The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Жанерке Туменбаева, 2024-02-21 06:18:54

Моңғол

Моңғол

Моңғол дәуіріндегі Қазақстан


Тақырыпты видеосабақ арқылы түсіндіру https://youtu.be/etJlViYuMdo?feature=shared


Гугл әдісі Моңғол туралы деректер Моңғол империясының құрылымы/ Ұлыстар Шыңғысхан жорықтары Ясса заңы Моңғол этнонимі


Моңғол” этнонимі 7 – 10 ғасырлардағы Қытай шежірелерінде мэн-гу, мэн-ва, мэнгу-ли түрінде кездеседі. “Моңғол” этнонимінің пайда болуы жөнінде ғылымда бірнеше болжамдар бар. 13 ғасырда қазіргі Моңғолия мен Қытайдың солтүстікшығысын мекендеген тайпалардың бір бөлігі Шыңғыс ханның басшылығымен көршілес тайпа одақтар мен мемлекеттік құрылымдарды (қидандарды, ұйғырларды, қыпшақтарды, таңғұттарды, меркіттерді, наймандарды, т.б.) бағындырып, біртұтас мемлекет құрды. 13 ғасырдың жартысында Шыңғыс хан империясы бөлінгенде көпшілік Моңғолдар Юань империясына қарады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань империясы тарап, Моңғолдар Қытайдан қуылды. 15 ғасырда моңғол тілдес халықтар батыс және шығыс топқа бөлініп кетті. Моңғолдардың шығыс тобы 16 ғасырда солтүстік және оңтүстік болып бөлінді. Солтүстік Моңғолдар 16 ғасырдан бастап “Халха” деп атала бастады (қазір олардың ұрпақтары Моңғол Республикасы халқының 90%-ын құрайды). Моңғолдардың қазіргі әдеби тілінің негізі халха тілі болып табылады. Оңтүстік Моңғолдар Қытайдың құрамында қалып қойды және қазір ҚХР-дағы ішкі Моңғолияда тұрады. Батыс Моңғолияда ойраттар 17 ғасырда Жоңғар хандығын құрды, олардың ұрпақтары Моңғолиядағы, Қытайдағы Моңғолдар мен қалмақтардың құрамына енді.


Жаулап алған жерлерін Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді Моңғол империясының құрылымы Жошы ұлысы Шағатай ұлысы Үгедей ұлысы Төле ұлысы


Жошы хан Ұлысы Жошы ұлысы немесе Қыпшақ даласы атанған ұлан-ғайыр даланың жалпы аумағы 10 млн шаршы шақырымға жеткен Жошы ұлысы – дүниенің төрт бұрышына билігін жүргізген Шыңғыс ханның өз иелігіндегі жерлерін төрт ұлына бөліп бергенде Жошының үлесіне тиген аса үлкен территориялық аумақ. Зерттеушілердің айтуынша, Жошының қол астына қараған аумаққа қазіргі қазақ жерінің 65 пайызы кірген екен. Кейін бұл аумақтың құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Балқан елдері, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ даласы енген. Осылайша, Жошы ұлысы немесе Қыпшақ даласы атанған ұлан-ғайыр даланың жалпы аумағы 10 млн шаршы шақырымға жеткен.


Шағатайға тиген иелік жер Шығыс Түркістаннан Самарқанд, Бұқара, Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі алқапты қамтиды. Кейбір деректерде, Шағатай иелігінің Амударияға жеткеніне күмән келтіреді. Бірақ Шыңғыс қағанның әдейі шақыруымен 1221 жылы Бейжиңнен (Пекин) шығып Алтай, Ертіс, Жетісу бойын басып бір жыл жол жүріп 1222 жылы 5 сәуірде Гиндукуште ұлы қағанмен жүздескен Қытайдың діни ғұламасы және әйгілі тәуіп Чан Чунь өзінің "Батыс сапары туралы" жол жазбасында "Шағатай Сайрам көлі, Талқан асуы бойында жол төсеп, Амудариядағы бұзылған көпірді ретке келтіріпті"[7] дегеніне қарап, біз Шағатай билігі Амудария бойына жеткендігіне көз жеткізе аламыз. Шағатай ұлысының орталығы Құлжа өлкесі, Іле өзенінің оңтүстігіне қарай орналақан Құяс қаласы болды. Осыған байланысты В.В.Бартольд Құяс қаласы "Барыс ханның сыртында" орналасқан екен, бұл Қаяс немесе Құяс тухсилермен шігілдердің барлық жерін қамтиды Шағатай ұлысы


Бүгінгі Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл, Тарбағатайдан Балқаштың сол жақ жағалауына дейінгі жерлер Үгедей ұлысы болып есептелген. Орталығы қазіргі ҚХР-ның Шыңжаң аймағындағы Еміл қаласы болған.1227 жылы кезінде жаһанды қаһарымен əрі күшімен тітіренткен Шыңғыс хан дүниеден өтеді. Жошыдан кейінгі мұрагері Шағатай болғанымен, оның барынша қатыгез жан екенін білетін Шыңғыс хан өлер алдында мінезінің жұмсақтығымен, парасат-пайымымен, төзім-байыбымен ерекшеленетін сабырлы баласы Үгедейді бүкіл империяның ханы етіп тағайындауды тапсырады. 1229 жылы (Ұлы құрылтайда) Үгедей əкесінің өсиеті бойынша Ұлы хан болып жарияланады. Кейін ол өз ұлысының билігін баласы Күйікке табыс етеді. Үгедей ұлысы


Жасақ, Яса — Шыңғыс хан империясының әскери-құқықтық заңдар жинағы. Шамамен Шыңғыс хан ұлы хан тағына отырғаннан кейін (1206) құрастырылған. Жасақ заңы ежелгі түркі қағандары мен 10 — 12 ғасырларда өмір сүрген түркі ұлыстарының әскер құру тәртібі, ел билеу жүйесі және тұрмыс-салт заңдары негізінде пайда болды және Шыңғыс ханның мұрагерлері оны бұлжытпай орындап отырды. Жасақтың 33 заң тармағы мен Шыңғыс хан айтты деген қосымша сөздер сақталған. Жасақ ережелерінде, негізінен, әскерді ұйымдастыру мен басқару, жауынгерлер мен әскербасылар (нояндар) және хандар арасындағы қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ, әкімшілік-құқықтық ережелер баяндалған. Шыңғыс хан империясы ыдырағаннан кейін құрылған түркі мемлекеттерінде, соның ішінде Қазақ хандығында Жасақ заңы сақталып қалды. 16 — 18 ғасырларда осы заңның негізінде Қазақ хандығында жаңа заңдар жасалынды; Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы. Жеті Жарғы.


Хронология әдісі: ойында көрсетілген оқиғалар мен уақытын сәйкестендіру https://learningapps.org/watch? v=pmbziton523


1. Петрушеский И.II. Поход монгольских войск и Среднию Азита и 1219- 1224 гг, и его последетвия. В книги: Татаро-монголы в Азии и Европе. М.1977. с. 122. 2.«Маңғолдардың құпия шежіресі». 262-параграф. Ісләм Қабышұлы «Керейлер керуені», 79-бет. 3.«Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз» журналы, 1984-жылы, наурыз. «Қазақ ССР тарихы», І-том, 156-бет, Алматы, 1957. Н. Я. Марр, Шығармалары, 286-бет. 1915. 4. Сборник материалов. относящиеся к истормм Золотой Орды. т. І. М. Л., 1941. с. 14. 5. Греков Б. Д. Якубовский Л. Ю. Золотая Ақ Орда ее падение. М.-Л. 1950: Сафаргалиев М. II. Распад Зрлотой Орды. 6. Рашид ад-Дин. Сборник летописей. г. П. с. 164. 7. История Казахсой ССР. т. 11. С. 144-146. Пайдаланылған әдебиеттер


Click to View FlipBook Version