасынан ерекше көзге түсетіндері - қазақ суретшілерінің алғашқы буынының өкілі, тұңғыш суретші-график Құлахмет Қожықовтың суреттері. Қылқалам шеберінің «Саябақ күзі», «Клиндегі орман», «Клиндегі үй» атты акварельдік шығармаларынан орманның сұлулығын сезіне аласыз. Іле Алатауы мен Қаратау етектеріндегі сұлу көріністерде әбден кесіліппішілген детальдар бар. «Сырдария кеші» композициясында картинаның кеңістігін батып бара жатқан күннің отты шары толықтыра түседі. Көзіңді алысқа, жоғарыға алып кететін оңтүстіктің күлгін тартқан көгілдір аспаны мен өзен ағыны бейбіт өмір мен тыныштықтың келбетін суреттейді. Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші Айша Ғалымбаевадан кейін ойымызға бірден Гүлфайруз Ысмайылова түседі. Қазіргі Ресейдегі СанктПетербург қаласындағы И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген көрнекті қылқалам шебері отандық бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосты. Гүлфайруздың шығармашылығын көп өнертанушы қазіргі уақытта да заман бейнесі ретінде қарастырады. Мұндай көзқарас көбінесе суретшінің портреттік жұмыстарына байланысты. Ысмайылова өзінің театрдағы жұмысы арқылы шынымен де өз заманының аса дарынды орындаушыларымен таныс болып, бірге жұмыс істеп, оларды жақыннан, күнделікті жұмыс барысында бақылауға мүмкіндігі болған суретші болды. Биыл 100 жылдық мерейтойы аталып өтетін Үкі Әжиев өзінің көпқырлы шығармашылығында ұлттық акварель мектебінің тұтас бір қалыптасу дәуірі мен өркен жайған шағын бейнеледі. Тынымсыз шығармашылық ізденістің, адам баласына деген, оны қоршаған ортаға деген адал махаббаттың иесі болған ол Қазақстандағы көркемдік процестің дамуында шоқтығы биік белеске айналды. Шебердің сексен жылдық шығармашылық жолы Қазақстан бейнелеу өнеріне адал қызмет етті. Өз кезегінде қазақстандықтар оның еңбегі мен шығармашылық мұрасына ерекше құрметпен әрі ризашылықпен қарайды. Ү.Әжиевтің жұмыстары – ел мәдениетінің өлмес ескерткіші әрі әлемдік бейнелеу өнерінің үздік жинақтамаларында Қазақстанның даңқын шығарған дүниелер. Атап айтқанда, Лондон сәулет және өнер мұражайында (TateBritain), Мемлекеттік Третьяков галереясында, Шығыс өнері мұражайында (Мәскеу), ТМД елдерінің және Киев, Вильнюс, Ригаөнер мұражайларында, Франция, Италия, Германия, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея және т.б. жеке коллекцияларында сақтаулы. Ал Мәжит Бәйтенов өзінің шығармашылығында көне тарихты, соның ішінде түркі халықтарының тарихын, салт-дәстүрлерін бейнелеуге бейім болды. Көптеген суретінде Тамғалы петроглифтері көзге шалынады. Сондай-ақ, ауыл тақырыбы да жанына жақын. Суретші шығармашылығының бір ерекшелігі, ол картиналарын авангардтық, абстрактілі стильде салады. Суретшілердің туындылары жоғары кәсіби деңгейімен, олардың тақырыптық, жанрлық және стилистикалық алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мұндай көрмелер біздің өңіріміздің және Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға және бейнелеу өнерінде өз жолын енді ғана бастағандар үшін эстетикалық бағдар және шеберлік мектебі болары анық. Айта кетейік, аталмыш көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Айдана БОРАНБАЕВА Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек. 26 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ӨНЕР SARYARQA SAMALY Ел тарихы - сурет тілінде Жуырда Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде биыл мерейтойлары аталып өтетін қылқалам шеберлерінің көрмесі ашылды. Оған белгілі суретшілердің мүсін, кескіндеме және графика техникасында орындаған 30-дан астам туындыcы қойылды. ҚЫЛҚАЛАМ
ТАҒЗЫМ Өмірі өнегеге толы еді Күндер мен айлар зулайды. Жылдар да зырлайды. Өмір осылай өтіп жатыр. Өмірден талай жақсы мен жайсаңдар кетіп жатыр. Сол жандарды еске алсақ, өмірлік ұстанымдары көпке үлгі боларлықтай. Әсіресе, бүгінгі жас буынға өнегесі мол. Сондай адамдардың бірі – нағашым, Павлодар облысы Успен ауданының ардагер ұстазы, саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім беруге арнаған, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Бақыткерей Бәйтенов. Ол кісі елді ашаршылық пен жоқшылық жайлаған 1931 жылы ол кездегі Лозов ауданы Мадияр (кейін Амангелді) ауылында дүниеге келіпті. Төрт баланың кенжесі Бақыткерейдің 1940 жылы әкесі Бәйтен ауырып, көп ұзамай қайтыс болады. Бір жылдан соң балалық шағын соғыс өрті шарпиды. Қос ағасы Ғазиз бен Мүкарам майданға аттанғанда, сауыншы анасы Рабиғаға көмектесіп, сабақтан соң колхоз жұмысына араласады. Баланың есепке жүйріктігін байқаған колхоз бастығы, оған жаз бойы учетчик-землемердің жұмысын сеніп тапсырады. Ересек адамның күні бойы ыстықта далада жүріп, жер өлшейтін жұмысы ішсе асқа, кисе киімге жарымай, соғыс тауқыметін тартып жүрген жасөспірімге ауыр тиеді. Денсаулығы бұзылады. 1945 жылы қатты ауырып қалып, жедел Павлодардағы әпкесі Бәдіғұлға аттандыруға тура келеді. Ұзақ емделіп, құлан-таза сауыққан соң, апа-жездесі Бақыткерейді ауылға жібермей, ол ағасы Ғазиз оқыған Павлодар педучилищесіне түседі. 1946 жылы Кереку өңіріне аты мәлім ұстаз Бейсен Ахметовтің шәкірті атанады. Денсаулығы түзелген, үстіне майдангер жездесі Кәрімнің солдат шинелін киген, иығына полевой сумкасын асынған Бақыткерей сымбатына көз тоярлық жігіт болып шыға келеді. Соғыстан соң кенептен көйлек-шалбар киіп, шүберек сумка ұстаған қатарластары арасынан ол оқуға зеректігімен де ерекше көзге түседі. Көп ұзамай алғыр да озат студент училище мұғалімдерінің мақтанышына айналады. 1948 жылы үздік дипломмен оқу бітірген Бақыткерейге ұстаздары жоғары білім алудың қажеттігін қайтақайта есіне салып, ақ жол тілеп қала береді. Нағашым Бақыткерей ұстаздық жолын тұңғыш рет 1948 жылы Лозов ауданы Тобылжан қазақорыс орта мектебінде 1-9-сыныптарда бастауыш сынып әрі математика мұғалімі болып бастайды. Ал 1950 жылдың жазында жас жігіт армандаған әсем қала Алматыға келеді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Нағашым жас математикғалым О.А.Жәутіковтен дәріс алып, білімін шыңдайды. Математика ғылымына ерекше дарыны анықталады. Группаластары - кейін Нархоз институтының профессоры, математика ғылымының докторы Роза Есілбаева мен Технология институтының доценті, математика ғылымының кандидаты Тұңғышбек (Болат) Бұлабаевтың айтуынша, ол кезде курстастар арасында қиын есеп кездескенде «Бақыткерей Бәйтенов шығармаса, ол есепті ешкім шығара алмайды» деген түсінік кеңінен орын алады. 1955 жылы ҚазМУ-ді қызыл дипломмен аяқтаған нағашымның алдынан бірнеше жол ашылады. Бірі – университеттің математика кафедрасы меңгерушісі, көрнекті ғалым О.А.Жәутіков қол астында қалып, аспирантураға түсуге кеңес береді. Екіншісі – Семей пединститутына жолдама алу ұсынылады. Бірақ, неге екені белгісіз, ел ішінде ақыл, парасатымен сыйлы болған Рабиға анасы бұл ұсыныстардың бәріне үзілді-кесілді қарсы болады. Ол кісіні ешкім райынан қайтара алмайды. Әжеміздің неге олай істегенін ешқайсымыз осы күнге дейін түсінбей келеміз. Мінезі жұмсақ, жүрегі мейірімді, ешкімге қатты сөйлемейтін, өте зиялы Бақыткерей нағашыма анасының сөзі заң еді. Жас маман елге оралады. Ғазиз нағашым оқудан келген інісінін құрметіне жаздыгүні жылқы сойып, бүкіл Успен ауданындағы сыйластарына той жасағаны, барлық туған-туысқандардың шат-шадыман болғаны бес жасар менің әлі күнге дейін есімде. Себебі, Бақыткерей Бәйтенұлы бір әулеттің ғана емес, сол кезде бүкіл ауданның университетті үздік бітірген тұңғыш жоғары білімді маманы, қазақ жастарының болашағына бағдар, ел үміті мен мақтанышы еді. Ол көпшіліктің сол үлкен үмітін адал ақтап шықты. Успен ауданында 45 жыл еңбек етті. Мектеп мұғалімі болып бастаған педагогикалық қызметі мектеп директорлығына ұласты. Одан соң аудандық оқу бөлімінің инспекторлығына көтеріліп, ауыл мектептерінде білім сапасын арттыруды қадағалады. Кейін аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалғанда тың игеруші орыстілді тұрғындардың көбеюіне байланысты туындаған үлкен мәселе – қазақ мектептерінің қысқармауына күш-жігерін салды. Қазақ мектептерін материалдықтехникалық жағынан демеп, педагогикалық құрамын күшейтті. Ресеймен шектес елді мекендегі «Маяк» қазақ мектебін жабылудан сақтап қалу үшін зор тер төкті. Ауылды жерлерде жаңа мектептер ашып, мұғалімдердің білімі мен біліктілігін арттыру Бақыткерей Бәйтенұлының басты міндеттерінің бірі болды. 1967 жылы Алматыда өткен республикалык 4-інші мұғалімдер съезінің делегаты болып катысты. Ұзақ жылдар абыроймен атқарған қызметі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін көтеруге барынша еңбек етті. Успен ауданына танымал педагог, тіл жанашырлары, белсенді ұйымдастырушылар Балқия Қосымқызы Төлебаева мен Үнзила Абайқызы Темірғалиева қазақ тілін насихаттау, қазақ сыныптарын, мектептерін ашу, мемлекеттік тілде мерекелер өткізу жұмыстарын жүргізу барысында өздеріне Бақыткерей Бәйтенұлы рухани асқар тау, идеялық дем беруші, моральдік қолдаушы болғанын көздеріне жас ала отырып, еске алатын. Ал педагог-математик ретінде ол кісі оқулықпен ғана шектелмеді. Математикаға қабілетті оқушыларға бағдарламадан тыс, «Квант» журналынан, қосымша оқулықтардан есептер шығартып, оларды жоғары және арнайы орта оқу орындарына түсіп кетуге дайындайтын. Ұлы Сейітқалымның айтуынша, ол кісі күнделікті тапсырмадан тыс, бір аптаға қосымша тағы көп есеп беріп, міндетті түрде оларды тексеріп, талқылайтын көрінеді. Сондықтан Павлодар индустриалды институтына қиналмай түскенін мойындайды. Қызы Баян Алматы технология институтына емтихан тапсырғанда, комиссия мүшелері оның математикалық біліміне риза болып, талапкердің ауыл мектебін бітіргенін білгенде, таң қалады. Талай жастың жарқын болашағына жол ашқан, жерлестерінің алғысына, сый-құрметіне бөленіп, абыройға ие болған Бақыткерей Бәйтенұлы 63 жасында ауыр сырқаттан туған жерінде көз жұмды. Ең бастысы, нағашым өмірлік жары Қамария Рахаділқызымен жақсы ұрпақ тәрбиелей білді. 1958 жылы Ертіс ауданында екеуі отау құрады. Өмірлік серігі жане әріптесі Камария аптай нағашыма тірегі және ақылшысы бола білді. Екеуі бір ұл және екі қызды лайықты өсіріп тәрбиеледі. Тұңғышы Сейтқалым Павлодар индустриалды институтын бітіріп, құрылыс саласында қызмет жасады. Баян Алматы технологиялык институтты бітірген соң көп жылдар бойы тамак өнеркәсібі саласында қызмет атқарды. Қазір екеуі де зейнеткер. Осы әулеттін келіні Гүлжан Сандыбайқызы және күйеу баласы Серік Сағадатұлы - қоғамның қарапайым және абыройлы мүшелері. Кенже қызы Гүлнәр әке жолын қуып, есеп-қисап мамандығын таңдады. Қазір ол – беделді де танымал аудитор. Балалары ғана емес, немережиендерінің бәрі де жоғары білімді, абыройлы мамандар. Немересі Қуаныш - Алматы энергетика институтының түлегі, информация технологиясының мықты маманы, осы саладағы үлкен мекемені басқарады, екі ұлдың әкесі. Жиендері Айгерім мен Айжан - орта мектепті «Алтын белгі»-мен сонан соң Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетті жане Назарбаев Университетін үздік бітірген дарынды жастар. Қазіргі күні білім қуған немересі Айдана АҚШ-та. Айжан Нью-Йорктегі Колумбия университетінің магистратурасын бітіріп, БҰҰ-нда қызмет істейді. Айгерім Эдинбург университетінің магистратурасын аяқтап, Лондон университетінде де білімін шың-дады. Қазір Айгерім – халықаралық құқықтанушы-эксперт. Биыл жазда Бақыткерей Бәйтенұлының дүниеден озғанына 30 жыл болады. Осы уақыт аралығында нағашымды тек суретінен ғана танитын жастар көбейіп, ол кісіні жақсы білген, сыйласқан жандар азайып келеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, жас ұрпақ аталары жайлы мағлұмат алсын деп, білгенімді қағаз бетіне түсіруді жөн көрдім. Нағашым - мен үшін туған жері мен еліне, отбасына адалдықтың үлгісі. Оқуға зеректігімді білген ол кісі бала кезімнен тек Алматыда ғана оқуды, мамандық таңдауда жаңылмауды, білім жолында құрдастардың алдында болуды, «адасып кетпей» елге оралуды санама тамшылатып сіңіре білді. Алматының шет тілдер инситутына оқуға түсіп кеткенімде, төрт жылдан соң диплом алып, Павлодарға оралғанымда нағашымның баладай қуанғаны көз алдымда. 40 жылғы педагогикалық еңбек жолымда нағашым Бақыткерей Бәйтенұлындай абыройлы ұстаз болуды мақсат еттім. Жақсы жанның жарқын бейнесі, елі мен жеріне сіңірген адал еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Ұрпағына үлкен үлгі-өнеге болады деген сенімдемін. Тұрсын АСЫЛБЕКОВА, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Астана қаласы. ..Кейін аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалғанда тың игеруші орыстілді тұрғындардың көбеюіне байланысты туындаған үлкен мәселе – қазақ мектептерінің қысқармауына күш-жігерін салды. Қазақ мектептерін материалдық-техникалық жағынан демеп, педагогикалық құрамын күшейтті... ,, SARYARQA SAMALY БЕЛЕС 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 27
28 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ШЕШІМ SARYARQA SAMALY Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы №65/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7406-14 болып енгізілді) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 2- тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1) «Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; 5- тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі: 1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні; 2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; 3) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні; 4) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні; 5) 9 мамыр - Жеңіс күні; 6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні; 7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні; 8) 1 қазан- Карттар күні; 9) 25 қазан - Қазақстан Республикасының күні; 10) 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.»; 8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді: 1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек: 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге; оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге; Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге; 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде; 26 сәуір - радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 150 000 (жүз елу мың) теңге; 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге; 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге; 7 мамыр –Отан қорғаушы күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге; 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге; 9 мамыр –Жеңіс күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 2 000 000 (екі миллион) теңге, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, жұмысшылары мен қызметшілеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы; Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге; Майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге; бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (жүз мың) теңге; Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде; Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде; қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге; басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер 10 (он) АЕК мөлшерінде; Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 000 (жүз мың) теңге; 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде; Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарына 60 000 (алпыс мың) теңге; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына 50 000 (елу мың) теңге; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 50 000 (елу мың) теңге; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабарошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Заңның 4, 5, 6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде; бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге; бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 150 000 (жүз елу мың) теңге; 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарына 10 (он) АЕК мөлшерінде; Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде; «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде; 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде; Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына 30 (отыз) АЕК мөлшерінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде; 1 қазан - Карттар күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 маусымда №7559-14 болып тіркелді Павлодар қалалық мәслихаты 8-сайланған XVII –кезектен тыс сессия 2024 жылғы 24 мамырдағы №153/17 ШЕШІМ Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №65/8 «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
SARYARQA SAMALY ШЕШІМ 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 29 жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына 2 (екі) АЕК мөлшерінде; зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына 3 (үш) АЕК мөлшерінде. 25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына 5 (бес) АЕК мөлшерінде; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарына 5 (бес) АЕК мөлшерінде; 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде: Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан азаматтарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде.»; «2) біржолғы әлеуметтік көмек: Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде қызметтердің және (немесе) атқарылған жұмыстарына келісім-шарт, тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін; Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде сауықтыруға арналған 50 (елу) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 2) тармақшасында, бесінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін; Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емделуге еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, екінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін; мемлекеттік корпорацияның негізінде 2,5 АЕК мөлшерінде, екінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін; Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде, үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін; «Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде, жетінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін; мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде 4 (төрт) АЕК мөлшерінде, үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін (18 жастан және одан жоғары); Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты, баланың туу туралы куәлігін қоса бере отырып өтініш негізінде кәмелетке толған балалары бар мүгедектігі бар адамдарына 5 (бес) АЕК мөлшерінде; Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында, бесінші абзацынын 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, екінше абзацының 7-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін; Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында, екінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келтіру, (меншігінде бір тұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарға (отбасына) қоспағанда) - 100 (жүз) АЕК мөлшерінде (алты айға жарамды); «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі негізінде онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде; Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде; Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында, үшінші абзацынын 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде «жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде; Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында, үшінші абзацынын 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде «инсулинге тәуелді қант диабеті» ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде; Қағиданың 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, 12 аптаға дейін жүктілікке тұруы туралы медициналық анықтаманы қоса бере отырып өтініш негізінде 12 аптаға дейін жүктілік мерзімінде есепке тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылардағы әйелдеріне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде; қала әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Қағиданың 12-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін төленеді; тұрғын үйге меншік құқығын растайтын (пайдалануға) құжаттың көшірмесі немесе жалға алу келісім-шарт негізінде, пештік жылытуды растайтын құжат, Қағиданың 12-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі), бірінші абзацының 7-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін.»; «3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек: Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға); Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 2) тармақшасында, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 3) тармақшасында, үшінші абзацының 4) тармақшасында, екінші абзацының 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (коммуналдык қызметтерге).»; «4) ай сайынғы әлеуметтік көмек: Қағиданың 12-тармағының алтыншы абзацында 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 7-тармағы 8) тармақшасында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырапбағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары мүгедектігі бар адамдар (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін; 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде; Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға; Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде.». 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қ.ҚОЖИН КЕЛІСІЛДІ: Павлодар облысы әкімінің м. а. _______________ С. Батырғұжинов 2024 жылғы «___» __________ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 11 маусымда № 7560-14 болып тіркелді. Павлодар облыстық мәслихатының ШЕШІМІ (VIII сайланған ХІІІ (кезектен тыс) сессия) №128/13 Павлодар қаласы 2024 жылғы 7 маусым Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №381/34 «Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы ОҚЫС ОҚИҒА Жасөспірімдер жол апатына түсуде Өткен аптада Павлодар-Ақсу бағытындағы жолда жантүршігерлік оқиға орын алды. Скутер тізгіндеген екі жасөпірім жол жиегінде тұрған «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 15 жастағы екі бала да мерт болды. Қазақстан Республикасының «Құқтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 381/34 (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6563 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы И.ТЕРЕНЧЕНКО. Оқыс жағдай 5 маусым күні орын алған. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Қуаныш Мұстафинов жантүршігерлік оқиға Павлодар-Ақсу тас жолында Қарабай ауылы аумағында орын алғанын айтады. Жол-көлік оқиғасы кезінде алған ауыр жарақаттардың салдарынан скутер жолаушысы мен жүргізушісі қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Облыстық жедел жәрдем станциясына шақырту сағат 17.00 шамасында түскен. Екі жедел жәрдем бригадасы 9 минуттың ішінде жеткен. Өкінішке қарай, дәрігерлер оқиға орнында 15 жасар жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлайды. Ауыр жарақат алған тағы бір 15 жастағы бала №1 Павлодар қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны ажалдан аман алып қала алмады. Бір сәтте екі жас қыршыннан қиылды. Бұрнағы күні де облыс орталығында жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық жедел жәрдем станциясына 11 маусымда түнгі сағат 02.00 шамасында Назарбаев – Толстой көшелерінің қиылысында көлік аударылғаны туралы хабарлама түсті. Екі медициналық бригада оқиға орнына төрт минут ішінде жедел жетті. Жол апаты кезінде 2007 және 2012 жылы туған жасөспірімдер зардап шекті. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Тойота Чайзер» көлігінің жүргізушісі қауіпті жылдамдықты сақтамай, рөлге ие бола алмай жарық бағанына соғылған. Қатты соққыдан көлік аударылған. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен 36 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 3 жасөспірім көз жұмып, 41 бала жарақат алған. - Жыл басынан бері өңірде 355 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 20 адам көз жұмып, 404 адам түрлі дене жарақатын алды. Соңғы уақытта мотоцикл, скутерлердің қатысымен болатын жол апаты жиілеп кетті. Мұндай көліктерді кәмелетке толмаған балалар жүргізеді. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер екі доңғалақты көліктерді басқара алмайды. Олар эмоцияға беріліп, жылдамдықты шамадан тыс арттырады. Бірақ оның соңы қайғылы оқиғаларға әкелетінін білмейді, - дейді Қуаныш Мұстафинов. Облыста түнгі уақытта бақылаусыз жүретін бала көбейген. Жыл басынан бері полицейлер ата-ананың қарауынсыз кешкі сағат 22.00-ден кейін көше кезіп жүрген 1007 жасөспірімді анықтаған. Баланы дұрыс тәрбиелемегені үшін 316 ата-ана жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмаған балаларды түнгі уақытта ата-анасыз ойын-сауық орталықтарына кіргізген 48 кәсіпкерлік субьектісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. - Қазіргі ата-аналар бала тәрбиесіне жауапсыздық танытуда. Бақылаусыз жүрген бала оқыс жағдайға тап болатыны сөзсіз. Неге осы жағдайға мән бермейді? Баласының тілегін орындап мопед, мотоцикл алып бергеніне мәз болады. Мұндай салғырттық жантүршігерлік оқиғаларға әкеледі. Түн ортасында бала жалғыз не істейді? Ата-анасы қайда қарап отыр? Жақында ғана түнгі сағат 00.00 шамасында Мәшһүр Жүсіп көшесі, 386-үй мекенжайында жалғыз жүрген жасөспірімді көрдік. Ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Өкінішке қарай, әке-шешелер баласының жалғыз жүруінің себебін түсіндіре алмайды. Ол түгілі баласының қайда жүргенін де білмейді. Ата-аналар қауымынан бала тәрбиесіне мұқият болуды сұраймын, - дейді Павлодар облысы полиция департаменті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина. А.АСҚАРҚЫЗЫ. ДЕНСАУЛЫҚ Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. Министр бұл жағдай екпе салдырмаудың салдарынан орын алғанын мәлімдеді. Аурудан көз жұмған нәресте екпе алмаған. Елімізде көкжөтел өткен жылдан бері көбейіп келеді. Жөтел жұқтырған балалардың 80 пайызы екпе алмаған. Ал емханаларда вакцина қоры жеткілікті. Мемлекет тарапынан қосымша қаражат та бөлінген. - Қайтыс болған сәби мерзімінен бұрын туған. Көкжөтелге қарсы екпе алмаған. Ауруханаға кеш түскен. Ағзадағы ауру асқынғандықтан, оған көмектесе алмадық. Көкжөтел - жеңіл өтетін ауру емес. Сондықтан ата-аналарды тегін вакцина алуға шақырамын. Мұндай індеттің соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін, - дейді А.Әлназарова. Ал Павлодар облысындағы ахуал қандай? Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көкжөтел бойынша жағдай тұрақсыз екенін жасырмады. Өткен жылы дәл осы кезеңде бірде-бір жасөспірім ауырмаған болса, жыл басынан бері 68 бала көкжөтел жұқтырған. Көкжөтел – тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруы. Көбінесе мұндай диагноз 14 жасқа дейінгі балаларда қойылады. Өкпе қабынып, миға да зақым келуі мүмкін. Көкжөтелді емдеуге арналған арнайы препарат жоқ. Екпе алған балаларда бұл дерт жеңіл түрде өтеді. Сондықтан індеттен қорғайтын жалғыз жол - вакцина. Биыл елімізде екпе алмаған үш бала көкжөтелден қайтыс болған. Екпе алмаудың басты себебі – ата-аналардың бас тартуы. Мамандар соңғы бірнеше жылда екпе алмаған балалар санының артуы аурудың өршуіне әкелгенін айтады. А.АСҚАРҚЫЗЫ. Көкжөтелдің емі - вакцина Елімізде көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Жақында Қарағанды қаласында бір жастағы сәби осы диагноздан көз жұмды.
30 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл ШЕШІМ SARYARQA SAMALY Павлодар облыстық мәслихатының ШЕШІМІ (VIII сайланған ХІІІ (кезектен тыс) сессия) №127/13 Павлодар қаласы 2024 жылғы 7 маусым Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 48 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін. 2. Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдері жойылсын: 1) 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «Павлодар облысы мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 381/34 «Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 115/10; 2) Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы «Павлодар облысы мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 381/34 «Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 31/3. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыстық мәслихаттың төрағасы И.ТЕРЕНЧЕНКО. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді. Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен бекітілген «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) санитариялық қағидаларымен айқындалады. Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар «Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» қағидалар жинағымен» (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады. 2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; 2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері; 3) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны; 4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ; 5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылықөкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. 3. Қағидалар Павлодар облысының әкімдігімен Үлгілік қағидаларға сәйкес әзірленеді. 4. Қағидаларды әзірлеу кезінде елді мекендер аумағының, олардың құрылысының, сондай-ақ зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру, тарихимәдени мұра, діни мақсаттағы және табиғи ландшафтты объектілерін сақтау ерекшеліктері ескерілген. 2-тарау. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі 5. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымдары орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі. 6. Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады. 3-тарау. Зиратқа арналан жер учаскелерін есепке алу және тіркеу тәртібі 7. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері: зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады; жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады. 8. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді. 4-тарау. Қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі 9. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі. 10. Жерлеу зират қорымының әкімшілігімен жүргізілетін есепке алу журналында тіркеледі. 11. Есепке алу журналында келесі мәліметтер қамтылады: жерлеу жылы, айы, күні; зираттың (қабірдің) нөмірі; қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); туған және қайтыс болған күні; өлімнің себебі; «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені; марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнессәйкестендіру нөмірі, мекенжайы. 12. Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жазбаша өтініші бойынша жергілікті атқарушы органға қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі. 13. Сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада жатқан қайтыс болған адамдардың табылған мәйіттерін немесе олардың сүйектерін, суға кеткендерді, үйден тыс жерде кенеттен қайтыс болғандарды жерлеу жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өзіне алуы мүмкін туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған кезде қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. 14. Туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 15. Жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге рұқсат етілмейді, келесі жағдайларды қоспағанда: зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою; сүйектерді Қазақстан Республикасы бойынша немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау. Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі. 5-тарау. Зираттарды жобалау және салу тәртібі 16. Қабірлерді жобалау және салу: қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды; қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады; аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады; әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс. 6-тарау. Жерлеу орындарын абаттандыруды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстау тәртібі 17. Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында: табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға; қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға жол беріледі. Зираттарды одан әрі күтіпұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді. Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді. Зират қорымдарын (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды. 7-тарау. Жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі 18. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес белгілінген мерзімде жүзеге асырылады. 19. Зират қорымының әкімшілігі: 1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді; 2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақытылы дайындауды; 3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды; 4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды; 5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды; 6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді; 7) жерлеу қызметтерінің барлық субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы №127/13 шешімімен бекітілді Павлодар облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары
SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл 31 SARYARQA SAMALY «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Saryarqa samaly» облыстық газеті ЖШС директоры Руслан БИЛЯЛОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен, 2022 жылы «URKER» ұлттық журналистика сыйлығымен марапатталды. ЖШС-нің мекенжайы: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Редакцияның мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30 Газеттің электронды поштасы: [email protected]. Бас редактордың орынбасары - 66-15-28. Жауапты хатшы - 65-12-74. Әлеуметтік бөлім - 66-14-64, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат- 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. Жарнама бөлімі: [email protected] 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі - 66-15-41. «Дом печати» ЖШС баспахана- сында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны: 8 (7182) 61-80-26. Баспа индексі 55443. Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен сурет- тер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. «Saryarqa samaly»-нда жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Газеттің нөмірі «Saryarqa samaly»-ның компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына бір рет шығады, осы нөмірдің таралымы 3317 дана, бүгінгі көлемі 8 б.т. Телефоны: 66-15-30 Газетке Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің мерзімді басылымды, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы 29.12.2023 ж. №KZ17VPY00084792 куәлігі берілген. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 719 МЕНШІК ИЕСІ: Біздің сайт: saryarka-samaly.kz Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы, 140000, Павлодар қ., Астана к-сі, 59, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Орналасқан жері: Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК: Қазақстан Республикасы, 140200, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Батурин көшесі, 4/1, телефон 8 (7182)643909. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар жоғары білімнің болуын, сондай-ақ мынадай талаптардың бірін қамтиды: 1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономиканың/қаржының және (немесе) бизнестің және (немесе) құқықтың бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономиканың/қаржының және (немесе) бизнестің бейіні бойынша және (немесе) басшы лауазымдағы құқықтың кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік. Тұлға конкурсқа қатыса алмайды: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болып табылатын; 3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 4) басқа мүшемен жақын туыстық қатынастардағы және қасиеттердегі тұлға қатыса алмайды бақылау кеңесі немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысы. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - конкурсқа қатысу туралы өтініш; - мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; - еркін нысанда жазылған өмірбаян; - кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; - жоғары білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; - соңғы жұмыс орнынан еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі; - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.). Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 140200, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Батурин көшесі, 4/1, ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК, тел. 8 (7182)643909 бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде. Конкурс Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтеді. (20109) Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар «Altyn Group Qazaqstan (Алтын Групп Казахстан)» ЖШС Павлодар облысының Май ауданында Майлықара кен орнының алтын-күміс кендерін ашық тәсілмен өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарын жоспарлап отыр. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2024 жылғы 7 маусымдағы бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https:// www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 28.06.2024 ж. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ [email protected] электронды мекенжайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті), телефон +7(7182) 532354 қабылдайды. (20110) Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар «КАЗГИДРАТ» ЖШС Павлодар облысы Ертіс ауданындағы «Агашорын» кен орнында шөгінді жыныстарды (құмды) өндіру жұмыстарын жоспарлап отыр. Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2024 жылғы 11 маусымдағы бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https:// www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 01.07.2024 ж. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ [email protected] электронды мекенжайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті), телефон +7(7182) 532354 қабылдайды. (20110) Шарбақты аудандық сотымен Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды станциясы, Железнодорожная көшесі, №12-үйде тіркелген Юрий Михайлович Ждановтың арызы бойынша, 1974 жылы 10 наурызда туған, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Маралды станциясының тумасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды станциясы, Железнодо- рожная көшесі, 12-үйде тіркелген, Александр Михайлович Ждановты – қайтыс болды деп жариялау туралы азаматтық іс қозғалуына байланысты, азаматтың журген жері туралы мәліметтерді бар адамдардан жарияланым берілген күннен бастап үш ай мерзімде Шарбақты аудандық сотына және Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Малайсары Тархан көшесі, 31 ғимарат, мекенжайына хабарлауды сұраймыз, тел. (8-71836) 2-13-12. (412) Заңнамада «келісімшарттық қызметші» - ұлттық жобаларды және Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларға сәйкес өзге де жобаларды іске асыру үшін Заңда көзделген ерекшеліктермен келісімшарт бойынша мемлекеттік органға тартылған Қазақстан Республикасының азаматы ұғымы енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 маусымдағы қаулысымен келісімшарттық қызметшілерді, келісімшарттық қызметшілер тартылатын жоба-лардың түрлерін, еңбекақы төлеу шарттары мәселелерін және олардың қызметін реттеудің өзге де мәселелерін тарту қағидалары бекітілді. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 64-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді. Келісімшарттық қызметші ретінде Қазақстан Респуб-ликасының кемінде 18 жастағы, дені сау, медициналық қорытындыға сәйкес лауазымдық өкілеттіктерін орындай алатын, әрекетке қабілетті, жобаны іске асырудың тиісті саласы бойынша жұмыс тәжірибесі мен білімі бар азаматтары және т.б. тартылуы мүмкін. Қағидаларға сәйкес, кандидатурасын мемлекеттік органның бірінші басшысы келісімшарттық қызметші ретінде мақұлдаған адамның тартылуы келісімшарт жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады. Келісімшарттық қызметшіні тарту қажеттілігі туралы шешім қабылданған жағдайда жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органның лауазымды адамы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша келісімшарттық қызметшінің біліктілік талаптарын бекітеді. Келісімшарттық қызметші ретінде тартылатын азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 64-1- бабының 8-тармағында көрсетілген талаптарға және біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сонымен қатар, келісімшарттық қызметшілер мемлекеттік лауазымды атқара алмайды. Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін жобаны іске асыруға тартылған мемлекеттік қызметшілердің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын азаматты келісімшарттық қызметші ретінде қабылдауға болмайды. Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу, сондай-ақ оған жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау туралы міндеттемелер келісімшартта баяндалады. Келісімшарттық қызметшінің еңбегіне ақы төлеу шарттары, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша келісімшартта қызметшінің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, саны мен сапасына, сондай-ақ өзге де еңбек жағдайларына байланысты белгіленеді. Келісімшарт мерзімі қойылған міндеттерді орындау кезеңіне, ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру кезеңі ішінде ұзарту мүмкіндігімен, бірақ бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді. Келісімшарттық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік органды ұстауға не жобаны іске асыруға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, келісімшарттық қызметшіге ұзақтығы 24 күнтізбелік күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Келісімшарттық қызметші мен мемлекеттік орган арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі. Ж.МУЛИНА, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке конкурссыз түсудің түрлері кеңейтілді. Жоғары оқу орындарының және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің жағдайлары жақсартылды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары білім беретін оқуды үздік бітірген түлектер енді конкурстан тыс аудандық және ауылдық жерлердегі мемлекеттік лауазымдарға орналаса алады. Сондай-ақ, Академияның түлектері уәкілетті органның келісімімен басшылық лауазымдарға тағайындалу мүмкін. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Павлодар облысы бойынша жергілікті атқарушы органда- рында мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жобасы іске асырылды. Бұл «Е-қызмет» жүйесінің сыртқы порталында конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. «Е-қызметте» барлық маңызды ақпараттық жүйелермен интеграция жасалды. Ол мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан боса- тады. Өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, біліктілік талапта- рына сай келуін қарау – мұның бәрін автоматты түрде жүйе өзі жасайтын болады. Мемлекеттік қызметке түскісі келетін үміткерлер ең алдымен egyzmet.gov.kz интернет-порталында жеке сәйкестендіру нөмірін және ЭЦҚ енгізу арқылы тіркеледі. Жаңа іріктеу жүйесі онлайн тестілеу және онлайн сұхбаттан түрады. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлердін тестілеу бағдарламасы мемлекеттік тілді (20 сұрақ – 20 минут) және қолданыстағы заңнаманы (4 заңнан түрады: Конституция, Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі (15 сұрақ бойынша)) білуден тұрады. Тестілеуден өту мәні барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (60 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір НҚА бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайтын болады. Заңнаманы білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 60 минутты құрайды. Жеке қасиеттерді бағалау 130 сұрақтан тұрады, жеке қасиеттерді бағалаудан өту мәні сенімділік деңгейі бойынша кемінде 50% құрауы тиіс, жалпы уақыты 100 минутты құрайды. Үміткер жойылған немесе келмеген жағдайда жүйе үміткерді автоматты түрде блоктайды және тестілеуден қайта өту үшін 3 күнтізбелік күн өткеннен кейін құлпын ашады. Кандидат Қағидаларда көрсетілген талаптардың бірін бұзған жағдайда (орын қалдырмайды, камераны ажыратпайды, экраннан бұрылмайды, көмекші құралдарды пайдаланбайды), тестілеу нәтижелері жойылады және тек 30 күнтізбелік күннен кейін қайта өтуге болады. Осы талаптарды қайталап бұзған жағдайда, 6 айдан ерте емес тестілеуден өтеді. Сертификаттың жарамдылық мерзімі де 1 жыл. Бұл сертификат пилоттық органдардың «Б» корпусының барлық санаттары үшін жарамды екенін айта кету керек. Жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қызметшілер де осы жоба бойынша конкурс өткізілетін органдарға қатыса алады. Қазіргі уақытта жаңа іріктеуді қолдана отырып жергілікті атқарушы және өкілді органдарға конкурс нәтижесі бойынша 7 адам мемлекеттік қызметке орналасты. Осылайша, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жаңа іріктеу бойынша өткізілетін конкурстық процедураларының ашықтығы мен объективтілігі қамтамасыз етіледі деп санаймыз. Сондай-ақ, барлық сұрақтар бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасына 8/7182/20-83-35, 20-85-06 телефондары арқылы хабарласып, кеңес алуға болады. Мекен жайымыз: Павлодар қаласы, Жеңіс аланы 5Б ғимараты, төртінші қабат, 410 кабинет (instagram парақшасы - @.pavlodar.onir.rezerv.kz). Гауһар АРЫНҒАЗИНА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы. Мемлекеттік қызметке кірудің жаңа тәсілі Мемлекеттік аппаратқа келісімшарттық қызметшілерді тарту Мемлекет басшысы мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасында мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнайы білімі бар мамандарды тарту мақсатында келісімшарттық қызметшілер институтын енгізуді тапсырды. Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет саласында ауқымды өзгерістер орын алуда. Мемлекеттік қызметке түсу, қызметтен шығудың тәртіптері өзгертілді. Жаңа алгоритмдер енгізілді, ескі қағидалар жаңа тармақтармен толықтырылды.
32 13 маусым, бейсенбі, 2024 жыл БАСПАСӨЗ-2024 SARYARQA SAMALY «Kaspi» арқылы жазылуға болады! Құрметті оқырман! Құрметті оқырман! Сенімді серіктеріңіз, шынайы ақпарат көзі – облыстық «Saryarqa samaly» газетіне алдағы жартыжылдыққа жазылу жүріп жатыр. Осы орайда былтырдан бастап басылымға жазылудың жаңа әрі тиімді тетігі - «Kaspi.kz» мобильді қосымшасын пайдалану мүмкіндігі барын тағы бір мәрте еске саламыз. Яғни, поштаға арнайы барып, оған уақыт бөлудің қажеті жоқ. Ғаламторға қосылған ұялы телефоныңыз болса жеткілікті. «Kaspi.kz» қосымшасын жүктеп, облыстың ата басылымына 6 айға әп-сәтте жазыла аласыз. Ол үшін арнайы жолды толтырып, таңдауыңызды жасасаңыз болғаны. Газетімізге жазылу тәсілін осылайша жеңілдету арқылы оқырмандардың қатары көбейеді деп білеміз. «Kaspi.kz» арқылы газетке 6 айға жазылу бағасы - 4775 теңге. Құрметті оқырман! Егер облыстың әр қала-ауданында болып жатқан жаңалықтар мен өзекті тақырыптар бойынша журналистеріміз жазған сараптамалық мақалаларды оқығыңыз келсе, «Жас times» жастар қосымшасынан, «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер қосымшаларынан қол үзгіңіз келмесе, «Saryarqa samaly» газетіне «Kaspi» арқылы жазылуды ұмытпаңыз! Төменде банк қосымшасы арқылы газетке жазылудың тәртібін көрнекі түрде беріп отырмыз. Құрметпен, редакция.