The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

кітап туралы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by bakytkysy, 2021-03-16 12:06:08

кітап

кітап туралы

3 тақырып. ҚР беткі жəне жерасты суларының экологиялық
жағдайлары.
Сұрақнама:​
1. Жер беті жəне жер асты суларының ластануы қалай жүреді, жəне
олардың негізгі ластаушы көздерін ата?
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты,
Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс
орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын,
мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі
байқалады.

Бұрынғы арал теңізінің орындары

Іле-Балқаш бассейні суының сапасы да мəз емес. Мұндағы ластағыш заттар –
ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Əсіресе, «Балқашмыс»
өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркəсібі», «Сарышаған» ракета
полигондары, т.б. кен рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш көліне
мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы
өзен экожүйесі, күріш алқаптары жəне шеңгелді массивтерін игеруге
байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп
қолданылып келеді. Нəтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның
үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай
жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды қиындата түсуде.
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің
сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас
өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен
ластануда. Əсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егіндісінде жиі
қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

Каспий теңізіндегі мұнайды бұрғылау

Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты жəне теңіз
деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін
шиенеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы-
скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды.
Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер,
коммуникациялар, өнеркəсіп орындары су астында қалды. Нəтижесінде,
теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық
қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық
өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мəселен, 1995-2000
жылдар аралығындағы кəсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық жəне ет
беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы
қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың жəне жүздеген мың құстардың өлуі
теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші – биоиндикаторы болса керек.
Қазіргі Каспий мұнайын игеру бүкіл əлемді дүрліктіріп, шетелдік
инвесторларды теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылдыруда. Ал, олардың
судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы
күмəн туғызады. Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен
бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған
ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп,
жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып
жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі
жинақталған. Ақтөбе облысындағ су айдындардың да экологияның жайы
нашар. Мəселен, Елек өзені амин өнеркəсібі есебінен жəне бормен ластануда.
Қарағанды металлургия комбинатының жəне Теміртау қаласындағы
«Карбид» өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша
ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқыгнды лас сулары Талас, Асы
өзендері мен оның алқаптарын фтор жəне сары фосформен ластап отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайран кен

орындарында байқалуда. Əсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын,
фосфор,химия өнеркəсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей
жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген. Су
ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда
жиірек ұшырасуда. Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту жəне
қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі
істер жүргізілуде.
Жер асты суының ластануы — адам əрекеттерінен ластанған жер беті
суларынан, басқа да қалдықтардан жер асты суларының ластануы. Əлемде
Жер асты суының ластануы кеңінен орын алып отыр, əсіресе АҚШ-та жəне
Батыс Еуропада. Жер асты суларының тек беткі қабаты емес, сонымен қатар
төменгі қабаттары да ластануда (артезиан сулары). Ластаушы заттектердің
жер асты суларына қалай түсетіні əлі толық анықталмаған.

ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ– 1) сыртқы қолайсыз факторлардан
жасырын жатқанына қарамастан, жер асты суларының ластануы. Өнеркəсіп
жəне тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары,
өнеркəсіп қалдықтарының үйінділері, лас суларды жердің төменгі
қабаттарына күшпен айдау, өнеркəсіп жəне қала аумақтарынан лас сулардың
жерге сіңуі, лас өзен суларының жерге сіңуі жəне тағы басқа да процестер
жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Əсіресе,
химиялық жəне бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су
қабаттарының ластануы жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді; 2) жер
асты сулары сапасының адамдардың іс-əрекеті нəтижесінде алғашқы
қалпына қарағанда нашарлауы, яғни суда кездеспейтін зиянды заттектердің
сырттан қосылуы салдарынан оның пайдалануға жарамсыз болып қалуы. Жер
асты суларының ластануы өндіріс орындарының сарқынды суларының жер
бетіне бейберекет жіберілуінен, суғармалы жерлердің, елді мекендердің
коммуналдық-тұрмыстық жəне басқа да ақаба сулардың жерге сіңуінен жəне
т.б. салдарынан болады. Құрамында ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш,

сынап, т.б.) бар сулар адам денсаулығына өте зиянды. Сапасының өзгеру
деңгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді: 1) аздап (сəл) ластанған
– су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мəннен артық, бірақ
пайдаланудың нақтылы түрлері үшін шектелген рауалы шоғырланудан
(ШРШ) төмен; 2) ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан бірнеше
есе артық; 3) өте ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан əлдеқайда
артық жəне ластану кезіндегі ерітінді құрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер
асты суларының ластану көздері ластағыш заттектердің түрлері мен пайда
болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттектердің ену жағдайлары, ластану
ауқымының белгілері бойынша жіктеледі. Ластанған сулар Қазақстанның
кейбір өндірісі дамыған Риддер, Павлодар, Теміртау, Шымкент, Тараз,
Ақтөбе сияқты ірі қалаларда жəне мұнай өндіретін Каспий жағалауында
кездеседі.
2.Жер беті жəне жер асты суларының экологиялық ролі?
3.Су объектілеріндегі судың сапасына қандай талаптар қойылады?
Ауыз су сапасына қойылатын талаптар
1.Тұтынушыларға орталықтандырылған жəне қайта орталықтандырылған
ауыз сумен қамту жүйелерімен, автономиялы жүйелермен жəне көліктен
сумен қамту жүйелерімен жіберілетін адам тұтынуына арналған ауыз су
эпидемиялық жəне тиімділік жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша
залалсыз, жағымды органолептикалық қасиеттерге ие жəне СТ ҚР МЕМСТ Р
51232-2003 «Су. Ұйымдастырылуына жəне бақылау əдістеріне жалпы
талаптар» талаптарына сай болуы тиіс.
2.Ауыз суы химиялық, радиациялық, бактериалдық жəне токсикологиялық
көрсеткіштері бойынша қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс, əрекет етуші
регламент
талаптарына, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі саласында ҚР
заңнамасымен бекітілген санитарлық ережелер мен нормаларға сай болуы
тиіс ( 2 қосымша).
3.Ауыз суының қауіпсіздігі мен сапасы келесі іс-шаралармен қамтылады:
- ауыз сумен қамту көзін дұрыс таңдау, су сапасын талдау жəне тəуекелді
бағалау;
- ауыз сумен қамту объектілері мен көздері жүйесіне күзет жəне техникалық
бекітілімді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету;

- судың қауіпсіздік талаптарына сай екендігін қамтамасыз ететін тиімді
техникалық тазарту жəне дайындау технологияларын қолдану;
-пайдалануға дайын суды беру жəне тарату жүйелерін техникалық
эксплуатациялау, жөндеу жəне қызмет көрсету бойынша іс-шараларды
жүзеге асыру;
-ауыз сумен қамту жүйелерінде халықтың мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық игілігі саласында өкілетті орган берген, ҚР
заңнамасымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар
жабдықтар, құрылғылар, материалдар жəне реагенттер қолдану;
-бірыңғай бекітілген əдістер мен өлшеу құралдарын пайдаланып, судың
сапасын бақылауды жүзеге асыру.
4.Көздердегі судың сапасы «Шаруашылық-ауыз су мақсаттарына,
шарушылық-ауыз сумен қамту су көздеріне, су жинау орындарына жəне
мəдени-тұрмыстық су пайдалану жəне су объектілерінің қауіпсіздігіне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық
ережелеріне сай болуы тиіс.
5.Егер судың құрамында кез келген микроорганизмдер мен паразиттер, басқа
да зиянды заттар болмаса, концентраттардың деңгейі адам денсаулығына
əлеуетті қауіп төндірмесе, ол халық үшін жарамды болып танылады.
Тазартылған ағын сулардың сапасына қойылатын талаптар
1.Су қоймаларына ағын суды жіберу жағдайлары – ағын суды
қабылдаушылар Қазақстан Республикасының беткі суларын қорғау
ережелерімен реттеледі. Бұл ережелермен су сапасының нормативтері
бекітілген: шаруашылық-ауыз су жəне мəдени-тұрмыстық су пайдаланудағы
су қоймаларына, сонымен қатар балық шаруашылығы мақсатында
қолданылатын су қоймаларына арналған.
2.Тазартылған ағын сулардың сапасына қойылатын талаптар тазартылған
суды ластайтын заттардың шекті мүмкін концентраттарымен (ШМК)
белгіленеді жəне кəріздік тазарту құрылыстары жұмыстарының
технологиялық регламенттерімен (белгіленген тəртіпте) реттеледі.
3.Шекті мүмкін лақтырылатындардың нормативі əрбір елді мекен үшін,
сондай-ақ əрбір су объектісі үшін əрекет етуші əдістерді, беткі суларды
қорғау ережелерін, кəріздік тазарту құрылыстары бойынша нұсқаулықтарды
жəне басқа да нормативтік құжаттарды қолдана отырып есептеледі .

4.Шекті мүмкін лақтырылатындардың нормативі келесі бірліктермен
бекітіледі: жылына тонна жəне секундына грамм (миллиграмм).
5.Техникалық ауылшаруашылық мəдениеттерді суару үшін ағын суларды
пайдалану кезінде нақты аймақты суландырудағы уақытша шекті мүмкін
концентраттар –ШМК бекітіледі жəне белгіленеді.
4.Орталық Қазақстанның су көздерінің экологиялық жағдайы.
Жер бетіндегі су қорына əсіресе,Орталық жəне Батыс Қазақстан
кедей.Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен
сипатталады.Ойыл жəне Нұра бассейнінде ол бар болғаны км² ге шаққанда
0,13-0,022 км.
Орталық Қазақстан шөлейтшөлді, табиғи су қорлары жеткіліксіз аймаққа
жатады. Облыстың климаты күрт құбылмалы, құрғақ.Негізгі су көздері Нұра
өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы,
Каракеңгір жəне Жезді өзенідері, Балқаш көлі болып табылады.Ертіс
-Қарағанды каналы өнеркəсіп,фабрикалардың қолданып қайта ағызылған лас
суынан зардап шегуде.Ертіс су құрамында мыс,мырыш сияқты химикатты
заттар бар.Ал Балқаш көліне келсек Балқаш алабынан атмосфераға түсетін əр
түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл
бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып
жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған
аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның əсері биік таулы аймақтардағы
мұздықтардың еріп, ұсақтануына əкелді. Ішкі себеп – Қапшағай су электр
стансасының салынуына байланысты осындай себептермен Балқаш көлінің
жағдайы жыл санап нашарлауда.Ал бұл көл Орталық Қазақстанның ғана емес
Қазақстанның ең ірі экожүйелердің бірі.
5.Трансшекаралық тасымалды реттеудің заңнамалық негіздері.
Конвенция Тараптары:
1.қауiптi жəне басқа да қалдықтардың жəне оларды трансшекаралық
тасымалдаудың адам денсаулығына жəне қоршаған ортаға келтiретiн
зиянының қатерiн ескере отырып;
2.қауiптi жəне басқа да қалдықтарды өндiрудiң жəне трансшекаралық
тасымалдаудың өсуi жəне олардың күрделi сипаты нəтижесiнде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға төнген қауiптiң өсуiн сезiне отырып;
3.сондай-ақ, адамның денсаулығын жəне қоршаған ортаны осындай құралған
қалдықтардың қаупiнен қорғаудың барынша тиiмдi əдiсi оларды өндiрудiң

мөлшерiн жəне/немесе олардың қауiптi əлеуетiн ең төменгi шекке дейiн
қысқарту болып табылатынын сезiне отырып;
4.қауiптi жəне басқа да қалдықтарды, оларды трансшекаралық тасымалдауды
жəне аулаққа шығаруды қоса алғанда, олардың шығарып тасталған орнына
қарамастан, адамның денсаулығын жəне қоршаған ортаны қорғаумен
сыйымды мемлекеттің қажеттi шаралар қабылдауға тиiстi eкендігіне сене
отырып;
5.мемлекеттiң өндiрушiнiң қауiптi жəне басқа да қалдықтарға қатысты
мiндеттемелерiн, шығарып тастау орнына қарамастан, қоршаған ортаға
сыйымды əдiспен орындауды қамтамасыз eтуге тиiс екендiгiн атап көрсете
отырып;
6.əрбiр мемлекеттің өз аумағында басқа мемлекеттiң қауiптi жəне басқа да
қалдықтарын трансшекаралық тасуға немесе аулаққа шығаруға тыйым салуға
егемендi құқығы бар екенiн толық тани отырып;
7.сондай-ақ, басқа мемлекеттердегi, əсiресе дамушы елдердегi қауiптi
қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға жəне оларды аулаққа шығаруға
тыйым салуға ұмтылыстың өсе түскенiн тани отырып;
8.қауiптi жəне басқа да қалдықтардың осы қалдықтар өндiрiлген мемлекетте
аулаққа шығару тиiстілігiнің оларды экологиялық негiзделген жəне тиiмдi
пайдалануға қандай дəрежеде, қаншалықты сəйкес келетiнiне көз жеткiзе
отырып;
9.сондай-ақ, осындай қалдықтарды оларды өндiрген мемлекеттен кез келген
басқа мемлекетке трансшекаралық тасымалдауға Конвенция ережелерiне
сəйкес адамның денсаулығы жəне қоршаған орта үшiн қауiп туғызбайтын
жағдайда жүзеге асырылған кезде ғана рұқсат етілуге тиiс екенiн сезiне
отырып; 10.қауiптi жəне басқа да қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдауға бақылауды күшейту оларды экологиялық негiзделген
пайдалануға жəне мұндай трансшекаралық тасымалдаудың көлемiн
қысқартуға ынталандырады деп есептей отырып;
11.мемлекеттердiң қауiптi жəне басқа да қалдықтарды осы мемлекеттерден
əкелу немесе олардан əкету жəне осындай тасымалды бақылау
трансшекаралық тасымалдау туралы ақпараттармен тиiсiнше алмасуды
қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдауға тиiс екендiгiне көз жеткiзе
отырып;

12.бiрқатар халықаралық жəне аймақтық келiсiмдерде транзиттік қауiптi
жүктерге байланысты қоршаған ортаны қорғау мен сақтау туралы мəселе
қарастырылатынын атап көрсете отырып;
13.Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта проблемасы бойынша
Конференциясының Декларациясын (Стокгольм 1972), Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының қоршаған орта бойынша 1987 жылғы 17 маусымдағы
Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнің (ЮНЕП) қауiптi қалдықтарды
экологиялық жағынан ақталған пайдалануға қатысты қабылданған 14/30
шешiмiндегi басшылыққа алатын Каир ережелерi мен принциптерiн,
БҰҰ-ның қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi сарапшылар Комитетiнiң
(1957 жылы құрылған жəне əр екi жылда жаңартылатын) ұсыныстарын,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнiң шеңберiнде қабылданған ұсыныстарды,
декларацияларды, құжаттарды жəне ережелердi, сондай-ақ басқа да
халықаралық жəне аймақтық ұйымдарда жүргiзілген жұмыстарды жəне
зерттеулердi назарға ала отырып;
14.Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отыз жетiншi сессиясында
қабылданған (1982 ж.) қоршаған ортаны қорғауға жəне табиғи ресурстарды
сақтауға қатысты тəртiп ережелерi ретiнде Дүниежүзілік табиғат
хартиясының рухын, принциптерiн, мақсаттары мен мiндеттерiн ескере
отырып;
15.Мемлекеттердiң адам денсаулығын қорғауға жəне қоршаған ортаны
қорғау мен сақтауға қатысты өздерiнiң халықаралық міндеттемелерiн
орындау үшiн жауап беретінін жəне халықаралық құқыққа сəйкес
жауапкершілікте болатынын растай отырып;
16.осы Конвенцияның ережелерi немесе оған кез келген хаттама елеулi
дəрежеде бұзылған жағдайда халықаралық құқық шарттарының тиiсті
ережелерi қолданылатынын тани отырып;
17.экологиялық негiзделген аз қалдықты технологияларды,
əкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүйесi мен қауiптi жəне басқа да
қалдықтар өндiрудi ең төменгi шекке дейiн қысқарту мақсатында
қалдықтарды пайдаланудың керi айналысы əдiстерiн əзiрлеу мен енгiзудi
жалғастыру қажет екенiн ескере отырып;
18.сондай-ақ, қауiптi жəне басқа да қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдауға бақылауды күшейту қажеттiгiне байланысты халықаралық

қоғамдастықтың өсе түсiп отырған қаупiн, сондай-ақ, осындай тасымалды
мүмкiндiгiнше ең төменгi шекке дейiн қысқарту қажеттiгiн ескере отырып;
19.қауiптi жəне басқа да қалдықтардың трансшекаралық заңсыз
айналымының проблемаларына алаңдаушылық бiлдiре отырып, сондай-ақ,
дамушы елдердiң қауiптi жəне басқа да қалдықтарды ұтымды пайдаланудағы
шектеулi мүмкiндiктерiн назарға ала отырып, елдiң iшiнде өндiрiлген қауiптi
жəне басқа да қалдықтарды негiзделген пайдалану мақсатында, əсiресе
дамушы елдерге табиғат қорғау технологиясын берудi кеңейту туралы
Каирдiң басшылыққа алатын ережелерi мен ЮНЕП Басқарушылар Кеңесiнiң
14/16 шешiмi рухындағы қажеттілiктi тани отырып;
20.сондай-ақ, қауiпті жəне басқа да қалдықтардың тиiстi халықаралық
Конвенциялар мен ұсыныстарға сəйкес тасымалдануға тиiс екендiгiн тани
отырып;
21.қауiптi жəне басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мұндай
қалдықтарды тасымалдау экологиялық негiзделген əдiспен жəне соңғы
аулаққа шығару жүзеге асырылғанда ғана рұқсат етілуге тиiс екендігіне көз
жеткiзе отырып; жəне
22.адам денсаулығын жəне қоршаған ортаны қауіпті жəне басқа да
қалдықтарды өндiруден жəне пайдаланудан туындауы мүмкiн апатты əсерден
қатаң бақылаудың көмегiмен шектеудi шешуге құлшыныс бiлдiре отырып;


Click to View FlipBook Version