SAMALY 28 наурыз, бейсенбі 2024 жыл №13 (16029) Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады SARYARQA [email protected] www.saryarka-samaly.kz facebook.com/saryarqasamaly @saryarqa_samaly @saryarqa_samaly Жалғасы 6-бетте Толығырақ 15-18-беттерде ИНФРАҚҰРЫЛЫМ Жол жөндеу ісі жанданды Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына – 135 жыл: АЛАШТЫҢ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН АЙМАУЫТОВ Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы Қызыл ту ауылында дүниеге келген. Ол - ақын әрі жазушы, драматург, публицист, аудармашы, ұстаз әрі ағартушы. Сонымен бірге, актер, сазгер, режиссер болды. Көктем келісімен қаладағы қармен қоса асфальттың да «еритін» әдеті бар. Кейбір көлік жүргізушілері шаһардағы даңғыл жолдардың жай-күйіне шағымданып, темір тұлпарларының «тағасы» сына беретінін айтады. Бүгінгі таңда күре жолдағы күрмеулі мәселені шешу мақсатында Павлодар қаласында жол төсемін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нақпа-нақ Облыс ауылдарын абаттандыруға 1,1 млрд теңге қарастырылды ШАМШЫРАҚ АПАТТЫ МЕКТЕПТІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕ МЕ? ТАЛБЕСІК бет 20 IT-МЕКТЕПТЕ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ? ЦИФРЛАНДЫРУ бет 9 бет 19 СПОРТШЫЛАРҒА - ЖАҢА КӨЛІК! Суретті түсірген - Есенжол Исабек.
Павлодар қалалық мәслихат депутаттығына №2 сайлау округінің кандидаты Сүлейменов Болат Серікұлының сайлау алдындағы бағдарламасы Павлодар қалалық мәслихат депутаттығына №22 сайлау округінің кандидаты Әлжанова Жансая Балғабекқызының сайлау алдындағы бағдарламасы Құрметті сайлаушылар! Халықтың базалық қызмет-терге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай – ақ көлік байланысын қамтамасыз ету есебінен азаматтардың жайлы өмір сүру ортасын құруменің сайлау округімді дамыту жоспарының басты бағыттары болып табылады. Мен екі баланың анасы ретінде білім беру жүйесінің мәселелерін көріп, түсінемін. Менің ойымша, білім қолжетімді және сапалы болуы керек, ал оқулықтар мен бағдарламалар соған сәйкес болуы қажет. Білім беру проблемаларынан басқа, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру, қаланың жол төсемінің жағдайын жақсарту және басқа да әлеуметтікэкономикалық проблемалар қазіргі заманның нақты қажеттілігі болып табылады. Менің сайлау округім тұрғындарының мәселелерін шешудің жеделдігі бірінші кезек-тегі міндет болып табылады. Сондықтан менің жұмысымның басты қағидасы - мәселелер туралы айту емес, оларды шешу! Қалалық мәслихат депу-таттығына кандидат ретінде сайлауға қатыса отырып мен өз сайлаушыларыма осы қағиданы басшылыққа алуға уәде беремін. Құрметті сайлаушылар! Менің қаламның гүлденуі мен үшін маңызды. Сондықтан қалалық мәслихат депутатты-ғына сайланған жағдайда мен қаланы дамытудың мынадай мәселелерін шешу үшін бар күшім мен білімімді жұмсауға дайынмын: 1. Инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау салауатты бәсекелес-тікті нығайту, қолданыстағы партиялық және мемлекеттік жобалар шеңберінде жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау; 2.Білім беру мекемелерін техникалық және әдістемелік жарақтандыру арқылы сапалы білім алу, медициналық қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау. 3. Халықтан келіп түсетін барлық мәселелердің атаулы шешімі. 4. Аумақтарды абаттандыру: - Ворушин көшесі 12, Донецк көшесі 8 бойынша балалар алаңдарын орнату; - Ворушин 26А, Ломов 179/9. көшелері бойынша ауланы асфальттау. Құрметті сайлаушылар! Мен біздің қаладағы адамдардың өмірі гүлденген және жайлы болу үшін барлық алдыма қойған мақсаттарды шешуге сайлауға барамын. Мен балаларымыздың, ата-аналарымыздың және жастарымыздың лайықты өмірін қамтамасыз етуге өз үлесімді қосуға уәде беремін. Мен барлық қала тұрғындары үшін ең қолайлы, лайықты жағдай жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын. Сіздің қолдауыңыздың көмегімен Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамды жүзеге асыра алатыныма сенімдімін! «Лайықты өмір сүру деңгейі үшін!» (материал 2024 жылғы 31 наурызға белгіленген қосымша сайлауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен төленді) Құрметті сайлаушылар! Бала кезімнен ата-анам бойына сіңірген өмірлік құндылықтар мені қоғамның, қаламның, елімнің проблемаларына бей-жай қаратпайды. Кәсіпкер және меценат ретінде мен жетім балаларға, қарт жалғызбасты адамдарға қайырымдылық көмек көрсетемін. Бүкіл ел үшін қиын пандемия кезінде мен әріптестеріммен бірге оқшауланған үйлерге азықтүлік тасымалдадым. Екібастұзда жылу желілеріндегі апат салдарынан адамдар жылусыз қалған кезде біз де шетте қалмадық. Біз мұқтаждарды жылытқыш-тармен қамтамасыз еттік. «Бейбарыс» жекпе-жек өнері орталығының жетекшісі ретінде жетім балаларға тұрақты негізде тегін жаттығулар өткіземіз. Қаламыздың қоғамдық өміріне қатысу менің назарымды қаламыздың өміріндегі ең өзекті мәселелерге, маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттерге аударуға көмектесті, оларды шешу үлкен және қажырлы жұмысты қажет етеді. Сондықтан, 2024 жылғы ағымдағы сайлауда мен Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына өз кандидатурамды ұсынуды жөн деп шештім. Құрметті сайлаушылар! Қаламыздың белсенді тұрғыны ретінде мен сіздерді қалалық мәслихат депутаттығына кандидатурамды қолдауға шақырамын. Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру, Егер сіз маған дауыс берсеңіз, мен өзіме орындауды жоспарлап отырған бірқатар міндеттерді қойдым: 1. Стритбол алаңдарын орнату арқылы балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. 2. Халық арасында экологиялық мәдениетті ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. 3. Спортқа жаппай қызығушылықты дамытуға, спорт алаңдары мен секциялардың жұмысын жандандыруға ықпал ету. 4. Аула аумақтарын абаттандыру: - Айманов көшесі 33, 24 аулаларын асфальттау 5. Павлодар ауылында балалар алаңдарын орнату. Құрметті сайлаушылар! Егер сіз менің қалалық мәслихат депутаттығына кандидатурамды қолдайтын болсаңыз, менің округімнің әрбір тұрғынының мәселесінің көтерілуіне күш саламын. Сіздің дауысыңыз-біздің қаламыздың бақытты және гүлденген өміріне қосқан үлесіңіз! «Қоғамдағы әділеттілік - әр үйге амандық!» МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ Мен, Әлжанова Жансая Балғабекқызы, 1992 жылы 27 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келдім. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар. Еңбек жолын «Қазақстан алюминийі» АҚ-да аппаратшы-гидрометаллург ретінде бастады. Кәсіби қызмет кезеңінде «ҚТЖ «ҰК» АҚ-да бас менеджер, «ERG Service» ЖШС-де рекрутер, «Еуразиялық Топ» ЖШС-де менеджер болып жұмыс істедім . Қазіргі уақытта «Қазақстан алюминийі» АҚ персонал және мәдениет жөніндегі директоры лауазымын атқарамын. Екі бала тәрбиелеп отырмын. «AMANAT» партиясының мүшесімін. 2 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл АҚПАРАТ SARYARQA SAMALY (материал 2024 жылғы 31 наурызға белгіленген қосымша сайлауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен төленді) Мен, Сүлейменов Болат Серікұлы, 1990 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында дүниеге келдім. «Құқықтану» және «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар. Қазіргі уақытта «Бейбарыс» жекпе-жек өнері орталығының жетекшісімін. «AMANAT» партия-сының мүшесімін. Мен салауатты өмір салтын ұстанамын, спортпен айналысамын. Жұбайым екеуміз үш бала тәрбиелеп отырмыз. ТУРИЗМ Таяу арада Павлодар қаласында премиум санатына жататын ірі қонақ үйі бой көтеруі бек мүмкін. Облыс әкімі Асайын Байханов пен «ALAZAR GROUP» ЖШС өкілі Руслан Шаекин «Novotel» деп аталатын қонақ үй салу жобасын талқылады. - Қонақ үйлер туризм индустриясының ажырамас бөлігі болып табылады. Павлодар қаласына келетін қонақтар мен туристер саны жыл сайын артып келеді, сондықтан сіздің жобаңыз біздің өңір үшін маңызды. Бұл – осы жылы туризм мен қонақ үй секторын дамыту саласындағы алғашқы жоба, - деп атап өтті Асайын Байханов. Инвестордың жоспарына сәйкес, жаңа мейманхана 120 бөлмелі болмақ. Жергілікті билік те, компания өкілдері де жобаны жүзеге асыруға бейілді екендіктерін білдірді. Бұл ретте аймақ басшысы жауапты мемлекеттік органдарға аталмыш жобаны іске асыруда барынша көмек көрсетуді тапсырды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі. Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев. Жыл сайын Павлодар облысына келетін туристер мен меймандардың қатары көбейіп келеді. Соған сай облыс орталығы жоғары сапалы қызмет көрсетуі керек. Бұл бағыттағы жұмысты жетілдіре түсу үшін алдағы уақытта жаңа инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Қонақ үй салынбақ Партияның облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында осындай шешім шығарылыпты. Депутаттық топқа Болат Аманжолов жетекшілік етеді. Бұл «AMANAT» партиясы фракциясынан кейін құрылған екінші фракция болып отыр. Бұл жұмыстар облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченконың жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынып отыр. Фракция жұмысы халықтың жағдайын жақсарту бағытында қызмет етпек. Мұндай шешім облыстық мәслихат тарапынан қолдау тапқан. Айта кетейік, мәслихаттың сегізінші шақырылымында 32 депутат сайланды. Олардың 23-і «AMANAT» партиясынан, үш депутат «Ауыл» партиясынан, екеуі «Aq jol» партиясынан, екі депутат «Respublica» партиясынан, Қазақстан халық партиясынан бір депутат сайланды және біреуі өз-өзін ұсынған болатын. Г.МАҒЖАН. Облыстық мәслихатқа «Ауыл» партиясынан үш депутат енгенін білесіздер. Олар – Болат Аманжолов, Нағимаш Жүсіпова және Саят Елғонденов. Міне, осы үш азамат бірігіп, мәслихатта «Ауыл» партиясының фракциясын құрды. Фракция құрылды ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ
SARYARQA SAMALY АЙНА 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 3 БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ Кезеңге дайындық қалай? Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асайын Байхановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңес отырысында алдымен өрт қаупі бар кезеңге дайындық барысы талқыланды. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаеваның мәліметінше, биыл орман қоры аумағында қауіпті өрт маусымы 8 сәуірден бастап белгіленді. - Павлодар облысының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 478 мың гектарды құрайды, оның 275 мыңы немесе 58 пайызын орман алып жатыр. Жергілікті әкімдік мекемелерінің үлесіне 127,0 мың гектар шамасында (орманды алқап – 89,8 мың гектар) немесе облыс орман қорының 27 пайызы тиесілі. Былтырғы жылы мемлекеттік орман қорының аумағында 207 орман өрті орын алды, оның 80 пайызы республикалық мекемелерге қатысты. Ал, облыс әкімдігіне бағынысты мекемелер бойынша 47 факт тіркелді, - деді басқарма басшысы. Сонымен қатар, жиын барысында Әйгерім Қабылтаева бүгінгі таңда орман қорғау мекемелері алдағы өрт қаупі бар маусымға қарқынды дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Айтуынша, облыс бойынша өртті жоюға 500-ден астам тұрақты мемлекеттік орман күзеті және өрт сөндіруші бригадалар жұмылдырылады. Бұдан басқа, өртке қарсы патрульдік техникалар базасы дайын. Бұл - 11 өрт сөндіру автоцистернасы мен 24 шағын өрт сөндіру кешені. Қауіпті өрт кезеңіне 13,4 тонна көлемінде жанармай қорының резерві қамтамасыз етілді. - Жұмыс алгоритмі – өрт қаупі бар маусымы басталғанға дейін жүргізілетін дайындық іс-шараларын және маусым бойы іске асырылатын профилактикалық іс-шараларды қамтиды. Атап айтқанда, аудандар мен қалалардың барлық әкімдіктерімен және төтенше жағдайлар бөлімдерімен «Мемлекеттік орман қоры аумағында өртті сөндіру үшін Бұрнағы күні облыс әкімдігінде аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында екі бірдей мәселе қаралды. Алдымен күн тәртібіне қойылған мәселе - өрт қаупі бар маусымға дайындық барысы пысықталды. Сонымен қатар, жиында облыс бойынша абаттандыру және көгалдандырудың жұмыс жоспары талқыланды. Ерте қимылдау – өнімді әрекет күштер мен құралдарды тартудың жедел жоспарлары» бекітілді. Ресей Ф е д е р а ц и я с ы н ы ң шекара маңындағы орман шаруашылықтарымен орман өртін анықтау және сөндіру кезіндегі өзара іс-қимыл туралы 4 келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, биыл орман орналастыру жобаларының нормаларына сәйкес 3 мекеме бойынша 5 620 шақырым ұзындықта минералдандырылған жолақтарға күтім жасалады. Жалпы республикалық мекелермен қосқанда облыс аумағында 24 мың шақырымнан астам жолақ минералдандырылады, - деді ол. Бұдан бөлек, басқарма басшысы орман өртін сөндіруге арналған су айдындарына қатысты баяндама жасап, облыстық орман шаруашылықтары өрт сөндіруге әуекөлігін пайдалана алатындығын атап өтті. - Баянауыл ұлттық паркінде өртті сөндіруге арналған 9 жасанды және 4 табиғи су қоймасы – яғни көлдер бар. «Ертіс орманы» резерватында Жаңаауыл, Шалдай, Бәйімбет ауылдарының маңында жерүсті техникасымен су алу үшін тереңдігі 2-2,5 метрден аспайтын жасанды су айдындары және әуе көлігімен су алуға қолайлы бір табиғи су айдыны – Кезентал көлі бар. Ағымдағы жылы су ресурстары, төтенше жағдайлар және экология министрліктерімен орман алқабына жақын орналасқан су объектілерінде түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді. Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың аумағында су айдындарының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуге заңнамаға сәйкес тыйым салынғандықтан, балама ретінде резерват аумағында (Шошқалы орманшылығы және Бәйімбет орманшылығы) 50-100 текше метр су көлеміне арналған сыйымдылықтар орнату жоспарланды, - деді Ә.Жаңбыртайқызы. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өткен жылы өңірлік мекемелердің материалдық-техникалық базазын нығайту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша республикалық мекемелер 9 өрт сөндіру машинасымен және 3 шағын орман күзет кешенімен толықтырылды. Орман шаруашылықтары үшін 5 өрт сөндіру автоцистернасы және 10 шағын орман күзет кешені, сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдіктері үшін 20 бірлік шағын орман күзет кешендері сатып алынды. Сонымен қатар, Павлодар орман шаруашылығы мекемесі орман алқаптарын патрульдеу үшін 33 мотоциклмен толықты. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен тағы 4 өрт сөндіру автоцистернасын сатып алуға қаражат көзделген. Онымен қоса, отырыс барысында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушы Қайрат Әбілбаев биыл «Ертіс орманы» резерваты аумағында өртті ерте анықтайтын дабыл жүйесі орнатылып жатқанын айтты. Оның пікірінше, өртті ерте анықтау жүйесі орманның ішінде оттың тұтану орнын тез және қысқа мерзімде анықтап, оны сөндіру үшін жедел әрекет етуге көмектеседі. – Бұл жүйе арқылы найзағай түсетін жерді бірден анықтауға болады. Өрттің қай жерде шыққанын да тепловизор арқылы көре аламыз. Бүгінде 23 тірек бағана орнатылып, қызметкерлерді жүйені толықтай меңгеріп алу үшін оқытып жатырмыз. Өртті ерте анықтау жүйесі 8 сәуірге дейін іске қосылады, – деді Қ.Әбілбаев. Аймақ басшысы былтыр шыққан өрттердің басым көпшілігі найзағайдың түсуінен болғанын еске түсіріп, жауапты мекеме басшыларына тілсіз жаумен күресудің тиімді жолдарын қарастыруды жүктеді. Сондай-ақ, Асайын Байханов облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына құрғақ және ескі ағаштардың бұталарын жою мәселесін бейінді министрлікпен ақылдасып, талқылауға тапсырды. Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев өңірде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде жедел шаралар қабылдау мақса-тында өртті сөндіруге күштер мен құралдарды тарту алгоритмі әзірленгенін мәлім етті. – Облыста 57 өрт сөндіру бекеті, 59 түрлі техника, 140 қызметкер бар. Олар саны 115 мыңнан астам адам тұратын 263 елді мекенді өрттен қорғауды жүзеге асырады. Табиғи өрттерді ертерек анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен ғарыштық мониторинг қызметтерін көрсету бойынша келісім-шарт жасалды. Бұдан басқа, облыс аумағында өрт сөндіру бекеттерін кезеңкезеңмен құру жоспарына сәйкес 2024 жылы бес ауданда өрт сөндіру бекеттері пайда болады. Атап айтқанда, жаңа бекеттер Баянауыл ауданының Бірлік ауылында, Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылында, Железин ауданының Веселая Роща ауылында және Тереңкөл ауданының Львовка ауылында орын алады. Ал жоспардан тыс қосымша өрт сөндіру бекеті Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылында салынады, - деді Ж.Жұмашев. Аймақ басшысы Асайын Байханов қалалар мен аудандардың әкімдіктері мен уәкілетті мемлекеттік органдарға өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау бойынша шараларды қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ, өрт кезінде келтірілген залалды өтеу бойынша орман қорғау мекемелерімен меморандумдар жасасуды тапсырды. Еске сала кетейік, биыл қала мен аудандар аумағында табиғи сипаттағы өрттерді алдын алу мен өрт сөндіру шараларына, техникалық қаружарақты сатып алу үшін жергілікті бюджеттен шамамен 276 миллион теңге қаражат бөлінді. Шаһардың ажары артады Облыс әкімдігінің аппараттық жиналысында күн тәртібіне көтерілген келесі мәселе - абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары. Сондай-ақ, отырыс барысында Павлодар қаласының инженерлік инфрақұрылымы да талқыланып, шаһардың бас жоспарына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Айта кетейік, биыл облыс бойынша 43 ауылда 62 жоба жүзеге аспақ. Осылайша 15 саябақ пен аллея салынса, 18 ауыл жарықтанады. Ал, облыстың 3 қаласын абатттандыру үшін арнайы бағдарлама да жасалған. Аталған бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы облыстың 146 ауласында жаңа балалар ойын алаңдары орнатылады, аумағы жарықтандырылып, асфальт төселеді. Бұған бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың мәліметінше, сәуір айынан бастап облыс орталығындағы 22 білім беру және екі денсаулық сақтау мекемесінің аумақтарын асфальттау жұмыстары басталады. Бұдан бөлек, 12 шағын футбол алаңын, 25 жаттығу кешенін, 30 стрит-воркаут және 25 стритбол алаңын, он шахмат үстелін орнату көзделіп отыр. – Жоспар бойынша 80 аулада көріктендіру жұмыстары жүргізіледі. Аталған аулаларға 14 элементі бар балалар ойын алаңдары орнатылып, аулаішілік жолдарға асфальт төселеді. Сондай-ақ, сыртқы жарықтандыру құрылғылары ауыстырылады. Асфальт төсеу және жарықтандыру бойынша мердігерлер анықталды. Балалар алаңдары бойынша конкурстық шаралар аяқталуға жақын. Бұдан басқа, биыл Лермонтов көшесі жаңартылады, жол жөнделіп, жаяу жүргіншілер жолы салынады, шағын архитектуралық формалар, субұрқақтар орнатылып, гүлдер отырғызылады. Орталық жағажайдың шомылу алаңы жөнделіп, асфальт жабындысы, жарықтандыру құралдары ауыстырылады. Тұрғындардың жыл бойы демалуына жағдай жасау үшін Усолка шағын ауданындағы экосаябақ көріктендіріледі, – деді шаһар басшысы. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы облыс орталығындағы сегіз шағын сквер қайта қалпына келтіріледі. Вокзал алаңы жөнделіп, үлкен сағат реконструкциядан өтеді. Қазіргі уақытта теміржол көпіріне иллюминациялық жарықтандыру орнату бойынша конкурстық шаралар өтуде. Жұмыстарды ағымдағы жылдың 19 мамыр күніне дейін аяқтау жоспарланған. Онымен қоса, биыл бекітілген дендро жоспарға сәйкес, саябақтар мен бақтарда 20 мыңға жуық ағаш пен көшет, 35 мың шаршы метр аумақта гүл отырғызу, 20 мың шаршы метр аумақта көгал төсеу жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 217 шаршы метр болатын төрт саябақ пен бақта автоматтандырылған суару жүйесін орнату бойынша жұмыстар жалғасады. – Биыл алғаш рет қоғам өкілдері мен экологтардың қатысуымен ағаштарды формаға келтіру жұмыстары қыста басталды. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар 75 пайызға орындалды. Көгалдандыру жұмыстары бойынша да жұмыс тоқтаған емес. Биыл 55 мың түп ағаш отырғызылып, 35 мың шаршы метр аумаққа гүл егіледі. Аймақтың ірі қала құраушы кәсіпорындарымен бірлесіп, кәсіпорынның санитарлыққорғау аймақтарына көктемде 14 мыңнан астам әртүрлі ағаш отырғызу жоспарлануда, – деді Х.Хабылбеков. Облыс әкімі Асайын Байханов қалаларды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе екенін ескертті. Сондай-ақ, аймақ басшысы тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайлы орта жасау мәселесі жергілікті атқарушы органдардың күнделікті бақылауында болуы тиіс екенін еске салып өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша өңір басшысы барлық жобалар бойынша конкурстарды уақытылы аяқтауды, содан кейін мердігерлердің жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды. А.МҰҚЫШЕВ, Суретті түсірген - Валерий Бугаев.
4 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл ӘЛЕУМЕТ SARYARQA SAMALY БАС ТАҚЫРЫП Биыл жалпыға ортақ декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Алғашқы кезеңде мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, ірі банктік, сақтандыру және құнды қағаздар нарықтарының қатысушылары кірсе, екіншісінде, былтыр мемлектетік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор жұмысшылары мен олардың жұбайлары тапсырды. Биыл декларация тапсыратындар қатарына заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары кіріп отыр. Демек, үш кезеңді қоса алғанда, есеп өткізетіндер саны едәуір өсті. Бұл жүйеге жүктеме түсірмей ме? Тапсырушылар нені ескеруі тиіс? Осы жөнінде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерболат Ғаббасовпен тілдескен едік. Қыркүйекке қалдырмаңыз! - Ерболат Исламұлы, үшінші кезеңде декларацияны биыл 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек. Қазіргі таңда бұл жұмыстың қарқыны қалай? - Бизнес өкілдерінің, әзірше, декларация тапсыруы өте баяу өтіп жатыр. Есеп өткен жылғы кіріске қатысты. Сондықтан, қыркүйек айын күтпей қазірден бастап тапсырғандары жөн. Себебі, бәрі жаппай қыркүйекте құжат тапсыруға ағылса, жүйеге жүктеме түсіп, қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі, үшінші кезеңде қатарға қосылған заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларынан бөлек бірінші және екінші кезеңге кіргендер де декларация тапсыруды жалғастырады. Бұл дегеніңіз, есеп беруі тиіс азаматтардың саны артты. Ал бәрі бір уақытта есеп беруге ұмтылса, қабылданған құжатты жүктеу жағы күрделеніп, өңдеу ұзақ уақыт алуы ықтимал. Сол себепті бизнес өкілдерін күзді күтпей, қазірден бастап белсенділік танытып, декларация тапсыруға шақырамыз. - Қазіргі таңда жыл басынан бері қанша азамат декларация тапсырды? - Облысымызда 2024 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам жеке тұлға активтері мен міндеттемелері туралы 250-нысанмен декларация тапсырды. 10 мыңға жуық адам кірістері мен мүлкі туралы 250-нысанмен есеп берді. - Есеп берудегі қолданылатын декларация нысандарына жекелей тоқталсаңыз? - «Кіріспе декларацияда», яғни, 250-нысанда жалпыға ортақ декларацияға ену кезіндегі мүлік пен міндеттемелер бойынша барлық мәліметтер көрініс табады. Бұл алғаш есеп беруге аяқ басқанда бір рет тапсырылады. Яғни, мұнда бұған дейін, нақтысы, 2023 жылдың 31-іне дейін жинақталған активтер мен міндеттемелер көрсетіледі. Ол дегеніңіз, шетелдегі жылжымайтын мүлік, жер телімі, көлік, арнайы техника, әуе және су кемелері, шетелде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлес, шетелдік барлық банктік салымдардың жиынтық көлемі 1000 АЕК-тен асатын ақша көрсетілуі тиіс. Ал Қазақстанда және шетелдегі тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы шарттар, құнды қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, зияткрелік меншік объектілері, авторлық құқық, 10 мың АЕК дейінгі қолма-қол ақша, жеке тұлғаның нотариалдық куәландырылған займ шарттары есепке алынады. Одан кейін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы 270-нысанды декларация тапсырылады. Жыл сайынғы декларацияда барлық кіріс көрсетіледі. Яғни, қызметкердің еңбекақысы, зейнетақылық төлем түріндегі кірісі, жеке тұлға салықтық кезеңде алған дивиденді, сыйақысы, ұтысы, стипендиясы да ескеріледі. - Декларацияны тапсыру жолдарымен бөліссеңіз? - Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы - cabinet. salyk.kz, еGOV-та moldir.qoldau.kz, е-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. - Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қайда тапсыру керек? - Жеке тұлғалар тұрғылықты мекені бойынша тапсырады. Ал жеке кәсіпкерлер мен жекеменшік практикамен айналысатын тұлғалар есепті кәсібі орналасқан мекенжай бойынша тапсырады. - Уақытылы тапсырмағандарға қандай шара қолданылады? - Декларация тапсырмағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту жасалады. Екінші рет есепті құзырлы органға ұсынбағаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал мәліметтерді толық көрсетегендер үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Облыс тұрғындары жалпыға бірдей декларацияға қатысты сұрақтарына жауапты 1414 орталығы немесе облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінен 8 (7182) 535572 телефоны арқылы ала алады. - Ақпаратыңызға рақмет! Сұхбаттасқан – Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ. САЛЫҚ Көлік салығын жеке азаматтар сәуір айының біріне дейін толық төлеуі тиіс. Бұл мерзімнен кешіккендердің қарызына өсімпұл қосылады. Өкінішке қарай, берешегі жылдан жылға өтіп, бүгінде бірнеше миллион теңгеге жеткендер де аз емес. Аймағымызда бүгінде көлік салығы бойынша қарызы 2-8 млн теңге аралығындағы отыз тұрғын тұрады. Бес жылда 8 млн теңгеден астам берешегі қалыптасқан азамат та бар. Төлемесе, қарызы күн сайын өседі Ол азамат кезінде шаруа қожалығымен айналысқан кәсіпкер көрінеді. Қазіргі таңда қолында ешбір көлігі жоқ. Қарызын өтеуге де шамасы келмейді. Осылайша, жыл сайын берешегі өсуде. Бұл жөнінде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерболат Ғаббасов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Қазіргі таңда аймағымызда 130 мыңнан астам азаматтың атында 202 мың 360 көлік тіркелген. 13 мыңнан астам тұрғын жеңілдікке ие. Яғни, олар 188,8 млн теңге салықты төлеуден босатылады. 193 көлікті бәзбіреулер айдап әкеткен. Сондықтан, қылмыстық іс кезеңінде көлік иесіне салық есептеу тоқтатылады. Кейін мәселе шешілген соң салық төлемін есептеу жалғасады. - Жыл сайын жеке сот орындаушылармен, әкімшілік полициямен жбірлесе жүргізетін жұмыстарымызға қарамастан қарыз көлемі азаяр емес. Қазіргі таңда облыста 9 705 азаматтың 654 млн теңге көлемінде берешегі бар. Бұл дегеніңіз, жалпы көліктен түсуі тиіс соманың 27 пайызын құрайды. Олардың 80 пайызының қарызы 3-5 жылға созылып келе жатыр, - дейді Ерболат Исламұлы. Олардың кейбірінде көліктің өзі болмағанымен, аттарында жазылып тұрғандықтан салық есептеле береді. Көлік иелерінің кейбірінің қайда тұрып жатқаны белгісіз көрінеді. Енді бірі бас бостандығынан айырылып, мерзімін өтеуде. Ал көлік салығын оларға сол күйі есептеу тоқтатылмайды. - Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталған соң жүйе автоматты түрде борышкерлерге электронды хабарлама жіберіледі. Борышкерге жағдайды өзгертуге 30 күн уақыт беріледі. Осы аралықта төлеуі тиіс. Ал келіспейтін болса, құзырлы органға барып өз уәжін білдіреді. Жасыратыны жоқ, кейде базада қателік кетеді. Мұндайда азаматтың атында көліктің бар-жоғы әкімшілік полиция арқылы анықталып, жүйеде түзету енгізіледі. Электронды байланысы жоқ тұрғындарға ескретуді тапсырыс хатымен жергілікті мекенжайына жібереміз, - дейді департамент өкілі. Отыз күн өткен соң көлік иесінен еш әрекет болмаса, салықтық бұйрық шығарылады. Бұл бұйрықты орындауға тағы 5 күн беріледі. Осы мерзімде нәтиже болмаса, іс автоматты түрде жеке сот орындаушылар палатасына жөнелтіледі. Бүгінде палатаға 216 салықтық бұйрық жіберілген. Салық органы өздігінен тек өсіпұл есептейді. Сонымен қатар, көлік салығы бойынша қарызы бар азаматтарға банктер де шот ашу, карточка алу және тағы басқа операциялар жасауына рұқсат етпейді. Борышкерді басқаша жауапқа тарту тетігі жоқ. Қарызды қайтару ісімен жеке сот орындаушылары мен әкімшілік полиция айналысады. Салық органы қарызы өте көп азаматтардың тізімін әкімшілік полицияға жіберген. Олар иелігіндегі кибершериф көліктері жүйесіне енгізіп қояды. Көліктің нөмірі бойынша тоқтатып, қарызды қайтартуға әрекет етеді. Е.Ғаббасовтың айтуынша, мұндайда көп азамат көлігін айыптұрағына жеткізбей, борышынан құтылады. Полиция департаменті мен жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, салық органдары 50 бірлескен рейд өткізіпті. Нәтижесінде 30 мың теңгеден астам қарызы бар 137 азамат бюджетке 14 млн теңге берешегін қайтарған. Кейде азаматтардың зейнетақысынан ұстап қалу арқылы да төлету жұмысы жүргізіледі. Бірақ, мамандар мұндай жолмен қарызды өтеу мүмкін еместігін алға тартуда. Себебі, ұсталған сома өсімпұлдан аспауы мүмкін. Ерболат Исламұлының айтуынша, бүгінде көлік салығының базасы облыста ұлғаюда. Өйткені, салық мөлшерлемесі АЕК және көліктің қозғалтқыш көлеміне байланысты есептеледі. Сәйкесінше, АЕК өсуіне байланысты жыл сайын салық сомасы ұлғаяды. Биыл АЕК мөлшері – 3450 теңге. Сонымен қатар, көлік санының артуы да жалпы салық түсімінің өсуіне әсер етуде. Өткен жылы облыста 9 мыңнан астам шетелдік атвомобиль заңдастырылған. 2023 жыл үшін көлік құралдарына 131 мыңнан астам жеке азаматтан салық түсімі -3 млрд 95 млн теңге. Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ. Облыста «Zhas Project» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Жоба жұмыссыз жастарға арналған. Өтінім беру арқылы павлодарлықтар 1 млн теңгеге дейін грант алып, өз ісін аша алады. Жоба бастау алды Өтінімдерді қабылдау 25 наурызда басталып, 24 сәуірде аяқталады. – 25 наурызда Қазақстанның 20 өңірінде Zhas Project-ке қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Естеріңізге сала кетейік, аталған жобаға NEET санатындағы 18 бен 34 жас аралығындағы жастар қатыса алады, - деп хабарлайды «Жасыл ел» облыстық штабы. Жобаға қатысушылар ұсынған бастамалар өз аймағына қатысты кейбір әлеуметтік мәселелерді шешуі керек. Жобаға жетекшілік ететін үкіметтік емес ұйымдардың байланыс ақпараты мен веб-сайттары cisc.kz сайтында көрсетілген. Өз тілшіміз. КӘСІПКЕРЛІК
SARYARQA SAMALY 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 5 ДУМАН Облыстық деңгейде де әр аталған күні түрлі тақырыптағы екі мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай облыс орталығында «Әз наурыз – ұлыс мерекем» атты мерекелік бағдарлама өтті. Шараға облыс әкімі Асайын Байханов, қала тұрғындары және қонақтары қатысты. Бағдарлама барысында елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, өздерінің репертуарларындағы танымал әндерін шырқады. Сондай-ақ, жергілікті мәдени орталықтардың өнерпаздары да өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. - Павлодар – қонақжайлылықтың және достықтың қаласы. Бұған әр келген сайын көзім жетеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Наурыз мейрамы құтты болсын! – деді Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева. Шара барысында 6 тақырыптық киіз үй бой көтерді. Оның үшеуінде биыл мерейтойлары аталып өтілетін Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкен Айманов секілді тұлғалардың қолданған заттары, қолжазбалары және еңбектері қойылған. Ал қалған үшеуінде аймағымызға белгілі суретшілер мен қолөнершілердің туындылары ұсынылды. Қала тұрғындары Ұлыстың ұлы күні ұлықталды Осы жылдың Наурыз мейрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған жаңа тұжырымдама шеңберінде ерекше нұсқада аталып өтілді. Ұлттық мереке еліміз бойынша 10 күн бойы - 14-23 наурыз аралығында өтіп, бұл кезең Наурызнама деп аталды. Айдана БОРАНБАЕВА мен қонақтарының назарына, сондай-ақ қазақша күрес, садақ ату, қошқар көтеру, асық ату, арқан тарту, қол күресі секілді қазақтың ұлттық ойындарынан «Наурызиада» спартакиадасы, мерекелік театрландырылған шоу, хайуанаттар бағы мен шөп лабиринті, мобилография бойынша шеберлік сабағы, этникалық стильдегі сән көрсетілімі және қазақ батырларының косплейі көрсетілді. Ерекше нұсқада өткен шарадан жиналған қауым да ерекше әсер алды. Олардың айтуынша, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. - Наурыз – ежелгі заманнан бері қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз тойы шаһарымызда сән-салтанатымен керемет деңгейде өткізілді. Мерекелік бағдарлама шеңберінде Наурызға, көктемге арналған әдемі әндер орындалды. Ұлттық ойындарды да тамашалай алдық, - деді Павлодар қаласының тұрғыны Бақыт Жүнісова. Сондай-ақ, бұл күні аймақ басшысы Асайын Қуандықұлы облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін құттықтап, ұлттық мейрамға арналған мерекелік шараға арнайы қатысты. - Сіздермен жүздесу жақсы дәстүрге айналды. Келіп жеткен Наурыз мейрамы сіздерге тек қуаныш сыйласын. Дендеріңіз сау болып, биіктен көріне беріңіздер. Біз сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз. Өмірде жолдарыңыз әрдайым ашық болсын - деді облыс әкімі. Шара соңында мектеп ұстаздары «Бауырсақ party» атты шеберлік сағатын өткізіп, бүлдіршіндерге бауырсақ дайындаудың қыр-сырын үйретті. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, халық әндерінен попурри орындап, «Наурыз думан» әнін шырқады. Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында аймақтың басты қаржылық құжаты қаралды. 2024 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасы талқыланды. Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Илья Теренченко қатысты. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ Өзектілері ескерілмек Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктің мәлімдеуінше, бюджетті түзету былтыр республикалық қазынадан бөлініп, игерілмеген 1,1 млрд теңгені кері қайтарумен байланысты орын алып отыр. Бюджеттің шығыс бөлігінде оңтайландыру нәтижесінде мемлекеттік сатып алулардан 4,4 млрд теңге үнемделген. Жалпы, түзетулер нәтижесінде 6,7 млрд теңге қалыптасқан. Бұл қаражатты инвестициялық жобаларды қосымша қаржыландыруға, облыс әкімінің тапсырмаларын орындауға, аудан әкімдерінің сайлауалды бағдарламаларына ықпал етуге, сонымен қатар, спорт саласындағы, жол жөндеу, ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану шаралары бойынша жекелеген нақты мәселелерді шешуге бағыттау көзделген. Мәселен, биылға өткен 13 және республикалық 5 инвестициялық жобаны қосымша қаржыландыруға 1,5 млрд теңге жұмсалмақ. Облыс әкімінің тапсырмасын орындау шеңберінде Май ауданының Көктөбе аудандық орталық ауруханасының дренажды жүйесін салуға, Екібастұз аймағында Бозшакөл, Құлакөл және Зеленая роща ауылдарының кіреберіс жолдарын жөндеуге, полиция департаментіне 38 автокөлік сатып алуға, төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне тұрғындарды хабарландыру жүйесін және бір өрт сөндіру көлігін сатып алуға жалпы 2,1 млрд теңге қарастырылмақ. Сонымен қатар, Павлодар қаласының бюджетіне «Жайлы мектеп» құрылысы үшін екі жер телімін сатып алуға реттелетін кірістер бойынша аударымдар нормативі ұлғайтылады. Яғни, 1,6 млрд теңге осы мақсатқа бағытталады. Аудан әкімдерінің сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты 4 жоба қарастырылуда. Атап өтсек, Железин ауданының Прииртышск ауылына жылу қазандығын салу, Железин ауылының қазандығын қайта қалпына келтіру, Лесное елді мекенінде мектепке және Шарбақты ауданында Сахновка ауылының медициналық пунктіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға 516,1 млн теңге жұмсалмақ. Одан бөлек, бірқатар мәселелер нақтылауда есепке алынуда. Мәселен, әлеуметтік салада 922,5 млн теңгенің жобалары мен шаралары қарастырылған. Инфрақұрылымдық дамуға 751,6 млн теңге бөлінбек. Табиғатты қорғау шараларына 362,1 млн теңге бағыттау көзделген. Тағы бір айта кетерлігі, қолданыстағы заңнама шеңберінде жергілікті атқарушы органның төтенше жағдайға арналған резерві максималды деңгейге жеткізілді. Яғни, облыстық бюджеттің кірісінің 2 пайызы көлемінде болады. Нақтысы, резерв 133,2 млн теңгеге ұлғайтылды. Барлық енгізілген өзгерістер есебімен облыстық бюджеттің нақтыланған көлемі 453,3 млрд теңге болмақ. Соның ішінде республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер мен кредиттер - 65,3 млрд теңге. Депутаттардың ұсыныстары ескеріле отырып, бюджет жобасы алдағы уақытта мәслихат сессиясында нақтыланады. Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ. ЕЛ ЖӘНЕ БИЛІК
6 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл ТІРШІЛІК SARYARQA SAMALY Жол жөндеу ісі жанданды Жалпы, қалада ұзындығы 30 шақырымды құрайтын барлық басты көшелердің жолдарын орташа жөндеу жоспарланған. Биыл облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары жылдағыдан ерте басталды. Нақтылап айтсақ, ағымдағы жылдың алтыншы ақпанынан бастап облыс орталығында арнайы бригадалар қала көшелеріндегі жолдарда пайда болған шұңқырларды МАС-асфальт жабындысымен төсеу жұмыстарын бастап кеткен болатын. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 740 шаршы метр жол жамылғысының зақымдануы жойылды. Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының мәліметінше, қазіргі уақытта жөндеу бригадаларының саны екі есе көбейді. - МАС-асфальт технологиясын қолданған кезінде битумның концентрациясы ұлғаяды. Осылайша, ауа райының салқындығы кедергі келтірмейді. Біз де осы МАС-асфальт төсеу тәсілін қолданудың арқасында күннің жылынуын күтпедік. Ауа райы температурасы нөлден төмен болған кезде де жұмыстар тоқтамады. Қазіргі уақытта облыс орталығында төрт бригада жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, жөндеуді қажет ететін қала ішіндегі шағын жол учаскелері де анықталуда, - деді қалалық ТҮКШ бөлімінде. Қала әкімі Хасар Хабылбеков жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірнеше учаскеге барып, көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету үшін мердігер компанияларға жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындау міндетін қойды. Айта кетейік, қазіргі уақытта қаладағы бес көше бойынша мердігерлер анықталды, қалған көшелердегі жол жөндеу жұмыстары бойынша конкурстар аяқталу сатысында. - Ең күрделі және ауқымды жұмыстар қаланың басты көшесінің бірі - Назарбаев даңғылында жүргізіледі. Бұл көшедегі жолға соңғы жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілді. Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жөндеуаралық мерзім 5 жылды құрайды. Сәйкесінше ағымдағы жылы бұл мерзім аяқталады. Сол себепті аталған көше бойындағы жолды орташа жөндеуден өткізбекпіз. Бұдан басқа, биыл бір мезгілде 14 көше жөндеуден өтеді. Қалада мұндай ауқымды асфальттау жұмыстары ешқашан жүргізілмеді, - деді шаһар басшысы. Сонымен қатар, қала әкімі Хасар Хабылбеков облыс әкімі Асайын Байхановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Павлодарда қандай көшелер бірінші кезекте жөндеуден өтетінін айтып, асфальт жабындысы жарамсыз болып қалған 14 учаске анықталғанын атап өтті. - Барлық жұмыстар бірінші кезекте көшелердің құрғақ бөліктерінде жүргізілмек. Қазіргі уақытта Назарбаев даңғылы, Қайырбаев және Луговая көшелерінде жөндеу жүргізілуде. Жолдар құрғаған сайын жұмыс көлемі артады. Қалада жөндеуді қажет ететін көшелердің бірі – Циолковский-Катаев көшесінен Жібек жолы көшесіне дейінгі аралық. Мұнда жол жөндеу жұмыстары шамамен 4,4 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, үш шақырымға жуық асфальт Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында (Олжабай батыр - М.Горький қиылысы) жаңартылады. Иса Байзақов көшесі бойындағы Р.Люксембург пен Қайырбаев көшелерінің арасындағы екі шақырымға жуық жол да жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, биыл тротуарларды жөндеу жұмыстары жалғасады. Атап өтсек, 28 учаскеде 22 шақырымды ретке келтіру жоспарланып отыр, - деді Х.Хабылбеков. Күре жолдағы күрмеулі мәселелер осылайша кезең-кезеңімен шешіліп, тозығы жеткен асфальт жабындылары жаңаруда. Тіпті, асфальт жабыны мүлде болмаған кейбір жеке секторларға биыл алғаш рет тас жол төселмек. Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы Горторг және Дачный шағын аудандарының 9 көшесінде жеті шақырымға жуық жол жөнделеді. - Биыл аталған шағын ауданында 9 көшеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, бұл көшелерде бұрын-соңды асфальт жабыны болмаған еді. 2023 жылы аталған көшелерде кәріз жүйесі құрылысы жүргізілді. Енді биыл құм жолдардың орташа жөндеуі аясында осы көшелерге асфальт төселетін болады. Бұл Волочаевская, Азовская, Онежская, Ладожская, Қамзин көшелерінен Ворушинге дейін, Ворушин - Қаз. Правдадан Ладожскаяға дейін, сонымен қатар, Новосібір, Шамкенов, Тульская және Томская көшелері, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Оразбек Саяхат. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жолдарды орташа жөндеу аясында облыс орталығында 8 магистральдық көшені жөндеу жұмыстары орындалды. Атап айтсақ, Баян батыр - Ледовский көшесінен Солтүстік өнеркәсіптік ауданға дейінгі жол, Циолковский көшесінен (кіші айналма жол) - Малайсары батыр көшесіне дейін, Теплов - Ак.Сәтбаев көшесінен - Мәшһүр Жүсіп көшесіне дейін, Ворушин - Ломов көшесінен – Циолковский көшесіне дейін, Нұркин - Ломов көшесінен – Амангелді көшесіне дейін, Гагарин - Ак.Сәтбаев көшесінен – Жамбыл Жабаев көшесіне дейін, ЩедринКамзин көшесінен - Жібек жолы көшесіне дейін және Жібек жолыЛомов көшесінен қалалық қоқыс үйіндісіне дейінгі аумақтар орташа жөндеуден өтті. Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек. Басы 1-бетте Алтынбек МҰҚЫШЕВ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ Павлодарға көктем кеш келеді десек те, су тасқынына дайындық өз уақытында жүргізілуі керек. Себебі қар көбесі сөгіле бастаған күннен-ақ өзен-көлдерге, су қоймаларына жақын орналасқан елді мекен тұрғындарын су тасқынының қаупі алаңдатып, үрей құшағында ұстайды. Биылғы қыс қарлы болғанын ескере отырып, облыста су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жағдай бақылауда Жақында әлеуметтік желілердің бірінде Павлодар қаласы мен Атамекен ауылы, Ақсу қаласы және Павлодар ауданындағы бірнеше көшені су басқаны туралы ақпарат тарады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аталмыш аудандарға қарасты елді мекендерде еріген суды сору жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, ведомстводағылар әзірге тұрғын үйлер мен басқа да нысандар зақымданған жоқ мәлімдеді. - Павлодар, Ақсу қалаларының аумағында еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Бір тәулікте шамамен 25-30 мың текше метрден астам су сорылады. Ақсу қаласында Бөкейханов көшесінің оңтүстікшығыс бөлігінде су бұру каналы өткізілді. Атамекен кентінде экскаватордың көмегімен 3 жерде ашық шұңқырлар қазылды. «Атамекен-Ақсу-Көктөбе-Курчатов» республикалық маңызы бар автожолының 15 және 129 шақырымы арқылы судың өтуінің алдын алу мақсатында трасса бойында 620 дана қапшық төселді және 45 тонна инертті материал төселді. Жұмыстарға барлығы 51 түрлі техника, 115 адам және 21 мотопомпалар жұмылдырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - деді департаментте. Сонымен қатар, жақында Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Атамекен кентіндегі жұмыстардың қалай жүріп жатқанын тексеріп, жедел штабта кеңес өткізді. Оның айтуынша, аталмыш ауылдағы тұрғын үйлерді су басу қаупі жойылды. Құтқарушылар төрт жерде жасанды бөгет орнатты. – Алдын алу шарасына 10 арнайы техника мен мотопомпалар жұмылдырылып, ауыл тұрғындарының бау-бақшалары мен жеке аулаларынан су сору жұмыстары жүргізілді. Соңғы он күнде арнайы құралдармен 30 мың текше метрден астам су сорғызылды. Қала көшелерінде 20-ға жуық арнайы техника, соның ішінде 4 мотопомпа қар суын сорғызу жұмыстарына жұмылдырылған. Жеке секторлар және аулаішілік аумақтар, яғни кварталішілік аймақтар да қамтылған, — деді қала әкімі. Шаһарды қар суынан тазалауға төтенше жағдайлар департаменті де атсалысып жатыр. Қазіргі уақытта алдын алу шарасына 40 техника мен 85 адам жұмылдырылды. Жалпы, облыста су шаруашылығы жағдайы мен гидротехникалық құрылымдардың жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізуде. Сонымен қатар, барлық гидротехникалық құрылымда су тасқынының алдын алу шараларының жоспары әзірленіп, төтенше жағдай туындау қаупі бар объектілерінің тізімі жасақталды. Аталған тізімде облыс бойынша су басу қаупі жоғары 43 елді мекен бар. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ескерту басқармасының басшысы Шәкір Ахметов көктемде су тасқынына басты қауіп Ащысу, Бала-Шідерті, Қарасу өзендері арқылы келетінін атап өтті. Айтуынша, су басу қаупін азайту мақсатында былтыр Баянауыл ауданындағы Жаңатілек, Сәтбаев, Ұзынбұлақ және Жаңажол ауылдық округтерінде 6700 гектар аумақты алатын өзендерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде мұнда бөгеттер үшін топырақ төсеу және шлюз реттегіштері орнатылған. Сонымен қатар, Ертіс өңірінде 7 бөлімнен тұратын су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы қабылданды. - Төрт кезеңнен тұратын дайындық пен инженерлік-техникалық жұмыс жоспарларын бекіттік. Біз қазірдің өзінде үлкен көлемдегі, яғни, қолданыстағы бөгеттерді жою, жағалауларды қорғау, кейбір тереңдіктерді тереңдету сынды жұмыстарды қолға алдық. Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардағы барлық су өткізгіш құбырларды тазалап, жаптық. Жергілікті атқарушы органдар қап контейнерлерін, су тасқынының алдын алатын барлық құралдарды сатып алуды жүзеге асыруда. Жалпы, су тасқынына қарсы әрекет ету үшін төтенше жағдай департаментінің жеке құрамындағы 1500 адам мен 600 техника сақадай сай, - деді Ш.Ахметов. Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, су тасқыны кезеңіне дайындық үшін елді мекендердің айналасына қорғаныш бөгеттерін салу, авто және теміржол жолдардың астындағы құбырларды жөндеу және тазалау, қар шығару жұмыстары жүргізілуде екен. Гидротехникалық құрылыстарды, нөсерлі-кәріз жүйелерін, арық-дренаж жүйелерін салу және жөндеу, жергілікті құлақтандыру жүйесін орнату мен автожол учаскелерінде су өткізу құбырларын реконструкциялау жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, су басу қаупі бар аймақтарда өзен арналарының жағаларын нығайту, түзету, тереңдету және тазарту жұмыстары жүзеге асуда. А.МҰҚЫШЕВ.
ИПОТЕКА Ауылдағы үйді қалай алуға болады? Ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы сөзінен. Бүгінгі таңда облыс орталығы мен қалалар түгілі ауылдардағы баспаналардың бағасы аспандап кеткені рас. Елді мекеннен үй алуды қалайтын азаматтың қалтасында бірнеше миллион теңге болуы керек. Бірақ мұндай қомақты сома ауылдағы ағайынның басым бөлігінде жоқ. Мұндағы баспаналарды ипотекаға рәсімдейтін мүмкіндік те жоқ. Сондықтан қысылтаяң шақта тұрғындарға пайызы шарықтап тұрған тұтынушылық несие ресімдеп, соған баспана алуға тура келеді. Алысқа бармай-ақ өз өңіріміздегі аудан орталықтарындағы баспаналардың бағасын бағамдап көрейік. Мәселен, Май ауданының орталығындағы үйлер орта есеппен алғанда 5 млн теңгеден басталып, 8 млн теңгеге дейін жетеді. Тереңкөл ауданындағы бірнеше сотық аумағы бар баспаналардың бағасы да сол 5 млн теңгеден жоғары тұрады. Барлық қажеттілікпен қамтылған үйін 10 млн теңгеге бағалайтын қожайындары да бар. Ақтоғай, Аққулы, Ертіс аудандарындағы үйлердің орташа бағасы да солай. Ал кrіsha.kz сайтына жарнама орналастырған железиндік азамат төрт бөлмелі үйі үшін тіпті 14 млн теңге сұрайды. Қысқасы, аудандардағы үйлердің бағасы арзан емес. - Ақтоғай ауданында өзіміз бірнеше жыл тұрған үй ескіріп, ата-анамызға жайлы, кең үй алуды жөн санадық. Сөйтіп, ауылдағы баспаналарды қарастыра бастадық. Бағалары қаладағы пәтерлерден кем емес. Орташа алғанда 8-10 млн теңге тұрады. Ауылдағы үйлерге ипотека берілмейтіндіктен, қолма-қол ақшамен есеп айырысу керек. Бірақ қарапайым отбасыда 10 млн теңге қайдан болсын?! Амал жоқ, банктен тұтынушылық несие алып, тірнектеп жинағанымызды қосып, әупірімдеп жүріп баспананы кеңейттік. Есесіне ай сайын банкке 200 мың теңгеге жуық төлем жасап отырмыз. Бұл - ауылдағы ағайынға кәдімгідей салмақ, - дейді Қайрат есімді тұрғын. Ал Баянауыл ауданындағы кейбір баспаналардың бағасы бұдан да шарықтап тұр. Үй иелері 15 млн теңгеге дейін сұраудан тартынбайды. - Баянауылдың табиғаты тамаша, ауасы таза екенінде дау жоқ. Тау етегінде, қолайлы жағдайда өмір сүрген жақсы-ақ. Бірақ баспаналардың бағасы тым қымбат. Ауылдан үй алғаннан қаладан бір-екі бөлмелі пәтерді сатып алған әлдеқайда тиімді ме деп те ойлаймын. Себебі, облыс орталығынан пәтер алар болсаң, бастапқы жарнасын салып, қалғанын несиеге ресімдеуге болады. Ал ауылдағы баспаналар ипотекаға берілмейді. Ақшасын бірден төлеу керек. Сол тұрғыдан алғанда да пәтер алған оңтайлы, - дейді баянауылдық азамат Айдос Мұратұлы. Сатушылардың өзі мұның барлығы – нарық алабы екенін алға тартады. Железин ауданында баспанасын сатылымға қойған тұрғындардың бірімен тілдескенімізде, қазір ауылдағы үйлер де жоғары бағалауға тұрарлық дегенді айтты. - Кезінде қалаға үдере көшкен көпшілік ауылдың қадірін енді біліп жатыр. Біздің өңірге зейнетке шыққан кей ауылдастар қаладан қайта оралып жатыр. Бұл дұрыс та шығар. Қазіргі таңда ауылдарда да жағдай жақсы. Орталықтандырылған су жүйесі қосылған, жолдар жөнделген. Көшелер де жарық. Ұялы байланыс пен интернет үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қысқасы, жағдайымыз қаладан артық болмаса кем емес. Отбасылық жағдайға байланысты қоныс аударуға тура келмесе, туған жерімнен жырақ кетпес едім. Сондықтан қимай-қимай үйімді сатуға тура келіп отыр. Төрт бөлмелі, жақында жөндеуден өткен баспанамен бөлек монша, көлік қоятын орын, бастысы кең бау-бақшам бар. Жарнамаларды қарасам, мұндай үйлердің бағасы 10 млн теңгеден кем емес. Сондықтан мен де осы бағаны белгіледім. Сатып алуға ниет танытушылар бар, - дейді өзін Михайл деп таныстырған сатушы. 1 мамырда басталады Бір анығы, бүгінде ауылдан баспана алу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бұрындары жұрт қаладан пәтер алуды армандаса, енді ауылдан бір баспана бұйырса екен дейтін заман туды. Қаланы асырайтын ауыл екенін ескерсек, тұтас мемлекеттің дамуы ауылға тікелей байланысты екенін назарға алсақ, мұндағы өмірді жандандыра түсу керек. Сол себепті де елді мекендерде қолайлы жағдайда өмір сүруге басымдық беріліп жатыр. Бірақ бұған дейін баспана бағасының қымбаттығы кей тұрғындарға қолбайлау болды. Әсіресе, ауылдық жерде мал шаруашылығын дөңгелетуді қалаған кейбір азаматтарға кедергі келтіргені рас. Ел билігі мұны ескеріп, ауылдық жерден үй алуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама әзірлемек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтай барысында айтты. - Ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын. Жеңілдетілген жаңа ипотеканың енгізілуі және жалға берілетін тұрғын үйдің көптеп салынуы құрылыс қарқынын арттырады. Құрылыс саласында жүз мыңдаған отандасымыз адал еңбек етіп жүр. Ең бастысы, бұл бағдарлама баспанаға мұқтаж көптеген адамның үй алуына жол ашады, - деген еді Қ.Тоқаев. Президенттің бұл тапсырмасынан соң Үкімет бірден бағдарлама дайындауға кірісті. Тіпті, оны 1 мамырда іске қосылатынын хабарлады. Премьер-Министр Олжас Бектенов жаңа ипотекаға қатысты мәліметтерге тоқталды. - Ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 300 миллиард теңге бөлінеді. Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Оған жұмыс істейтін азаматтар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы банк» салымшылары, моноқалалардың, облыс орталықтарының, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің тұрғындары қатыса алады, - деп хабарлады Үкімет басшысы. Бағдарлама операторы болып белгіленген «Отбасы банк» АҚ мәлімдеуінше, ипотеканың нақты талаптары әлі толығымен бекітілген жоқ. Анығы, баспана алуға қажетті қаражат әлеуметтік осал топ санаттарына жататын көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектігі бар азаматтарға жылдық 7 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ал басқа санаттағы азаматтар қарызды 9 пайызбен ала алады. Бұл ретте Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы 30 миллион теңгені, өзге өңірлерде 18 млн теңгені құрамақ. Тағы бір шарт – бағдарлама аясында облыс орталықтарынан басқа елді мекендердегі алғашқы, екінші нарықтағы баспаналарды, оның ішінде жеке үйлерді де алуға рұқсат етіледі. Осылайша, ипотека тек моноқалаларға емес, Қазақстанның барлық елді мекеніне бағытталатын болады. Мұндай тетік ауылдық жердің өзінде үй жалдап жүрген, қалаған баспанасын ала алмай жүрген талай ағайынға демеу болар деген үміттеміз. ОНЛАЙН НЕСИЕ Жаңа ереже енгізілмек Қазіргі таңда көп жағдайда банк немесе басқа да қаржы ұйымынан несие алу үшін сол мекемеге барудың қажеті жоқ. Барлығын онлайн түрде-ақ ресімдеуге болады. Ендігі ретте бұл процесске өзгерістер енгізілмек. Қажетті соманы үйден шықпай-ақ қаржы ұйыманан онлайн алу ыңғайлы, әрине. Алайда бұл тетік кейбір пысықайлардың «пайдасына» шешіліп жатқан жағдайлар аз емес. Өзге адамдардың атына несие ресімдейтін алаяқтар осы онлайн жолды таңдап, талай адамды сан соқтырып кетті. Мұндай келеңсіздікке тосқауыл қою үшін онлайн несиелер жаңа ереже бойынша берілетін болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электронды түрде беру ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі. Ол «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында 8 сәуірге дейін қоғамдық талқылаудан өтеді. Құжатқа сәйкес, клиентті жеке кабинетте тіркеу кезінде СДАО қызметін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіру немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғысы арқылы алынған биометриялық деректерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. - Электронды тәсілмен микрокредит беру микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банктік шотынан клиенттің банктік шотына (төлем карточкасына) ақша аудару жолымен, сондай-ақ клиентке терминал арқылы қолма-қол ақшаны беру және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды қарыз алушы сатып алатын тауарларға немесе орындаған жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуді көздейтін шарт жасасқан заңды тұлғаның банктік шотына микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша аудару арқылы жүзеге асырылады, - делінген құжатта. Бұл ретте биометриялық идентификациялау кезінде клиенттің қайталанбайтын бақылау қимыл-қозғалыстарын орындау тізбектілігін биометриялық идентификаттау жүргізіледі. Былайша айтқанда, бұрындары онлайн несие ресімдеу үшін экранға тура қарау жеткілікті болса, енді ретте несие алатын азамат барлық нұсқауды орындауға міндеттеледі. Оның ішінде солға, оңға, жоғары, төмен қарау, көзді ашып-жұму сынды функциялар енгізілуі мүмкін. Бұл биометриялық деректерін қолдан жасаудың алдын алады. Яғни, бір адамның суретін көрсете салып, соның атына несие ресімдеуге тосқауыл қойылады. Бетті әзірлеген - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА. 7 SARYARQA SAMALY 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл Коллажды жасаған - М.Мұстафина.
8 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл SARYARQA SAMALY ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: - «Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі. «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет» Қазақстанда ауқымды ветеринариялықпрофилактикалық іс-шаралар басталды. Бүгінгі таңда республикалық қорда көктемгі кезеңге алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберілген жануарлар мен құстардың 23 ауруына қарсы 77 млн доза вакцина бар. МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ Көктемгі вакциналау басталды Кооператив құру ісі қарқын алды Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлеген Көшербаевтың айтуынша, кооператив құрылғанда белгілі бір талаптар сақталуы тиіс. Мәселен, оның мүшелерінің саны жиырма адамнан кем болмағаны тиімді. Сонымен қатар, кооперативтің басты бағытын нақты айқындау маңызды. Ол не өндіреді, қамту аймақтары, өнімді өткізу мүмкіндіктері - барлығы ескерілуі тиіс. - Кооперативтерге бірігудің көптеген артықшылықтары бар. Біріншіден, кооперативтер өндірілген өнімді тиімді сата алады. Екіншіден, мемлекеттік қолдауға жол ашылады, қажетті құрал-жабдықтар алу мүмкіндігі бар. Үшіншіден, кооперативтер материалдықтехникалық құралдармен, яғни жанар-жағармаймен, тыңайтқышпен, тұқыммен, мал азығымен, тағы басқаларымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 70 пайыздық жеңілдіктегі арнаулы салық режимі бар. Төртіншіден, прогрессивті агротехниканы пайдаланып, өнімді тұрғылықты жерде делдалсыз өткізу мүмкіндігі туады. Ең бастысы, кооперативтің әрбір мүшесі де, сондай-ақ, тұтастай кооператив те жеңілдік пайызымен несие ала алады, - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы. Сонымен қатар, Төлеген Көшербаев бүгінде Павлодар облысында ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп тұрған 5691 шаруа және фермер қожалығы бар екенін атап өтті. Былтыр 759 жаңа шаруа және фермер қожалығы құрылды. Айтуынша, мұндай нәтижеге мемлекет қолдауының арқасында қол жеткізілді. - Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау шаралары - тиімді жұмыс істеудің, бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсететін негізгі күшке айналды. Былтыр облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнімінің көлемі 441,1 млрд теңгені құрады. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестиция көлемін орта есеппен екі жарым есе арттыру жоспарлануда. Атап айтқанда, тұқым сатып алуды субсидиялау және тұқым шаруашылығын жаңғырту арқылы ауыл шаруашылығы өнімін арттыру шаралары қолға алынбақ. Сондай-ақ, 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығының барлық саласында облыстың экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарда тұр. Тұтастай алғанда, тұжырымдаманы іске асыру ішкі нарықты өзімізде өндірілген азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді деп күтілуде, - деп толықтырды ол. Бүгінгі таңда облыста мал шаруашылығында ірі қара мен ұсақ малдың саны артып, өнім көлемінің көбеюі байқалады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Былтыр бір жарым миллиард теңгенің 192 шағын несиесі беріліп, 371 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы жобаның арқасында облыстағы 120-дан астам жеке кәсіпкер ауылдық жерлерде өз кәсіптерін ашып, жұмыс істеп тұрған 50-ден астам кәсіпорын кеңейтіліп, 21 ауыл шаруашылығы кооперативі (19 жаңа және 2 жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кооперативі) қаржыландырылды. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзанға бағаланып жатқанын алға тартып, шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік беретін кооперация құрып, оның жұмысын жандандыру керектігін айтқан еді. Осы тұста облыс шаруаларының өзара кооперация құруға үлкен мүмкіндіктері бар екенін айтқан Төлеген Көшербаев ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға басымдық берілетінін жеткізді. Осылайша, ауылдық жерлерде кооперацияны дамыту мақсатында шаруалар ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға мүмкіндік алды. Бүгінде облыста 67 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Негізгі қызмет түрлерін айтар болсақ, 42 кооператив мал шаруашылығымен, 15 кооператив сүт дайындау және сатумен, 10 кооператив егін өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі жұмыскерлердің саны шамамен 242 адамды құрайды, олардың қызметінде 806 жеке қосалқы шаруашылық бар. - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2023 жылы ел бойынша «Ауыл аманаты» атты жеңілдетілген шағын несиелеу жобасы іске асырыла бастады. Облыс бойынша 192 қарыз алушыға 1,5 млрд теңге несие беріліп, 371 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 21 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды. Атап өтсек, 19 жаңа және 2 жұмыс істеп тұрған кооперативтер мемлекеттік қолдауға ие болды. Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасы жалғасын тауып, облысқа ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлік жобаларды несиелендіруге 2,6 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл жобаға жаңадан құрылған 13 және жұмыс істеп тұрған 4 кооператив тартылды. Бұл ретте біз жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасындағы кооперацияның артықшылықтары туралы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы тұрақты негізде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, - деді Т.Көшербаев. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шаралар бүкіл ел бойынша ветеринарлық қызметтерді, соның ішінде ветеринарлық бекеттер мен пункттерді қамтиды. Науқан аясында жануарларды тексеру және аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинация жүргізіледі. - Бруцеллезді, лейкозды, жылқылардың жұқпалы анемиясын және басқаларын қоса алғанда, жануарлардың 25 аса қауіпті аурулары бойынша 13,6 млрд теңге сомасына 74,9 млн-нан астам диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 178,2 млн манипуляция жүргізу жоспарлануда, - деп хабарлады баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, іс-шараларды толық өткізу үшін 13 млрд теңгеге тағы 149,6 млн доза вакцина сатып алу қажет болады. Қазіргі уақытта бекітілген жоспарға сәйкес диагностика және вакцинация жұмыстары басталды. «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарын несиелеуге 2024 жылы 140 млрд теңге қарастырылып, Азық-түлік корпорациясы желісі бойынша форвардтық сатып алуға тағы 40 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 425 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру пысықталуда. Дала жұмыстарына - қосымша несие Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Атап айтқанда, жергілікті бюджеттен 100 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Басқа көздер де қарастырылып, қазіргі уақытта бұл мәселе пысықталуда. - Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, сапалы тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер, ЖЖМ және т.б. қолдануды қамтитын барлық қажетті агротехникалық іс-шараларды ескере отырып, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын сапалы жүргізу үшін жеңілдетілген несиелеуге шамамен 1,5 трлн теңге қажет, - деді Айдарбек Сапаров. Оның айтуынша, «Кең дала» бағдарламасы бойынша фермерлерден жалпы сомасы 134 млрд теңгеге 1 434 өтінім келіп түскен. Оның ішінде бүгінгі таңда 37,8 млрд теңгеге 811 өтінім мақұлданды. Форвардтық сатып алу бойынша жалпы сомасы 24 млрд теңгеге 196 өтінім берілді. Қазақстанда 13 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігінің тыңайтқыштарды субсидиялау туралы бұйрығы күшіне енді. Бұл өзгерістер тыңайтқыштарды пайдалануды арттырады және химия өнеркәсібінің дамуын ынталандырады деп күтілуде. Субсидиялаудың жаңа ережелері Отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Ол отандық тыңайтқыштар үшін субсидиялар нормасын 50 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтуды көздейді, ал шетелдік тыңайтқыштар үшін ол тыңайтқыштардың ең төменгі құнының 50 пайызы деңгейінде қалады. Субсидиялаудың жаңа тәсілі фермерлерге тыңайтқыштарды алдын ала төмендетілген бағамен алуға мүмкіндік береді, ал отандық өндірушілерге кепілдендірілген сату көлемі қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, осы бұйрықпен 2023 жылы сатып алынған тұқымдарды, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялауға өтінімдер беру мүмкіндігі көзделген. Бетті әзірлеген – А.МҰҚЫШЕВ. Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығын кеңінен дамытуға баса көңіл бөлініп, әсіресе бұл бағыттағы өңдеуші кәсіпорындар үлесін арттыру ерекше назарға алынды. Мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да жаңа деңгейге шықты. Нәтижесінде бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтері ісін жандандыру күн тәртібіне көтеріліп, елді мекендердің еңсесін тіктейтін бірлестіктер құрылуда. Бұл бағытта облыс бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Жалпы өңірде қанша ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды? Осы және өзге де сұрақтың жауабын бірге іздеп көрелік... ҚОЛДАУ
9 SARYARQA SAMALY 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл КӘСІП ТҮБІ - НӘСІП Бетті әзірлеген - Айдана БОРАНБАЕВА, Ақтоғай ауданы. Мемлекет экономикасын жан-жақты дамытудың ұтымды әрі тиімді жолдарының бірі – кәсіпкерлік саласын дамыту. Қазіргі кезде елді мекендерде жаңа кәсіп түрін қолға алып, ерінбей еңбек етіп, көптің қажеттілігін өтеп жүрген кәсіпкерлер саны едәуір артып келеді. Бұл бір жағынан жеке тұлғаның еңбекке араласып, қалаған ісімен айналысуына мүмкіндік болса, ал екіншіден тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, қажеттіліктерін өтеудің бірден-бір жолы. Бұған дейін облыс әкімі Асайын Байхановпен болған кездесуде спорт мектебіне балаларды тасымалдайтын көліктің қажет екені айтылған болатын. Өтініш жерде қалған жоқ. Облыс басшылығының қолдауымен жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, көп ұзамай жаңа көлік сатып алынды. Жаңаның аты жаңа ғой. 16 орынды «Газель Next» көлігінің іші жылы, орындықтар ыңғайлы, бір сөзбен айтқанда балаларға жайлы екенін атап өткен жөн. Ақтоғайлық спортшылар алдағы уақытта түрлі жарыстардан олжалы оралады деген сенім мол. Ақтоғай ауданында соңғы жылдары жоғары қарқынмен атқарылып келе жатқан жұмыстардың бірі – жол жөндеу ісі. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. Ауыл көшелері жөнделеді 2025 жылға дейін АқтоғайШолақсор облыстық маңызы бар жол учаскесін аяқтау жоспарлануда. Биыл 156-164 шақырымнан 8 км, сондай-ақ 14-15, 29-30, 35-47 (14 км) учаскелерін орташа жөндеу жоспарланған. Шарт «ПКФ Гордорстрой» мердігерімен жасалды. Осы жылы ЖолболдыШілікті жолын орташа жөндеуге 245,3 млн теңге сомасы көзделген. Сондай-ақ, Шолақсор ауылындағы кірме жолдың 1,2 шақырымын жөндеуге 67,1 млн теңге, Жаңаауыл ауылына кірме жолдың 1,2 шақырым жолын жөндеуге 35 млн теңге сомасы бөлінді. Сондай-ақ елді мекендердегі ауылішілік жолдарды қайта қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 302 млн теңге қарастырылған. Мәселен, Мүткенов ауылының Қазақстан және Ертіс көшелері, Ақжол елді мекеніндегі Бейбітшілік, Достық және Мектеп көшелері, Қожамжар ауылындағы А.Мағұлов, Бейбітшілік, Абай көшесі, Ақтоғай ауылындағы Ибадильдин, М.Горький және П.Дубовый көшесі және Алин көше жолдары қайта қалыпқа келтірілмек. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен Жолболды ауылындағы ұзындығы 2 шақырым болатын Достық көшесін жөндеуге 92 млн теңге қарастырылған. Спортшыларға – жаңа көлік! Ақтоғай ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне су жаңа «Газель Next» көлігі берілді. Ендігі ретте балалар басқа елді мекендерде ұйымдастырылатын жарыстарға жайлы көлікпен қатынай алады. БӘРЕКЕЛДІ! ИНФРАҚҰРЫЛЫМ Кәсіптің көзін тапқан Кәсіпкерлік саласы көп еңбекті және тәуекелді талап етеді. Десе де, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға зор мүмкіндік бар. Тек кәсіп ашуға ниетті азаматтар мемлекеттің қолдауын дұрыс пайдалана білсе, еліміздегі кәсіпкерлік саласын бұдан да жоғары деңгейге көтерілері анық. Түйін: Отбасының берекесін келтіріп, бала өсіріп, жар күтетін әйел – бүгінде ел экономикасына үлес қосу бағытындағы ауқымды жұмыстарда да өте белсенді. Әсіресе кәсіпкерлік жұмыстарында бақтары мен іскерлігін ұштауда әйел адамдар тартынып жатқан жоқ. Бұған мысал ретінде Ақтоғай ауданының тұрғыны Жанаргүл Жұмашты мысалға келтіруге болады. Өзінің еңбегімен берекелі кәсіп түрін табысқа айналдырып отырған кәсіпкер Жанаргүл Жұмаш алғашқы кәсібін Қытай елінде тұрғанда-ақ қолға алған. Кейін жолдасымен «Ата жұртым, қайдасың?» деп Қазақстанға қоныс аударып, ісін одан әрі дамыта бастаған. - 2005 жылдың желтоқсан айында Қытай елінен Алматы облысының Сарқан ауданына табан тіредік. Онда асхананы жалға алып, аспаз болып қызмет еттім. Біраз жыл өткен соң оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша жанұямызбен 2021 жылдың сәуір айында Ақтоғай ауданына көшіп келдік. Кейін бастаған кәсібімді жалғастыру керек екенін түсіндім. Сөйтіп, Сарқан ауданындағы үйімізді сатып, сол қаржыға аудандағы бос тұрған ғимаратты сатып алып, асхана аштым. Алғашында келушілер аз болғанмен, кәсібіміз күнделікті жүріп тұрды. Қазір біздің тұрақты тұтынушыларымыз бар. Ауылдағы ағайынға өте ұнайды және олар өз ризашылықтарын білдіруде, – деді кәсіпкер. Жанаргүл Жұмаш араға екі жыл салып аудан орталығындағы тағы бос тұрған ғимаратты өз қаржысына сатып алды. Кез келген кәсіпте кездесетін қиындық кейде Жанаргүлдің бастаған ісінде де туындайды. Мәселен, құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтар алуда қаржының аздығы қолбайлау болған. Қалтасындағы қаражаты жобаны жолға қойып, тасын өрге өрлетуге жеткіліксіз екенін түсінген ол несие алуға байлам жасайды. - Тойхана ашу мәселесін отбасыммен шешіп, жауапкершілігі мол жұмысты атқарудың бүге-шігесіне дейін талқыладық. Өйткені ауыл тұрғындары шілдехана, үйлену тойы, қыз ұзату, туған күн секілді қуаныштарын атап өтуге арналған орындар саусақпен санарлық. Сөйтіп, бұл кәсіп өте тиімді екеніне көз жеткіздік, – деп сол оқиғаны есіне алады ол. Кейін кәсібін одан әрі дөңгелетуді жөн санаған Жанаргүл өткен жылдың тамыз айында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайызбен 8,2 млн теңге несие алып, мал басын көбейткен. - Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болғандықтан, өзіміз де осы шаруашылықпен бұрыннан айналысамыз. Қолымызда азын-аулақ төрт түлігіміз болды. Ақтоғай ауданы мал бағуға қолайлы жерлердің бірі болғандықтан, малдың санын көбейту үшін тағы да қара мал сатып алдық. Бүгінде зейнетін көріп отырмыз, - дейді кәсіпкер. Бала кезінен әкесінің әрбір істеген ісіне қарап, өзіне өнеге алған Жанаргүлдің жары Ілежан Бақай да кәсіпкер болуға жастайынан бейім болды. Ол да кәсіптің бірнеше түрін ашып, дамытуда. Жалпы, бұл әулетте кәсіп ету әкеден балаға мирас болып келе жатқан дүние десек, артық айтқандық емес. Өйткені ерлізайыптылардың отбасындағы тұңғыш қызы Минар да кәсіптің қыры мен сырына кішкентайынан қанық болып өсіп, ата-анадан үлгі алып келе жатқан жайы бар. - Жолдасым да кәсіпкер. Одан бөлек, бір мекеменің күзетшісі болып еңбек етеді. Қолы қалт еткенде ғимараттың техникалық жұмыстарына қол ұшын созады. Балаларым да көмектеседі. Кәсіп ашу қиын болғанымен, оның қиыншылығы жылдар өте ұмытылады екен. Расында да, алғашқы кездері қатты қиналдым. Бірақ жолдасымның қолдауымен басымнан өткерген қиыншылықты ұмытып кеттім. Шаңырақта бастысы өзара түсіністік, сыйластық, бір-біріне деген жанашыр жүрек, мейірімді пейіл болса, барлық жақсылық өзі-ақ келеді. Отбасының бақыты бар жерде, өмірі берекелі болса, адам тез қартаймайды. «Еңбек – түбі береке» деген. Бүгінде сол бейнетті жылдардың зейнетін көрудемін. Балаларым өсіп, қолқанатым болуда. Бірақ осы жеткенімізге тоқмейілсіп отырмаймыз. Кәсіпті одан әрі дамытқым келеді. Бұйырса, қаржылық мәселе шешілсе, автокөлік жуатын орын ашу ойда бар. Өйткені ауданның орталығында ондай орын жоқ, - деп жоспарларымен бөлісті ол.
ЖАСТАР НАЗАРЫНА! Бахтияр НАЙМАНОВ, жоғары білім саласының ардагері: Бексұлтан ҚАЙДАРОВ, Марғұлан университетінің студенті: Саясат НҰРБЕК, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі (пікір интернеттен алынды): «Алаңды» үйлестірген – Тілеуберді САХАБА. БІЛІМ 10 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл АЛАҢ SARYARQA SAMALY Жоғары оқу орнында қанша жыл оқыған тиімді? Соңғы уақытта бұл мәселе қоғамда жиі талқыланып жүр. Себебі қазіргі таңда студенттердің дені оқудан гөрі жұмысқа орналасып, күнделікті жүріп-тұруына қажет қаржы табуды қалайтыны белгілі. Сөйтіп, сабағы екінші орынға жылжиды. Оған қоса, құзырлы министрлік те сұранысқа ие мамандарды әдеттегідей төрт жылда емес, бірнеше айдың аралығында оқытуға болады деген ойды ортаға салды. Бұл бастаманы кейбірі құп көрсе, енді бірі «шикі» ұсыныс деп бағамдайды. Бұл мәселені «Алаңның» талқысына салып, ой саралаған едік. - Білім саласын зерттейтін «HolonIQ» дейтін аустралиялық халықаралық агенттік бар. Соның 2024 жылға арналған есебі шықты. Ол есепте биыл трендте болатын екі негізгі құбылыс аталған. Оның біріншісі – жоғары білім саласында жаңа дағдылар мен жаңа біліктіліктердің пайда болуы. Яғни, біздің қатып қалған 4 жылдық, 3 жылдық, 5-6 жылдық оқыту циклдарымыз – ұзақ. Еңбек нарығы оларды күте алмайды. Еңбек нарығына қысқа уақытта неғұрлым көп адамды жаңа дағдыларға үйрететін құралдар қажет. Бұған дейін біліктілік арттыру трендте болса, енді кез келген қызметкердің негізгі білім базасын қысқа мерзімде заман талабына сай дағдылармен ауыстыру трендте болады. Яғни, дайын маманды 2-3 айлық курс арқылы жаңа технологияларға үйрету өзекті болмақ. Есесіне жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі артатын болады. Оны анықтайтын жаңа индекс де енгізілмек. Біз жоғары оқу орындарының цифрлық және жасанды интеллект технологияларына дайын болу индексіне қосылу туралы шешім қабылдадық. Биылдан бастап біздің ЖОО-лар осы индекспен ақырындап бағалана бастайды. Бұл – ерікті. Біздің тарапымыздан ешқандай көндіру болмайды. Индекстің негізгі мақсаты – кез келген жоғары оқу орнының жоғары технологияларға қаншалықты дайын екенін бағалау. - Бүгінде университетте білім алу мерзіміне қатысты мәселе қайта талқыланып жатыр. Бұған дейін де бұл жағдай бірнеше рет көтерілген еді. Меніңше, бұл – асығыс қабылдайтын шешім емес. Төрт жылдық білім беру форматына өзгеріс енгізу, мерзімін қысқарту сынды жаңашылдықтарды енгізу үшін «жеті рет өлшеп, бір рет кесу» керек. Әсіресе, көпшіліктің ойымен санасып, жоғары білім саласына еңбегі сіңген азаматтардың пікірі ескерілуі керек. Мен елу жылға жуық уақыт бойы жоғары оқу орнында студенттерге білім бердім. Сол жарты ғасырға уақыт аралығында да бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұрын қос мамандық таңдаған студенттер бес жыл оқыса, кейін оны төрт жылға қысқартты. Енді оны екі немесе үш жылға азайтса қандай білім, қандай сапа болады?! Иә, қазір тәжірибеге көп мән беріліп жатыр. Ол дұрыс, бұған ешкім дау келтірмес. Дей тұрғанмен, теориялық білім алмаған маманды тәжірибеге қанша салсаңыз да түк шықпайды. Сондықтан еңбек нарығындағы сұранысқа сай сапалы маман даярлау үшін тәжірибеге де, теориялық білімге де көңіл бөлу шарт. Мұның барлығы - уақытпен қалыптасатын құндылықтар. - Жалпы, бүгінгі жаһандану заманында білімін жетілдіріп, тереңдетуді қалайтын жастар үшін мүмкіндік көп. Жоғары білім беру саласында да түрлі технологиялар енгізіліп, тиімді бағдарламалар қабылданып жатыр. Соның негізінде аз уақыт аралығында сапалы білім алуға жағдай жасалып отыр. Студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарында қысқамерзімді курстардан өтіп, өз мамандығы бойынша шыңдалуы – соның бір дәлелі. Яғни, қандай да бір бағытты бағындыруды қаласаң, оған көп уақыт сарп етудің қажеті жоқ. Сондықтан, жоғары білім беру саласындағы 4 жылдық білім беру форматына өзгеріс енгізіп, оны қысқарту дұрыс та болар. Себебі қазір заман өзгеріп, ғылым дамып жатыр. Бүгінгі кейбір өзекті пәндер ертең қажет болмай қалуы мүмкін. Оған уақытты сарп еткенше, университет талапкердің таңдаған мамандығы бойынша ғана білім берсе, ол аз уақытта өз мамандығын терең меңгеріп шығады. Міне, осы мәселелерді ескерер болсақ, жоғары білім беру мерзімін қысқарту тиімді бастама деп санаймын. Яғни, үш жылдың аралығында да мамандықты толығымен меңгеріп, еңбекке ерте араласуға мүмкіндік туады. Замандастарыма осы тетік анағұрлым тиімді сыңайлы. - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық бала дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты Аталған білім гранттары «Бакалавриат», «Магистратура» және «Докторантура» бағдарламалары бойынша Польша Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға беріледі. Бүгінгі таңда құжаттарды «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн қабылдау басталды. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдерінің айтуынша, өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 18 сәуірі күні сағат 18.30-да аяқталады. Шетелде білім алғысы келетін жастар осы уақытқа дейін құжаттарын тапсырып үлгеруі тиіс. Нақтырақ айта кетер болсақ, «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша 3 грант, «Магистратура» бағдарламасы бойынша 4 грант және «Докторантура» бағдарламасы бойынша 4 грант бөлінген. Яғни, аталған грантты ұтып алғандар тегін білім алады. Сондай-ақ, «Докторантура» бағдарламасы бойынша оқу кезінде ай сайын стипендия төленеді. Қазақстан азаматтарының «Бакалавриат», «Магистратура» бағдарламалары бойынша тұруы білім алушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Оқыту тілі – поляк тілінде жүргізіледі. Бұл ретте, поляк тілін оқыту бойынша міндетті дайындық курстары қарастырылғанын атап өткен жөн. Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлеріне тоқталсақ: 1) балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі; 2) балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы; 3) тәуелсіз сараптама комиссиясын бағалау. Қажетті құжаттар туралы қосымша ақпаратпен және басқа да ережелермен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov. kz сайтынан танысуға болады. Өз тілшіміз. Польшаға грант ұтып ал! Жақында, яғни 26 наурыз күні Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісім шеңберінде ел жастарына 11 білім гранты тағайындалды. Бұл жөнінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz сайтында жарияланды. Құжат қабылдау басталады Үш күннен кейін, яғни 1 сәуір күні 1-сыныпқа өтініш қабылдау басталады. Бұл жөнінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ата-аналар алдағы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттайтын балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Сондай-ақ, биылдан бастап 1-ші сыныпқа баратын балғындар дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге еш кедергісіз қабылданатын болады. бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған, - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева. Сонымен, талап бойынша балалар 1-сыныпқа 6 жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және 3х4 көлеміндегі екі дана фотосуреті болуы керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Құжат тапсыру мерзімі 31 тамызға дейін жалғасады. Айта кетерлігі, ағымдағы жылы республика бойынша 370 мыңнан астам бала мектепке барады деп жоспарлануда. Олардың қатарында 11 мың павлодарлық балғын бар. Ал Павлодар қаласы бойынша биыл 6 мыңға жуық бала мектеп партасына отырады деп болжануда. Қуантарлығы, кейінгі жылдары шаһарда мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарды ашуға басымдық берілуде. Мәселен, жыл сайын мемлекеттік тілде білім алатын шәкірт саны орта есеппен 1500 оқушыға артып келеді, дейді Павлодар қалалық білім беру бөлімінің өкілдері. - Бірінші сыныптарға оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес мектептер даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық баланың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, осы жылы да 3 (үште) 1 (бір) қағидаты сақталады. Яғни, ата-аналар мектепке аумақ бойынша емес, үш-бір принцип бойынша өтініш бере алады. Мысалы, мектептер үш баланы өз аумағынан, содан кейін бір баланы аумақтан тыс жерде қабылдайды. Интернетке қол жеткізе алмайтын ата-аналар үшін барлық мектепте өтініш беру үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, балаларды қабылдау мәселелері бойынша сall-орталықтар жұмыс істейді. Павлодар қаласының тұрғындары үшін 30-14-91 телефоны бойынша сall-орталық қызмет көрсетеді, - делінген қалалық білім беру бөлімінің ақпаратында. Н.АҚЫТЕГІ.
SARYARQA SAMALY 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 11 ПАВЛОДАР АУДАНЫ Ақсақалдардың ақ батасы Жуырда Кемеңгер ауылында Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамына орай аудандық «Баталы елге бақ қонар» атты ақсақалдар арасында байқау өтті. Байқаудың мақсаты - ежелден тойланып келе жатқан «Наурыз» мейрамы арқылы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін жаңғырту, жас ұрпаққа бата беру дәстүрін үлгі ету. Сайыс ережесіне сәйкес ақсақалдар «Асқа бата» және Ұлыстың ұлы күніне арнап «Наурыз бата» беріп, ақжарма тілектерін ақтарды. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Новоямышев ауылының тұрғыны Серік ақсақал иеленді. Жүлделі 1-орынды Чернорецк ауылының батагөйі – Шерназдан ақсақал, 2-орынды Мичурин ауылының ақ баталы атасы – Ғабит ақсақал, 3-орынды Кемеңгер ауылының тұрғыны – Хамиден ақсақал иеленді. Сонымен қатар, Набережное ауылынан – Назиин ақсақал «Батагөй қария», Аққұдық ауылынан – Халлам ақсақал «Дананың көзі», Заря ауылынан – Авидолда ақсақал «Қазыналы қария», Заңғар ауылынан – Бекежан ақсақал «Данагөй қария» аталымдары бойынша жеңіске жетті. Сайысқа қатысқан барлық ақсақалдар марапаттау қағаздарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ. - БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ Жақында мұндай шара Баянауыл өңірінде өтті. Яғни, аудандық прокуратураның ұйытқы болуымен төтенше жағдайлар, полиция бөлімдері, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп су айдындарындағы мұздың қалыңдығы мен еру қарқынын бақылап шықты. Сондай-ақ, аталмыш мекеме өкілдері аудан тұрғындары мен қонақтарға арнап мұздағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Әсіресе, мамандар қазіргі уақытта автокөлікпен қатып жатқан өзен-көлдің үстімен жүруге болмайтынын, себебі мұз жұқарып кеткенін ескертті. Н.АҚЫТЕГІ. Сақтансаң, сау боласың! Көктем келіп, күн жылынғалы өзен-көлдердің бетіндегі мұз еріп, жұқара бастады. Осыған орай мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыруда. УСПЕН АУДАНЫ Мәдениет үйі жөнделуде Ауданда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерді дамыту бастамасы сәтті іске асуда. Мәселен, ағымдағы жылы Тимирязев ауылында талайдан бері жөндеу көрмеген мәдениет үйі жөнделуде. Аталған ауылдағы мәдениет үйі өткен ғасырдың ортасында пайдалануға берілген. Содан бері рухани орда ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етті. Кейінгі жылдары ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген. Алайда биыл қолға алынған бастама ең ауқымдысы, - дейді ауыл жұрты. Аудан әкімі Нұрболат Мақашевтың айтуынша, мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталып, маусымда аяқталуы тиіс. - Тимирязев ауылының ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу бойынша мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткіздім. Өндірістік жұмыстар кестесін талқылап, бекіттік. Қазіргі уақытта жұмысшылар ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуінің қайта ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, - деді аудан басшысы. Айта кетейік, Успен ауданына қарасты Тимирязев ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге биыл 168 млн теңге бөлінді. Мердігерлік ұйым - «NamysStroy» ЖШС. Техникалық қадағалау қызметін «Құрылыс инжиниринг орталығы» жүзеге асырады. Сондай-ақ, авторлық қадағалау қызметтері бойынша «Алға» ЖШС-мен шарт жасалды. Жөндеу жұмыстарының ұзақтығы - 3 ай. А.МҰҚЫШЕВ. - АҚТОҒАЙ АУДАНЫ Аудан әкімі Қаршыға Арыновтың қатысуымен өткен жиынға облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева, дезинсекциялық қызметтер мен ғылыми сүйемелдеу қызметін көрсететін фирмалар өкілдері, сондай-ақ ауылдық округтің әкімдері қатысты. Жиын барысында дезинсекциялық жұмыстарды жүргізудің стратегиясы мен әдістері талқыланды. Сондай-ақ, іс-қимылдың нақты жоспарлары әзірленді. Аудан әкімдігінің ұсынған мәліметіне сүйенсек, авиация мен тосқауылды өңдеуді пайдалана отырып, 20 000 гектар аумақты қансорғыш жәндіктерге қарсы өңдеумен қамту жоспарлап отыр. А.БОРАНБАЕВА. Алдын алу жұмыстары талқыланды Көктем келіп, жаз туса облыс жұртшылығын мазалайтын басты мәселелердің бірі - шыбын-шіркейдің көбеюі. Жуырда аудан орталығында қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинсекция шараларын жүргізу бойынша жұмыс кеңесі өтті. - МАЙ АУДАНЫ Атап айтсақ, Егор Колобов, Мәди Сейітханұлы 1-орын, Ерсұлтан Садыр, Санжар Жарылғасымов, Вячеслав Кабаков 2-орын, Асанәлі Теміров, Алтай Айман 3-орынды иеленді. Жеңімпаз палуандар сәуір айында Петропавлов қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында облысымыздың намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, Шыған ауылының тұрғыны, спорт ардагері Тавис Шиябутдинов қоссайыстан Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Әлем және Азия чемпионатына жолдама алды. Спорттағы інілері Қабыкен Ботабай, Руслан Валитов, Ақылбек Адамжанов, мәслихат төрағасы Мейрамбек Қызырұлы және депутаттары Рашит Жапишев, Бағлан Зиябеков ізгі тілектерін білдіріп, спорт ардагерінің иығына шапан жапты. Өз тілшіміз. Жуырда Павлодар қаласының «Баянтау» спорт сарайында U15 жас арасында грек-рим күресінен облыс чемпионаты өтті. Оған Май ауданының жас палуандары қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Әлем чемпионатына жолдама алды ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамир Смағұловтың айтуынша, қазіргі таңда Жаңабет, Жаңақұрылыс, Октябрь ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерден қар шығарылуда. 24 наурыздағы жағдай бойынша аудан көлемінде ауылдардан 43 200 текше метр немесе 28 800 тонна ақ ұлпа ауылдан алысқа шығарылды. Бұл жұмыстарға барлығы 50 шақты арнайы техника жұмылдырылған. Қар тазалайтын техникалардан бөлек, су сорып алатын ассенизатор, мотопомпалар қолданылуда. Өткен аптада Песчан, Әулиеағаш, Аққайың, Тереңкөл, Ивановка, Калиновка ауылдарының көшелері қардан тазартылған. - Қар шығару жұмыстары жоспарлы түрде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Яғни, қар суы басуы мүмкін көшелерден қарды шығаруға басымдық береміз. Мұндай көшелерден қарды толығымен сыртқа шығарамыз. Одан бөлек, тұрғындардың өтініші бойынша да көшелерді қардан арылтуға күш саламыз, - дейді Дамир Рашидұлы. Г.МАҒЖАН. Қалалық мекендерде қар еріп, жер қарайғанымен, ауылдарда қалың қар әлі толық ери қойған жоқ. Сондықтан, ауылдық елді мекендерден қар шығару жұмысы қазір қарқынды. Тереңкөл ауданының ауылдарда жоспарлы түрде 7 наурыздан бері қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Көшелер қардан тазартылуда
12 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл ЕЛ БЕСІГІ SARYARQA SAMALY МІНБЕР - Руслан Рахметоллаұлы, бүгінде аудандық мәслихат құрамы қанша пайызға жаңарды және қандай партиялардың өкілдері бар? Жастар мен әйелдердің үлесі қалай? Әңгімеміздің әлқисасын мәслихаттың тыныс-тіршілігінен бастасақ... - Аудандық мәслихаттың құрамы 99 пайызға жаңарды. Мәслихаттың депутаттық корпусы «AMANAT», «Ақ жол» саяси партияларының өкілдерінен және өзін-өзі ұсынған сайланушылардан құрылған. Депутаттардың ең үлкені – 53 жаста, ең жасы – 33-те. Олардың қатарында 2 әйел бар. Өз еркімен мандатын тапсырғандар жоқ. Бірақ 1 адам 2023 жылдың тамыз айында ауданнан тыс жерге қоныс аударуына байланысты депутаттықтан шықты. Яғни, қазіргі таңда аудандық мәслихаттың 11 депутатының 10-ы ғана өз қызметтерін атқаруда. Саяси көзқарастары мен партиялары әр түрлі болғанына қарамастан, депутаттар негізгі мәселелерде ортақ мақсатта жұмыла жұмыс істеуде. Жалпы, бір жылдың ішінде Баянауыл аудандық мәслихатының депутаттары 15 сессия (4 кезекті және 11 кезектен тыс) өткізіп, күн тәртібінде 116 мәселені қарады. Қабылданған әрбір шешім міндетті түрде алдын ала мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында егжей-тегжейлі пысықталып, содан соң сессияларда талқыланады. Былтыр 4 рет аудандық мәслихат сессияларында өңір бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, нақтыланды. Сонымен қатар, мәслихат қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және маңызды мәселелер бойынша қабылданған шешімдермен халықты құлағдар ету мақсатында есепті кезеңде өткен барлық сессия шарасы «Facebook» платформасында онлайн көрсетілді. Көпшіліктің өтініші бойынша VIII шақырылымның басынан бастап депутаттар әлеуметтік қолдау, экономика, денсаулық сақтау, білім беру, экология, көлік және азаматтардың мүдделерін қорғайтын өзге де мәселелер бойынша 10 депутаттық сауал жолдады. Сондай-ақ, олар «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 90 азаматты жеке мәселесі бойынша қабылдап, көмек көрсетті. Онда жұмыспен қамту, тұрғын үй сынды түрлі әлеуметтік мәселелер талқыланып, тиісті шара қабылдау үшін құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданды. Көпшілікті толғандырған түйткілді мәселелерді шешуде мәслихаттың Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы Руслан Мұқашев: Биыл барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайланғанына тура 1 жыл толды. Бұл бәз біреулер үшін өз ісін көрсетуге өте аз уақыт болса, енді біреулерге үлкен іс тындырып үлгеретін мерзім. Ал осынау он екі айдың ішінде аудандық мәслихат қандай жұмыс атқарды? Халық өзі дауыс беріп сайлаған депутаттар ел үмітін ақтай алды ма? Газетіміздің кезекті «Мінбер» айдарының осы және өзге де сұрақтарына Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы Руслан Рахметоллаұлы Мұқашев жауап береді. Елдік мәселелерді шешу – орны ерекше. Жалпы, біздің қызметіміздің басым бағытының бірі – азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу. Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 10 өтініш түсіп, сол бойынша жұмыстар жүргізіліп, иелеріне уақытылы жауап берілді. Сондай-ақ, былтыр аудандық мәслихат аппаратының кеңсесіне 265 құжат жолданды. Оның барлығы талданып, біздің құзыретімізге жататын мәселелер бойынша 360 шығыс хат жіберілді. Аудандық мәслихат ҚР Парламентінің Сенаты және Мәжілісімен, жергілікті атқарушы органдар және қоғамдық кеңеспен тығыз қарымқатынаста бірлесе жұмыс істеуде. Мәселен, былтыр 29 маусым күні Астана қаласында ұйымдастырылған «AMANAT» партиясы фракциясының бірінші форумына аудандық мәслихат депутаттарының да қатысуы соның дәлеліндей. Аталмыш форум барысында баянауылдық депутаттар ҚР Экология министріне және Мәжіліс депутаттарына ауданымыздың Ұлттық парк аумағында орналасқан көлдерді тазарту, ақбөкендердің (сайгак) көбеюіне байланысты жайылымдар тапшылығы, өңірге эколог маманның қажет екені және өндірістік кәсіпорындар тарапынан қоршаған ортаны ластауда өзекті мәселелер бар екенін жеткізді. Қысқасы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шешімдер қабылдауда мәслихаттардың қосар үлесі зор екенін атап өткен жөн. - Аудандық мәслихаттың төрағасы болып тағайындалғаннан бері қандай жұмыс атқардыңыз? - Әрине, халық бізге үлкен үміт артып отырғандықтан ең алдымен олардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, елдік мәселелерге көңіл аудару – азаматтық парызым, төраға ретіндегі басты міндетім деп білемін. Аудандық мәслихаттың тізгінін ұстағалы ауылдарды үздіксіз аралап, ондағы су құбырын тарту, жолдарды жөндеу және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, басқа да салалар бойынша бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарына назар аударып, бақылау жасаудамын. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын аудандық мәслихаттың инстаграм әлеуметтік парақшасында жұртшылыққа ашық әрі тұрақты түрде жариялап келемін. Жалпы, баянауылдық тұрғындармен тығыз байланыстамын деп айта аламын. Олардың мәселелерін қарап, қолдан келгенше қолдау көрсетудемін. Жеке қабылдау шараларын да үздіксіз өткізіп тұрамын. - Баянауылға қарасты кейбір елді мекенде жаңадан тартылған су құбырларының жұмыс істемей тұрғаны жөнінде тұрғындар тарапынан мәселе көтерілген еді. Халық қалаулысы ретінде бұл жағдайдан хабарыңыз бар ма және қалай шешілуде? - Депутат болып сайланғаннан бастап бұл мәселе менің назарымнан тыс қалған жоқ. Яғни, Торайғыр, Қызылшілік, Күркелі, Бірлік, Сәтбаев және Лекер ауылдарындағы тартылған су құбырларының жағдайын қадағалап отырмын. Мәселен, Лекер ауылындағы учаскелердің шекарасына дейін сумен жабдықтау үшін құбыр тарту бойынша жобалық-сметалық құжат жасалып, құрылыс жұмыстары аяқталды. Ол 2023 жылдың 20 желтоқсаны күні пайдалануға берілді. Су құбырының ұзындығы - 2730,75 метрді құрайды. Нәтижесінде, елді мекендегі 61 үй сумен қамтамасыз етілді. Жобаға 195,9 млн теңге жұмсалған. Мұндай жұмыстар Қызылшілік ауылында да қолға алынып, өткен жылдың соңында ұзындығы 5461,61 метрді құрайтын су құбыры тартылды. Елді мекендегі 65 отбасы ауыз суға қарық болды. Бұл мақсатқа қазынадан 386,1 млн теңге қаражат қарастырылған. Майкөбе ауылында да су құбырларын жүргізу жұмыстары сәтті аяқталып, 37 үй таза ауыз суға қол жеткізді. Осы ауылда 5152 метр құбыр тартуға 112,5 млн теңге бөлінген. Сұлужон ауылында да сумен жабдықтау жұмыстары ойдағыдай орындалып, 48 үйге құбыр тартылды. Қазіргі таңда 4 нысан тапсырылып, іске қосу актілеріне қол қойылды. Шарт сомасы 268,7 млн теңгені құрайды. Ал Күркелі ауылында су құбырын қайта жаңарту жүргізілуде. Бүгінгі күні 11386 метр су құбыры салынды. Тазарту қондырғысы мен 102 құдық орнатылды. Биыл көктемде су беріледі деп жоспарлануда. Жалғызқайың ауылындағы су құбырының құрылыс жұмыстары да аяқталды. Ендігі кезекте оны іске қосу және шаю ғана қалды. Торайғыр ауылында су құбыры құрылысының екінші кезеңі жалғасуда. Бұл бағытқа 767 млн теңге қарастырылған. Осы уақытқа дейін 46 құдық орнатылып, 4700 метр құбыр төселіп, 246 млн теңге игерілді. Баянауыл ауылында кабельді жылытқыштарды қолданыстағы КТП-ға қосу және су тарту жұмыстары жалғасын табуда. Ағымдағы жылы аяқталатын болады. Әрине, кейбір елді мекенде құбырдан су жіберген кезде судың дұрыс келмеуі сынды кемшіліктер кездесті. Орын алған олқылықтарды жою бойынша мердігерлер жұмыс жүргізді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы орындалуын бақылау ісі әрдайым назарымызда. - Бұл өңірде су тасқыны кезінде қауіпті аймаққа жататын ауылдар бар. Жылда көктем шығып, қар еріген уақытта мұндағы халықтан маза қашатыны жасырын емес. Осы жағдайды қаншалықты назарда ұстап отырсыздар? Алдын алу шаралары қалай жүріп жатыр? - Қауіптің алдын алу жұмыстары аудан әкімдігінің қатаң бақылауында. Ағымдағы жылы бұл мәселенің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Төтенше жағдай орын алған сәтте тиісті көмек көрсету бойынша мердігерлермен жұмыстар жүргізілді. Бөлінген қаражатқа қажетті жанар-жағармай мен құрал-
SARYARQA SAMALY МІНБЕР 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 13 азаматтық парызымыз! дар алынып, техникалармен толық жабдықталды. Бүгінгі күні су басу қаупі басым елді мекендер қатарында М.Көпеев, Қ.Сәтбаев, М.Шорманұлы, Көкдомбақ, Құндыкөл, Бірлік және Жаңатілек ауылдары бар. Осыған орай, еріген қар суы қауіп төндірмес үшін пәрменді жұмыстар жүргізіліп, 900 тонна қар сыртқа шығарылды. Қарағанды облысының аумағында орналасқан «Ақжар» мен «Қаратоқа» су бөгеттері үнемі бақылануда. Сонымен қатар, аудан аумағында барлығы 538 шақырымды құрайтын автокөлік жолдары бар. Оның 174 шақырымы республикалық, ал 364 шақырымы аудандық маңызға ие. Осы жолдардың бойында орналасқан су өткізу құбырының саны 377 дананы құрайды. Бүгінде бұл құбырлар тазалануда. - Баянауылда жайылымдық жер мәселесі де бар екенін білеміз. Бұл жөнінде не айтасыз? - Иә, мұндай мәселе жоқ емес. Жайылымдық жерлердің тапшылығы мал азығының жетіспеушілігін тудыруда. Соның салдарынан ауыл тұрғындары зардап шегіп жатады. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында жер комиссиясының отырысында ауылдық округтердегі жер телімдерінің көлемін ұлғайту туралы оң шешім қабылданды. Қазіргі таңда 73 630 гектар көлеміндегі жер аумағын орналастыру жобалары әзірленуде. Бұл игі іс жайылымдық жерлер мәселесін шешуге үлкен септігін тигізеді деген үміттемін. - Білуімізше, аудан орталығында орыс сыныбына баратын бала саны көбейген көрінеді. Аймақтағы бірден-бір беткеұстар қазақ ауданында мұндай жағдайдың орын алуына не түрткі болды? - Бүгінде аудан бойынша 26 мектеп бар болса, оның екеуі аралас, қалғаны таза қазақ тілінде білім береді. Ал аудан орталығындағы Ш.Шөкин атындағы мектепте аралас сыныптар бар. Қазір мұндағы 30 сыныптың 13-і-орыс сыныбы. Білім ордасындағы 430 оқушының 246-сы ресми тілде оқытылуда. Орыс сыныптарындағы 246 оқушының 35 пайызын өзге ұлт өкілдері, 65 пайызын қазақ балалары құрайды. Қара домалақтардың қазақ сыныбына баруы өкінішті жағдай, әрине. Осы мәселе бойынша ата-аналармен жұмыстар жүргізілуде. Алайда, кейбіреулер: «Орысша оқығанбыз, баламызға сабақ оқытуда қиналамыз» - деп ақталады. Енді біреулері отбасындағы ерлі-зайыптының бірі өзге ұлт өкілі болғанын алға тартып, себеп түсіндіріп жатады. Дегенмен де, қуанатын жайттар да баршылық. Мәселен, аудан орталығындағы 1-сыныпта 2 орыс ұлтының баласы ата-анасының қалауымен қазақша білім алып жүр. Болашақта мемлекеттік тілде оқығысы келетін өзге ұлт өкілдері көбейеді, қазақ сыныптарының қатары артады деп сенемін. - Жоғарыда сөз болғандардан басқа қандай мәселелер бар және оны шешуге қаншалықты үлес қосып жатырсыздар? Жалпы, өңір тұрғындары тарапынан қандай өтініш, шағымдар жиі айтылады? - Ауданда күрделі мәселелер баршылық. Олардың қатарында электр жүйесі мен көлдердің тазалығын қадағалау, қысқы туризмді дамыту, кәріз жүйелері және ауылішілік жолдарды жөндеу, мал өлекселерін көметін арнайы орындар қарастыру сынды көпшілікті толғандыратын мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, С.Торайғыров атындағы мектеп жанындағы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 2 жыл бұрын басталып, осы күнге дейін созылып келеді. Биыл бұл істі аяқтауға ықпал жасайтын боламыз. Өз басым өмірлік тәжірибем, білімім және күшімді келесі міндеттерді жүзеге асыруға бағыттаймын деген алдыма мақсат қойдым. Нақтысы, ауылдың инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру, ауыл шаруашылығы және ветеринария жұмыстарын жандандыру, мектептерде, мәдениет үйлерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және балабақшасы жоқ елді мекендерде мектепалды білім беру мекемелерінің бой көтеруі үшін күш саламын. Мәселен, Баянауыл ауылында орналасқан балабақша ғимаратына құрылыс сараптамасын жүргізу немесе жаңадан ғимарат салу мәселелерін қарастыру, сонымен қатар, Майқайың кентінде де жаңа балабақша ғимаратын салуға ықпал етемін деген жоспарым бар. - Осы өңірдегі өзге депутат әріптестеріңіздің сайлауалды бағдарламалары қаншалықты жүзеге асуда? Олар ауыз толтырып айтарлықтай қандай іс тындырды? Төраға ретінде не айтасыз? - Өңірдегі депутаттардың қай-қайсысы да сайлауалды бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру үшін еңбектенуде. Олар мемлекеттік мекемелермен де байланысын үзбей, тұрақты комиссия отырыстарында және сессиялар барысында шешілуі тиіс барлық мәселені қарастыруда. Аудандық мәслихаттың шақырылымы басталғаннан бері депутаттар елді мекендердегі су құбырын тарту, жолдарды жөндеу мәселелеріне мән беріп, жаңадан салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы салынуына бақылау жасауда. Сонымен қатар, ауданымыздың көшелері мен аулаларын жарықтандыру ісі де тұрғындар үшін өзекті болып табылады. Баянауыл ауылында электр желілерінің тозуы мәселесі бойынша Екібастұз қаласында ҚР Энергетика министрімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандағы тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру мәселесі назарға алынатыны айтылды. Депутаттардың бастамасы бойынша экология департаментінің көмегімен Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдерінен судағы ауыр металдар мен микроэлементтердің мөлшеріне сынамалар алу бойынша жұмыстар жүргізілді. Баянауыл ауданындағы экологиялық ахуалдың өткір мәселелері бойынша облыстық департаменттер және басқармалармен бірлескен интернетконференциялар өткізілді. Аудандық мәслихатқа Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылы тұрғындары тарапынан «Гамма Сарыколь» ЖШС-не қатысты наразылықтарын білдірген өтініштер көп түскен болатын. Соларды қарап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғамдық жиын өткізілді. Оған «Гамма Сарыколь» ЖШС-нің бас директоры Т.Абгужинов, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары С.Төлеутаев, жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Б.Мидиу, экология департаменті басшысының орынбасары М.Кокумбаев, Бірлік ауылдық округінің әкімі А.Мұсатаев және Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы О.Кенжеханов қатысты. Түсінікті болу үшін айта кетсем, ауыл іргесінде орналасқан Сарыкөл кенішінің көмір шығару өндірісінің жұмысы қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Мұндағы үйінділерден келіп жатқан шаң, газдардың бөлінуі, көмірдің жануы ауыл тұрғындарының тіршілігіне, денсаулығына, жалпы, экологияға қауіп төндіріп отырған жайы бар. Осыған орай ұйымдастырылған аталмыш жиында ауыл тұрғындары «Гамма Сарыколь» кәсіпорнының басшылығына өз сауалдары мен талаптарын қоюға мүмкіндік алды. Нәтижесінде, Бірлік ауылының тұрғындарына 1 тонна көмірді 4000 теңгеден сату, ауыл жастарына спорт алаңын салып беру, ауыл мешітіне жөндеу жұмыстарын жүргізу және басқа да әлеуметтік көмектер көрсетілетін болды. Сондай-ақ, облыстық департамент және басқармалардың лауазымды тұлғалары түсініктемелер берді. Ал мекеменің бас директоры Тасболат Советұлы мемлекеттік бағдарлама бойынша 2027 жылға дейін келісімшарт жасалғанын айтты. Сондай-ақ, ол ауылдықтар көтерген мәселені ескере отырып, алдағы уақытта мұндағы халыққа әлеуметтік көмек көрсету туралы өзара меморандум жасасу жөнінде келісімге келді. Бұдан бөлек, былтыр жөндеу жүргізілген білім, мәдениет, денсаулық саласына арналған нысандардың құрылысы және аудандық маңызы бар жолдар, басқа да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты барлық мәселе депутаттардың бақылауында. Осылайша, халық қалаулылары мен мемлекеттік мекемелердің қоянқолтық еңбек етуінің арқасында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әр депутат қаржы, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, өндіріс орны, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да сала мамандарының қызметінен хабардар болып отыруы маңызды. Ол үшін мәслихат пен әкімдіктер, қоғамдық кеңес, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы бірлесіп үйлесімді жұмыс атқаруы тиіс. Олардың қызметтері бөлек болғанымен илегені бір терінің пұшпағы екенін естен шығармаған жөн. Яғни, мақсат ортақ, ол - халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін арттыру. - Кезінде өзіңіз де әкімдікте жауапты қызмет атқарған екенсіз. Қазіргі уақытта депутат ретінде аудан әкімдігімен қарым-қатынасыңыз қалай? - Иә, мемлекеттік қызметте 13 жыл еңбек еттім. Бұл саланың қыр-сырын жақсы білемін. Аудан әкімдігімен тығыз байланыстамыз. Біз, депутаттар, билік пен бұқара арасындағы көпір екенімізді ешқашан ұмытпаймыз. Ел үшін, жер үшін билік органдарымен бірлесіп жұмыла жұмыс істей береміз. Қуантарлығы, ауданымызда көзге көрінетін қыруар жұмыстар атқарылуда. Әрине, бір жылдың ішінде үлкен өзгеріс жасау мүмкін емес, дегенмен де өңірде көп өзекті мәселе оң шешімін табуда. - Көпшілік депутаттыққа үміткер болған азаматтар үйіптөгіп уәдені беріп, сайланып алғаннан кейін айтқан сөзінен тайқып шығады деп реніш білдіріп жатады. Бұл ретте, сіз не айтасыз? - Барлық депутат үшін жауап бере алмаймын. Бірақ бір байқағаным осы шақырылымда сайланған депутаттарының көзқарастары басқа және қоғамда көтерілген мәселелерді шешуге белсенді қатысуда. Кез келген мәселеге ой қосып, пікірлерін бүкпесіз білдіріп жатады. Соған қарағанда, олардың халықпен бірге екеніне және берген уәделеріне берік екеніне сенемін! - Халық қалаулысы, ел азаматы ретінде сізді не толғандырады? - Мен жерлестерімнің ертең ғана емес, бүгінгі күні де бақытты да лайықты өмір сүргенін қалаймын. Сол үшін еңбек етемін. Ең бастысы, қазіргідегідей қилы заманда тәу еткен Тәуелсіздігімізді сақтап, ел болып «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», бірлікте ғұмыр кешуіміз қажет. Бірлігі бар елдің берекесі артып, ырыс-несібесі мол болып, ісі де тындырылатыны сөзсіз. Әрине, жұмыс азайған жоқ, мәселелер әлі де баршылық. Оны бүкіл ел болып бірігіп шешуге тиіспіз. - Әңгімеңізге рақмет! Қолға алған әр ісіңізге сәттілік тілеймін. Сұхбаттасқан – Нұржайна ШОДЫР.
14 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл ЭКОНОМИКА SARYARQA SAMALY АБАТТАНДЫРУ Биыл Екібастұз қаласының әкімдігі шаһарды көріктендірудің жаңа жүйесін қолға алмақ. Атап айтқанда, көпжылдық гүлзарлар мен автоматты суаруға басымдық беретін болады. Сол арқылы көпшілік жиналатын аумақтардың ажарын аша түспек. Шаһар көркі шырайлана түспек Шаһарда көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша жұмыстарға дайындық басталып кетті. Бұл ретте негізгі үш бағытқа басымдық беріліп отыр. Олар - бар желектерге күтім жасау, саябақтар мен скверлерді абаттандыру және сәндік көгалдандыру. Осы мақсатқа биыл жергілікті бюджеттен 291 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. - Менің тапсырмам бойынша биыл біз көпжылдық гүлзарларға көшуді бастаймыз. Ағаштар мен көшеттерді отырғызу да маңызды кезең болып саналады. Бұған дейін біз «Казгидрослесхоз» компаниясымен кеңес өткіздік. Олар түгендеу және орманпатологиялық зерттеу арқылы барлық жасыл желектерді есепке алумен айналысты. Мұндай егжейтегжейлі зерттеу ағаш отырғызатын жерлерді анықтауға мүмкіндік берді. Сондықтан да жұмысты қай жерде жүргізу қажеттігін жобалап алдық, - дейді қала әкімі Аян Бейсекин. Сонымен қатар, шаһар басшысының айтуынша, автоматты суару учаскелерін біртіндеп ұлғайтуға мән беріледі. Осы бағытта сметалық есептеу жұмыстары басталады. Ал жауапты мемлекеттік органға мердігер ұйымды конкурстық негізде анықтағанға дейін көгалдандырумен айналысатын компания үшін мақсаттары мен міндеттері бар жоспарды әзірлеу жүктелді. Мұнай зауыты сатылмайды Бірнеше күн бұрын кейбір ақпарат айдынында Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттары сатылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Сондағы болжам бойынша, қазақстандық қос кәсіпорын ресейлік компаниялардың қолына өтеді. Атап айтқанда, Атыраудағы зауытты «Лукойл», ал павлодарлық өңдеу орнын «Газпромнефть» сатып алынады деп көрсетілген. Бірақ бұл мәлімет шындыққа жанаспайтын болып шықты. - Павлодар мен Атыраудағы мұнай кәсіпорындарын жекешелендіру жоспарда жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз. Бұған дейін кейбір әлеуметтік желідегі парақшалар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәлімет жалған. Мұндай сипаттағы келіссөздер жүргізілген жоқ. Барлық өндірістік жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде, - деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев. Бұған қатысты Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев те пікір білдірді. Ведомство басшысының айтуынша, сатылымға қатысты қандай да бір келісімдер жасалған жоқ. - Қазіргі уақытта келіссөздер туралы айтуға әлі ерте. Иә, отандық кәсіпорынның бірінің жартысы «ҚазМұнайГаз» компаниясының, жартысы СNPC компаниясының иелегінде. Жеке меншіктегі шағын мұнай өңдеу орындары да бар. Бұл ретте меншік иесі емес, оның инвестициялық бағдарламаны қалай жүзеге асыруы маңызды. Бастысы, тұрақты жұмыс. Сол кезде ғана жоғары өнімділікке қол жеткізуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда «ҚазМұнайГаз» компаниясының ісі өнімді. Ал активтерді сату мәселесі компанияның өз құзіретінде. Атап өтерлігі, аталмыш кәсіпорын қазірдің өзінде-ақ негізінен жеке компания деп саналады. Себебі ІРО нәтижесінде компания акциялары айналымға енгізілген. Яғни, ол мемлекеттік емес. Жекешелендіруге келер болсақ, оны коммерциялық ұсыныстардың тиімділігі мен өңдеуге қатысты мемлекеттік бағдарламаны дамыту тұрғысынан қараған жөн болар, - деді министр. Айта кетейік, биыл Павлодар мұнай-химия зауытында шикізатты өңдеудің жалпы көлемі 0,9 пайызға азайып, 5, 434 млн тоннаны құрады. Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ. ӨНДІРІС КӨПШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ Тұтынушы, құқығыңды біл! Соңғы уақытта облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің көмегіне жүгінген павлодарлық тұрғындар саны еселеп артқан. Тек ағымдағы жылдың алғашқы екі айында тұтынушылар тарапынан 256 өтініш түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 136 өтінішке көп, яғни 113 пайызға артық. Осы және өзге де тұтынушы құқығына қатысты мәселелер кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөз болды. Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушевтің айтуынша, павлодарлық тұтынушылардың құқықтары бөлшек сауда, электрондық сауда және тұрмыстық қызмет саласында жиі бұзылатыны анықталған. Мәселен, жыл басынан бері бөлшек сауда саласында 133, ал электрондық сауда бойынша 53 өтініш түскен. - Осы жылдың 2 айындағы өтініштерді қарау нәтижелері бойынша барлығы 5 млн теңгеден астам ақшалай қаражат өндірілді. Жалпы, біздің департамент биыл қаңтар-ақпан айларында жоспардан тыс 18 тексеру шарасын жүргізді. Оның ішінде 4 заң бұзушылық анықталды, шағымға жауап бермеу ісі бойынша 1 айыппұл салынды, 3 ескерту жасалды. Сонымен қатар, 2 өтініш тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтаруға байланысты тоқтатылды. Былтыр алғашқы 2 айда небәрі 1 ғана тексеру болған еді. Бұған қарап, тұтынушылардан түсетін өтініш-шағымдардың көбейгенін байқауға болады. Бұл жағдайға департаменттің кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуі мен тұтынушылардың құқықтық мәдениетінің артқаны себеп болып отыр, - деді Дәулен Қабдушев. Сондай-ақ, ол облыс тұрғындары арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында департамент тарапынан атқарылған жұмыс барысына да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш мекеме ағымдағы жылдың 2 айында БАҚ-та 65 мақала, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеттерінің сайттарында-14, әлеуметтік желілерде - 612 түсіндіру жұмыстарына бағытталған материал жариялаған. Департамент басшысы тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда олар ең алдымен сатушыға жазбаша шағыммен жүгіне алатынын, ал сатушы бұл құжатты 10 күн ішінде қарауға міндетті екенін айтады. Егер талаптар қанағаттандырылмаса және шағымға жауап берілмеген жағдайда тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы. Ал департамент сотқа үшінші тұлға ретінде қатыса алады. Ағымдағы жыл басынан бері құзырлы мекеме осындай 5 сот процесіне қатысқан. Өкінішке қарай, кейінгі кезде инстаграм арқылы тауар сатып алып, алаяқтарға алданып қалған тұтынушылар қатары да өсуде. - Осы жағдайға байланысты облыс тұрғындарына интернет сауданы тек ресми сайттар арқылы ғана алу қажет екенін ескертемін. Сол үшін алдымен сатушының деректерін, интернет дүкеннің атауы, БСН, байланыс деректері және басқа да мәліметтерін міндетті түрде тексеруге кеңес беремін, - дейді мекеме басшысы. Айта кетерлігі, аталмыш департамент тұтынушылардың құқығын қорғаумен қатар, сауда-саттық қызметін реттеу заңнамасының сақталуына да мемлекеттік бақылау жасайды. Мұндай құқық өткен жылдың мамыр айында берілген. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысы жөнінде мекеменің бас маманы Рашид Құсайынов мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік бақылау ҚР-ның Кәсіпкерлік кодексіне және «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Сол бойынша департамент ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасы ҚР-ның Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген үстеме мөлшерінен асып кеткен жағдайда ескерту жасауға, оны елемегендерге әкімшілік жаза қолдануға құқылы. Сонымен қатар, департамент құны жапсырмамен ресімделген бағадан асатын тауарларды өткізушілерді де әкімшілік жауапқа тартады. Мекеме өткен 2 айдың ішінде осындай 11 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тиісті шара қолданған. Департамент мамандары облыс тұрғындарын тауар бағасына қатысты және өзге де заңбұзушылық оқиғалары орын алған жағдайда мекемеге хабарласуға шақырады. Ол үшін Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі 9 үй, 3 қабат, №304 кабинетке баруға немесе 55-10-70 «жедел желі» телефонына хабарласқаныңыз жөн. Өтініштерді E-otinish порталы, E-tutynushy, @ kzpp_bot telegram каналы арқылы жіберуге де болады. Нұржайна ШОДЫР. Оңалту орталығы ашылды Екібастұз қаласында балаларды оңалтуға арналған «Ақниет» орталығы ашылды. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларға барлық жағдай жасалған. Бұл - кеншілер шаһарындағы алғашқы мекеме емес. Бұған дейін ашылған осы іспетті орталықтар да балаларға мол мүмкіндіктер қарастырып келеді. Әр ата-ана үшін баласының алғашқы қадам жасаған сәтін, ортаға бейімделу кезін, бірінші сөзін айтқан уақытына куә болу – ерекше бақыт. Түрлі сырқатқа шалдыққан балалардың ата-аналарына бұл бағытқа қолдау көрсетіп, қол ұшын созатын мекемелердің бірі – «Ақниет» оңалту орталығы. - Аталмыш орталық жақында ғана ашылғанымен, оң нәтижелер байқалады. Жобаны қолға алған азаматтар үнемі біліктілігін арттырып, жаңа әдістерді қолданып, басқа қалалардан мықты мамандарды арнайы шақырып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың дамуына игі ықпалын береді деген үміттемін, - деп атап өтті қала әкімі Аян Бейсекин. Айта кетейік, бүгінде Екібастұз өңірінде 400-ден астам бала аутистік спектр бұзылыстары бар бала тіркеуде тұр. Сонымен қатар, 100-ден астам бала балалар сал ауруы сырқатына шалдыққан. Жалпы, кеншілер шаһарында жаңадан ашылған мекемеден бөлек «Өмір» оңалту-шығармашылық орталығы да жұмыс істейді. Мұнда шамамен 60 баланы қабылдауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, «Ерекше үй» 120 балаға, «Әлем» орталығы 30 балаға қызмет көрсетеді. Ал «Ақниет» орталығында қазіргі таңда 50-ге жуық бала барады. Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ. ҚОЛДАУ Еліміздегі негізгі үш мұнай өңдеу кәсіпорнының бірі - Павлодар мұнай-химия зауыты жекенің қолына өтеді-міс деген ақпарат соңғы күндері әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Бірақ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басшылығы мұндай ақпаратты жоққа шығарды. Алдағы уақытта зауыттың жұмысына өзгеріс енгізу жоспарда жоқ көрінеді.
БИЫЛ ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 135 ЖЫЛ SARYARQA SAMALY ТАУТҰЛҒА 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 15 Алаштың аманатын арқалаған Аймауытов Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы Қызыл ту ауылында дүниеге келген. Ол - ақын әрі жазушы, драматург, публицист, аудармашы, ұстаз әрі ағартушы. Сонымен бірге, актер, сазгер, режиссер болды. Жүсіпбектің әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер болған. Ол жастайынан әкесінен арабша хат тануды үйренген. Аймауыт балаларын етікші, сыршыларға жіберіп, қолөнерге үйретеді. Әкесі үй-іші жабдығынан сынған-бүлінген нәрсені өзі бүтіндей берген. Ал анасы бүкіл бір ауылдың киімін тігетін ісмер болған. Жүсіпбек ауыл арасында айтысып, жастайынан зерек өскен. Әуелі ауыл молдасынан тіл сындырған. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектепте, Павлодардағы қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, жұмыс жасап, қаражат табады. Жүсіпбек 1911-1914 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданып, 1918 жылы аяқтап шығады. Семейде жүріп Алаш қозғалысына қатысып, Мұхтар Әуезовпен бірге «Абай» журналын шығаруға атсалысады. Ол журналды Мұхтар Әуезовпен бірлесіп шығарады. Мұхтар Әуезов Аймауытовты «Менің ұстазым» деп атап жүрген. 1919–1920 жылдарында ол Семейдегі мұғалімдер семинариясында сабақ береді. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып жұмыс істейді. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында еңбек етеді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «Халық жауы» деген жаламен 1930 жылы өлім жазасына кесіледі. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес үкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес үкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды. Жүсіпбек шығармашылығы өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы – прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды. Жүсіпбек дарынды ұстаз болған. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, білім беру мақсатын көздеген «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды. Жүсіпбек Аймауытов - оннан астам кітаптың, жүзден астам ғылыми жариялымның, педагогика, психология, этика саласындағы көптеген оқулықтардың авторы. Еңбектерінің ішінде «Қартқожа» шығармасы - автордың негізгі жетістігі. Ол еуропалық прозалық шығармалардың жоғары деңгейінде жазылған. Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы, ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақ азаматтарының ел ішіндегі әлеуметтік тартысқа араласуы, Алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Аймауытов қазақ драматургиясының басында тұрған. Ол қазақ сахнасына өзінің қойылымдарын қойған. «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», 1926 жылы «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз» атты драмалық шығармалар жазады. Оның драма шығармаларының бірі - «Шернияз» Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С.Пушкиннің, Н.В.Гогольдің, А.Дюманың, Дж.Лондонның, Г.Мопассанның, В.Шекспирдің, К.Берковичтің, С.Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты. Жүсіпбек Аймауытовтың жары Евгения Аймауытова барлық отбасылық фотосуреттер мен Жүсіпбектің жеке заттарын сақтаған. 1991 жылы қызы Муза Жүсіпбекқызы Павлодар қаласына келіп, анасы берген баға жетпес қазынаны Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне тапсырады. Тағдыр репрессияға ұшыраған Аймауытовтың балаларын әр жаққа таратып жіберген. Оның үлкен ұлы Бектұр көп қасірет шеккен. Әкесі «Халық жауы» деп танылғаннан кейін Бектұр Аймауытов он жылға Сібірге жер аударылған. Бектұр Жүсіпбекұлы тек 78 жасында Отанына қайтып келеді. Оның естеліктеріне қарағанда: «…Бұрын Павлодар кіп-кішкентай қала болған еді. Егер біз қаланың бір шетінен басқа оның түкпіріне баратын болсақ, онда жаяу жүруге болады. Әкеммен бірге қаланы жиі серуендеп жүрдік. Ертіс өзені арқылы біз паром қатынасы арқылы өткенбіз. Енді бәрі өзгерді. Қала тым үлкен болып кетті. Бала шағымды есіме алып тұрамын. Туған өлкемді, туған жерімді бір сәт те есімнен шығармадым». Жүсіпбектің екінші ұлы - Жанақ 1920 жылдың 18 ақпанында Семей қаласында дүниеге келеді. 1941 жылы оны «Халық жауының ұлы» деп танып, еңбек армиясына жібереді. Соғыстан кейін «Қуғынға ұшырап кетпеймін бе?» деген қорқынышпен тұрмыстың қиыншылықтары оның бейбіт өмір сүруіне кедергі жасады. Ол Ақтөбе қаласындағы мұғалімдер институтын бітіріп, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің физика-математикалық факультетіне оқу түседі. «Менің әкем - нағыз адам, азамат, қоғам қайраткері. Мен оның дарынды жазушы, ұстаз, ақын, аудармашы болған екендігімен мақтанамын», деп жазған еді Жанақ. Жазушының қызы Мәруа (Мағрипа, Муза) Жүсіпбекқызы Аймауытова 1926 жылы 3 мамырда Орынбор қаласында дүниеге келген. Әкесі репрессияға ұшыраған кезде ол төрт жаста болған. «Анам айтқандай, әкем өте дарынды адам болды. Қазіргі уақытқа дейін есімде келесі сәттер сақталды: әкем жұмыс үстелінің басында отырып, еңбектеніп жатыр, үстелдің бетінде тұрған жасыл абажуры бар шам жанып тұр», деп еске алған еді қызы. Қазақ интелегенция мүшелерінің арасында алғашқы репрессияға ұшырағандардың ішінде Жүсіпбек Аймауытов болған. Тергеу бір жыл бойы жүргізілген. Тергеу барысында оның кінәсін айғақтай алатын бірде - бір дәлел табылмаған. Ұзақ тергеуден кейін ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірден ерте өткеніне қарамастан, ол өзінді көп қырлы тұлға ретінде көрсетіп үлгерді. Жүсіпбек Аймауытовтың қанатты сөздері Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі — көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды. *** Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек? *** Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге. *** Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер. *** Ұстаз – анаңдай ұлы. *** Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, Шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе. *** Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi - егiз. *** Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер. *** Ана тілі - халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. *** Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтанұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… *** Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл - жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. *** Адам мінезінің, ақылқайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен... Ж.Аймаутов екінші жарымен - Евгения Қарабатырқызы. Солдан оңға қарай: балалары Муза, Жанақ, Бектұр. арнайы жоба SAMALY SARYARQA
16 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл БІРТУАР SARYARQA SAMALY СҰХБАТ Ғалым Айман ЗЕЙНУЛИНА: - Айман Файзоллақызы, өңірімізде Жүсіпбек Аймауытовтың жоғалып кеткен туындылары жинақталып жатқанын білеміз. Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің еңбектері қалай зерттелуде? - Жүсіпбек Аймауытұлы - ақын, педагог, жазушы, ғалым, режиссер, әнші, актер. Психологиялық еңбектерін оқи отырып, психолог екен деп қаласыз. Ғылымның барлық саласына қызмет жасаған адам. Әдебиет маманы болғаннан кейін біз сөз өнеріне сіңірген еңбегін іздеуге баса мән береміз. Бірақ жүсіпбектанушы болғаннан кейін Алаш ардақтысына қатысты қолыма түскен барлық мәліметті жинақтауға тырысамын. Мысалы, әңгімелерін іздеу арқылы әндерін, романдарын іздеу арқылы жұмбақтарын таптық. Бұған дейін 20-ға жуық әңгімесі жарыққа шыққан болатын. Жалпы, жазушының қолда бар және әлі де табылатын әңгімелерінің саны 50-ге жетеді деп топшылаймыз. «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Жаман тымақ», «Айтқаным осы» деген еңбектері - 2000-ыншы жылдардың басында табылған туындылар. Жүсіпбек Шымкентте жүргенде бір хатында: «Екі ай отырып, мардымды жұмыс істеп, бір романды бітірдім. Ол тарихи роман халықтың қарасынан шыққан бас ханымыз туралы» деп жазған. Халықтың қарасынан шыққан хан болса, бұл роман Абылайхан туралы деп болжаймыз. Жүсіпбектанушы Серік Қирабаев ағамыздың айтуынша, Жүсіпбек айдауда жүрген кезде, түрмеге түсіп, ақталып жүрген шағында осы романды Шымкенттегі Жанәбіл деген көмекшісіне беріп кеткен. Сол адамды біз таба алмай отырмыз. Сонымен қатар, күнделігінде 50-ден астам қысқа повестер жаздым деген. Ол кісінің әңгімесінің өзі повестің жүгін көтереді. Қаламгердің қаламынан туындаған «Ақбілек», «Қартқожа» романдары сияқты ел білмейтін тағы да құнды еңбектер жазылған шығар. Мысалы, «Шернияз» деген пьесасы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған. Күнделігінде «Сұлтанмахмұтқа арналған психологиялық повест жаздым» деген дерек бар. Жазушының шеберлігі сонша, сол еңбекті Сұлтанмахмұттың атынан мемуарлық роман қып жазған. Бірақ ол романды біз әлі күнге дейін таба алмай отырмыз. Ертегілері де бар. Бұл ретте зерделі әдебиетші Абдолла Байтасұлы жоғары баға берген. Ол Жүсіпбектің ертегілері балалардың жасына, санасына, дүниетанымына сәйкес жазылғанын айтқан. Жазушы ертегіні ел аузынан емес, өзі құрастырып жазған. Болашақта жерлесіміздің шығармашылығын зерттеу жұмыстары әлі де жалғасады. - Біз Жүсіпбек Аймауытовты әлі толық зерттеп болған жоқпыз демексіз ғой? - Әрине. Жүсіпбек Шымкентте ұстаздық еткен жылдары жемісті еңбек атқарды. Семей, Орынборда көбіне қуғынсүргінде, тергеуде жүргенде де жазу үстінде болған. Сол уақытта біреуге берген немесе жасырып кеткен дүниелері болуы мүмкін. Сондықтан қаламгердің жарыққа шығатын дүниесі өте көп. Оны табу - біздің арманымыз. Ж.Аймауытов фельетонист, сатирик жазушы болған. Оның фельетон шығармаларын толық жинақталған жоқ. Жүсіпбек сатираны ащы тілмен жаза білген. Оның сатирасы - жеңіл күлкі емес, адамды ойландыратын туындылар. Халықтың мінез-құлқын сынай отырып, жаман әдеттен арылуға жол көрсете білген. Бірақ оның сатирасы деп көрсететін дүниені әлі тапқан жоқпыз. Жүсіпбектің тілі – ұлттың тілі, бай әрі құнарлы. Оның шығармаларын оқыған кезде жастар түгілі ақсақалдардың өзі кейбір сөзді түсінбей жатады. Өйткені бұрынғы көне сөздердің біразы тілімізден шығып қалды. Мысалы, бір еңбектерінде «Сиырдың бәрі қожырап» деп жазады. Яғни, сиыр суалды деген мағынаны білдіреді. «Суалды» деген сөзді пайдаланбаған, ол «бітті» деген мағынаны білдіреді. Ал қазақ бітті деген сөзден қашқан. Өзен суалады, сиыр қожырайды. Бүгінде ауылда сиыр сауып жүрген әйелдердің ешбірі осы сөзді қолданбайды. Жүсіпбектің әдеби тілі қоғамымызда кеңінен пайдалануы керек. - Қаламгердің «Қартқожа» романы - тарихи деректер мен шынайы оқиғалардан құралған өшпес туынды. Осы еңбекке арқау болған Қартқожа Тоғанбаев кім? - Иә, «Қартқожа» романы - қазақ кедейлерінің шынайы өмірін суреттейтін көркем шығарма. Жазушы сол кездегі қоғам өмірін негізге алған. Бұл еңбекті тарихи роман қатарына енгізуге болады. Мен ұсынған осы мәселені қолдап жүрген ғалымдар да бар. 2005 жылға дейін «Қартқожа» романының кейіпкері Жүсіпбек Аймауытовтың өзі деп айтылды. Себебі осы еңбекте Підия деген бөлім бар. Сонда «Құранды жақсы оқып отырған молда бала менмін» - деп жазады. Шынында Жүсіпбек арабша танудан өте сауатты болған, құранды жатқа білген. Романда «Молда баланың әке-шешесі – менің әке-шешем» деген сөз бар. Сондықтан романды оқыған жұрт Қартқожаны автордың өзі деп санаған. Мен де жұрт сияқты осы болжамға сеніп келдім. Негізінде Жүсіпбек бұл жерде «Арабша хат таныған мен сияқты молда балалардың бәрінің әке-шешесі» деген мағынада типтік жинамалы образда алған. Кейін зерттей келе Қартқожаның өмірі мен шығармашылық жолы, қоғамдағы қызметі Ж.Аймауытовпен сәйкес келмейтінін аңғардым. Жүсіпбектің өмір жолы Семейдегі, Шымкенттегі, Керекудегі, Орынбордағы деп бірнеше кезеңге бөлінген. Ал Қартқожаның өмірі Баянауыл, Семей, Алматы және Омбымен байланысты болған. Омбыдағы мұрағатты қараған кезде Қартқожаның мұғалім, аудармашы, «Серке», «Сәуле» журналдарында, «Қазақ» газетінде корректор болып жұмыс істегенін анықтадық. Сонымен қоса, суретін де таптық. Аты-жөні Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев деп толық жазылған. Сөйтіп, Тоғанбаев деген фамилияны іздестіре бастадық. Перышкиннің физикасын қазақ тіліне аударған Қартқожа Тоғанбаев деген кітаптың алғашқы беті мен баспасын тауып алдық. Қартқожа трактор, комбайн, егін егу техникаларының қазақша бағдарламасын жасап, оқулығын жазған адам екен. Оны іздестіріп жүргенімде Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәр Дулатовамен таныстым. 1993 жылы аспирантурада оқып жүрген кезім еді. Гүлнәр ханым Жүсіпбекті зерттеп жүргенімді біліп, 1994 жылы мені Қартқожаның үшінші әйелімен таныстырды. Қартқожаның жары Шәйіл апай мені жылы қабақпен қарсы алып, маған Қартқожа ағамыздың арабша, латынша, кириллицамен жазған күнделігін көрсетті. Қартқожаның бірінші әйелінің ұлты жапон, Баянауылдан болған екен. Одан туған баласы қарашешектен көз жұмған. Шәйіл апай Торғайдағы Тобатай болысының қызы, оқыған адам болған. Қартқожа екеуі - 3 баланың ата-анасы. Үлкені Майқы, екінші баласы Шолпан, кенже баласы Төлеш. Бүгінде Төлеш ағамыз - әке жолын жалғастырған ғалым. Омбы қаласында сабақ беріп, әкесінің кітабын пайдаланған. Ондағы комбайнды жөндеу, оның техникалық құрылымы туралы жазған еңбектерін өз оқулықтарында қолданған. Қартқожаның өзі болса Алаш қайраткерлерінің жасырын сөздерін жеткізетін тыңшы деп танылып, ату жазасына кесілген. Жүсіпбектің ұлы Жанақ «Қартқожа» романының аяқталмай қалғанын айтқан болатын. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романын жазған кезде деректі материалдарды әкелуде Қартқожаға тапсырма берген. Ол құнды мәліметтерді көмір, ағаш таситын пойыз арқылы жеткізіп отырған. Міне, осы оқиғаларды Ж.Аймауытов «Қартқожа» романының жалғасы ретінде жазбақшы болған екен. Мұны баласы Жанақ айтып отыр. Романды оқып отырған кезде де тағы сұранып тұрған дүние барын сезінуге болады. -Жуырда Семей қаласында Жүсіпбек оқыған оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едіңіз. Бұл сапарыңыздан не түйдіңіз? - Жүсіпбек оқыған Семей мұғалімдер семинариясында Павлодардың бірқатар танымал тұлғалары білім алған. Бүгінде Мұхтар Әуезовтың есімін арқалаған колледжде білімді студенттер тәрбиеленуде. Колледж алдында Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов оқыған деген арнайы тақта орнатылған. Ғимараттың ескі жағында Жүсіпбектер жүрген сәкі де бар. Сол жерде тұрғанда зиялылардың рухын сезіндім. Мұхтар Әуезов атындағы колледж біртуар азаматтың мерейтойы қарсаңында айлық жариялаған. Осы орайда, білім ордасының директоры Шағангүл Жанаеваға айтар алғысым шексіз. Себебі Семейге барған сапарымда колледжде жасалған жұмыстар мен студенттердің біліміне риза болдым. Оқу ордасында әр мамандықтан сабақ беретін ұстаздар Жүсіпбектің еңбектерін өз саласына қарай икемдеген. Мысалы, бастауыш сынып мұғалімдері Жүсіпбектің ертегілерінен мультфильм жасаған. 4-5 жастағы балалар «Қартқожа» романының желісі бойынша құммен сурет салу өнерін көрсетті. Ал информатика мамандығының студенттері Жүсіпбектің еңбектерін мобильді қосымшаға енгізіп, арнайы бағдарлама жасаған. Қаламгердің өмірі туралы деректі фильм де дайындаған. Ағылшын тілі мамандығында оқитын студенттер Жүсіпбектің шығармашылығын қазақ және ағылшын тілінде сурет арқылы таныстырды. Педагогика саласында оқитын студенттер арасында ғылыми жоба, мәнерлеп оқу және драма көрсету сынды үш бағытта жарыс өткізілді. Оған қатысқан оқытушылар мен жастардың шеберлігі жоғары деңгейде болды. Осы сапарымда Семей қаласының сыртындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы мектепке де бардым. Алаш ардақтысының есімін арқалағанына үш жыл толған оқу орнына Жүсіпбекті тануда әлі де көп жұмыс істеу керек. - Ал біздің облыста жазушы мерейтойына арналған шаралар өз деңгейінде өткізіліп жатыр ма? - Әзірге жоқ. Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығын дүркіретіп өткізуіміз керек. Алаш ардақтысын халық тану үшін Жүсіпбектің есімі жыл соңына дейін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуы қажет. Тек өз сорпамызда қайнап қалмау үшін ресми тілдегі газет-журналда да мақалалар жазылуы тиіс. Телеарна, радиода арнайы бағдарламалар, деректі фильмдер берілуі керек деп ойлаймын. Көшелердегі билбордтарда Алаш қайраткерлерінің қанатты сөздері жазылса деймін. Облыстағы мектептерде сынып сағаттары өткізіліп, Жүсіпбекке тым болмады онкүндік арналуы тиіс. Алаш азаматының есімін арқалаған театрда спектакльдер қойылса деймін. Жүсіпбектің кез келген әңгімесі спектакльге сұранып тұр. Павлодар қаласындағы мектеп немесе колледждің біріне Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілуі керек. Облыс орталығында Ж.Аймауытов атындағы мектептің болмауы - ұят. Себебі Жүсіпбек бірінші кезекте педагог болған. Өкінішке қарай, Павлодарда есімі берілген көшесі тар болып тұр. Қаламгерге үлкен көшелерден даңғыл берілсе, керемет болар еді. Баянауылдың өз басында ескерткіші ашылса артық болмас. Сонымен қатар, Жүсіпбектің «Мәдени кіндігін» аспан асты мұражайы ету қажет. Осы жұмыстар биыл атқарылмаса, қалып қояды. Жоғарыда айтылған дүниелер орындалса, Алаш арысына құрмет, тағзым жасағанымыз болар еді. - Жүсіпбектанушы ретін- де Алаш қайраткерінің мерейтойына қандай тарту арнамақсыз? - Ғалым ретінде «Алаш әдебиетінің алдаспаны» деген еңбегімді мерейтойға тарту ету ойда бар. Келешекте Жүсіпбек Аймауытов туралы энциклопедия шығаруды армандаймын. Оған әлі көп уақыт керек. Осы арманым арқылы Жүсіпбекті тануда бір тамшы болса да үлесімді қосқым келеді. -Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан – Айдана ҚУАНЫШЕВА. Алаш зиялысы әлі де зерттеледі Соңғы жылдары ғана отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттерінің орнын толтыруға тырысып, оқиғалар мен құбылыстарды жаңа көзқарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп, зерделеуге тырысып келеміз. Оған да шүкір. Алайда әлі күнге дейін толыққанды зерттелмеген, көкейкесті, өзекті тақырыптардың бірі - Алаш. Бір ғана Жүсіпбек Аймауытов жайлы ел білмейтін елеулі жаңалықтар, тың деректер көп. Оның азын-аулақ бөлігіне ғана қолымыз жетті. Ғалымдар үшін бұл тақырыптың әлі де зерттелмеген, ашып ақиқатын ақтаратын қырлары жетерлік. Осы орайда, Торайғыров университеті үштұғырлы тіл кафедрасының меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының кандидаты, жүсіпбектанушы Айман Зейнулинамен сұхбаттасқан едік. С
SARYARQA SAMALY БІРЕГЕЙ 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 17 Құшақтай алмаған Қазақ руханиятындағы Аймауытов жайлы сөз қозғайтын болсақ, репрессиядан кейінгі ең сорлы, ең тебінді тағдырды көрген - Жүсіпбек Аймауытовтың балалары. Ең соңғы рет 1930 жылы әскерлер вокзалды қоршап, вагонға 32 адамды салып әкетіп бара жатқанда екі бала жүгіріп пойыздың артынан қалмай қояды. Олар - Жүсіпбектің Жанақ пен Бектұр деген балалары еді. Әсіресе, Жанақ пойызға жабысып тұрған. Сонда ар жағынан Міржақып көріп тұрған екен. Ол кісінің айтуы бойынша, тордың ішіндегі Аймауытов жылапеңіреп, балаларына үзіле қарап кете барған. Содан кейінгі Жанақ пен Бектұрдың тағдырлары ойға оралса, адамның төбе құйқасы шымырлайды. Жендеттер әсіресе, Жанақты қатты ұрып, соққыдан өткізген екен. Соның салдарынан көзіне зақым келген. Аймауытовтың азаматтық қасиеті 1921-1922 жылы қазақтың басына төнген ашаршылық кезде айқындалған. Батыс, солтүстік облыстар - Орал, Қостанай, Торғай, Ақтөбе, Атыраудың шеті түгелдей ашаршылыққа ұшыраған. Сейітқали Меңдешовтің елінде тігерге тұяқ қалмаған. Сонда Мұхтар Әуезов орталық комитетте мәселе көтереді. Нәтижесінде қазақ қызметкерлерінің жеке жиналысында қаулы қабылдайды. Аймауытов сол кезде Семейден екі рет мал жинап, он мың-он мыңнан жиырма мың ірі қара айдап апарған. Сонда ол кісі жирен атқа мінген екен. Сол кезде оның үстінен арыз түсіп, «Аймауытов өзінің Алашордашыларына және олардың туысқандарына мал жеткізу үшін Торғайға айдап әкетті. Кедейлерге таратқан жоқ», деп сотқа тартқызады. Сол жылдары 1 миллион 200 мың адам аштықтан ажал құшқан. Бұл - Өлкелік партия комитетінің Сталинге жазған 155 беттік есебі. Мен оны архивтен алып, көшіріп жарияладым. Ал Жүсіпбектің үстінен арыз жазған себебі: «Бұл жорға ат мінді» деген айып тағылып, екі жыл тергеудің астына алған. Аймауытов өзін-өзі қорғап шыққан. «Сонда мен жиырма мың малды кімге бөліп бердім, бір адам танымасам. Бір бала теңселіп отырып екпетінен түсті, жүгіріп барып соған сорпа бердім. Соған бір мал сойғызып бердім, менің рұқсатсыз сойғаным - сол. Қалғанын қағазбен өткізіп бердім. Ал қағазбен бір-бірлеп беруге менің шамам жетпеді. Өйткені аш жұрт айдап барған малды табан астында пышаққа іліп, бөліп әкетті. Ал жирен ат туралы: енді мен жиырма мың сиырды күшті ат болмаса қалай айдап жүремін?» деп жауап берген екен. «Иә, бір жирен атты алған шығарсың, ол туралы ән шығарыпсың ғой?» деп сұрайды қаралаушылар. Сол сұраққа негіз болған, осы сапарда туған ән атақты «Екі жирен» еді. Мен «Күнікейдің жазығын» 1969 жылы оқыдым. Егер де «Күнікейдің жазығы» қатарлы шығармалары қазақ әдебиетінде ашық оқылып, жазушылар сол бетінде іргелесіп кеткенде біздің қазақ әдебиетінің ішкі көркемдік дамуы кем дегенде 30 жыл ілгері кететін еді. Біз Жүсіпбекті қаншама тұншықтырдық, соншама уақыт қазақ әдебиеті кейіндеп қалды. Мысалы, психологизм, қос жарылу деген нәрсе біздің прозаға сексенінші жылдары кіре бастады, оған дейін жоқ болатын. Тұрсын ЖҰРТБАЙ, жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы. Азаматтығы ашаршылықта көрінді Жүсіпбектің көп ғалымдардың көзінен қағаберісте қалып қойған дүниесінің бірі – Абайтануға байланысты. Абайды тануда Жүсіпбектің еңбегі орасан. 1918 жылы Семейде Абай журналы шыққан. Сол журналды дайындап шығарған адамның бірі - Жүсіпбек, екіншісі - Мұхтар Әуезов. Екі ғана азамат шығарған журналды төте жазудан кириллицаға түсірген мен едім. Бұл еңбек «Алаш көсемсөзі» кітабының 20 томдығының 8-ші томы болып сөреде тұр. Сол кездегі Жүсіпбектің Абайтанудағы ділгірлігі, пайымы, Абайға деген ықыласы мені қайран қалдырды. Журналдағы мақалалар «Екеу» деген лақап атпен жарияланған. "Екеу" деп отырғаны - жоғарыдағы Аймауытов пен Әуезов. Абай журналының 12 саны жарық көріпті. Біз тек 9-ын тауып, аудардық. Аймауытовтың Абай өлеңдерін түсінуі, идеяның қазақ үшін қаншалықты маңызды екені, Абайды қандай деңгейде дәріптеу керектігі жөнінде ойлар айтқан. Жүсіпбектің осы Абайтанудағы еңбегі айтылмай келеді. Осы мәселе жекелей зерделеуді қажет етеді. Мәшһүр Жүсіптің феномені де Жүсіпбектің арқасында қалыптасқан. Оның 20 томдығының жиналуына тікелей себепші болған да - Жүсіпбек Аймауытов. Сол кезде халық арасында Мәшһүр Жүсіп туралы естіген білгендеріңізді қағазға түсіріңіз деп, киіз кітапқа жаздырған. Мәшһүр жазған ұлы дүниенің қазақ руханиятына қосылуына да Жүсіпбектің әсері болған. Біз оны ұмытпауымыз керек. Жүсіпбектің қайран қалдыратын еңбектерінің бірі – мақалалары. Әсіресе, «Ұлтты сүю» деген мақаласы - айрықша ғажап дүние. Біздің ұлтты жақсы көреміз дегеніміздің барлығы – сүйекке сіңіп келмеген дүниелер, ол сырттан жапсырылған жамау дейді. Жүсіпбек бұл еңбегі арқылы қазақтың ментальдік жанының рухани диагнозын қойған. Оған ешқандай дау жоқ. «Қара қазақтың мәдениетті болғанынан мәдениетті адамның қазақ болуы қиын» дейді. Бүгінгі қазақтың негізгі трагедиясы - осы. Мәдениетті деп отырғаны орысша оқыған, орысша білген адамның қазақ бола алмайтындығы. Ең тұңғыш атылған қазақ зиялысы – Жүсіпбек. Жүсіпбектің атылуына себеп – ашаршылық кезінде мал жинауы. Халық 1930 жылдары аштыққа ұшырайды. Сонда бір топ азамат қазақты ашаршылықтан құтқарамыз деп әр өңірден мал жинаған. Төрт түлікті Семейден Атбасарға дейін жеткізу үшін жолға аттанады. Әр өңірден мал жинағанда біреуі семізін, біреуі көтерем мал беретіні белгілі. Жердің арасы жырақ. Сонда кейбір мал жүріске шыдас бермей, жолда қалып қойған. Сонда Семейден шыққанда санатқа енген мал Атбасарға жеткенде кеміген. Осы үшін Жүсіпбектің үстінен іс қозғалады. Аталған жағдай ушығып, Жүсіпбектің атылуына себеп болған. Осы жағдайдан қатты күйінген Жүсіпбек: «Егер мен малды өзім жеген болсам, анамның шаранасын жейін» деп ант су ішкен дегенді естігенім бар еді. Міне, осындай ауыр сөз айтқан. Ықылас ОЖАЙҰЛЫ, алаштанушы, абайтанушы. Абайды танытқан Аймауытов Ату жазасына бірінші кесілді Жүсіпбек Аймауытұлының Алаш зиялыларының ішінде ерекшелендіретін бір факт – жұрттан бұрын репрессиялануы. 1992 жылы НКВД-ның архивінен Алаш зиялыларына қатысты істі қараған едік. Жүсіпбек Мәскеуде Бутырка деген түрмеде тергеліп, 1931 жылы шешім шығарылып, бірден ату жазасына кесілген. Оған дейін бірнеше адам ату жазасына кесіліп, бірақ көбісі кейін 5, 8, 10 жылға сотталып, мұндай ауыр жазадан құтылған. Ал Жүсіпбек Аймауытов бірден атылып кеткен. Тергеу жұмыстарында Жүсіпбекті қаралайтын адамдардың істерінде көп қаралау айтылады. Сол кезде замандастарының айтқан мына бір сөзі санамда жатталып қалыпты. «Жүсіпбек Аймауытұлы өте терең, ақылды адам болған. Бүгін ұстайын десең, басқа нәрсені айтып шығып кететін. Оны ұстау мүмкін емес болған» деген. Яғни, өте қу адам болған дегенді келтіріп тұр. Орыс классиктерінің бірі Михаил Булгаковтың «Шебер және Маргарита» деген еңбегі бар. Бұл еңбектің құндылығы 1917 жылғы төңкеріске дейінгі, төңкерістен кейінгі Ресейдің саясатын әшкерелеген. Кейіпкерлері арқылы ойын астарлап жеткізген. Жүсіпбектің негізгі әңгімелерінен де тура осыны табамыз. Онда төңкерістен кейінгі қазақтың алданып қалған тағдыры, шолақ белсенділер, қазақтың мүддесін аяққа таптап жүргенінің бейнесі шығады. Міне, осындай тым терең ойлайтын адам сол қоғамға қажет болмаған шығар. Бірінші болып өлім жазасына кесілуінің бірден-бір себебі осы деп шамалаймыз. 2020 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен саяси қуғынсүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Сондағы атқарылған жұмыстардың ішінде шоқтығы биік жаңалық – «Тез өлмен» өлеңінің табылуы. Бұл өлең сотты болған адамдардың ісінен табылды. Алғашқы нұсқасы жарияланды. Жалпақ тілмен айтқанда, мен өлмеймін, менің жаным, рухым өлмейді дегенді айтады. Мен деп тұрғаны - ұлт. Яғни, қазақтың деңгейін ешкім түсіре алмайтынын айтып кеткен. Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филолог, алаштанушы. Жүсіпбек Аймауытов атылып кеткеннен кейін ұлдары «Халық жауының» балалары деп қуғындалады. Ұлы Бектұр Ақтеңіздегі түрмеге жабылып, 10 жылға сотталып кетеді. 1994 жылы қарашада Татарстан республикасы прокуратурасының қаулысымен ақталып, Кемер облысының Прокопьевск қаласына барып, жергілікті шахтаға электрик болып орналасады. Ұзақ жыл сонда еңбек етіп, отбасын құрады. Кейін атамекеніне қайта бет бұрады. Бектұр қазақтың бір журналисін көріп, қайдан келгенін сұрап, өзін Аймауытовтың баласымын деп таныстырған. Журналист сенуі үшін үйіне апарып, қолындағы құжаттарын көрсетеді. Жүсіпбектің балалары әкесі қудаланғаннан кейін аты-жөндерін өзгертіп жіберген. Бектұрды Виктор, Жанақты Евгений деп атаған. 1996 жылы тамыз айында Бектұр Жүсіпбекұлы Қарағанды қаласына келді. Муза Жүсіпбекқызы Ақтөбеде тұрғанда жанына Бектұрды алып Жанақты іздеп барады. Ал Жанақ оларды қабылдамайды. Жүсіпбек Аймауытовты танымайтынын айтады. Бірақ үйіне кірсе, бұрышта Аймауытовтың суреті ілулі тұрғанын көреді. Сол кезде Муза: «Осы ғой Жүсіпбек Аймауытов, біздің әкеміз» депті. Сонда Жанақ: «Ее, бұл қазақтың керемет жазушысы болып еді» деген. Әкесі екенін мойындамайды. Муза мен Бектұр үйден шығып бара жатқанда артына қараса, Жанақ егіліп жылаған. Өзінің туған ағасы мен қарындасын құшақтай алмай қалған. Сонда қорқыныш әбден жан дүниесін билеп алған ғой. Бектұр болса 1996 жылы Қазақстанға қорқып келген. Бірақ тәуекел етіп, еліне оралады. Қазақ тілін жақсы сақтап қалған. Оған татарлармен жақсы қарымқатынаста болуы себеп екен. Бектұр Жүсіпбекұлы кейін Қарағандыға қайтқан соң Ресейге жол жүріп кетеді. Ол жақта ұзақ тұрған соң 2006 жылы туған еліне келеді. Араға екі жыл салып, 92 жасында дүние салды. Жалпы, Жүсіпбектің ақталуына себепкер болған - Жанақтың балалары. Оның үш қызы бар. Олар Мәскеудің архивтерін ақтарып, аталарын ақтап алуға күш жұмсаған. Бектұрдың бір ұл, бір қызы болған. Өкінішке қарай, елге оралғанда Алматыда жалғыз тұрып, көз жұмған. Ербол ҚАЙЫРОВ, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы. Біз білмейтін Жүсіпбек Кезінде Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқуға тыйым салынды. Газет-журналдар бетіндегі өлең-жырлары да жыртылып алынып жойылды. Алаш зиялысының көзін көрген, онымен істес болған буын өкілдерінің қатары сиреді. Осы орайда, Жүсіпбекке қатысты көпшілік біле бермейтін, әлі де зерттеуді қажет ететін тың деректер топтамасын ұсынуды жөн көрдік.
18 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл ҚАЗЫНА SARYARQA SAMALY Шеберлігі - бір қыры Ағартушылық жобасы - «Мәдени кіндік» Тасқа таңбаланған тағылым 2014 жылы театр алдынан Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш ашылды. Облыс орталығында Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музы-драма театры жұмыс істейді. Театр өз шымылдығын 1990 жылы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық коме- диясымен ашқан. Баянауыл ауданында 2012 жылы Жуантөбе ауылы Жүсіпбек Аймауытов ауылы болып қайта аталған. Осы ауылда Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі ашылған. Аймағымызда Жүсіпбек Аймауытовтың есімін арқалаған 12 көше бар. Оның ішінде 2020 жылы Павлодар қаласындағы бұрынғы Димитров көшесіне Аймауытовтың есімі берілген. Жүсіпбек Аймауытов заманында он саусағынан өнер тамған шебер болыпты. Өз қолымен жасаған ағаш сызғышы, сия сорғышы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде қаз-қалпында сақтаулы тұр. Алаш ардақтысы үнемі жанынан тастамаған «Насихат» қалта сағаты, қағаз кесуге арналған сызғыштар, «Сюзанна» кілемі және ағаштан жасалған сия сорғыш ерекше назар аудартады. Музей басшысы Ербол Қайыров бұл заттардың кейбірін кезінде Жүсіпбектің өзі жасап, күнделікті жұмысында пайдаланғанын атап өтті. Көне заттар өте қарапайым әрі іс білетін шебер адамның қолынан шыққаны байқалады. Бұл бұйымдарды 90-шы жылдары музей ашылғанда қаламгердің қызы Мәруа Жүсіпбекқызы қорға тапсырыпты. Алаштың арда азаматынан қалған құнды заттарды ұрпақтары көзінің қарашығындай сақтап, қаншама уақыт сандықтың түбінде жасырып келгені таңғалдырады. Мәруа Аймауытова естелігінде айтқандай сызғыштар мен сия сорғышты әкесі өзі жасап, ою-өрнекпен оқалаған. «Анамның айтуынша, кей-кейде әкем қатты ойға шомған уақытта осы сия сорғышқа қолын қойып, әрі-бері теңселтіп отыратын болған. Бұл затты да өз қолымен жасаған. Мұндағы бейнелерге назар аударсаңыздар, онда баласын тамақтандырып отырған құстың суреті бейнеленген. Әкемнің қолынан шыққан қандай туынды болсын, оның әрбірінде қазақтың философиялық терең мазмұны жатыр. Ал қалта сағатын жанынан тастамаған. Күндіз қоғамдық жұмыстар атқарып, түн ауа шығармашылықпен айналысқан. Әкемнің сағатқа жиі қарайтын әдеті болыпты. Уақытының, өмірінің аз қалғанын сезсе керек...» деп келтіреді ұлы тұлғаның ұрпағы. Әкесінің жатын бөлмесінде төрде ілініп тұрған «Сюзанна» кілемі де жақсы сақталған. Оны кезінде Бұқара қаласынан арнайы алдырыпты, бұқарлық шеберлердің туындысы көрінеді. Жүсіпбек Аймауытов Әулиелі Қызылтау өңірінде «Мәдени кіндік» орталығын ашқан. Ғасыр бұрын тыңнан тұрғызылған тарихи ауыл - ғылыми тұрғыдан мүлде зерделенбеген орынның бірі. Алаш ардақтысының идеясымен дүниеге келіп, жүздеген қазақ баласының сауат ашуына негіз болған рухани мекен бүгінде елеусіз жатыр. Жүсіпбек Аймауытов 1921 жылы Семей губерниясында оқу бөлімінің меңгерушісі болып тұрғанда Баянауыл жеріндегі жас өрендердің білім алуына айрықша назар аударған. Бұған дейін қазақ даласында жұт болып, малынан айырылған халық аштыққа ұшыраған кезең еді. Ел-жұрт босып, жетім қалған балалар көбейіп, оларды жергілікті бас көтерер азаматтар Жүсіпбектің айтуымен Қызылтау өңіріне жинайды. Жергілікті байлардың демеушілігімен ас-суы, жатар орны ұйымдастырылып, жүздеген қазақ баласының аман қалуына себепші болыпты. Осы кезеңде Жүсекең және онымен пікірлес ел азаматтары Қызылтау маңында «Мәдени кіндік» деп аталатын білім ошағын салуға бел буады. Көнекөз қариялардан қалған, ауыл арасында айтылып жүрген әңгімелерге сенсек, 1921 жылы Алаш ардақтысы жергілікті төрт рудың ірі байларының қаржыландыруымен әлгі жерге әуелі бастауыш мектеп салуға ұйытқы болады. Соңынан ағылып келіп жатқан балалардың көптігін ескеріп, «Мәдени кіндікте» шаруашылық ғимараттары, жатақханалар бой көтереді. Атап айтқанда, қыздар мен ер балалардың бөлек жатақханалары, асхана, бірнеше қойма, жертөле қойма, «қызыл отау», дәрігерлік пункт, әкімшілік ғимарат және атқора салынады. Біраз уақыт өткен соң бұл арада саман кірпіштен салынған кәдімгідей ауыл пайда болып, ауылдың батыс бөлігінде мал ұстайтын қоралар тұрғызылған. Мұндағы мақсат – байлар жиып берген малды осында бағып-қағып, интернатта жатып оқитын балалардың ішер асын тұрақты ұйымдастыру. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Қызылтау елі үшін рухани ошаққа айналған бұл жер қазіргі Жүсіпбек Аймауытов пен Лекер ауылдарының ортасында, жанынан сарқырап өзен ағатын жазық жерде орын тепкен. Өлкетанушы Рамазан Нұрғалиевпен бірге аталған орынды картаға түсіріп, музейде макетін дайындадық. Қазір ол жерде ештеңе жоқ. Күн жылығаннан кейін Рамазан ағаның бастамасымен бір топ азамат өз күшімізбен арнайы тас орнатуды жоспарлап отырмыз. Онда «Мәдени кіндікті» ашқан Жүсіпбек Аймауытов деген жазуды орнатпақшымыз. Ербол ҚАЙЫРОВ, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы. С
«Жастардан болашақта кім боласың?» деген сұраққа бүгінде бұрынғыша «бастық боламын», «заңгер, есепші, қаржыгер болғым келеді» деген жауап алмайсыз. Қазіргі буын нарықта сұранысқа ие маман атануға асық. Ұлдар арасында IT-маманы бүгінде трендке айналғандай. Олай болуының да жөні бар. Себебі, еңбек нарығында бұл саланың білгірлеріне сұраныс артып келеді. Цифрландыру дәуірінде мұндай үрдістің үдей түсуі де - заңды. Бәрі жаппай бұл мамандыққа бет бұрғанымен, уақыт өте келе ең мықтылары іріктеліп, саланы ілгерілетуге үлес қосары сөзсіз. ЦИФРЛАНДЫРУ IT-мектепте нені меңгереді? 19 SARYARQA SAMALY 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл Елімізде соңғы бес жылдықта аталмыш сала мамандарына сұраныстың күрт өскені байқалады. Сауатты әрі мамандығын жіті білетіндерді іздеушілер көбейген. Кейбір деректерге сүйенсек, 2021 жылы IT саласындағы бос жұмыс орындарының саны елу пайызға, 2022 жылы 57 пайызға өсіпті. Осы үрдісті ескеріп, елімізде құрылған Цифрлық даму министрлігі отандық IT бағытын барынша дамытуға ден қойды. 2021-2023 жылдарға 7,5 млрд теңге бөлген. Цифрландыру үрдісінің қарқынын ескеріп, Мемлекет басшысы да осыдан төрт жыл бұрын 2025 жылға дейін жоғары білікті 100 мың IT-маман дайындауды міндеттеген болатын. Осыған орай, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірқатар жобаларды қолға алды. Солардың ішінде өңірлерде мамандар даярлайтын IT-мектептердің ашылғанын айта кету керек. Мұндай IT-мектеп аймағымызда Торайғыров университеті базасында ашылды. Яғни, құзырлы министрлік, облыс әкімдігі және ERG энергетикалық корпорациясының қолдауымен жұмысын екі жылдан астам уақыт бұрын бастаған. Аймағымызда құрылған «IT - School Павлодар» ЖШС директоры Сұңғат Балташтың айтуынша, мектепте түрлі жас шамасындағы азаматтар білім алады. - Қысқа мерзімді - екі айлық және ұзақ мерзімді – 6 айдан астам уақыт оқитын курстарымыз бар. Мұнда келуші нақты бір курсты таңдап, сол бойынша білім алады. Мәселен, сайт әзірлеуді үйренгісі келген азаматқа түрлі мақсаттағы сайтты қалай жасау қажеттігін толық түсіндіреміз. Python-мен бағдарламалау курсында студенттер бағдарламалаудың негізін меңгереді. Blender бағдарламасында 3d модельдеу курсында үш өлшемді форматта модельдер жасаудың қырсырын үйретеміз. Тұрақты немесе анимациямен модельдеуді меңгереді, - дейді Сұңғат Бейсенбайұлы. Сонымен қатар, Photoshop негіздері атты курста екі өлшемді кеңістікте графикамен жұмыс істеудің тәсілдері түсіндіріледі. Яғни, студент картиналар мен суреттерді редакциялауды меңгереді. Демек, бұл курсты толық өтіп, тереңінен түсінген түлек дизайнер болып жұмыс істеуге дайын дей беріңіз. SMM-маманы атануға келушілер де аз емес көрінеді. Олар медиакеңістікте контент құру, оны барынша кеңінен таратудың тетіктерін үйренеді. - Компьютерлік сауаттылық курсымыз бар. Бұл егде жастағы немесе орта жастағы азаматтарға арналған. Олар дербес компьютерді қолдануды, Microsoft Office пакеттерімен жұмыс істеуді және Egov. kz.-те қажетті қызметті мүдірмей алуды үйренеді, - дейді IT-мектептің директоры. Пандемия кезінде құжаттарды онлайн алу қызметі белең алғанын білесіздер. Сол шақта егде жастағылар көп қиналып қалғаны да жасырын емес. Міне, сол олқылықтың орнын толтыруға курста көңіл бөлінеді. Айта кету керек, IT-мектепті бітіргендерге Торайғыров университетінің мөрі мен ректорының қолы қойылған арнайы сертификат табысталады. Курс түлектері алған білімімен игерген бағыты бойынша ақпараттық технологиялар мен ақпараттықкоммуникациялық технологиялар саласында мансабын бастай алады. - Біздің түлектеріміздің көбі - университеттер мен мектептердің оқытушылары, ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері, жоғары оқу орнының студенттері, оқушылар. Мәселен, бізде СММ курсын өткен оқытушы бүгінде өзі еңбек ететін университетте студенттерге осы бағытты оқытумен айналысуда. Біз кез келген бағыттың негізін үйретіп қана қоймай, оларға тәжірибесін қатар береміз. Сонда олардың жаңа салада нағыз маман атануына жол ашады, - дейді С.Балташ. Курсты бітіргендер арасында негізгі қызметімен қатар жаңа бағытты алып жүргендер көп көрінеді. IT-мектептің курстарын аймағымыздың кез келген азаматы оқи алады. Әрине, ақылы түрде. Мұндағы екі айлық немесе алты айлық курстардың құны 25-40 мың теңге шамасында. Мектеп директоры нарықтағы курстардың бағасынан әлдеқайда арзан екенін айтады. Одан бөлек, мемлекеттік тапсырыс негізінде мекемелердің қызметкерлерін де оқытады. Мәселен, ақпараттық технологиялар орталығының 80 қызметкері аталмыш мектепте білімдерін жетілдіріпті. 2022 жылы курсты тәмәмдаған түлектердің бірі Диана Шокуова жаңаша білімнің нәтижесінде қызметте өскенін айтады. - Бұрын Торайғыров университетінде халықаралық қатынастар бөлімінде қатардағы қызметкер болып жұмыс істеп жүрдім. IT-мектепте СММ мамандығын тегін оқытатынын естіп, курсты оқып алуды ұйғардым. Инстаграм әлеуметтік желісінде бұрыннан белсенді едім. Сол белсенділігімді пайдалы бағытқа бұруға осы курс ықпал етті. Парақшамды сауатты жүргізе бастауым университет басшылығы тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп, білім ордамыздың маркетинг бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалдым. Бүгінде бірнеше жұмыс парақшасын жүргізіп, университеттің қызметін тұтынушыларға тартымды етуге тырысып жүрген жайым бар. Қазіргі бәсекеге толы нарықта қолда барды дұрыс көрсете білу, сауатты жеткізе білудің қаншалықты маңызды екенін әркім түсінгені жөн, - дейді IT-мектептің түлектерінің бірі Диана Құрманғалиқызы. Қазіргі таңда павлодарлық IT-мектепте 40-қа жуық студент білім алуда. Олар аптасына 2-3 рет оффлайн оқуға келіп, білікті мамандардан дәріс алады. Бір топқа он адамнан артық алмайды. Яғни, аз адаммен курстың сапалы болуына мән береді. Аталмыш мектеп ашылғаннан бері 400-ден астам маманды оқытқан. ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ Қызмет – сауда үйінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда да көрсетпек. Павлодар қаласында әркім өз бетінше ала алатын Connection point аумағы «City Centre» сауда орталығында орналасты. Сonnection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алуға, тұрғылықты жері бойынша тіркелуге, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алуға және тағы басқа қызметтерге тапсырыс бере алады. - Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алды. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Бұл ретте, сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Мұндай орындарда адамдар легі көп және олардың қызметкерлерге жүгінуіне де ыңғайлы, - дейді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев. Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталықтары мен базарлардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болған. Азаматтар «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген. Бетті әзірлеген - Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! 14-ке толғанда тіркеу керек Есіңізде болар, бұрын балаңыз дүниеге келісімен, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге қоюға міндетті едіңіз. Балабақша кезегіне, мектепте барғанда бұл тіркеу талап етілетін. Бүгінде мұндай қажеттілік жоқ. Яғни, 14 жасқа дейінгі балалар Қазақстанда тұрғылықты мекені бойынша тіркеуден босатылған. Мұндай өзгеріс 2020 жылы енгізілген. Облыстық көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Кристина Анциферованың айтуынша, 2020 жылы ақпан айында ҚР Үкіметінің қаулысымен елімізде 14 жасқа толмаған балаларды тіркеуге қою талабы алынып тасталған. Яғни, ішкі мигранттарды тіркеу ережесіне осындай өзгеріс енгізілді. - Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде баланың тұрғылықты мекенін растау үшін бұрынғыша анықтама талап етпейді. Олар бұл туралы мәліметті ақпараттық жүйелерден алуы тиіс. Бала 14 жасқа толғанға дейін ата-аналарының бірінің тіркеу мекенжайында тұр деп есептеледі, - дейді Кристина Викторовна. Енді көпшіліктің көкейінде «14 жасқа толған баланы тіркеуге қалай қою керек?» деген сұрақ тұр. Басқарма өкілінің айтуынша, ол үшін баланың заңды өкілі халыққа қызмет көрсету орталығындағы көші-қон полициясына барып, өтініш береді. 14 жасқа толысымен тіркеуге қоюды ұмытпау керек. Себебі, бала 16 жасқа толысымен жеке куәлік алуға барғанда тіркеуде болмаса, ол үшін әкімшілік жаза қолданылады. Яғни, 14 жастан бір ай асқанға дейін тіркеуге тұрмаса ескерту жасалады, ал одан кешіктірсе, айыппұл қарастырылған.
20 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл ШАМШЫРАҚ SARYARQA SAMALY ТҮЙТКІЛ Тілектес ауылындағы байырғы тұрғындардың айтуынша, қамыс мектеп 1972 жылы салынған. Әу баста көппәтерлі үй ретінде бой көтеріп, тың игеру кезеңінен кейінгі жылдары ауылдарды көркейтуге келген жұмысшыларға берілмек болған. Бірақ ғимарат бос тұрған соң сол кездегі тілектестік азаматтар мектеп ретінде пайдалануға сұрап алған көрінеді. Содан бері, яғни 52 жыл бойы білім ордасы болып келе жатқан мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Тек жыл сайын әктеу, әрлеу, сырлау сияқты ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жасалып келген. Ауылдағы ата-аналар бүгінде әбден тозығы жеткен, жылуы кеткен ескі мектептің жағдайы өте мүшкіл екенін айтып, дабыл қағуда. Солардың бірі – Тілектес ауылының тұрғыны Рымгүл Рахметова: - Мектепте балалардың жайлы білім алуына мүмкіндік жоқ. Мұнда спорт залы, мәжіліс залы деген бұрын-соңды мүлдем болған емес. Дене шынықтыру пәні далада өтеді. Ауа райы қолайсыз күндері балалар тығылып сыныпта отырады. Мәжіліс залы болмағандықтан мектептегі мерекелік іс-шаралар тар дәлізде ұйымдастырылады. Асхана да аядай ғана, тап-тар. Артық сыныптың жоқтығынан қосымша сабақтар мен үйірмелер де өткізілмейді. Қыс болса, балаларымыз тоңып шығады. Тіпті, аязды күндері сырт киіммен отыратын сәттер де болып тұрады. Бұл дегеніңіз сұмдық қой. Оқушыларға осылай обалдық жасауға бола ма?! Бұрын бұл жағдайды тиісті мекемелерге жеткізейік дегенде, «Айтсаңыздар, мектепті жауып тастайды, балаларың басқа ауылда оқиды» деп қорқытатын. Бұдан кейін шарасыздан үнсіз жүрдік. Енді қазір «Жаңа Қазақстан» деп жар салып жатқан тұста балаларымызға жайлы жағдай, жаңа мектеп керек деп қайтадан мәселе көтеруге мәжбүрміз. Себебі, білім ордасы жылдан-жылға тозып, жағдайы нашарлап барады. Сол үшін ауылымызға жаңа мектеп салынуы тиіс, - дейді. Жалпы, ауыл мектебінің ахуалы ауыр екенін айтып, алаңдаушылық танытқан тұрғындар аз емес. Бізге пікір білдірген тілектестік азаматтың бірі Еділбек Малдыбаев: - Мектептің төбесі құлайын деп майысып тұр. Қабырғалары да керіліп кеткен. Сылақтары жыл сайын үгітіліп түсіп жатыр. Мен бір жылдары осында шаруашылық жөніндегі меңгеруші (завхоз) болып жұмыс істедім. Сол кезде шатырдың іші қарға толып, қыс бойы төбе қырауланып тұратын. Қазіргі жағдайы бұдан да қиын болып кетті. Осы мектепті үлкен балаларым бітірді, ал қалған 3 балам әлі оқып жүр. Олардың қауіпсіздігі үшін де, денсаулығы үшін де қорқамын. Мектептің төбесі кез келген уақытта опырылуы мүмкін. Қыстыгүні іші салқындап кетеді. Іргесінен аңқылдап суық жел үрлеп тұрады. Осы көріністің бәрін арнайы келген сараптама комиссиясы көзімен көріп кетті. Енді бізге шұғыл түрде жаңа мектеп қажет, - дейді. Сондай-ақ, ол шамамен 4-5 жыл бұрын бұл ауылда осы мәселе төңірегінде арнайы жиналыс өтіп, сол кездегі басшықосшылар 2024 жылы жаңа білім ордасы салынады деп айтқанын жеткізді. Бірақ кейін, яғни 2022 жылдың жазында мектеп ғимаратына техникалық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, нысан пайдалануға жарамды екені және күрделі жөндеуді талап ететіні жөнінде қорытынды шыққан. Сөйтіп, содан бері білім беру мекемесінің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, биыл ғана күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданады. Бұл мақсатқа бюджеттен 150 млн теңге көлемінде қаражат та қарастырылады. Тіпті, конкурстық рәсімдер өтіп, мердігер де анықталып қойған. Алайда, аяқ астынан жоспар өзгеріске ұшырады. - Ата-аналар күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қарсылық танытып, Мемлекет басшысына, Сенат депутаттарына жаңа мектеп салу туралы өтініштерін білдірді. Бұл жағдай қайталана берген соң біз осы жылдың ақпан айында екінші мәрте техникалық сараптама жасаттық. Оның қорытындысы бойынша мектеп апатты деп танылып, күрделі жөндеу жүргізуді қажет етпейтіні белгілі болды. Сондай-ақ, талап бойынша қамыстан салынған мектептер 40 жыл ғана пайдалануы тиіс екен. Ал бұл нысанның бой көтергеніне 52 жыл өткендіктен, ғимарат әбден ескірген, жарамсыз деген тұжырым жасалыпты, - дейді Аққулы аудан- дық білім беру бөлімінің басшысы Ерсін Еркенов. Тілектесжалпы орта білім беру мектебінің директоры Айнұр Бекбауова да мұндағы жағдай сын көтермейтінін айтады. Оның сөзіне қарағанда, білім ордасының ғимараты типтік үлгіде емес. Нысан оқушыларға тарлық етеді. Небары 8 оқу кабинеті болғандықтан мұндағы 52 шәкірт екі ауысымда білім алуда. - Негізі, бұл білім ордасы шағын жинақты мектеп саналады. Барлық оқушы мемлекеттік тілде оқиды. Яғни, таза қазақ мектебі. Әрине, ғимарат ескірген. Шатыры тесік болғандықтан көктем айларында төбеден су сорғалайды. Қамыстан салынғандықтан қабырғалардың әбден ескіріп кеткені байқалады. Мектеп пайдалануға берілгелі бір рет те күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Десе де, балаларға жайлы жағдай жасау мақсатында есіктерезелерді ауыстырып, еденге линолеум төсеп қойдық. Оқу сыныптарынан бөлек, медициналық, әдістемелік кабинеттер мен шағын мұражай және кітапхана бар. Мектептің материалдық жағдайы орташа. Сонымен қатар, компьютер сыныбы, интерактивті тақта және қажетті жиһаздар бар. Интернет желісі жұмыс істеп тұр. Қуантарлығы, балалардың білім көрсеткіші жақсы, әсіресе, спорт залымыз болмаса да облыс деңгейіндегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері бар. Сондай-ақ, пән олимпиадасы, түрлі оқулар мен шығармашылық байқаулардан орын иеленіп жүрген алғыр оқушыларымыз аз емес. Солармен мақтанамыз. Осындай талапты да талантты балаларға жаңа мектеп керек, - дейді Айнұр Бәритқызы. Сонымен, техникалық сараптама нәтижесі бойынша бұл мектеп апатты деп аталғанымен, мәселе қашан оң шешімін табатыны беймәлім. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерсін Еркенов аталған жағдай жөнінде жоғары жақтағылар шешім шығаратынын айтады. Ал бұл іске жауапты облыстық білім беру басқармасына бірнеше мәрте хабарласқанымызбен, жарытып жауап ала алмадық. Яғни, өңірдің бас ұстазымен тілдесу мүлдем мүмкін болмады. Қандай жағдай болмасын балалардың мектепсіз қалмайтынын айтқан Ямышев ауылдық округінің әкімі Бақытжамал Рахметова жақсылықтан үміт үзбеу керектігін алға тартады. - Аталған мәселе шешіледі деп сенемін. Себебі, осы жағдаймен депутаттар да жақсы таныс. Жақында халықпен жиналыс өткізіп кетті. Мәселе көтерілді. Сараптама комиссиясының да нақты қорытындысы шықты. Сондықтан тұрғындарға сабыр сақтап, әліптің артын бағайық дегім келеді, - дейді. Оның айтуынша, Тілектес ауылы жылдан-жылға үлкейіп, көркейіп келеді. Қазіргі күні мұнда 63 отбасы, 300-ге тарта тұрғын бар. Жыл сайын бұл елді мекенге алыс-жақыннан қоныс аударушылар қатары да артуда. Округ әкімі сондай-ақ, соңғы уақытта Тілектес ауылын дамытуға бағытталған көп жұмыс қолға алынып жатқанын да атап өтті. - Бұл ауылдың болашағы зор. Жоғарыда айтып кеткенімдей, ел іргесі кеңейіп келеді. Балалар да көбеюде. Тұрғындар игілігі үшін кіреберіс пен мектепке дейінгі жолдарға асфальт төселді. Футбол алаңы мен балалар алаңы салынды. Биыл жаңа медициналық пункт бой көтеруі мүмкін. Қазір елді мекенде жұмыссыз адамдар жоқ. Қысқасы, осындағы халықтың жайлы тұрмыс кешуі үшін мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде, - дейді Бақытжамал Қабиденқызы. Апатты мектептің мәселесі шешіле ме? Ағымдағы жылы «Аймағымызда апатты мектеп жоқ» деп жалпақ жұртқа жар салып едік. Өкінішке қарай, олай болмай шықты. Бұған дейін өңірдегі үш апаттық мектептің орнына заманауи оқу ордалары салынған еді. Алайда таяуда Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округіне қарасты Тілектес ауылындағы Тілектес жалпы орта білім беру мектебі де апатты жағдайда деп танылды. 12 наурызы күні жария етілген техникалық сараптама қорытындысында осылай деп жазылған. Ал төбесі майысып, сылақтары үгітіліп, қабырғалары құлауға шақ тұрған қамыстан салынған ескі мектепте оқушылар әлі де білім алуға мәжбүр. Себебі, жаңа оқу ордасының қабырғасы қашан қаланатыны әзірге белгісіз. Бұл жағдай ата-аналарды алаңдатып отырған жайы бар. * * * «Бәрін айт та, бірін айт!» демекші, апаттық жағдайда тұрған ауыл мектебінің мәселесі қашан және қалай шешіледі? Баласының қауіпсіздігі үшін алаңдаған ата-аналардың талап-тілегі орындала ма? Көкейде сұрақ көп... Көпті толғандырған бұл мәселені шешу «сырмақ шетінде» отырған азаматтарға сын! Бастысы, егемен ел ертеңі болар жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барынша лайықты жағдай жасалса екен дейміз.
SARYARQA SAMALY ШАМШЫРАҚ 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 21 БІЛІМ-АҚПАРАТ Интернетпен қамту ұлғаяды Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл елімізде орта білім беру ұйымдарын жылдам және тұрақты интер- нетпен қамтамасыз ету 65%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылады деп жоспарлануда. БӘРЕКЕЛДІ! Асқақтай бер, ауыл мектебі! Жақында редакциямызға Павлодар ауданына қарасты Заря жалпы білім беру мектебінің ұстазы мен шәкіртінің жеткен жетістігі жайлы хат келді. Анау-мынау емес, екеуі де республикалық деңгейдегі бәсі биік байқаулардан топ жарып, аймақ намысын қорғап келіпті. Осындай дарын иелері бар ауыл мектебінің абыройы асқақтай берсін дей отырып, төменде олардың жетістігін бөлісуді жөн көрдік. Өз ісінің маманы Заря жалпы орта білім беру мектебінде білікті мамандар көп. Солардың бірі – білім ордасының логопеді Жанбота Асылбек. Жуырда ол ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылым-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Педагогикалык идеялар фестивалі» байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Сайыс Алматы облысындағы Сүлеймен Демирель университеті базасында өтті. Шарт бойынша үш кезеңнен тұрды. Аудандық кезең 2023 жылдың қазан айында, ал облыстық кезеңі қараша айында ұйымдастырылды. Алдын ала іріктеуден сәтті өткен әріптесіміз республикалық додада аймақ намысын абыроймен қорғай білді. Оның бұл жетістігі үшін қуаныштымыз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш байқаудың басты мақсаты - педагогтердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, кәсіби тұрғыда өсуіне, өз білімін көрсетуіне мүмкіндік беру. Сондай-ақ, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу болып табылды. Фестивальге облысымыздан 11 педагог маман қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында мектеп басшылары, ұстаздар, психологтер, логопедтер мен дефектологтер бар. Байқау қатысушылары бағдарламаға сәйкес бағыттар бойынша педагогикалық идеялар жобаларын қорғап, өз білімін сын таразысына салды. Біздің әріптесіміз барлық сынақтан сүрінбей өтті. Жанбота Асылбек - «Дефектолог-логопед» мамандығын қызыл дипломмен тәмамдаған маман. Педагог-эксперт біліктілік санаты бар. Қазіргі таңда мектебімізде мұғалім-логопед қызметін атқарып жүр. Осы салада еңбек еткеніне 6 жылдай уақыт болды. М.КӨППАЕВ, тәрбие ісінің меңгерушісі. Алға, Алдияр! Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Алдияр Жұмаш ауыл мектептерінің балаларына арналған республикалық пән олимпиадасында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы дипломымен марапатталды. Ережеге сай олимпиада 13 пән бойынша өткізіліп, 3 кезеңнен тұрды. Атап айтар болсақ, бірінші кезеңіне еліміздің әр өңірінен 78 404 оқушы қатысты. Екінші іріктеу кезеңінде 25 844 оқушы бақ сынады. Үшінші, яғни қорытынды республикалық кезеңге 1088 жеңімпаз жолдама алды. Алдияр болса, осы үш кезеңнен де өтіп, республика көлемінде ауданның атынан облыс намысын қорғады. Алдияр Жұмаш - Заря жалпы орта білім беру мектебінде 1-сыныптан бастап сабақты үздік оқып келе жатқан озат оқушы. Қазіргі таңда «Алтын белгіден» үміткер. Кішкентай кезінен бері білімге құштар, өте зерек әрі қабілеті жоғары оқушы ретінде өзін көрсетіп келеді. Сонымен қатар, шығармашыл, білімі терең, өз ойын еркін жеткізе алатын, алдына қойған мақсатына ұмтылып, сол үшін үнемі ізденісте жүретін дарынды бала. Ол сыныптастарының арасында да беделді. 5-6 сыныптан бастап аудандық, облыстық олимпиадаларға және түрлі байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Айта кетерлігі, Алдияр алдымен Қазақстан тарихы пәнінен 9-11 сынып оқушылары арасында ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен өтіп, облыстық кезеңіне қатысты. Облыстық кезеңнің нәтижесінде І орынды иеленіп, республикалық олимпиадаға жолдама алды. Сөйтіп, бүгінгі күні республикалық кезеңнен де жүлделі орын алып, қола медаль иегері атанды. Біз мектеп мақтанышы болған, жүзден жүйрік атанып, суырылып алға шыққан Алдиярды жеңісімен құттықтаймыз! Амангүл ХАВИХАН, тарих пәнінің мұғалімі, жетекшісі. Ана тілің - арың бұл! Таяуда Павлодар қалалық білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді. Оған 7-11 сынып аралығындағы 140 оқушы қатысып, 5 бағыт бойынша бақ сынады. Бұл жөнінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Бастама оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. - Мектептерде жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жылдам интернет түрлі онлайнплатформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс - қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді, - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева. Айта кетерлігі, министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру, сондай-ақ шалғай және тұрғындары аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа туған тілді насихаттап, өз ұлтын, ұлттық салтдәстүрін, құндылықтарын құрметтейтін оқушыларға қолдау көрсету, дейді ұйымдастырушылар. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 85 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде 9 оқушы І орын, 30 бала ІІ орын және 46 шәкірт ІІІ орын алды. Жеңімпаз атанғандардың есімдерін атап айтар болсақ, «Бейнелеушілер» бағытында І орынды №35 мектептің 10-сынып оқушысы Табылды Әміре, №43 мектептің 10-сынып оқушысы Валерия Брусенко иеленді. «Білгірлер бәйгесі» бағытында І орынды Қ.Бекқожин атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Даяна Қайрула мен №21 мектептің 8-сынып оқушысы Зара Қайтаева еншіледі. «Жас қаламгер» бағытында І орынды «Экология» тақырыбындағы эссесі үшін Ә.Бөкейхан атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Аяулым Солтанмұрат қанжығаласа, «Сөз шеберлері» бағытында І орынды №46 мектептің 7-сынып оқушысы Сапарғали Нұрғиса мен №39 мектептің 8-сынып оқушысы Екатерина Баток жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, «Әнші бұлбұлдар» бағытында №36 мектептің 9-сынып оқушысы Амелия Даирбаева мен №41 мектептің 9-сынып оқушысы Данила Биянова І орынға лайық деп танылды. Барлық жеңімпаз Павлодар қалалық білім бөлімінің І дәрежелі дипломдарымен марапатталды және республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Айқарманы әзірлеген - Нұржайна ШОДЫР.
22 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл SARYARQA SAMALY ЖОБА «Бір ымды түсіну үшін денедегі 1600 нүктені оқимыз» дейді «Signbridge» жобасының жетекшісі, павлодарлық ғалым Нұрзада Амангелді. Ол қазақша ымдау тілін танитын заманауи интеллектуалдық жүйе жасап шығарған. Бұл - Қазақстанда теңдесі жоқ жоба. Күні кеше жерлесіміздің өнертабысы «World Summit Awards» әлемдік байқауының үздіктерінің қатарынан табылды. БҰҰ беделді сыйлығының халықаралық сарапшылары тарапынан іріктелген жалғыз қазақстандық жоба болып отыр. Жаһанға танылған жаңа жүйе Бүгінде Нұрзада Амангелді Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де еңбек етеді. Өнертабысын да осы шаңырақта шыңдауда. Оның «Signbridge» жобасы «World Summit Awards» әлемдік байқауының үздіктерінің тізіміне енді. Бұл – БҰҰ беделді сыйлығы. Ал ғалымның аталған жұмысы - халықаралық сарапшылар іріктеп алған жалғыз қазақстандық жоба. Байқауға барлығы 180-нен астам мемлекеттен инновациялық әзірлемелер ұсынылған. Нұрзада Амангелдінің жобасы «Inclusion and emprowment» аталымы бойынша 80 жаһандық инновациялық өнертабыстың ішінен үздік атаныпты. Талантты ғалым осы бағытта бес жылдан бері зерттеу жүргізіп келеді. Ғылыми жоба жасанды интеллектке негізделген және сөйлеу мен есту қабілеті бұзылған жандарға арналған. Ең бастысы, жүйе қазақша ымдау тіліне бейімделген. Негізгі бірегейлігі де осында. Себебі, елімізде есту және сөйлеу қабілеті нашарлаған азаматтарға қатысты маңызы мәселенің бірі – білім алу. Тағы бір мәселе – қазақ тілі ым-ишарасының болмауы. Қазір олар орыс тілінің ым-ишарасы негізінде сөйлейді. Жүйені әзірлеу барысында ғалым бір ымның бірнеше нұсқасын дайындаған. Оларды көрсетілу күрделілігі бойынша топтарға бөліп, әрқайсысына жасанды нейронды желі моделін әзірлеген. - Басты мақсатым – ым тілінде сөйлейтін адамдармен қоғам арасындағы кедергіні жою. Сол үшін де жобаны «Signbridge» деп атадық. «Ым тіліндегі көпір» деген мағынаны білдіреді. «Құлағы естімейтін, сөйлемейтіндер мектепте қалай оқиды, қалай білім алады, мемлекеттік мекемелердің қызметін қалай тұтынады?» деген сауал мені жиі мазалайтын. Осы ойдың жетегімен 2019 жылы жаңа жобаны қолға алдым, - дейді ғалым. «Signbridge»-дің көмегімен ым тіліндегі сөздерді компьютерге көрсетсеңіз, жүйе оны табиғи тілге аударып бере алады. Қазір сөздерді сөйлемге түрлендіретіндей деңгейге жеткен. - Ең алдымен ым тілінің әліппесін оқып, үйрендім. Одан кейін тек қолдың қимылын танитын жүйе жасадық. Ал сөздерді толыққанды тану үшін жүйеге адамның денесінің қозғалысын да қосу қажет болды. Себебі, ымның тілі тек қолдың қимылынан тұрмайды. Адамның денесінің, ернінің қозғалысы, эмоциясы, барлығы ескерілуі тиіс. Ең қиыны да осы. Бір әріпті біздің нейрондық жүйеміз дұрыс көрсетуі үшін оны жүз рет жазамыз. Бұдан бөлек, бір ымды түсіну үшін денедегі 1600 нүктені оқимыз, - дейді Нұрзада Амангелді. Жобаның маңыздылығын мына бір көрсеткіш дәлелдеп тұрғандай. Елімізде есту, сөйлеу қабілетінен айырылған 32 мың адам тіркелген деседі. Оның ішінде 5-тен 17 жасқа дейін 3 мың бала бар. Олар толыққанды білім ала алмауда. Жоғары оқу орындарына оқуға түсу көрсеткіштері тіптен төмен. Себебі, елімізде сурдоаудармашы мамандар тапшы. Онымен қоса, қоғаммен қалыпты байланысуы қиын болған соң мұндай жандардың мамандық таңдауында да шектеу бар. Мысалы, әйел адамдар көбіне тігінші, ер азаматтар етікші болады. - Болашақта бұл жүйе арқылы ым әліпбиі мен ым тілін білетін сурдоаудармашыларды даярлауға болады. Мұндай мамандар түрлі мемлекеттік ұйымға қажет екені анық. Енді біз мобильді қосымша жасауға кірістік. Оның көмегімен ым тілімен өзара сөйлесуге болады. Сөйлеуді мәтінге, мәтінді ымға және керісінше түрлендіретін жүйе құрылады. Осы жобаның арқасында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мектепте толыққанды білім алып, медициналық және мемлекеттік мекемелерде қызмет алуы және адамдармен еркін сөйлесуіне жол ашылады, – дейді Нұрзада Амангелді. Ғалым алған ілім-білімнің, меңгерген ғылымның өтемі болуы тиіс деп есептейді. - Мемлекет бізге ғылыммен айналысуға мүмкіндік берді. Бакалавр білімін, магистратураны, докторантураны тегін оқып, шәкіртақымды алып жүрдім. Мұның барлығы бізге жұмсалған қомақты қаражат қой. Бәлкім ол жайында ойланбайтын шығармыз. Соның өтемі болуы керек. Бұл ғалым ретінде маған жүктелген жауапкершілік деп есептеймін, - дейді ол. Айдана ҚУАНЫШЕВА. Елімізде 1991 жылдан кейін берілген жоғары оқу орындарының дипломдары электронды базаға енгізілуде. Нәтижесінде, жалған дипломдар анықталмақ. ҒЫЛЫМ-АҚПАРАТ Жақында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жалған дипломдарды анықтаудың тетігі іске қосылғанын тілге тиек етті. - Жалған диплом жасау – қылмыстық әрекет. Диплом мен құжаттардың жалған екенін біле тұра сатып алғандар да жауапқа тартылады. Қазір Ішкі істер министрлігімен және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе тиісті жоспарымызды бекіттік. Жарнама тарайтын түрлі платформаларда жалған құжаттардың сатылымын анықтауға рейд жүріп жатыр. Атап айтқанда, заң бұзғандарды жазалау керек, - деді министр. Оның айтуынша, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін берілген дипломдар туралы мәліметтер жаппай жинақталуда. - Арнайы платформада 1991 жылдан бастап берілген бүкіл дипломды енгізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта 3,5 млн диплом базада бар. Енді кез келген жұмыс беруші арнайы цифрлық қызмет арқылы тексере алады. Әр дипломның жеке нөмірі мен QR-коды бекітіледі. Бұл тұрғыда жалған дипломды анықтау мүмкін болады, - дейді С.Нұрбек. Соңғы жылдары елімізде қазақстандық ғалымдардың ғылыммен айналысуына мол мүмкіндік жасаумен қатар, материалдық жағдайын көтеруге де баса мән берілуде. Қолдау тоқтамайды Осы мақсатта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында 2023-2027 жылдарға арналған жас ғалымдарға арналған несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалған болатын. Соның аясында бүгінде елімізде 80 ғалым баспаналы болғанын атап өткен жөн. Аталмыш министрліктің мәліметінше, бұдан басқа да ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шаралар белсенді жүзеге асуда. Айталық, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы аясында ғалымдарға қолдау көрсету үшін жыл сайын түрлі жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арнайы гранттар бөлінуде. Бұл гранттардың басым бөлігі жас ғалымдарға үлестірілуде. Министрлік өкілдері ғалымдарға деген қолдау алдағы уақытта да тоқтамайтынын айтады. Елімізде жоғары оқу орындары ректорларының қызмет мерзіміне қатысты өзгеріс енгізіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. Ректорлар қалай тағайындалады? Шыны керек, еліміздегі кейбір университеттердің ректорлары ұзақ уақыт бойы «жылы орнынан» қозғалмай отырған жайы бар. Бұл жағдай ел арасында түрлі пікір тудыруда. Алайда аталған мәселеге қатысты журналистер сұрағына жауап берген министр елімізде ректорларды тағайындау қағидаты өзгеретінін айтты. - Жалпы, біздегі ұлттық университеттер ректорларының мерзімін үш жылға базалық келісімшарт бойынша ұзарту мүмкіндігі бар. Сондықтан қазір ректорларды тағайындау ережелерін пысықтап жатырмыз, - деген Саясат Нұрбек ректорлардың қызметін екі мерзімнен артық ұзартпау ұсынысы бекітілетінін жеткізді. - Кейінгі 10 жылда министрлік арнайы академиялық автономия принциптеріне көшіп жатыр. Бұрынғыдай министрдің тікелей ректорды тағайындап, оны үстінен бақылап отыруы принциптерінен бас тарттық. Қазір шетелдік форматқа ауысудамыз. Енді ректорлармен директорлар кеңесі немесе қамқоршы кеңесі арқылы жұмыс істейміз, - деді министр. Әзірлеген – Н.ШОДЫР. Дипломдар тексерілуде
Бетті әзірлеген – Айдана БОРАНБАЕВА. Келіңіздер! Көріңіздер! * Іс-шаралар бағдарламасында толықтырулар мен өзгерістер болуы мүмкін. 28 наурыз сағат 19.00-де «Вечер классической музыки» атты Р.Омаров атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің концерті 3 сәуір сағат 19.00-де Камералық хордың концерті 29 наурыз сағат 18.00-де С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы 2 сәуір сағат 11.00-де Л.Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» драмасы 1-14 сәуір аралығында Руслан Ибрагимовтың «Көшпенділер көрмесі. Көшпелі өмірдің заманауи бейнелері» және Н.Фаттахтың «Ысқырғыш жебелер» тарихи романына иллюстрациялар. 1-14 сәуір аралығында Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі мен Ақсу қаласының балалар өнер мектебі оқушыларының Наурыз мерекесіне арналған жұмыстардың көрмесі. 29 наурыз сағат 19.00-де «Метод Гронхольма» драмасы 30 наурыз сағат 18.00-де «Мамуля» комедиясы 31 наурыз сағат 12.00-де «Теремок» ертегісі 31 наурыз сағат 18.00-де «До третьих петухов» қойылымы И.Байзақов атындағы облыстық филармония Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейі А.Чехов атындағы облыстық драма театры Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары және қонақтары! 2024 жылдың 28 наурыз - 3 сәуір күндері аралығында өтетін мәдени іс-шаралар кестесі 2 сәуір сағат 09.00-18.00 аралығында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – сарқылмас қазына» атты көрме Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі 2 сәуір сағат 11.00-де «Павлодар облысының орнитофаунасы» атты өлкетану сабағы Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі SARYARQA SAMALY МӘДЕНИЕТ 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 23 Бұрынғы заманнан бері қазақ халқы үшін зергерлік бұйымдар ерекше өнер болып бағаланды. Ұлттық зергерлік бұйымдар өзге ұлттардың әшекейлерінен дәстүрлі ою-өрнектерімен, талғампаздықпен және байлықпен ерекшеленді. Сондай-ақ, олар әрқашан жаман көзден қорғайтын бойтұмар болып есептелді. Ұлттық әшекейлер - әсемдіктің белгісі ӨНЕР Бүгінде қазақ ұлттық бұйымдарын күнделікті бейнелермен ұштастыру үрдіске айналды. Кеше ғана ұлттық үлгідегі зергерлік бұйымдарды кию ескірген деп есептелсе де, оларды негізінен әжелер немесе қыздар белгілі бір іс-шараларында: той, ұзату, беташар және т.б. ұлттық киіммен ұштастыра киген. Қазіргі уақытта ежелгі зергерлік шеберлердің дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа буын өз жұмысын заманауи стильде жасай отырып, жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Міне, осындай әшекей-бұйымдарды өз қолымен әзірлейтін қолөнер шеберлерінің бірі - Гүлнұр Кәрімова. 2015 жылы ұлттық әшекейлерді өзіне және жақын туысқандарына жасап бастаған екібастұздық шебер қазір одан өзге тақияларды этностильде өз қолымен тігуде. Он саусағынан өнер тамған кейіпкеріміз бастапқы да әшекей жасауға жай ғана қызығушылық ретінде қарап, өзіне шашбау, алқа жасаған. Кейін көздің жауын аларлық бұйымдар өзгелердің де назарын аудартып, оған туыстары, достары мен таныстары тапсырыс бере бастайды. Сөйтіп, Гүлнұр бұл іске 2015 жылдан бастап кіріскенін айтады. - Қолөнерге, оның ішінде қазақы үлгідегі әшекейлерге қызығатынмын. Бірақ ол кезде дүкендерде мұндай бұйымдар сирек кездесетін. Сөйтіп, өзім әзірлеуді жөн санадым. 2015 жылы ұлттық әшекейлерді түрлі түсті моншақтардан жасап жүрдім. Алайда бала күтіміне байланысты ісім тоқтап қалды. Дегенмен, 2022 жылдың басында этнотақияларға сұраныс арта бастады. Бірақ здің облыста ол әлі сәнге енбеген кез еді. Сол уақытта «Бұл дүниені біздің өңірге енгізсем қалай болады?» деген ой келді. Сол ойдың жетегімен тақияларды жасауға қажетті заттарды іздей бастадым. Көбінесе тақияларды әрлеуге мельхиор бөлшектер мен шынжырларды (цепьті) қолдандым. Бүгінде ісім дамып келеді, - дейді қолөнерші. Кәсібін тақиядан бастаған шебер ұлттық әшекейлердің түр-түрін жасайды. Мәселен, олардың қатарында шашбау, сырға, білезік, алқа, шашқыстырғыш та бар. - Мельхиор темірлермен жұмыс істеудің қыр-сырын толық меңгерген соң шашбау жасауға кірістім. Репс ленталардан кішкентай бантиктер дайындап, оның астына алынып-салынатындай етіп шашбау дайындадым. Яғни, менің шашбауларым карабинмен жалғанады. Кейін қалаған түсті резеңкеге жалғадым. Осылайша, аймағымызда шашбауды да сәнге айналдырдым. Кейін шекелікті де қолға алдым, - деді Г.Кәрімова. Шығармашылыққа бейім ол дайын әшекей бөлшектерінен композиция жасайды. Яғни бөлшектерді арнайы құралдармен біріктіріп, сәндік бұйымдарды әзірлеп шығарады. Бұл іс бір қарағанда оңай көрінгенімен, өте ұсақ бөлшектерден тұратын әшекейді талғамы жоғары, төзімді әрі икемді адам ғана жасай алады. Гүлнұрдың айтуынша, бір бұйымды әзірлеуге бірнеше күн қажет. Алдымен шебер қажетті бөлшектерді таңдап алған соң дизайнды ойластырып, бөлшектерді біріктіруге кіріседі. - Бөлшектерді ұзақ таңдаймын. Өйткені, сәнді әрі әдемі әшекейді дайындау үшін олар бір-бірімен үйлесім табуы қажет. Сондай-ақ, әр темір бөлшек бір ұзындықта жалғануы тиіс. Сондықтан бұл жұмыс қажырлы еңбек пен көп уақытты талап етеді, - деп атап өтті ол. Мұндай әсем дүниелердің бағасы да заттың сапасына сай. Бас киімдердің орташа бағасы 1500 теңге болса, шашбаудың (жұбымен) орташа бағасы 2 мың теңгені құрайды. - Әшекейлердің бағасы халыққа қолайлы болғанын қалаймын. Сол себепті барынша сапалы әрі қолжетімді бағада сатылымға қоюға тырысамын. Бүгінде этно үлгідегі төбетайлар 3500 теңге, сырғалар 1500 теңге, алқа-өңіржиектер 2500- 3000 теңге аралығында болса, шекеліктер 3000-4000 аралығында тұрады, - деді шебер. Осылайша, ұлттық қолөнер дәстүрін заман сұранысымен үйлестіре білген Гүлнұр Кәрімованың қолға алған ісі өркен жайып, тапсырыстары көбейе түсті. - Менің басты мақсатым - қазағымыздың ұлттық нақыштарын, заманауи үлгіде күнделікті өмірде қолданысқа енгізу. Ол мейлі тақия ұлттық әшекейлер болсын ұлттық нақышпен ерекшеленіп тұрса екен деймін. Сонымен қатар, халықтың сұранысына орай, күнделікті тақия тігу секілді толассыз жұмыстарды да кідіртпей уақытымен иесіне тапсыру. Білгенімді үйретіп, ары қарай осы саланы дамытып әкететін ұрпақ тәрбиелеу, - дейді Гүлнұр. Түйін: Бүгінде қазақ қыздары арасында шетелдердегі брендтік киімдер емес, өзіміздің ұлттық киімдер мен көздің жауын алатын бұйымдар трендке айналуда. Әсіресе, ою-өрнекпен әрленген әшекейлерге, этностильдегі шапандарға, желеткелер мен корсеттерге сұраныс артқан. Қазіргі уақытта ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті өмірде де жиі киіп, халық арасында көзге үйреншікті дүние ретінде қалыптасып келеді. Бұдан ұлттық құндылықтарымыз ұмытылмай, керісінше дәріптеліп келе жатқан байқауға болады. Айдана БОРАНБАЕВА.
24 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл SARYARQA SAMALY Соңғы бір апта қазақстандық футболсүйер қауым үшін жанын шүберекке түйіп, тақымын қысқан кезең болды. Олай дейтініміз, Ұлттық құрама ойыншылары еуропа чемпионатына апаратын соңғы мүмкіндік – байрақты бәсеке жолдамасын сарапқа салды. Өкінішке қарай, Грекиядан ойсырай ұтылып, бұл мүмкіндікті қолдан жіберіп алды. Люксембургпен өткен жолдастық кездесу барысында да команда ойыны оңала қойған жоқ. ФУТБОЛ. ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ Еуроға «жорық» аяқталды Бетті әзірлеген - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА. Грекия – Қазақстан – 5:0 Жалпы, соңғы екі жыл ішінде қазақстандық футболдың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтпеске болмас. Осыдан бір жыл бұрын Данияны тізе бүктіріп, Финляндиядан айламызды асырып, Ұлттар лигасының топтық кезеңінде топ жарған уақытымызда бөркімізді аспанға атқанымыз рас. Тіпті, Германияның төрінде, Еуропа чемпионатында ала доп аламанында жүргенін елестетті талай жанкүйер. Бірақ былтыр Словенияға есе жіберіп, тікелей жолдамадан айырылып қалдық. Оған да жанкүйерлердің үміт оты өше қойған жоқ. Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде соңғы мүмкіндікті пайдалануға болады, десті жұрт. Сөйтіп, Ұлыстың ұлы күнін асыға күтті. Дәл осы күн мен түн теңелген шақта Грекия мен Қазақстан Афина қаласындағы жасыл алаңда кездесті. Алайда ойын көпшілік күткендей өріле қойған жоқ... Әу баста команданың бас бапкері Магомед Әдиев бастапқы құрам ойыншыларын жариялаған тұста кей жанкүйерлердің секем алып қалғаны рас. Ұлттық команда тізгінін ұстаған жаттықтырушының тактиканы өзгертуі ойынға қалай әсер ететінін күтті жұрт. Бірақ олардың да, бас бапкердің де ойлағаны сәтті іске аспай қалды. Алаң иелері «ә» дегеннен-ақ басымдықты қолдарына алып, ойынды ширақ бастады. 9-минутта нидерланд төрешісі Бағдат Қайыровтың ереже бұзғанын нұсқап, пенальти белгіледі. Қарсылас команда капитаны Анастасиос Бакасетас 11 метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ. Араға 6 минут сала Димитриос Пелкас есепті 2:0-ге жеткізді.Мұндай жылдам голдар біздің жігіттерді біраз есеңгіретіп тастағаны рас. Грекиялық Фотис Иоаннидис (37-ші) және Димитриос Курбелис (40-шы) есепті еселей түсті. Сөйтіп, бірінші таймда қазақстандық ойыншылар қарсыласқа мүлде тойтарыс бере алмай, тараптар үзіліске 4:0 есебімен тарқасты. Екінші таймда біздің құрама ойыншылары бірнеше рет алаң иелері қақпасынан саңылау табуға тырысқанымен, одан нәтиже шықпады. Керісінше, гректер басымдығын үдете түсті. Айып алаңына дейін тықсырғаны соншалық, қорғаушылар білгенінен жаңылысты. Ақыры 87-минутта Еркін Тапалов өз қақпамызға гол салып, қарсыластарға сый жасады. Қорытынды есеп – 5:0. Мұндай нәтиже жергілікті жанкүйерлердің көңілінен шықпағаны анық. Бас бапкерден бастап тұтас команда сынның астында қалды. Ойыннан кейін Магомед Әдиев кездесуді қорытындылады. - Сынды қалай қабылдаймын? Бізге ұзақ уақыт бойы мақтау айтып, қолдау көрсетті. Сол үшін үлкен алғысымды білдіремін. Қазақстан мен үшін көп нәрсе жасады. Мен бүгін-ақ отставкаға кетер едім. Мені тежейтін жалғыз нәрсе – федерацияға деген көзқарасым. Мен жай ғана шешім қабылдай алмаймын. Карт-бланш сыншылардың қолында. Ойынның басында қиын жағдайға тап болдық. Алғашқы минуттардан қысым болатынын көп айттық. Өкінішке қарай, төтеп бере алмадық. Қарсылас есеп айырмасын ұлғайта түсіп, біздің ойынға қайта оралуымызға мүмкіндік бермеді. Біз көп қателік жібердік. Жігіттерге дұрыс жеткізе алмадым деп санаймын. Жауапкершіліктің барлығын өзіме аламын, – деді Магомед Адиев. Сөйтіп не керек, төрт жылдықтың басты бәсекесі – Еуропа чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары жасыл алаңда доп тебеді деген арман бұлбұлдай ұшты. Әттең... Люксембург – Қазақстан – 2:1 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні жартылай финалда Грекия мен Грузиядан жеңіліс тапқан қос команда Қазақстан мен Люксембург «Стад-де-Люксембург» стадионында жолдастық кездесу өткізді. Жолдаманы жоғалтып алғанымызбен, бұл ойыннан да жанкүйерлердің күткені көп еді. Ұлттық құрама бұрынғы ойын өрнегіне оралып, тамаша әсер сыйлай алады-ау деген үміт те болды. Алайда ол да ақталмады. Ойын басталмас бұрын бас бапкер де, ойыншылар да бұл жолдастық матчта оңалып, қолдаушылардың сенімін қайтару керек деген мәлімдеме жасады. Соған сай тактика да құрылды. Алғашқы минуттарда ол жемісін берді де. Ойынның екінші минутында-ақ Ұлттық құрама сапында үшінші рет алаңға шыққан жас футболшы Әділет Садыбеков команда капитаны Асхат Тағыберген көтерген айып добын қарсылас қақпасына дөп кіргізді. Сөйтіп, құрама жейдесіндегі алғашқы голын соқты. Жылдам соғылған гол отандық жанкүйерлердің мерейін асырғаны рас. Алайда Люксембург ойыншылары да қарап қалған жоқ. Олар бірден тізгінді өз қолына алып, біздің ойыншыларды тықсыра бастады. Үдете жасалған шабуылдар өз нәтижесін берді. Жедсон Родригеш ойынның 24-минутында есепті теңестірсе, Данел Синаны бірінші таймның соңғы минутында есепті еселей түсті. Екінші таймда қазақстандық футболшылар жағдайды түзетуге тырысқанымен, одан түк шықпады. Сөйтіп, сырт алаңда тағы жеңілдік. - Алда қиын жол күтіп тұрғанын білемін. Біздің активтеріміз төмендеп жатыр. Десек те, біз қайта іске келуіміз керек немесе бізге белгілі бір кезеңге құраманы бір сілкіндіретін жаңа жаттықтырушы керек. Бірақ жаңа бапкер келешекте жағдайды бастан аяқ дұрыстайды деп ойламаймын, бұл жерде біз бірнеше жылға ұлттық құраманы түбегейлі қайта дайындап, оны әлем чемпионатына іріктеуге дайындауымыз керек. Федерацияға жаңа тұлғалар мен жаңа идеялар қажет. Мен батып бара жатқан кемеден ешқашан қашып көрген емеспін, бірақ екінші жағынан, мен ешқашан өз орнымды ұстаған емеспін. Қандай жағдай болса да абыроймен қабылдаймын. Егер олар маған есіктің тұсын көрсетсе, мен кетемін, - деді ойын соңында бас бапкер. Осылайша, Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуропа чемпионаты алдындағы ойындарды аяқтады. Қалай болғанда да өткен маусым отандық футбол үшін толығымен төмен деңгейде өтті деуге келмес. Қуанып, шаттанған, кеудені мақтаныш кернеген кездер болды. Жеңілістің ащы дәмін татқан сәттер туды. Бастысы, футболға шынымен жанкүйер адам жеңісте де, жеңілісте де бірге болғаны абзал. ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫ – 2024 31 лицензия! Франция астанасы Париж қаласында төртжылдықтың басты сайысы – Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы айлар қалды. Байрақты бәсеке 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция жеріндегі додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспар-ланған. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Қазақстан делегациясының қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар. Оның ішінде ерлер боксынан 6, нысанда көздеу бойынша – 5, садақ ату – 4, семсерлесу – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, қазіргі бессайыс – 2, таэквондо – 2, бокс (әйелдер) – 1, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1, батуттағы гимнастика – 1 бар. Лицензия санын өңірлер үлесіне бөлер болсақ, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысы үздік нәтижемен көш бастап тұр. Үшеуінің де еншісінде бес жолдамадан бар. Кейінгі орындарға Шығыс Қазақстан облысы (4), Астана қаласы (3), Жамбыл облысы (2), Солтүстік Қазақстан облысы (2), Ақмола облысы (1), Қызылорда (1), Абай облысы (1), Қарағанды (1) және Түркістан облыстары (1) жайғасқан. Өкінішке қарай, біздің өңір спортшыларының қоржынында әзірше бірде-бір лицензия жоқ. Айта кетейік, Олимпиада ойындарына дейін әлі 50-ден аса лицензиялық жарыс бар. Оның ішінде спортшыларымыз әлем чемпионаттары, Азия чемпионаттары және рейтингтік турнирлерге қатысады.
SARYARQA SAMALY ИМАНДЫЛЫҚ 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 25 Рамазан – Құранмен толысқан ай Жамағаттың алдына шығып, көпшілік үшін намаз жүргізу – зор жауапкершілік әрі сауапты іс. Осы ретте Рамазан айында әр күн сайын 20 рәкағат тарауық намазын жүргізетін имамдарға артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Шариғат үкімі бойынша Рамазан айындағы тарауық намазында Құранды хатым қылу, яғни, басынан соңына дейін оқу - сүннет. Биыл Павлодар облысының сегіз мешітінде Құран жаттаған қарилар намаз жүргізіп, хатым жасауда. Солардың бірі – Түркия елінен келген Орхан Доған есімді қари Павлодар қаласындағы Омар Фарух мешітінің жамағаты үшін имамдық қызметін атқарып жатыр. Күні Апта атауы Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан 28 Бейсенбі 03:59 05:31 12:02 16:22 18:25 19:57 29 Жұма 03:56 05:28 12:02 16:24 18:26 19:59 30 Сенбі 03:53 05:26 12:02 16:25 18:28 20:01 31 Жексенбі 03:51 05:24 12:01 16:26 18:30 20:03 1 Дүйсенбі 03:48 05:21 12:01 16:27 18:32 20:05 2 Сейсенбі 03:45 05:19 12:01 16:29 18:33 20:07 3 Сәрсенбі 03:43 05:17 12:00 16:30 18:35 20:10 Ислам дінінің бес парызының бірі - намаз оқу. Енді әр бейсенбіде «Имандылық» беті жарық көретіндіктен, мұсылман қауымға облыс бойынша бір аптаға арналған намаз уақытын беруді жөн санадық. СҰХБАТ ПАРЫЗ Назарларыңызға Павлодар облысындағы 2024 жылдың 28 наурыз - 3 сәуір аралығындағы намаз кестесін ұсынамыз Намаз уақыты - Орхан мырза, бұл сіздің Қазақстанға нешінші рет келуіңіз? Рамазан оразасын біздің елде, соның ішінде Павло- дарда өткізудің сыры неде? - Бұл - менің Қазақстанға екінші рет келуім. Алғаш 2018 жылы келіп, қасиетті Рамазан айын Шымкент қаласында өткізген едім. Биыл павлодарлық жамағатпен бірге өткізу нәсіп болыпты. Мақсатым – жергілікті жамағат үшін тарауық намазын жүргізу және сол арқылы мұсылмандардың құранға деген сүйіспеншілігін арттыру. Біз Қазақстанға келгенде қалаларды таңдамаймыз. Қазақстанның Дін істері басқармасы тарауық намазында хатым құран түсіруге деңгейі жететін адамдарды шақырып, өздері қалаған өңірге жібереді. - Тарауық намазында құранды басынан соңына дейін оқудың маңыздылығы қандай? - Тарауық намазында Құранды хатым ету Ханафи және Ханбали мәзһабында сүннет болып табылады. Ал басқа мәзһабтарда мұстахаб, яғни ең таңдаулы әрі көркем амал. Мұның тарихы өте терең. Ең алдымен, хазірет Омар (р.а.), одан кейін тарихта көптеген имамдар тарауық намазында құран хатым жасағандығы жайлы риуаяттар келген. Қазір тарауық намазы Қағба мен Мәдинадағы Пайғамбар мешітінде де оқылады. Бұл - Рамазан айындағы ең маңызды түнгі намаздардың бірі. Бұл намазда Құранды басынан соңына дейін оқып шығу өте маңызды әрі сауабы зор. - Тарауық намазына үзбей қатысқан адамдарға қандай сауап жазылады? - Құранды оқу – сүннет, ал оны тыңдау – уәжіп. Тарауық намазына қатысқан жамағат Құран тыңдау арқылы міндетін өтейді. Алланың елшісі Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) Құранның әр әрпіне он сауап жазылатынын айтқан. Аятта Алла Тағала: «Құран оқылғанда құлақ салып тыңдаңдар, Алланың мейіріміне бөленесіңдер» деген. Тарауық намазына қатысқан жамағат оқылған құранның әрбір әрпі үшін сауап алып, Алланың мейіріміне бөленеді. - Рамазан айының өзге айлардан артықшылығы мен ерекшелігі туралы не айтасыз? - Рамазанның басқа айлардан артықшылығы – Құранның осы айда түскендігі. Рамазан – Құранмен толысқан ай. Құранды көп оқып, мағынасын түсіну Рамазанның берекесін арттыра түседі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде Жәбірейіл (ғ.с.) Рамазанда Құран Кәрімді бірге оқығаны және ол дүниеден өткенге дейін Рамазан айында екі рет оқығаны айтылады. Рамазан – Құран айы, яғни қасиетті кітабымыз осы айда түсе бастады. Сондықтан Рамазан - бізге рухани және имани тұрғыда өте көп пайда әкелетін ай. Құран тек өткен аруақ үшін оқылмайды. Құран адамды бұл дүниеде де, ақыретте де абройлы етеді. Бұл – жанға дауа, сырқаттың ауруына ем, дертіне шипа болатын кітап. - Жас ұрпақты дін жолына бағыттап, Құран үйренуге, оқуға баулудың жолы қандай? - Құранды жасөспірімдерге таныстырудың жолы – Құранның басқа кітаптардан артықшылығын, Құранды бізге барлық нәрсенің иесі Алла Тағала жібергенін, Құран оқыған адамның дүниеде де, ақыретте де бақытқа кенелетінін түсіндіру керек. Сол секілді Құран бізді шатастыратын және бізге қиындық тудыратын мәселелерге жеңіл әрі қарапайым түрде жауап беретін бір асыл кітап екенін үйретуіміз қажет. Құранды жаттау үшін адам алдымен өзін тәртіпке салуы керек. Содан кейін күнделікті жаттауды жүйелі түрде қайталап отыру керек. Қолға күнделікті ұстап, оны оқуды дағдыға айналдырар болсаңыз, Алланың кітабын жаттау өте оңай болады, себебі Алла бізге Құранды жеңіл еткен. - Тарауық намазын жүргізу үшін күніне қанша рет дайындаласыз? Жалпы, намаз барысында құранды басынан соңына дейін оқу қаншалықты күрделі? - Тарауық намазына күніне орта есеппен төрт-бес сағат дайындаламын. Мысалы, күнделікті бес уақыт намазда жаттаған құранды оқып тұру құранды естен шығармауға әкеледі. Оны әдетке айналдырып, намазында үнемі жатқа оқитын ұстаздарымыз бар. Әдетке айналдырып, күнделікті оқып жүрген адамға қиындық тудырмайды. - Әңгімеңізге рақмет! ЖАРЫС Білімін сарапқа салды Әрбір мұсылман үшін Құранды танып, оқи білуі маңызды. Сондықтан облыстағы әр мешіттің жанында Құран үйрету курстары жұмыс істейді. Олардың ұйымдастыруымен түрлі сайыс та тұрақты түрде өтеді. Алла Тағала: «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер» десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз. Осы орайда Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі мешітте Рамазан айының құрметіне балалар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Қатысушылар билет бойынша берілген сүрелерді жатқа айтты. Келесі кезекте Құранды бетінен оқып, Алланың асыл кітабын дұрыс және көркем оқу шеберлігін көрсетті. Одан соң, оқыған беттерін тәжуид ережелері бойынша талдау жасады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған шәкірттерге ақшалай сыйлықтар берілді. Ал барлық қатысушылар 5 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Осы іспетті сайыс екібастұздық жамағат арасында да өтті. Рамазан айының құрметіне Екібастұз қалалық мешітінде ұйымдастырылған жарысқа қатысушылар көп болды. Нәтижесінде Арман Хамит есімді азамат жеңімпаз атанды. Екінші орын Әлібек Тілеубердиновке бұйырса, 3 орынды Ахмет Юнус еншіледі. Барлық жеңімпаз бен жүлдегерге қаржылай сыйлық үлестірілді. Сонымен қатар, Екібастұз қалалық мешітінде «Рамазан қоржыны» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға 50 пакет азық-түлік таратылды. Бетті әзірлеген - Тілеуберді САХАБА.
ҚОБЫЗ САРЫНЫ 26 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл ТАҒЗЫМ SARYARQA SAMALY Ағамыздың ғұмырнамасы өзгелерге үлгі боларлықтай өнегелі де ізгілікті, тағылымы мол ғибратты істерге толы. Қандай жауапты, лауазымды қызмет атқарса да, асқақтамады, азаматтық қалпын сақтады, елім деп еңбектеніп, туған халқына, туған жеріне тек жақсылық тіледі. Аймағымыздың мерей-мәртебесін, абырой–беделін асыруға, аймақ экономикасының барлық саласының өсіп-өркендеуіне ерекше еңбек сіңірді. Ол қызмет істеген Ақтоғай, Май өңірі азаматтығын, кісілігін жоғары бағалады. Жақсы адамның соңынан жақсы сөз ереді. Сол біртіндеп қоғамдық пікірге айналады. Соңынан ел ардақтысы дәрежесіне көтеріледі. Менің ұғымымдағы Идият Бекболатұлы осындай адам еді. Оның қарапайымдылығы, кішіпейілдігі, бауырмалдығы ешкімге ұқсамады. Оның өзіндік мінезі мен адамды құрметтеуі, үлкенкішіге бірдей қарап, сыйлай білуі - оның «солай етейінші» деп ойлап істеген қылығы емес, табиғи мінезқұлқының көрінісі. Аймағымыздың арыс-абызының өмірі халық шаруашылығымен тығыз байланысты. Барлық кезеңде жоғары адамгершілік қасиеттерімен, еңбекқорлығымен мақсаттарына жетудегі табандылығымен ерекше көрінген. Бұл туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Павлодар облысының Құрметті азаматы Рымтай Шөкеев аға да айтады: «Идекеңмен қатарлас қызмет атқардық. Сол жылдары ол Май өңірін, мен Баянауыл ауданын басқардық. Даналарымыздың: «Ел қамына бола тусаң, арқаң қара нардай жауыр болсын, мінезің қара жердей ауыр болсын, өкпең жоқ, бәрі бауыр болсын» деген қағидалы сөздерін Идият әр уақыт жадында сақтады. Аймағымыздың тарихында өз таңбасын қалдырды». Идият ағаның мәдениеттілігімен, шежірешілігімен ерекшелетінін «жарты құртты жарып жеген, бүтін нанды бөліп жеген» досы, аймағымыздың абыз ақсақалы, көрнекті қоғам қайраткері. Павлодар облысының Құрметті азаматы Әбілхақ Балғабайұлы да толғанып еске алады. «Мінезі мейілінше биязы, әсте дауысын көтеріп сөйлеуді білмейтін, кішіпейіл қалпынан еш таймайтын, қашан көрсең де кісіге жылыұшырай қарап, қамқоршы болып тұратын Идият онымен қызметтес болған адамдар үшін бейне бір үлгі-өнеге мектебі сияқты еді», - дейді. Шынында, Идият ағамның жүріс-тұрысы, өзін ұстауы, сөйлеу мәнері - бәрі жарасымын тауып, айналасындағыларды сүйсіндіріп, үлгі алуға үндеп тұратын. Дөрекілікті, озбырлықты жаны сүймейтін. Қашан да үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген зиялы қалпынан жаңылмайтын. Игілік атаулыны қолдап, жақсылық атаулыға қуанып жүру ағамның өмір салты еді. Идият Бекболатұлының жан–жүрегі жібектей жұмсақ, күн көзіндей шуақты, салиқалы парасат иесі еді. Оның аға-ініге деген құрметі, дос-құрдасқа деген қалтқысыз көңілі еске түссе жүректі елжіретеді. Мен ет жүректі пенде ретінде ағасы бардың қандай болатынын Идият ағам арқылы сезінгендей болушы едім. Ағамыз тек ірі қоғам қайраткері, ел таныған тұлға емес, отбасының ұйтқысы, мейірімді әке, дархан жүректі ата, іні-қарындастарына жанашыр қамқоршы да бола білді. Анадан адам болып туып, ел таныған азаматқа айналып, қоғамы мен заманына лайықты қызметті мансап емес, аманат деп қарайтын тұлға дәрежесіне көтерілді. Ғұмырнамасына сүйенсек, әкесі Бекболат пен анасы Мәкіш тіккен шаңырақта шыр етіп дүниеге келген мекені, кіндігі көмілген жер, балалық балдәурен шағының ең бір елеулі кезеңдері өткен жері - «Пламя» колхозы мен «Харьков» МТС-і негізінде құрылған Ақтоғай ауданының Харьков совхозы. Әбдіхалықовтар әулетінің айбары болған әкесі Бекболатты пір тұтып, өсті. Ол кісінің аузынан шыққан сөз балалар үшін бұлжымас заң болатын. Талқыға түспейтін, тек орындалатын. Әулетіне ұлағатты ұстаз болған, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекболат Әбдіхалықов 1955-1962 жылдары Калинин кеңшары партия комитетінің хатшысы, Куйбышев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Май елінің ауыл шаруашылығында басшылық қызметтерін атқарған. Адамгершілігі мол, жұмысына адал болған әкесі 1987 жылы 63 жасында өмірден өтті. Асыл әке кірпік қаққандай келте ғұмырында ұрпағына өмірлік өнеге, өшпес тәлім беріп кетті. Өз қабілетімен әулетінің алдында, аталы сөздің, терең ақыл парасаттың иесі, өмірдің талай бұрылыстарынан сыр бермей өткен, көргені көп, көңілге тоқығаны жетерлік, саналы ғұмырын немерелерінің игілігіне арнаған, санасы сара, ақылы дана, айтса аузынан ақылды сөз төгілетін, батагөй әділеттің ақ жолынан таймаған Идият ағаны кішкентайынан бауырына басып, тәлім-тәрбиесін берген әжесі - Сәруәр Сәлімбайқызы. Бұхарада оқыған, Саллахиден хазрет Рысқұлұлының шәкірті, діни оқуды терең оқыған, мол білімді Ғабдышүкір (Шүкір) молла Ахметұлы Сәруәр әжемізге үлкен құрмет көрсетіп, шынайы сыйластықта болған. Сәруәр әжеміз ұлтымыздың барлық асыл қасиеттерін бір бойына сіңірген, пейілі кең, мейірімді де дархан мінезді жан болған. Бекболат Әбдіхалықұлының ұрпағы, Сәруәр әжелерінің айтқан ақыл-кеңесін оң ұғып, өмірден алғандары мен білгені, түйгендері мен сіңіргендері көп тұлғалар болып қалыптасты. Жалпы, осы әулет еңбекпен көз ашып, еңбекпен жетіліп, ел қатарына қосылды деуге болады. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген Хакім Абайдың сөзі әулеттің бойтұмарына ұқсайды. Сол кездегі Чкалов атындағы совхозының орта мектебінде оқып, оны өте жақсы бітіріп шықты. Идият Бекболатұлы өз қатарынан қалмай, туған жеріне адал қызымет ету үшін толыққанды жоғары білім алмай, қол жеткізбейтінін түсінді. Осы ойдың жетегімен 1968 жылы Семейдің зоотехникалық-мал дәрігерлік институтына түсіп, 1973 жылы оқу орнын бітіріп шықты. Идият Бекболатұлының жоғарғы оқу орнынан алған білімі ғана емес, жас та болса өмірден алған тәжірибесі де, көңілге тоқығаны да көп еді. Алғашқы еңбек жолын Краснокутск (қазіргі Ақтоғай аданы) ауданының Спартак (қазіргі Қараоба ауылдық округі) совхозының бөлімше зоотехнигі болып бастады. Өрімдей жас жігіт шаруашылыққа қызметке келгенде сол шаруашылықтағы қоғамдық өмірден тыс қалмады. Өлшеусіз еңбекқорлығы, сарқылмас күш-қуаты әділ бағаланып, жастығына қарамай қысқа мерзім ішінде Павлодар облыстық комсомол комитетінің жауапты қызметкері, көрікті ойын көркем тілмен жеткізе білетін қасиеті, болашағына даңғыл жол ашып, Май ауданының комсомол комитетінің бірінші хатшылығына сайланды. Жастардың мүддесін қорғау, олардың еңбегі мен тұрмысына жағдай жасау, әлеуметтік мәселерін шешу, еңбектегі құқығын сақтау сияқты мәселелерді өткірлігімен, белсенділігімен, білімділігімен көтеріп, олардың оң шешілуіне бастамашыл бола білді. 30-ға жетержетпес жасында партия қызметіне жоғарлатылып, партия, совет басқарушы қызметтерін атқарды. Алла тағала сыйлаған өлшеулі ғұмырын адал еңбекпен, жасампаздықпен өткізген тұлға, бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін аймағымыздың Май елінің экономикасы мен мәдениетін өркендетуге жұмсаған Уақап Бекұлы абыздың еліне сіңірген еңбегін жұртшылық әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Ел ағасы еңбек демалысына шығарда Май аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына алға қойған мақсатын орындауда табан тіреп жұмыс істейтін Идият Бекболатұлын ұсыну тілегін облыс басшылығына жеткізеді. 1985 жылы Май аудандық партия комитетіне бірінші хатшылыққа бекіту үшін Алматыға – Орталық партия комитетіне шақырады. Идият ағаның өз аузынан шыққан бір әңгімесінде «Ол кезде аспандағы жұлдыздай, жарқырап тұрған күндей, елу жыл ел басқарған ел ағасы, аса ірі мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлының қабылдауында болғаным, үлкен адамның батасын алу мен үшін үлкен бақыт еді. Аз сөйле, көп тыңда, уәдеге сақ бол, уәде берген болсаң орында, аз айтып, семіз шық, бүгінгі таңда сіз Республикадағы ең жас басшылардың бірісіз» деген ақылы, әңгіме кезінде Май елі жөніндегі әр түрлі сұрақтарының ішінде егін алқаптарындағы топырақтың сапасы мен құнарлылығы жөніндегі сұрағына өзінің жауап бергені, осы күнге дейін есімде», - деп толғанып еске алатын марқұм. Алматыдан бірінші хатшылыққа сайланып, үйге келген бетте Сәруәр әжем «Айналайын, бақыттысың сен! Қамқор елің, тілеулес халқың, Нұржияндай жарың бар. Ұл-қызың маңдайыңа біткен үш жұлдызың. Тек сол бақытыңды бағалай біл. Маңдай терің мерейіңнің беделі болсын», - деп батасын берген еді. «Әжемнің осы бір ғибратты сөзі қашан да көкейімнен кетпейді. Қуанышты сәттерде, қиналған кездерімде де есіме аламын» - деп тебіренетін қайран жан ағам. Май елінде бірінші басшы болып тұрғанда еңбек пен дамуды мақсат еткен ол талапшыл басшы болды. Жұмысты мүмкіндікті жүзеге асырушы күш қана емес, өзіңнің кім екендігіңді дәлелдейтін фактор деп білетін Идият Бекболатұлының іскерлігі ел азаматтарына үлгі болды. Май елінің еңбеккерлері 1985-1990 жылдары ерен еңбектің үлгісін көрсете білді. Ауданда 220 мың қойдың 90 мың аналықтың әр 100-нен 102 бас қозыдан алынып тұрды. 1987 жылдың қортындысы бойынша Май ауданында жылқының басы 17 мыңға дейін жетті, яғни республикада жылқы санынан есептегенде ең үлкен аудан болды. Бұл жетістіктерде Идият Бекболатұлының адам жанын түсіне білетін, шаруа жағдайын жетік меңгерген айрықша қабілеті мен аудан халқына сіңірген зор еңбегіне тікелей байланысты, - деп жазды 2011 жылғы 10 қыркүйек күнгі «Шамшырақ» газетінде «Біз бірге өстік» атты кең көлемді мақаласында Май ауданының Құрметті азаматы Ермат Байғұрманов. Ауыл шаруашылығы саласында көптеген ізбасарлар тәрбиелеп шығарған Берковский Владимир Александрович те Идият Әбдіхалықовтың болмысы туралы әңгімесінде адал әрі барлық мәселеде шынайы адам болғанын атап өтті. Оның бар мүддесі елге халыққа қызмет ету еді. Идият Әбдіхалықов туралы үзеңгілес досы, институтта бірге оқыған еңбек ардагері Қанат Балтабеков: «Идият Май ауданында қызмет істеген кезде абыройлы, беделді, білікті басшы, елдің ұйтқысы бола білген азамат еді. Оның табиғат берген қаблеттілігі, іскерлігі байсалды мінезімен үйлесіп тұратын. Ол жұмысқа деген аса ұқыптылығымен, зор адамгершілігімен, кісінің жан дүниесін байқағыштығымен жұртқа ұнайтын» деп жылы лебізін білдірді. Идият ағаның досы, еңбек ардагері Қайыртас ағамыз: «Ол көпшілікті тез баурап алатын саяси сауатты, ұстамды болды. Біз оның біліктілігіне қатты қызығатынбыз және қай уақытта оқып, қай уақытта біліп алатындығына қайран қалатынбыз. Қолынан іс келетін адамдарды қолдап, қорғай білетін», деп еске алады. Облыстық көші-қон және демография басқармасы басшысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Павлодартелерадио» редакторлар кеңесінің төрағасы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы қызметтерінде жүргенде де егеменді еліміздің дұрыс бағыт, сара жол көрсететін компасын әрқашан да биік ұстап, қатал сындарға шыдап, кедергілерді жеңе білді. Маңдайына табиғаттың бұйрығымен жазылып, алғашқы қолы жеткен байлығы аяулы жары Нұржиян Бәшірқызы жеңгем болды. Баймын деп тасымайтын, кедеймін деп жасымайтын, келбетінен де, істеген ісінен де даналық пен көрегенділіктің лебі есіп тұрады. - Құдай қосқан қосағым Идият басты мақсатына қалтқысыз берілген, үлкен еңбекқор еді. Оның еңбекқорлығы мансаптан айырылмаудың қамы емес, қанында бар қасиет болатын. Бастаған ісін міндетті түрде жеріне жеткізетін. Уәде берсе орындайтын. Бір сөзбен айтқанда, өмірінің мәні жұмыс болды. Отбасын киелі ұясы екенін ешқашан естен шығармай, біздің бәрімізді қамқорлық аясында ұстауды басты борышы санады. Идекеңнің бойындағы асыл қасиеті адамгершілік еді. Ізеттілік, әдептілік пен сыйластық кімнің болса да қадірін, адами қасиетін асырады», деп егіліп еске алады. Иә, менің де өмір жолымда кездескен, адамға қиянаты жоқ, көңілі кіршіксіз Идият аға туғанымнан артық ағам десем, артық айтқаным емес. Ағамен әр кездескен кезім өмірімнің сәулелі сәттері болып, көңілімнің төрінде жарқырайды да тұрады. Дана бабаларымыз адалдығы мен асылдығы, қажыр-қайраты мен қайырымдылығы бір бойынан табылатын адамды азамат деп ардақтаған. Ағам осындай азамат еді. Өмірін жалғаған ұрпақтары асыл ағамның арманына сай болып өссін деп тілеймін. Байкен ИЛЬЯШЕВ. Биікке кісіліктің туын тіккен ,, ...Анадан адам болып туып, ел таныған азаматқа айналып, қоғамы мен заманына лайықты қызметті мансап емес, аманат деп қарайтын тұлға дәрежесіне көтерілді... Қоғамдағы тарихи құбылыстар мен қоғам дамуының беткеұстары болып жүрген ірі тұлғалар жайлы өз сөзімізді айтуымыз тиіс. Ол - адамгершілік парызымыз. Осы ретте аймағымыздың қоғам қайраткері, есімі де, ісі де қалың жұртшылықтың назарында жүрген санаулы азаматтардың бірі Идият Бекболатұлы Әбдіхалықов еді.
РУХАНИЯТ «Дала әуені» Қазақ КСР Халық әртісі, композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Затаевичтың туғанына биыл - 155 жыл. Қазақтың музыкалық фольклорын жинау, зерттеу мәселелеріне өз өмірінің көп кезеңдерін арнаған фольклоршы «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 ән-күйі» атты халық музыка мәдениетінің құнды мұрасын қалдырып кетті. Екібастұз қалалық балалар көркемсурет мектебінің «ШикART» сән театры шығыс мотивтерін біріктірген түркі әлемінің мәдениеті мен стилистикасын көрсететін «Шығыс керуені» костюмдер шоуын ұсынды. Көрмеде түйе, арқар, қобыз, домбыра, кесе, шәйнек, торсық, шаңырақ, тұмар үлгісіндегі бас киімдері көрсетілді. Кеншілер шаһарын ерекшелігімен тәнті еткен шарадағы 10 авторлық топтаманың басты құндылығы «мүйіз», «қошқар мүйіз» тәрізді қазақтың ою-өрнегімен көмкерілгендігінде болды. - Этникалық өрнектермен және жылтыр сәндік бұйымдармен безендірілген бас киімдер әмбебап. Оларды қазақ ұлттық қолданбалы өнерінің үлгілері ретінде бөлек көрсетуге болады. Сондай-ақ, көрмеде авторлық киімдер мен ұлттық әшекейлерді ұсындық. Бұл костюмдер Қазақстан тарихының Ұлы Жібек жолы сияқты ерекше кезеңін еске салады, - деді коллекция авторы, «Шик-АRT» сән театрының жетекшісі Азамат Рахметов. Көрсетілім басында түйе бейнесіндегі бас киім таныстырылды. Өркешті жануардың көлемді фигурасы қазақтың ою-өрнектерімен әрленген және жүнмен безендірілген. Одан кейін ұлттық музыкалық аспаптар, ою-өрнектермен сәнделген, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің бірегей заттары ұсынылды. - Қажетті материалдарды орта ғасырлардағы қолданбалы өнер үлгісінде пайдаландық. Мысалы, сақиналар мен алқа қолдан жасалып боялған. Шашбауды да біздің педагогтар дайындады және әрқайсысы өзінше ерекшелікке ие, - дейді автор. Айта кетейік, «Шик-ART» сән театры ерекше жобаларымен танымал. Ол 2019 жылы Алматыда өткен байқауда «Ата салтым - асыл қазынам» атты тарихи мотивтермен шабыттанған алғашқы коллекциясын ұсынды. Жинақ қолдан жасалған костюмдер мен этникалық зергерлік бұйымдар арқылы ұлттық талғамды көрсетсе, екінші топтама «Табиғат күші» деп аталады. Ол ХХ ғасырдың негізгі мәселелерінің бірі - Қазақстанның флорасы мен фаунасының жойылып бара жатқан өкілдерін сақтауды көтерді. Сондай-ақ, қолдан жасалған және боялған киімдер сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың түрлерін, мысалы, ілбіс, арқар, қоқиқазды бейнелейді. 2022 жылы сән театры Ұлы Дала көшпенділерінің ежелгі нанымдарын, ұмытылған дәстүрлерді еске түсіретін «Ұлтымның ұлылығы ұрпаққа жалғасады» атты боялған плащтар топтамасымен көрермендерді қуантқан болатын. Қазір балалар көркемсурет мектебінің педагогтары мен тәрбиеленушілерінің ұжымы жаңа топтамамен жұмыс істеуде. Өз тілшіміз. Әкеміз Сембай Жұмабеков 1910 жылдың наурыз айында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келді. Кейін Ұлы Отан соғысы басталған уақытта 1942 жылдың желтоқсан айында майданға аттанды. Ол 1-Украин майданының 103-атқыштар дивизиясының 72-автоматшылар батальонында болды. Қан майданда жүріп Нарва бекінісін, Чехославакияның астанасы Праганы, Венгрияның астанасы Будапештті, Ленинград бекінісін жау қолынан азат етуге қатысты. Ұлы Жеңісті Австрияның астанасы Венада қарсы алды. Соғыста 4 жылдан аса уақыт жүріп, 1946 жылдың жазында аман есен елге оралды. Қан майдандағы ерліктері үшін 3 дәрежелі «Даңқ» орденімен, одан бөлек бірнеше наградамен, медальдармен марапатталды. Бұл құжаттар бүгінде Май ауданының Малайсары атындағы орта мектептің мұражайында сақтаулы. Асқар таудай әкеміз бейбіт өмірде де шаруашылықтың әр саласында талмай еңбек етті. Кейін еңбегінің зейнетін көріп, құрметті демалысына шықты. 1983 жылы 74 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қоштаса барды. Кейінгі буынға үлгі болар ғұмыр кешкен ардақты әкеміз Сембай Жұмабеков ел тарихының бір парағындай болып ұрпақ жадында сақталатынына сеніміміз мол. Ертісбай ЖҰМАБЕКОВ, Павлодар қаласы. ӨНЕГЕ үлгілер этногрофтың «500 ән-күйінен» орын алады. 1927 жылы Мәскеу қаласында өткен этнографиялық концертте Кереку жерінен келген Жаяу Мұса, Қали Байжанов, Иса Байзақов, Балабек Ержанов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ел мақтаныштарынан Затаевич көптеген әндерді нотаға түсіреді. Ұлттық музыка мәдениетін дамытуда үлкен рөл атқарған еңбегі, ән мен күйлерді түрлі музыкалық аспаптарға, ансамбльдерге, фортепиано мен әншілер үшін оркестрлік өңдегені елеусіз қалған жоқ. Қазақ халқының екі мыңға жуық ән-күйін жинап, нотаға түсірген, қазақ музыкасын Еуропа елдеріне де танытқан Александр Затаевич 1923 жылы Каз КСР халық әртісі атағын алды. Ерлігі мен еңбегі ел есінде Біздің өмір жолымызда әкеміздің салып кеткен сара соқпағы басты ұстаным болды. Өмірде қарапайым болса да, өзіндік ой-өрісі қалыптасқан әкеміздің ақылкеңесін бойымызға сіңіріп, адам болып жетілдік. Біз сол үшін оның алдында мәңгілікке қарыздармыз! ӨНЕР Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек... Қазақтың ұлттық бас киімдері түрлерінің сан алуандығымен ерекшеленіп келді. Бүгінде де олардың түрлері азая қойған жоқ. Жуырда Екібастұз қаласында ерекше үлгідегі бас киімдер көрермендер назарына ұсынылды. SARYARQA SAMALY ҚҰНДЫЛЫҚ 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 27 Александр Викторович 1869 жылы Ресейдің Орел облысы Болхов қаласында дүниеге келген. Ол қазақтың әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіріп, олардың бүгінгі күнге жетуіне зор еңбек сіңірген этнограф ретінде белгілі. Қазақтың рухани мұрасының сақталуына дәл осы адамдай жанашырлық танытқаны тұлға сирек. Сол себепті оның еңбегі туралы ХХ ғасыр басында қазақтың маңдайалды қайраткерлері оң бағасын беріп кетті. А.Затаевич 1920 жылы Қазақстанның орталығы болып тұрған Орынборға келіп, қазақтың музыкалық мұрасын жинауға жедел кіріседі. Фольклоршы қазақ халқының әні мен күйлерін мектеп оқушыларынан бастап, жоғары оқу орындары студенттерінен, сондай-ақ қызмет бабымен аудандық жерлерден келген партия-совет қызметкерлерінен жазып алады. Сөйтіп, Затаевичтің «1000 әніндегі» материалдар 1925 жылы Орынбор қаласындағы қажырлы еңбектің нәтижесінде жарық көреді. 1926 жылы ол Қарқаралы, Семей, Павлодар аймағынан атақты әншілер Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Майра Шамсутдинова, Мұсылманқұл Абсалықовтардың орындауынан көптеген ән үлгілерін хатқа түсіреді. Белгілі әнші, композитор Майра Шамсутдинованың орындауындағы жеке және 13 халық әндерін жазып алады. «Майра», «Қызыл гүл», «Өкшесі етігімнің айнала жез», «Ақ дариға» т.б. әндері бізге Затаевич арқылы жеткен. Келесі жылы Орал губерниясына барып, шебер домбырашы-күйшілер Науша және Махамбет Бөкейхановтардың, Ғұбайдолла Мұхитовтан біраз күйлер жазады. Оның күйлерді алғашқы болып нотаға түсіруінің өзі сол кездегі музыка әлеміне жаhандық өзгерістер әкеледі. Зерттеушінің күйлерді тұңғыш фортепианоға өңдеп жазуы басқа да аспаптарға лайықталуына бастама болады. Осы жиналған фольклорлық Сәуле АРЫНҒАЗИНА, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі өнер бөлімінің меңгерушісі.
28 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл АҚ ҚАУЫРСЫН SARYARQA SAMALY ПОЭЗИЯ «Поэзия - жанымның Дауылмын мен! Жат сезім (шат сезім) Тұншығып ой, тұнжырайды түнгі аспан Түнгі аспанмен тұла бойым ымдасқан. Тостағандай көздерімді төңкеріп, Тәңіріммен өзің жайлы сырласқам. Сендік мінез, бәлкім болмыс өрті ме? Түкіре сап дауа қонбас дертіме, Мен қиянат жасап қойдым аңдамай, Ақыл дейтін арғымақтың сертіне. Білем, менен бөтен қылық күтпедің, Жазығым сол-көңілімнен күпті едім. Сыналам деп, сыр алам деп тұрдың ба, Жанарыңды жанарыма тіктедің. Тосын көрдім тым бейкүнә күлкіңді, Сол күлкіден жанарыма нұр тұнды. Ойламасам, ойға алмасам керек-ті, Дәл өзіңе ашамын деп құлпымды. Жат сезіммен пайда болып жат иін, Жұтқандай-ақ құдды улы апиын. Есім кетіп қалса, мейлі, өкінбен, Жан жүрегім жаңылмай-ақ тапты үйін. Еңселі Екібастұз шаһарында өңірдегі жас ақындардың басын қосқан «Поэзия - жанымның шуақ нұры» атты әдеби-сазды кеш өтті. Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы мен Екібастұз қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен айтулы шараға облыстың алдыңғы толқын ақын-жазушылары мен жас қаламгерлер қатысты. Кеш барысында ақындар тағдыры жайлы толқын да толқын толғаулар айтылып, нәзік сезім мен өршіл рухқа толы өлеңдер оқылды. Ендеше кеншілер шаһарындағы қара өлеңге сусаған қалың елді бірден жалынды жырларымен баурап алған бір топ жас ақынның жауһар жырларын назарларыңызға ұсынамыз. Мархабат, мәртебелі оқырман... Әйгерім МҮЛІКҚЫЗЫ *** Бал балалық кетіп алыс кескіннен, Қиын екен есейгенің, ес кірген. Бесігіме қайтаршы деп жалынсам, О, Тәңірім, мына мені естір ме ең? Бағып жүріп талай-талай қабақты, Көкіректен күліп тұрып қан ақты. Нұрлы жанар қалмаса екен мұң тұнып, Алмаса екен үзіп қылды жан атты. Көтере алмай бір Құдайдың сынағын, Көп екен-ау шалынуым, құлауым. Жөн бе сонда, үлкендерше сөз қылып, Сүрінген мен бүлінгенді сынауым? Жоғалтсам да өкінбеймін ірілік, Ана сүтін жатсам екен сіміріп. Ес кіргізіп не табамын өмірден, Ескіргеннің арасына кірігіп? Бала күнім қалды алыс арманым, «Залымдардың» арасында қалғамын. Жалған күліп үлкендерше жүргенім, Сапырғаным армандарын жалғанның… Жығыспай-ақ, күреспей-ақ ешкіммен, Өскен жаман, одан жаман-ес білген. Ойын жықсын-бала бақыт кешегі, Ой жыққаны қиын екен кешкірген. Ғашықпын... Ақ матадай ақ қарға мен, Ақ қардың астарында жатталған ең. Ақ көрпеге оранған қар секілді, Ақ жүректің ішінде сақталған ең. Атыңды қарға жазып кетуші едім, Сол қыста есіміңмен өзің бірге Ақ қардың астарында тапталған ең. Есімің қар астында өшсе-дағы, Жүректе жырым болып жатталған ең. Ғашықпын... Қысты күні қырауға да, Қыраумен өрнектелген мынау дала. Сол қыста шарасыздық қысты мені, Қолымнан келгені тек жылау ғана. Сол қыста сен кімді қалап едің, Батылым бармапты ғой сұрауға да. Қырау қатқан жанардың тамшылары Мынау жатқан мені, әйту, сынау ғана. Буланған терезеге есіміңді, Жазғанда, өшіретін қырау ғана. Ғашықпын... Қысқа ғашық жетім жүрек. Аяз келіп қарыса да бетімді кеп. Ғашықпын сықырлаған суығыңа, Бораның қайырса да кекілді кеп. Ойлама, сенің бұлдыр сезіміңнің Алдамшы болғанына өкінді деп. Себебі, бұрындары айтушы едің, «Менің жаным аппақ қар секілді» деп. Ғашықпын... Мұзға да жалтыраған. Қыс мезгілі қатты ұнайды, жалпы маған. Қыста ғана жүрегім мұзға айналып, Өзіңді ұмытуға талпына алам. Қыста ғана жүрегімді толық емес Тек жартысын өзіңе қалтыра алам. Себебі, мен тәңірден сені емес, Мәңгілік мендік болар жан сұрағам... Мәңгілік мендік болар жар сұрағам... Жанболат АБАЙХАН Қар баласы Дауыл деген дəл менің жүрегімдей, Тек қана буырқанар түк езілмей. Сол дауылдай бұрқырап ашулансам, Жынды адам таппаймын бір өзімдей. Мұңдарым көрінеді бағым сынды, Айтпасам да дегенді «жаным тынды» Бірақ, төзім таусылса...айналамнан Бар ақымды аламын дауыл сынды. Кеудемде жұмбақ дауыс қыңсылайды, Бұны күнде естуге кім шыдайды? Бұл кезде жаңбыр жасым сан төгіліп, Жан- дүнием дауылдай таншымайды. Көзім бар күлсе шамдай жанатұғын, Жабықсам ыстық жасы ағатұғын. Əнім бар көкірегім шерге толса, Дауылдай уілдетіп салатұғын. Құшағы кең далама бауырмын мен, Бір соқпасам, жабықтым сағындым мен... Мені бəрі көреді қатал жандай, Себебі, дауылмын мен! Дауылмын мен...
SARYARQA SAMALY АҚ ҚАУЫРСЫН 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 29 Абзал РЫМБЕК Бақыттымын... Бақыттың ордасында шалқып күнім. Отанның құшағында құлагердей, Шабатын кең тыныстап уақыт бүгін. Көз тастап қиыры жоқ атырапқа, Ел кезіп, жер аралап отыр атқа. Әлемнің ешбір жері жетпес анық. Бабамның ізі қалған топыраққа. Отанның тау мен тасын сүйесің әр, Кең жерінің киіктей киесі бар. Бір Аллаға қол жайған бұл даланың, Қазақ - деген бір ғана иесі бар. Өзгертпен Отан жайлы танымымды, Балаңмын балталатпас тамырыңды. Сенде туған әр ақын, әр жазушы, Билер мен әрбір батыр, ханың үлгі. Отан ана, Киелім, қасиеттім, Кеше гөр, кештеу білсем қадіріңді! Арайлап күншығыстан атып күнім, Манаурап күнбатыстан батыпты мың. Отаным - шын бақыттың ордасысың, Сенде тудым, Сенде өлсем - бақыттымын! Кеш Кеш бойлап, ойға баттым алаңдадым, Алдағы болашақты амалдадым. Көз тастап, өткенге де бойлап, жайлап, Ағаттық кеткен жерден сабақ алдым. Ой - әлек армандайды, қиялдайды, Қиялың шектен асса жиі алдайды. Ғашықтар бірін-бірі сүйсе-дағы Қиялдап, қоштасқанда қия алмайды. Өзегі өлеңімнің махаббат па? Өрнегі махаббаттың маған жат па?! Өлердей сүйген жарға ғашық болу Сүймеген жандар үшін ғаламат па?! Өлеңге сыр маржанын тізе берем, Үмітті махаббаттан үзе берем. Әзірше ғашық болу қиын екен Махаббат толқынында жүзе берем! Сездіңіз бе сіз салған әннің әуені, Менің сағынышым. Та р м а қ т а р ы ң ы з жырдағы әдемі, Сияқты дәруішім. Сіз салған суреттердің алуан бояуы да, Тағдыр түсімдей. Мені бояған баяғыда, Көркем мүсіндей… Сіздегі асқақ рухтың әдемі өрнегі, Санамды сәндеген. Қуат та, күш те махаббат та мендегі, Өмірімді әрлеген. Күй болып төгілген асыл домбыраңыздай, Кербез сұлумын. Оң бұрау, сол бұрауыңыздай, Өмір сазымды ұғындым. Бірлік... Есіңді алар, ессіз мына қоғамда, Арсыздыққа, өтінемін тоналма. Адам болып келсең егер өмірге, Адам болып ғұмырыңды тәмамда. Жүрек дейтін жұдырықтай көк етің, Мейірімнің нұрын болсын төгетін. Сақта Құдай тексіздерден тебінген, Дүниеге құл болумен өлетін. Тұтастығым - берекем мен бірлігім, Сонда менің тақуалы тірлігім. Елдескеннің күндестері имансыз, Жүрегіме жара салып жүр бүгін. Бірің Қазақ, бауыр болмай біріңе, Жеңілдік жоқ арқалаған жүгіңе. Алауыздық, білімсіздік, мәңгүрттік, Досың емес, жетеді ғой түбіңе. шуақ нұры» Отаным - бақыт ордасы... Сездіңіз бе, сіз салған әннің әуені! Перизат ҚҰРМАНӘЛІ Әзірлеген – А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ. АҢЫЗ ӘҢГІМЕ Адам ата мен Хауа ана тау етегіне отау тігіп, тіршілігін бастап жатыр еді. Ақбөкеннің тұяғы тасқа қажалып, шаршап-шалдығып ақ отауға жеткенде, сүрініп құлады. Адам оны көтеріп, үйіне әкелді. Аузына інжір жапырағын берді. Мейірленіп, тұмсығынан сипайды. Пайғамбардың аяулы алақаны тиген соң, киіктің тұмсығына сымбат бітті. Екі танауы желбіреп, көзі мөлдіреп шыға келді. Жауырынын саусағымен тарағанда, денесінен жұпар аңқыды. Тұяғына мүбәрәк қолы тигенде, қасиет дарыды. Желден желгір болды. Мүйізіне мың бір дертке ем болатын қасиет қонды. Пайғамбардың алақаны беліне тиіп еді, ол да құдіретке толды. Буаз кезінде елігінің жынысын қалауына сай өзгерте алатын жануарға айналды. Киіктің арнайы келісіне риза болған Адам ата: - Жануарым, бұйымтайың болса айт! Тәңірден дұға тілеп, мұқтажыңды өтейін, - деді. Сонда ақбөкен: - Төлдегенде құралайым шыбын-шіркейге жем болады. Одан қалса, қасқыр шабады. Даланың шөлі төліме ауырлық етіп, қоң жинай алмай қиналады. Осыған бір шара болса, - деді көзі мөлдіреп. Адам ата Жаппар Хаққа киіктің арызын жеткізді, тілегі заматта қабыл болды. Содан бастап Алланың құдіретімен киік төлдер кезде бетпақ далада шыбын-шіркейді шығартпас суық тұрады екен. Бұл «Құралайдың салқыны» деп аталды. Сол мезгілде қасқырдың да киікке деген тәбеті тыйылады. Құралайлар көшке ілескенше оған жақындай алмайды екен. Жас киікке арнап даладан түйетабан деген шөп шықты. Ол тек ақбөкен төлдер кезде ғана көгеріп, көктеп, кішкене лақтарға азық болады деседі. Ақбөкен Адам атаны көріп, қолынан жем жеп, мұраты орындалған соң Сарыарқаға қайтпақшы болды. Сол кезде Адам ата оған: Сахараға сән болып, Құт пен кие мән қонып. Өсіп-өнсін нәсілің - Бір Құдайым жар болып. Аллам өзі қолдасын! Бар бәледен қорғасын! Саған залал келтірген Арамзалар оңбасын! Сайын түзден тап мекен, Басқа орнасын бақ бекем. Қу медиен түздерге Ырыс дарыт, Ақбөкен! - деп батасын береді. Осыдан соң, киікке кие бітіп, қасиетті түз тағысы саналыпты. Оны нақақ өлтірген қаскөй Адам атаның қарғысына ұшырайды деген түсінік бар. «Киіктің де киесі бар, Пайғамбардай иесі бар» деген сөз осыдан қалыпты. «Отбасы хрестоматиясы». Ақбөкен неге киелі? Адам ата жерге түскенде оның жүзін бір көруге күллі жануар ынтық болыпты. Солардың арасынан алғаш көрген ақбөкен екен. Адамды көру үшін Торғай даласынан Жида тауына тоқтамай шауып, 7 күнде жетіпті.
Отан және дін Отан деген не? Мен осы сұрақты көптеген жандарға қойдым. «Отан – менің ата-анам» немесе «Отан – менің бауырларым», «Отан – біздің туған жеріміз», «Отан – ол мемлекетіміз» деген жауаптарды алдым. Алайда, бәрібір көңіліме қонбады, неге? Өйткені, Отанның негізін құраушы адам өзін айтпай тұр. Егер де осы сұрақты маған қояр болса, «Отан деген – мен және менің отбасым!» дер едім. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» демей ме? Сол сияқты, Отан адамның өзінен басталады, яғни жоғарыда айтқанымдай, әкенің қаққан қазығына айналған адамның өзі Отан, оның әкесі мен анасы, бауырларын, жары мен балашағасын қосқанда үлкен Отанның кішкене бір бөлшегін құрайды. Сондықтан, Отан өзімізден, өз отбасымыздан, өз үйімізден, өз ауылымыздан, өз қаламыздан, өз өңірімізден, өз аймағымыздан басталады. Отансыз адам бола ма? Немесе дінсіз адам бола ма? Дінсіз адам болады дейміз-ау, бірақ Отансыз адам болмайды дейміз. Өкінішке орай, фактінің аты - факті, өзімізден дәлелдер келтірер болсам, мысалы, өзін, өзінің өмірін, Құдай қосқан жарын, туған бала-шағасын құмар ойынға тігіп жіберген, әке-шешесін қарттар үйіне сүйреп апарып тастаған, Отанына опасыздық жасаған, елін тонап қашқан, өзге елде отырып, өз еліне сайраған, дінді жамылған экстремист пен террористі, тіпті «Елімізде әділдік жоқ, жұмыс жоқ, коррупциядан шаршадым» деген сылтаумен өзге елді пана тұтатын адамдарды Отанын немесе дінін сүйеді деп айту қиындау. Себебі, «Отан сүю – иманнан» деген асыл сөз бар. Мен неге Отан мен дінді қатар айтып отырмын. Өйткені, Отансыз дінді, дінсіз Отанды көру түгілі, елестету мүмкін емес. Күні бүгінге дейін «Адамды сүй, Алланың хикметін сез» деген Абай атамыздан асып түскен адам жоқ. Отанды сүю – адамның иманында. Мынаны жақсылап ұғынып алайық. Егер адамда иман болмаса, Отанда дін болмайды. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» сияқты болса, «Дінсіз ел – діңгегі бос ағаш» болмақ. Қатты бір жел тұрса, орнынан ұшып кете беретін болады. Сондықтан Отан адамға қаншалықты қажет, дін де соншалықты қажет. Себебі, адамды жаратқан Алла, ал оның діні – махаббат. Яғни өзіңді сүю – Отанды сүю. Ал, ол қасиетті тек дін ғана береді. Тағы да қайталап айтамын, қандай аламан апаттардан өтіп жатса да, бірде-бір кемістігіне қарамастан, өз Отанын шексіз сүю – мұсылманның шынайы иманынан. Мысалы, бұған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі дәлелді факт. Бірде Меккеден Асыл әл-Ғұзали деген кісі (с.ғ.с.) пайғамбарға келеді. Сонда одан туған жері ИМАНДЫЛЫҚ Мекке жайлы сұрай бастайды. Асыл жайлап айта бастаған кезде, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Асыл, тоқтай тұршы! Жүрегім біраз тынышталсын» - дейді. Яғни туған жеріне деген сағынышы кеудесіне толғанынан жүрегі қатты-қатты соғып кеткен екен. Пайғамбардың (с.ғ.с.) Мекке жайлы: «Сен қандай әдемісің! Мен сені бәрінен де ерекше жақсы көремін. Егер халқым мені елімнен қумағанда, туған жерімнен ешқашан кетпес едім», – деп айтқаны бар. Дәл осы жерде назар аударатынымыз, Пайғамбар (с.ғ.с.) туған жері Меккеден қуылса да, туған жерімен қоса, қуған елін де ешқашан жек көрмеді. Бізге жеткен тағы бір хадисте: «Өмірдің өткен кезеңіне өкіну, Отанға деген сүйіспеншілікпен байлану және ескі достарға қамқорлықпен қарым-қатынас жасау – тектіліктің көрінісі» делінген. Ал, кешегі еліміз бен жерімізді қорғаған бабаларымыз бен қазақ зиялылары ше, өмірлерін босқа құрбан етті ме? Бір Міржақыптың өзін алсақ, «Оян, қазағымен» өз дәуірінде барша халықтың махаббатын елге, жерге, дінге, білімге, ғылымға оятқан. Ал, қазақтың лирик мұзбалақ ақыны Мұқағали ағамыз былай дейді: Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден өксуменен кетер ем. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға – сол қайғы! Күн көреді, Әкесіз де, анасыз, Өмір сүрер. Әйелсіз де, баласыз, Ал Отансыз Нағыз сорлы панасыз. Білесің бе, Отанның сен не екенін? Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім, Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан – мекенің! – деп ақиқық ақыннан артық түсіндірер кім бар?! Сондықтан Отансыз жетім, дінсіз бақытсыз боламыз. Алла жалғыз болса, адам да, Отан да, ислам да жалғыз. Отанның қадірін шетте жүргендер ғана біледі. Өмірін шет елдерде өткізіп жатқан кез келген адамнан Отаны жайлы сұраңыздар, жүрегінің түбі сыздап қоя береді, бірден көздеріне жас алады. Қалай десек те, Отан - жүректегі иманмен қатар жанып тұратын от. Сондықтан Отанымызды қалай қадірлесек, дініміздіде солай құрметтей білейік, ағайын. Отан мен дінді не үшін жақсы көруіміз керек? Біріншіден, Алла Тағала дәл осы ұлан-асыр жерді біздің, ата-анамыздың, бабаларымыздың туған жері етіп тағдырымызда белгілегені үшін. Біз тумай тұрып, бұлардың бірін де таңдамадық. Құдай тағдырға жазды, өмірге келдік, көзді аштық, көргеніміз осы жер, осы ел, осы ата-ана. Ал, мұны қабылдамаймын десек те, барар жері мен сүйген жарын, бала-шаға тапқанымен, бауырына басып, қазағым дейтін басқа бір Қазақстан табылмайды, іздесе де таппайды. Сондықтан бұл - Раббымыздың қалауы. Екіншіден, осы Отанымызды қорғауда Алла деп жауға шапқан небір батырларымыз, бөлшектенген елімізді бір жерге жиған небір хандарымыз, әрқайсымыздың ата-бабаларымыз, әже-аналарымыз, бауырларымыз, бір сөзбен айтқанда, тарихымыз осы жерге жерленгендіктен. Тіпті, Алаш зиялыларынан бергі жерімізді жаудан қорғаған, кейінгі Ұлы Отан соғысында елді сақтау үшін жанын қиған аталарымыз жерленген жер. Солардың арқасында сіз бен біз бүгінде шырт түкіріп, шалқып өмір сүріп жатырмыз. Біліңіздер, Отан қорғауды, жердің мызғымастығын сақтауды дініміз жоғары бағалайтыны сонша, туған жерді қорғау міндетіне немқұрайлы қараған адамға Алланың өшпенділігі туралы үзілді-кесілді ескерту жасалады. Сондықтан Отанымызда Құдайдың рақымы бар, дініміздің мейірімі бар. Біз осыны жоғалтып алмайық, ең болмағанда ұрпағымыз біліп жүруі үшін, құлаққағыс қылайық, ағайын! Үшіншіден, елімізде бір бақытсыздық немесе әйтеуір бір жамандық болған жағдайда, халқымыздың пейілі сол, қолындағысын ала жүгіреді, яғни қиындықта біргеміз. Аллаға шүкір, көк байрағымыз көгімізде, діліміз бен тіліміз өркендеуде, дініміз бен дәстүріміз жаңғыруда. Өзімізді көршілес немесе озық елдермен салыстырмайық. Себебі, біздің ешқандай жеріміз олардан кем емес. Кем тұстар бізде ғана ма, барлық жерлерде, тіпті дамыған супер елдерде де бар. Одан да өз елімізді сүюді үйренейік. Өзге елдің қаңсығынан, өз елімізге таңсық болайық. Жаратушы бізді, біздің жерімізді жақсы көреді. Ендеше, Оны және Оның дінін біз де жақсы көрейік, ағайын! Төртіншіден, Қазақстан - жапырақ жайған жеріміз, осы елде туылып, осы жұртта өсіп, осы жерде өніп жатырмыз. Яғни, біздің балашағамыз, отбасымыз, бауырларымыз, жақындарымыз, туғандарымыз, құдажекжаттарымыз, дос-жарандарымыз, Алла разылығы үшін жақсы көретін туыстарымыз осы жерде өскені үшін. Ұлы Жаратушының жазуымен біз осында болуымыз керек, біз Отанға керекпіз, Отан бізге керек. Сол сияқты, дін де Отандай қажет. Отанды Отан қылатын, діні мен дәстүрін жалғайтын, тілі мен ділін дамытатын, мәдениеті мен тарихын қалыптастыратын - біз. Мынаны түсінейік, Отан дегенде жүрегіміздің оттай жануы да өзімізде. Отанға махаббат, дінге құрмет те өзімізде. Сондықтан Отан мен дін жайлы тарихи оқиғалар мен ұлы өсиеттер ұрпағымызға әр кештерде айтылатын әңгіме болсын. Отаным маған не берді дегенше, Отан мен дінге не бердім дегенді ойлайық. Отанымыздың бар болғаны үшін, оны жақсы көру, дініміздің бар болғаны үшін, Алланы сүю адамгершілігімізден табылмаса, бұл ата-баба жолынан жырақтағанымыз болады. Сонымен, Отан мен дін үшін не істей аламыз, қандай қызметтерді атқара аламыз? Біріншіден, Отан үшін әрдайым дұғада болу. Біліңіздер, бұл – сүннет амал. Отанымыз болса, біз бармыз, дініміз бар, Отанымыз болмаса, біз де болмаймыз, дініміз де болмайды. Сондықтан «Маған ғана бола берсін, маған ғана бере бер» дей бермей, басымызға бақ болған Отанымыз бен дініміздің бүтіндігіне дұға аямаңыздар, аянбаңыздар. «Көп түкірсе - көл» демекші, бұл дұғалар - Алламен тілдесу, исламның есігін ашу. Екіншіден, Отан мен дін үшін бірге қадам басу яғни Алла Тағала бізді бірлікке шақырса, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Отанымыз үшін әрдайым бірге болу, бір істе болу. Қоғамға іріткі салмай, арандатуға ермей, ақылды шешім, саналы қамқорлық, сапалы істе болуымыз керек. «Бүлік шығару адам өлтіруден де бетер» деген Құран Кәрімнің аятына тоқтауымыз қажет. Үшіншіден, Отанға опасыздық, дінге қиянат, елге обалдық жасамау. Тіпті қандай да бір қауіп төнсе де, Отанды тастап қашпау, қандай да бір шикілік туындаса, діннен безбеу. Әйтпесе, адамзат бәрінен ажырайды. Төртіншіден, еліміздегі ұятсыздықтар мен арсыздықтарға жол бермеу. Түсіндіріп тоқтат, қолмен тоқтат, барып тоқтат, ренжіп тоқтат, әйтеуір қандай да бір күнәнің түрін жасаушыға дұрыс жолды көрсетуге атсалысу. Жалпы, әркім күнәдан өзін қорғаса, Отанын қорғағаны, дінін сақтағаны. Ал, егер әркім өзін дамытса, Отанын дамытқаны, дінін шарықтатқаны. Бесіншіден, «Тазалық – иманның жартысы» дегендей, кішкене болса да Отан тазалығына үлес қосу. Бір ұлтжанды ағамыздың «Патриоттық подъезден басталады» немесе «Қасқайып Алматыда тұрсам да, еңкейіп елімде подъезд жудым» деген бір апайымыздың сөзі бар. Бұл дегеніміз, өзімізден бастап, өз үйімізге, өз подъезімізге, өз ауламызға, өз көшемізге бел бүгу, сыпыру, тазалау деген сөз. Тіпті, жолдағы жатқан тасты алып тастаудың өзі – дінімізде сауапты іс, Отанымызға үлес. Сондықтан әрқайсымыз айналамызды таза ұстасақ, жүрегіміз де, Отанымыз да, дініміз де таза болады. Алтыншыдан, өзіміздің мұсылман және қазақ екенімізді ұмытпау, яғни дін мен дәстүрге берік болу. Ата дініміздің шаңырағын тік ұстап құлатпау, әжелеріміздің дәстүрін керегедей керу. Қазақ болып көк байрағымызды желбіретсек, мұсылман болып дінімізді көтере білейік. Өйткені бұл екеуі - бабаларымыздың сүр жолы. Осы күнге дейін еліктегеніміз, желпілдегеніміз, адасқанымыз жететін шығар. Отанның ғана емес, ата дініміздің де патриоты болайық. Біліңіздер, дініне берік адам, Отанына да берік бола алады. Сондықтан дініміз бен дәстүрімізді, тіліміз бен ділімізді, мәдениетіміз бен идеологиямызды дамытайық. Дегенмен, Отанымызға ең бастысы не қажет, дінімізге ең маңыздысы не, осыны білеміз бе? Тәуелсіздік, тыныштық, тұрақтылық, осы үштіктің қайсысы бірінші тұруы керек? Кезінде имам Разидан: - Дүниеде тыныштық қымбат па, тоқшылық қымбат па?» деп сұрайды. - Тыныштық маңызды - деп жауап береді. - Оны қалай дәлелдейсіз? – дегенде, - Ауру қойдың алдына жем қойылса, жемін асықпай жей береді. Ал, енді сау қойдың алдына жем беріп, бірақ қарсысына қасқырды қойсаң, қанша аш болса да, алдындағы жемін жей алмайды. Неге? Өйткені, жүрегінде қорқыныш бар, – деген екен. Сол сияқты, осы үштіктің біреуі, мысалы, тәуелсіз елміз, бірақ тыныш болмаса, елде тұрақтылық орнай ма? Немесе тыныш жатқан елміз, бірақ тәуелсіз болмасақ, жүректе тұрақтылық бола ма? Біліңіздер, тұрақтылық тәуелсіздік пен тыныштықта ғана орнайды. Тәуелсіздік - бағымыз, тыныштығымыз жанымыз, тұрақтылықтығымыз. Ендеше, жанымыз барда, бағымыздан да, тағымыздан да айырылмайық, ағайын! Нұрлан БАЙЖІГІТҰЛЫ, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, дінтанушы. Әрбір адамның жүрегіне ең жақын бір адамы мен ыстық бір дүниесі болады. Бұл – өзін дүниеге әкелген анасы және кіндік қаны тамған туған жері. Байқадық па, осы жерде әке деген сөз жоқ. Ал негізінде мына әлемді анамыз көрсетсе, Отанды әкеміз береді. Яғни асқар таудай әкеміз кішкене қазықты қай жерге қағады, сол жер бізге күш беретін туған жеріміз, тербелген бесігіміз болады. Ертеден келе жатқан нақылдардың ішінде «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Осыны кім қалай түсініп жүр, осыған келейік. 30 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл ПАЙЫМ SARYARQA SAMALY
SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 31 SARYARQA SAMALY «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Saryarqa samaly» облыстық газеті ЖШС директоры Руслан БИЛЯЛОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен, 2022 жылы «URKER» ұлттық журналистика сыйлығымен марапатталды. ЖШС-нің мекенжайы: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Редакцияның мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30 Газеттің электронды поштасы: [email protected]. Бас редактордың орынбасары - 66-15-28. Жауапты хатшы - 65-12-74. Әлеуметтік бөлім - 66-14-64, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат- 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. Жарнама бөлімі: [email protected] 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі - 66-15-41. «Дом печати» ЖШС баспахана- сында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны: 8 (7182) 61-80-26. Баспа индексі 55443. Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. «Saryarqa samaly»-нда жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазба- ша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Газеттің нөмірі «Saryarqa samaly»-ның компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына бір рет шығады, осы нөмірдің таралымы 3254 дана, бүгінгі көлемі 8 б.т. Телефоны: 66-15-30 Газетке Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің мерзімді басылымды, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы 29.12.2023 ж. №KZ17VPY00084792 куәлігі берілген. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 387 МЕНШІК ИЕСІ: Біздің сайт: saryarka-samaly.kz «Алюминий Казахстана» АҚ (Қазақстан Республикасы, 140013, Павлодар облысы, Павлодар қ., Шығыс өнеркәсіптік аймағы, 65-құрылыс) 2023 жылғы қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаны орындау туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы, реттемлелі қызметтердің сапа көрсеткіштері мен сенімділігін сақтау және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын өндіру бойынша реттелмелі қызметтерді ұсыну жөніндегі «Алюминий Казахстана» АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептің алдағы өткізілетіні туралы ақпараттандырады. Өткізу күні: 2024 жылғы 26 сәуір 11 сағат 00 минут. Өткізу орны: Павлодар қ., Шығыс өнеркәсіптік аймағы, 65-құрылыс, «Алюминий Казахстана» АҚ зауыт басқармасының ғимараты, мәжіліс залы. Сондай-ақ, көпшілік тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар мен өзге мүдделі тұлғалар алдында есеп ZOOM қосымшасы арқылы онлайн-трансляцияны ұйымдастырумен өткізіледі: Конференцияның сәйкестендіргіші: 89089647813 Кіру коды: 871048 Қосымша қызықтыратын ақпаратты 8(7182)370223 телефоны бойынша алуға болады. (2059) ҚҰҚЫҚ Егер кәмелетке толмаған бала заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін үйден тыс жерде болса, онда ол полиция бөлімінде болуы мүмкін екенін білу маңызды. Түнде баланың ойынсауық мекемесінде болуы өзіне де, ата-анасына да, ойын-сауық мекемесінің иелеріне де қиындық тудырады. Түнгі серуеннің сергелдеңі Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжиннің мәліметінше, түнгі уақытта баланы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойынсауық мекемелеріне жіберуге тыйым салынады. Оның ішінде балаларға түн ішінде ойын-сауық мекемелеріне, түнгі клубтарға, кафе-барларға, мейрамханаларға, интернет-кафелерге, компьютерлік, бильярд, боулинг-клубтар мен кинотеатрларға баруға болмайды. Құқық қорғау қызметкерлері бұл норманы бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабы бойынша 50 АЕК-ке дейін айыппұл салумен жауапкершілік көзделгенін атап өтті. - Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ, қараусыз және панасыз өмір салтын жүргізетін жасөспірімдерді анықтау мақсатында полицейлер күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізеді. Мысалы, сағат 22.15-те Павлодардағы Торайғыров көшесіндегі клуб әкімшісі кәмелетке толмағанның сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемесінде болуына жол берді. Ойын-сауық мекемесінің иесі жауапкершілікке тартылды, жасөспірімнің ата-анасы да жазаланды, - деді Р.Кенжин. Ағымдағы жылы 285 ата-ана балалардың «түнгі оқиғалары» үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 91 заңды өкіл кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жазаланды. Павлодар облысында есірткіге қарсы интернет контенттің белсенділігін төмендету мақсатында тұрақты негізде есірткі және психотроптық заттарды насихаттайтын, сондай – ақ, жоғары ақы төленетін «курьер» жұмысын ұсынатын есірткі сайттарын анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Полиция осындай тыйым салынған ақпараты бар 47 сайтты бұғаттады. Интернет сайттар бұғатталды Павлодар облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаевтың айтуынша, ағымдағы жылы аймақ аумағында полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымы саласында 50 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 21-і тыйым салынған заттарды өткізумен байланысты. Есірткі жеткізу арналары мен мамандандырылған интернет - дүкендерді жабу жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесінде заңсыз айналымнан 37 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 36 – каннабистен алынған есірткі тәркіленді. - Нәтижелі жұмыстың бір мысалы - заңсыз тауарлар мен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін интернет-платформаның болжамды ұйымдастырушысын ұстау. Интернет желілері арқылы есірткі бизнесіне кәмелетке толмағандарды тартып, үлкен ақшаны тез және оңай табуға уәде беретіндер көп. Мысалы, өткен жылы синтетикалық есірткі сатқаны үшін 16 жастағы павлодарлық ұсталды. Жасөспірім 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды,- деді Т.Қаржаубаев. Аймақ аумағында есірткіні өткізу негізінен интернет-дүкендер арқылы, құпия-қаптама орындарын жабдықтау арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, сатушы мен сатып алушы арасында физикалық байланыс жоқ. Барлық заңсыз әрекеттер үшін азаматтар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Павлодардың 25 жастағы тұрғыны тыйым салынған заттарды заңсыз сатуға қатысы болуы мүмкін екендігі туралы жедел ақпарат алды. Тексеру кезінде мәліметтер расталды. «Синтетика» сатқан... - Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер қаскүнемді қала көшелерінің бірінде ұстады. Тексеру барысында полиция қызметкерлері ер адамнан 31 синтетикалық есірткі конволюциясын, орауыш материалын, таразыны, электрлік таспаны, 1000-ға жуық бос зип-пакеттерді, ұялы телефондар мен банк карталарын тапты. Электрондық ақпараттық ресурстар арқылы есірткі құралдарын өткізгені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов. Өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы өтті. Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде облыста 27 қылмыс ашылды, іздестіруге жарияланған екі қылмыскер ұсталды. Алдын алу – маңызды Рейд барысында 1690 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде спирттік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін 177 азамат, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 295 азамат, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 30 отбасылық жанжалқор және ерекше талаптарды бұзғаны үшін 17 азамат жауапқа тартылды. - Жол қауіпсіздігі желісі бойынша көлік құралдарының жүргізушілерінің белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетуінің 481 фактісі, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін бұзуының 249 фактісі, көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 18 жүргізуші жазаланды. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 387 мас азамат орналастырылды. Барлық құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов. Әзірлеген – А.МҰҚЫШЕВ.
СТАТИСТИКА SARYARQA SAMALY ИНФОГРАФИКА 28 наурыз, бейсенбі, 2024 жыл 32