“Жауқазын –жыр”
өлеңдер жинағы
(шығармашылық жинақ)
Оқушылар шығармашылығына жолдаймыз!
Ақындық өнер өнер біткеннің алды екендігінде сөз жоқ. Шын
талант үшін ақындық өнер емес, өмір. Заманның қилы қияндарында
өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне айналған талант тағдыры ғана талайлы
болмақ. Мұндай талант үшін өлеңсіз өмір жоқ.
Ақбөбек Наурызбайқызы - Еңбекші орта мектебінің 10“А”-сынып
оқушысы. Жұмекен ауылында тұрады. Ақбөбек 3 -сыныптан бері
ұйқас құрап,өлеңдерін жинақтап жазып келеді.Балғын да жауқазын
өлеңдерінен еш бүкпесіз балалық ашық ойларды айқын аңғаруға
болады. Өлеңдерінің тақырыбы – туған жер, отбасы т.б
тақырыптарына құралуымен бірге бірсыпыра өлеңдері ақындарға,
ата- анасына, бауырларына, арнаған арнау өлең шумақтары боп
жалғасады.
”Бұлақ көрсең , көзін аш ”деп халық даналығында айтылғандай ,
алғашқы жауқазын жырларын жинақтап “Жауқазын –жыр”
топтамасымен ұсына отырып, Ақбөбектің шығармашылық
жолына Жұмекен ақынның шалқар шабыты мен Қадыр атамыздың
дархан да дара жыр киесі қолдасын деген тілек білдіреміз.
Пікір жазған : Амирханова Сара Бекетқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Абай атама
Бар қазақтың бағына жаратылған,
Күллі қазақ ішінен дара туған.
Абайдай Ұлы ақынға басымды иіп,
Өлеңінің киесіне табынамын.
Жатқа оқимыз жырларын , жарысамыз,
Құдіреті қара өлеңнің асқақ –аңыз.
Барша ғалам таныған Ұлы ақынға,
Шын жүректен мінекей, Арнау жаздым.
Ұстаздарым
Ұстазым-өмірдегі аяулы адам,
Шәкіртінен білімін аямаған.
Әрқашан Ұстаздарды үлгі тұтып,
Қашанда Ұстаздарға алғыс айтам...
Екінші анамыздай ұстаздарым,
Мейірімін төге білген- ізгі жаным.
Білім мен тәрбиені қатар берген,
Ақылшы , қамқор жандар –Ұстаздарым!
Отбасым
Бақытымның бір бөлшегі,
Барым да нарым- Отбасым.
Қолдаушы тірегім де,
Жаны ашыр жүрегімен,
Отбасым!
Ата-әжем –отбасымның қазынасы,
Әкем-анам-отбасымның дариясы .
Бауырым бар бақ береке сыйлайтын,
Үлкен әулет Ысықтардың жалғасы!
Білім керек бәріне
Білім керек бәріне,білім керек,
Оқуға құштарлыққа сенім керек.
Адамдар білімімен бәрін жеңер...
Сондықтан оқу керек, білім керек.
Арман, мақсат білімсіз құралмайды,
Надандық ,қараңғылық бұғаулайды.
Білім керек бәріне,білім керек,
Білімсіз ешбір нәрсең орындалмайды.
Балалық шақ
Не жетеді балалық шақтың назына,
Не жетеді балалық шақтың жазына,
Енді қайтып оралмас-
Балалық шақ-Қазына!
Өміріңнің тәтті кезі -балалық,
Ер жеткенде сағынамыз оны анық.
Кейде сәби кездерімді сағынам,
Мұным сірә,болар бәлкім-балалық
Жұмекенге
Жұмекен –Жыр жиһазы ,ақын атам,
Жырыңмен сусындаймын, үлгі алам.
Ескерткіш орнатылды ауылымда,
Ақынға берген бұл да-Асыл баға!
Әнұран боп жырларың асқақтаған,
Ақын,күйші,жазушы-асыл ағам.
Қошалақтың қоңыр ұлы Жұмекенді,
Зор мақтаныш сезіммен жырға қосам!
Жырларын оқып біздер танысамыз,
Қара өлең қасиетін ұғынамыз.
Туған жердің түлегі –Жұмекеннің,
Зерделеп,дәріптейміз- мол мұрасын!
Абай ақынға арнау
Бар қазақтың бағына жаратылған,
Күллі қазақ ішінен дара туған.
Абайдай Ұлы ақынға басымды иіп,
Өлеңнің киесіне табынамын.
Абай , Абай деген сөзде құдірет жыр,
Шабыт беріп келеді,қара өлең –сыр,
Үлгі –өнеге, қасиет тәрбие алар,
Әр өлеңі жүректе асқақтап тұр.
Жатқа оқимыз,жырларын жарысамыз,
Қасиетті қара өлеңі асқақ –аңыз.
Барша ғалам таныған Ұлы ақынға,
Шын жүректен ,мінекей, Арнау жаздым.
Мұханбетқалиева Ақбөбек Наурызбайқызы
Еңбекші жалпы орта мектебі
10-сынып
Мәңгілік елдің тұңғыш Елбасы Эссе
Қазағым елім мақтанышым сен едің,
Тәуелсіз елім болашағыңа сенемін.
Ұлы тұлға, ел басқарған елеулі,
Нұрсұлтандай Ел басына сенемін.
Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Мұнда туған
Отанымыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор
еңбегі бар екені талассыз шындық. Халықтың әлеуметтік жағдайы бұрыннан да
бар дүние. Десек те қазір халқымыздың саны 18 миллионға жетті. Әбішұлы
Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің
шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап,
болжай білетін азамат.
Менің ойымша, Астананың қазіргі деңгейге жеткені-тәуелсіздіктің жемісінің
көрінісі. Бүгінде "Астана-Елбасының ерлігі","Астана-Елбасының төл перзенті"
деп жатады. Ал, мен өз тарапымнан "Астана-Елбасының жеңісі" дер едім.
Жеңіс ерен ерлікпен келеді. Елбасымыздың бас қаланы Сарыарқаның төсіне
көшіру идеасы-біздер өсіп келе жатқан жастар үшін аңызға бергісі, сөзсіз ерлік
саналады. Сондай-ақ қазақ халқын емес, шет елдік азаматтарды да
таңқалдырған "Бәйтерек" пен "Пирамида" сияқты ұлттық рухты насихаттайтын
кешендердің әдемілігі әлем елдеріне танымал болды. Бұның өзі қазақ халқы
үшін қуантарлық жайт деп білемін.
Иә, парасатты, көреген,кемеңгер,басшысымыз Нұрсұлтан Назарбаев басшылық
жасап келе жатқан тәуелсіздік жылдары еліміз үшін жемісті жылдар болды.
Себебі Астананың гүлденуі-ол Қазақстанның гүлденуі.Біз үшін үлкен жеңіс-ол
Тәуелсіз ел атануымыз. Бұл күн еліміздің тарихында Тәуелсіздік күні болып
енді.
Қазақстанның тағы бір үлкен жетістігі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің
Астана қаласында өтуі.Әлемдік деңгейдегі шаралардың Астанамызда өткізілуі
еліміздің мәртебесін биіктете түсті. Бұл дегеніміз тәуелсіз қазақ елінің бірлігін,
ынтымақтастығын көрсетеді. Шын мәнінде тәуелсіз Тұңғыш Президентіміздің
тарихи шешімі өмір ағымын күрт өзгертіп, жаңа қуат әкелді. Елбасының өз
бастауымен, қадағалауымен созылған жаңа қала көне даланың көркіне, әлемдегі
әсем шаһарлардың біріне айналды. Айбынды Астана-бейбітшілік пен берекенің
құтты бесігі, тәуелсіздіктің жемісі.
Егеменді еліміздің дамуына әлде болса өз үлесімді қосып келешекте еліміздің
жарқын болашағына сеніммен қарап өз оқушыларыммен бірлесе отырып, талай
белестерді бағындырамыз. Ата-бабаларымыз сан мың жылдар армандаған
Мәңгілік Елді ақиқатқа айнылдыратын азаматтар болу жолында аянбай еңбек
етейік, терең білім алайық! Тіліміз де Мәңгі, Еліміз де Мәңгі бола берсін!
Қадыр Мырза Әліге арнау
Көк тәңірден қыран болып самғаған,
Ақын ғұмыр бола білген арманда...
Қасиетті сөз-құдірет, өлең-жыр
Қадыр аға, жол көрсеттің жастарға.
Әр сөзінде қасиет бар, сый беретін бір күш бар.
Таң қалдырып жас ұрпаққа ой салғызар.
Қадыр ақын «Қазақ осы»деп жырлап,
Туған халқын шетелдерге танытқан.
Білім терең теңіздейін тұтасқан,
Атақ – даңқы даналықпен ұштасқан.
Өлеңдері оқырманның жүрегінен жол тауып,
Абыз тұлға ақылы мен парасаты жарасқан!
2020 20.04