The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Шаттық Арын, 2024-02-20 11:54:48

томирис кітап

томирис кітап

Томирис


Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің 6в01601 Тарих факультеті Конырова Айжан Мауленованың бастауымен Кітап мазмұны: Сақ патшайымы Томирис жайлы қызықты және мағыналы деректер жинағы. Түрлі мәліметтер мен сайттардың жиынтығы.


Авторы: Арын Шаттық Мұратқызы 2024 ж МАЗМҰНЫ: Кіріспе …… …..……………………………..4 Өмір баяны…………………………………...6 Отбасылық өмірі……………………………..8 Билікте болуы……………………………….12 Кир мен болған шайқас…………………….15 Зерттеген ғалымдар……………………..….19 Қызықты 10 дерек…………………………..26 Жазба деректегі сөздері…………………….28 Қорытынды ……………………………….. 30


Кіріспе Күні кеше жұрт асыға күткен «Томирис» тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп, ел назарына ұсынылды. Тарих толқынынан сыр шертетін фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады. Тұмар (Томирис) – аты аңызға айналған сақ-массагет халқының ханшайымы. Бұл патшайымның есімін қазақстандықтар


біледі. Ол туралы көптеген кітаптар жазылған және фильмдер түсірілді. Барлық қыздар үшін мақтаныш, үлгі және мықты қайсарлықты бойға дарытатын тарихи тұлға. Тарихта қалдырған өшпес ерлігі мен қайсарлығы әр ер азаматтың бойынан табыла бермитіні анық. Бүгінде Томирис жайлы ерлік пен мықтылыққа толы батырлығын қайта қозғағал отырмыз. Өшпес өнеге болғандықтан қанша жырлап, ұлықтап, мадақтасада бұл бізге аздық етеді. Жерімізді жаудан қорғаған сақ патшайымымыз біздің әр қашан санамызда қалмақ.


ӨМІР БАЯНЫ Томирис біздің заманымызға дейінгі VI ғасырды өмір сүрген. Ел басқарған патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Ал арғы атасы сақтардың көсемі болған Ишпакай.


Томиристің әкесі ел билеуде даналығымен көзге түскен. Шебер қолбасшы әрі бірбірімен жауласқан тайпаларды ымыраға келтіре білген көреген басшы болған Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — «Батыл») (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы – Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тасталқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Арал-Каспий аймағының көшпенділерінде әйел қауымының өз халқын басқарған


тұстары болған. Мысалы, біз тарих беттерінен сақ патшайымы Зарина, массагеттер патшайымы Томирис болғаны белгілі. Мәліметтердің біріне сүйенсек, Томирис – скифтердің көсемі Ишпакайдың ұрпағы, Мәдидің шөбересі, аты аңызға айналған Сыпыра патшаның (Спаргапис) немересі немесе қызы.Анасы Томиристі босанғанға көз жұмады. Дегенмен кейбір дереккөздері оны кейін қайтыс болғанын жазады. Томирис бала күннен жаугер болып өседі. Қаруды қолдануды да, одан қорғануды да жақсы меңгерген. ОТБАСЛЫҚ ӨМІРІ Томирис скиф көсемі Ишпақайдың ұрпағы болған. Мадианың шөбересі, аты аңызға айналған Сыпыр патшаның (Спаргапис) немересі немесе қызы.


Томирис (Тұмар) Бала кезінен әкесінің тәрбиесін бойына сіңіріп өскен ер жүрек жауынгер қыз. Бес жасынан бастап атқа отырып үйреніп бастап, алты жасынан жауынгерлік өнермен шұғылдана бастап , түрлі әдіс тәсілдерді меңгерді . Оның ұстазы және үлгі тұтар жаны әкесі болды. Анасы әр қашан жүрегінде және санасында болды. Анасын сағынышпен еске алсада бір күні бәріде о дүниеде анасымен жолығатынына сеніп, өзін сол сенімі арқылы жігерлендіріп отырды. Жаугершілік заманда өскендіктен қара жұмысқа, шайқасқа , атқа міну мен , түрлі айла тәсілдерді , аң аулауды және нысанаға дәл тигізуді жақсы меңгерген. Мінезі бала кезінен тік және ашық болған. Әкесіненде ерте айырылған жас қыздың өмірі қиында , шырмаулы сәттерге толы еді. Билікке таласумен , ішкі алауыздықьың арқасында әкесіне қастандық жасалып, елін патшадан айырып, бейбіт халықтың өмірінің ойраны шығарылған. Басқада бауырларымен ұзақ уақыттар бойы жасырын өмір сүруіне тура келіп, көп жылын


ішіне деген өшпенділік пен кекке толтырып өскен қаhарлы жауынгерге айналды. Қайтсемде әкемді өлтіргендерден кегімді алам деп өз өзін шыңдай түсті. Уақыт өте келе түрлі келісім дер бойынша үйленіп, әкесін өлтіргенлерден кегін алып, отбасын құрып, еліне қайта оралып билікке отырды. Өз елінде жаны жай тауып өз отбасымен аз болсада бақытты ғұмыр кешті . Томиристің ұлы Спаргаписте анасының тәрбиесін алып ер жүрек азамат және жауынгер болып өсті. Әр түрлі елдермен келісімге келіп , халықтың экономикасын көтерген. Қуғынға ұшыраған немесе, тұрмысы нашар, хан нан зәбір көрген түрлі халықтар Томиристің патшалығына кеп пана тапты. Томирис те мемлекетті өте әділ басқарып, өз жерін түрлі жорықтар арқылы кеңейте түсті. Өзінің мықты саясаты мен шешімдерінің арқасында түрлі мықты империялар келісім жасауға ұсыныстар жасап, сауда саттық айналымында келісімдер жүргізді. Еліне жауды кіргізбейтін, бейбіт халықпен , мықты әскерімен көптеген мықты алпауыт елдердің


көзіне ілігіп, олардың іш тарлығы мен қызғаныштан ашкөздігін оятты. Шамамен б.з.д. 530-529 жылдары Мидия патшасы Кир көрші мемлекеттердің басым бөлігін өзіне қаратып, «Азия әміршісі» атанады. Осыдан кейін ол Ұлы далаға көзін тігеді. Осы бір жорықта Парсы патшасы Томиристің ері Рүстемді өлтіреді. Ал Кирдің құйтырқы әрекетінен тұтқынға түскен ұлы Спаргапис өз-өзіне қол жұмсайды. Жақындарынан айырылған Ұлы Патшайымды қанша қайғыға батса да, нәзік жүрегін қасірке бөксе де, рухын түсірмей, ерік жігерін жинап алып, жаумен өршелене шайқасты.


Билікте болуы Бз.б. VI ғасырда Парсы елінде, Ахемен империясы құрылды. Парсы патшасы Кир II, Месопотамия елдерін біріктіріп, басқыншылық саясатын жоспарлай бастады. Мысырды жаулап алуды армандаған Кир, мұндай үлкен мемлекетпен соғысу қиын болатынын білді. Сол себепті, алдымен шығыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, шексіз даладағы сақ тайпаларын бағындыруды ұйғарды. Басында ол билікті соғыссыз, айламен тартып алуға амал іздеді. Тұмарға хат жіберіп, әйелі болуға ұсыныс жасады. Бірақ, Томирис Кирдің шын ниеті қандай екенін біліп, бар тартуға шешім қабылдады. 530 жылы парсылардың үлкен әскері Шығысқа аттанды. Парсылар үшін жорық сәтті басталды. Көшпенділер артқа шегінуге мәжбүр болып, басқыншылардың әскері Яксартқа келді. Өзеннен өткен соң, Кир патша әлсіз және науқас сарбаздардың аз бөлігін өзен жағасында қалдырып, негізгі әскерді жасырып қойды. Сақтар


парсылардың жалған әскеріне шабуыл жасап, оларды талқандады. Жеңісті тойлау үшін уланған шараптарды ішкен сарбаздар, көп ұзамай ұйықтап қалды. Түнде, парсы әскері жауынгерлердің барлығын дерлік өлтіріп тастады. Тұмар ханшайымның ұлы тұтқынға алынды. Томирис Кирге елші жіберіп, оның ұлын босатуды талап етті. Егер ұсыныс орындалмаса, «қанға қаншалықты тоймайтын болсаң да, басынды қанға тұншықтырамын» деп қорқытты. Кир бұл ұсыныстан бас тартып, елшіні қайтарып жіберді. Ал, Тұмардың ұлы өзіне-өзі қол жұмсап мерт болды. Мұны естіген массагеттер патшайымы парсыларға қарсы шабуыл жасады. Қатыгез шайқас ұзаққа созылды, ешкім шегінгісі келмеді. Ақырында сақтар жеңіп шықты. Ұрыс кезінде Кир өлтіріліп, Томирис оның денесін табуға бұйрық берді. Мәйіті табылған соң, үлбірге қан толтырып, парсы патшасының басын соның ішіне салды. Бұл оқиға аңызға айналды. Жауынгерлер үшін, Тұмар ханша ерлік пен күштің символы ретінде


қабылданды. Ханшайымның өмірі қиын және қайғылы болды, оның бейнесі бүгінгі күнге дейін әдебиетте және өнерде қолданылады. 1. Жаумен шешуші шайқаста Томирис патшайымымен бірге саққыздары мен әйелдері де ақтық демі таусылғанша табандылықпен қарсылық көрсетті. Сақ қыздарының мұндай қанды шайқастағы ер мінезінен сескенген парсы әскері ойсырай жеңілген екен. Ұрыс даласында «Азия әміршісі» Кир патша да өлім құшады. Осы шайқастан кейін Азияның азулы мемлекеті күш-қайраты


мен абыройынан айырылып, бұрынғыдай алпауыт ел бола алмаған. Кир мен болған шайқас. Геродот өзінің «Тарихтар» шығармасында Кирдің Аракс өзенінен өтіп, массагеттерге тұзақ құрғанын және Томирис патшайымның ұлы Спаргаписті тұтқынға алғанын айтады. Бұл оқиғаларды естіген Томирис патшайым Кирге: «Қанқұмар Кир, … ұлымды қайтар да, бұл елден жазасыз кет… Ал егер бұлай жасамасаң, массагеттердің тәңірі Күнмен ант етемін, тойымсыз болсаң да мен сені қанға тойдырамын» деп хабар жібереді. Одан әрі Геродоттың айтуынша, тұтқындалған Спаргапис Кирден кісенін алып тастауды өтінеді, сөйтіп, босаған ол күзетшінің қолындағы қылышты жұлып алып, өзін-өзі өлтіреді. Бұдан хабардар болған Томирис патшайым қалың қол жинап, Кирге қарсы жорыққа аттанады. Шайқас кезінде парсы әскерінің көп бөлігі қырылады. Бұл шайқасты Геродот


«ең сұрапыл әрі ең ұлы шайқас» деп атаған. Б. Жандарбековтің «Сақтар» кітабына сәйкес, Томирис патшайыммен бірге шайқасқа қосылып кеткен «амазонка» әйелдер соғыста шешуші рөл ойнады. Ахеменидтер әулетінен шыққан Кирдің өзі «жиырма сегіз жыл патшалық құрып, осы шайқаста қаза тапқан. Томирис меске адам қанын толтырып, өлгендердің арасынан Кирдің денесін табуға бұйрық береді. Табылғаннан кейін Кирдің басын меске салып тұрып: «Мен сені шайқаста жеңдім, алайда сен ұлымды қулықпен тартып алып, маған үлкен қайғы-мұң әкелдің. Енді мен де уәдемде тұрып, сені қанға тойдырамын» немесе: «…Қанға құмартып едің ғой, парсы патшасы, ендеше, құмарың қанғанша іш»(Болат Жандарбеков «Томирис»),- деген сақ-массагеттері патшайымының ызалыққа толы айбарлы сөзі, жауынан кегін қайтарған батылдығы тарихтан белгілі. Шайқас туралы аңызды Геродот ахеменидтер жазбасынан немесе скифтік аңыздардан алған болуы мүмкін. Соғыстың нәтижесінде массагеттер


/скифтер жеңіп, парсылар ашық шайқаста жеңіліс тапты Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин өз шығармасында осы шайқас туралы толығырақ ақпарат береді: «Кирдің болмысы осындай. Ол қалың қолын жинап, Боспордан өтті, алайда ұлдары үшін кек алуға бекінген скиф патшайымы Томирис (Tomyris) оның бір адамын қалдырмай, әскерін қырып тастады» (XXIII). Аммианның бұл хабарына негіз болған нәрсе – Геродот шығармасынан алынған жолдар болды, ол Кирдің массагеттерге қарсы жорығын егжейтегжейлі баяндайды. Томиристі скифтердің патшайымы деп есептеуіне Аммианның тағы да бір дәлелдері бар (Геродот массагеттер туралы жазады, «кейбіреулері оларды скиф деп санайды». Халық арасында сақ патшайымы Томирис туралы көптеген аңыз бар.


Геродот нұсқасымен қатар, басқалары да бар. Мысалы, антикалық тарихшы және Артаксекс Мнемонның сарай дәрігері Ктезийдің пікірінше, II Кир (Куруш) дербиктер соғысында жараланып, үшінші күні қайтыс болған. М.А. Дандамаевтың пайымдауынша, мұндай алшақтық дербиктердің – массагет тайпаларының үлкен және қуатты одағының бөлігі болғанымен түсіндіріледі. Вавилондық тарихшы Берос Кирдің дахалықтармен (скифтермен) шайқаста қаза тапқанын айтады. Бір нұсқа бойынша, Кирдің сүйегі отанына қайтарылып, империясының өзі құрған астанасы Пасаргадта – арнайы мавзолейде жерленген. Моласы біздің заманымызға дейін сақталған.


Зеріттеген ғалымдар: 1.Бұл оқиғалардың суреттелген сипаттамасы VII ғ. – VIII ғ. Бас кезіндегі Пенджикенттегі қабырға жазбаларының бірінде келтірілген болуы мүмкін. А.М. Беленицкий өз уақытында мұнда аңызәңгімелердің өте ежелгі сюжеті, бәлкім, б. з. д. VI ғ. Соңында Ұлы Кир және сақ патшайымы Томириске қатысты тарихтың сюжеті берілуі мүмкін деп есептеген. 2.Геродот өзінің массагеттік экскурсиясында Томирис патшайым мен Кир арасындағы соғыс барысын егжейтегжейлі баяндай отырып, массагеттер туралы толық ақпарат береді. Геродот


былай деп жазады: «массагеттер көп және батыл тайпалар. Олар исседондарға қарама-қарсы, Аракс өзенінің арғы жағында, күннің шығысына қарай шығыста тұрады. Кейбіреулер оларды сондай-ақ скиф тайпасы деп санайды» 3.Жалпы Арал-Каспий өңірінің көшпелі тайпалары туралы мәліметтер «антикалық әлемге белгілі, аз кездеседі және кездейсоқ жазылған. Дегенмен олар көне парсы жазбалары мен Авеста туралы қысқаша естеліктерді санамағанда, б.з.д. VI–IV ғғ. Ежелгі ортаазиялық көшпенділер туралы жалғыз жазбаша куәлік болып табылады. [13]. Көшпелі тайпаларды антикалық авторлар (б.з.д. VI–IV ғғ.) мынадай топтарға бөлген: «Орта Азия батысының шөл және дала аймақтарын көшпелі тайпалардың бір тобы – Александр Македонскийдің жорықтары кезінде оларды «скифтер» деп те атаған. 4.Б.з.д. 516 ж. Бехистун сына жазбасында (парсы патшасы І Дарийдің жеңісін мәңгі


есте сақтау мақсатында жартаста қашалып жазылған) былай делінген: «сақ тайпалары үш топқа бөлінеді: хаома сусынын дайындайтын хаомаварга сақтары; теңіздің арғы жағынан келген парадарайя сақтары; бас жағы үшкір болып келетін бөрік киген тиграхауда сақтары» (антикалық авторлардың аудармасы). Аримаспей өзінің географиялық еңбегінде (б.з.д. VII ғ.): «Кең жазықтықты массагеттер мен сақтар жайлап алған» деп жазады. Грек жазушысы Аристей Проконесский б.з.д. VII ғасырда скиф-сақтарды «жебені сәттілікке сеніп емес, өзіне сеніп ататын әлемдегі ең мерген садақшылар» дейді. Сақтар жайлы одан кейінгі жазбаларды Помпейдің латын жазушылары Трог пен Птолемейден кездестіреміз. 5.Көріп отырғанымыздай, Алдыңғы Азия мен Қара теңізде өмір сүрген әр түрлі көшпелі тайпалардың белгілеріне қатысты терминдерде тайпаларды қоныстандырудың уақытша болсын,


аумақтық шеңберінде болсын, көп шатасу бар. Мысалы, Ахеменидтердің қарсыластарын түрліше атайды. Геродот оларды массагеттер десе, Ктесии Книдский дербиктер дейді; Берос оларды дайлықтар (дахалықтар) деп атайды. Осы тайпалардың жалпы атауы эллиндік ежелгі грек тілінде – «массагеттер» немесе «скифтер» және көне парсылық «сақ» атауы болды. Зерттеуші С.Г. Кляшторныйдың жазуынша, «массагеттер – жалпы генеалогиялық дәстүрі бар Арал маңындағы тайпалардың ортақ ежелгі атауы және жалпы эпоним, оның аты бойынша халық аталған көбінесе мифтік атау» 6.Массагеттер көшпелі халық болған, Маңғышлақ, Үстірт, Солтүстік Каспий және Арал маңындағы жазықтарды жайлаған [16] (Страбон массагеттерді Каспий мен Арал арасында орналастырады (бұл олардың Шығыс Арал өңіріндегі таралуын жоққа шығармайды) және Ахеменид


терминологиясы аясында «сақ» деп қарастыруға болады. 7.Тағы бір таңғаларлық факт – көптеген дереккөздерде сақтар ежелгі иран тілді көшпелі тайпалар ретінде беріледі. Алайда белгілі зерттеуші А.Н. Гаркавец Ыстықкөл руникалық жазбалардың жаңа оқуларында біздің дәуірімізге дейін IV ғасырда Ұлы Далада түркі тілі халықаралық қарым-қатынас тілі болғанын, ал көптеген тұрғындары үшін ана тілі болғанын анықтап көрсетеді. 8.Тарихшы Прокопийдің «массагеттер» этнонимін талдауы Прокопийге бұл термин өзіндік әскери terminus technicus ретінде айқын түрде қызмет ететінін көрсетеді. Осы термин арқылы Прокопий і әлемнің әскери қатынастағы ең көрнекті бөлігін білдіреді [19]. Орта Азияның елеулі бөлігін бақылай отырып, сақмассагеттер ахеменидтермен жақсы қарым-қатынаста бола отырып, жергілікті (аймақтық) саясаттың белсенді факторы болған.


9.1969–1970 жж. Қазылған «Есік» қорғаны Жетісу сақтарының ою-өрнегінің «аң» ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерделеудің бірегей мүмкіндігін ұсынды. Б. Жандарбековтің «Сақтар» кітабында көркемдік баяндаудың арқасында Есіктен табылған жас жігітті Томирис патшайымның ұлы Спаргаписпен теңдестіре бастады. «Есік» қорғанының танымал қазақстандық зерттеушісі А.К. Ақышев атап өткендей, Жетісу сақтарының «аң стиліндегі» көркем өнері Алтай, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Орта Азия халықтарының скиф-сібір өнеріндегі ерекше бағытқа жатады. Оған ахеменид өнерінің «цитаталар стиліне» тән көркем әдістің ерекшелігі тән – Алдыңғы Азия, әсіресе ассириялық және ирандық дәстүрлерді жергілікті рухта, «аң стилінің» таза «Алтай» ерекшеліктерімен үйлесімде қайта өңдеу [22]. Есік көсемінің «аң стилі» заттарының басым бөлігі салттық болды. Мысалы, «бас киімнің безендірілуі олар


арқылы өсетін «әлемдік ағашпен» үш сала туралы түсініктерді бейнелейді. Құнарлылық культіндегі мал шаруашылығы нұсқаларымен жанасатын жоғарғы құдай культіне шатқал мен табындардың (арқар, ешкі) және зооморфтық рухтардың қамқоршысы – жануарлардың бейнелері кірді»


Қызықты 10 дерек: 1.1906 жылы табылған Томирис (590) астероид Тұмардың атымен аталған. 2.Оның анасы — аби тайпасы көсемінің қызы. 3.Томирис дүние есігін аша сала, анасынан айырылған. Алайда, кейбір деректерде патшайымның анасы бала босанғанда емес, сәл кейін қайтыс болғаны айтылады. 4.Томирис бар болғаны бес жасында сақтардың 40-60 сантиметрлік семсерін қолдануды үйренген. 5.Болашақ патшайым он үш жасында найза, семсермен керемет шайқасуды білді. 6.Өзінің ер азаматымен шаңырақ көтергеннен кейін, күйеуі Томиристің көңілін қалдырған екен. Оның күйеуі майданда батыр жауынгерлермен өмірде күн сайын думандатып той тойлаудан шаршамайтын қарапайым жан еді.


Еңбекқор, қайсар мінезді Томирис жолдасы ұстанған өмір салтын түсінбейтін. 7.Патшайымды тақтан құлатуды көздегендер аз емес. Томирисмен тіл табыса алмаған, одан қорыққан тайпа көсемдері бар өтініштерін ақкөңіл, көңілшек күйеуі арқылы жеткізетін. 8.Сақ патшайымы Томирис — жауынгер әйелдердің пірі. Ол бірінші болып мыңдаған жауынгер әйелдерден әскери жасақ құрған. 9.Геродот «ең ұлы және ең қатыгез» деп атаған шайқас сақтар мен парсылардың арасында өткен. Шамамен б.з.д 530-529 жылдары. 10. Патшайым қайтыс болғанда сақ әскері мен жеріне бір емес, үш ер кісі иелік еткен.


Жазба деректердегі томиристің айтқан сөздері: Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді. *Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көреркөрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алдажалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш*


Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді. *Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен-сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!* Аңыз бойынша, Тұмар шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кир патшаның денесін тапқызып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып:


*Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ.* Қорытынды: Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебі ретінде әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы.Бұл оқиға аңызға айналды. Жауынгерлер үшін, Тұмар ханша ерлік пен күштің символы ретінде қабылданды. Ханшайымның өмірі қиын және қайғылы болды, оның бейнесі бүгінгі күнге дейін әдебиетте және өнерде қолданылады.


2024жыл


Click to View FlipBook Version