The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Айганым Батырхан, 2024-04-03 08:04:18

Өзм туралы пдф

Өзм туралы пдф

Өзім жайлы Сәлем менің есімім Айғаным, жасым 19 да. Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде биология мұғалімдік даярлауды оқытудың 2 курс студентімін. Өзім жайлы айтар болсам. Мен қиялшылмын,армандағанды ұнатамын. Бірақ арманымды мақсатқа айналдыруға тырысамын. Мен ұқыптылықты және нақтылықты ұнатамын, сондықтан бүкіл нәрсені уақытылы істеп тастауға тырысамын. Ұзақ уақытты қажет ететін жұмысты істеуге шыдамдылығым жетпейді, сондықтан оны тез бітіріп тастауға тырысамын. Жалпы, мінезімнің темпераменті жайлы айтсам, мен сангвиник пен холериктін ортасындамын. Егер жануар кейіпімен өзімді сипаттасам, жануардың мутацияланған жаңа түрі пайда болады. Мен грифон мен ит және пятачекпын деп ойлаймын.


Мен үшін өмірде ең маңызды үш нарсе бар. Олар: Ата-анам,жақындарым. Өзіңнің дұрыс жолдағы адам екенінді іштей сезіне алу. Жай ғана бақытты болу. Мен ата-анама өмірім үшін, қазір мендегі бар дүние үшін мәңгі қарыз боларымды саналы түрде сезінемін. Бірақ олар маған тек осы өтелмес қарызым үшін ғана маңызды емес, мен оларды шын мәнінде бар жан-тәніммен жақсы көремін, оларға деген демім әр дайым ыстық. Жақындарыммен де ұқсас мәселе, жақын адамдар тек туысқандар ғана емес, оның ішіне достарым да кіреді. Мен еш уақытта жақындарымнан бас тартпаймын. Кейде тіпті, сол жақын адамым ренжітіп, маған кесірін тигізіп жатса да тез кешіріп қоямын. Менде реніж ешқашан ұмытылмайды, бірақ жақын адамдарым мен үшін өте маңызды болғандықтан, өз реніжімнен оларды артық қойып кешіріп, бұл мәселені басылар деп қозғамауға тырысамын. Бұл жақындарым,достарыма, ал өзіме жақын деп санамайтын адамдарға мен қаттылау келемін. Бір жоғалған сенім, бір ренжіген көңіл де орынына қайтып келмес.Қайтып келсе де, мен ол адамдарға ашыла түспеймін.


Өзіңнің дұрыс жолдағы адам екенінді іштей сезіне алу дегенім, маған өзге адамның пікірі әрине қызық, бірақ менің өмірімде бұл үлкен рөль ойнамайды дегенім. Өзге адамның аузынан мен туралы жақсы немесе жаман сөздің шығуы маған мақсат немесе міндет емес. Менің негізгі мақсатым өз ішкі дүниеммен әрдайым үйлесімділікте болу. Мен үшін адамның өзін-өзі іштей тәрбиелей алуы маңызды. Сондықтан да мен не істесем де, қалай істесем де, менің сол әрекетім жайлы кім не десе де, мен өзімнің басыма сүйенемін. Өз басыма сүйене отырып, мен өзімді мақтай беруге тырыспаймын. Өйткені мен және менің ішкі дүнием, бөтен ешкім жоқ. Олай болса, жасыратын да түк жоқ, қате істесем оны өзім мойындаймын. Бірақ, көбінесе дұрыс іс-әрекет етуге тырысамын.


Click to View FlipBook Version