The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search

мұхиттағы тіршілік

табиғат зонасы

Викториналық сұрақ
«Кім жылдам»

Тарау:3.4 Биосфера

Сабақтың тақырыбы:
Мұхиттардағы тіршілік дүниесі

Оқу мақсаты:
8.3.4.4 мұхиттағы тіршілік

дүниесінің таралуын
анықтайды

Бағалау критерийі

 Мұхиттарда тірі тіршілік иелерінің таралу
заңдылығын анықтайды

 Теңіз организмдері тіршілік
жағдайларына бейімделуін сипаттайды



Ендік зоналылық

Арктикалық және антарктикалық белдеулерде тіршілік өте жұтаң. Мұнда тірі
ағзалардың түрлері де,олардың саны да аз. Планктон тек қысқа уақытқа ғана
созылатын жаз мезгілінде және мұздан арылған жерлерде ғана дамиды.
Планктоннан кейін балықтар және олармен қоректенетін морждар мен
итбалықтар пайда болады.
Қоңыржай белдеулерде су температурасы жыл бойы 0◦С-тан жоғары болады.
Судағы еріген оттегінің молдығы тіршіліктің қарқынды түрде дамуына әкеледі.
Қоңыржай белдеулерде ағзалардың түрлері өте көп емес,бірақ әр түрдің саны
көбірек. Қоңыржай ендіктер балыққа бай және мұнда балық аулау кәсіби түрде
жүргізіледі.
Тропиктік белдеулерде судың температурасы мен тұздылығы жыл бойы жоғары
болады. Суда еріген оттегі мен қоректік заттар аз,сол себепті қоңыржай
белдеулерде планктон да,балықтар да азырақ. Алайда ыстық белдеулерде алуан
түрлі жылусүйгіш балықтар мен теңіз түбі ағзалары (маржандап,ұлулар,тікен
терілілер,шаян тәрізділер) мол.
Экваторлық белдеуде су температурасы жыл бойы жоғары. Тіршіліктің қайнаған
көрінісі мұхитқа қоректік заттар әкелетін ірі өзендердің сағасына жақын жерлерде
байқалады. Мұхиттардың түбінде маржан тізбелері көп. Экваторлық суларда
мұхит тасбақалары,ұлулар,тунец,сардина, макрель ауланады

Тік зоналылық

Дүниежүзілік мұхит құрылымы үш негізгі бөліктерге бөлінеді:
1)Жағалаудағы таяз сулылық (материктік саяз жер,материктік
үстірт,континенттік қайраң). Құрлықтың тереңдігі 200-500 м-ге
дейінгі ойпаңымен сипатталады.
2) Жағалаудағы саяз жерден үлкен тереңдікке қарай өтетін өтпелі
зона(материк бөктері,континенттік бөетнр),3-4 км тереңдікте
мұхиттың арнасына ауысады.
3)Терең су (мұхиттың арнасы).

Мұхиттағы
жарықтану зонасы

Теңіз организмдері тіршілік жағдайларына
қалай бейімделген?

Түрлі тереңдіктердегі тіршілік иелеріне өздерінің Бентос
қоршаған ортаға бейімделуі ерекшеліктерін 1.Денесінің пішіні:
қалыптастыруға мүмкіндік береді -арқа-құрсақ бағытында қабысқан;
-жіңішке және ұзын;
Планктон Нектон -қысқа және қалың.
1. Газ камелараларының түзілуі. 1.Үлкен қашықтық пен судың 2. Ауыздарының ерекшелігі:
2. Көпіршікті қалтқылардың бөлініп қатты ағысын жеңуге мүмкіндік -төменгі жағында орналасқан (су түбінен
шығуы. беретін жануарлардың ірі азық жинайтын балықтарда);
3. Судың беткі қаймағының тірек ретінде ілщемдері. -үстіңгі жағында орналасқан (топыраққа
қолданылуы. 2. Денесінің сүйір пішіні. көміліп жататындар);
4.Ауа толтырылған көпіршіктердің болуы. 3.Жүзгіш типті аяқ-қолдары. -үлкен тісті ауыздарының өлшемі үлкен
5.Меншікті салмағының азаюы есебінен 4.Аяқ қолдарының мықты (терең суда жүзетін балықтар).
жүзгіштіктің артуы. бұлшық еттері. 3.Топыраққа бекитін органдары:
6.Өлшемінің кішіреюі, жаншылуы, 5. Кейде шырышпен -табаны;
ұзаруы, көртеген өсінділер мен көмкерілген жылтыр жабыны. -аяқтары;
қылтандардың дамуы есебінен дененің Үлкен жылдамдықпен жүзуге -қармауыштарда және басқа.
салыстырмалы бетінің жалпы ұлғаюы, бұл қабілеттілігі: 45-50 км/сағ дейін 4. Дененің меншікті салмағының артуы
суға үйкелісін арттырады. – кальмарлар,100-150 км/сағ есебінен жүзгіштігінің төмендеуі:
7. Қаңқаның ықшамдалуы, денеде майдың, дейін-жнлкенді балық, 130 -ауыр қабыршықтары;
газ көпіршіктерінің және т.б. жинақталуы км/сағ дейін-қылышбалық. -денесінің үлкен көлемі;
есебінен тығыздықтың төмендеуі. -ауыр қаңқалар.
8. Су жұқпайтын беттердің түзілуі. 5. Аулау аппараттары:
-кірпікшелері;
-күйдіргіш жасушалары бар
қармауыштары;
-қысқыштары;
-өсінділері-қармақ жемдері.
6. Биолюминесценция –органикалық
қосылыстардың тотығуы кезінде жарық
энергиясын бөлу қабілеті.

Планктон

Нектон

Бентос

Тереңдегі айдахарлар

теңіз сүтқоректілері

Ең терең жердегі тіршілік



ТАПСЫРМА 1,2,3

1. Қосымша ақпарат қөздерінің көмегімен мұхиттардағы тіршілік
иелерінің таралу заңдылығын анықтаңыз

2.Теңіз организмдерінің тіршілік жағдайына бейімделуіне мұхит суы
қасиеттерінің ықпалы қандай?

3.“Мұхиттағы тіршілік “тақырыбында постер жасау

Дескриптор:
1. Мұхиттардағы тіршілік иелері жайлы қосымша
ақпарат көздерін пайдаланады;таралу заңдылығын
анықтайды
2. Мұхит суы қасиеттерінің сапалық сипаттамасын
ұғады, ықпалын түсіндіреді.
3. “Мұхиттағы тіршілік” постер жасай біледі

Суреттегі мұхит тіршілік иелерінің түрлерге бөлінуі

Дұрыс жауаптары төмендегідей:
1) Планктон:д;а; Нектон:а;ж; е;
Бентос:г;б;в;
2) Планктон: г;а;д; Нектон: е;в; Бентос:
ж;б;
3) Планктон:а; Нектон: б;в;д; г;
Бентос:ж;е;
4) Планктон:б;в; Нектон: д;е;г;
Бентос:а;ж;

Бұл тапсырманың дұрыс жауабын анықтау үшін сызба бойынша әрбір
мұхиттағы тіршілік иелерінің атауы, қабат түрлері анықталады

Тіршілік иесінің атауы Қабат түрлері

Қалқыма Планктон
Тунец Нектон
Акула Нектон
Кальмар Нектон/Бентос
Жолақты-балық Нектон
Сегізаяқ Бентос
Теңіз шаяны Бентос

Себебі: кальмар нектон және бентос қабаттарында өмір сүре алады, ол денесінің пішініне қарай бентос және
нектонның тіршілік ету ортасына бейімделген.Дұрыс жауабы:3) Планктон:а; Нектон: б;в;д;г Бентос:ж;е;

Кері байланыс:

Назарларыңызға рақмет !


Click to View FlipBook Version