01 АБАЙ ЖӘНЕ ПУШКИН Советы, которые помогут вам добиться успеха 01
02 М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Орыстың классик поэзиясы Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл Еуропалық мәдениетке) ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факт еді 02
Пушкин мұрасы... Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш айырықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. Ол Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татья¬на хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. 03 03
Пушкиннің және дүние жүзінің мәдениетімен іштей терең байланысу Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдерін, лирикалық өлеңдері мен ақындық толғаныстарын, ақын қызметі жайындағы өлеңдерін жазуына мүмкіндік берді. Абай өзінің поэзиялық көзқарастарында Пушкинмен осылайша туысып жатады. Абай аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері қазақ халқына тамаша ұнап, кейін қазақ даласының сүйікті өлеңі болып кетті. ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН 04 08
05 Қазақ әдебиетіне жаңа үрдіс әкелген Абай орыс әдебиетін 1882жылдардан бастап аудара бастады. Алғашқы аудармасы М.Ю. Лермантовтың “Бородино” атты патриоттық өлеңі. Ең соңғы аудармасы да М.Ю.Лермантовтың “Вадим” атты ұзақ әңгімесінің желісі. «Батар күнге шымылдық көк бұлт кең» аттас туындысынан аударған. Орыс ақынының бітпей қалған романының алғашқы екі тарауын өлеңмен еркін тәржімелеген. Аударманың біраз жері ғана сақталған. Мүрсейіт қолжазбасы негізінде 1933 жылғы жинаққа жарияланған болатын. Абайдың түр жағынан жаңалықтар берген өрнекті, өрісті жырлары 1889 жылдарға ауысады. Бұл жылы өз шығармалары мен аудармаларын қосқанда жиырма жеті өлең жазады. . 10 !
ТҮЙІН Өмір, адам деген тақырып Пушкиннің де, Абайдың да сүйетін, қызық тақырыбы. Екеуі де шын көңілмен жарқын өмір, бақытты, ерікті адам үшін күреседі. Пушкиннің шығармасында да халықтың, еңбекші адамның тілегі көрініп тұрады. Олардың поэзиясында ерлік, туысқандық, намыс, еңбекке, білімге, Отанға деген сүйіспеншілік оттай жалындап тұрады. Абай Пушкин сияқты неше түрлі қиындықтың ортасында өзінің мойымас ақындық дәрежесін таза сақтайды да таптық қоғамның адамның бұзылып бара жатқан кескінін мазақ қылып, көркем сөзімен олардың адамдық қасиетін жоғалтпауына шақырып, жарқын болашақ туралы ой салады, көңілде үміт туғызады. Абай орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бүкіл ұлттық қазына жасайды. Оның Пушкинді аударушы және ағартушылық қызметі, адамгершілік қасиеті жоғары адамның маңызы мен ұлылығы жайлы еңбектері айрықша қазына. Поэзияның екі алыбы Абай мен Пушкин бізге таңғажайып тұлға, олар өз халқының тарихында тау шыңындай асқақ тұр. 06 07
НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒЫ РАХМЕЕЕТ!