The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

1 сәуір Н. Тілендиевтің туған күні.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by lazzat_iskakova_74, 2024-05-14 08:02:00

1 сәуір Н. Тілендиевтің туған күні.

1 сәуір Н. Тілендиевтің туған күні.

Ұсыным /оқушылардың жас ерекшелігі, сыныптың ахуалы ескеріледі/ ІVтоқсан Сынып: 5-8 «Ұрпаққа аманат» жобасы • Құндылық: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ - Ұлттық мәдениетті дәріптеу; - Ұлттық мұраға ұқыпты қарау. АР-ҰЯТ - Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну; -Халқына адал қызмет ету. ТАЛАП - Уақытты тиімді жоспарлау; Сынып сағатының тақырыбы Мақсатты аудиторияс ы Сынып сағатын жүргізу барысы 1 сәуір Н. Тілендиевтің туған күні. Қазақ өнерінің күні. Домбыра - раrty 5-8 сыныптар Ресурстар: Интерактивті тақта Дәйексөз: «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» Қ. Аманжолов Кіріспе Бүгін қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбек еткен, шың дарын иесі, ойлы да сезімтал, білімді, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалысқан атақты, талантты композитор атақты домбырашы, әрі дирижер Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Сынып сағатының барысы: 1- топ. Нұрғиса және Ахмет Жұбанов Қаһарман Нұрғиса домбыра тартуды бес жасында әкесінен үйренген екен. Күндердің күнінде ауылға пойызбен Ахмет Жұбанов келеді. Пойыздан түскен ол там үстінде домбыра тартып отырған бала Нұрғисаны байқап қалады. Кейін баланың шешесіне барып: «Жеңге, атым – Ахмет. Пойыздан жаңа түскен бетте назарым балаңызға ауды. Баланың бойында талант тұнып тұр, музыка мектебіне беру керек»,- деп айтады. Нұрғиса осылай ұстазы Ахмет Жұбановпен жолығып, музыка мектебінде, кейін консерваторияда білім алады. Талантты баланы тап басып таныған академик А.Қ.Жұбановтың көмегімен 12 жасар Нұрғиса қазақ халық аспаптары оркестріне (қазіргі Құрманғазы атындағы оркестр) орындаушы – домбырашы ретінде кіреді. Дирижерлік шеберліктің, орындаушылық өнердің бастапқы сабақтарын Тілендиев – алғашқы ұстазы Ахмет Қуанұлы Жұбановтан алған болатын «Әлқисса» күйін орындау. 2-топ Нұрғиса және Мұқағали Мақатаев Бірде сазгердің шаңырағына қонаққа ақиық ақын Мұқағали


Мақатаев келеді. Сазгер мен ақын екеуі әңгіме-дүкен құрып отырады. Бір кезде Нұрғиса: «Даха, домбырамды берші маған» деп жары Дариғаға домбырасын алғызып, «Аққу», «Арман» күйлерін тартып береді. Осы кезде ақын інісі «Дариға, домбырамды берші маған» атты өлең жазып береді. Кейін сазы жазылады. Бұл кездесуден кейін ақын бір ай сазгердің үйінде жатып, екеуі 32 әнді дүниеге әкеледі. Атап айтсақ,«Саржайлау», «Кел, еркем, Алатауыңа», «Мен сендерді іздеймін», «Сөнбейді, әже, шырағың» т.с.с. Екі өнер қыранының бірлесе отырып жазған соңғы әні - «Есіңе мені алғайсың». Нұрғиса Тілендиев ақынның ауылы Қарасазға Мұқағалимен бірге демалуға барады. Екеуі жайлау төрінде отырады. Неге мына жасыл жайлау туралы ән шырқамасқа. Нағыз Саржайлау дегеніміз мына жатқан Шаркөлденің төсі емеспе?- деп таң қалған. Содан ағамыз лезде «Саржайлауға» арнап, егілдіріп, төгілдіріп, құлпыртып өлең жазды. Сөйтіп «Саржайлау» әні өмірге келді. Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Өз елім» әні 3-топ. Нұрғиса және Жамбыл Жабаев Нұрғиса Тілендиев жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жақын туысы болып келеді. Өмірден өтерінен бір жыл бұрын ол Жамбыл мазарына барып: «Ата, маған қасыңнан бір метр жер берші, өзіңді күзетіп жатайын» деп сөйлейді. Біржылдан кейін көз жұмбас бұрын: «Мені Жамбыл атамның жанына қойыңдар. «Құстар қайтып барады» әнімен шығарып салыңдар» деп аманат сөздерін айтқан екен. 4-топ. Нұрғиса және қазақ киносы Нұрғисаның күйі «Қыз Жібек» фильмдеріндегі «аққуларды билеткен». Сценарий бойынша, Төлеген мен Жібек некесі қиылған соң, махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсетеді. Алайда, аққулар бір-біріне жақындамайды. Су астындағы сүңгуір мамандар аққуларды қосуға тырысып бақса да, екеуі екі жаққа жүзіп кетеді. Осы кезде фильм режиссері Сұлтан Қожықов пен Нұрғиса Тілендиев ақылдасып, алдын-ала таспаға жазылып алынған «Аққу» күйін қосады. Күйді естіген бойда екі аққу бір-біріне жақындап келіп, бастарын түйістіріп, ырғалып билей жөнеледі. Нұрғиса Тілендиев қазақ мультфильмдерінің атасы атанған Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» сияқты ертегі-аңыз желісімен жасалған жұмыстарына ән жазған еді. Сондай-ақ, ол «Менің атым Қожа», «Қилы кезең», «Қыз Жібек» сияқты қазақ фильмдерін әуенмен әрлеген. «Құстар қайтып барады» әні орындалады. Қорытынды: https://www.youtube.com/watch?v=HaxMt-li6_I Нұрқиса туралы бейнесюжет тамашалау. «Мен қазақ өнерімен мақтанамын!» тақырыбында хат жазу.


Click to View FlipBook Version