16.01.2024, 23:37 Табиғаттағы қауіпті құбылыстар https://daryn.online/lesson/27096-tabyghattaghy-qauipti-qubylystar 1/2 Табиғаттағы қауіпті құбылыстар Қате туралы хабарлау Қараңғы режим Сәлем, біздің Daryndy, бүгін бізбен бірге біліміңізді шыңдағаныңызға қуаныштымыз! Осы жетістігіңізді өз TikTok, Instagram-ыңызда бөлісіңіз. Бізді белгілеуді ұмытпаңыз, біздің аккаунтымыз @daryn.online :) Пікірлер 4.8 57 пікір 5 4 3 2 1 Сандуғаш Қасым 11.01.2024 Керемет Сабина Таңатқызы 04.01.2024 Жақсы өтті Ерасыл Еділ 04.01.2024 Норм тағы жүктеу Басты бет НЗМ, БИЛ, Дарын Жаратылыстану НЗМ 5-6-сынып үшін Табиғаттағы қауіпті құбылыстар Жаратылыстану НЗМ 5-6-сынып үшін 4.8 (57 пікір) 02:24 Теориялық материалдарға шолу: Табиғаттағы қауіпті құбылыстар Табиғаттағы құбылыстар адамдарға қауіпті қатер төндіруі мүмкін. Мұндай құбылыстар планетамыздың барлық аймағында болып тұрады. Ірі төтенше жағдайлар, адам шығынына, қалалар мен өнеркәсіп нысандарының қирауына алып келеді. Әртүрлі жағдайлардағы табиғи қауіпті құбылыстардан қорғану ежелгі ата-бабаларымыздан бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан мәселелердің бірі. Табиғаттың қауіпті құбылыстарынан қорғануға үйренуді адамдар ежелден бастап қолға алған. Табиғатты бақылауды жүйелі жолға қою XVII ғасырдан басталды. Табиғи құбылыстарды зерттейтін, бақылайтын жеке ғылым саласы (жаратылыстану) пайда болды. Қауіпті табиғи құбылыстар бұл тұрғындардың қалыпты тіршілігіне, денсаулығына және материалдық құндылықтарының қирауына, жойылып кетуіне әсер етеді. Қауіпті табиғи жағдайларға себепші құбылыстар: жер сілкінісі, жанартау атқылауы, лай-топырақ көшкіндері, сел, цунами, қар көшкіндері, су тасқыны, күшті дауылды жел, шаңды жел, нөсер жаңбыр, қуаңшылық, табиғи өрт, үсік, найзағай т.б. 1 – сурет. Қауіпті табиғи жағдайларға себепші құбылыстар Қауіпті табиғи жағдайларға себепші құбылыстар: • Жер сілкінісі • Жанартау атқылауы • Күшті дауылды жел • Шаңды жел • Цунами • Қар көшкіндері • Нөсерлі жаңбыр • Үсік • Найзағай Дүниежүзінде кең тараған қауіпі табиғи құбылыстар: тропиктік дауыл (32%), су тасқыны (32%), жер сілкінісі (12 %), қуаңшылық (10 %), басқа да табиғи үдерістер (14 %). Материктер арасындағы қауіпті құбылыстардың әсеріне ұшырау көрсеткіші: Азия (38%), Солтүстік және Оңтүстік Америка (26 %) екен. Ал Қазақстан аумағының біраз жерінде дала және орман өрттері қауіп төндіреді. Өрттің 90%-ға жуығы адамның іс әрекетінен болатындығы
16.01.2024, 23:37 Табиғаттағы қауіпті құбылыстар https://daryn.online/lesson/27096-tabyghattaghy-qauipti-qubylystar 2/2 Платформа Курстар ҰБТ Байқау тесті Мамандық Қолданушыларға Репетитор Қолданушы келісімшарты Мақала Мұғалімдерге Олимпиада Daryn Teacher Тегін Бірлестік Сыйлықтар Аккаунтты қалай жоямын? Мектеп анализі Бесплатное приложение Новости Помощь Правила платформы Договор оферты Политика конфиденциальности Bugin Holding LCC анықталған. Сел тасқындары көбіне кенеттен басталады. Кішкене тау өзендерінің бассейндерінде және құрғақ боп тұрған сайларда минералды бөлшектердің, тастардың, тау жыныстар сынықтарының концентрациясы өте биік болып түзілген лай судың ағындары деңгейін күрт көтеріп өтеді. Ауадағы желдің жылжуы үшін 12-баллдық Бофорт бағанасы анықталған. Дауыл зор қиратқыш күші бар және айтарлықтай ұзақ уақыт тұратын, жылдамдығы 32,6 м/с (117,3 км/сағ) асатын, яғни 12 баллды жел. Сондай-ақ, дауылдар деп Тынық Мұхиттың Орталық Америка маңайында пайда болатын тропикалық циклондарды айтады. Қиыр Шығыста, Үнді Мұхиттың аудандарында болатын тропикалық циклондарды тайфун деп атайды. Тропикалық циклондар желдің жылдамдығы көбіне 50 м/с асып тұрады. Циклондар мен тайфундар, әдетте, қарқынды жауыншашынмен бірге жүреді, мұндай нәрселер жиі кездерде дауылды желдердің өздерінен де қауіпті болып келеді. Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар астындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады. Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре отырып тез арада жылдамдығын күшейтеді. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай – 30-40° тігімен орналасқан, майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу қарқындылығына байланысты болады. Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта, атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық байқалғанда пайда болады. Құйын – жоғары көтерілетін ауаның айналма формасы, мөлшер жағынан ауа қозғалысының ең кіші түрі, ал айналу жылдамдығынан ең шапшаң түрі болып келеді. Олар су айдың үстінде, сондай-ақ құрлықта да жер шарының көптеген аймақтарында түзіледі, әдетте пәстегі жауынды бұлттан, кейде ашық күнде туындайды, көбіне найзағаймен, бұршақпен, ерекше күшті нөсермен бірге жүреді. Табиғи өрттер деген ұғымға орман, дала және егістік алқаптарында болатын өрттер, шым тезек және жер асты жанғыш өрттері жатады. Ерекше зиян келтіретін және адам өміріне зиян келтіретін өрттің кең тараған түрлері болып орман және дала өрттері болып табылады. Бұл өрттер сирек кездесетін құбылыс емес, олар жыл сайын болып тұрады; өкінішке орай өрттің 90-97%-і адамның кінәсінен болып тұрады. Оқу-әдістемелік ресурстар: 1. Б.Ш. Әбдіманапов, А.У. Әбілғазиев / Жаратылыстану: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2017. – 208 бет. 2. stud.baribar.kz›Қауіпті табиғи құбылыстар 3. shareslide.ru›estestvoznanie/tabiattay-aupt-…