The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zhansagatbekova, 2023-11-23 14:54:27

Әдіс тәсілдер жинағы

Әдіс тәсілдер жинағы

Алғы сөз Бұл әдіс тәсілдер жинағы кітабы барлық мұғалімдер үшін арналған. Креативті, сабағын қызықты өткізгісі келетін педагогтер үшін өте тиімді кітапша. Бұл кітапшада 50 ден астам әдіс тәсілдеріміз бар. Осы берілген әдіс тәсілдерді сіздер кез келген пәнге қолдана аласыздар. Сабақ барысында, мұғалімдер жиналысында, ата-аналар жиналысындада қолдана аласыздар. Ұстаздардың қолданыс аясын кеңейту үшін олардың пікірлері мен сұраныстары бойынша жасалынып отыр. Flippity (ойындар жасап, белсенді әдіс тәсілдер ретінде қолдануға болады) Learning Apps (тапсырмаларды жылдам құру және өзгертуге тиімді) 35


Мазмұны Сабақтың басында қолданылатын әдіс-тәсілдер……………….…………….……1 Сабақтың ортасында қолданылатын әдіс тәсілдер………11 Сабақтың соңында қолданылатын әдіс-тәсілдер…………………………………22 Сергіту сәтінде қолданылатын әдіс тәсілдер……………………………..…………..28 Онлайн платформалар………………………..……..33 1. 2. 3. 4. 5. Qazmath – оқушыларды кездейсоқ белгіленген мөлшер бойынша топқа бөлуге мүмкіндік береді Classroomscreen – тақтасы оқушыларды ұтымды топқа бөледі Blooket (онлайн дидактикалық ойындар құрастыра аламыз) Сабақтың ортасына қолданатын онлайн платформалар Umaigra (сабақты ойын түрінде өтуге арналға бағдарлама) 34


Қызықты әдіс- тәсілдер жинағы кітапшасы Алматы 2023 Онлайн платформалар Үй тапсырмасын тексеруге арналған онлайн платформасы Wheel of name (сынып тізімін енгізу, “колесо фортуны” арқылы сұраққа жауап беру) Plickers (дай ын тестті балалар А,В,С,Д жауаптарын қағаз бойынша көрсетеді) Word wall (әр түрлі шаблондармен қолдану) Оқушыларды топқа бөлуге арналған онлайн платформалар 33


Бағдаршам Қолданылуы: Әр бала қолына қызыл және жасыл түсті қағаз алады. Мұғалім қойған бірнеше сұраққа байланысты балалар қолындағы қағазын көтереді. Сұраққа жауабы дайын болса, "жасыл" түсті, сұрақ жауабын білмейтін болса "қызыл" түсті қағазды көрсетеді. Жасыл түсті көрсеткен кез келген оқушыдан жауап сұралады. Жасыл түсті қағазды мүлдем көтермеген оқушыларға сұрақты қайталап қоюға болады не жауап берілген соң қызыл түсті қағаз көрсеткен кез келген оқушыдан жауапты қайталап беруін сұрау қажет. Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйрету. Осы тапсырма арқылы балалар өз-өзіне жауап беруді үйренеді. Мысалы: Өткен тақырып "Зат есім". Бүгін сабақты бастамас бұрын өткен сабақты қайталайық. Алдыларында қызыл және жасыл түс жатыр егер сұрақты білсек жасыл білмесек қызыл түсті көтереміз. Сұрақ: "Зат есім дегеніміз не" (жасыл түсті көтерген кез-келген оқушыдан сабақ сұраймыз) Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру. Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады. Біздің топтың жүрегі 1 32


Ыстық орындық Қолданылуы: Бұл сабақта әр балаға кез-келген өзі қалаған орындыққа отыруға мүмкіндік береміз. Өзі таңдаған орындыққа байланысты сұрақ болады. Бала отырған сон, енді орындық астына қарайық кімде сұрақ бар солар жауап береді. Мақсаты: Бұл әдіс-тәсіл арқылы бала басқа балалармен комуникацияға түсіп, өзінің қалауын істеу арқылы өзін-өзі тыныштандырады. Мысалы: математика сабағы балалар үй жұмысын қайталау үшін бәріміз өзіміз қалаған орындыққа отырайық. Енді орындық астына қарайық кімді қағаз жабсарылған? Міне сол балалар сұраққа жауап береді. Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады. Бұл сергіту сәттеріне арналған өлеңдердің келесісі 1. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш, Бойға жинап күш. Жаттығу жасап алайық, Бiр дем алып қалайық. Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады. Жағымды сөздер 2 31


Жазбаша жауап Қолданылуы: Мұғалім тақырыпқа қатысты бірнеше сұрақ дайындап, оқушыларға жұп бойынша бөліп береді. Олар бұл сұрақтарға бірнеше сөйлеммен жауап жазуы тиіс. Мақсаты: Мұндай әдіс ақпаратты есте жақсы сақтауға көмектеседі. Мысалы: әдебиет сабағы үйге "Аққку,шортан, Һәм, шаян" берілді. Парақта түрлі сұрақтар бар 30 бала 15 жұп болса соларға 15 сұрақ беріледі. Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар Сәлемдесу ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. Сәлемдесу 3 30


Жеребе тастау Қолданылуы: Балалардың аты-жөні жазылған парақтарды қорапқа саламыз. Сосын бір сұрақ қоямыз. Кім соған жаап береді сол бала қораптан жеребе шығарады. Кімнін аты түседі келесі сұраққа сол оқушы жауап береді. Мақсаты: бұл әдіс арқылы оқушының келесі сабаққа міндетті түрде дайын келетінін білеміз жәнеде оқушының жеребе тастауға деген қызығушылығын оятамыз. Мысалы: жаратылыстану өткен сабақ бізде топырақ болған енді менің сұрағым топырақтың түрлері? Бір бала жауап береді. Ол тақтаға шығып қорап ішіндегі балалардың аты-жөнін жеребе арқылы таңдайды. Арман шықты! Жақсы Арман енді сен келесі сұраққа жауап бересің де, сенде келіп жеребе тастайсың. Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір - біріне қарап, баланың қасиетін айтады. Психологиялық тренингтер «Есімдер» жаттығуы Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір - бірімен таныстыру, жағымды қарым - қатынастықты туғызу. Кездесу 4 29


Тосын сұрақ Қолданылуы: Мұғалім параграф соңындағы не тақырыпқа қатысты ойдан құраған сұрақтарын қояды. Бастысы, балалардың ойына келмейтіндей тың сұрақ болғаны дұрыс. Мақсаты: Бұл баланың ойлау жылдамдығын арттырады. Мысалы: дүниетану үйге мәтінді оқып түсінігін айту. Сабақты тез сұрауды артыңдағы сұрақтар қою арқылы қорытамыз. «Менің көңіл - күйім» жаттығуы Мақсаты: оқушылардың көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар. Есте қалған қызықты оқиға Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Мен саған сенемін Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың. Психологиялық ойындар 5 28


Тәтті мәмпәсилер Мақсаты: Оқушыларық сабаққа қызығушылығын арттыру, ұтымды топқа бөлу. Қолданылуы: Түрлі-түсті мәмпқәсилер қорапта тұрады (түсі қай топ екенін аңғартпауы қажет). Әр мәмпәсидің артында қай қатар, қай парта екені жазылып тұрады. Белгіленгені бойынша балалар орындарына жайғасады. Мысалы: Оқушылар өздеріне ұнаған мәмпәсиді таңдайды, жазылған бойынша сол орындарға отырып, өз топтарын аңғарады. Мақсаты: Сабақты қортындылауға және де оқушыны бағалауға көмек береді. Қолдануы:Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын- ала тақтаға жазып қойған дұрыс): Мысалы: ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б Бір ауыз сөз 6 27


Көбелек Мақсаты: Оқушыларды өз топтарына бөлу. Қолданылуы: Көбелек екі бөлікке бөлініп оның ортасында топтың нөмірі немесе атауы жазылып тұрады. Ортасындағы қағаз артқа қарай қыстырылып тұруы арқылы, оқушылар қай топ екенін бірден көре алмайды Мысалы: Оқушылар өздеріне ұнаған көбелекті таңдайды. Көбелекте 1 топ деп қыстырылған болса, сол топқа отырады. Мақсаты: Балалардың арасында қарым-қатынас орнату. Сабақты өздері қортындылауға көмек. Сабақтан алған әсерлерін білу. Қолдануы:Бір оқушы шығып, тілші ретінде сұрақтар қояды. Сабақ қалай болды, не түсірдің деген сұрақтар арқылы сабаққа рефлексия жасайды. Ұялы телефонға берген жауаптарын видеоға түсіреді. Мысалы: Оқушы шығып қолына телефон алып өзі қалаған оқушыларға сұрақтар қояды. Бүгінгі сабақта не түсіндің, сабақ ұнадыма деген сияқты сұрақтар қояды. Кезбе тілші 7 26


Қазақилық Мақсаты: Қазақ салт-дәстүрін дәріптеу арқылы топқа бөлу Қолданылуы: 3 топ: әрқайсысы әртүрлі болады. 1ші топ: қазақи әшекейлердің кішкентай суреттері. 2ші топ: қазақи киімдердің суреттері. 3ші топ: ұлттық тағамдардың суреттері. Оқушылар ұқсас суреттерді табу арқылы бір топқа жайғасады. Мысалы: Белгілі бір 2 оқушы бірдей тектес суреттерді таңдап алды. Мысалы: екеуінде де қазақи әшекейлердің суреттері. Өздерінің жұптарын іздеу арқылы бір топқа топтасады. Мақсаты: Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін білу үшін жасалады. Қолдануы:Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет. Мысалы:Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет. Сары түс – барлығы түсінікті емес. Жасыл түс – барлығы жақсы. Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін. Көңіл күй букеті 8 25


Домбыра Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспабын дәріптей отырып, ұтымды топқа бөлу. Қолданылуы: Әр Домбыралардың артында топтың атаулары тұрады, сол топтың атауы бойынша оқушылар өз топтарына жайғасады. Мысалы: Оқушы бір домбыраны таңдап алды, ол домбыраның артында 2 топ деп атауы жазылып тұр. Сол топтың атауы бойынша өз топтарына отырады. Мақсаты:Мұғалімге жеделхат тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: Қолдануы:бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді. - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын. Мысалы: бүгінгі сабақта мен зат есімді түсіндім, сұрақтарын білдім. Осылай сөйлемдерді аяқтап сабаққа кері байланыс жасайды. Аяқталмаған сөйлем 9 24


Кино билеті Мақсаты: Кино билеті әдісі арқылы оқуышыларды қызықтыра отырып топтарға бөлу. Қолданылуы: Тақтада кинозалдың бетінде билеттер теріс қаратылып ілініп тұрады, оқушылар қалағанын таңдап алады. Ал билеттің оң бетінде топ атауы мен орындары жазылып тұрады. Мысалы: Оқушылар Тақтадағы кинозалдан бір билетті таңдап алады, ол жерде топтың номері мен атауы жазылып тұрады «1 топ, Бидайлар тобы» осылайша өз орындарына жайғасады. Мақсаты: Бүгінгі жаңа тақырыпты қортындылау мақсатында. Қолдануы:Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. Мысалы: бірінші оқушы зат есімнің сұрақтарын ата? Екінші оқушы зат есім сұрақтары кім? не? BEEP әдісі 10 23


Айырмашылығы неде Мақсаты: тапсырманың айырмашылығын тауып көрсету, жауаптарын дәлелдеу. Қолданылуы: оқушыларға екі түрлі мәтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауын сұраңыз. Жауаптарын дәлелдеп отыруы керек. Мақсаты: Өткен сабақты қортындылау мақсатында жүргізіледі. Қолдануы:Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі. Мысалы:Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Ыстық сезім, қасиеттер, туысқандар, Отан, тәрбие. Сүйіспеншілік.Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі. Мысалы:Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Ыстық сезім, қасиеттер, туысқандар, Отан, тәрбие. Сүйіспеншілік. 5-5-1 Мысалы: биология сабағынан адам мен жануардың суретін шығарып оқушыларға бір бірден адам мен жануардың айырмашылығы неде екенін тауып айтулары тиіс. 11 22


Артығын алып таста Мақсаты: баланы зейінділікке, ұқыптылыққа бейімдеу. Қолданылуы: оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек. Мақсаты: Баланың күнделікті өмірде көрген, қолданатын заттары арқылы сабаққа қызықтыра отырып, тапсырмалар орындату. Қолданылуы: Барлық пәнге арналған әдіс-тәсіл. Нутелла парағын жоғары ашып, сол жерде тұрған тапсырмаларды орындау арқылы нутелланы жинап, толық нутелланы шығару қажет. Мысалы: Математика сабағынан теңдеу беріледі. Барлық оқушыға нутелла парағын беріп, кім бірінші теңдеуді шығарып, нутелла парағын құрайды сол жеңімпаз болады. Нутелла Мысалы: белгілі бір тақырып өтіп сол тақырыпқа байланысты суреттермен тапсырма береміз, суреттердің ішінде тақырыпқа қатысы жоқ затты алып тастауы керек. 12 21


Аударыспақ Мақсаты: жұптасып жұмыс жасауға бейімдеу. Қолданылуы: жұптық тапсырма: сұрақ жауап арқылы бір- бірінің білімін бағалау. Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуінеде тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады. Мақсаты: Балаларды ізденуге, топпен, жұппен, жеке жұмыс жасауға дағдыландырады. Қолданылуы: Кез-келген пәнге қолдануға арналған. Тақырыпқа сай сұрақты жазып, жұппен, топпен немесе жеке орындауға беріледі. Яғни, берілген сұрақты іздеп, тың ақпараттар жинап айтады. Мысалы: Қазақ тілі сабағында топпен немесе жеке жұмыс беріледі. Ол жаңа тақырып болғандықтан google әдісі беріледі. Google әдісі арқылы өзіне керек тың ақпараттарды іздер табады. Googlе Мысалы: зат есім тақырыбын өтетін болсақ одан соң оқушыларды жұптастырып бір-біріне сұрақ қойып сол сұрақ арқылы бір бірін бағалайды. Зат есім деген сұраққа дұрыс жауап берсе шарикке иемденеді, дұрыс жауап бермесе шариктан айырылады. 13 20


Торт тілімі Мақсаты: зейіндікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа бейімдеу. Қолданылуы: әр оқушы торт тілімін таңдап ішінде берілген тапсырманы орындайды. Мақсаты:балаларға сабақтың қай кезеңінде болмасын миға шабуыл жасау арқылы, ізденуге, талпынуға баулу. Қолданылуы: Кез келген пәнге арналған әдіс- тәсіл. Балалар сыныпқа келмей тұрып, сыныптың әр жеріне тапсырмалар жазылған балықты жасырып қоямыз. Балаларға бұл тапсырма айтылған кезде сыныптан балықты іздеп тауып сұрақтарға жауап беріп немесе тапсырманы орындау қажет. Мысалы: сынып ішіне тапсырма жазылған балықтарды жасырып қойды. Соны оқушылар іздеп, сол жердегі сұраққатрға жауап беріп балықтарды жинайды. Кім көп балық аулайды сол оқушы немесе сол топ жеңімпаз атанады. Балық аула Мысалы: торт тілімдерін алып келеміз және оның әр тіліміне тапсырмалар салып қоямыз. Оқушылар торт тілімін тандау арқылы ішіндегі тапсырманы орындайды . 14 19


Екі түрлі түсініктеме күнделігі Мақсаты: оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға, ақпаратты өз бетінше меңгеруге негіздеу. Қолданылуы: оқушылардан дәптердің бетін ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар: бөліктің оң жағына, бөліктің сол жағына бөліп жазады. Мақсаты: Әдебиет сабағында өлеңді құрылысына талдап үйренеді Қолданылуы: Әдебиет сабағына арналған әдіс-тәсіл. Өлең құрылысына талдау парағын оқушыларға таратып беріп, кітаптан немесе ақ параққа шығарылған өлең жолдарын беріп, оқушылар өлеңді құрылысына талдап, тапсырманы орындау қажет. Өлең құрылысына талдау парағы Мысалы: мәтінмен жұмысты алайық, түсініп оқып мазмұнын айтып болған соң, бір қағазды ортасынан бөліп оң жағына- мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады,сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады. 15 18


Достармен кездесу уақыты Мақсаты: оқушылардың қиялын дамыту. Қолданылуы: оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау ұсынылады. Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа баулуды. Қолданылуы: Қазақ тілі сабағына арналған әдіс-тәсіл. Саққұлақты бір оқушының басына кигіземіз. Қолына қызыл және көк түсті карточканы береміз. Ал орнында отырған оқушыларда дауысты және дауыссыз сөздер жазылған карточкалар беріледі. Және тақтаның оң бөлігінде дұрыс, сол бөлігінде бұрыс карточкасы тұрады. Егер саққұлақ дұрыс жауап берсе, сұрақты қойған оқушы оңға дейді, ал қате жауап берген болса оқушы солға деп айтады. Мысалы: тақтаға бір оқушыны шығарып, басына саққұлақты кигізіп, дауысты немесе дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді айтамыз. Егер дауысты болса қызыл, дауыссыз болса көк карточканы көтереді. Егер дұрыс болса сұрақ қойған оқушы оң деп, бұрыс болса сол деп айтады. Саққұлақ 16 17


Click to View FlipBook Version