The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Mirzhan Massenov, 2024-03-05 16:18:09

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері

Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері


Бұл сабақта: • Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері туралы оқып-білесіңдер; • Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерінің маңызын оқыпүйренесіңдер;


Кілт түсініктер • Тіршіліктің қалыптасу кезеңдері • Тіршілік


Тірі организмдерге тән негізгі қасиеттер Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер: • Химиялық құрамының біркелкілігі; • Зат және энергия алмасуы; • Құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы; • Көбею; • Тұқуымқуалаушылық; • Өзгергіштік; • Өсу мен даму; • Тітіркенгіштік; • Дискреттілік (оқшаулану); • Өзін-өзі реттеу; • Ырғақтылық


Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары • Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5-5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған.


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • Грек философиясының негізін салушы Фалес органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әртүрлі заттардан іздеді; • Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болады деп қорытынды жасады.


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д IV ғ) бит еттен, қандала жануар шырынынан, шұбалшаң балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұсынды


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • Ағылшын философы Ф.Бэкон міндетті түрде бақылау, тәжірибе жасап зерттеуді ұсынды; • Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл түрде қарсы шықты; • Ғалымның «тәжірибе жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек» деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди тәжірибе жасап «тіршілік өздігінен пайда болады» деген теорияға қарсы шықты; • Ол 1668 жылы төрт ыдысқа ет салып, оны ашық қойды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. • Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын жыққан жоқ; • Реди осы тәжірибе арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлеледеп берді.


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • 1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастайды; • Ешқандай өзгеріс байқалмайды, аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен кейін ашып кеткендігі байқалды; • Виталистік (лат. Vitalis-тірі, тіршілігі бар) көзқарастағылар аузы жабық ыдысқа «тіршілік күші» кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде «тіршілік күші» өледі деген қарсы пікірді ұсынды.


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • XX ғасырдың бас кезінде швед ғалымы С.Аррениус панспермия тұжырымын қолдады. • Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған; • «Тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады» деп түсіндірді; • Бұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде болды.


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • «Тіршілік жер бетінде мәңгілік» деген теорияны 1880 жылы неміс ғалымы В.Прейер ұсынды; • Бұл көзқарасты аса көрнекті орыс ғалымы В.И.Вернадский де жақтады; • Бұл теория «тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ» деген пікірге келіп тірелді;


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • Неміс ғалымы Э.Пфлюгердің (1875 ж) нәрузды заттардың шығу тегін зерттеуінің маңызы зор; • Нәруыздың цитоплазма құрамының негізгі бөлігі екендігіне ерекше мән беріп, тіршіліктің пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндірге тырысты.


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • Тіршіліктің өз бетінше пайда болмайтынын XIX ғасырдың ортасында Л.Пастер дәлелдеді; • S тәрізді түтікше бекітілген колбаға ет сорпасын құйып қайнатады. • Бірнеше айлар бойы сорпа стерильді сақталады, себебі ауадағы микроорганизмдер оған түсе алмайды; • Бірақ сорпа бір күні кенеттен тұнық болып кетеді, себебі түтікшені алып тастағанда ондағы микробтар дереу ішке кіріп кетеді;


Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар мен теориялар • Орыс ғалымы А.И.Опарин 1924 жылы және ағылшын ғалысы Дж.Холдейн 1929 жылы «материя алғашқы мұхиттың ұзақ уақыт дамуынан пайда болады» деген гипотеза айтады; • Тіршіліктің пайда болуы көптеген молекулалық химиялық түзілістерден, олардың полимеризациясынан, күрделі агрегаттардың және т.б пайда болуынан деп есептейді;


Тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. 1-кезең. Абиогенді синтез • С.Миллер алғашқы мұхиттың құрамына сәйкес суы бар құты әзірледі; • Бұл құтыдағы суды мезгілімен қыздырып отырды, себебі су буы атмосфераға барып салқындағанда қайта жаңбыр болып құтыға оралатындай жағдай жасады; • Бір аптадан соң осы жасанды мұхитта ұсақ организмдер пайда болды; • Зерттеп қараса, «алғашқы мұхитта» (құтыда) несепнәр, қышқылдар, ең маңыздысы аминқышқылдар пайда болғанын байқайды; • Осы аминқышқылдардан нәруыз түзілетіні белгілі, сондықтан мұны абиогенді синтез деп атаған. • Мұнда химиялық реакциялардың энергия көзі ретінде найзағай, ультракүлгін және ғарыштық сәуле нәтижесіндегі жоғары температура пайдаланыла отырып, нәруыз, май, көмірсу және аминқышқылдар синтезделеді. • Алғашында мұхитта осы заттардың бәрі болғандықтан, А.Опарин дамудың бұл сатысын «алғашқы сорпа» (бульон) деп атады,


Тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. 2-кезең. Коацервация процесі • Коацервация процесі-заттардың коацерваттарға жинақталуы. • Ерімейтін майлардың қасиеттеріне байланысты және молекулалардың әртүрлі заряды есебінен тосқауылдар қалыптаса түсті; • Майлардан тұратын тірі зат мембранасының қалыптасуы арқасында қоршаған ортадан құрылысы және энергетикалық деңгейі бойынша ерекшеленетін болды.


Тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. 3-кезең. Коацерваттар эволюциясы • Коацерваттар эволюциясы, тіршілік қасиеттерінің көрініс беруі-коацерваттар мұхиттағы нәруыз, май, көмірсулармен қоректену арқылы өседі, белгілі көлемге жеткенде бөлінеді де, тамшыға айналады; • Оны коацерват тамшылар деп атайды.


Тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. 4-кезең • Алғашқы прокариотты жасушалардың пайда болуы туралы А.Опарин «табиғатта протобионттардан өте қарапайым бактерияларға дейін жүріп өткен жолы...амебадан адамға дейін жүріп өткен жолдан тіпті де кем емес» деген; • Мұнда жай ғана тіршілік қасиеті емес, алғашқы нағыз тірі организмдер-прокариотты (ядросыз) жасушалар пайда болды; • Фотосинтез процесін жүргізуге бейім цианобактериялар түзіліп, көпжасушалы, гетеротрофты организдердің түзілуіне жол ашты.


Тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. 5-кезең. Эукариотты көпжасушалылардың пайда болуы • Эндосимбиоз теориясының нәтижесінде эукариотты жасушалар пайда болады; • Эукариоттардың әртүрлі энергия көзін пайдаланатын өсімдіктер мен жануарларға бөліну процесі басталды; • Қатарлас эукариоттың шоғырлы формалары мөлшерін ұлғайтуға ұмтылып, цитоплазмаларын біріктірді; • Нәтижесінде көпжасушалылар пайда болды.


Қорытынды • Тіршілік дегеніміз-құрылымы нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін-өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдыратын тірі организмдердің жиынтығының ашық жүйесі.


Click to View FlipBook Version