The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

1 -15 Практикалық жұмыс ББЦТ (4)

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by aidana.abduali, 2024-04-01 06:14:31

1 -15 Практикалық жұмыс ББЦТ (4)

1 -15 Практикалық жұмыс ББЦТ (4)

Практикалық жұмыс №1 Тақырыбы: Цифрлық платформалар. Бұлттық сервистер Google Диск ортасында жалпыға қолжетімді құжаттар құру және жұмыс жасау 1.Google аккаунтқа кіріңіз 2. Google компаниясы ұсынған қосымшалар тізімінен Диск қоймасына өтесіздер Сіздерге берілген қолжетімділікті ашу жолдары Сіздерге берілген қолжетімділікті (папка, файл) ашу үшін, меню қатарынан «Доступные мне» жолағын таңдайсыздар. Яғни, Сіздерге қолжетімділікке берілген файлдармен өңдеу, қарау мүмкіндіктеріне ие боласыздар.


Google Диск-те жалпыға қолжетімділікті құру жолдары


2. Google Classroom бұлттық ортада жеке курс (мектеп пәні) ашу − Google Apps Education Edition бұлттық қызмет терезесін ашыңдар және түркеуден өтіңдер. − Classroom бөліміне таңдап, оқытушы рөлінде «Цифрлық технологиялар» деген атпен жеке курсынды (пәнінді) құрындар. − Құрылған жеке курсыңа жаңа тапсырмалар құрыңдар. − Білім алушыларға жеке кодынды (құпия код) жіберу арқылы, процесті бақлаңдар. − Келген тапсырма жауабын бағлау критерилері бойынша бағалаңдар. − Құрылған жеке курсынның сілтемесін жіберіңдер!!!!! Тапсырманы орындау нұсқаулығы: «Цифрлық технологиялар» деген атпен жеке курсты құру нұсқаулығы. GOOGLE CLASSROOM - GOOGLE компаниясы әзірлеген ақысыз веб-сервис немесе платформа, яғни барлық функциялар бір жүйеде біріктірілген, оқу қажеттіліктері бойынша өңделген мұғалімдер мен оқушылар арасында файл алмасу процесін жеңілдету болып табылады [38]. Ерекшеліктері: Кез келген құрылғылар арқылы қашықтықтан басқару; Арнай программаны жүктеп орнатуды қажет етпейді; Веб-сервис түрлерінің ақысыз берілуі (Google Диск 15 ГБ көлемді ақысыз орын беріледі); Google Classroom ұсынатын вес-сервис түрлері: Google Drive, Google Docs, Google Hangouts, Google Calendar, Gmail. Платформаны қолдану қадамдары төмендегі кестеде келтірілген. 1. Кез-келген браузердің мекен-жай қатарына Classroom.google.com теріп немесе https://edu.google.com/products/classroom/?modal_active=none сілтемесі арқылы өтуге болады (google chrome браузерін кеңес береміз). 2. Егер Сізде Gmаil.cоm электронды почта болса онда сол почта арқылы кіруге болады, жоқ болған жағдайда жаңа аккаунт ашу қажет.


Google Classroom веб-сервисін таңдау Аты-жөнінді теріп тіркеуден өту қадамдарын орындау Алғашқы Google Classroom терезесі. «Жалғастыру» батырмасын басу арқылы келесіге өту. Келесі қадам «Өз рөліңді таңда» деген терезеде «Мұғалім немесе оқушы» рөлдерді таңдайсыз Google Classroom терезесін «Жаңа курс (пән)» ашу. Жаңа курс (пән) атауларын енгізу, қай сыныпқа арналғанын жазып «ҚҰРУ» батырмасын басу жеткілікті.


1. Мәзір қатары 2. Курстың (пәннің) жұмыс жасау функциялары 3. Курсты (пәнді) баптау және қосымша қызмет түрлері 4. Курстың (пәннің) коды Пәннің кодын білім алушыларға жіберіледі. Білім алушы пәннің кодын жазып, сол пәнге тіркеледі Білім алушының Google Classroom терезесінен «Присоединиться» батырмасы арқылы Мұғалім пәніне қосылу


Тапсырма түрлеріне қарай жаңа тапсырма құру. Тапсырма құруда қосымша файлдарды төмендегі түрлері бойынша жүктеуге болады. Сонымен қатар, тапсырма Кім үшін жасалып жатыр барлық қатысушыларды тіркеу. Тапсырма бойынша бағалау критеийлері де қарастырылған. Тапсырма бойынша бағалау критерийлерін құруға болады. Оқушыға бағалар көріну/көрінбеуін баптау терезесінде өңделеді. Бағалау критерийлерін бағалап болған соң «Сақтау» батырмасын басыңыз.


Тапсырмаға жауап беретін оқушыларды тіркеу терезесі. Қатысушыларды тіркеуге және «Преподаватели» сынып жетекшілерін тіркеуге болады. Қатысушының (Оқушының) Gmeil почтасына Шақыру хат келіп түседі Тапсырмаға жауап берген оқушылардың алған бағаларын көру терезесі.


«Тапсырмалар» қатарынан қанша оқушы жауап берді, жалпы оқушы санын көруге болады. Мәзір қатарынан «Курсы» өрісін таңдау арқылы Сіз құрған барлық пәндер тізімін көре аласыз. 3. GOOGLE ФОРМАЛАРЫ ортасында тест тапсырмаларын құру Google Forms - Google Drive кеңсе құралдарының бөлігі. Алынған тестті студенттерге электрондық пошта арқылы жіберуге немесе арнайы код арқылы вебсайтқа енгізуге болады. Google формаларымен жұмыс істеу қадамдары: 1-қадам. Google қосымшаларының ішінен Google Forms (Форма) қатарын таңдаңыз.


2-қадам. Google Формалар қатарын дайын үлгілерді таңдау 1) Тест атауын енгізу 2) Тест сұрағын енгізу 3) Жауап нұсқаларын енгізу 4) Жауап форматын таңдау 5) Жауап нұсқаларының санын қосу 6) Қосымша баптаулар


3-қадам. Тест жауабын таңдап, бағалау балл көрсетеміз. 4-қадам. Дайын тест тапсырмасын сілтеме немесе электронды почта арқылы жібереміз. 5-қадам. Білім алушы көзімен тест тапсырмасының берілу үлгісі


6-қадам. Білім алушылардың тест жауабын Excel форматында көре аламыз. Тапсырма 1. Google Диск деректер қоймасында «Менің алғашқы құжатым» атты бума (папка) ашыңыз және жалпыға қолжетімділікке береу мүмкіндігі бар үш нұсқасын пайдаланып құжаттар құрыңыз. Жасалған іс-әрекетті скрин жасап, құжаттың сілтемесін жіберіңіз. Тапсырма 2. Google Classroom бұлттық ортасында білім саласына қатысты тақырыпта жеке курс ашыңыз. Тапсырма 3. Бір жауабы бар, бірнеше жауабы бар және «Ия» немесе «Жоқ» деген жауабы бар тест тапсырмасын жасаңыз.


Практикалық жұмыс №2. Тақырыбы: Қашықтықтан оқытуды қолдау құралдарына шолу. Білім берудегі онлайн платформалар (Google meet, zoom, Microsoft teams) 1. Google Meet Google Meet – бұл бейнеконференция құралы бұл Google Workspace жиынтығының бөлігі. Ең жақсы жағы - Google Meet жұмыс істеуі үшін басқа ауыр қолданбаларды жүктеп алудың қажеті жоқ. Тіпті Google Chrome браузерінің болуы міндетті емес, өйткені ол барлық операциялық жүйелерде жұмыс істейді. Артықшылықтары: Көптеген мүмкіндіктер тегін деңгей үшін қол жетімді Құжатпен бірлесіп жұмыс істеуді қамтиды Қолданбаны орнатудың қажеті жоқ Жазбалар Google Drive-қа сақталады. Google Workspace және басқа Google қолданбаларымен біріктірілген Мықты қауіпсіздік Қолжетімді және пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс 250 адамға дейін бейнеконференция Кемшіліктері: Барлық мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін сізге Google Workspace жазылымы қажет Транскрипция мүмкіндігі жоқ Виртуалды жиналыс көмекшісі жоқ Кірістірілген қашықтан басқару пульті жоқ Google-ға негізделген орнату барлығына жарамайды (Google Meet платформасына нұсқаулық) https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder17843/%D0%98%D0%BD%D1%81%D1%82%D1%8 0%D1%83%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%BF%D0%BE%20%D0%B8%D1%81% D0%BF%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8% D1%8E%20Google%20Meet%20ru.pdf 2. Zoom қосымшасы Zoom қосымшасы нақты уақытта нақты уақыт режимінде хабарлама жіберу және ет алмасу арқылы кәсіпорынның бейнеконференциясын өткізуге мүмкіндік береді. Негізгі артықшылықтары: Пайдаланудың қарапайымдылығы. Кез келген құрылғыны қолдана отырып, конференцияларды қосуға және қатысуға арналған конференция мүмкіндіктерімен жылдам біріктіруге(интеграция жасауға) болады. Сіз кез-келген жерден және кез келген құрылғыдан кіре аласыз. Zoom қосымшасы конференцияларын күнтізбеңізбен синхрондап, компьютерден ұялы телефонға корпоративті деңгейдегі ағынды бейне конференцияны өткізуге болады. Кез-келген қажеттілікке арналған бейне. Бірыңғай коммуникациялық платформа арқылы ішкі және сыртқы байланыстарды, конференцияларды және тренингтерді өткізуді қамтамасыз етуге болады.


(Zoom платформасына нұсқаулық) https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder17843/%D0%BA%D0%B0%D0%B7Zoom%D0%BD %D1%8B%D2%A3%20%D0%BD%D2%B1%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1% 8B%D2%93%D1%8B.pdf 3. Microsoft Teams Microsoft командалары. Бұл Microsoft 365/Office 365 кооперативтік жұмыс кеңістігі. Бұл жұмыс орнындағы өзара әрекеттесу, бірлескен топтық жұмыс, бейне конференция және файлдарды ортақ пайдалану үшін бірыңғай орталық ретінде қызмет етеді. Барлығы бір құралдар жиынтығында. Microsoft командалары Microsoft 365 және Office 365 жүйелерінде топтық ынтымақтастық орталығы ретінде қызмет етеді. Платформа қызметкерлер топтарына байланысуға және бірлесіп жұмыс істеуге көмектесетін бірнеше мүмкіндіктерді қамтиды. Хабар алмасу арқылы сөйлесу: Teams - бұл чатқа негізделген бірлескен жұмыс кеңістігі. Оған топтық және жеке хабар алмасу, сонымен қатар ағынды және тұрақты сөйлесулер кіреді. Басқа хабар алмасу қызметтері сияқты командалардың хабарлары қимылдар мен GIF файлдарын (Графикалық алмасу пішімі) қамтуы мүмкін. Қоңырау шалу: Дауыстық қоңырау шалу үшін Teams бұлтқа негізделген телефонияны ұсынады. Пайдаланушылар Teams қолданбасын пайдаланып, Teams клиенттері арасында Интернет протоколы (VoIP) арқылы дауыстық қоңыраулар жасай алады. Microsoft телефон жүйесінің және қоңырау шалу жоспарының пайдаланушылары телефон қоңырауларын жасай, қабылдай және тасымалдай алады. Microsoft сонымен қатар Direct Routing ұсынады. Бұл тұтынушыларға бар PBX немесе сеансты бастау протоколын (SIP) командаларға қосуға мүмкіндік береді. Бейне арқылы кездесулер: Пайдаланушылар виртуалды жиналыстарды тек дыбыстық қоңыраулармен өткізе алады. Адамдар COVID-19 пандемиясы және үйден жұмыс (WFH) нұсқаулары кезінде қашықтан бірлесіп жұмыс істегендіктен, бейнеконференцияларды қабылдау күрт өсті. Командаларға теңшелген виртуалды фон, конференция жазуы, транскрипция, ақ тақта және үзіліс бөлмелері сияқты кейбір маңызды бейнеконференция мүмкіндіктері кіреді. Экранды ортақ пайдалану: Бұл ескі, бірақ маңызды сипаттама бірлескен құралдарда жиі кездеседі. Экранды ортақ пайдалану, аты айтып тұрғандай, адамдарға жұмыс үстелі дисплейлерін ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Командалар қоңырау шалу немесе бейне кездесулер сияқты нақты уақыттағы файлдарды қоса. (Microsoft Teams платформасына нұсқаулық) https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder17843/%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%94%D0%9 E%D0%A2%20MS%20Teams%20%D1%80%D1%83%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D0% B4%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%9F%D0%9F %D0%A1.pdf Тапсырма: 1. Топ студенттері 3 топқа бөлінеді, әр топ бір онлайн платформамен жұмыс жасайды. Әр топ өз платформасын басқа топтарға таныстырады (слайд түрінде) 2. Онлайн платформаларға Венн диаграммасын құрыңыз.


Практикалық жұмыс №3 Тақырыбы: Білім беруде интерактивті онлайн тақталарды қолдану (miro, jambord, Conceptboard, padlet) Miro – бір команда құрып, жұмыс жасауға арналған онлайн платформа. Miro онлайн платформасы бірлесіп жоба жасауға, интерфейс дизайны және де басқа тапсырмаларды орындауға арналған платформа. Cілтеме: https://miro.com/ru/ Jamboard – Google компаниясы ұсынып отырған онлайн интерактивті тақтасы. Jamboard-тың ерекшелігі бірнеше платформаларды қолдау арқылы қашықтан жұмыс істегенде де топ өнімділігін арттыру болып табылады. Сілтеме: https://jamboard.google.com/


Conceptboard - Conceptboard – идеяны құру және жоспарлауға арналған онлайн ынтымақтастық қызметі. Conceptboard көмегімен топтар миға шабуыл жасай алады, жоба үшін тапсырмаларды жоспарлай алады, презентациялар, диаграммалар және диаграммалар жасай алады. Бұл қызмет жарнама және маркетинг бөлімдері, әзірлеушілер, қолдау топтары және дизайнерлер үшін қолайлы. Сілтеме: https://conceptboard.com/ PADLET - бұл тақталардың әртүрлі түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін онлайн құрал. Мұнда барлық эле- менттер, яғни жаңалықтар лентасы, карта немесе уақыт кестесі түрінде сізге қажет етіп орналастырылған стикерлері бар қабырға, холст бар. Тақтаға сілтемелер, суреттер, құжаттарды қоя аласыз. Сілтеме: https://ru.padlet.com/


№1 Тапсырма: Онлайн тақталардың бірін таңдап (Miro, jam board, padlet, conceptboard), өз мамандығыңызда информатика пәнінің маңыздылығы туралы шағын жоба жасаңыз. Жоба критерийі 1. Жоғарыда көрсетілген тақталардың бірін таңдау 2. Топ болып жұмыс атқару (бір топта 2-3 студент) 3. Берілген тақырыптың мазмұнын ашу 4. Онлайн интерактивті тақталарға тіркелу (жеке аккаунт ашу) №2 Тапсырма: Miro, jamboard, padlet, conceptboard онлайн тақталарына венн дианраммасын құрыңдар


Практикалық жұмыс №4. Тақырыбы: Презентациялар дайындауға арналған веб сервистер Мақсаты: Қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, презентация дайындауда Visme және Canva вебсервистерінде жүйелі жұмыс жасауды үйрену. Презентация – баяндама жасау, жобаны қорғау, дайын өнім мен қызметті жарнамалау, өзін таныстыруға және тағы да басқа көптеген дүниені кең аудиторияға ұсынуға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы. Презентацияның мақсаты – тыңдаушыларға презентация ны-саны туралы толық ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу.Презентацияда бір мақсатта жұмылдырылған мәтіндер, гипермә-тіндік сілтемелер, компьютерлік анимациялар, графика, видео, музыка және дыбыстық жазбалар болуы мүмкін (бірақ барлығы болуы міндетті емес). Презентация әзірлеу ережесі: 1 слайд=1 ой Кіріспе 30 секунд KYSS қағидасы-Keep Your Slide Simple Үлкен көлемді қаріп қолдану Суретті мұқият таңдаңыз Графиктерді мұқият таңдаңыз Сандар, жылдар, нақты мәлімет Презентация дайындауда әдетте MSPowerPoint программасын қолданамыз. Бірақ презентацияны дайындау барысында көптегенмүмкіндіктерге ие веб сервистер ФотоШОУ PRO, Zoho Show,Visme, Canva тоқталып өтейік. https://show.zoho.com/) – бұл Mail, Chat, Connect, Docs, Writer, Sheet, Sites және Showtime құрамында бар Zoho Workplace-тің бір бөлігі. Zoho-ны интернетте кәсіби презентацияны жасау, өңдеу немесе бірлесіп жасау үшін пайдалануға болады. Zoho Show арқылы презентация жасау үшін Google немесе Facebook аккаунтжазбасын пайдаланып тіркелу немесе кіру керек (5.3 сурет). Осыдан кейін сіз Zoho компаниясының барлық өнімдерін басқарудың жалпы панеліне кіресіз, оның құрамында мәтіндік редактор мен кестелер бар. Zoho Show веб-сервисінің басты беті


Zoho Show веб-сервисіне тіркелу терезесі Егер сіз бәрін жаңадан бастағыңыз келсе, өзіңізге ұнайтын дизайнды немесе бос шаблонды таңдап, оны өңдеуге және материалдармен толтыруға кірісіңіз. Бұл презентациялар жасау үшін кез-келген басқа бағдарламадағыдай жасалады. Өңдеу саласында біз кез-келген нысанды шертіп, оның қасиеттерін, өлшемдерін өзгертеміз, жазуларыңызды қосамыз, суреттерді жүктейміз және т.б. Жаңа слайдтарды қосу және олардың арасында ауысу үшін сол жақта арнайы панель бар, оның енін жай шекараны сүйреп апару арқылы реттеуге болады. Презентация дизайн таңдау Өңдеу батырмалары көрсетіген терезе


Презентацияны жүктеп алу және қолжетімділік беру Visme (https://www.visme.co/) -презентациялар, анимациялар, баннерлер, инфографика, формалар және т.б. жасауүшін қолайлы сервис (5.7-сурет). 5.7-сурет. Visme веб-сервисі. Visme веб-сервисіме нжұмысты ең алдымен тіркелуден (5.8- сурет) бастау керек.


Тіркеуден өту терезесі. Visme ортасында жаңа құжат құружәне мәзір қатары. Visme ортасында жаңа құжат құру да үлгі түрін таңдау.


Презентацияға жаңа слайд қосужәне слайд түрін таңдау терезесі. Prezi.com қосымшасын қолдану. 1-қадам. Prezi.com сайтына кіріп презинтация жасау. Басты бетте Prasentation таңдаңыз келесі Bei Null anfangen батырмасына кіріп дизайн таңдап алыңыз. 1-сурет. Prezi.com басты беті 2-қадам. Келесі экранда редактірлеу 2-сурет пайда болады, Style, Insert, Share батырмасы көмегімен презентацияны безендіруге болады, мысалы текст, видео, изоброажения, гипперссылка т.б. функциялар қоя аласыз.


Презентацияны редактірлеу терезесі 3-қадам. Презентация құрып болған соң сол жақтағы батырмасын басып, save (сохранить) деп бассаңыз жасаған жұмыстарыңыз сақталады. Тапсырмалар: 1. Zoho Show программасында «Білімді ұстаз - білікті маман» тақырыбына презентация жасаңыз. 2. Visme программасында «Болашақтың мектебі менің көзқарасыммен...» тақырыбына презентация жасаңыз. 3. Prezi.com программасында «Менің жеке жоспарым» тақырыбына презентация жасаңыз. Ескерту: Әрбір презентация 5 беттен аспауы қажет. Ақпарат сөзбен емес график және басқада анимациялар арқылы көрсетілуі қажет.


Практикалық жұмыс №5 Тақырыбы: Интерактивті дидактикалық тапсырмаларды жасау веб-сервистері. (livworksheets, joyteka, logiclike, learningapps, wordwall) 1.LearningApps қосымшасында тапсырмалар жасау. LearningApps.org интерактивті модульдердің көмегімен оқу процесін қолдау үшін арналған Web 2.01 қосымшасы болып табылады. Бұл модульдер тікелей материалдарды оқыту процесінде, сондай-ақ өз бетінше зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Платформа білім беру мекемелерінің барлық түрлері үшін ашық: балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік-техникалық училищелер, техникумдар және т. б. Пайдаланушылар үлгі ретідегі модульдерді қолдана алады, оларды өзгерте алады және ұсынылған конструктор мен шаблондарды қолдана отырып жаңа модульдер жасай алады. Интерактивті тапсырмалар тақырып категорияларына сәйкес ұйымдастырылады. Орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, итальян және басқа тілдердегі веб-сайттар мен тапсырмалар (модульдер) бар. 1-қадам. LearningApps.org интерактивті модульдердің көмегімен оқу процесін қолдау үшін арналған Web 2.01 қосымшасына тіркелу. https://learningapps.org/createApp.php 2-қадам. Практикалық бөлімнің дайын өнімі: LearningApps құралдарымен кроссворд жасау.


learningapps.org ортасында кроссворд құру терезесі 3-қадам. ББЦТ пәнінен кроссвордтың фондық бетті таңдау терезесі


4-қадам. ББЦТ пәнінен кроссвордты редактрлеу терезесі 5-қадам. ББЦТ пәнінен құрылған кроссворд 6-қадам. Білім алушылар үшін арнай папка (бума) құру терезесі. Білім алушының аты-жөнін теру арқылы логинь мен құпия жасау.


5.Wordwall – интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Cервистің орыс тіліндегі нұсқасы бар. Интерактивті жаттығулар Интернетке қол жетімді кез-келген құрылғыда ойнатылады: компьютерде, планшетте, телефонда немесе интерактивті тақтада. Басып шығарылған нұсқаларды басып шығаруға және олардыТәуелсіз оқу тапсырмалары ретінде пайдалануға болады. Бұл үлгілерге педагогикалық практикада жиі кездесетін таныс дидактикалық ойындар кіреді. Тіпті тегін нұсқада сіз ойындардың үлкен арсеналына қол жеткізе аласыз. Wordwall терезесі Оқу тапсырмасын жасау үшін сіз үлгіні таңдап, содан кейін мазмұнды енгізесіз. Тапсырма үлгілері Кішкентай мәтіндік редактор бар, оның көмегімен сіз қаріптіенгізудің әртүрлі нұсқаларын (қалың, жол асты, жол үсті) қолдана аласыз, таңбаны немесе математикалық формуланы енгізе аласыз. Сіз ойын жаттығуын дайындап, оны сайтқа енгізе аласыз немесе оқушыларға сілтеме


жібере аласыз. Тапсырмаларды жекелендіруге болады. Яғни, оқушы өзінің фамилиясын көрсететін тапсырманы тағайындаңыз. Осының арқасында сіз әр оқушының жұмыс нәтижелерін бақылай аласыз. Сервиспен жұмыс істеу үшін тіркелу керек. Поштамызды жазып тіркелеміз. «Wordwall» программасында қадам-қадам бойынша оқу- шыларға «Компьютер құрылғылары» туралы әр түрлі тапсыр- малар ұйымдастырған. Wordwall программасы интерактивтіжүйелі программа болып табылады. Тақырыптың атын енгізіп алып,өзімізге қажеттісөздерді немесе фотоларды қоямыз. Берілген суреттің атын енгізу


Осылайша барлығына аттарын жазып, керек суреттерді қойып шығып, Орындалды (Выполнено) батырмасын басып тапсырманы аяқтаймыз. Менің сабақтарым (Мои занятия) бтырмасын басып,өзіміздіңжасаған жұмысымызды көре аламыз (11.8-сурет). Менің сабақтарым Сонымен бірге төменде берілген тапсырмалар түрлерінорындауға болады: - сөздерге сәйкес суреттерді қойып шығу, - берілген уақыт ішінде суреттің атауын жылдам табу, - фотомозайка арқылы табу, - берілген ұяшықтар бойынша таңдау арқылы табу Сөздерге сәйкес суреттерді қойып шығу Берілген уақыт ішінде суреттің атауын жылдам, әрі тез табу


Фотомозайка арқылы табу Берілген ұяшықтар бойынша талдау жасау Тапсырмалар: 1. LearningApps қосымшасында сергіту сәтіне байланысты 3 түрлі тапсырма жасаңыз 2. Wordwall қосымшасында мамандыққа байланысты сөз жаттауға арналған 3 түрлі тапсырама жасаңыз.


Практикалық жұмыс №6. Тақырыбы: Білім беруде пазл, кроссворд, ребус құруға арналған ресурстарды қолдану (Jigsaw Planet, crossMaker, canva) Пазл, кроссворд, ребс – білім беру процесіндегі көмекші құрал. Білім алушылардың мынадай қызметтерін атқарады: • сөйлеуді дамыту құралы ретінде қызмет ете алады; • есте сақтау және зейінді дамыту; • дұрыс айтылымды қалыптастыру; • лексикалық сөздікті дамыту; CrossMaker – онлайн кроссворд құруға арналған веб сервис. Сабақ барысында қолдануға болатын ыңғайлы сервистердің бірі. Сілтеме: https://crossmaker.ru/ Jigsaw Planet – онлайн пазл жасауға ыңғайлы және қарапайым веб сервис. Тіркелуді қажет ететін, білім алушылармен бөлісуге ыңғайлы веб сервис. Сілтеме: https://www.jigsawplanet.com/?lang=ru


Canva - бұл тегін онлайн графикалық дизайн құралы. Мұнда әлеуметтік желілерге арналған басылымдар, презентациялар, плакаттар, бейнероликтер жасауға болады. Сілтеме: https://www.canva.com/ru_ru/ Тапсырма 1: CrossMaker веб сервисінде «Информатика» тақырыбында кроссворд ұйымдастыру 1.1 CrossMaker веб сервисінде құрылған кроссвордты Word мәтіндік редакторында сақтап, сөздерге сұрақтар ұйымдастырамыз Мысалы: Тапсырма 2: Jigsaw Planet веб сервисінде өзіңізге ұнаған тақырыпта пазл құрастыру 2.1 Jigsaw Planet веб сервисінде өз жеке почтамен тіркелу 2.2 Жасаған пазлға сілтеме беру Мысалы: https://www.jigsawplanet.com/?rc=play&pid=189fa066033b


Тапсырма 3: Canva онлайн графикалық құралында «Компьютер» «Монитор» «Студент» «Университет» сөздеріне ребус құрастыру 3.1 Canva-да ребустардың жасалу жолы: 3.2 Жасалған ребусты жүктеп алып, өз тобыңызға жіберіңіз «Элементтер» астынан таңдаңыз. Бұл терезеде пішіндер, стикерлер, стикерлер және т.б. Қызықты суретті таңдап, оны бос тақтаға қосыңыз. Енді сол жақтағы «Мәтінді» таңдаңыз. Қажетті сөздерді теріңіз немесе тізімнен сәйкес таңбаларды таңдаңыз; 3.3 Жасалған ребусты өзіңізге жүктеп, тобыңызға жіберіңіз


Практикалық жұмыс №7. Тақырыбы: Портфолио құру(Canva,) Топқа бөлуге арналған интернет ресурстар (ClassDojo, classTools, flippity.net,wheel of names) 1. Портфолио жасауға арналған платформа түрлерімен жұмыс жасау. Canva - инфографика жасау үшін ыңғайлы және қарапайым веб-сервис. Аталған веб-сервис ортасында инфографика құру. Ол үшін, https://www.canva.com/ru_ru/ сілтемесі арқылы тіркеуден өтіңіз. 2. Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша тапсырма түрлерін немесе инфорафика құрыңыз. 3. Құрылған инфографикаңызды скриндап жіберіңіз.


Кез келген шаблон түрін таңдап, портфолио құруға болады. 2. Visme (https://www.visme.co/) - презентации, анимация, баннер, инфографика, форма және тағы да басқаларды жасауға арналған ыңғайлы сервис (1-сурет) Visme веб-сервисі. Ең алдымен Visme веб-сервисінде тіркелулеріңіз керек. Тіркеу терезесі


Visme ортасында жаңа құжат құрыңыз. Шаблон түрін таңдаңыз


Жаңа слайдты таңдаңыз. 3. ClassGojo сайтына кіріп, тіркеліңіз. Жаңа класс құрыңыз Класстың атын жазыңыз


Құрылған класспен жұмыс жасаңыз, Инструменты батырмасын басыңыз Инструменты батырмасымен жұмыс жасаңыз Тапсырма: 1. Canva немесе Visme веб-сервистерін қолданып, өзіңіздің портфолиоңызды жасаңыз. 2. Canva немесе Visme веб-сервистерін қолданып төмендегідей тақырыптардың біріне презентация жасаңыз: 1) Қазіргі заманғы компьютерлер 2) Роботтардың адам өміріне әсері қандай? 3) Жасанды интеллект 4) Есептеуіш техниканың даму тарихы 5) IT саласының қазіргі таңдағы атақты тұлғалары 3. ClassGojo сайтында жұмыс жасау 4. ClassTools, flippity.net, wheel of names сайттарында жұмыс жасау


Практикалық жұмыс №8. Кері байланыс жасау құралдары Жұмыстың мақсаты: Онлайн сауалнамалар құрып үйреніп, кері байланыс жұмыстарын ұйымдастыру. Кері байланыс жасау қызметтері - пікірлер жинау, статистика, дағдыларды тексеру қажет болған кезде әртүрлі жағдайларда қажет. Яғни, сауалнамалар арқылы мынадай мәселелерді шешуге болады: Жаңа өнім идеяларын сынау / тұжырымдамаларды бағалау; Кез келген сабаққа/тренингке/лекцияға кері байланыс жасау; Жарнамалық науқандардың тиімділігін бағалау (бренд көрсеткіштері); Шығармашылық/роликтер/ұрандар/логотиптерді сынау; Жарнамалық науқандар үшін арнайы сегменттер құру және т.б. Кері байланысты ұйымдастыруға арналған сервистер: Simpoll - бұл сауалнамалар, дауыс беру және тесттер құруға арналған ыңғайлы қызмет, оны өз сайтыңызға енгізіп, нақты уақыт режимінде көрнекі және сүзгіден(фильтрациядан) өткен нәтижелерге қол жеткізуге болады. 1) https://simpoll.ru/auth/register сайтына тіркеліңіз. 2) «Создать форму» батырмасы арқылы жаңа форма ашыңыз. 3) Форма ашылған соң, форманың түрін таңдау керексіз. (Анкета, тестирование, голосование)


4) Қажет сұрақтарыңызды қойып, баптаулар жасап, нәтижені сақтаңыз және топ студенттерімен бөлісіңіз. Anketolog - кері байланыс жинау жүйесі ең жақсы ойластырылған және функционалды фидбэк жинау қызметтерінің бірі болып саналады. Платформа қысқа сауалнамалар мен ұзақ сауалнамалар жасауға мүмкіндік береді. 1) https://anketolog.ru/user/account/registration?return=%2Fsurvey%2Fcreate сайтына тіркеліңіз.


2) Аккаунтты белсенді қылу үшін тіркелген почтаңызды ашып, келген сілтемеден өту керек немесе «Активировать аккаунт» батырмасын басу керек. 3) «Создать анкету» батырмасын басып, сауалнама түрін таңдаңыз. 4) Егер «Анкета по шаблону» категориясын бассаңыз, онда сайтта осындай нұсқаулықтар шығады.


5) Осылай сауалнамаларды жасап, достарыңызбен бөлісіңіз. Жағдаяттық тапсырма: Сіз сабақ өткіздіңіз деп елестетіңіз. Сабақтың соңында сізге оқушылармен кері байланыс жасау керек. Он сұрақтан тұратын сауалнама жасаңыз (екі сервисте де бірдей сұрақтар жарай береді).


Практикалық жұмыс №9 Тақырыбы: Білім беруде викториналар құру ресурстары (wordwall, learning apps) Learningapps.org – түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік құралдар жасау сервисі. Тақырып категорияларына байланысты интерактивті тапсырмалар тізімінен тұрады (13.1-сурет). 22 тілдерде тапсырмалар (модульдер) жасау мүмкіндігі бар. 13.1-сурет. Learningapps.org тіркелу Learningapps.org ортасы 4 мәзірден тұрады. 1. Барлық жат- тығулар – категориялар мен мысал түрлері бойынша тапсырма үлгілері; 2. Жаңа жаттығулар – тапсырма құруға арналған бос шаблондар тізімі; 3. Жинақтарды құру – жаңа жинақтар құру; 4.Менің тапсырмаларым – өзің құрған тапсырма үлгілерің қарау (13.2-сурет). Әр мәзірді басқанда түрлі бағыттар бойынша категориялар мен мысалдар шығады. Learningapps.org терезесі Категориялар бойынша берілген шаблондардың бірін таңдап қолдануға және өңдеуге болады.


Категориялар бойынша берілген шаблондар мен мысалдар Мәзір қатарынан «Жаңа жаттығулар» өрісін таңдап, «Сорти- ровка картинок» тапсырма үлгісін ашыңдар. Ашылған терезеденМысал 1, Мысал 2, Мысал 3 ... түрлерімен танысып, «Создать новое упражнение» батырмасын басыңыздар. «Сортировка картинок» тапсырмасын құру «Сортировка картинок» тапсырма үлгісін құру үшін тапсыр- маға атау беріп, қысқаша сипаттама жазу қажет. Тапсырмаға фондық суретті жүктеп, фондық суреттің белгілі бір аймақтарынанықтау қажет және белгі қою керек. Белгі қойылған аймақтың дұрыс жауабын жазып, келесі белгі қоятын аймақты енгізугеболады. Келесі аймақты көрсету үшін «Добавить следующийэлемент» батырмасын басу жеткілікті. Фондық суреттке белгі қою


Дұрыс жауапты тапқан жағдайда ынталандыру сөздерін көрсетуге және көмек көрсету кеңестерін ұсынуға болады. Соңғы қадам «Завершить и паказать в предварительном просмотре» батырмасын басып, алдын ала қарауға және тапсырма сілтемелерін көшіруге болады. Тапсырманы үлгісін алдын-ала қарау Қатысушы тапсырмадағы белгі аймақты шертіп, жауаптарнұсқасынан дұрысын таңдайды және нәтижесі қызыл, жасыл түспен белгіленеді. Құрылған тапсырма автоматты түрде «Менің тапсырмаларым (Моя вещь)» өрісінде сақталады (7-сурет). Құрылған тапсырма үлгісін сақта Тапсырма 1. Learningapps.org веб-сервисінен тіркеуден өтіңдер. Мәзірқатарынан «Барлық жаттығулар» өрісін таңдап, мамандығың бойынша бойынша тапсырма үлгілерін құрыңдар. Wordwall – интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа түрінде қол жетімді. Cервистің орыс тіліндегі нұсқасы бар. Интерактивті жаттығулар Интернетке қол жетімді кез-келген құрылғыда ойнатылады: компьютерде, планшетте, телефонда немесе интерактивті тақтада. Басыпшығарылған нұсқаларды басып шығаруға және олардыТәуелсіз оқу тапсырмалары ретінде пайдалануға болады.


Үлгілер Бұл үлгілерге педагогикалық практикада жиі кездесетін таныс дидактикалық ойындар кіреді. Тіпті тегін нұсқада сіз ойындардың үлкен арсеналына қол жеткізе аласыз. Wordwall терезесі. Оқу тапсырмасын жасау үшін сіз үлгіні таңдап, содан кейін мазмұнды енгізесіз. Тапсырма үлгілері: қолдана аласыз, таңбаны немесе математикалық формуланы енгізе аласыз. Сіз ойын жаттығуын дайындап, оны сайтқа енгізе аласыз немесе оқушыларға сілтеме жібере аласыз. Тапсырмаларды жекелендіруге болады. Яғни, оқушы өзінің фамилиясын көрсететін тапсырманы тағайындаңыз. Осының арқасында сіз әр оқушының жұмыс нәтижелерін бақылай аласыз. Сервиспен жұмыс істеу үшін тіркелу керек. Поштамызды жазып тіркелеміз.


«Wordwall» программасында қадам-қадам бойынша оқу- шыларға «Компьютер құрылғылары» туралы әр түрлі тапсыр- малар ұйымдастырған. Wordwall программасы интерактивтіжүйелі программа болып табылады. Тақырыптың атын енгізіп алып,өзімізге қажеттісөздерді немесе фотоларды қоямыз. Берілген суреттің атын енгізу Осылайша барлығына аттарын жазып, керек суреттерді қойып шығып, Орындалды (Выполнено) батырмасын басып тапсырманы аяқтаймыз. Менің сабақтарым (Мои занятия) бтырмасын басып,өзіміздіңжасаған жұмысымызды көре аламыз.


Сонымен бірге төменде берілген тапсырмалар түрлерінорындауға болады: - сөздерге сәйкес суреттерді қойып шығу, - берілген уақыт ішінде суреттің атауын жылдам табу, - фотомозайка арқылы табу, - берілген ұяшықтар бойынша таңдау арқылы табу Сөздерге сәйкес суреттерді қойып шығу Берілген уақыт ішінде суреттің атауын жылдам, әрі тез табу Фотомозайка арқылы табу


Берілген ұяшықтар бойынша таңдау Тапсырма 2: WordWall сервисінің мүмкіндіктерімен танысу. Интерактивті тапсырмалар дайындау. Практикалық жұмыс №10 Тақырыбы: Цифрлық технолоияларды қолдана отырып білім беру саласына геймификация әдісін енгізу (genially, educaplay, blooket, quizizz) «Геймификация» тұжырымдамасы жұмыс динамикасында жақсы нәтижелерге жету, механика мен ойындардың типтік әдістерін олардан тыс контексттерде жүзеге асыру идеясынан туындады. Genial.ly - интерактивті ойын жасау платформасы. Дидактикалық ресурстарға, презентацияларға, ойындарға, интерактивті суреттерге, карталарға және т.б. арналған құрал. Сілтеме: https://genial.ly/


Educaplay - интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік беретін онлайн сервис. Сілтеме: https://www.educaplay.com/ Blooket - бұл студенттердің оқуын қызықты және тартымды түрде алуына көмектесу үшін дидактикалық ойындар жасауға мүмкіндік беретін платформа. Сілтеме: https://www.blooket.com/ Quizizz – векториналық ойын құруға мүмкіндік беретін онлайн платформа. Сілтеме: https://quizizz.com/?lng=ru Тапсырма 1: genially, educaplay, blooket, quizizz онлайн платформаларына тіркеліп, ұқсастығы мен айырмашылықтарын кесте құрып жазыңдар Тапсырма 2: «Компьютерлік вирустар», «Компьютер құрылғылары» осы аталған тақырыптарға genially, educaplay, blooket, quizizz онлайн платформаларында сұрақтар құрастыру.


Click to View FlipBook Version