The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Қалыптастырушы бағалау туралы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by kemelbaeva1977, 2021-12-02 11:05:01

Критериалды бағалау жүйесі туралы

Қалыптастырушы бағалау туралы

Keywords: теориялық

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ЗАЙСАН АУДАНЫ ЗАЙСАН ҚАЛАСЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ЗАЙСАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

А. Айтқабылқызы

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ
ОҚЫТУДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Әдістемелік құрал

Зайсан
2021

1

ӘОЖ 373.3 (072)
КБЖ 74.202.4
А37

Айтқабылқызы А.
Бастауыш сыныптарды оқытуда қалыптастырушы

бағалауды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері: әдістемелік
құрал / А. Айтқабылқызы. – Зайсан, 2021.- 32 б.

ISBN 978- 601-357-041-9

Әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне, еңбек жолын
жаңадан бастаған жас ұстаздарға, мектепалды даярлық сыныбындағы
тәрбиешілерге арналған.

Әдістемелік құралда тиімді оқыту мен оқу мақсатында оқушы-
лардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына қалай
жеткендігі немесе алға ілгерілеу деңгейі қалай қадағалануы тиіс
екендігі нақты көрсетілген. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас
үйлесімді суреттер түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес
тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына
қалыптастырушы бағалаудың қаншалықты тиімді әсер ететіндігі
тәжірибе жүзінде ұсынылған.

ӘОЖ 373.3 (072)
КБЖ 74.202.4

ISBN 978- 601-357-041-9 © Айтқабылқызы А., 2021

2

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда туындап отырған әлеуметтік талаптарға,
жаһандық жаңалықтарға толық дәрежеде сәйкес келіп, білім
саласындағы инновациялық іскерлік әрекеттерде нақты да
негізгі тұлға болу үшін әр ұстаз оқу барысында барлық мүмкін-
діктерді пайдаланып, өзінің кәсіби шеберлігін қалыптастыруға
бар күш-жігерін арнауы қажет. Бастауыш сынып мұғалімдері
мен жас мамандарға арналған бұл әдістемелік құралдың да мақ-
саты ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға үлес қосу болып
табылады.

Бастауыш сынып мұғалімі 6-9 жас аралығындағы балаларды
оқытады. Бұл жас аралығындағы балаларды оқыту ересек бала-
ларды оқытумен бірдей емес, әсіресе бірінші сыныпқа оқуға
келген 6 жасар баланың психикалық таным процесі мен ерекше-
ліктері толық қалыптасып жетілмеген, яғни олардың зейіні,
қабылдауы мен ойлауы, еркі мен мінезі, қабілеті жағынан ерек-
шеліктері көп болады. Міне сондықтан да оқу процесін ұйым-
дастыруда бастауыш сынып мұғалімдеріне қалыптастырушы
бағалауды дұрыс, әрі тиімді етіп ұйымдастыра білу өте маңызды
шарттардың бірі. Себебі, бағалаудың бұл түрінің қалыптастыру-
шы болып аталатындығы – бағаның нақты бір оқушыға, оның
білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзін-
дік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім
бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты
анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйле-
сімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес
тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынтала-
нуына ықпал ете алады.

Мақсаты:
Оқу мен оқыту үрдісіндегі қалыптастырушы бағалауды
ұйымдастыруда бастауыш сынып мұғалімдеріне жұмысты
қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуіне
тиімді әдіс- тәсілдерді ұсыну.
Міндеті:
Мұғалімдерге қалыптастырушы бағалау туралы нақты ақпа-
рат беру;

3

Қалыптастырушы бағалау-оқу үрдісіндегі нақты нәтижеге
зор ықпал ететініне нақты дәлелдер келтіру;

Қалыптастырушы бағалаудың нақты алгоритмін ұсыну;
Қалыптастырушы бағалаудың нақты табысқа жетелейтін
тиімді әдіс- тәсіл түрлерімен бөлісу.
Қалыптастырушы бағалаудың креативті әдіс-тәсіл түрлерін
ұсыну.

4

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу
жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін крите-
риалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің
сапалылығын, халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр
білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкін-
дік береді.

Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды баға-
лау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын
және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Әр білім
алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі
өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге
болатыны айқын көрсетіліп берілген. Анық құрастырылған баға-
лау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

Білім алушы оқытудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Сапалы білім нәтижесі болуы үшін не істеу керек? екенін
түсінетін болады.
Критериалды бағалау жүйесінің негізгі мақсаты: бағалау кри-
терийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері ту-
ралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіру үшін оны
барлық қатысушыларға ұсыну. Жалпы критериалды бағалау
жүйесінің мынадай құрылымдық кестесін назарларыңызға
ұсынамын.

5

Өздеріңіз көріп отырғандай, жиынтық бағалау нақты қалып-
тасқан, белгілі бір жүйемен бағалану тәртібі белгіленген түрде
көрсетілген. Ал қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім
алушының арасындағы кері байланыс қамтамасыз етілетін,
үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі екендігі атап көрсетіледі
де, нақты бағалау жолдары ұсынылмаған. Демек, әр мұғалім өзі-

6

нің кәсіби шеберлігіне байланысты бұл бағалау түрін тиімді етіп
қолдана алады дегенді білдіреді. Сондықтан мұғалім оқушыға
пән материалдарын меңгертіп қана қоймай оқушыларды жүйелі
ойлануға, оқу негізін түсінуге, өзін өзі оқытудың қажеттілігін
мойындауға, өзгені үйрете отырып өзінің үйренуін қалыптас-
тыруы қажет екенін ескеруі тиіс. Жаңа оқыту бағдарламасын-
дағы құзырлы оқытудың маңызды факторы оқушының тақы-
рыпты өз бетімен меңгеруін түсіну мен бағалай алуында болып
табылады. Демек, алдымызға келген әрбір шәкірттің білім алуы-
на ықпал етуде бағалаудың, оның ішінде қалыптастырушы
бағалаудың өте маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармаға-
нымыз жөн. Барлықтарыңызға белгілі «Бағалау» термині жақын
отыру дегенді білдіреді, бұл кездейсоқтық емес, себебі бағалау-
дың негізгі сипаты да сол бір адам басқа адамның не айтып, не
істейтінін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес
ойлауын, түсінігін және тәртібін бақылауы болып табылады.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Қалыптастырушы бағалау – мұғалім мен білім алушылар-
дың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетіс-
тігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табыла-
ды. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі бағалау үдерісі келесі кезеңдерді
жүзеге асыруды талап етеді:

‒ Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және
жоспарлау;

‒ Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін
таңдап алу;

‒ Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
‒ Кері байланыс беру.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері – оқушы-
ның күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күн-
делікті түзету, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анық-
тау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсе-
рінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың

7

әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағды-
лары. Бұл тек оқушы үшін емес пән мұғалімі үшін де жан-жақты

ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Ұсынылып отырған
әдістемелік құралдың басты мақсаты – қалыптастырушы баға-
лауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету
алгоритмін құра білуіне тиімді әдіс- тәсілдерді ұсыну. Қадамдап
жоспарлау кезінде оқу материалының аралық деңгейін анықтау
мақсатында, бағдарламалық материалды қайталауда әрі қоры-
тындылауда төменде берілген қалыптастырушы бағалау техни-
касын орынды жоспарлап, қолдануды ұсыну.

1. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?

2. Мақсаты мен қағидаттары қандай?
3. Қашан өткізіледі?
4. Ақпарат кімдерге беріледі?
5. Мұғалімнің рөлі қандай?
6. Оқушының рөлі қандай?

7. Қандай формада өтеді?
Еңбек жолын енді ғана бастап жатқан жас әріптестерді осы
сұрақтар толғандыруы әбден мүмкін екендігін ескеріп, арнайы
кесте ұсынылады.

Кесте 1

Өткізіледі Ақпараттан- Оқушының Мұғалімнің Өткізілу
дырылады қызметі қызметі формасы
Мұғалім
және – Материалды – Оқу – Оқу – Жеке
оқушының оқу барысында үдерісіне мақсаттары- – Топтық
қатысуы-
мен тоқсан тапсырманы белсене на сәйкес – Жұппен
барысында, қаншалықты қатысады бағалау
бүкіл дұрыс – Бағалау критерий-
сабақтың орындағаны критерийлері лерін анық
өн бойында жөнінде мен жазады
өткізіледі оқушылар дескриптор- – Бағалау
ақпарат алады ларды критерийле-
– Оқушылар- түсінеді ріне сәйкес

дың ілгерілеуі – Өзін-өзі тапсырмалар
жөнінде бағалайды, құрастырады
мұғалім бірін-бірі – Тапсырмаға
ақпарат алып, бағалайды дескриптор
оқыту құрастырады
үдерісіне –Оқушылар-
өзгеріс енгізе ға тиімді кері

8

алады байланыс
береді
– Оқыту мен
бағалау
үдерісіне
өзгеріс
енгізеді

Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты:
– оқу материалын меңгергені жөнінде нақты ақпарат алу
– білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау

– мұғалім-оқушы арасындағы кері байланысты орнату

Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
– Оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім
алушыларға ұсыну

– Білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмек-

тесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға орта құру
– Білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы

(конструктивті ) кері байланысты қамтамасыз ету

– Білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы кө-
зі ретінде қатыстыру.

Күтілетін нәтиже:
 Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады
 Оқушы өзін өзі дұрыс бағалауды үйренеді
 Мұғалім мен оқушы арасында «мені» мен сыйластық ор-

найды
 Оқушылардың үлгерімін үнемі бақылап отыруға мүмкін-

дік береді
 Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну

үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді
 Рефлексияға қатысып, өзін және сыныптастарын бағалай

алады
 Нақты мәселелерді шешу үшін әр түрлі көзқарастарды

білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.
Тағы да қайталаудан жалықпаймын, қалыптастырушы баға-

лау оқытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу

немесе тестілеу жұмысы түрінде қарастырылмайды. Оқу бағдар-
ламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтіле-

9

тін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұ-
нын анықтайды. Тағы бір ескеретін жайт, қалыптастырушы
бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни жоғарыда атап өткенім-
дей әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжі-
рибесі арқылы анықтай алады, сонымен бірге оның нәтижесіне
қатысты жауапкершілікті де, оқушы беретін кері байланыс нәти-
жесін де өз мойнына алуы қажет болып табылады. Бұл жердегі
кері байланыс ұғымына біраз тоқталайық, себебі кейбір мұғалім-
дер қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс ұғымдарының
арасындағы айырмашылықты ажырата алмауы мүмкін.

Кері байланыс – қалыптастырушы бағалаудың тағы бір
маңызды компоненттерінің бірі. Кері байланыс әрекеті ауызша
және жазбаша түрде беріледі.

Кері байланыстың осындай даяр түрлерін де беруге болады,
немесе жазбаша түрдегі кері байланысқа мынадай үлгілерді ұсы-
намын:

‒ Бүгінгі сабақта мынадай қорытындыға келдім
‒ Өзіме ашқан жаңалығым
‒ Мен түсіндім
Маңыздысы, қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс-
тың ара жігін ажырата білу керек.

10

Қалыптастырушы бағалау Кері байланыс

– оқу үдерісін дер кезінде түзетуге – белгілі бір әрекет немесе оқиға
мүмкіндік беретін, білім алушы туралы пікір, баға беру, жауапты
мен мұғалім арасындағы кері реакция.
байланысты қамтамасыз етіп,
үздіксіз жүргізілетін бағалаудың
түрі.

Тиімділігін танытып отырған қалыптастырушы бағалаудың
маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін өзі бағалау және
де өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне,

мінез-құлқына, ішкі жан-дүниесіне, басқа адамдардың ортасын-
да өз орны тағы басқа белгілері бойынша баға беруі болып табы-
лады. Өзін өзі бағалауда оқушының мінез-құлқы реттеледі, өзіне
сыни көзқараспен қарауды үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны

шығармашылыққа, сенімділікке тәрбиелеуге болады. Мұғалім
бағалауынан өзін өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық
тудыратын қадам болғанымен де, ынталандыру деңгейін көте-
реді. Өзара бағалау да сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне жә-
не мұғаліммен пікірталасқа түскенде сенімділігін артырады,
сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуге және жай ғана
бақылауына мүмкіндік береді.

11

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ

ТАПСЫРМАЛАР ҚҰРАСТЫРУ АЛГОРИТМІ
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарла-
масындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс делінген.
Мұғалімдерге арнайы көмек түрінде қалыптастырушы бағалау-
дың тапсырмалар жинағы да дайындалған, онда оқу мақсаттары-
на сай бағалау критерийлері, дескрипторлар және арнайы тап-
сырмалар үлгілері нақты көрсетіліп берілген. Кез келген баста-
уыш сынып мұғалімі, әсіресе еңбек жолын енді бастап жатқан
жас ұстаздар осы тапсырмалар жинағын пайдаланып, сабағына
енгізуіне толық мүмкіндігі бар. Немесе қалыптастырушы баға-
лаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі.
Түсінікті болуы үшін қалыптастырушы бағалаудың құралдары
дегеніміз не, соны ашып жаза кетейін. Қалыптастырушы баға-
лаудың құралдары – оқу мақсатына сай бағалау критерийлері,
арнайы дайындалған тапсырмалар, дескрипторлар.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алго-
ритмін назарларыңызға ұсынамын.

12

ТӘЖІРИБЕДЕН АЛЫНҒАН
ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛ ТҮРЛЕРІМЕН БӨЛІСУ

Сабақтың сапасы оқу мақсаты және оған жету жолдарының
тиімді ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Бұл әдістемелік
құралда сабақта мақсатқа жетудің ең табысты өлшемдерінің бірі
қалыптастырушы бағалаудың бірнеше тиімді әдіс-тәсілдерімен
таныстырылады. Мысалы: көптеген ұстаздар оқушы тапсырма-
ны орындап болған соң қолданатын қалыптастырушы бағалау-
дың ең жиі қолданатын түрі – «Қол» әдісі. Оқушылар әдетте
тапсырманы орындап болған бағалауда бас бармақты не жоғары
не төмен орналастыру арқылы бағалап үйренгенін көріп жүрміз.
Яғни, оқушы сабақты не жақсы түсіндім немесе түсінбедім
дегенді білдіреді. Егер де осы әдісті «Бәрі менің қолымда!» деп
өзгертсек, қағазға қолдың суретін салса, немесе дайын шыға-
рылған қолдың суреті берілсе. «Бас бармақ» – мен тапсырманы
өте жақсы орындадым, «Сұқ саусақ» – тапсырманы орындауда
біраз қателіктер жібердім, «Шылдыр шүмек» – мүлдем тапсыр-
маны орындай алмадым деп берілсе, оқушылар өзін өзі нақты
бағалауға қалыптасар еді.

Жалпы бастауыш сынып бағдарламасында барлық сынып-
тарда бөлім тақырыптары бірдей болғандықтан, бұл әдістемелік
құралда ұсынылатын әдіс-тәсілдердің тиімді жағы бастауыш сы-
ныптардағы барлық сыныптарға қолдануға болатыны. Мысалы:
«Менің мектебім» бөлімін өткенде құрастыратын тапсырмалар-
ды бағалауда мына бағалау түрлерін қолдануды ұсынамын.
Қалыптастырушы бағалау түрлері:

"Бояулар сыр шертеді "

13

"Құпия кітап "
«Қоршаған орта» бөлімі тапсырмаларын бағалауда ұсыны-
латын тиімді қалыптастырушы бағалау түрлері:

"Ерекше күн "
Сол секілді төменде көрсетілген қалыптастырушы бағалау
түрлерін өтілетін тақырыбыңызға сай немесе бөлім атауына сай
етіп алып қолдана берсеңіз болады. Және де бағалаудың форма-
сын жоғарыда атап өткенімдей жеке, жұптық, топтық деп алып
қолдана беруге болады.

"Тик- так "

"Құстар үні"

14

«Мамандық әлемінде!»

"Джерридің айласы "

" Спорт – денсаулық кепілі "

"Айлакер түлкі"
Өзімнің іс-тәжірибемнен математика пәні бойынша нақты
оқу мақсатына сай тапсырмалар құрастыру мен қалыптастыру-
шы бағалау түрлерін мысалға келтіріп өтейін.

15

Оқу мақсаты: 2.1.1.2 21-ден 100-ге дейінгі сандарды
Ойлау дағдыларының оқу, жазу және салыстыру
деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы:
1-тапсырма: 21-ден 100-ге дейінгі сандарды оқиды
21-ден 100-ге дейінгі сандарды жазады
Дескриптор: 21-ден 100-ге дейінгі сандарды
Қалыптастырушы бағалау салыстырады
Берілген ондықтарды тура және кері
ретпен сана

10,20,30,40,50,60,70,80,90.
-берілген ондықтарды тура санайды
-берілген ондықтарды кері санайды
ҚБ "Құпия кітап" әдісін қолданамын.

- жасыл түсті кітап,
тапсырманы толық дұрыс орындаса

-сары түсті, тапсырманы
орындау барысында біраз қателіктер
жіберіліп, түзетілсе.

– қызыл түсті, тапсырманы
орындау оқушыға қиындық тудырса

Келесі дүниетану пәнінде тақырыпқа сай қолданылған

қалыптастырушы бағалаудың тиімді тәсілі.

Оқу мақсаты: 1.2.3.1. Жеке бас гигиенасын сақтаудың

маңыздылығын түсіндіру

Ойлау дағдыларының Білу, түсіну, қолдану

деңгейлері

16

Бағалау критерийі Жеке бас гигиенасын сақтаудың
1-тапсырма: маңыздылығын түсіндіреді.

Дескриптор: "Сәйкестендіру" әдісі арқылы
орындалады.
Берілген суреттен жеке бас гигиенасын
сақтауға қажетті заттарды анықта, оларды
сәйкестендір.

– жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті
заттарды анықтайды.
- суреттерді сәйкестендіреді.

ҚБ: " Сәнді орамал " әдісі арқылы
жүзеге асады.
Оюланған орамал – жеке бас гигиенасын
сақтауға қажетті заттарды анықтаса,

суреттерді сәйкестендірсе.
Жартылай оюлы орамал – жеке бас
гигиенасын сақтауға қажетті заттарды

анықтаса, суреттерді сәйкестендіруде қате

жіберсе.
Оюсыз орамал – жеке бас гигиенасын
сақтауға қажетті заттарды анықтауда,

суреттерді сәйкестендіруде көмек қажет

етсе.

Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін нақты
сол сабақта болатын тақырыпқа байланысты немесе бөлім
атауына байланысты, немесе тапсырманың мазмұнына қарай да
ойлап табуға болады, күнделікті өмір дереккөздерінен де алуға
болады. Мысалы: "Дені саудың – жаны сау" бөлімінде өзім
көбінесе қолданатын қалыптастырушы бағалау түрлері көрсетіл-
ген, осылардың ішінде ерекше бағалау түрі "Денім сау болсын
десең ", себебі бұл бағалау түрі күнделікті өмір дереккөзінен
алынған. Бүкіл әлемдік Covid-19 індетіне қарсы сақтандыру
шараларының ең бастысы ол – бетперде тағу. Бұл жерде осы

17

қалыптастырушы бағалау түрін пайдалана отырып, оқушыларға
күнделікті сақтық шараларын еске салып отыруға да болады.

" Мейірімді дәрігер "

"Жағдайың қалай, балақай? "
" Денім сау болсын десең! "

Әдебиеттік оқу пәнінде «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
бөлімі тақырыптарын өткенде тапсырмаларды бағалауда мына
қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдануды ұсынамын. Ерте-
гілер, жырлар, аңыздарды оқып танысу барысында оқушылардың
оқуға деген ынта-жігерін, қызығушылығын арттырады.

"Аң патшасы – арыстан "

" Жас зерттеуші "
18

"Ғарышкер болу – арманым! "

" Алтын балық "

" Еңбекқор құмырсқа "

" Алтын сақа "

Жаратылыстану пәні бойынша тағы бір сабақтағы қолданы-
лып жүрген қалыптастырушы бағалаудың тиімді түріне тоқтал-
сам деймін.

Негеш пен Эврика жануарларды зерттейтін ғалымға қонаққа
барған екен. Ғалым оларға бірнеше тапсырма беріпті. Қане, бір-
ге сол тапсырмаларды орындап көрейік, деп балалардың қызы-
ғушылығын оятып тапсырманы «Ең көрнекті жерге орналас-
тыру» әдісін пайдаланып, сыныптың көзге ерекше түсетін жері-
не орналастыру керек. Жалпы жаратылыстану пәні негізінен
зерттеу бағытында екенін ескеріп, тапсырмалардың басым бөлі-
гін зерттеу жұмыстарына арнағанымыз жөн болады. Сабақтың
оқу мақсатына берілетін тапсырмалар да, күтілетін нәтиже де
сәйкес болуы керек екенін ұмытпауымыз керек. Демек, оқу
мақсатына сай тапсырмаларды зерттеу бағытында құрастырсақ,
оның бағалауы да басқа тапсырмаларға қарағанда ерекше болға-
ны тиімді болады. Себебі, зерттеуге бағытталған тапсырманы
орындаған оқушы бағалауда да ерекшелік бар екенін байқап,

19

ынтасы жоғарылайды. Сөзіме дәлел болатын қалыптастырушы
бағалаудың тағы бір тиімді тәсілі кестеде көрсетілген.

Оқу мақсаты: 2.2.2.2 жануарлардың тіршілік ортасына
бейімделу жолдарын сипаттау
Ойлау дағдыларының Түсіну, қолдану
деңгейлері
Бағалау критерийі Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу
жолдарын сипаттайды
1-тапсырма:

Дескриптор: Суретте берілген жануарларды бейімделу
жолдарына қарай топтастыр және дәлел
келтір.
-суретте берілген жануарларды бейімделу
жолдарына қарай топтастырады
-дәлел келтіреді
ҚБ "Жануарлар мекені "әдісі

- тапсырманы
толығымен орындап, нақты дәлел келтірген
оқушыға

-

20

тапсырманы толығымен орындап, дәлел
келтіруде біраз қателіктер жіберсе

- тапсырманы
орындау барысында мұғалімнің көмегін
қажет ететін оқушыға

ОНЛАЙН ОҚУ ФОРМАТЫНДА
БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Бұл әдіс – тәсілдер көбінесе офлайн оқу форматында қолда-
нуға арналған. 2019-2020 оқу жылынан бастап пандемияға бай-
ланысты оқудың онлайн форматқа көшуі бәріміз үшін күтпеген
жаңалық болды. Ұстаздар қауымы алғашында оқу үрдісін ұйым-
дастыруда көптеген кедергілерге тап болғаны да жасырын емес.
Соның ішінде әсіресе бағалауға келгенде қиындықтар көп
болды. Дегенмен, көптеген онлайн платформаларды оқып, таны-
сып, тәжірибемізге енгізіп қолданып та жүргеніміз аз емес. Осы
әдістемелік құралымда бірнешеуін атап өткім келеді. " Quizlet "
платфоромасы кез-келген материалды әр түрлі тәсілдермен есте
сақтауға көмектесетін тесттерді жылдам құруға арналған қыз-
меттің түрі. Бұл платформаның тиімділігі де сонда, жүйе авто-
матты түрде тесттің 4 түрін жауап нұсқасымен жасайды. " Ірік-
теуге арналған 5 сұрақ "әдісі мұнда тапсырма сәйкестендіруді
орындау болып табылады. " Дұрыс-бұрыс " әдісін қолдансаңыз,
суреттер беріп олардың тек дұрыс бұрыс екенін анықтауға тап-
сырма беруге болады. Қайсы тапсырмасын алып қолдансаңыз да
бағалауы дайын күйінде қорытындысын өзі шығарып беріп оты-
рады. Бұл жерде әсіресе, тіл үйренуге арналған карточкалардан
бастап, қызықты тақырыптағы ойындар, ыңғайлы түрлі құрал-
дарды таба аласыздар. Бұдан басқа Google Forms, Google Class-
room, Padlet онлайн құралдарды тиімді пайдалануға әбден
болады. Осылардың ішінде өзім жиі қолданып жүрген Google
Forms туралы біраз тоқтала кетейін. Мұнда тапсырмаларды

21

өзіңіз құрастырасыз тест түрінде де сұрақ жауап түрінде де
беруге болады. Бұл құралдың ең тиімділігі тапсырмаға байла-
нысты суретті де, видеоны да жүктеп қоя аласыз және оның
сілтемесін әр оқушыға жіберіп әуре болмай, ортақ сыныптың
WhatsApp чатында бөлісуге болады. Әр оқушы сол сілтеме ар-
қылы өтіп тапсырманы орындап болған соң автоматты түрде
мұғалімге жібереді. Тапсырманы тексеріп әуре болмайсыз, жүйе
өзі тексеріп, бағалап береді. Менің тәжірибемде осы оффлайн
форматта қолданып жүрген қалыптастырушы бағалау түрлерін
мазмұнына сай әр оқушыға WhatsApp чатына жіберіп отырдым.

22

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Сонымен білім беру саласындағы қалыптастырушы бағалау-
дың анықтамасы – бұл мүғалімдер оқушылардың деректерін тез
және тиімді жинау және нәтижелерін тек оқушылардың үлгері-
мін қадағалау үшін ғана емес, сонымен қатар олардың нұсқаула-
рын ақпараттандыру және жүргізу үшін пайдаланатын бейресми
бағалау түрі. Оларды оқыту мен оқу мақсаттары үшін сабақ ал-
дында, сабақ барысында немесе одан кейін де қолданылатын
күнделікті прогрессті бақылау құралы ретінде сипаттауға
болады.

Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың айыр-
машылығы неде?

Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау – екеуі де
өзіміз жаңа оқыту бағдарламасы енгізілген күннен бастап оқу
үрдісінде қолданылып жүрген бағалаудың түрлері. Олар бір-
бірінен қалай ерекшеленетініне тағы бір тоқталып кетейін.

1. Қалыптастырушы бағалау – формальды емес, ал жиынтық
бағалау – формальды бағалау.

2. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты – оқушының білі-
мін бақылау және оқытуды ақпараттандыру, ал жиынтық баға-
лаудың мақсаты – оқушылардың білімін бағалау.

3. Қалыптастырушы бағалау оқу бірлігі кезінде, ал жиынтық
бағалау соңында беріледі.

4. Қалыптастырушы бағалау оқушылардың жеке үлгерімі
мен қажеттіліктеріне бағытталады, ал жиынтық бағалау оқушы-
лардың ұпайларын қалыпқа келтіреді және оларды алдын-ала
белгіленген стандарттармен салыстырады.

5. Қалыптастырушы бағалау оқушының бағасына аз әсер
етеді, ал жиынтық бағалау оқушының нақты бағасына әсері зор.

Қалыптастырушы бағалаудың оқушының бағасына әсері аз
болса, оны күнделікті сабағымда қолданудың қажеті қанша де-
ген сұрақ туындауы әбден мүмкін. Бастауыш сыныпта қалып-
тастырушы бағалауды қолданудың көптеген артықшылықтары
бар. Ол үздік оқыту тәжірибесінің ажырамас бөлігі болып
табылатынын мен кіріспе бөлімде ашып түсіндіріп кеткенмін.

23

Енді жоғарыдағы сұраққа жауап ретінде, сабақ барысында
формативті бағалауды күнделікті қолдануыңыздың 10 себебін
келтірейін.

1. Деректерге негізделген шешімдер қабылдау – қалып-
тастырушы бағалау сіздің сыныпқа қатысты мәліметтерге негіз-
делген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы: тұжы-
рымдаманы немесе шеберлікті тұтас топ, шағын топ, немесе
жеке негізді қайта құрау қажет екендігін немесе келесі тақырып-
қа өтуге болатындығын анықтай аласыз. Жеке сыныпқа негіз-
делген шешімдер қабылдау үшін сізге қажет ақпарат саусақ
ұшында болады.

2. Жеке нұсқаулық беру – қалыптастырушы бағалау ар-
қылы жиналатын ақпарат барлық оқушыларыңызға сәйкес және
жеке нұсқаулар беруге көмектеседі. Ақпаратты жинағаннан
кейін оны талдауға, сұрыптауға және оны сыныптағы әр түрлі
қажеттіліктерге сәйкес жоспарлауға және жеткізуге пайдалануға
болады.

3. Оқу туралы рефлексия – қалыптастырушы бағалау оқу-
шыларға стрессіз түрде өздерінің оқуы, қазіргі түсінігі мен
ойлауы туралы ойлануға мүмкіндік береді

4. Оқыту туралы рефлексия – алдыңғы себепке сәйкес
қалыптастырушы бағалау мұғалімдерге кідіртуге және олардың
оқыту практикасында, дәлірек айтсам, өз сыныптарында қандай
стратегиялар бар және олардың нәтижесі қандай болатыны тура-
лы ойлануға мүмкіндік береді.

5. Оқушылардың түсінбеушіліктерін анықтау. Яғни
сабақта нені түсінбеді? – қалыптастырушы бағалау сіз сабақ
барысында немесе оқу күнінің соңына таман алдыңыздағы
оқушының сол күнгі сабақта нені меңгере алмағанын анықтауға
мүмкіндік береді. Демек, сіз осы оқушыңыздың осы мәселесін
келесі оқу күнінің басында шеше аласыз дегенді білдіреді.

6. Оқушылардың белсенділігн арттыру – сұрақ қою әдіс-
тері және басқа да қалыптастырушы бағалау стратегиялары, егер
тиімді қолдана алсаңыз, сыныптағы үлгерімі өте төмен деген
оқушының өзінің белсенділігі артатынын көруге болады.

7. Оқушылардың жетістіктерін арттыру – зерттеулер
көрсеткендей, қалыптастырушы бағалауды ұтымды, ыңғайлы,

24

қызықты етіп тиімді қолдана алсаңыз, қорытынды жұмыстардың
нәтижесінің 90% жоғарғы көрсеткіште екеніне көзіңізді жеткізе
аласыз.

8. Оқушылар туралы түсінікті тереңдету – қалыптастыру-
шы бағалауды күнделікті қолдана бастағаннан кейін, сіз өз оқу-
шыларыңызды қаншалықты жақсы білетіндігіңізге, сондай – ақ
олардың қабілеттерінің бастапқы деңгейі мен соңғы нәтижедегі
деңгейі арасындағы айырмашылықты көріп таңданатын бола-
сыз. «Қалыптастырушы бағалау» – бұл керемет қуатты құрал
деп қабылдаңыз.

9. Өсу мәдениетін дамыту және қолдау көрсету – оқушы-
лар уақыт өте келе түсінікті немесе дағдыларды бірінші рет
үйреткенде түсінбейтін болса, ештеңе болмайтынын біледі.
Себебі, сіз қалыптастырушы бағалаудың оқушының білімге
деген ынтасын жоғары дәрежеге жеткізетіндей тиімді әдістерді
қолдана отырып, оқушыңызға қолдау көрсетесіз. Олар оны
бірінші рет жасай алмаса да, келесі жолында жасауда, ойлау
жүйесін қолданып, өз мақсаттарына жету үшін табандылық
танытатын болады.

10. Мұғалімдерге сабақ берудегі икемділікті арттыру –
қалыптастырушы бағалауды қолданудың негізі десек те болады,
кез-келген мұғалім оқушыларға ұсынатын материалының қан-
шалықты олар үшін маңызды болатынын бақылауда ұстауы
қажет деп есептеймін. Деректерді басшылыққа ала отырып, өзі-
нің оқушылары үшін ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтауда
осы қалыптастырушы бағалау көмекке келетінін айтқым келеді.

Қорыта келе, Теодор Сайзер «Баға беру және есепке алу –
керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және
біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға
беретін жүйе...» дегендей, қалыптастырушы (формативті) баға-
лау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалімге олардың іс-
әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып,
жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді дегім келеді.

25

МҰҒАЛІМ ҚОРЖЫНЫНА

Осы әдістемелік құралды жазу барысында түр-
лі креативті бағалау түрлерін де қолдануға болатындығы туралы
ой келді. Жазушылар тілімен айтқанда «Әлі сиясы кеппеген»
креативті бағалау түрлерін назарларыңызға ұсынамын.

" Тек қана дұрыс жауап "

" Жетістікпен тоқтамаймыз! ". Бұл әдіс неге креативті деп
ойлауыңыз мүмкін, әдеттегі біз қолданып жүрген «Жетістік бас-
палдағы» әдісі.

26

осындай түрде, ал мен ұсынып отырған
бағалау түрін пайдалансаңыз, оқушыңыз жетістікке жете оты-
рып, алға ұмтылуға талпынатын болады.

" ӨЗ орныңды тап! " " Ең білімді мерген! "

Әлеуметтік тақырыптарды оқытуда қолданатын әдістер

" Жорамал жаса " " Сұхбат "
Туған өлкеңе қандай ізгі істер жасар едің? Сыныптастарың-
мен сұхбат жүргіз.
Тізімін жазып, постер қорға Ер балалар қандай үйірмеге
қатысады?
Қыз балалар ше?

27

Диаграммасын жаса
" Ізгі істердің шағын сөздігі " " Шахмат тақтасы "
Өзің жасаған ізгі істерден шағын сөздік Ақ торкөзге пайда-
лы, қара торкөзге зиянды әдеттерді жазу.

28

Географиялық тақырыптарды оқытуда
қолданылатын әдіс түрлері

" Жиһанкез " әдісі " Елестет және әңгімеле "
Өзіңді саяхатшымын деп елестет суретке мұқият қара.
Бір табиғи нысанды таңда өзіңді осы жердемін деп елестет.
Жарнамалық постер жаса. Не сезіп тұрсың? Қандай дыбыс-
тар естисің?

" Тарих қадамдары " " Кішкентай продюссер "
Адам табанының суретін салып қиып ал. Аттила туралы
фильм продюссерісің.
Әрқайсысына оқиғаларды жаз Ғұндардың өмірін қалай си-
паттар едің?
Қабырғаға тарих қадамдарын ретімен орналастыр Фильмге
киноафиша ойла.

29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. К.Дж. Джилеспи, Д.Л. Робертсон /Қалыптастырушы мақсаттар
үшін оқыту пратикасы мен тиімділігін бағалау./ Факультетті дамытуға
арналған нұсқаулық. Сан-Франциско, Калифорния – 2010

2. Black P and Wiliam D ./Сыныптағы оқуды бағалау/ Лондон –

2006
3. /Білім беруді жетілдіру, тәжірибе барысындағы үміттің сал-

танаты / Дарем университетінің білім беру және мониторинг орталығы
– 2013

4 . / Орта мектептерде оқу мен оқытуды бағалау/ – 2008
5. Wiliam / Бағалау: Оқыту мен оқудың арасындағы көпір/ – 2013
6. Лихи.С, Лион.С, Томпсон.М, Вилиам Д, 2005 ж. /Сыныпты
бағалау: минут сайын және күн сайын. Білім берудегі көшбасшылық/ –

2005.
7. Джусупова С.Б / Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі

Баяндама / – 21.05.2018.
8. Нығметова Б.Ж., Сарбасов.Н.С /Қалыптастырушы бағалаудың ерек-

шеліктері / Педагогикалық диалог.-2017 №1 – 172-176 б.
9. Набуова.Р.А / Оқыту үшін бағалау – сындарлы оқыту теория-

сының біртұтас кешені ретінде / Молодой ученый.-2014. №1,2-64-67 б.
10. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау

бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал «Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДББҰ / Можаева.О.И., Шилибекова. А.С. – Астана,2016 –
48 б.

11. /Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы «Назарбаев
зияткерлік мектептері» ДББҰ/ Педагогикалық шеберлік орталығы,
20145-36 б.

12. Амангалиева.С.А. / Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету
баспалдағы / Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы, Орал –

2019.
13. Төңкерқызы А /Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тә-

сілдері/ Вебинар ЦПМ – 2021.
14. Сатаев.М.А/ Критериалды бағалау жүйесі бойынша мұғалім-

дерге қолдау көрсету / Вебинар ЦПМ – 2019, Талдықорған.
15. Дуг Лемов. /Мастерство учителя/
16. /7 Smart Fast Ways to do Formative Assesment/ Edutopia –

26.04.2019.

https://www.edutopia.org/article/7-smart-fast-ways-do-formative-

assessment

17. / 60 Formative Assesmaent / Carrer Tech

30

https://www.okcareertech.org/educators/resource-center/standards-
credentials-assessments/dams-standards-credentials-assessments/60-
formative-assessment-strategies

https://www.scholastic.com/teachers/articles/teaching-content/what-
are-formative-assessments-and-why-should-we-use-them/

http://www.ascd.org/publications/books/111005/chapters/Section-1@-
What-Is-Formative-Assessment¢.a

31

МАЗМҰНЫ 3

Кіріспе 5
Теориялық бөлім
Критериалды бағалау жүйесі туралы 7
Қалыптастырушы бағалау үрдісі
және оның ерекшеліктері туралы 12
Тәжірибелік бөлім
Қалыптастырушы бағалау құралдары 13
және тапсырмалар құрастыру алгоритмі
Тәжірибеден алынған тиімді әдіс-тәсіл 21
түрлерімен бөлісу 23
Онлайн оқу форматында бағалаудың тиімді 26
әдіс-тәсілдері 29
Қорытынды бөлім
Мұғалім қоржынына
Пайдаланылған әдебиеттер

32

Оқу басылымы

Айтқабылқызы Анар

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ
ОҚЫТУДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Әдістемелік құрал

ИБ №

Басуға 25.06.2021 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16.
Көлемі2 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылым. Тапсырыс № .

33

Таралымы дана. Бағасы келісімді.

34


Click to View FlipBook Version