The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

ҚР арнайы білім берудің құқықтық-нормативтік базасы.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by yestoreuldana, 2024-02-04 12:36:49

ҚР Білім туралы заңы

ҚР арнайы білім берудің құқықтық-нормативтік базасы.

БІЛІМ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА 219 ТОП ДЖУМАХАН АЯУЛЫМ КӨПБАЙ ГҮЛІМ КУРБАНБАЕВА МАНЗУРА ЖҰПАРБЕК ЖҰЛДЫЗ ЕСТУРЕ ҰЛДАНА


МАЗМҰНЫ 01 02 03 04 05 КІРІСПЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ҚҰРЫЛЫМЫ ӨЗГЕРІСТЕР ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның жетісінде қабылданды. Одан кейін 2007 жылы 27 шілдеде қабылданды. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген.


Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң. Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық катынастарды реттейді,осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының,сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында бұдан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.


ҚҰРЫЛЫМЫ «Білім туралы » Заң 12 тараудан 68 баптан тұрады 1 - тарау.Жалпы ережелер. (1-3 баптар) 2- тарау Білім беру жүйесін басқару.(4-9 баптар) 3 - тарау.Білім беру жүйесі. (10-12 бантар) 4 - тарау. Білім беру мазмұны. (13-25 баптар) 5 - тарау Білім беру қызметін ұйымдастыру. (26-39 баптар) 6 - тарау. Білім беру кызметінің субъектілері. (40 - 49 баптар) 7 - тарау Педагог қызметкерлердің мертебесі. (50 - 53 баптар) 8 - тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу. (54 -60 баптар) 9 - тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету. (61 -64баптар) 10 - тарау.Білім беру саласындағы халыкаралық қызмет. (65-66 баптар) 11 - тарау. Қазақстан Республикасының білім беру саласындандағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық(67бап) 12-тарау Қорытынды ережелер.( 68бап)


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 10-12 баптарда қарастырылған 12-бапта қарастырылған мәселелер: Білім беру денгейлері. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; Бастауыш білім; Негізгі орта білім; Орта білім: Жалпы орта білім Техникалық және кәсіптік білім Орта білімнен кейінгі білім; Жоғары білім; Жоғары оқу орнынан кейінгі білім.


ӨЗГЕРІСТЕР Қазақстан Республикасының 2007 жылғы білім беру беру туралы заңы 12 тарау 68 баптан тұрады. 68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі 1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2- тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 2. Білім беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітіріп, оларға білім туралы белгіленген үлгідегі құжат беріледі. 3. “Білім туралы” 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж. , № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001ж. , № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж. , № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж. , № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 71-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж. , № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.


ӨЗГЕРІСТЕР Білім туралы " Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңы 1. Осы Заң: 1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 5) тармақшасының он бірінші – жиырма үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының алтыншы, жиырма алтыншы, қырық алтыншы абзацтарын қоспағанда; 2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 52) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда; 3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 52) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000487#z146 2. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P000001494_ http://16-oskemen.mektebi.kz/main/blm-turalyza/208-r-blm-turaly-zay.html 3. 4. https://kaznpu.kz/docs/urist/1_kaz.pdf#page28 https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%D0%B B%D1%96%D0%BC_%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83_ %D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D 0%B7%D0%B0%D2%A3 5. 6. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30119920


Click to View FlipBook Version