ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА
КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ КЕДЕРГІЛЕР
1. Сабақта ОҚУ МАҚСАТЫ АЙТЫЛАДЫ, БІРАҚ
ТҮСІНДІРІЛМЕЙДІ;
2. Сабақта БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ БЕРІЛЕДІ, бірақ
оқушының ОМ жеткен – жетіспегені өлшенбейді;
3. Сабақта ТАҚЫРЫП беріледі, бірақ ОМ ЖЕТУГЕ ЫҚПАЛ
ЕТПЕЙДІ;
4. Тапсырмаға ДЕСКРИПТОРЛАР беріледі, бірақ оқушылар
дескрипторларды түсінбейді;
5. Сабақта КЕРІ БАЙЛАНЫС беріледі, бірақ оқушыға оқуын
жақсартуға ықпал етпейді.
САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ
ТАЛҚЫЛАЙЫҚ!!!
•Сабақ жоспарлауды неден бастаймыз?
•Оқу мақсаттарын қалай таңдаймыз?
•Оқу мақсаттарын қалай жүзеге асырамыз?
ОҚУШЫЛАР САБАҚ СОҢЫНДА ҚАНДАЙ НӘТИЖЕГЕ
ҚОЛ ЖЕТКІЗУ КЕРЕК?
• Оқу мақсаттары әртүрлі нәрсеге бағытталады: тыңдалым,
айтылым, грамматика, сөздік қор. Оқушылардың білім
деңгейіне байланысты тілді меңгертудің өзге де мәселелеріне
бағытталады.
• Сабақ үшін ең тиімді оқу мақсатына анықтау үшін екі сұраққа
жауап беруіміз керек:
1. Менің оқушыларым қазір нені біледі?
2. Қазір оқушыларыма нені білу маңыздырақ болып отыр?
• Жоғарыда берілген сұрақтарға жауап беру белгілі бір уақыт,
кезең үшін оқу мақсаттарын таңдауға көмектеседі.
САБАҚ ҮШІН ТАҢДАЛАТЫН ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
• Негізгі оқу мақсаты – бір сабақта немесе бірнеше сабақтар бойынша
негізгі білім мен дағдыны қалыптастыруға, жан-жақты түсінік беруге,
оны практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асыруға бағытталған оқу
мақсаты. Негізгі оқу мақсатын білім мен дағдыны қайталау, тереңдетіп
оқыту үшін де таңдаймыз. Оқу бағдарламасында негізгі оқу мақсаттары
ұзақ мерзімді жоспарда әр тарау бойынша ұсынылған.
• Қосымша оқу мақсаты – тілдік және сөйлеу дағыдаларын қалыптасыру
үшін сабақтың негізгі оқу мақсатына қол жеткізуде қолдау ретінде
алынатын оқу мақсаты. Мысалы, сабақтың негізгі мақсаты – эссе жазу, ал
осы эссені жаздыру үшін қосымша мақсат ретінде себеп-салдар салалас
алынады.
• Қосымша оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілмеген. Алайда
белгілі бір сынып үшін ұсынылған оқу мақсаттар жүйесінің кез келгенін
САБАҚ МАҚСАТЫ...
• Оқу бағдарламасында ұсынылған, ұзақ мерзімді жоспарда
көрсетілген оқу мақсаттары негізінде жасалады.
• Көлемді оқу мақсаттарын бірнеше сабақ мақсаттарына
жіктеуге болады.
• Сабақта 2-3 оқу мақсаттан артық алмағаны дұрыс. Себебі
барлық мақсатка бірдей қол жеткізу оқушылар үшін қиын
болады.
• Сабақ мақсаттары нақты берілуі керек. Жалпы болмауы
керек.
• Сабақ басында оқу мақсаты мен сабақ мақсаты, сабақ
нәтижесі оқушыларға түсіндірілуі керек.
САБАҚ ЖОСПАРЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Төменде берілген ұғымдардың қайсысы сабақ жоспарының
мазмұнын аша алады?
• Сурет
• Оқиға
• Карта
• Нұсқаулық
• Теледидар бағдарламасы
• Компьютер бағдарламасы
• Жол белгілері
• Эссе
• Жоғарыда аталғанның барлығы
• Жоғарыда аталғанның барлығы емес
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Сабаққа дейін Оқу мақсаттарын таңдап, оған қол жеткізу үшін
сабақтың әр кезеңін, орындалатын тапсырмаларды
сипаттап жазамыз.
Сабақ кезінде Сабақтың әр кезеңіне жұмсалған уақытты және
жоспарлаған әрекеттердің жүйемен орындалуын, оқу
мақсаттарының жүзеге асырылуын тексереміз.
Сабақтан Сабақ жоспары қалай жүзеге асты, сабақта
кейін жоспарланған нәрселерден басқа өзгешеліктер болды
ма деген сұрақтарға жауап іздейміз, рефлексия
жасаймыз. Жазған жазбаларымызды келесі сабақтар
үшін пайдаланамыз.
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ (ӘР МЕКТЕПТЕ СӘЛ
ӨЗГЕШЕЛІК БОЛУЫ МҮМКІН)
САБАҚ: Қазақ тілі мен Мектеп: Қатыспағандар:
әдебиеті Мұғалімнің аты-жөні:
Күні: Қатысқандар:
Сынып:
Сабақтың тақырыбы Тарау: Ауа райы мен жыл мезгілдері Оқу бағдарламасы
Осы сабақ арқылы жүзеге
асатын оқу мақсаттары Ауа райы – халықтың наным-сенімдері Оқу мақсаттарынан алынады
Грамматика , лексикалық минимум
Сабақтың мақсаттары А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау: Ауызша мәтіндер құрауда
сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық Стандартта ұсынылған құндылықтар
Тілдік мақсаттар ерекшелігін ескеріп айту.
Мектеп құндылықтары Сұраулы сөйлемдердің интонациясын диалог кезінде орынды қолдануды
үйрету (схема арқылы).
Сөздердің орфоэпиялық нормаға сай айтылуын қадағалау.
Ашықтық, өмір бойы білім алу.
Осыған дейін меңгерілген Тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен
білім тірек сөздердің мағынасын түсінеді.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
(САБАҚ БАРЫСЫ)
Жоспарлан Жоспар бойынша Дереккөздер
ған уақыт орындалуы тиіс іс- Оқулықтың беті
әрекеттер Ғаламтор сілтемесі
Анықтамалық
Әр Сабақтың барлық кезеңі материалдар
тапсырмаға сипатталады:
жұмсалатын 1.Сабақтың басы
уақыт 2.Сабақты ортасы
көрсетіледі. 3.Сабақты соңы
Сабақ 40
минут
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҚОСЫМША БӨЛІГІ
Сабақта саралау тапсырмалары Оқушылардың материалды Денсаулық пен
болды ма? Қалайша қолдау көрсете қаншалықты игергенін қауіпсіздік техникасын
қалай бағалаймын?
аламын? Қабілетті оқушыларды сақтау қалай жүзеге
оқытуда алдыма қандай міндеттер асады?
қоямын?
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары жүзеге асты
ма?
Барлық оқушылар ОМ жетті ме?
Егер жоқ болса, неге?
Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?
Сабақтағы кезеңдер сақталды ма?
Жоспардан тыс не жасалды? Неге?
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҚОСЫМША БӨЛІГІ
• Жалпы бағалау
• Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы
ойланыңыз)
• 1.
• 2.
• Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру
туралы ойланыңыз)
• 1.
• 2.
• Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке
ТАЛҚЫЛАЙЫҚ!!!
Келесі сұрақтарды топта талқылайық:
Сабақты әр кезеңі, әр тапсырмасы оқушыларға оқу мақсатына қол
жеткізуге көмектесе ме?
• Сабақтың тақырыбы оқушылар үшін қаншалықты қызықты және
мотивациясын оятатындай болуы керек?
• Ұсынылған материалдар мен тапсырмалар барлық оқушылардың
деңгейіне қаншалықты сәйкес болуы керек?
• Жоспарланған тапсырмалар бір сабаққа қаншалықты жеткілікті және
қосымша материалдарды қай кезде қолдана аламыз?
• Жоспарланған тапсырмалар қаншалықты көп екен, қай кезде ойлану
керек және оларды қалай қысқарта аламыз?
ЕСТЕ САҚТАЙЫҚ...
• Оқу жоспарын жазған кезде барынша қарапайым сөйлемдерді
қолданған дұрыс. Сол кезде түсінуге оңай болады. Әр кезеңді
нақты, жеке-жеке жазып, мысалдарды ұсынуға болады.
• Оқу жоспары детальді әрі оқуға оңай болуы керек. Мұғалім
өзіне түсінікті болу үшін түрлі түсті қаламдарды қолдана
алады немесе қажетті іс-әрекеттердің суреттерін ұсына алады.
• Түрлендіру. Оқу жоспарын үнемі біркелкі жүйемен ұсыну,
сабақты үнемі бір формада ұсыну оқушыларды жалықтырады.
Сондықтан сабақты түрлендіріп отыру керек:
• Сабақтың жылдамдығы – тапсырмалар кейде
жылдамдықты кейде асықпай орындауды қажет
етуі керек.
• Оқушыларды ұйымдастыру - жеке, жұптық, топтық
жұмыстары кезек-кезек ұсынылуы керек.
• Дағдылар – рецептивті не продуктивті болып түрленуі
керек.
• Күрделілік деңгейі – бірде жеңіл материал мен
тапсырмалар ұсынылса, бірде сыни ойлауды,
шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар мен
материалдар ұсынылу керек.
• Мазмұны – сөйлеу әрекетінің түрлеріне мен тілдік
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІ БЕРУ АЯСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ
• Сыныптағы барлық балаларды белсенді сабаққа қатысуға және
онлайн мектепте тапсырмаға тарта білу;
• Сыныптың оқушыларын күнделікті орындайтын өз міндеттерін және
қажеттілігін жан-жақты қалыптастыру мұғалімнің міндеті;
• Сынып WhatsApp, zoom платформасы арқылы оқушыларды
жүйелі, бірыңғай ақпараттандыру;
• Мұғалім сыныптың қызығушылығын басшылыққа алу белсенділігі;
• Педагог өзінің ойын нақты фактілермен дәлелдей отырып, ашық,
айқын айта білу шеберлігі;
• Оқушыны, ата-ананы, әріптестерін мұқият тыңдай білу;
• Педагог өз беделін қарапайымдылық, қол жетімділік, көпшілдік, өз
ісіне деген талап, жауапкершілік және үздіксіз жұмыспен және
парасатты ақылмен нығайтып, жан-жақты дамытып отыруы тиіс.
ТАПСЫРМА!!!
• Тапсырма жеке орындалады. Оқу бағдарламасындағы ұзақ
мерзімді жоспарда ұсынылған оқу мақсаттарын талқылаңыз.
• Smk.edu.kz сайтында берілген сабақ жоспарларын жүктеп алып,
талдау жасаңыз.
• Сабақ жоспарының шаблонына сүйеніп, оқу мақсаттарын таңдап,
барлық компонеттерді қатыстырып, сабақ жоспарын құрыңыз.
• Сабақтың жүзеге асырылуын практикада көрсетіңіз (20 минут)
• Сабақты бақылау парағындағы критерииге сүйеніп, өзара бағалау
жүргізіңіз.
http://smk.edu.kz/Course/Topic/16/7600