-1-
МАЗМҰНЫ
Эссені неден бастау керек?.............................................................................. 3
1. Эссе дегеніміз не? Оның шығармадан айырмашылығы қандай?........ 5
2. Аргументті эссеге не жатады?..................................................................... 7
3. Аргументті эссені жазудың алгоритмі қандай? .................................... 8
4. Эссе тақырыбын қалай дұрыс таңдау керек?......................................... 9
5. Эссенің карта-схемасын қалай дайындау
керек және онымен қалай жұмыс істеу керек? .........................................11
-2-
ЭССЕНІ НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?
Эссе дегеніміз не? Оның шығармадан айырмашылығы қандай?
Аргументативті эссе дегеніміз не? Оның қандай ерекшеліктері
бар?
Аргументті эссені жазудың алгоритмі қандай?
Эссе тақырыбын қалай дұрыс таңдау керек?
Эссенің карта-схемасын қалай дайындау керек және онымен
қалай жұмыс істеу керек?
ГЛОССАРИЙ:
эссе – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық,
саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын
білдіретін мәтін. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге мынадай
анықтама берілен: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған
әдеби шығарма».
жанр - өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім
жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты
өзіндік жанрлық жүйе құрайды.
шығарма – берілген тақырып бойынша өзіндік ойды білдіретін мәтін,
шығарма міндетті құрылымдық элементтері бар (кіріспе, негізгі бөлім және
қорытынды) еркін композицияға құрылады.
абзац/ мәтіннің абзацқа жіктелуі – мәтіннің негізгі композициялық
бірліктерінің бірі, ол мәтінді бөледі және мағыналық тиянақтылықты
білдіреді (мысалы, кіріспе, қорытынды).
Аргументті эссе – эберілген тақырып мәселесі талданатын көлемі шағын
мәтін, эссе мәтіні еркін құрылымда болады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды),
авторпозициясын білдіру үшін аргументтер мен фактілер келтіріледі.
(эссені) бағалау критерийі – оқушылардың мақсатқа жету нәтижесі
шын мәнінде қандай болатындығын көрсететін белгі (сипаттама), эссені
бағалау кезінде эссе тақырыбын ашу, дәлелдеу, анықтық т.б. критерийлер
басшылыққа алынады.
(эссе) мазмұны – эссе тақырыбында берілген мәселені авторлық көру/
шешу көрінетін сөз, сөйлем түрінде берілген мәтіннің мағынасы .
(эссе) пішіні – сөз, сөйлем және абзац түрінде эссе мәтінінің тілдік
ұйымдастырылуы.
-3-
(эссе) құрылымы/ (эссе) композициясы – мәтін компоненттерінің
орналасуы мен қатынасы, яғни мазмұны мен жанрына сәйкес эссенің жазу.
(эссенің) байланыстылығы – мәтіндегі сөйлемдер мен абзацтардың
бір-бірімен байланысы, лексика-грамматикалық, морфологиялық-
синтаксистік құралдарды (сөз таптарын есімдікпен алмастыру, шылаулар мен
демеуліктерді пайдалану, етістік формаларының жақтық-шақтық үйлесімі
пайдалана отырып, олардың орналасу және тізбектелу тәртібі.
(эссенің) логикалығы – мәтіннің логикалық түрде түзілуіне жататын эссе
мәтінің қасиеті, мысалы, эссенің кіріспеден қорытындыға дейін жүйелілігін
сақтауы.
(эссе) тақырыбы – эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып
отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетін атау.
кілт сөз - сөздің (сөйлемнің) негізгі мағыналық өзегі болып табылатын сөз
немесе сөз тіркесі.
(эссе) мәселесі – өте күрделі, жан-жақты талдауды қажет ететін мәселе.
(эссенің) карта-схемасы – мәтін түзудегі нақты параметрлерді, яғни
аргумент арқылы сипаттау, тезис құрау, жазылатын эссе тақырыбын
жоспарлау сияқты параметрлерді қамтитын эссе құрылымының визуалды
сипаты.
ТЕОРИЯ: Бірінші сабақта мыналарды білеміз:
• Аргументті эссені шығармадан ажырата білу.
• Аргументті эссе қандай болуы керек
• Эссе тақырыбы бойынша алдын-ала жұмыстар алгоритмін анықтау.
• Эссе тақырыбын таңдау, эссе тақырыбы мен эссе мәселенің талдау.
• Жазылатын эссе құрылымы мен мазмұнын сипаттау.
-4-
1. ЭССЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ОНЫҢ ШЫҒАРМАДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма.
Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін,
сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды.
Л.П. Крысинның «Толковый словарь иноязычных слов» деген еңбегінде эссе
«жүйеленген ғылыми түрде емес,еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін
очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде ,
көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын
проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық,
публицистикалық жанр.
Эссенің кейбір белгілері:
- нақты тақырып немесе мәселенің қойылуы;
- мәселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола алмайды;
- нақты мәселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке әсері мен түсінігін
білдіреді;
- белгілі бір пәнді анықтап түсіндіріп беруге тырыспайды;
- эсседе бір нәрсе туралы субъективті реңк алған, жаңа сөздер беріледі,
атап айтатын болсақ, бір мәселе төңірегінде айтылып жүргеннен басқа ой
айтылып, басқа сөз қолданысы көрініс табады;
- эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық ерекшелігі –
оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады.
Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды:
Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде
ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).
Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық
байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады.
Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән.
Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге
айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың
тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын
айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте
ұстаған жөн.
Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы
мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай
өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы.
Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы
кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай
белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа
идея тудырып отыруы абзал.
-5-
Эссе Шығарма
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai Шығарма – оқушының туған
-тәжірбие,лат.т.exagium –құрау халқының әдебиетінен алған
) – философиялық, әдеби, тарихи, білімін өз ойымен, дүниетанымдық
публицистикалық, әлеуметтану, көзқарасымен еркін ұштастыра
саяси және тағы басқа саладағы отырыпбаяндайтыншығармашылық
ғылыми емес, автордың жеке төл еңбегі. Оқушыдан көркем
көзқарасын білдіретін прозалық шығарманы өзіндік ой-пікірі,
мәтін. көзқарасы тұрғысында терең талдап
пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен
жүйелі баяндауы талап етіледі.
Эссе – еркін композициялық Шығарма – белгілі бір берілген
құрылымға негізделген немесе тақырыпқа арналған, міндетті
к ө р к е м - п у б л и ц и с т и к а л ы қ құрылымнан тұратын, тек пәндік
жанрдың бір түрі білімге бағыт талған шығармашылық
жұмыс.
Эссе қатаң түрде жоспарға Шығармада жоспарды жазу
негізделуі міндетті емес. міндетті.
Анықтамасы
Эссе жеке көзқарас, сараптама, Шығарма формасы оның түріне
дәлелдемелерге негізделеді. байланысты, көбінесе көркем
мәтінді талдауға негізделеді.
Эссенің мақсаты – эссе Шығарманың мақсаты – жазылым
жазушының өзіндік көзқарасын, тілін дамыту, логикалық ойлауды
сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дамыту, шығармашылык, қиялды,
дәлелді бекіту үшін жан- нақты нәрсені еркін, қызықты
жақты білім алып, ақпараттық түрде беруге ұластыру, әдебиетті
қарулану, тақырыпты ашуда іштей түсіне отырып, оның мәні
метатанымдық білігін тиімді мен құдіретті орнын өз дүниесінде
қолдану, шығармашылық көркемдеп бере алу.
қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін
реттеу, жазу түрлеріне қарай
жазу тәсілдерін таңдай біліп,
эссе түріне қарай жазу стилін
сақтау, ой жүйесінің бірізділігін
сақтауда сөз оралымдарын
тиімді қолдану, шығармашыл
жазбаларда сөздік қорының
байлығын дамыту, талдау
жұмыстарында қажетті термин
сөздерді тиімді қолдану.
-6-
2. АРГУМЕНТ ТІ ЭССЕГЕ НЕ ЖАТАДЫ?
Дәлелдеу - белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты
шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер
жиынтығы. Ол сенім - наныммен байланысты, бірақ онымен тең емес:
аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық - тарихи тәжірибеге
сүйенеді. Сенім - жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.
Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис,
аргумент, қорытынды.
Тезис - дәлелденуге тиісті жағдай. Аргументтер - тезистің анық шын
екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория. Қорытынды - фактілерді
талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым - біздің сенімімізге,
нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.
Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер - тенденцияны
анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген
жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.
2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде
қолданылады.
3. Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу
аргументі ретінде қолданылады.
Тезистер мен аргументтердің логикалық сабақтасып тұруы үшін олардың
өзара байланысу тәсілдерін білу қажет. Аргумент пен тезистің байланыстары
тура, қосымша, айрықша бөліп тұратын болуы мүмкін. Тура аргументте
тезистің шындығы аргументтен анық көрініп тұрады. Мысалы, біз сабаққа
баруға тиісті емеспіз, себебі бүгін күн жексенбі.
Индукция, дедукция, аналогия, себеп - салдар байланыстары арқылы тура
дәлелдеу әдістерін қолдануға болады.
Эссенің көптеген түрлерінің ішінен аргументті эссенің жазылуына
тоқталайық.
Эссенің бұл түрі мазмұн жағынан да, құрылым жағынан да қарапайым.
Эссе мазмұны – автордың өзіндік аргументтерін қолдана отырып, өй
ойын тізбекті түрде жеткізуі. Аргументті эссенің ерекшелігі ретінде онда
қозғалған мәселенге терең талдау жасалуы мен нақты фактілерді (эссе
тақырыбына қатысты кез келген нақты ақпарат) келтіре отыра, автордың
жеке позициясының көрінуін жатқызуға болады.
Мысалы, «Мұнай бағасының төмендеуі жағдайында казақстандық
кәсіпкерлер қандай шара қолдануы керек?»// «Оқушылардың жаңа ортаға
психологиялық түрде бейімделуінің тиімді жолдары» тақырыптарын
салыстырған кезде, бірінші тақырып бойынша оқушының экономика
бойынша білімінің жеткілікті түрде болмайтыны белгілі, ал екінші тақырып
-7-
оқушылар үшін өзекті, сол үшін де олар осы тақырып бойынша өз пайымдары
мен позицияларын (жаңа мектепке ауысқан оқушылар үшін мектептегі
алғашқы апталар) айта алады.
Эссе мен шығарма мәтінін салыстырсақ, онда дәлелділік, логикалық,
нақтылық эссе мәтінің қасиете тән. Эсседе ауызекі тілге (ауызекі сөздер)
немесе тым эмоционалдылыққа (эмоционалдық-экспрессивтік тіл бірліктері)
жол берілмейді. Сондай-ақ, эссе құрылымына мән берген жөн: мәтін кіріспе,
негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен тұруы тиіс.
1-ТҰЖЫРЫМ: аргументті эссенің мәтіні:
1) автордың сыни тұрғыдан ойлауын көрсете алуы тиіс, яғни өз
қөзқарасын дәлелмелелер түрінде (аргументтер мен фактілер арқылы)
көрсетуі керек, сондай-ақ әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар мәселелерге
өзіндік шешім айта алуы керек;
2) нақты мәтін құрылымы болуы керек: кіріспе,негізгі бөлім,қорытынды;
3) эссе бөліктері мазмұн және құрылым талаптарына жауап беруі тиіс.
3. АРГУМЕНТТІ ЭССЕНІ ЖАЗУДЫҢ АЛГОРИТМІ ҚАНДАЙ?
Аргументті эссенің талаптарына сәйкес, тақырып анықталғаннан кейін
эссені қалай бастау керек деген мәселеге тоқталайық. Эссе жазу белгілі бір
алгоритмнен (кейбір нәтижеге жетуге арналған әрекеттер ретін сипаттайтын
нұсқаулықтар жинағы) тұрады (1-суретті қараңыз):
1-сурет – Эссемен жұмыс жасау алгоритмі
-8-
Көріп тұрғанымыздай, бұл алгоритм ешқашан бұзылмайды: автор әрбір
эссе жазған сайын осы алгоритмге сүйенеді, сондықтан уақыт өте келе автор
үшін эссе жазу жағымды әсер қалдыратын болады.
Эссе жазу процесі жоспарлы түрде жүзеге асады (=жоспарға бағынады,
немесе жоспарлауды қажет етеді): әрбір нақты қадам сайын автор белгілі бір
нәтижеге қол жеткізеді.
4. ЭССЕ ТАҚЫРЫБЫН ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢ ДАУ КЕРЕК?
Бұл алгоритмдегі ең бірінші қадам – тақырып таңдау.
Эссе тақырыбы дегеніміз не ? Бұл – автор үшін төмендегі сұрақтарға жауап
беруді талап ететін эссе атауы:
Бұл не нәрсе?
Бұл қандай салаға қатысты?
Бұл тақырып туралы не білемін?
Бұл тақырып бойынша ақпаратты қайдан таба аламын?
Нақты мысалды талқылайық. «Заманауи көшбасшы қандай болуы керек?»
тақырыбында эссе жазу керек. Сөз қазіргі саяси көшбасшылар турасында
болуы керек. Мысалы, Нұрсұлтан Назарбаев немесе Дональд Трамп.Эссе
жазуды бастамас бұрын тақырыптың негізгі кілт сөзін анықтап алуымыз
қажет. Бұл жағдайды біздің кілт сөзіміз – көшбасшы сөзі.
Ли́дер (ағылш. leader — "бастаушы, бірінші, алда жүруші") — белгілі бір
топтағы басқару тұрғысынан беделді әрі ықпалды тұлға.
Эссе жазу барысында сөздіктер мен анықтамаларды пайдалану
ұсынылады. Сөздіктерде сөздер мен терминдердің мағынасын нақтылау
қажет, ал орфография және пунктуация бойынша анықтамалардан мәтіндегі
тыныс белгілердің дұрыс қойылуы мен сөздердің дұрыс жазылу ретін
нақтылау алу керек. Мәтінмен жұмыс оқушының сыни тұрғыдан ойлау
қабілетін арттыруға, логикалық қабілеті мен таным көкжиегінің кеңіюіне,
соның негізінде сөздік қорының толығуына көмектеседі.
Сіз қалай ойлайсыз, эссенің «тақырыбы», «қозғайтын мәселесі»,
«проблемасы» түсініктері бір-бірінен қалай ажыратылады, әлде бұл
-9-
түсініктер бір нәрсе ме? Осы түсініктердің ара-жігін ажыратқан адам эссені
жақсы жазады. Бұл эссе жазудағы көп кездесетін қателіктердің бірі. Автор
жазған эссе мәтіні тақырыпты ашу тұрғысынан бағаланады (= тақырыпты ашу
критерийлері).
Тұжырымдаманы (эссе тақырыбын) талдау осы тақырыптың қай салаға
(жеке, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни т.б.) жататындығын анықтау алу
үшін қажет. Нақтылыққа жету үшін эссе авторы қолданылатын сөздер мен
түсініктердің анықтамасын ажырату қажет.
Эссе авторы ойын (мәселені) нақтылау үшін өзіне бірнеше сұрақ қояды:
Мен осы мәселе туралы не білемін?
Ол мәселе қандай салаға жатады?
Осы мәселе туралы мәліметтерді қайдан таба аламын?
Осылайша, біз эссе қолданатын ақпараттарымызды бір жүйеге келтіреміз,
яғни оны жинақтап, сыни тұрғыдан бағалаймыз.
Мысалдарды түрлі ақпарат сөздерінен іздеуге болады. мәселен,
интернетте автордың идеясымен сәйкес келетін мәтіндер болуы мүмкін.
эссе жазу барысында автордың осы мәлелені қалай шешу жөніндегі өзіндік
жеке пікірі мағызды, соның негізінде ол мәселені шешудің мүмкін болатын
жолдарын көрсете алады.
2-ТҰЖЫРЫМ: эссе тақырыбын ашу
негізгі бағалау критерийлерінің бірі. Сондықтан, эссе мәтінін жазбас бұрын
нақты мәселені анықтап алу автордың ерекше әрі әсерлі эссе жазуына
көмектеседі.
Эссе жазудың екінші кезеңі – мәтін тақырыбы бойынша ақпараттарды бір
жүйеге келтіру.
Мәселен, «Заманауи көшбасшы қандай болуы керек?» тақырыбындағы эссе
көшбасшының бойында болуыға тиісті қасиеттер туралы пайымдауларды
қамтиды. Кейбір авторлар көшбасшыны сипаттау барысында оның беделді
әрі ықпалды болу керектігі туралы жазады, алайда бұл логикалық қателікке
жатады. Себебі, көшбасшы ұғымына онсыз да тән қасиеттерді атап отыр. Ал,
эссенің мақсаты көшбасшының қандай қасиеттерге ие болу керектігі жөнінде
болып отыр.
В своем эссе автор должен сфокусироваться на том, какие качества
характера человека делают из обычного человека лидера, например:
человечность, гуманность, выносливость, стрессоустойчивость. Эти идеи
- 10 -
окажутся оригинальными потому, что они не повторяют определение
лидерства, а открывают такие черты характера человека, которые кажутся как
раз второстепенными, неважными. Поэтому сформулируем первое правило
создания эссе:
3-ТҰЖЫРЫМ:
эссе ерекше болуы үшін жалпыға түсінікті, стандартты идеяларды емес,
тереңірек пайымдауды қажет ететін идеяларды ұсыну керек. Тақырып
туралы ақпаратты іздеу (1) керек, жинау (2) керек, сұрыптау (3) қажет.
5. ЭССЕНІҢ КАРТА-СХЕМАСЫН ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК
ЖӘНЕ ОНЫМЕН ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК?
Эссе жазу кезінде оның карта-схемасын әзірлеу тиімді тәсіл болып
табылады. «Заманауи көшбасшы қандай болуы керек?»:
1-сұрақ
(қай қыры ең маңызды және не үшін?) -> креативтілік, өйткені
ол жаңа шешімдерді табуға мүмкіндік береді
2-сұрақ
(қай қыры маңызды және не үшін)-> күйзеліске шыдамдылық,
өйткені өзге нәрсеге алаңдамауға мүмкіндік береді;
3-сұрақ
(көшбасшыны қай сипаттсыз бола алмайды және не үшін?)
-> адамгершілік, өзінен бұрын өзге адамдарды көбірек
ойлауға мүмкіндік береді..
Осы сұрақтар бойынша алынған жауаптар эссенің «қаңқасын» құруға
негіз болады. Осы жауаптар эссенің аргументі болып, осы үш жуапты
(аргументті) дамыту арқылы эссенің негізгі тезисі жасалынады: көшбасшы
жеке мәселелерінен бұрын қоғам мүддесін көбірек ойлауы керек.
Қағаздағы алғашқы жазбалар схема түрінде болуы мүмкін, ол «эссенің
карта-схемасы» деп аталады. Сонымен қатар, бұл карта-схема жазылатын
эссенің көлемін айқындап береді. Ондағы бөлімдердегі сөйлемдер саны
ескерілуі керек. Мәселен, эссенің кіріспе және қорытынды бөлімдері 1
сөйлемнен, ал негізгі бөлім 30 сөйлем бола алмайды.
- 11 -
2-сурет. «Заманауи көшбасшы қандай болуы керек?»
тақырыбындағы эссенің карта-схемасы
Карта-схема құру эссе жазу барысын жеңілдетеді, құрылымдық ойлауға
мүмкіндік береді. Жазылатын эссенің карта-схемасын құру – жұмыстың
алдын-ала кезеңі, яғни идеяларды жан-жақты ойлау кезеңі. Содан кейін
ээссенің қаңқасын жасағаннан кейін жұмыстың алғашқы нұсқасы жазылады.
4-ТҰЖЫРЫМ: карта-схема құру
эссе жазу кезіндегі міндетті элементтердің бірі. Сонымен бірге, эссе
авторы дайындаған карта-схема ээсе жоспарын құрудың негізі болады,
ал жұмыс жоспары эссе мәтінін әзірлеу кезіндегі негізгі құрылымдық
элемент болып табылады.
- 12 -