The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қажығали Мұхамбетқалиұлы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by gulzhahan172016, 2021-04-23 04:09:27

Қажығали Мұхамбетқалиұлы

Қажығали Мұхамбетқалиұлы

Cабақ тақырыбы: Қ.Мұхамбетқалиұлы
Оқу мақсаты: 9.2.2.1 – автор бейнесінің
идеялық – стилистикалық тұтастырушы
ретінде рөліне талдау жасау.

1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты. 1965 жылы Қазақ Мемлекеттік
университетінің филология факультетін үздік бітірді. Ақтөбе
облыстық телевизия және радио комитетінде редактор, облыстық
«Коммунизм жолы» газетінде әдеби қызметкер болды. Алматыдағы
«Қазақстан» баспасында аға редактор, «Жұлдыз» журналында
бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы,
«Жаңа фильм» журналында бас редактор қызметтерін атқарды.

Кенжағали Мұхамбетқалиев қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар танымал жазушы. Оның прозалық
шығармаларында негізінен жетпісінші, сексенінші жылдардағы ел тіршілігі суреттеліп, қоғамдық ахуал
көріністеріндегі қарапайым тұрмыстық эпизоттардың өзінен үлкен әлеуметтік гәптер ұтымды
жеткізіледі. Қырқыншы, елуінші жылдардың қытымыр кезінен құтыла бастаған, еркіндік дәмін ептеп
татып келе жатқан қауым өкілдерінің басында психологиялық жаңа кеселдердің пайда бола бастауы,
адамдардың арақатынасындағы бір кездегі аңғал достықтың бақастық пен арамдық амал-айла
шырмауына көмілуі, әсіресе, «Мінез», «Ескі достар» атты прозалық шығармаларында айқын сезіледі.
Балалық, жастық дәурендегі адал, қимастық сезімдер жылдар өте көңіл ауларлық көлгірсуге айналғанын
шығарманы оқып отырып түйсінген жан, енді осы құлдыраудың себебін іздеуге, қоғам құбылыстарын
ойша шолуға мәжбүр болады. Қазақ қоғамының өскелең кезеңдеріндегі ахуалы «Дала әуендеріндегі»,
«Қарымта», «Қаңтардың қара суық түні», «Бір машина шөп» әңгімелерінде қалтқысыз бейнеленеді.
Оймақтай ғана оқиғаға ойдай мағына сыйғыза алатын прозашы, адам құлқынындағы құбылмалылықтан
басталатын дәуірлік трагедиялар мен әлеуметтік драмалар өзегін дөп басады. Сезім иірімдеріне зер сала
отырып, замана қабілетін зерделейді. Әдебиеттің төл табиғаты мен басты міндеті адамның өзін өзі ұғып,
өзіне өзінің жаны аши білуіне баулу екендігін терең түсініп, қатаң қадағалайтын суреткер өзгермелі
уақыт пен тез есейіп келе жатқан ұрпақтың қатаң талабына шымбайға батар шындығымен, еріксіз ден
қойғызар шынайлығымен жауап бере алатын шымыр шығармалар тудырады.

Қ.Мұхамбетқалиев қазақтың ХVІІІ ғасырдағы отаршылдық езгіге қарсы күресінің басшысы,
әрі би, әрі батыр Сырым Датұлы туралы ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізіп, тұлға туралы
республикалық «Арыс» баспасынан «Сырым Датұлы» (2004) атты жинағы, әдебиет пен өнер
туралы, қоғам туралы сан түрлі пікірлер мен мақалалардан тұратын «Тоғысар арнамыз бір
толғанғанда...» (2010) атты кітаптары жарыққа шықты. Тәуелсіздік жылдарында жазылған
сүбелі еңбегі батыр, би, қайраткер Сырым Датұлы туралы баяндалған «Тар кезең» тарихи
романы 2012 жылы оқырмандарына жол тартты.

Аудармалары:
Мұхамбетқалиев Қ. бірқатар қаламгерлердің

шығармаларын (Р.Акутагава, С.Чубек, Л.Хонвано,
Я.Брыль, Л.Колодезный, Дж.Одинаев, Х.Абдуллин,
Т.Жұмагельдинов т.б.) қазақ тіліне аударды.

Жазушыға 2002 жылы Байғанин ауданының
«Құрметті азаматы» атағы берілді. 2003 жылы
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына
ие болды.

Әдеби – теориялық ұғым
Роман — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен

жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары,
адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған,
композициялық күрделі құрылымнан тұрады.

Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп
отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі,
сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман
адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен
қоғамды, салт пен сананы бейнелейді.

1 – тапсырма. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығын оқып,
мына кестені толтыр.
Бізге не белгілі? Біз не білеміз? Бізге не білу қажет?

Рақмет!


Click to View FlipBook Version