The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aigultonker72, 2021-04-10 06:53:45

Жаңа формациядағы мектеп басшысы

мектеп директорларына

Білім саласындағы көшбасшылық:
Жаңа формациядағы мектеп
басшысы

Неге мектеп басшылары?

◼ Егер бізде жақсы көшбасшылар
болмаса, ешқандай реформа сәтті
іске аспайды

◼ Мектеп басшылары жиі
реформаларды жүзеге асырушылар
ретінде көрінеді



◼ Қазіргі таңда тиімді көшбасшылықтың кілті ол қолыңда
биліктің болуы емес, басқаларға ықпал ете білуіңде
(Кен Бланчард)

◼ Бәрін өзі істеп, барлық жетістіктерді өзіне жинағысы
келетін ешбір адам жақсы көшбасшы бола алмайды
(Эндрю Карнеги)

◼ Көрнекті көшбасшы трибунадан түсіп,
қызметкерлерінің өздеріне деген сенімдерін арттыра
біледі. Егер адамдар өздеріне сенсе, олар керемет
биіктерге жете алады (Сэм Уолтон)

◼ Көшбасшының бірінші міндеті – бағыт-бағдарды
анықтай білуі. Соңғысы «рахмет» деп айта білу.
Олардың арасындағы көшбасшы – қызмет
көрсетуші (Макс ДеПри)

◼ «Көшбасшы болып туылмайды, көшбасшы болып
қалыптасады. Ол үлкен күш-жігерді талап етеді.
Бұл біздің қойылған мақсатқа жету үшін төлейтін
бағамыз» (Винс Ломбарди, футболдың атақты
бапкері).

◼ Дэн Лорти (1975) байқай білу өнері:
◼ Жақсы мысалдардан сабақ алу
◼ Жаман мысалдардан сабақ алу

Аймақтық университеттің
ректоры

◼ Ол айына бір рет дүйсенбі сайын қызметкерлердің
жиналыстарын өткізетін. Ол университеттің дамуының
әртүрлі аспектілері бойынша 4-5 постер дайындайтын еді.
Ол жиындарда шамамен 200-дей, декандар, деканның
орынбасарлары және кафедра меңгерушілері отырады және
олар ректордың 3-4 сағаттық дәрістерін тыңдайтын.
Осылайша ректор бәрін өзі дайындап, басқаларға не істеу
керектігін өзі айтып отыратын.

◼ Көшбасшы қол астындағы адамдардың көшбасшылығын
дамытуы керек

◼ Көшбасшы билікті басқаларға табыстауы керек

Жеке меншік университеттің
ректоры

◼ Бұл ректор әрқашан өз бетінше шешім
қабылдайтын. Оның қайда бара жатқанын ешкім
білмейтін. Үш жыл ішінде ол ешқашан кадрлар
жиналысын өткізбеді, оның әртүрлі бөлімдердегі
адамдары басқа әріптестерінің немен айналысып
жүргенін білмейтін.
◼ Көшбасшы барлық қызметкерлерді мекеменің
миссиясы мен даму стратегиясын құруға
жұмылдыруы керек

Медицина факультетінің
деканы

◼ Мен оның кафедрасында сабақ беріп жүрдім, ол
менің сабағыма бір күні өзінің орынбасарымен
келді және ол менің сабақ жоспарымды сұрады.
Өкінішке орай, менің сабақ жоспарым болмады.
Ол маған айқайлады және бөлмеден шығуымды
сұрады.

◼ Көшбасшы ешқашан басқалардың алдында өз
қызметкерлерінің абыройын түсіріп, тәртіпке
келтірмеуі керек

Жеке меншік мектептің
директоры

◼ Бұл адам мектептің рөлі үшін күрескен. Оның
айтуынша, мектеп тек білімді насихаттауы керек,
ал тәрбие оқушылардың ата-аналарына
қалдырылуы тиісті еді. Яғни, физика пәнінің
мұғалімі тек физика пәнінен сабақ беруі керек деп
білді.
◼ Көшбасшы өмір бойы білім алушы болуы керек

Халықаралық институттың
негізін қалаушы директор

◼ Ол рухтандырушы ұстаз, ағартушы және ғалым болды
◼ Ол қарапайым және қол астындағы адамдармен өте

жақсы қарым-қатынаста болды
◼ Ол ешқашан орташа қызмет көрсету мен иерархияны

қабылдамады

◼ Көшбасшы барлық қызметкерлерді мекеменің миссиясы
мен даму стратегиясын құруға жұмылдыруы керек

◼ Көшбасшы қол астындағы адамдардың көшбасшылығын
дамытуы керек

Бұл адамдардан мен не
үйрендім?

◼ Көшбасшы барлық қызметкерлерді мекеменің
миссиясы мен даму стратегиясын құруға
жұмылдыруы керек

◼ Көшбасшы қол астындағы адамдардың
көшбасшылығын дамытуы керек

◼ Көшбасшы билікті басқаларға табыстауы керек

Мектеп басшыларының құзыреті

1. Көреген көшбасшылық
2. Тиімді қарым-қатынстарды дамыту
3. Үздіксіз білім алатын қоғамдастықа жетекшілік ету
4. Педагогикалық көшбасшылық
5. Көшбасшылықты дамыту мен алдыға бастыру
6. Мектептің қызметі мен ресурстарын басқару
7. Сыртқы жағдаятты түсініп, оған жауап қайтара білу

Көреген көшбасшылық

◼ Мектеп басшысы мектептің
келешектегі дамуы жөніндегі ортақ
бейнені, миссияны, құндылықтарды
және мақсаттарды анықтауда
мектептің барлық мүшелерін
жұмылдыра білу керек.

Тиімді қарым-қатынстарды дамыту

◼ Мектептің басшысы коллектив
ішінде ортақ құндылықтар мен
этикаға негізделген позитивті
қарым-қатынасты орнатуға қолдау
көрсетеді.

Үздіксіз білім алатын
қоғамдастықа жетекшілік ету

◼ Мектеп басшысы үздіксіз білім
алуға ашық кәсіби мәдениетті
дамытып, оған қолдау көрсетеді.

Педагогикалық көшбасшылық
◼ Мектеп басшысы әрбір
оқушының сапалы білім алуын
қамтамасыз етеді

Көшбасшылықты дамыту мен
алдыға бастыру

◼ Мектеп басшысы коллектив
ішіндегі көшбасшылықтың
дамуына қолдау көрсетеді

Мектептің қызметі мен
ресурстарын басқару

◼ Мектеп басшысы мектеп ішінде
қауіпсіз, қамқоршыл және тиімді
орта құру мақсатында мектептің
ішкі қызметі мен ресуртарына
басшылық етеді.

Сыртқы жағдаятты түсініп,
оған жауап қайтара білу

◼ Мектеп басшысы сырттағы саяси,
әлеуметтік, экономикалық,
құқықтық және мәдени жағдаятты
түсініп, оған лайықты жауап
қайтара біледі.


Click to View FlipBook Version