The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістемесі

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by moldir_95_08, 2024-03-28 06:37:39

Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістемесі

Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістемесі

Keywords: Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістемесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ «№17 Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Орындаған: Сарданбек Шырын Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Жетекшісі: Сағындықова Мөлдір Жанболатқызы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы 2023-2024 оқу жылы Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістемесі


Кіріспе Кез келген оқушы есеп шығарудан жоғары нәтиже алғысы келеді. Сол жоғары нәтижеге дұрыс дайындықты талап етеді. Дұрыс дайындықсыз – үлкен мақсаттарға жете алмаймыз. Дұрыс дайындық дегеніміз: сапалы мұғалімнен сабақ алу, сапалы оқу материалдарын қолдану, алған білімді ұмытып қалмау, яғни өтілген тақырыптарды қайталап тұру, әрдайым ойда ұстау және тест тапсыруға сәйкес тесттермен жұмыс жасау, барынша көп байқау сынақтарын тапсыру. Бұл жұмыс дәптерінде жоғары оқу орындарына түсушілерге, оқушылар мен мұғалімдерге арналған. Бұл жұмыс дәптері Қазақстанның жарқын болашағы үшін әзірленеді. Сіздердің алға қойған ізгі мақсаттарыңызға жетуге осы жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар кішкентай болса да үлесі тиіп жатса, өзімізді бақытты сезінеміз. Бұл әдістемелік нұсқау «Математикалық сауаттылық есептерін шығару әдістемесі» әдістемелік құралының бағдарламасына сай мұғалімдерге әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда жан-жақты сабақ жоспарлары, дәстүрден тыс сабақ үлгілері берілді. Сарамандық жұмыстарды орындау барысында мұғалім де, оқушы да өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алады. Тәжірибелі және шығармашылықты жұмыс істейтін мұғалімдер әдістемелік нұсқаудан сабақ барысында жаңа идеялар табатыны сөзсіз. Бағдарламаға сай берілген материалдарды әрбір мұғалім өз мүмкіншіліктеріне қарай өзгерте алады. 1-тапсырма: Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 16, қызыл түсті емес шарлар саны 15. Жасыл түсті емес шарлар саны 17. Тізбеде қанша шар бар? Қызыл түсті шар нешеу? Ж: Барлығы 24, қызыл 9 2-тапсырма: Оқушылар жол бойына араларын бірдей етіп, 37 түп ағаш отырғызды. Ең шеткі екі ағаштың арасы 198 м. Жол бойындағы он бесінші ағаш тоғызыншы ағаштан неше метр қашықтықта отырғызылған? Ж: 33 м 3-тапсырма: Бес балаға үш қызыл және төрт көк қалпақты көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк қалпақты балалардың бастарына кигізеді. Қалған қалпақтар жасырылады. Жарық жағылған кезде балалардың қайсылары өз бастарындағы қалпақтың түсін көрмей-ақ таба алады? Ж: Барлығы екі көк түсті қалпақ киген балалар таба алады 4-тапсырма: Гүл алаңының пішіні тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалынған. Қабырғасының ұзындығы 9 м. Осы гүл алаңына 90 гүлді, 10 гүлден тең бөліп отырғызу үшін қабырғалары неше метрге тең үшбұрыштарға бөлу керек? Ж: 3 5-тапсырма: Алматы станциясына бір күнде шыққан үш пойыздың біреуі 3 күнде, екіншісі 6 күнде, үшіншісі 5 күнде қайтып оралады. Алматы станциясында неше күн сайын пойыздардың үшеуі де кездесіп отырады? Ж: 30 күн Кіріспе 1 сабақ


1-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар: 1. Анықтаманы толтырыңыз: «заттарды санау немесе біртектес заттардың реттік нөмірін анықтау үшін қолданылатын сандар ..................................................... деп аталады». Ж. Натурал сандар 2. Анықтаманы толтырыңыз: «бөлшектер, ондық бөлшектер, периодты ондық бөлшектер түріндегі сандар ................................................. деп аталады». Ж. Рационал сандар 2-тапсырма: А және В бағандарын салыстырыңыз: А бағаны В бағаны 1-ден 20-ға дейінгі сандардың ішінде жай сандар нешеу? (1 мен 20-ны қоса есептегенде) 9 Ж: А<В 3-тапсырма: А және В бағандарын салыстырыңыз: А бағаны В бағаны 1-ден 20-ға дейінгі сандардың ішінде құрама сандар нешеу? (1 мен 20-ны қоса есептегенде) 8 Ж: А>В Сандарға байланысты есептер 2 сабақ


1-тапсырма: Есептеңіз: 1. 34 + 67 + (13 + 45)− 78 =? Ж: 81 2. 3434 +2 ∙ 21 + (81 − 43)+ 8 =? Ж: 122 3. 2 + 2 ∙ 2− 3 =? Ж: 3 2-тапсырма: Есептеңіз: 1. (((33: 11 ∙ 9: 3 + 11)+ 65): 5+ 13) : 6 ∙ 20 =? Ж: 13 2. (78: 2 + 11)− 25 ∙ 2 =? Ж: 0 3. (25 + 5: 5− 12): 7 ∙ 28+ (44: 4 ∙ 3+ 19) =? Ж: 108 3-тапсырма: Есептеңіз: 1. 16 − 4 ∙ 2+ 10: 5 − 4 ∙ 3: 6 ∙ 5 + 2 ∙ 3+ 7 ∙ 8 =? Ж: 62 2. 24 − 12: 6 ∙ 2 +25: 5 ∙ 4: 10 ∙ 7 =? Ж: 34 3. 12 − 2 ∙ 3+ 6: 3 + 44: 2− 21: 7 + 12 ∙ 3 =? Ж: 63 4-тапсырма: Есептеңіз: 1. (33 + 4 ∙ 5 − 19)− 32: 4 ∙ 2 +4 ∙ 3: 6 ∙ 4 =? Ж: 26 2. (77 − 7: 7− 7 ∙ 7+ 7 − 7)− 36: 6+ 6 =? Ж: 27 3. ((35 − 10: 5): 3 ∙ 4+ 6 − 5 ∙ 3 − 7 ∙ 3) ∙ 3 =? Ж: 42 Амалдарды ретімен орындауға арналған есептер 3 сабақ


1-тапсырма: Есептеңіз: 1. 34 − 50 =? Ж: -16 2. 367 − 500 =? Ж: -133 3. 35 − 83 =? Ж: -48 4. −678 −37 =? Ж: -715 5. 98 − 45 =? Ж: 53 2-тапсырма: Есептеңіз: 1. (−4 ∙ 3 +4 ∙ (−2)+ 15 − (56: 8 ∙ 7)) ∙ 6+ 13 =? Ж: -311 2. (45 −(−13 − 34)) +76 − 54 + 34 ∙ 2− 65 =? Ж: 117 3. (−13 − (−65: 5 ∙ 2 + 15)) −78 + 56: 8 =? Ж: -73 4. (−12 −(−46− (−67 −(−123))))+ 98: 2: 7 ∙ 3 =? Ж: 111 5. −45− (−67 − 21 − (−4 + 2 ∙ 4 + (−12))) =? Ж: 35 3-тапсырма: Есептеңіз: 1. 88 − 8: 4 −24: (−8) ∙ 5+ (−77 − 7 ∙ 10) =? Ж: -46 2. 123: (−2− 1)− (−(−45 + (−13 −(34 −3)))) =? Ж: -62 3. −45: 3 ∙ (−2 + (−3)) − 56: (−5 +(−3)) =? Ж: 82 4. 46 − 51: 3 ∙ (−2)+ 65: (−5)− (−(−7)) =? Ж: 60 5. 12 − (−28− 56: (−7)− 34 + 72: 6: (−4)) =? Ж: 69 1-тапсырма: Бірінші құбыр арқылы 4 сағатта толатын хауыз, екінші құбыр арқылы 6 сағатта толады. Хауыздың жартысы екі құбыр арқылы қанша уақытта толады? Ж: 1,2 2-тапсырма: Екі жұмысшы бірігіп, жұмысты 8 сағатта бітіреді. Егер бірінші жұмысшы 5 сағат, ал екінші жұмысшы 8 сағат жұмыс істесе, онда олар барлық жұмыстың 11 14 бөлігін бітіреді. Әр жұмысшы жеке-жеке істегенде осы жұмысты қанша уақытта бітіргендерін табыңыз. Ж: 14 сағат және 56 3 сағат 3-тапсырма: Бір пілді жуындыруға аң жаттықтырушы өзі 40 минут, ал баласы 2 сағат уақыт жұмсайды. Әке бала екеуі бірігіп, үш пілді жуындыруға қанша уақыт жұмсайды? Ж: 1,5 сағ 4-тапсырма: Екі құбыр бірге жұмыс істеп бассейнді 12 сағатта толтырды. Бірінші құбыр жалғыз жұмыс істегенде екінші қарағанда 18 сағат тезірек толтырады. Екінші құбыр бассейнді қанша уақытта толтырады? Ж: 36 сағ 5-тапсырма: Бірінші бригада бақшадағы картопты 15 сағатта, ал екінші бригада 12 сағатта жинайды. 5 сағат бірге жұмыс істегеннен кейін, бірінші бригада басқа жұмысқа ауыстырылады. Жұмыстың қалған бөлігін екінші бригада қанша уақытта бітіргенін табыңыз. Ж: 3 сағ Математикалық таңбаларға арналған есептер 4 сабақ Жұмысқа байланысты мәселе есептер 5 сабақ


1-тапсырма: Егер × × = 3∇ болса, мұндағы ≠ ≠ 0. Онда ∇ операциясының орындайтын амалы. Ж: бөлу 2-тапсырма: Жаңа логикалық амал ☼ келесі өрнекпен анықталған ☼ = (3 − 2) ∙ 5 болса, онда 5☼2 өрнегінің мәнін табыңыз. Ж: 55 3-тапсырма: Жаңа логикалық амал ◄ мына түрде анықталған: ◄ = 4(5 − ) болса, 4◄8 өрнегінің мәнін есептеңіз. Ж: 48 4-тапсырма: Егер (: ): = +1 ∇ болса, мұндағы ≠ ≠ 0. Онда ∇ операциясының орындайтын амалы: Ж: азайту Жаңа логикалық амал 6-7 сабақ


1-тапсырма: Асқар, Азамат және Абзал спорттық ойындардың үш түрінен (волейбол, баскетбол, футбол) Қазақстан турниріне қатысты. Асқар футболмен, баскетболмен айналыспайды. Азамат футболмен айналыспайды. Кім немен айналысатын табыңыз. Ж: Азамат – баскетбол, Асқар – волейбол, Абзал – футбол 2-тапсырма: Даниял қағаздан бесбұрышты және жетібұрышты фигураларды кесіп алды. Кесіп алынған фигуралардың төбелердің қосындысы 43 болады. Осы фигуралардың нешеуі бесбұрыш? Ж: 3 3-тапсырма: Оқушыларды саяхатқа апарды. Оларды қатарға екіден тұрғызғанда бір оқушы сыңарсыз қалды. Оларды үшеуден, сосын төртеуден тұрғызғанда да бір оқушы артық қалып отырды. Оларды қатарға бесеуден тұрғызғанда ғана артық оқушы қалмады. Жалпы неше оқушы болды? Ж: 25 4-тапсырма: Бес адам дөңгелек үстел айналасында отыр. Олардың әрқайсысы кезекпен: «Менің оң және сол жағымдағы екі көршім де өтірікшілер»,-деп айтты. Өтірікшілер барлық уақытта өтірік айтады, ал шыншылдар барлық уақытта шын айтады. Олардың барлығы көршілерінің өтірікші немесе шыншыл екенін біледі. Үстел айналасында неше өтірікші отыр? Ж: 3 Математикалық логика 8 сабақ


1-тапсырма: Суреттегі сандар белгілі бір орналасқан. пен – тің мәндерін тауып, 3∙(+) − өрнегінің мәнін табыңыз. Ж: − 63 19 2-тапсырма: Төменде келтірілген әр жолдағы сандар арасында белгілі бір заңдылық болса, х-тің мәнін табыңыз. Ж: 128 3-тапсырма: Заңдылықты анықтап, сұрақ белгісінің орнына тиісті санды табыңыз. Фигурадағы заңдылықтар 9 сабақ


Ж: 45


1-тапсырма: 10 тонна кірпішті үш фирманың біреуінен алу қажет. 1 кірпіштің салмағы 2 кг. Төмендегі кестені пайдаланып, ең арзан сатып алуға қанша ақша төленетінін анықтаңыз. Фирма 1 кірпіштің бағасы (теңгемен) Жеткізу бағасы (теңгемен) Жеңілдіктер Кірпіш-1 48 9000 Жоқ Кірпіш-2 51 7500 200000 теңгеден артық сомаға сауда жасаса, жеткізу тегін Кірпіш-3 55 6500 225000 теңгеден артық сомаға сауда жасаса, жеткізуге 50% жеңілдік Ж: 249 000 теңге 2-тапсырма: Құрылыс фирмасы 60 м 3 құрылыс діңгектерін үш сатушыдан алуына болады. Бағалары мен жеткізу шарттары кестеде көрсетілген. Жеткізу шартымен есептегенде ең аз төлемақыны табыңыз. Сатушы Діңгек бағасы (1м 3 үшін тг-мен) Жеткізу ақысы Қосымша шарттар 1 700 10000 - 2 900 8000 Сауда 30000 тг-ден артыққа жасалса, жеткізу тегін. 3 750 8000 Сауда 30000 тг-ден артыққа жасалса, жеткізу тегін. Ж: 52 000 тг Кестедегі мәліметтер 10 сабақ


3-тапсырма: Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100 м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі берілген. Уақыттың арифметикалық ортасын табыңыз. Оқушылардың аттары Жүгірген уақыты (секунд есебімен) Назерке 14,1 Меруерт 18,2 Әлихан 15,5 Әлішер 16,2 Әлібек 22,4 Сәкен 16,2 Ж: 17,1 с 1-тапсырма: Егер әкесі 46 жас, ал ұлына 16 жас болса, қанша жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Ж: 14 2-тапсырма: Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен, інісі Әлішерден 3 жас кіші, кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі Әлішерден 3 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 133-ке тең. Әлішердің жасын анықтаңыз. Ж: 21 3-тапсырма: Әділжанның және оның жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 9 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады? Ж: 184 4-тапсырма: Жанардың және оның жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады? Ж: 169 Адам жасына байланысты мәселе есептер 11 сабақ


1-тапсырма: Абылай 1 мен 1000-ды қоса алғандағы натурал сандарды жазып шықты. Ол қанша цифр пайдаланды? Ж: 2893 2-тапсырма: Екі санның қосындысы 573-ке тең. Оның біреуі 1 цифрымен аяқталады. Егер бірді сызып тастасақ, онда екінші сан шығады. Осы сандардың үлкенін табыңыз. Ж: 521 3-тапсырма: Ойлаған санның оң жағына 9 цифрын тіркеп жазып, сонда шыққан санға алғашқы санды екі еселеп қоссақ 633 шығады. Ойлаған санды табыңыз. Ж: 52 4-тапсырма: Берілген үш таңбалы санға сол жағынан 8 цифрын тіркеп жазып, сонда шыққан төрт таңбалы санға 580-ді қоссақ, онда қосындысы берілген үш таңбалы саннан 40 есе артық болады. Осы санды табыңыз. Ж: 220 Сандарға байланысты мәселе есептер 12 сабақ


1-тапсырма: Белгілі бір қашықтықты автомобиль 80 км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта жүріп өтеді. Автобус осы жолды 8 сағатта жүру үшін жылдамдығы қанша км/сағ болуы керек? Ж: 50 2-тапсырма: Арақашықтығы 59 км екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы екі жаяу адам шықты. Бірінші жаяу адам 2 сағатта 7 км, ал екінші жаяу адам 3 сағатта 8 км жол жүреді. Егер екінші жаяу адам бірінші жаяу адамға қарағанда 1 сағат кеш шыққан болса, бірінші жаяу адам кездескенге дейін неше км жол жүрген? (Екі жаяу адамның жылдамдықтары тұрақты) Ж: 35 км 3-тапсырма: Арақашықтығы 406,2 км екі қаладан әр түрлі уақытта бір-біріне қарамақарсы екі автобус жолға шықты. Бірінші автобус 53,82 км/сағ жылдамдықпен 269,1 км жол жүргеннен кейін 45,7 км/сағ жылдамдықпен жүрген екінші автобуспен кездесті. Бірінші автобус екінші автобустан неше сағат бұрын щыққан? Ж: 2 сағ 4-тапсырма: Шаңғышы 30 км жолды белгілі бір жылдамдықпен t сағатта жүгіріп өтуі керек еді. Бірақ ол 3 минутқа кеш шықты. Уақытында жету үшін жылдамдығын жоспарлағаннан 1 км/сағ-қа арттырды. Сөйтіп діттеген уақытында жетті. Шаңғышы қандай жылдамдықпен жүгірді? Ж: 25 км/сағ Қозғалысқа байланысты мәселе есептер 13-14 сабақ


1-тапсырма: Қорапта барлығы 85 шар бар. Олардың 25-і қызыл, 23-і көк, 24-і сары, ал қалғаны ақ түсті. Сары немесе көк түсті бір шарды қораптан қарамастан алу үшін ең көп дегенде қанша шар алынатынын анықтаңыз. Ж: 39 2-тапсырма: Астана мұз айдынында конькиді жалға беру бағасы 1 сағатқа 700 теңге, 1 сағаттан асса, онда келесі сағатқа 400 теңге қосылады. Айдос Астана мұз айдынында 2 сағат 15 минут коньки жалға алатын болса қанша теңге төлейді? Ж: 1200 теңге 3-тапсырма: Сатының 138 баспалдағы бар, Қанат пен Жанат осы баспалдақтьарды санайды: беруі төменнен жоғарыға, біреуі жоғарыдан төменге дейін. Олар Қанаттың елу үшінші деп атаған баспалдағында кездесті. Бұл баспалдаққа Жанат қандай номер береді? Ж: 86 4-тапсырма: Ағаш кесушілер әр 5 минут сайын ағаштың 1 м бөлігін кесіп алады. Ұзындығы 20 м ағаш қанша уақытта кесіледі? Ж: 1 сағат 35 минутта 1-тапсырма: Қазіргі уақытта қалада 48 400 тұрғын тұрып жатыр. Жыл сайын тұрғындар саны 10%-ға артатыны белгілі болса, онда екі жыл бұрын қала тұрғындарының саны қанша болғанын табыңыз. Ж: 40 000 2-тапсырма: Ұжымдық шаруашылықта 60 га жерге дәнді дақылдардың пайыздық мөлшері дөңгелек диаграммада көрсетілген. Неше гектарына тары егілген? Ж: 12 га 3-тапсырма: Цистернаға 48 литр бензин құйғаннан соң, цистернаның 4% толмағаны байқалды. Цистернаны толық толтыру үшін қанша бензин құйылуы керек екендігін анықтаңыз. Ж: 2 л Логикалық іріктеу 15 сабақ Пайызға байланысты мәселе есептер 16 сабақ


1-тапсырма: Есептеңіз: (38 − 1)(38 − 2)(38 − 3) … (38 − 41) Ж: 0 2-тапсырма: Натурал сандар қатары бір заңдылықпен берілген. * белгісінің орнына қандай натурал сан сәйкес келеді? 5; 7; 11; 19; 35; * Ж: 67 3-тапсырма: Белгілі бір ережеге сәйкес құрылған сан тізбегіндегі ? белгілерінің орнындағы сандарды табыңыз. 12, 16, 14, 18, 16, 20, ?, 22, 20, ? Ж: 18; 24 4-тапсырма: 1, 4, 10, х, у, 94 тізбегі белгілі бір заңдылықпен жазылған, (у – х) айырмасын табыңыз. Ж: 24 Тізбектегі заңдылықтар 17 сабақ


1-тапсырма: Оқулықтағы 150 есепті 1-ден бастап нөмірлегенде пайдаланылған барлық цифрлардың саны нешеу? Ж: 342 2-тапсырма: Газеттің екі бетінің сол жағында 4-бет, оң жағында 9-бет деп жазылған. Газет неше беттен тұратын болғаны.? Ж: 12 3-тапсырма: Кітаптың бетін нөмірлеу үшін 513 цифр пайдаланылды. Осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз (нөмірлеу 1-ден басталады). Ж: 207 4-тапсырма: Дәптердің бетін 1-ден бастап нөмірлеуге 87 цифр кеткен болса, бұл дәптердің беттерінің санын табыңыз. Ж: 48 Кітап беті. Газет-журнал беті 18 сабақ


1-тапсырма: Таразының бір табағында 6 мандарин, ал екіншісінде 2 қарбыз жатыр. Егер мандариндерге бір қарбыз қосылса, онда салмақтар теңестіріледі. Қарбыз салмағы қанша мандариннің салмағына тең екенін анықтаңыз. Ж: 6 мандарин 2-тапсырма: Атасы немересіне 130 жаңғақ беріп, оны жаңғақ саны тең емес екі үймеге бөлуді тапсырды. Сонда кіші үймедегі жаңғақтарды 4 еселегенде үлкен үймедегі жаңғақтардан үш есе кем болуы керек. Жаңғақтар қалай бөлінген? Ж: 10 және 120 3-тапсырма: Айдана әрбір құрбысына 2 кәмпиттен берсе, 2 кмпит артық қалады, егер 3 кәмпиттен берсе, 2 кәмпит жетпейді. Айданада неше кәмпит болғанын анықтаңыз. Ж: 10 4-тапсырма: Би үйірмесіне 25 ұл және 19 қыз қатысып жүр. Әр апта сайын үйірмеге 2 ұл және 3 қыз келіп қосылады. Қанша аптадан кейін үйірмедегі ұлдар мен қыздардың саны теңеседі? Ж: 6 1-тапсырма: 2,1(3) периодты бөлшекті жай бөлшек арқылы өрнектеңіз: Ж: 32 15 2-тапсырма: 5,14(87) периодты бөлшекті жай бөлшек арқылы өрнектеңіз: Ж: 50973 9900 3-тапсырма: 2,(9) периодты бөлшекті жай бөлшек арқылы өрнектеңіз: Ж: 3 4-тапсырма: 0,(7) периодты бөлшекті жай бөлшек арқылы өрнектеңіз: Ж: 7 9 5-тапсырма: 13,(9) периодты бөлшекті жай бөлшек арқылы өрнектеңіз: Ж: 14 6-тапсырма: 21,3(9) периодты бөлшекті жай бөлшек арқылы өрнектеңіз: Ж: 53 990 Есеп шарты бойынша теңдеу құру 19-20 сабақ Шексіз периодты ондық бөлшектерге байланысты есептер 21 сабақ


1-тапсырма: 281283 саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. Ж: 1 2-тапсырма: 30414958 саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. Ж: 1 3-тапсырма: 20122014 саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. Ж: 4 4-тапсырма: 3283 саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. Ж: 8 5-тапсырма: 22228888 саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. Ж: 6 6-тапсырма: 5253 саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз. Ж: 2 Дәрежелі сандардың соңғы цифры 22 сабақ


1-тапсырма: Төмендегі берілген мәлімет бойынша А және В бағандарын салыстырыңыз. А бағаны В бағаны 12964 өрнегінің соңғы цифры 162014 өрнегінің соңғы цифры Ж: А = В 2-тапсырма: 1230 − 9 10 өрнегінің мәні қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз. Ж: 3 3-тапсырма: Кестеде берілген тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыстығын анықтаңыз. 1 (−4) −9 саны теріс мағынаға ие 2 210 ∙ 10−3 және 0,021 өрнектері тең 3 4444 өрнегінің соңғы цифры «4»-пен аяқталады Ж: 1 – дұрыс, 2 – бұрыс, 3 – бұрыс Санның дәрежесіне байланысты есептер 23-24 сабақ


4-тапсырма: Кестедегі мәліметтерге байланысты дұрыс жауабын табыңыз: А В 502205 санының соңғы цифры 548845 санының соңғы цифры Ж: А < В 1-тапсырма: Өрнектің мәнін табыңыз: 27− 1 3 + 64 2 3 − (−0,5) −2 Ж: 12 1 3 2-тапсырма: Өрнекті ықшамдаңыз: 472 + 322 2 −47 ∙ 32 Ж: 112,5 3-тапсырма: Есептеңіз: (2,5) −1 + (1 2 3 ) −1 − 5 2 Ж: -24 4-тапсырма: Өрнектің мәнін табыңыз: (81 ∙ (3 1 3) −6 −2 3 ) −8 + (33 ∙ (4 1 4) −12 + 2 −5 (−2) ) −1 Ж: 3 Дәреженің қасиеттеріне байланысты есептер 25 сабақ


1-тапсырма: Теңдеулер жүйесін шешіңіз: { = 2 − = 3 Ж: (-3;-6) 2-тапсырма: Теңдеулер жүйесін шешіңіз: { = −3 + = 2 Ж: (-1;3) 3-тапсырма: Теңдеулер жүйесін шешіңіз: { = −4 −2 + = −6 Ж: (1;-4) 4-тапсырма: Теңдеулер жүйесін шешіңіз: { − = 5 3 − 3 = 15 Ж: Шексіз көп шешімі бар Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіне байланысты есептер 26 сабақ


1-тапсырма: Төмендегі теңдеулердің ішінен түбірі 2-ге тең бола алатын теңдеу(лер)ді көрсетіңіз. А) 7 +5 = 19 В) 17 = −34 С) 5 +3 = 12 D) 3 = 12 E) 3 = 6 F) 2 = 6 G) 17 = 34 H) 5 − 3 = 12 Ж: A, E, G 2-тапсырма: Кестедегі теңдеу шешімінің көрсетілген пайызын табыңыз: 3 +5 = + 45 20% 4 6 −3 = + 57 25% ? Ж: 3 3-тапсырма: Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз: 0,5 = 1,456 72,8 Ж: 0,01 Бір айнымалысы бар сызықты теңдеулерге байланысты есептер 27 сабақ


4-тапсырма: Теңдеуді шешіңіз: 6 1 + 2 = 3 4 Ж: 1 6 5-тапсырма: Теңдеуді шешіңіз: − 3 − 2 = 6,5 1,5 Ж: 1,7 1-тапсырма: Өрнектің мәнін табыңыз: −2 2 5 : 2,4 0,25 + 15 16 ∙ 4 2,5 Ж: 1,25 2-тапсырма: 3,5 ∙ (−2)− 2,8 3,5 ∙ 2,8 өрнегінің мәні: Ж: -1 3-тапсырма: Өрнектің мәнін есептеңіз: 133,38: 1,9 −4,5(6 + 7,5)+ 15 (4,5 + 0,4) ∙ 1,6: 0,04 −195,7 Ж: 81,5 4-тапсырма: Өрнектің мәнін табыңыз: (( 3 5 ) 2 − 1 5 ) : 2 5 Ж: 2 5 Өрнектің мәнін табуға берілген есептер 28 сабақ


1-тапсырма: А және В бағандарын салыстырыңыз: А бағаны В бағаны 0,036: 0,09 0,975: 1,95 Ж: А + 0,1 = В 2-тапсырма: Мәнін табыңыз: 203,81: 4,58 Ж: 44,5 3-тапсырма: Айырманың мәнін табыңыз: 0,105 − 0,8 Ж: -0,695 4-тапсырма: Қосындының мәнін табыңыз: 0,06 +7,84 Ж: 7,9 Ондық бөлшектерге байланысты есептер 29 сабақ


5-тапсырма: А және В бағандарын салыстырыңыз: А бағаны В бағаны 12,26 ∙ 1,227 122,6 ∙ 12,27 Ж: А < В


1-тапсырма: А және В бағандарын салыстырыңыз: А бағаны В бағаны 777444 санының соңғы цифры 444777 санының соңғы цифры Ж: А + 3 = В 2-тапсырма: А және В бағандарын салыстырыңыз: А бағаны В бағаны 5 202 санының соңғы цифры 6 202 санының соңғы цифры Ж: А + 1 = В 3-тапсырма: А және В бағандарын салыстырыңыз: А бағаны В бағаны 502205 санының соңғы цифры 548845 санының соңғы цифры Ж: А < В 1-тапсырма: Бір аптада кассада киноға сатылған билеттер санының диаграммасы көрсетілген. Жоспар бойынша 1 күнде 500 билет сатылуы тиіс. Қай күндері жоспарланған билет санының жартысынан аз билеттер сатылды? Ж: сәрсенбі, бейсенбі 2-тапсырма: Суреттегі меңзер қай санды көрсетіп тұр? Ж: 280 Бағандарды салыстыруға берілген есептер 30-31 сабақ Диаграммадағы мәліметтерге берілген есептер 32 сабақ


3-тапсырма: Ана баласының бос уақытын қалай жұмсайтынын бақылау нәтижесінің диаграммасы көрсетілген. Спортпен шұғылдану барлық уақытының қанша бөлігін алғанын анықтаңыз. Ж: 3 20


1-тапсырма: Екі құмырсқа қыры 2 см болатын ағаш кубиктің А және В төбелерінде орналасқан. Біраз уақыттан кейін олар бір-біріне қарай ең қысқа жолмен жүрді. Олар кездескен кезде жүрген жолдарының қосындысы неге тең болатынын табыңыз. Ж: 2√5 см 2-тапсырма: Қанаттың қыры 1 см-ге тең 32 кубигі бар. Ол тік бұрышты параллелепипед жасау үшін барлық кубиктерін толық пайдаланады. Параллелепипедтің табанының периметрі 12 см. Параллелепипедтің биіктігін табыңыз. Ж: 4 cм Стереометрия есептері 33 сабақ


3-тапсырма: ABCDEFGH кубы берілген. =∠AHC, =∠AHD, =∠AHG. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз. Ж: 2 > + 1-тапсырма: Сандар белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан. Сол заңдылық бойынша 3 + өрнегінің мәні неше болады? Ж: 101 2-тапсырма: Отбасында үш адам бар: әкесі, анасы, қызы. Қызының жасы анасының жасынан төрт есе кіші. Ал анасы әкесінен алты жасқа кіші. Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы 75 болса, әкесі мен анасының қазіргі жастарының қосындысын табыңыз. Ж: 54 3-тапсырма: Өрнектің мәнін есептеңіз: Қорытынды сабақ 34 сабақ


133,38: 1,9 −4,5(6 + 7,5)+ 15 (4,5 + 0,4) ∙ 1,6: 0,04 −195,7 Ж: 81,5 4-тапсырма: Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Табу керек: + =? 3; 7; 7; 9; 11; 11; ; ; 19; … Ж: 28 5-тапсырма: Анасы баласынан 3 есе үлкен, ал әкесі анасынан 4 жасқа үлкен. Барлығыңыз жастарының қосындысы 81-ге тең. Әкесі неше жаста? Ж: 37 6-тапсырма: Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді. Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын. Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып (дұрыс немесе қате) 26 ұпай жинады. Ол қанша есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз. Ж: 7


Click to View FlipBook Version