The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ - Роман

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Мөлдір Мұратқазы, 2023-11-21 05:51:42

БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ - Роман

БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ - Роман

кѳтереміз ғой, бір тентектің мұндай ел арасын айырып сѳзді қылғанына ѳзіміз де ренжиміз, жолымен мал беруге разы боламыз», - деді. Байжан мына сѳзді естіген соңтасталқан болып: - Мен ѳзім ат жалын тартып мінгелі мұндай қорлық кѳргенім жоқ. Бүгін Қарынбайдың малын берсеңде бітпеймін, жесірімді әкеп бер, болмаса мәймѳң келеген былшыл сѳзің керекемес, - деді. Билер де: - Байжанның сѳзі дұрыс. Байжан жѳн айтады, - деп мақұлдап қойды. Билер Жүніс пен Нұрмаштан сұрады. - Сендер Ғалиды шығарып салғандарың рас па? - деп. Бұлар мойнына алып: - Жаны бірге құрбы болған соң, шығарып салғанымыз рас, - деді. Билер оңаша үйге писірді алып барып, биліктерін жазып қайтып келіп есіттірді: - Жұман Байжанұлының некелі қатыны Жамал Сәрсенбайқызын ықтиярсыз Ғали Дүйсебек баласына шығарып беріп жібергені үшін: Дүйсебек, Жүніс, Hұpмaш үшеуі бір айдың ішінде тауып беруге міндетті болады. Егер тауып бермесе, әр қайсысы екі айдан түрмеге отырады, - деп мағлұм етті. Жауапкер жағы: - Бұл некелі қатын дегеніңіз қалай? - деп сұрасып еді, билер «Шариғат бойынша ижаб қабыл болған соң, бәрібір неке емес пе?» - деген болды. Хақиқатында бұлар указной молдадан ѳткен түндегі куәлікті алмақшы болып қойғанын Дүйсебектер сезбей қалды. Бұл биліктен кейін Дүйсебек, Сәрсенбайлар Байжанның барымтаға алған жылқыларын сұрап биге түсіп еді, билер мұны қарсы дау деп атказ қылды. Бұл екеуі билердің осы екі билігіне де разы болмай копия сұраған соң, ауылға келіп аларсыңдар деп болыс писер книгаларын жауып һәм сол күні халық тарқады. Копия алу үшін болыстың аулына Сәрсенбай, 47


Дүйсебектер бірнеше мәрте барса да, әр түрлі себептер айтып бермей жүргенде, он бес күн ѳтіп кетті. Бұл күндердің ішінде арыз бойынша начальниктен жоғарыда айтып ѳткен қағаз да келіп қалған еді. Болыс Байжанды шақырып алып ақылдасып, начальникке тағы да қағаз қайтарды: - Дауласқан екі тарапының сұрауы бойынша бұл қыз хақында билерге салып едім. Хақиқатта бұл қыз Жұман Байжанұлының некелі катыны екен, растығына үшбунің илән бірге жіберілген указной молда Ахметжан Аямасұлының метрический книгадан берген куәлігі дәлел, һәм билердің билігінен законлы срок, яғни он бес күннің ішінде келіп копия алмады, соның үшін билікті орнына келтіруге әмір етсеңіз екен, - деп. Болыстың бұл қағаздары начальникке тиген уақытта Дүйсебек, Сәрсенбай, Нұрмаштар да қалаға келіп жетіп, ғарызларын кіргізді. - Ѳз ыктиярларымен бірін-бірі сүйіп қашқан қыз бен жігітті біз қашырды деп, қанша малымызды барымта алып бермей, ѳзімізді тауып беруге міндетті қылып, тауып бермесең екі айдай түрмеге бұйырып, уә һәм указной молдамыз неке оқыдым деп ѳтірік куәлік беріп, болыс-билер һәм байлар бірыңғай болып қиянат етіп тұр. Бірнеше мәрте барғанда биліктен копия да бермеді, - деп, нендей болған уақиғаны баян етті. Начальник бұлардың ғарызын ілтипатқа алып, болыстан жауап сұраған қағаз жіберді. 48


Б БѲЛІМ 12 айжан әуелгіқыз қашып, халық жиналған күннен бері құпия әр жерге қыз бен жігітті іздеуге кісі жіберген екен; әр бір барар деген шүбәлі орындардың һәммасында жоқтығын сезіп, ақырында қалада Фатихолла байда екендігіне кѳзі жетіп, шаһар ішінен қол іс қылып ала алмаспыз, Фатихолла байдың елде алатын екі мың теңгедей несиесі бар ғой, енді бұл қашқындарымызды сақтап, халқымыздың жақсыларының тентек деген кісісін шығарып бермесең, несиеңді бергізбейміз десек, қорқар деп маслихат етті. Осы сѳзді айтуға келген кісіге Фатихолла бай ішінен қауіптеніп, былай болуы да бек ықтимал деп ойлап жауап берді: - Дұрыс, әуелгі уақытта ұлыққа арыз беру үшін ғана бізге үш-тѳрт күн болып қонған еді. Қазірде бізден кетті, қайда екенін білмеймін. Егерде мұнан былай бізде екендігі білінсе, халқыңыздың не қылғанына разымын, - деді. Бұл кісі Фатихолла байдың әлгі сѳзінен анып, елге қайтты. Фатихола бай Ғалиға сѳйледі: - Мына кәпірлердің сырлары ѳзіңе мәлім ғой, енді 49


басқа бірнеше жерге барып паналағаның ѳзіңе де, бізге де пайдалы болар еді. Ғали да бұл сѳзге түсініп: - Хайыр, Фатихолла абзи! Мен сізге ризамын, залымдар не қылады деуге болмайды. Олай болса, мұнан үш шақырым жерде атамның нағашысы бар, сонда барайын, - деп, ертеңіне жүруге даярланды. Ғалидың ѳзінде жегуге екі ат бар еді. Фатихолла бай арба-сайман һәмелу теңге ақша беріп, қаладан шығарып салып, «қайырлы сапар» деп, дұғада болып қалды. Ғали, Жамал да ѳздерінің ата-анасынан айрылғандай болып қимай, жылап айрылысты. Ғали әуелден ноғайша киініп жүретін һәм Жамалды да ноғайша киіндіріп, шәлі бүркендірген соң жолда кѳрген кісілер шүбәсіз ноғай деп біліп, бұлардан қауіптенбей, кѳңілдері шаттанып, оңашада ойындағы сѳздерін сѳйлесті. Ғали сұрады: - Егер жаман айтпай жақсы жоқ, ѳстіп жүргенде колға түсіп, сені менен айырып әкетсе, қайтер едің, кѳніп кетер ме едің? - деді. Жамал: - Құдай сақтасын, не айтасың, жаным сенің жолыңда құрбан, сенен тірі айрылғаннан ѳлім маған кѳп артық, - деді. Бұлар бұл секілді сѳзбен келе жатқанда сәске түс болып, жолшыбай ағаштарды аралап, бір кѳлдің жағасынан ѳтті. Маңайында ел болмағанға бұл кѳлде неше түрлі қаз, аққу, ғайыр құстар би қисап кѳп еді. Атырабындағы жердің һаммасы тамылжып кілем тѳселгендей болып, желсіз күнде кѳл айнадай жарқылдап, алыстан сағымдар мұнарланып, біздің екі ғашық біраз тамашаға қалып келе жтқанда, Жамал ойына бір нәрсе түсіп кеткендей ән салып, мынау ѳлеңді айтыпжіберді: Ғаламды он сегіз мың жаратқан хақ, Кѳп беріп біреуге мал, біреуге бақ. Біреуді ғалым, біреуді залым еткен Біреуді мүңлы жараттың, біреуді шат. 50


Ғ Тамаша аспан менен жері қандай, Зеңгір тау, дария шалқар кѳлі қандай. Орман-тоғай гүл енген бақшалары, Пайдаланған бұлармен елі қандай. Кѳзім тоймас қарасам тамашасын, Қисабына ми жетпей адасасың. Заң түзеп, закон жайып, патша отырып, Қараған ғаділдікпен қарашасын. Таласқан аспан менен таулар биік, Мекендер аю, қасқыр, марал, киік. Ұжмақтың шешмасындай бұлағына Кетпей ме қарап тұрсаң іштен күйік? Аспанда ай мен жұлдыз, күні қандай Қалғыған мұнарланып түні қандай. Суда балық, кѳлде кұс, тоғайда аңдар Шулаған неше түрлі үні қандай. Жаннаттай тамашалы жазы қандай, Келетін ұшып аққу, қазы қандай. Ескеріп ѳткен күнді кәрілері, Жастардың және де айтқан назы қандай. Сықырлап келіп қалған қысы қандай, Қар жауып, су қатырған мұзы қандай. Берген соң алла қуат жан сақтарлық, Жүреді мақұлықтар үсік алмай. Біз ғаріп сол панаңда саялаған, Дұшпандар рақымсыз аямаған. Жіберсең жалғыз тамшы рақматыңнан, Болса да құтылмаймыз қай арадан. али, Жамал жолда тѳрт қонып, Қырық құдықтағы нағашысы Бабас деген кісінің үйіне келіп жатты. Кѳңілдері орнығып, қорқынышсыз күннің ѳткенін де білмей жатқанда, елдегілер бұрынғы қалпынша дауласып 51


қағаз үстінен қағаз айдап, бір берекесіз, аяғы үзілмейтін дауға кіріскен еді. Ғалидың нағашысы да һәм сол елдің жақсы кісілеріде: «Енді бұлар бізді пана тұтып келді ғой, біз де елдігімізді кѳрсетіп қорғалық, кѳп болса екі жыл дауласар, онын, ар жағында ѳздері де шаршар», - деп жастардың кѳңілін бұрынғыдан да қуантқан еді. Бұл мүсәпірлердің бақытсыздығына қарсы бір күні Ғали тесектен ауырып тұрды. Нағашылары да үрпиісіп қалып, Жамалдың түсі қорыққаннан ѳзгеріп кетті. Ғали: «Тұлабойым қызып, сүйектерім сырқыраған секілді болып тұр», - деп тынши алмай, науқасының күштілігі кѳрініп, тѳсектен тұрмай жатты. Науқасы күннен күнге ауыртартып, тѳрт-бес күннің ішінде бек қауіпті секілді кѳрінді. Әрбір тамыршы дәрігерлерді әкеліп тамыр ұстатып, ұшықтатып-қақтырып кѳрсе де тәуір болмады. Жамалдың кѳзінен қанды жастар тѳгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісті. Бір минут Ғалидың қасынан кетпей, һаман ауырды деген жерлерін сипап, мѳлдіреген кѳздерін Ғалидан алмай қарап отыратын болды. Екеуінің қасында кісі жоқ уақытта: - Менің бақытсыздығым ѳз басымнан асып, жаман аты саған да тие бастады, ақыры қайырлы болсын, - деп, Жамал Ғалиды құшақтап жылап та алушы еді. Ғали: - Жылама, алла сақтар, жазылармын, қазынасы кең бір сағатын жіберер, - деп ѳзін, ѳзінен де Жамалдың кѳңілін жұбатушы еді. Сѳйтсе де дерт күшейіп, Ғалидың халі нашарға айналды. Нағашылары: «Еліне хабар жіберелік», -деп еді, Ғали рұқсат етпеді. - Алланың жазғанынан қашып құтылмаспын, құдай сақтар жібермеңіздер, - деп тоқтатты. Он күнде науқасы сонша ауырлап, хәттә арыздаса бастады. Жамал бейшара қияли болған кісідей бағзы уақытта басы айналып, талып та қалып, Ғалидан: - Мен енді қайтемін, сенен қайтіп қаламын, сенсіз 52


дүниеде мен не боламын? - деп неше мәрте сұраса да, Ғали: - Құдайға тапсырдым, - дегеннен басқа еш жауап айта алмады. Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде жаңа гүл шашып келе жатқан бақшадай жанып тұрған жас ғұмыр сѳнді. Алла рақмат тілесін... Жұма күні халық кѳп жиналып, жаназа оқып, Кѳкен моласы деген зиратқа апарып қойды. Ғали жан тәсілім қылғаннан бері Жамал ессіз болып жатқан еді. Нағашылары да үлкен уайым қылып, «бір сапар бізге мұндай жұмысты болып келгенде бейшаралар бүйтіп қалды, қолымыздан ѳлтірген секілді болдық-ау», - деп, ѳздері ақылдасып, естіртіп һәмхабар айтуға кісі жіберді. Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті. Екеуінің де атааналары қағазға жазып келтіре алмастай жылап, зарлап, қайғыланып дұшпандары һәм сол дәрежеде табалап шатланған еді. Кѳп тоқтамай Ғалидың ата-анасы һәм Жамалдың шешесі қасына жолдастар алып, аянышты ѳлім болған жерге жетті. Келісімен жылап-сықтап, зиратқа барып мауқын басып, ауылға келді. Жамал бейшара аз күннің ішінде сүзектен тұрған кісідей болып, келген ата-аналарымен жылап кѳрісуге де хәлі келмеді. Жамалдың шешесі: - Жылама балам, бақытсыздығыңнан кѳр, құдай жазбаған, обалың бізде секілді. Әуелде қазақшылық қылмасақ, мұндай іске себеп болған секілді болар ма едік? Тентек қылсаң да теңіңді тауып едің, алла лайық кѳрмеген соң, жылағаныңмен не ѳнеді, - деп бір сыпыра насихат айтты. Ғалидың шешесі де жылап: - Қарағым Ғалижан мен Жамалжан қашан елдің сѳзінен құтылып, оң жағымды қарайтып отырар деуші едім, ол тілегіме құдай жеткізбеді, - деп сѳздің аяғын бітіре алмай, еңкілдеп жылап жіберді. Бұлар үш күн 53


қонып, қайтатын күні Ғалидың зиратына дұға қылмақшы болып келген еді. Молда құран оқып болған соң, Жамал Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, кѳзінен жас ағызып сѳйледі: - Ғали! Ғали! Бақытсыз Жамалың қасыңа келіп тұр, алла тағала маған сенің қабіріңді кѳрсеткенше, мені алғаны жақсы болатын еді, бірақ бұйрықсыз жан шықпайды екен. Дүниеде бірге рақат ғұмыр ѳткеремін, Ғали тұрғанда еш жаманға қор болмаймын дегенім тәкаппарлық екен. Алла қабыл етпеді, үмітім кесілді, Ғали. Қып-қызыл шоқтың ішіне тастап, алыс сапарға жѳнелдің, ѳзің үшін қайырлы болсын! Мен сорлың кеудемде шыбын жаным барда сені ұмытпаспын. Дүниеде патшаның баласы болса да саған теңгермеспін. Қош жаным! Ғали! Бір мен үшін мейірбан ата-анаңды да кѳре алмай, қолдарынан топырақ салғыза алмай кеттің, кеш, жаным! Алла тағала ақиретте қосылуға несіп тілесін, сол уақытта ғана кѳрген қасіретім бір сағаттай болмай ұмытылар. Мен сорлың опасыз дүниеде қонақтай алмай адасып қалдым, қош, жаным. М... м... қош...о...ш,- деп Жамал талып кетті. Зират басындағы халық Жамалға су бүркіп, кішкене тәуір болған соң алып қайтты. Сонда да Жамалдың есі бүтін кірмей, әлденендей мағынасыз сѳздер сѳйлеп келе жатты. Зираттан қайтқан соң Бабастың үйіне келіп, енді жолаушылар қайтпақшы болды. Ғалидың атаанасы үйіне кетіп, Жамалдың шешесі Жамалды ѳз үйіне алып қайтты. 54


Ж БѲЛІМ 13 амал үйінекеліп тұрған соң күннен-күнге уайым-қайғысы артып, жаман болып, адам баласыаярлықтай жүдеді. Байжандар істің ақыры мұндайға айналған соң «енді қайда барар дейсің» - деп, дауды да кѳп қозғамай тыныш жата берді. Жамал ѳз үйінде бір айтұрғаннан кейін Байжанға да, Сәрсенбайға да бірдей кѳлденең ағайындар дәлләлат қылып, Байжанға: - Енді келініңізді алдырыңыз, пәлен-түген деген кек қылмаңыз, әуелден еш кінәңіз болмаған соң алла тағала жақ болып ақыры мұндай болды ғой, - деп һәм Сәрсенбайғада: - Енді сіз де балаңызды әуелі разы болған жеріңізге беріңіз, - деп насихат айтты. Бұл сѳзге екі жағы да разы болды. Шолпан қызынан сұрады: - Қарағым, Жамал, жұрт мынандай деп жатыр, енді қайтеміз? - деп. Жамал: - Апа, енді менүшін жаман атты болмаңыз, маған енді Ғали болмаған соң бәрібір, суға батырып, отқа жандырса да ықтияр бере беріңдер, алла тағала менің маңдайымды 55


ашайын десе, Ғалиды мұндай қылмас еді, - деп қасіреттеніп, мұңлы дауыспен жауап берді. Жұман мырза Жамалды ѳзі келіп алуды намыс кѳрген соң, Байжанның қатыны келіп алып кетті. Бір күндерде Жамал кәміл бақытты бір қыз болып жұрттың аузына ілігіп, құрбысының алды болып жарқылдап жүрген дәрежеден түсіп, ақырында мұндай қадірсіз, мұндай кемшілікке душар болып, барымтаға түскен малдай біреуден біреу алып жүргенін кѳрген халықтан Жамалды аямаған жан калмады. Жиын-тойда болғанда, кѳлге қонған аққудай кѳрінетін Жамалды енді кѳрген кісі танымай қалатын болды. Жамалды Байжан үйіне келтіргеннен кейін болыс арқылы қағаз жазып, ұлыққа білдірді. Құдай қазасы болып Ғали Дүйсебек баласы опат болғаннан кейін билердің үкімі бойынша атаанасы Жамалды алып келді. Жамал да енді бұрынғы күйеуіме тазамын деп қол қойып, подписке берді, Жамал болып: «енді екі тарапымыздың да бір-бірімізден сұрайтын хақымыз, дауымыз жоқ», - деген соң күллі бұл іс хақындағы ғарыздар атказ деп, начальниктен хабар келді. Бұл оқиғалар тамам болғанда октябрь жүлдызы жетіп, жұрт қыстауларына кіре бастаған еді. Жамалың ешуақыт ойынан Ғали кетпей, бір минут кѳңіл ашып, езу тартып күлмеуші еді, ешкіммен сѳйлеспей, сѳйлеген кісінің сѳзін ұқпай я естімей бір түрлі диуана кісідей болып жүрді. Жұман ерегісіп, бұрынғыларын алдына келтіремін дегенсіп, не сѳйлесе ұрсып, боқтап сѳйлеп, бағзы уақытта түртіп түйіп қалып, қорлап жүрді. Байжан мен қатыны Жамалды шын ықыласымен жақсы кѳрмей, баласына ақыл айтып, кѳп тоқтатпаушы еді. Жамалдың үстіндегі киімі бек нашар болып, бағзы уақытта кѳздерінің алды кѳгеріп те қалып жүргенде, Жамал бейшара кісі кѳзіне кѳрінгенде жерге кіріп кете 56


жаздаушы еді. Соңғы күндерде Жұманға ақыл айтушылар да болып, һәм Байжанның ѳзіде: - Енді балам, жетер, «қашқан жауға қатын ер» деп кѳп қоқақтай берме, - десе де құлағына кірмеді. Жамалға жаны ашып кѳріне болысатын кісі болмай», жалғыз қолынан келгені оңашада зарланып жылау ғана еді. Осылай қыстың бір-екі айы ѳтті. «Жамалдың кѳрген қорлық, кемшілігін мұсылман баласына бермесін», - деп айтарлыққа лайық болып, тұрса аяққа, отырса басқа ұратын болды. Нендей ұрып-соғып қинаса да, Жамал бір сѳз қарсы айтып кѳрген жоқ еді. Бір күні Жұман тағы да бір себепсіз боқтаған соң, Жамал шыдай алмай: - Мені ѳлтіретін болсаң біржола ѳлтір, әйтпесе ѳзі күйіп жүрген жанымды күйдірме? - деді. Жұман мына сѳзді ести салып: - Я, сенің сүйіп болған байыңның күйігі басылмай жүр екен ғой, мен сенің күйігіңді басайын, -деп, сол жерде тұра салып кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады. Бұлардың үстіне Жұманның шешесі келіп айырып алып, Жұманды ұрсып: - Енді сен кісі ѳлтіремісің, - деп үйден шығарып жіберді. Жамал бір сағаттан кейін есін жиған соң, ақырғы ақылын жиып, мен бүйтіп жүріп тіршілік қыла алмайды екенмін, мұнанда бұл иттің қолынан ѳлгенше басқа жаққа кетіп ѳлейін, - деп ойлады. Жамалдың бармақшы болып ойлағаны - қаладағы Фатихолла бай еді. Әйтеуір онда жетсем, біреудің самаурынын қайнатып, қызметін қылсам да қор болып, халық кѳзіне кѳрінбес едім деп, осылай ойлап жүргенде күн де батып, түн болып, ел де жатты. Жамалдың бұл ойлағанына қарай осы түні Байжанның ерттеулі аты таң асып тұрған еді. Жылырақ киім киініп, ептеп шығып Жамал әлгі атқа мініп, үлкен жолмен: «Құтқардың ба, құдай?»- деп жѳнелді. Жамалдың ісі әуелде теріске басып келе жатқанмен, бұл сапарда істің 57


сәті болмайтұғын белгісі кѳріне бастады. Жамал шыққан уақытта азырақ жаяу борасын бар еді. Жамал жиырма шақырым шыққан уақытта боран кѳтеріліп, жол кѳрінбей бастады. Бара-бара боран әбден күшейіп, алды-артын орап алды. Қорқыныштың не екенін һәмжән-тән рақатын ұмытқан Жамалдың ойында Ғали ғана болып келе жатқан уақытта аты бір жерге келіп тұрып қалды. Сол уақытта ғана байқаса, ат әлдеқашан жолдан шығып кетіп, бір қалың омбы қарға тоқтаған екен. Атты кейін бұрайын десе, екі қолы қатып қалып, тізгінді ұстауға келмей тоңып һәм күллі денесінің қалтырағанын сезді. Жамал бар күшін жинап алып, атын бұрып жүрген болып еді, еш нәрсе кѳрінбей, жол табылмайтын болды. Осылай адасып түн ортасына шейін жүріп, ѳзі әбден жаурап не болғанын білмеске айналды. Тым болмаса аттан түсіп, жаяу жүрсем жылынар ма екенмін деп, түсіп жүріп кѳріп еді, қалың қарға жығылып-тұрып жүре алмай, бір жерге келіп біржола құлады. Күндізінде мініліп жүріп, түнде һәм болдырған ат Жамалдың қасынан ұзамай тұрып қалды. Жамал да жан ұшырып, тұлабойы қызып бара жатқан секілді болып, үстіндегі киімдерін әр жерге шешіп лақтырып, бар даусымен: - Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың? - деп, ақырғы тіршілігінің минуты осы болып, бір ояздай елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада, декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жан тәсілім қылды... Боран Жамал үшін ғана болғандай таңертең ашылып, Жамал бейшара да жолдан жарты шақырым ғана жатыр еді. Сәске кезінде қаладан келе жатқан бесалты жолаушы әлгі жерге жақындағанда жол үстінде қалтиып тұрған бір ерттеулі атты кѳріп, бұрылып келіп шүбәланып, мұның иесі қайда екен деп жан-жаққа аттың ізімен жүріп іздегенде, Жамалдыңүстінен түсті. Кѳрсе - бір әйел адам, қасында шашылып жатқан киім. Сол 58


Қ жерде жолдастарының бірін жақын жердегі ауылға шаптырып, ѳздері күтіп тұрды. Бұлар қарап тұрмай: «Бұл кім екен, неқылған адам екен», - деп тани алмай тұрғанда, біреуі: «Мұның қалтасында не бар екен» деп шапанының қалтасына қол салғанда, қарындашпен жазылған бір қағаз шықты. Оқып кѳрсе бұл Байжанның келіні Жамал екен, бұл қағазға Ғалиды жоқтап һәм басына келген зарын жазған екен. Елден кісі келіп, Жамалды Байжандарға апарып берген соң, ертеңіне бауыры суық қара жерге тапсырды. Манағы Жамалдың қалтасынан шыққан қағазды жолаушылар ѳздері оқып һәм солай деп мәнісін айтып, елдеріне таратқан еді. Сондағы ЖамалдыңБайжанның үйінде жазып жүрген зары мынау екен: ыздың құны бес байтал, Сатылып кетті базарға. Басымнан кешкен уақиға Емес пе лайық жазарға? Жаны ашыған шахбазлар Ала жүрсін назарға. Рақимлы пенде ғаріпке Нақақтан ор қазар ма? Миһрибанлы атамыз, Қарамай берді ажарға Теңіне барған қыз болса, Мендей жүдеп азар ма? Кѳрмеді алла лайық Ғали сынды сабазға. Кѳрген түстей күн ѳтті. Болған соң солай азалды. Қуанышыңды кѳрсетіп, Тартқызған қайғы жазаң да. 59


Қараңғыда қалдым мен, Шамшырақ сѳнген заманда, Ғалидан қалып не болдым, Жетпеді менің қазам да. Ішіме түсті ыстық дерт Қайнаған судай қазанда. Бұзылды күлкі, түнгі ұйқы, Тілеймін хақтан азанда. Махшар күні болғанда Қосуға алла жазар ма? Арасында екі оттың Мені, алла, қор еттің. Ғариптің кѳңілін мұңайтып, Дұшпанды шадлы зор еттің. Алтын-гауһар - асылды Жерге кѳміп жоқ еттің. Аспаһани қылышты Жасытып фәлші бор еттің. Жамал қыздың дауы деп, Саумалкѳл басын топ еттің, Рақматың мол құдайым, Масқара мұнша неге еттің. Тоты құс едім бақшада, Қарақұсқа жем еттің, Хан қызындай басымды Бір жаманға тең еттің, Ботасыз нардай боздатып, Мінекей, мені еңіреттің, Қаһарыңды жіберіп, Тең құрбымнан кем еттің, Мұндай зарлы, Ғали жоқ, ісіне кѳндім құдіреттің! 60


Петропавл, 1910. 61


Click to View FlipBook Version