The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Акдидар Омырзак, 2024-04-29 05:28:23

книга

книга

ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК А Қ Д И Д А Р Ө М І Р З А Қ


1 ДИДАКТИКА Болашақ педагогтарға және жоғары оқу орнындағы білім алушыларға арналған оқу құралы Шымкент -2024 Өмірзақ Ақдидар Ақылбекқызы


Қазақстан Республикасын Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті “ Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі” пәні бойынша 2023- 2024 оқу жылына арналған “Электрондық оқулық жасау” бағдарламасы аясында жарық көрген бұл оқулық – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы “Дидактика” туралы болмақ. Аталмыш оқулықта оқыту мен оқудың себептері, барысы, нетижелері ықшам түрде түсіндіріледі. Сондай-ақ оқыту үдерісін ұйымдастыруды жетілдірудің жаңа оқыту жүйелеріне, оқытудың жаңа технологияларына талдамалар жасау көрсетіледі. Оқулық негізінен болашақ педагог қауымына және білсем, үйренсем деген жұртшылыққа арналады. 2 Өмірзақ Ақдидар Ақылбекқызы Дидактика: Оқулық - Шымкент: 2024 - 15 бет


3 Мазмұны Алғы сөз_________________________________________________________1 Дидактика туралы жалпы түсінік____________________________2 Дидактиканың объекті, пәні, қызметтері және міндеттері________________________________________________3 Дидактиканың категорялары_________________________________4 Оқыту үдерісінің компоненттері______________________________5


Бұл оқу құралын жазудың себебінің бірі педагогика пәніне бетбұрыстың өзгешеленуінде. Оқу құралы университет студенттерінің «Дидактика» тақырыбы бойынша аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастыру, мамандарды кәсіби педа- гогикалық даярлаудың бөлінбес бөлігі ретіндегі өзіндік білім алу мен өзінөзі тәрбиелеуге бағытталған. Қазіргі мамандарға қойылатын жоғары кәсіби талаптар ЖОО- да оқытуды түпкілікті тактикалық, стратегиялық тұрғыдан өзгертуді талап етуде. Бүгінгі таңда жоғары білім, тек жаңа білімді игеру процесі ретінде ғана емес, адамның қабілетін, жаңа идеяларды туындатуды, кәсіби және әлеуметтік рөлдерді белсенді орындауды ашып көрсетеді. АЛҒЫ СӨЗ


Дидактика педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (didaktikas - оқытушы, didasko оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл үғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің "Ұлы дидактика" еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика "нені оқыту" және "қалай оқыту керек" деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту. Қазіргі түсінік бойынша, дидактика білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері 4 ДИДАКТИКА ПӘНІ ЖӘНЕ КАТЕГОРИЯЛАРЫ.


5 Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады.Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі. Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылымитеориялық қызметі: Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу


6 Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік. Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған ісәрекет. Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.)


7 ДИДАКТИКА Оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктері Оқушылар дүниетанымын қалыптастыру Педагогикалық технология Оқыту принцптері Білім берудің мазмұны Оқыту әдістері Оқытуды ұйымдастырудың формалары Оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын бақылау және бағалау


8 Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігінен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол. Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының мектептер үшін оқу жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын мектептерде ұтымды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы. Мағжан Жұмабаев - ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Тәшкент қаласында («Түркістан басма сөз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудін негізі деп қарастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында курста қазақ балаларына, 1919-1920 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту үдерісін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сократтың, Аристотельдің сол кездің атақты педагог психологтары С. Л. Рубинштейннің (1889- 1960), А. А. Смирновтың (1894-1975), т. б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.


9 Дидактиканың объекті, пәні, қызметтері және міндеттері Дидактиканың атқаратын екі қызметі: 1) теориялық (негізінен диагностикалық және прогностикалық) 2) іс-тәжірибелік (қалыпты, іс-әрекеттер, жасау). Дидактика пәні: оқыту, білім беру мен тәрбиелеу құралы, екінші- оқытудың заңдылықтары, ұстанымдары, мақсаты, білім берудің ғылыми негіздері, әдістері, формалары, құралдары, үшінші-сабақ оқыту мен білім алудың бірлігіндегі өзара іс-әрекеттер, төртіншіден-білім беру Depy қызметі, сабақ өту үрдісі өтетін қажетті шаралардың қамтамасыз етілуі Дидактиканың ғылым еңбегіндегі нысаны: типтік бағдарламаларға сай барлық деңгейде және барлық бағыттарда оқыту, өздігінен білім алу жағдайына жеткізу. Оның пәні: мұғалім-оқушы, оқушы- оку материалдары, оқушы-басқа оқушылар қатынастарының жүйесі. Дидактиканың міндеттері: - оқыту үдерісін баяндау және түсіндіру; - оқыту үдерісін жүзеге асыру шарттарын жетілдіру; оқыту үдерісін ұйымдастыруды жетілдірудің, жаңа оқыту жүйелеріне, оқытудың жаңа технологияларына талдамалар жасау.


11 Дидактикалық ұстанымдар жүйесі Оқыту үдерісінің заңдылықтарын білу - оқу үдерісін қалай өткізу керек, оны қалай табысты, нәтижелі, тиімді, қарқынды сапалы болуын басқару керектігіне тікелей көмек береді. Түрлі нақты жағдайларда оку үдерісінің педагогикалық-психологиялық және басқа да сипаттамаларына сай сабақты мақсатты, оңтайлы өткізуге мүмкіндік береді. Тұтас педагогикалық үдерісте оқытудың ұстанымдары принциптері- шешушілердің бірі екендігі мәлім. Оқыту ұстанымдары ол дидактикалық үдерістерді ұйымдас- тырудың және өткізудің жетекші ойлары, талап етілетін қалыптары, ережелері, ұстанымдары. Олардың жалпы сипаты оқыту үдерісін жүргізуге жалпы нұсқаулар, ережелер қалыптар болып табылады. Оқыту ұстанымдары оқыту үдерісіне ғылыми талдау негізінде туындайды, оқыту үдерісінің заңдылықтарынан шығарады. Логикалық байланыстар. "Мағынасыз нәрсені қанша айтсаң да, түсіне алмайсың, бағалай алмайсың, дәлірек айтсақ, оны еске түсіру де мүмкін емес". • "Бір бөлшегі жоқ дүние – түсініксіздікте, материалды талдай да алмайсың". Түсіну. "Түсіну көп жағдайда адамдар арасындағы ұғынысқа және қарым-қатынасқа байланысты. Неге, ол кіммен, немен байланысты, қандай жағдайда, бірінен-бірінің айырмашылығы, ұқсастығы неде?"


12 Тест сұрақтары 1. Дидактиканың негізгі категорияларын көрсетіңіз. а) альтернативті в) компьютерлендіру с) оқыту құралы д) оқыту нәтижелері е) сабақ беру, оқу, оқыту, білім беру, білім, білік, оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, оқу нәтижелері 2. Дидактиканың аның пәні дегеніміз: а) тәрбие в) сабақ беру, оқу, олардың өзара әрекеттесyi с) оку д) окыту және тәрбие е) сабак беру 3. Дидактиканың объекті дегеніміз: а) оқу үдерісін ұйымдастыру в) тәрбие с) оку д) сабақ беру е) оқыту 4. Дидактика дегеніміз: а) оқыту әдістері жайлы ғылым в)оқу пәндерін оқыту әдістерінің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлігі с) Білім берудің және оқытудың теориясын зерттейтін педагогиканың бөлімі д) оқыту формалары жайлы ғылым е) адамды тәрбиелеу жайлы ғылым 5. Оқыту дегеніміз: а) мұғалімнің оқыту қызметі в) мұғалімнің оқушыларға білім беруі с) мұғалім мен оқушының өзара бірлескен іс-әрекеті д) оқушының арнайы ұйымдастырылған жұмысы е) оқушының іс әрекеті 6. Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? деген сұраққа жауап береді а) оқыту в) дидактика с) даму д) оку


13 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР Жануарларды үйлеріне жеткіз


ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Жалпы педагогика Тілеуова Сауле Дидактика Еркебаева Г. Ғ. Құрманбекова Ж.Ж Педагогика Ш. Құрманалина. Б. Мұқанова Педагогика Ж.Б. Қоянбаев


Click to View FlipBook Version