Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№9 Меркі колледжі» КМҚК
0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары»
мамандығының
0901000-2 «Электромонтер» біліктілігіне арналған
Сызу пәнінен
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Мазмұны:
Кіріспе ......................................................................................................................................
Сызба сызықтары........................................................................................................................
«Пішімдер мен масштабтар» тақырыбы №1 тәжірибелік сабақ..............................................
«Сызба қарыптері» тақырыбы бойынша №2 тәжірибелік сабақ.....................................
Сызбаға өлшемдерді түсіру және №3 тәжірибелік сабақ..........................................................
«Өзара параллель немесе перпендикуляр түзулерді салу ережелері» тақырыбы бойынша
№4 тәжірибелік сабақ...................................................................................................................
«Кесіндіні тең бөліктерге бөлу» тақырыбы бойынша №5 тәжірибелік сабақ....................
«Шеңберге жанама жүргізу» тақырыбы бойынша №6 тәжірибелік сабақ.......................
«Түйіндесулер» тақырыбы бойынша №7 тәжірибелік сабақ..................................................
«Параллель кескіндеу әдісі» тақырыбы бойынша №8 тәжірибелік сабақ.........................
«Тікбұрыштап кескіндеу» тақырыбы бойынша №9 тәжірибелік сабақ................................
«Аксонометриялық кескіндер» тақырыбы бойынша №10 тәжірибелік сабақ...................
Қима мен тілік және №11 тәжірибелік сабақ......................................................................
Геометриялық денелердің кескіндері және №12 тәжірибелік сабақ....................................
«Тесігі мен ойығы бар геометриялық денелердің кескіндері» тақырыбы бойынша №13
тәжірибелік сабақ...........................................................................................................................
«Геометриялық денелерді жазықтықпен қию» тақырыбы бойынша №14 тәжірибелік
сабақ.....................................................................................................................................
«Негізгі көріністер» тақырыбы бойынша №15 тәжірибелік сабақ...................................
«Қосымша көріністер» тақырыбы бойынша №16 тәжірибелік сабақ.................................
«Жергілікті көріністер» тақырыбы бойынша №17 тәжірибелік сабақ.............................
«Эскиздер» тақырыбы бойынша №18 тәжірибелік сабақ................................................
«Тетікбөлшектің эскизі» тақырыбы бойынша тақырыбы бойынша №19 тәжірибелік сабақ.....
Техникалық сурет және №20 тәжірибелік сабақ.............................................................................
«Тетікбөлшектің сызбасы» тақырыбы бойынша №21 тәжірибелік сабақ.....................................
«Тетікбөлшекті өлшеу тәсілдері» тақырыбы бойынша №22 тәжірибелік сабақ......................
«Құрастыру сызбасы» тақырыбы бойынша №23 тәжірибелік сабақ..........................................
«Спецификация» тақырыбы бойынша №24 тәжірибелік сабақ....................................................
«Құрастыру сызбаларын оқу» тақырыбы бойынша №25 тәжірибелік сабақ................................
«Бөлшектеу» тақырыбы бойынша №26 тәжірибелік сабақ...................................................................
«Кинематикалық нобайлар» тақырыбы бойынша №27 тәжірибелік сабақ.................................
«Пневматикалық нобайлар» тақырыбы бойынша №28 тәжірибелік сабақ..............................
«Құрылыс нобайлары» тақырыбы бойынша №29 тәжірибелік сабақ.......................................
«Электрлік нобайлар» тақырыбы бойынша №30 тәжірибелік сабақ..........................................
Кіріспе
Сызбаның даму тарихынан қысқаша мәліметтер. Адам баласы жануарлардың,
өсімдіктердің, құрлыстардың және басқада заттардың суреттерін салуда өте ерте
заманда басталған. Түрлі мәліметтерден кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін кескіндер
пайдаланған.Ескіден сақталған Қаратау жотасындағы және Тамғалыдағы жартасқа
салынған кескендер көпшілікке мәлім.Кейінрек мысыр иероглифтерін
пайдаланып,маңызды оқиғалар туралы баяндауға мүмкіндік туды.Қытай,Жапон
иероглифтері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.Сонымен,жазу өнері
иероглифтерді жетілдірудің нәтижесінде пайда болған.Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші
ғасырда жазылған Рим архитекторы Марк Витрувийдің “Архитектура туралы 10
кітап”атты трактатында нәрсенің горизонталь және фронталь проекциялары туралы
айтылған. Шығыстың Аристотелі атанған, Отырар қаласында (Арыс өзенінің жағасында
салынған, Туркстаннан 10-15 шақырымдай қашықтықта орналасқан) туып, қыпшақ
руынан шыққан Әбунасыр әл-Фараби (870-950) “Музыка туралы үлкен тракатат” атты
еңбегінде музыканың теориясын жасап, дыбыс интервалдарын графиктік жолмен
тағайындалған, өзі ойлап тапқан музыкалық аспаптардың Ахмет Иассауидің сәулет
ғимараты сол кезде салынған дүние жүзіндегі ең үлкен құрлыс, Маңғыстаудағы жер
астына салынған Шопан-ата (12ғ), Қараман-ата (13ғ) және Бекет-ата(18ғ) мешіттерін
салуда олардың жобалары мен сызбалары болғаны сөзсіз.
Адамның іс-әрекетіндегі сызбаның маңызы. Сызба деп нәрсенің кескініненжәне
оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжатты айтады. Нәрсенің
сызбасына қарап,оның пішінін және өлшемдерін анықтауды-оны оқу дейді. Инженерлер
мен ғалымдар сызбаның көмегімен ғылым мен техниканың көптеген есептерін шешеді.
Машиналармен құрлыстардың сызбаларына қарап,оларды жасағанан немесе
тұрғызғанан кейін қандай болатынын алдын ала көреді. Егер болашақ машиналар немесе
құрлыстар ойдағыдай жақсы болмаса онда олардың сызбаларын өзгертеді. Сөйтіп,
қосымша материалдармен қаражат жұмсамай-ақ сызбалардың көмегімен бүгінгі күнің
талаптарына сай машиналармен әдемі құрлыстардың жобасын жасауға болады.
Күнделікті өмірде ғылым жаңалықтарын пайдаланбайтын, техниканы қолданбайтын
мамандар жоқ деуге болады. Жүргізуші, сылақшы, ұста, диқаншы, дәрігер, мұғалім,
ұшқыш ғарышкер мұнайшы, тағы басқа мамандар түрлі машиналарды, аспаптарды жете
менгере және басқара білулері қажет.
Сызба сызықтары
1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп
белгілесек, онда s кескіннің үлкен-кішілігі мен күрделілігіне және сызбаның
пішіміне байланысты 0,5 мм-ден 1,4 мм-ге дейінгі аралықта болады. Бір
сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуы тиіс. Тұтас жуан негізгі
сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш
есе жіңішке болады. Бұл сызықтың сызбада қолданылатын орны көп, соның
бастыларын ғана атап өтейік. Шығару және өлшем сызықтары, проекция және
координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима және тілікті сызықтау
(штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
3. Тұтас жіңішке іркесінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың
жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады.
4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей.
Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек
сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан салынады.
5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2 мм-ден 8 мм-ге дейінгі аралықта,
ал олардың арақашықтықтары 1 мм-ден 2 мм-ге дейінгі аралықта алынады.
Үзілме сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады.
6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5 мм-ден 30 мм-ге
дейінгі, ал аралықтары 3 мм-ден 5 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Нүкте
(сызықша) бөлік аралықтарының дәл ортсына қойылады. Жіңішке нүктелі
үзілме сызық, үзілме сызық сияқты бөліктерінен басталып, бөліктерімен
аяқталады және бөліктерімен қиылысады. Сызбаның осьтік және центрлік
сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың
жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3...8 мм, ал
олардың аралықтары 3...4 мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын
беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы
жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
8. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады,. Бөліктерінің
ұзындығы 5...30 мм, олардың аралығы 4...6 мм болады.
Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады,
сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы (1 ... 1,5) s-ке тең болады. Бұл
сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немес тілігі берілетін нәрсенің
сәйкес өлшеміне байланысты. Бір бөлігінің ұзындығы 8... 20 мм-ге тең.
«Пішімдер мен масштабтар» тақырыбы №1 тәжірибелік сабақ
Пішім. Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Сызбаны
өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Өлшемдері тағайындалған
сызба сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды. Формат француз сөзі,
қазақ тілінде сыртқы өлшемі деген мағына береді. Көбіне төменде қарастырылған төрт
пішімнің біреуі қолданылады.
Пішім А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм.
Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм.
Пішім А3: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм.
Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.
«Сызба қарыптері» тақырыбы бойынша №2 тәжірибелік сабақ
Қаріп деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің
жиынын айтады.ғылымда, техникада, сәулет өнерінде неше түрлі қаріптер
пайдаланылады. Сызба салу, оларды іс жүзінде қолдану тәжірибесін қорытудың
нәтижесінде сызбадағы өлшемдердің шамасын көрсету және жазуларды орындау үшін
қалыптасқан арнаулы сызба қаріптері қабылданған.
Қаріптің өлшемі (Һ) деп бас әріптердің милиметрмен есептелген биіктігіне тең
шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі (һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта
өлшенеді.
Сызба қарпінің қабылданған өлшемдері: 1,8 (ұсынылмайды), бірақ рұқсат етіледі);
2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. Қаріп сызығының жуандығын d әрпімен белгілейді.
Сызба қарпінің төменде аталған төрт түрі белгіленген: тік және көлбеу А түріндегі (d =
1 . һ), тік және көлбеу Б түріндегі (d = 1 . һ) қаріптер. Көлбеу қаріптер жазу жолына
14 10
75 -қа тең бұрыш жасап көлбейді. А және Б түріндегі қаріптің өлшемдерін кестеден
көрсетеміз.
Кіші әріптердің биіктігі (с) қаріп өлшемінің 10 (А түріндегі қаріптер үшін) немесе 7
14 10
(Б түріндегі қаріптер үшін) бөлігіне тең болады. Әріптің ерекшелігін көрсетіп, жазуды
жеңілдету үшін көмекші тор пайдаланылады. Көмекші тор сызықтарының
арақашықтығын қаріп сызығының жуандығына тең етіп алады.
Сызбаға өлшемдерді түсіру және №3 тәжірибелік сабақ
Сызбада кескінделген нәрсенің шамасын көрсету үшін өлшем сызықтарын
жүргіземіз де, оның үстіне өлшем сандарын жазамыз. Өлшем сандары сызбаның
масштабына байланыссыз болады: олар сызбасы сызылған нәрсенің нақты өлшемдерін
көрсетеді. Сызбадағы өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз болуы, бірақ нәрсені
жасап шығару және оның өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Нәрсенің
бір бөлігінің өлшемдерін әр кескінде қайталаудың қажеті жоқ.
Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық
өлшемдерді миллиметрмен көрсетеді; өлшем бірліктері жазылмайды. Бұрыштық
өлшемдерді градус, минут және секундпен есептеп, өлшем бірліктерін көрсетіп жазамыз:
30º45º´20´´; 0º50´; 75.
Өлшем сандарының биіктігін 5 мм етіп жазған дұрыс. Өзара параллель көршілес
өлшем сызықтарының аралығы 7 мм-ден және өлшем сызығы мен оған жақын нұсқа
сызығының аралығы 10 мм-ден кем болмауы керек.
Өлшем сызықтарын мүмкіндігінше сызбадан тыс орналастыру керек. Өлшем сызығы
мен шығару сызығының өзара қиылыспауын қадағалау қажет. Шығару сызығын
нұсқамадан әрі 1...5 мм-ге созады. Диаметрдің өлшем санының биіктігіндей, өлшем
сызығына 65º бұрыш жасап көлбейтін кесіндімен қиылысатын диаметрі 4 мм-ге тең
шеңберден тұрады.
«Өзара параллель немесе перпендикуляр түзулерді салу ережелері» тақырыбы
бойынша №4 тәжірибелік сабақ
Өзара параллель түзулерді сызғыш пен бұрыштықты пайдаланып жүргізуге болады.
Мысалы, берілген b түзуіне параллель және А нүктесі арқылы өтетін а түзуін салу керек
болсын. Бұрыштықтың бір катетін b түзуімен беттестіреміз де, екінші катетіне сызғышты
тірейміз. Бұрыштықтың осы алғашқы жағдайы 15, а-суретте нүктелі үзілме сызықпен
көрсетілген. Сол қолымызбен сызғышты басып тұрамыз да, оң қолымызбен
бұрыштықты жылжыта отырып, оның катеті берілген А нүктесі арқылы өтетіндей етіп
орналастырамыз. Енді бұрыштықтың осы катеті бойынша түзу жүргізсек, ол берілген b
түзуіне параллель болып, А нүктесі арқылы өтетін іздеп отырған а түзуіміз болады.
Өзара перпендикуляр түзулерді салуға көшелік. Берілген А нүктесі арқылы b түзуіне
перпендикуляр болатын а түзуін салу керек болсын (15, а-сурет). Айталық, бізде
шеңберсызар және сызғыш бар делік. А нүктесін центр етіп алып, b түзуін В және С
нүктелерінде қиятын шеңбер жүргіземіз. Бұл шеңбердің радиусын қалауымызша аламыз.
Центрі В нүктесінде, ВС кесіндісінің жартысынан үлкенірек радиуспен доға саламыз.
Бұл доға А нүктесіне қарағанда b түзуінің екінші жағында орналасуы керек. Радиусын
өзгертпей, центрін С нүктесіне көшіріп, алғашқы доғаны D нүктесіне қиятын екінші доға
жүргіземіз. Осыдан кейін А және D нүктелері арқылы түзу жүргізсек, ол іздеп отырған а
түзуі болады. Е нүктесі – ВС кесіндісінің дәл ортасы. Берілген b түзуіне перпендикуляр
болып, А нүктесі арқылы өтетін а түзуін сызғыш пен бұрыштықты пайдаланып та салуға
болады.
«Кесіндіні тең бөліктерге бөлу» тақырыбы бойынша №5 тәжірибелік сабақ
Берілген АВ кесіндісін тең n бөлікке бөлу. Ол үшін осы кесіндінің бір ұшы, мысалы, А
нүктесі арқылы қалауымызша сәуле жүргіземіз. Осы түзудің бойына ұзындығы
қалауымызша алынған өзара тең n кесіндіні А нүктесінен бастап өлшеп саламыз. Сөйтіп,
өзара тең n бөлікке бөлінген ААn кесіндісін аламыз. Ең соңғы Аn нүктесін В нүктесімен
түзу арқылы қосамыз. Бөліну нүктелері А1, А2, ... , Аn-1 арқылы АnВ түзуіне параллель
түзулер жүргізсек, олар АВ кесіндісін В1, В2, ..., Вn-1 нүктелерінде қияды. Сонда АВ
кесіндісі де тең n бөлікке бөлінгендігін аңғару қиын емес. Мысалы, АВ кесіндісін [AC] :
[CB] = 3:4 қатынасында бөлетін С нүктесін табу керек болсын. Кесіндінің бір ұшы – А
арқылы сәуле жүргізіп, оның бойына өзара тең 3+4=7 кесіндіні АА1, А1А2, ... , А6А7
өлшеп саламыз. Соңғы А7 нүктесін В нүктесімен қосамыз (17, ә-сурет). [АА7]-ні 3:4
қатынасында бөлетін А3 нүктесі арқылы А7В түзуіне параллель жүргізілген түзу АВ
кесіндісін С нүктесінде қияды.
«Шеңберге жанама жүргізу» тақырыбы бойынша №6 тәжірибелік сабақ
Берілген А нүктесі арқылы шеңберге жанама жүргізу керек болсын. Алдымен
жанамаға анықтама берелік. Қисықтың екі нүктесін қосатын түзуді қиюшы дейді. I
қисығының М және N нүктелерін қосатын а түзуі — онын қиюшыларының бірі. М
нүктесін орнынан козғамай, оған N нүктесін қисық бойымен біртіндеп жақындатайық.
Сонда қиюшы түзу М нүктесінен айнала отырып, М және N нүктелері біріккен шекті
жағдайда і түзуіне өзгереді. Осы I түзуі I қисығына М нүктесінде жүргізілген жанама
делінеді, ал М нүктесі жанасу нүктесі делінеді. Түзудің кез келген нүктесі арқылы
жүргізілген жанама сол түзудің өзімен бірігеді, яғни сол түзудің өзі болады.
Берілген А нүктесі берілген шеңберге қарағанда екі түрлі орналасуы мүмкін: ол
шеңбердің бойында жатады немесе одан тыс орналасады. Бірінші жағдайда А нүктесі
Жанасу нүктесі болады. Жанасу нүктесін центрмен косатын радиус жанамаға
перпендикуляр болады. Сондықтан жанама і жанасу нүктесі аркылы өтетін радиусқа
перпендикуляр болады. Екінші жагдайда берілген А нүктесін шеңбердің центрімен
косамыз да, АО кесіндісінің ортасын табамыз. Табылған С нүктесін центр етіп алып, О
және А нүктелері арқылы өтетін шеңбер жүргіземіз. Шеңберлер В нүктесінде
қиылысады. Осы В жанасу нүктесі болатынына көз жеткізу киын емес. Берілген А
нүктесін В нүктесімен косатын і түзуі — іздеп отырған жанамамыз.
«Түйіндесулер» тақырыбы бойынша №7 тәжірибелік сабақ
Түйіндесу деп а сызығынан b сызығына үшінші с сызығының көмегімен біртіндеп өтуді
айтады. Мұнда а жөне b сызықтары беріледі де, олардың бойынан А және В нүктелерін
тауып, оларды с сызығының кесіндісімен қосу керек. Берілген а жене b сызықтарға
түйіндесетін сызықтар деп, ал олардың А және В нүктелерін түйіндесу нүктелері деп
жөне с сызығын түйіндестіретін сызық деп атаймыз. Енді "біртіндеп өтуді" түсіндірейік.
Бұл терминді былайша түсінетін боламыз. Түйіндесетін а сызығы мен түйіндестіруші с
сызығының ортақ нүктесі А арқылы өтетін жанамалары бірігулері тиіс. Сол сияқты b
және с сызықтарының ортақ нүктесі В арқылы жүргізілген жанамалары да бірігулері тиіс.
«Параллель кескіндеу әдісі» тақырыбы бойынша №8 тәжірибелік сабақ
Сызбада нәрсенің кескінін салу керек. Нәрсенің кескінін калай салады? Кескін
проекциялау әдісімен салынады. Проекциялау әдісін түсіндірейік. Бізге А нүктесінің π'
жазықтығындағы кескінін салу керек болсын. Ол үшін π' жазықтығында жатпайтын s
түзуін алайық. Егер түзудің екі нүктесі бір жазықтықта жатса, ол түзудің басқа нүктелері
де сол жазықтықта жатады, яғни түзу жазықтықта жатады. Түзу жазықтықта жатса, ол
түзудің барлық нүктелері де осы жазықтықта жатады. Сонымен, жазықтық пен ол
жазықтықта жатпайтын түзудің бірден артық ортақ нүктесі болуы мүмкін емес.
Түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесін олардың қиылысу нуктесі дейді. Егер түзу мен
жазықтықтың ортақ нүктесі болмаса, оларды параллель деп атайды. Түзу берілген
жазықтыққа параллель болуы үшін, ол жазықтықтың бір түзуіне параллель болуы қажет.
А нүктесінің π' жазықтығындағы кескіні А' нүктесін былай саламыз: А нүктесі арқылы s
түзуіне параллель етіп а түзуін жүргіземіз. Сонда а түзуі π' жазықтығымен А' нүктесінде
қиылысады. А' нүктесін А нүктесінің π' жазықтығындағы s бағытындағы параллель
проекциясы деп атайды.
«Тікбұрыштап кескіндеу» тақырыбы бойынша №9 тәжірибелік сабақ
Нәрсенің тікбұрышты проекциясын салуды тік бұрышты проекциялау дейді.
Проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзулер проекциялаушы түзулер болады.
Проекциялаушы түзулер нүктеге проекцияланады.
Нәрсенің параллель проекциясын салу үшін проекциялар жазықтығын және
проекциялау бағытын беру керек болса, оның тік бұрышты проекциясын салу үшін
проекциялар жазықтығының берілуі жеткілікті. Проекциялар жазықтығына параллель
жазық фигура өзінің пішінін және өлшемдерін сақтап, проекцияланады. Жазық фигура
деп – барлық нүктелері бір жазықтықта жататын фигураны айтады.
Центр деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықтағы жазық нүктелерінің
геометриялық орнын шеңбер деп атайды.
Проекциялар жазықтығына параллель жазықтықты деңгейлік жазықтық деп атайды.
Деңгейлік жазықтықта жатқан кесінді, жазық фигура бұрмаланбай, өздерінің пішіндерін,
өлшемдерін сақтап, проекцияланады. Проекциялар жазықтығына перпендикуляр
жазықтықты проекциялаушы жазықтық деп атайды.
«Аксонометриялық кескіндер» тақырыбы бойынша №10 тәжірибелік сабақ
Проекциялар жазықтығына параллель жазық фигура өзінің пішінін және өлшемдерін
сақтап проекцияланады. Жазық фигура деп барлық нүктелері бір жазықтықта жататын
фигураны айтады.
Центр деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықтағы жазықтық нүктелерінің
геометриялық орнын шеңбер деп атайды. Егер шенбердің барлық нүктелері проекциялар
жазықтығынан бірдей қашықтыкта орналасса, онда шеңберді проекциялар жазықтығына
параллель дейді. Проекциялар жазықтығына параллель шеңбер өзіне тең шеңберге
проекцияланады.
Проекциялар жазықтығына параллель орналасқан тіктөртбұрыш немесе шеңбер
жазықтықты анықтайды. Мұндай жазықтықтар проекция жазықтығына параллель
болатынын анғару қиын емес. Қиылыспайтын жазықтықтарды өзара параллель
жазықтықтар деп атайды. Екі жазықтықтың параллель болу белгісі — олардың біреуінің
қиылысатын екі түзуі екіншісінің екі түзуіне сәйкес параллель болуы қажет.
Проекциялар жазықтығына параллель жазықтықты деңгейлік жазықтық деп атайды.
Деңгейлік жазықтықта жатқан кесінді, жазық фигура бұрмаланбай, өздерінің пішіндерін,
өлшемдерін сақтап проекцияланады.
Қима мен тілік және №11 тәжірибелік сабақ
Қима деп детальді жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигура кескінін айтамыз.
Қимада деталь ойша кесіледі де, оны қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана
кескінделеді. Детальді қиюшы жазықтықтың арғы және бергі жағында орналасқан
бөліктері сызылмайды.
Қима сызбаны оқуды жеңілдету үшін қолданылады. Нақтырақ айтсақ белгілі заттың
пішінің ұғынуға, көріністер санын, сызбалық орындау уақытын азайту үшін
қолданылады.
Тілік дегеніміз бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған тетік бөлшектің
кескіні. Тілікте нәрсенің қиюшы жазықтықтың өзінде және оның ар жағында жатқан
бөліктерді кескіндеп көрсетеді.
Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік
береді.
Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегіменалынған тіліктіқарапайым тілік деп атайды.
Горизонталь тілік деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель қиюшы
жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
Вертикаль тіліктер-қиюшы жазықтық горизонталдь проекция жазықтығына
перпендикуляр орналасады. Вертикаль тілік фронталь тілік және профиль тілік болып
екіге бөлінеді.
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына қандай да болмасын
бұрыш жасай орналасса, ондай тіліккөлбеу тілік деп аталады.
Геометриялық денелердің кескіндері және №12 тәжірибелік сабақ
Пирамида. Табаны деп аталатын көпбұрышпен және бүйір жақтары деп аталатын
үшбұрыштармен шектелген көпжақты - пирамида деп атайды
Табандары деп аталатын екі жағы параллель және тең көпбұрыштар, ал қалған бүйір
жақтары параллелограмдар болатын көпжақты - призма деп атайды. Егер табаны п
бұрышты фигура болса, онда призма n-бұрышты призма деп аталады. Призмаларды тік
және көлбеу призмалар деп екі топқа бөледі. Тік призманың жақтары тіктөртбұрыштар
болады және табандарымен 90° бұрыш жасайды. Табаны дұрыс п бұрыш болатын тік
призманы дұрыс n-бұрышты призма дейді.
Тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесін
конус дейді.
Дөңгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар деп
атайды. Шардың бетін сфера дейді, оның проекциялары өзара тең шеңберлер болады.
«Тесігі мен ойығы бар геометриялық денелердің кескіндері» тақырыбы бойынша
№13 тәжірибелік сабақ
Тесігі бар үшбұрышты призманың фронталь және горизонталь проекциялары 92, а-
суретте келтірілген. Тесіктің фронталь проекциясы тіктөртбұрыш болғандағы
призманың профиль проекциясын салуды қарастырайық. Ол үшін призмадағы тесіктің
пайда болуына талдау жасайық. Призманың артқы жағына тіктөртбұрыш сызып, осы
сызық бойынша кесіп, призманы тесу керек. 92, ә-суретте аксонометрияда тесігі бар
призма көрсетілген, ал оның қасында тесіктен шыққан призманың бөлігі де сызылған.
Алдымен толық призманың профиль проекциясын салып алады. Призма үшін оның
профиль проекциясы тіктөртбұрыш болады. Бұл тіктөртбұрыштың биіктігі фронталь
проекциядан алынады, ал ені горизонталь проекциядағы үшбұрыштың биіктігіне тең.
Призманың алдыңғы қыры тесіктің салдарынан екі кішілеу кесіндіге бөлініп қалады.
Осы кесінділерді АС және DВ деп белгілеуге болады. АС жөне DВ кесінділерінің профиль
проекцияларын (А3С3 және D3В3) салу қиын емес (92, б-сурет). Тесіктің төбелерін M, N, Е
және Ғ әріптерімен белгілеуге болады. Осы М, N, Е және Ғ нүктелерінің профиль
проекцияларын салып, іздеп отырған проекциямызды салуды аяқтаймыз.
«Геометриялық денелерді
жазықтықпен қию» тақырыбы
бойынша №14 тәжірибелік сабақ
Дұрыс үшбұрышты призманы
фронталь проекциялаушы жазықтықпен
қияйық. Онда қиюшы жазықтықтың
түзуге кескінделетін проекциясы а1 көрсетілген. Осы а жазықтығымен қиғанда призма
екіге бөлінеді. Призманың бөліктері суретте қиғашбұрышты фронталь диметриялық
проекцияда көрсетілген. Призманың жоғарғы бөлігін алып тастайық, ал оның қалған
бөлігіне көңіл аударайық. Бұрын призманың бүйір қырлары өзара тең еді, енді олар тең
болмай қалды. Алғашқыда призманың табандары параллель еді, енді олар параллель
емес. Қимада пайда болған АВС үшбұрышы фронталь проекцияланушы фигура болады.
Сондықтан оның төбелерінің фронталь проекциялары - А1, В1 және С1, нүктелері бір
түзудің бойында жатады. АВС үшбұрышының горизонталь проекциясы призманың
горизонталь проекциясымен беттеседі, ал оның профиль проекциясын тұрғызу керек. Ол
үшін А1, В1 және С1 нүктелері арқылы горизонталь байланыс сызықтары призманың
сәйкес қырларының профиль проекцияларымен қиылысқанша жүргізіледі. Табылған А3,
В3 және С3 нүктелерін кесінділермен қосамыз.
«Негізгі көріністер» тақырыбы бойынша №15 тәжірибелік сабақ
Сызбалардағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап
проекциялау нәтижесінде алынады. Нәрсе текшенің ішінде орналасқан деп қарастырады.
Сондықтан текшенің жақтары үлкен болуы керек. Текшенің алты жағы бар, оларды 99,
а-суреттегідей етіп белгілейік. Нәрсе текшенің жағы мен бақылаушының аралығында
орналасқан деп есептеледі. Текшенің 1 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын
оның алдынан қарағандағы көрінісі немесе алдыңғы көрінісі деп атайды. Текшенің 2
жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның үстінен қарағандағы көрінісі
немесе үстіңгі көрінісі деп атайды. Сол сияқты, текшенің 3 жағындағы нәрсенің
тікбұрышты проекциясы - сол жақ көрінісі, 4 жағындағы проекциясы - оң жақ көрінісі, 5
жағындағы проекциясы – астыңғы көрінісі және 6 жағындағы проекциясы - артқы
көрінісі деп аталады.
«Қосымша көріністер» тақырыбы бойынша №16 тәжірибелік сабақ
Жаңа 4 жазықтықты негізгі
көріністерде бұрмаланып кескінделетін
тетікбөлшек бөлігінің жағына параллель
етіп орналастырады. Осы жаңа
жазықтықты қосымша проекциялар
жазықтығы деп атайды. Қосымша
проекция жазықтығына тетікбөлшек тік
бұрыштап проекцияланады. Содан кейін
қосымша жазықтықты проекциялар жазықтығымен беттестіреді. Алынған проекцияны
тетікбөлшектің қосымша көрінісі деп атайды. Қосымша көріністе тетікбөлшектің негізгі
көріністерде бұрмаланған бөлігі нақты шамасында проекциялануы керек. Қарау
бағытын нұсқамамен көрсетіп, оның үстіне белгі қоямыз. Белгі орыс алфавитінің бас
әріптерімен жазылады. Қосымша көріністің үстіне де нұсқама сызылып, одан кейін әріп
белгі жазылады. Қосымша көріністі негізгі көрініспен проекциялық байланыста
орналастыруға болады. Бұл жағдайда қарау бағытын нұсқамамен көрсетудің немесе
белгі қоюдың қажеті жоқ. Қосымша көріністі бұрып кескіндеуге де болады.
«Жергілікті көріністер» тақырыбы бойынша №17 тәжірибелік сабақ
Нәрсенің бізге керек бөлігінің проекциясын жергілікті көрініс деп атайды. Жергілікті
көріністі пайдаланғанда сызбада басы артық, көлемі үлкен әрі қиын тиетін салулар
орындалмайды. Сондықтан техникалық тетікбөлшектің сызбаларында жергілікті көрініс
жиі кездеседі. Бұл сызбада жергілікті көріністің белгіленуі де көрсетілген. Жергілікті
көрініс те қосымша көрініс сияқты белгіленеді. Жергілікті көріністі қосымша көрініспен
шатастырмау керек. Қосымша көрініс текшенің жақтарына (негізгі проекциялар
жазықтықтарына) параллель болмайтын жазықтыққа салынатыны есте болу керек.
Жергілікті көрініс негізгі көрініс болуы да мүмкін. Жергілікті көрініс қосымша көрініс
те болуы мүмкін.
«Эскиздер» тақырыбы бойынша №18 тәжірибелік сабақ
Эскиз дегеніміз пропорцияны сақтай отырып көз мөлшерімен қолдан орындалатын
жұмыс. Эскиз деп өндірісте тек бір ғана пайдалануға арналған конструкторлық құжатты
айтады.
Эскизде нәрсені өзара перпендикуляр жазықтықта тік бұрыштап проекциялау әдісімен
кескіндейді, сызу аспаптары көмегінсіз салынады. Эскизде масштаб болмайды. Эскиз
өмірде кең түрде пайдаланылады. Оны басқа пәндерде қолданады. Мысалы: физика,
химия, геометрия пәндерінде лабораториялық құралдар және аспаптардың эскиздердің
салуға тура келеді. Геометрияда есеп шығармас бұрын, есеп шартындағы геометриялық
фигуралардың эскиздерін салып алу керек. Эскиз жалпы техниканы меңгеруге әсерін
тигізеді. Эскизді миллиметрлік қағазға торкөз дәптер бетіне салу қолайлы. Сызықтар
жұмсақ карандаштармен жүргізіледі. Тетікбөлшек эскизін мынандай кезеңдерге бөліп
орындау тиімді.
«Тетікбөлшектің эскизі» тақырыбы бойынша тақырыбы бойынша №19 тәжірибелік
сабақ
Эскиз орындау реті:
1) Тетікбөлшектің пішінімен танысу.
2) Тетікбөлшек кескіндерінің жеткілікті санын аңықтау.
3) Эскиз салатын пішімді таңдау.
4) Таңдап алынған пішімді эскиз салуға дайындау.
5) Кескіндерді пішімге алдын ала орналастыру.
6) Тетікбөлшектің көріністерін жіңішке сызықтармен салу.
7) Тетікбөлшек кескіндерін салуды аяқтау.
8) Шығару және өлшем сызықтарын жүргізу.
9) Сызбаға түсірілетін тетікбөлшектің барлық өлшемдерін өлшеу аспаптары мен
құралдарын пайдаланып аңықтайды.
10) Тетікбөлшектің эскизін салуды аяқтау.
Техникалық сурет және №20 тәжірибелік сабақ
Техникалық сурет дегеніміз-бұл аксонометрия ережелері бойынша, пропорцияны
көз мөлшерімен сақтай отырып, қолдан орындалатын кескін. Бұл жағдайда
аксонометриялық проек-цияларды салғандағы ережелерді сақтау керек: осьтерді
сондай бұрыштар жасай орналасты-рады, ал өлшемдерді осьтер бойына немесе оларға
параллель етіп түсіреді. Техникалық суреттерді тор көзді қағазға орындаған қолайлы.
«Тетікбөлшектің сызбасы» тақырыбы бойынша №21 тәжірибелік сабақ
Алдымен негізгі жазудан сызбасы берілген бұйымның атауын тауып , оқу керек .
Көптеген жағдайда сызбада не кескілденгенін атауынан- ақ түсінуге болады ( мысалы :
« Балта», «Қысқыш», « Тұтқа» және т.с.с.).
2. Сызбаны құрайтын барлық кескіндерді құрастырып , олардың өзара орналасу
ережелерін біле тұра, берілген бұйымды және оның бөліктерін қандай көріністер ,
тілектер мен қималар сипаттай алатынын көз алдынына елестету керек.
3. Сонан соң сипаттізімен танысады . Позиция номері бойынша құрылыс түйінінің
сызбасында әр тетікбөлшектің кескінін табады , оның пішінін анықтайды , сызбадағы
барлық кескіндерін өзара салыстырады . Әдетте , тілікте көрсетілген тетікбөлшектердің
бөліктері басқа тетік бөлшектің кескінімен жабылып қалуы мүмкін бөліктері басқа
тетікбөлшектің кескінімен жабылып қалуы салдарынан , бірімен бірі байланыссыз күйде
болады . Бірақ бір тетікбөлшектің бөліктерін сызықтаы бойынша табуға болады.
Көршілес кескіндерге байланыс сызықтарын ойша жүргізуге отырып, оның пішінін көз
алдына елестетуге болады .
4. Осыдан кейін тетікбөлшектер бірімен – бірі қалай біріктірілетінін түсіну керек.
Жоғарыда типтік біріктірулер сызбада қалай кескінделетіні толық қарастырылған
болғандықтан , мұны түсіну қиын емес болады .
5 . Ең күрделісі - бұйымның жұмыс атқару қағидатын сызбасы бойынша түсіну.
Сондықтан , оқуға арналған тапсырмаларды сызбада кескінделген бұйымның құрылымы
мен жұмыс істеу тәртібі жөнінде қысқаша сипаттамасы берілді.
«Тетікбөлшекті өлшеу тәсілдері» тақырыбы бойынша №22 тәжірибелік сабақ
Сызбаға өлшемдер түсірудің жалпы ережелері, өлшемдер нәрсенің кескіндерін
толықтырады және көріністердің санын азайтуға мүмкіндік береді. Шынында да,
цилиндірдің өлшемдерін көрсетпек, оның бір проекциясы жеткілікті болмас еді. Енді
қандай өлшемдерді сызбаға түсіру керектігін қалай анықтайтыны көрейік.
Нәрсенің өлшемдерін екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа нәрсе элементтерінің пішінін анықтайтын өлшемдерді жатқызады.
Өзімізге белгілі геометриялық фигуралардлың пішінін анықтайтын өлшемдерді
жатқызамыз. Түзу кесіндісі ұзындығымен анықталады. Дөңгелек пен шардың пішіндері
де бір ұзындығымен анықталады. Дөңгелек пен шардың пішіндері де бір өлшеммен,
яғни олардың диаметірлерімен анықталады. Үшбұрыштың пішінін анықтау үшін үш
өлшемді, яғни үшбұрыштың үш қабырғасының ұзындығымен, екі қабырғасының
ұзындығы мен олардың арасындағы бұрышты көрсетуге болады. Тең бүйірлі үшбұрыш
екі өлшеммен, ал тең қабырғалы үшбұрыш бір-ақ өлшеммен анықталады. Конус екі
өлшеммен (биіктігі және оның табанындағы дөңгелектің диаметірімен) анықталады.
Машинаның бір тетікбөлшекті тозса немесе сынып қалса, оны
дәл сондай тетікбөлшекпен алмастырады, ал жаңа тетікбөлшек бұрынғының орнына
дәл келсді. Машина бұрынғысынша жұмыс жасайды. Осындай бір-біріне пара-
пар тетікбөлшектерді, құрастырылған бұйымдарды жасап, кең түрде пайдалануда өзара
ауыстырымдылық принциптерін сақтау қажет.
Өзара ауыстырымдылық деп бір-біріне байланыссыз жасалған бұйымдардың қосымша
өңдеуді қажет етпей, өз орындарына қондырылып, машинаның сапалы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету қасистін айтады.
«Құрастыру сызбасы» тақырыбы бойынша №23 тәжірибелік сабақ
Құрастыру сызбасы — Құрастыру сызбаларында тетікбөлшектерді ықшамдап,
шартты түрде кескіндеу кең түрде қолданылады. Құрастыру сызбасын оңай әрі жылдам
сызу, оқу үшін стандартқа сәйкес (МЕСТ 2.109-73) шарттылықтарды ескеріп, қолдана
білу керек. Құрастырылған бұйымның құрастыру сызбасындағы кескіндерде оның
барлық тетікбөлшектері біріктірілген қалпында көрсетіледі. Құрастырылған бұйымның
кескіндері тетікбөлшек кескіндерін салуда кездескен ережелерге сай тұрғызылады, яғни
өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекцияланады. Құрастыру
сызбасында да кесінділерді проекциялық байланыста орналастырады, қажет болған
жағдайда қиюшы жазықтықтардың орнын үзік сызықпен жүргізіп, қарау бағытын
нұсқамен көрсетеді. Қималардың, тіліктердің және қосымша көріністердің белгілерін
сәйкес кескіннің үстіне жазады.
«Спецификация» тақырыбы бойынша №24 тәжірибелік сабақ
Спецификация – (specios-түрлер, facio-жасау) дәл, толық және тексерілетін нысандағы
жүйенің, құрамдас бөліктің, өнімнің, нәтиженің немесе қызметтің талаптарын,
құрылғыны, басқа да ерекшеліктерін, сондай-ақ осы шарттардың орындалуын
анықтайтын рәсімдерді анықтайды (мысалдар: талаптардың ерекшелігі, , өнім ерекшелігі
және сынақ сипаттамасы). талаптарға арналған құжат; жұмысты орындауға немесе
жобаға материалдарды пайдалануға қатысты егжей-тегжейлі нұсқаулар; бірдеңені қалай
жасау керектігін сипаттайтын нұсқаулық; оны әзірлеу немесе тексеру үшін жүйенің
нақты сипаттамасын беретін құжат; Жобаның элементін немесе оның интерфейстерін
талаптарға (функцияға, орындалуға, шектеулерге және құрылғыға) толықтай
сипаттайтын құжат, сондай-ақ қабылдау шарттары мен талаптарды тексеру
процедуралары.
«Құрастыру сызбаларын оқу» тақырыбы бойынша №25 тәжірибелік сабақ
Бірнеше тетіктерден тұратын бұйымдарды құрастырмалы сызбалар деп атайды.
Құрастырмалы сызба деп құрастырмалы бөліктердің кескінін қамтитын, өзара
біріктірілген құрама бөліктердің орналасуы мен байланысы туралы түсінік
қалыптастыратын және құрастыруды, құрастырмалы бөлікті бақылауды жүзеге асыру
мүмкіндігін қамтамасыз ететін құжатты айтады. Құрастырмалы сызбаны оқу дегеніміз
бұйымның пішіні мен құрлымын елестету, оның міндетін, жұмыс принципін,
құрастырылу ретін түсіну, сондай-ақ тетіктің берілген құрастырмалы бірліктегі пішінін
айқындау деген сөз.
«Бөлшектеу» тақырыбы бойынша №26 тәжірибелік сабақ
Құрастыру сызба бойынша жұмыс сызбаларын жасау бөлшектеу деп аталады.
Бөлшектеу бұйымды немесеоның құрамына енетін тетіктерді дайындау және жөндеу
барысында қажет болады.
Бөлшектеу эскизді орындаудан бастап, төмендегі ретпен жүзеге асырады:
-жұмыс сызбалары жасалуға тиісті тетіктерді айқындаймыз;
- олардың бірін таңдап, қажетті кескіндер санын анықтап және пішінді сипаттайтын
шарттарды, қысқартуларды, таңбаларды, кескіннің масштабы мен өлшемдерді түсіруді
пайдалана отырып, тетіктің жұмыс сызбасын орындау.
Есте сақтау керек:
Стандартты бұйымдар үшін сызбалар орындалмайды, олар туралы барлық мәліметтерді
анықтамалық әдебиеттерден табуға болады;
Жанасатын беттердің өлшемдері бірдей болу керек;
Тетіктің өлшемдерін құрастыру сызбаның кескіндерін қарапайым өлшеулер арқылы
алуға болмайды.
«Кинетикалық нобайлар» тақырыбы бойынша №27 тәжірибелік сабақ
Механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен
әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі. Ол
дененің неліктен осылай қозғалатынын түсіндірмейді, бірақ "Дене қалай қозғалады?"
деген сұраққа жауап береді. Қозғалыс Кинематикасындағы әдістер мен тәуелділіктер әр
түрлі механизмдердегі, машиналардағы, т.б. қозғалыстарды есептеуде, сондай-
ақ динамика есептерін шешуде пайдаланылады. Соның ішінде қозғалыстың екі түрі
болады. Олар: ілгермелі және айнымалы. Ілгермелі қозғалыс - дененің кез келген екі
нүктесін қосатын түзу сызық өзіне-өзі параллель күйде қозғалатын. Мұндай қозғалыс
кезінде дененің барлық нүктелері бірдей қозғалады, сондықтан ілгермелі қозғалысты
қарастырылады, оның тек бір ғана нүктесінің қозғалысын қарастыру жеткілікті. Бұл
жағдайда қозғалысты сипаттау үшін материал нүкте ұғымын қолдануға
болады. Механикалық қозғалыс - дегеніміз уақыт өтуіне қарай дененің немесе оның
кейбір бөліктерінің санақ денесі деп аталатын басқа денелерге қатысты кеңістіктегі
орын ауыстыруы.
«Пневматикалық нобайлар» тақырыбы бойынша №28 тәжірибелік сабақ
Пневматика - газдың тепе-теңдігі мен қозғалуын зерттейтін физика секциясы,
сондай-ақ олардың жұмысы үшін газ қысымының айырмашылығын қолданатын
механизмдер мен құрылғыларға арналған. Техникалық пневматика гидравликаға жақын.
Пневматикалық механизмдер өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Электр желісі
секілді, кәсіпорындар қысылған ауа немесе басқа газ үшін орталықтандырылған тарату
жүйесін орнатады.
Әдетте, пневматикалық құрылғылар газдың (ауа) ағынын бақылау үшін поршеньдер
мен клапандарды пайдаланады, бірақ белгілі бір пішіндегі каналдардағы газ
пневмосының (пневмоникалық) және сұйықтықтардың қасиеттерін пайдаланатын
құрылғылардың барлығының бары. Мұндай сиялы құрылғылар ешқандай қозғалмалы
бөліктерге ие емес, шығынды төмендетумен және температураға және радиацияға
жоғары қарсылықпен ерекшеленеді.
«Құрылыс нобайлары» тақырыбы бойынша №29 тәжірибелік сабақ
Құрылыс дегеніміз не? (ғимараттар, үйлер,зауыттар, фабрикалар т.б)
Құрылыс сызбалары біздің өміріміз бен тұрмысысызда маңызды рөль атқарады.
Әсіресе үйлердің кескінін пайдаланбайтын маман жоқ деп ойлаймын.
Құрылыс сызбалары негізінен үш бөлікке бөлінеді. Олар: сәулет-құрылыс
сызбалары, инженерлік-құрылыс сызбалары және топография сызбалары.
Сәулет-құрылыс сызбаларына азаматтық (тұрғын үй), қоғамдық (мектеп, театр,
кітапхана), өндірістік (зауыт, фабрика, ферма) сызбаларын жатқызады.
Инженерлік-құрылыс сызбаларына (көпірлер, жер асты жолдары, бөгеттер,
каналдар, шахталар, темір жолдары т.б) сызбаларын жатқызады.
Топография сызбалары жер туралы мәлімет беру қызметін атқарады. Топографиялық
сызбада жер бедері, өзеннің, орманның, жолдардың, елді мекендердің және басқалардың
орналасуларын көрсетеді.
Құрылыс сызбаларындағы кескіндер. Ғимаратты немесе құрылысты салу үшін
адам ең бірінші оның жоспарын (проектісін) жасайды. Бұл Бас жоспар. Бас жоспар
дегеніміз- жобаның негізгі құжаты болып саналады.
Үйлер мен құрылыстарды жер учаскесіне орналастыру жоспарын бас жоспар деп
атайды. Онда үйлер мен құрылыстардан өзге, көлік жүретін жолдар, ағаш егілетін
орындар, учаскенің шекаралықтары т.б көрсетіледі. Бас жоспардың барлық құрылыстар
мен құрамдас бөліктері, реттік нөмірлерімен белгіленеді және атаулары экспликация
кестесіне толтырылады.
Бас жоспар: 1:400, 1:500, 1:1000 кішірейту масштабында орындалады.
Құрылыс сызбаларындағы негізгі кескіндер: қасбет (фасад), жоспар (план), тілік
(разрез) деп аталады.
«Электрлік нобайлар» тақырыбы бойынша №30 тәжірибелік сабақ
Электротехникалық материалдар арнайы материалдар болып табылады.
Электротехникалық материалдардан, электрлік машиналар, аппараттар, құралдар және
электроқұралдарды, электроқондырғыларды басқа да элементтерді жасайды.
Электротехникалық материалдардар 4 топқа бөлінеді:
1. Электроизоляциялық.(диэлектриктер)-электр сымдарын қаптап тұратын изолента
пластмассадан жасалатын матералдар.
2.Өткізгіштерге металдар, электролиттер және плазма жатады.
3.Жартылай өтізгіштер.
4.Магнитті материалдар.
Рационалды таңдау барысында электротехникалық материалдардарды аз габаритті
құрылғыларда жасауға болады.Бұл электротехникалық материалдарды пайдалануға
ыңғайлы жағдай тудырады. Бұл материалдардың қасиеттерін бағалауды сипаттамалары
(параметрлері) деп атайды.
Электротехникалық материалдардардың қасиеттеріне мыналар жатады:
1.Механикалық сипаттамалар.
2.Жылулық сипаттамалар.
3.Физикалық-химиялық сипаттамалар.
4.Магниттік сипаттамалар-магниттік қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді.Яғни
магниттік жабысқыштығы деп айтуға болады.