The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Зерттеуде Алматы облысындағы тілдік ахуал қарастырылып, бірнеше
өңірлік проблемалар көрсетілген. Атап айтқанда тұрғындардың тілдерді меңгеру деңгейі, облыстағы тілдік ахуалдың бағалануы, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан ономастикалық жұмыстар, мемлекеттік тілді қолданысқа толығымен енгізу шаралары, облыстағы көрнекі ақпарат пен жарнама тілінің жай-күйі, проблемалары, латын əліпбиіне қиындықсыз ауысу мəселелері, тұрғындардың үштілділікке көзқарастары, тіл саясатының жүргізілуіне қандай жағдайлар кері əсер ететіндігі т.б. жайттар жан-жақты талданады.
Еңбектегі талдауларға Алматы облысы бойынша жиналған деректер мен жалпы республикадағы мемлекеттік тілдің жай-күйі жайлы мəліметтер негіз болды. Зерттеу осы салаға жауап беретін, онымен айналысып жүрген мамандарға арналған.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by gulvira.satybaldieva, 2020-08-26 03:11:27

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛ (əлеуметтік жəне аналитикалық зерттеу)

Зерттеуде Алматы облысындағы тілдік ахуал қарастырылып, бірнеше
өңірлік проблемалар көрсетілген. Атап айтқанда тұрғындардың тілдерді меңгеру деңгейі, облыстағы тілдік ахуалдың бағалануы, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан ономастикалық жұмыстар, мемлекеттік тілді қолданысқа толығымен енгізу шаралары, облыстағы көрнекі ақпарат пен жарнама тілінің жай-күйі, проблемалары, латын əліпбиіне қиындықсыз ауысу мəселелері, тұрғындардың үштілділікке көзқарастары, тіл саясатының жүргізілуіне қандай жағдайлар кері əсер ететіндігі т.б. жайттар жан-жақты талданады.
Еңбектегі талдауларға Алматы облысы бойынша жиналған деректер мен жалпы республикадағы мемлекеттік тілдің жай-күйі жайлы мəліметтер негіз болды. Зерттеу осы салаға жауап беретін, онымен айналысып жүрген мамандарға арналған.

Keywords: қазақ тілі,тіл,мемлекеттік тіл,Алматы об

Алматы облысындағы тілдік ахуал

85 Шведтер 2 2 100,0 1 50,0 1 50,0
86 Табасарандар 2 2 100,0 2 100,0 2 100,0
87 Тувалықтар 2 2 100,0 2 100,0 2 100,0
88 Мансилер 2 2 100,0 2 100,0 2 100,0
89 Австриялықтар 2 2 100,0 1 50,0 1 50,0
90 Испандықтар 2 2 100,0 2 100,0 2 100,0
91 Чехтар 2 2 100,0 2 100,0 2 100,0
92 Нивхилар 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
93 Абхаз 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
94 Агул 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
95 Коми 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
96 Чукча 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
97 Нанай 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
98 Эвен 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
99 Даргиндр 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
100 Албан 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
101 Вьетнам 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
102 Итальян 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0
103 Жапон 1 1 100,0 1 100,0 1 100,0

Кестеде көрініп тұрғандай, орыс тілінің меңгерілу жағдайы əртүр-
лі жəне əр алуан. Бір этнос өкілдерінің орыс тілін меңгеруі түгелге
жуығын қамтыса, енді бірінде тең жартысы орыс тілін меңгерген бо-
лып шығады. Облыс тұрғындары ішінде орыс тілін ана тілі ретінде
де, екінші тіл ретінде де меңгергендер саны жетерлік. Айталық, қазақ
халқы қай кезде, қай жерде болмасын қостілді. Қазақ-орыс қостіл-
ділігі бар қарқынымен дамыған, əлі де сол күйін сақтауда, ал орыс-қа-
зақ қостілділігі анаған қарағанда баяу, дегенмен ол бар. Қазақтардың
ішінде орыс тілін ауызша түсінемін деген 15 жас жəне одан жоғары
жастағыларының үлесі – 89,2 % болса, соның 79,9 % еркін оқи ала-
мын, 75,7 % еркін жаза аламын деген екен. Бұл жоғары аталған
бірінші, яғни қазақ-орыс қостілділігінің дəлелі болмақ.

Облыстағы көпсанды этникалық топтардың бірі – ұйғырлар.
Жоғарыда айтып өткендей ұйғырлар республиканың ешбір жерінде
дəл осы Алматы облысындағыдай шоғыр қоныстанбаған. Ұйғырлар-
дың орыс тілін меңгеруі де жоғары деңгейде. Ұйғырлардың орыс
тілін 95,5 % ауызша түсінемін десе, соның 86,4 % еркін оқи алаты-
мын деген. Ал 79,6 % еркін жаза алатынын көрсеткен. Этникалық
түріктер де осылармен шамалас, 97,6 % ауызша түсінеді, 92,7 % оқи
алады, 90,0 % жаза алады.

51

Алматы облысындағы тілдік ахуал

Орыс тілін орыстардың өздерінен де жақсы білетін, оны ана тілі
ретінде меңгерген этностарға алдымен марийлер - 100% (барлығы 76
адам), лезгиндер – 99,3 %, болгарлар – 99,1 %, гректер – 98,7 %, ар-
мяндар – 98,7 %, грузиндер – 98,5 %, поляктар – 98,1 %, украиндар
-97,5 %, белорустар -97,4 т.б.

Орыс тілі ел тұрғындарының қарым-қатынасында сонау кеңестік
заманнан кеңінен қолданылып, əбден мықтап орныққан. Сондықтан
да республиканың қай өңірі болмасын жоғарыда айтқанымыздай,
ұлттық-орыс қостілділігі əлі де кеңестік замандағыдай даму қарқы-
нында. Міне, осындай жағдай қазақстандық орыстардың басым
көпшілігінің біртілді күйінде қалуына, тек өз этносының тілін ғана
меңгеріп, өзге тілге, соның ішінде мемлекеттік тілді білуге ықылас
танытпауына себепші болып отыр. Айталық, еліміздегі орыстардың
небəрі 14,9 пайызы ғана мемлекеттік тілді меңгерсе, 0,9 пайызы
ағылшын тілін, 0,4 пайызы неміс тілін біледі екен. Ал қазақтың қай-
мағы бұзыла қоймаған Жетісу өңірінде бұл сең бұзылған деп сенім-
мен айтуға болады. Өйткені соңғы халық санағының мəліметінде
(2009) облыстағы орыстардың 15 жəне одан жоғары жастағылары-
ның 37,2 пайызы қазақ тілін ауызша түсінемін десе, оның ішінде
10,4 пайызы еркін оқи аламын, 7,7 пайызы еркін жаза аламын деп
көрсеткен. Бұдан орыстардың мемлекеттік тілді үйренуінде алға басу
байқалатынын көруге болады.

1.6. Алматы облысында ағылшын тілінің меңгерілу деңгей-
лері

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ə. Назарбаевтың еліміздің
ішкі жəне сыртқы саясатындағы ең маңызды 30 бағытын атап көрсет-
кен «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолда-
уында «Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасын кезеңдеп іске
асыруды қолға алуды ұсынған еді. Онда Қазақстан бүкіл əлемде
халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы
тиіс деп көрсетілген. Сол үш тілдің бірі ретінде ағылшын тілін
əлемдік экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деп сипаттаған болатын.
Елбасының тапсырмасын жүзеге асыруда Тілдерді қолдану мен да-
мытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға
халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін
жəне басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар
топтамасы енгізілді.

Қазіргі күнде бұл жер-жерде өзінің қолдауын тауып жүзеге асуда.
Соның айқын дəлелі ретінде мынадай мəліметтерді келтіруге бола-
ды. Соңғы санақ мəліметінде ағылшын тілін облыс халқының 14,0 %

52

Алматы облысындағы тілдік ахуал

ауызша түсінемін десе, соның 8,7 % еркін оқи аламын, 6,7 % еркін
жаза аламын деп көрсеткен. Мұны жекелеген этностар бойынша тал-
дап көрсетер болсақ, ағылшын тілін меңгеруге ден қойған облыстағы
диаспоралар қатарына литвалықтарды (23,5 %), еврейлерді (19,7),
болгарларды (18,1 %), қырым татарларын (17,5 %), башқұрттарды
(17,2 %), грузиндерді (17,1 %), сондай-ақ кəрістерді (15,6 %), татар-
ларды (13,6 %), ұйғырларды (13,1 %), орыстарды (11,1 %), украин-
дарды (9,3 %) айтуға болады.

Қазақтардың арасында ағылшын тілін ауызша түсінемін деген –
15,3 % болса, соның 9,8 % еркін оқи аламын, 7,6 % еркін жаза ала-
мын деп көрсеткен.

Облыс бойынша кейбір аз санды этнос өкілдері арасында болма-
са, ағылшын тілін меңгеруге барлық этностардың көңіл бөле бастаға-
нын көруге болады. (8-кесеге қараңыз)

Алматы облысы халқының ағылшын тілін меңгеру деңгейі
(15 жас жəне одан жоғары жастағылар)

8-кесте

р/с Этнос аттары Барлық Ағылшын тілін меңгеру деңгейі
саны
ауызша оның ішінде
түсінеді еркін оқиды оның ішінде

еркін жазады

саны % саны % саны %

Барлығы 1351044 188662 14,0 117958 8,7 90148 6,7

соның ішінде:

1 Қазақтар 888993 135646 15,3 86994 9,8 67260 7,6

2 Орыстар 252643 27950 11,1 15636 6,2 11451 4,5

3 Ұйғырлар 104645 13733 13,1 8844 8,5 6496 6,2

4 Түріктер 26137 2374 9,1 1413 5,4 1079 4,1

5 Кəрістер 13536 2112 15,6 1176 8,7 898 6,6

6 Əзірбайжандар 11296 1030 9,1 630 5,6 480 4,2

7 Татарлар 11231 1534 13,7 895 8,0 684 6,1

8 Күрдтер 9597 657 6,8 318 3,3 244 2,5

9 Немістер 7239 841 11,6 457 6,3 319 4,4

10 Украиндар 5896 548 9,3 294 5,0 224 3,8

11 Шешендер 4570 388 8,5 223 4,9 169 3,7

12 Өзбектер 2780 295 10,6 189 6,8 132 4,7

13 Қырғыздар 1666 148 8,9 90 5,4 69 4,1

14 Гректер 1279 144 11,3 68 5,3 51 4,0

15 Дүнгендер 1148 157 13,7 91 7,9 78 6,8

53

Алматы облысындағы тілдік ахуал

16 Поляктар 1057 129 12,2 62 5,9 46 4,4
17 Белорустар 815 55 6,7 34 4,2 24 2,9
18 Балқарлар 495 67 13,5 46 9,3 40 8,1
19 Қарақалпақтар 483 42 8,7 25 5,2 21 4,3

20 Ингуштар 438 69 15,8 40 9,1 35 8,0
21 Қытайлар 437 65 14,9 42 9,6 36 8,2
22 Молдавандар 416 31 7,5 17 4,1 11 2,6
23 Тəжіктер 397 55 13,9 35 8,8 33 8,3
24 Армяндар 397 76 19,1 43 10,8 35 8,8
25 Сығандар 384 27 7,0 13 3,4 8 2,1
26 Қырым 378 66 17,5 30 7,9 19 5,0

татарлары 267 46 17,2 25 9,4 20 7,5
27 Башқұрттар 263 45 17,1 24 9,1 20 7,6
28 Грузиндер 215 39 18,1 19 8,8 19 8,8
29 Болгарлар 181 21 11,6 12 6,6 11 6,1
30 Түркімендер 171 8 4,7 6 3,5 5 2,9
31 Мордвалар 149 23 15,4 12 8,1 11 7,4
32 Лезгиндер 147 14 9,5 9 6,1 6 4,1
33 Чуваштар 110 9 8,2 4 3,6 3 2,7
34 Удмурттар 81 19 23,5 9 11,1 7 8,6
35 Литвалықтар 76 8 10,5 5 6,6 5 6,6
36 Марийлер 76 15 19,7 10 13,2 7 9,2
37 Еврейлер 74 7 9,5 3 4,1 2 2,7
38 Қалмақтар 67 7 10,4 1 1,5 1 1,5
39 Қараймдар 59 7 11,9 4 6,8 3 5,1
40 Карелдер 46 5 10,9 5 10,9 4 8,7
41 Моңғолдар 41 9 22,0 8 19,5 7 17,1
42 Эстондар 40 8 20,0 6 15,0 5 12,5
43 Парсылар 37 7 18,9 4 10,8 0 0,0
44 Осетиндер 35 4 11,4 1 2,9 0 0,0
45 Буряттар 34 14 41,2 9 26,5 8 23,5
46 Латыштар 33 5 15,2 3 9,1 2 6,1
47 Аварлар 32 2 6,3 1 3,1 0 0,0
48 Хакастар
49 Гагауыздар 29 1 3,4 0 0,0 0 0,0
50 Үндістан жəне 29 11 37,9 7 24,1 7 24,1

пəкістан 29 4 13,8 3 10,3 3 10,3
халықтары
51 Қарашайлар

54

Алматы облысындағы тілдік ахуал

52 Хантылар 27 6 22,2 4 14,8 3 11,1
53 Коми- 27 2 7,4 0 0,0 0 0,0

пермяктар 23 14 60,9 10 43,5 8 34,8
54 Арабтар 20 4 20,0 3 15,0 2 10,0
55 Румындар 19 3 15,8 0 0,0 0 0,0
56 Хорваттар 18 3 16,7 1 5,6 1 5,6
57 Алтайлар 18 1 5,6 0 0,0 0 0,0
58 Шорлар 17 3 17,6 3 17,6 3 17,6
59 Белудждар 15 3 20,0 3 20,0 3 20,0
60 Кабардиндер 15 1 6,7 1 6,7 1 6,7
61 Коряктар 14 0 0,0 0 0,0 0 0,0
62 Татылар 14 3 21,4 3 21,4 1 7,1
63 Ауғандар 14 5 35,7 4 28,6 1 7,1
64 Ассирийлер 13 4 30,8 4 30,8 3 23,1
11 2 18,2 1 9,1 0 0,0
65 Сахалар 7 100,0
66 Лактар 7 7 100,0 7 100,0 0 0,0
67 Америкалықтар 7 2 28,6 0 0,0 1 16,7
68 Қырымшақтар 6 1 16,7 1 16,7 1 16,7
69 Құмықтар 6 1 16,7 1 16,7 0 0,0
70 Талыштар 6 1 16,7 1 16,7 0 0,0
71 Финдер 5 0 0,0 0 0,0 3 60,0
72 Грузин еврейлері 5 4 80,0 4 80,0 1 20,0
73 Голландықтар 5 1 20,0 1 20,0 0 0,0
74 Сербтер 5 1 20,0 0 0,0 0 0,0
75 Абазиндер 4 0 0,0 0 0,0 0 0,0
76 Черкестер 4 0 0,0 0 0,0 0 0,0
77 Тау еврейлері 3 1 33,3 0 0,0 1 33,3
78 Ноғайлар 3 1 33,3 1 33,3 0 0,0
79 Венгерлер 3 0 0,0 0 0,0 3 100,0
80 Чувандар 3 3 100,0 3 100,0 0 0,0
81 Ағылшындар 3 1 33,3 0 0,0 1 50,0
82 Адыгейлер 2 1 50,0 1 50,0 1 50,0
83 Француздар 2 1 50,0 1 50,0 1 50,0
84 Кубалықтар 2 1 50,0 1 50,0 0 0,0
85 Шведтер 2 0 0,0 0 0,0 0 0,0
86 Табасарандар 2 0 0,0 0 0,0 0 0,0
87 Тувалықтар 2 0 0,0 0 0,0 2 100,0
88 Мансилер 2 2 100,0 2 100,0
89 Австриялықтар

55

90 Испандықтар Алматы облысындағы тілдік ахуал 1 50,0
91 Чехтар 0 0,0
92 Нивхилар 2 1 50,0 1 50,0 0 0,0
93 Абхаз 2 0 0,0 0 0,0 0 0,0
94 Агул 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
95 Коми 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
96 Чукча 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
97 Нанай 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
98 Эвен 1 0 0,0 0 0,0 1 100,0
99 Даргиндр 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
100 Албан 1 1 100,0 1 100,0 0 0,0
101 Вьетнам 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
102 Итальян 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
103 Жапон 1 0 0,0 0 0,0 0 0,0
1 0 0,0 0 0,0
1 0 0,0 0 0,0

1. 7. Алматы облысындағы қостілділік, көптілділік мəселелері

Қазақстан – бір сыңары (компоненті) қазақ тілінен тұратын қостіл-
діліктің пайда болып, қалыптасуының қайнар көзі. Республикадағы
əр түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдерінің жергілікті қазақтар-
мен күнделікті қарым-қатынасының негізінде əр жерде азды-көпті
көлемде жүзден аса ұлттық-қазақ қостілділік түрлері пайда болды.
Олар: күрд-қазақ, ұйғыр-қазақ, кəріс-қазақ, неміс-қазақ, өзбек-қазақ,
қырғыз-қазақ, тəжік-қазақ, шешен-қазақ, қарашай-қазақ, түрік-қа-
зақ, əзірбайжан-қазақ қостілділігі т.б.

Алматы облысындағы біртілділік жəне көптілділік туралы мəлімет
(1989 жылғы санақ мəліметі бойынша)
9-кесте

р/с Этностар Осы этнос Олардың ішінде тілдерді меңгеруі
адамдарының
Бір тілді Екі немесе одан да
барлық саны меңгергендері көп тілді
меңгергендері

Саны % Саны %

Барлық халық, 977373 548090 56,1 429283 43,9
оның ішінде:

1 Қазақтар 406823 169947 41,8 236876 58,2

2 Орыстар 294236 287853 97,8 6383 2,2

3 Ұйғырлар 103704 32044 30,9 71660 69,1

4 Немістер 61277 22856 37,3 38421 62,7

56

Алматы облысындағы тілдік ахуал

5 Түріктер 19146 3554 18,6 15592 81,4
6 Украиндар 18496 10377 56,1 8119 43,9
7 Əзірбайжандар 18313 3444 18,8 81,2
8 Татарлар 9993 2654 26,6 14869 73,4
9 Күрдтер 8010 1628 20,3 7339 79,7
10 Кəрістер 5193 2227 42,9 6382 57,1
11 Өзге этностар 32182 11506 35,8 2966 64,2
20676

Осыдан 23 жыл бұрын Алматы облысында 977 373 тұрғын бол-
са, соның 41,6 % қазақтар, 30,1 % орыстар, 10,6 % ұйғырлар 6,3%
немістер, 2,0 % түріктер, 1,9 % украиндар, 1,9 əзірбайжандар 1,0 %
татарлар, 0,8 % күрдтер, 0,5 % кəрістер жəне 3,3 % өзге этностар
құраған екен. Сол санақта облыс халқының жатысына жуығының,
яғни 43,9 % кемінде екі жəне одан да көп тіл білетін жəне жарты-
сынан астамының (56,1 %) бір тілді екендігін көруге болады (9-ке-
стеге қараңыз).

Санақ материалында қазақтардың 58,0 % орыс тілін екінші тіл
ретінде, 0,1 % өзге тілдерді білетіні жəне осындай мөлшерде (0,1 %)
өз ана тілін екінші тіл ретінде меңгергені берілген. Кестеден көріп
отырғандай, қазақтардың жартысынан астамы, яғни 58,2 % қостілді,
қалған 41,8 % біртілділер қатарына жатады. Сол санақта қостілділік-
ке барынша бейім халық өкілдері түріктер (81,4 %), əзірбайжандар
(81,2 %), күрдтер (79,7 %), татарлар (73,4 %), ұйғырлар (69,1 %) т.б.
екенін байқауға болады.

Ал барынша біртілді күйінде (əлі күнге осылай) қалған этнос бұл
– орыстар. Сол санақ материалында орыстардың 1,6 % (4794 адам)
қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгергені жəне 0,5 % (1521 адам) өзге
тілдері білетіні туралы мəлімет берілген.

Ал дəл қазіргі уақытта Алматы олбысындағы қостілділік,
көптілділік деңгейлері қандай деген сұраққа нақты жауап айту
қиын. Өйткені 2009 жылғы санақ мəліметінде халықтың қостіл-
ділігі, көптілділіг туралы нақты дерек жоқ. Бұл санақтың жүр-
гізілуінде өзгешеліктер бар. 1989 жылғы санақта белгілі бір
əкімшілік бөліністегі халықтың ана тіліне байланысты деректерін-
де əрбір этнос өкілінің өзге ұлт тілін ана тілім деп санайтындардың
қай тілді нақты меңгергені көрсетілген. Олардың ішінде қаншасы
біртілді, қаншасы екі немесе одан да көп тілді (ол қазақ тілі ме,
орыс тілі ме, əлде өзге этнос тілі ме) меңгергені туралы нақты
мəлімет берілген. Міне, осы мəліметтер бізге Алматы облысын-
дағы тұрғындардың қанша пайызы қостілді, көптілді немесе
біртілді екеніне жауап бере алдық.

57

Алматы облысындағы тілдік ахуал

Социолингвист ғалым Б. Хасанұлы Қазақстанда қазақ, орыс тіл-
дерінен басқа тілдерден тұратын он шақты өзге қостілділік (ұлттық)
түрлері кездесетінін айтады. Мысалы, тəжік-өзбек, дүнген-ұйғыр,
ұйғыр-өзбек, түрік-əзірбайжан, əзірбайжан-түрік т.б. қостілділік-
терін көрсетеді. Ғалым атап көрсеткен осы қостілділікдердің ішінде
дүнген-ұйғыр, ұйғыр-өзбек, түрік- əзірбайжан, əзірбайжан-түрік т.б.
қостілділігі біздің зерттеу нысанымыз болып отырған Алматы облы-
сында кездеседі.

Сонымен қатар Б. Хасанұлы Қазақстанда үштілділіктің де небір
түрлері бар. Көбінесе олар қазақ, орыс тілі мен басқа бір тілдің бірлі-
гінен құралады. Мəселен, үштілді халықтар қатарында ұйғыр (ұй-
ғыр-қазақ-орыс), дүнген (дүнген-орыс-ұйғыр), өзбек (өзбек-тəжік-о-
рыс жəне өзбек-тəжік-қазақ), тəжік (тəжік-өзбек-орыс жəне тəжік-о-
рыс-қазақ), корей (корей-орыс-қазақ), неміс (неміс-орыс-қазақ), күрд
(күрд-қазақ-орыс), түрік (түрік-орыс-қазақ), əзірбайжан (əзірбай-
жан-түрік-орыс жəне əзірбайжан-түрік-қазақ), чечен (шешен-ин-
гуш-қазақ жəне чечен-ингуш-орыс), ингуш (ингуш-шешен-қазақ),
қырғыз (қырғыз-қазақ-орыс) т.б. ұлттарды атап көрсетеді [9, 132-б. ].
Осы аталған үштілділік түрлері түгелге жуық Алматы облысында бар.

Қазақстанда төрттілділіктің де бірнеше түрі кездеседі. Республи-
кадағы төрттілді халықтар: дүнгендер (дүнген-орыс-қазақ-ұйғыр
төрттілділігі), ұйғырлар (ұйғыр-дүнген-қазақ-орыс төрттілділігі),
тəжіктер (тəжік-өзбек-қазақ-орыс төрттілділігі), өзбектер (өз-
бек-тəжік-қазақ-орыс төрттілділігі), ингуштар (ингуш-шешен-қа-
зақ-орыс төрттілділігі) т.б. Б. Хасанұлы келтірген осы төрттілділік
түрлерін Алматы облысында кездестіруге əбден болады.

Əрбір қостілділік, көптілділік түрі іштей əдеби-əдеби, ауызша-а-
уызша, əдеби-ауызша, ауызша-əдеби, белсенді-селқос (пассив), то-
лық, толық емес болып бөлінуі мүмкін. Қостілділік пен көптілділік
сыңарлары туыс тілдерден де, туыс емес тілдерден де тұруы ықти-
мал.

Көпұлттылық жағдайында тілді сақтап қалу мен оны дамытудың
бір жолы – қостілділік яғни екі тілді қатар меңгеру. Ұлтаралық қаты-
нас құралы мен ана тілді қатар не алма-кезек пайдалану екі тілдің
өмір сүруін қамтамасыз етеді. Өйткені тілдің тіл болып қалуы мен
дамуының бірден-бір шарты - оның іс жүзінде қолданылуы. Қолда-
нысқа түспеген тіл құриды. Тіл о бастан қолдануға жаралған, қолда-
ну үшін де дамиды, даму үшін де қолданылады. Өмірдің сан қилы
саласында қай тіл жиі қолданылса, соның болашағы мол.

58

Алматы облысындағы тілдік ахуал

2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТІЛДІК АХУАЛЫ:
САУЛНАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2.1. Алматы облысынның тілдік ахуалын зерттеу
нəтижелерінің жалпы сипаттамасы

Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы
бойынша Мемлекеттік тілді дамыту институты Алматы облысының
17 ауданы мен облыстық бағыныстағы 3 қаласына тілдік ахуалды
зерттеу, зерделеу мақсатында əлеуметтік лингвистикалық сауалнама
жүргізді.

Сауалнамаға əр аудан жəне əр қаладан іріктеме негізінде 96 ре-
спонденттен қатысты. Облыс бойынша барлығы - 1830 адам.

Кешенді əлеуметтік зерттеудің мақсаты – мониторнг жағдайында
Алматы облысындағы тіл ахуалын зерттеу (халық арасында сауална-
ма жїргізу) жəне тілді əртүрлі тарапта қолдану (қоғамдық өмірдің не-
гізгі салаларында, мемлекеттік қызметте, қызмет көрсету орында-
рында, қоғамдық көлікте, бұқаралық ақпарат құралдарында т.б.)
мемлекеттік, орыс жəне басқа тілдердің (ағылшын тілі) дамуын жəне
қолдану аясын анықтау.

Зерттеудің негізгі міндеттері аталған мақсатқа жетуде Алматы об-
лысының тұрғындары арасында тілдік ахуалын төменде келтірілген
аспектілері бойынша талдау арқылы анықталған:

- облыс тұрғындарының қазақ тілін білу деңгейі;
- облыс тұрғындарының орыс тілін білу деңгейі;
- облыс тұрғындарының ағылшын тілін білу деңгейі;
- қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қажет-
тілік деңгейі;
- тұрғылықты жердегі ономастикалық жағдай ахуалы;
- қызмет көрсету орындарындағы, қоғамдық көліктегі қарым-қа-
тынас тілі;
- мемлекеттік тілді білмеу себебінен кəсіби міндеттерді орындау
кезіндегі қиындықтың барлығы не жоқтығы;
- мемлекеттік тілді оқуға (меңгеруге) кедергі жасайтын фактор-
лар;
- қазақ тілінің бұқаралық ақпарат саласындағы қызметі.

59

Алматы облысындағы тілдік ахуал

1-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІ ЖЫНЫСЫНА ҚАРАЙ
БӨЛУ

2018 жылдың қазан-қараша айларында Алматы облысындағы
мемлекеттік тіл саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға
көзқарастарын анықтау мақсатында облыс тұрғындары арасында са-
уалнама жүргізілді. Сол сауалнамаға қатысқандардың 48% ер адам
болса, 52 % əйелдер болды.

2-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІ ЖАСЫНА ҚАРАЙ БӨЛУ

Сауалнамаға қатысқан респонденттер жасына қарай төмендегі
пайыздық көлемде бөлінді: 19 ℅ - 18 жас пен 22 жасқа дейінгі

60

Алматы облысындағы тілдік ахуал

жастар, 23 ℅ - 23-30 жас аралығында, 27 ℅ - респондент 31-40 жас
аралығындар, 15 ℅ - респондент 41-50 жаста жəне 11℅ - респондент
51-60 жас аралығында, 61 жас пен одан үлкендері - 5℅ .
3-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ БӨЛІНІСІ

Сауалнамаға 67,7 ℅ - қазақ, 17,0 ℅ - орыстар, 8,0 ℅ - ұйғырлар,
8,0 ℅ - өзге ұлт өкілдері қатысты.

4-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІ

Алматы облысының сауалға қатысқан тұрғындарының білімдері
төмендегідей:

3,0 ℅ респондент - толық емес орта, 10,0 ℅ респондент - орта,
19,0 ℅ респондент – арнаулы орта, 26,0 ℅ респондент - аяқтал-
маған жоғары, 42,0 ℅ респондент – жоғары.

61

Алматы облысындағы тілдік ахуал

5-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАЙЫ

Сауалға қатысқандардың: 5,0 ℅-студент, 12,0 ℅ - кəсіпкер, 14,0 ℅
-қызмет көрсету саласының қызметкерлері, 15,0 ℅ - білім беру
саласының қызметкерлері, 6,0 ℅ - мемлекеттік қызметшілер, 9,0 ℅
- денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 4,0 ℅ - құрылыс
саласы кызметкері, жұмысшы, 7,0 ℅ - ғылым, мəдениет саласы
қызмектерлері, 8,0 ℅ - ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері,
жұмысшы, 7,0 ℅ - əскери жəне құқық қорғау қызметкері.

2.2. Алматы облысындағы тілдік ахуал жəне оның құрамдас
бөліктері

Алматы облысы тұрғындарының көбісі ауылдық елдімекендерде
тұрғандықтан, мұнда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі басқа облыс-
тармен салыстырғанда, біршама жақсы деңгейде. Орыс тілі де одан
қалыспайды, тіпті біршама артық тұр. Себебі орыс тілі адам тұрмы-
сының барлық саласында кездеседі. Мемлекеттік тілді – өзге ұлт
өкілдері арасынан да толықтай меңгергендер бар.

62

Алматы облысындағы тілдік ахуал

6-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ
ДЕҢГЕЙЛЕРІ

«Сіз мына тілдерді қандай деңгейде меңгергенсіз?» деген
сұраққа респонденттердің 75,0 ℅ қазақ тілін еркін меңгергенмін деп
жауап берсе, респонденттердің 80 ℅ орыс тілін еркін білетінін, сон-
дай-ақ 15% ағылшын тілін еркін меңгергендерін көрсеткен.

7-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ
АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕРЕТІН ТІЛІ

63

Алматы облысындағы тілдік ахуал

«Күнделікті өмірде қай тілге артықшылық беретініңізді көр-
сетіңіз» деген сауалға тұрғыдардың жауабы төмендегідей болды:
Қазақ тілінің қолданыс саясы диаграммадан көрініп тұрғандай жұ-
мыс барысындағы қызметте, білім беру мекемелерінде, отбасындағы
қарым-қатынаста, достарымен жəне таныстарымен болатын сөйлесу-
лерде, бос уақытын өткізуге арналған орындарда, қоғамдық орындар-
да, БАҚ пен көркем əдебиетті оқуда, ісқағаздарын жүргізуде өзге тіл-
дерден (орыс тілінен) басымдылыққа ие болса, ғылыми əдебиеттерді
пайдалануда, интернетті қолдануда, сондай-ақ əртүрлі əуестіктерде
орыс тілінің артықшылығы байқалады. Десек те халық көбіне қазақ
жəне орыс тілдерін қолданғанымен, өзге этнос өкілдері өз отбасыла-
рында, достармен қарым-қатынас кезінде, ішінара білім беру мекеме-
лерінде өздерінің тілдерін де қолданады. Ал жұмыс орнында, қызмет
барысында қазақ тілін, сондай-ақ орыс тілін пайдаланады.

8-диаграмма. ҰЖЫМДА ЖИІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТІЛ

Сауалнамадағы «Жұмыс ұжымыңызда ең жиі қолданылатын
қай тіл?» деген сұраққа респонденттердің 60,0 ℅ қазақ тілін, 40,0 ℅
орыс тілін пайдаланатындықтарын көрсетті. Дегенмен зерттеу жұ-
мыстарын жүргізу барысында ауылдық елдімекендерде ұжым ара-
сында тек қазақ тілі қолданылса, аудан орталықтары мен облыс қала-

64

Алматы облысындағы тілдік ахуал

ларында орыс тілі кеңінен қолданылатындығын байқадық. Тіпті, кей-
бір ауылдардың өзінде бірнеше мекемелерде орыс тілі кеңінен пайда-
ланылады. Тіпті құжаттамалар мен нұсқаушалардың өзі орыс тілінде
жазылған. Біз оларға заңбұзушылыққа жол беріп тұрғандығын
ескертіп айттық, олар əртүрлі сылтауларды айтып, қателерін мойын-
дауға тырыспады. Сонда да, олар бұл олқылықтардың жойылатына
уəде берді. Ұжымда басшылардың өзі орыс тілін қолданып отырса,
олардың қол астындағылар да солай жұмыс атқарып отыр.

9-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТІЛДІК
АХУАЛДЫ БАҒАЛАУЫ

«Соңғы жылы Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалда
қандай өзгерістер болды?» деген сауалға респонданттердің 35,0 ℅
оң өзгерістер болды, 36,0 ℅ айтарлықтай өзгеріс жоқ, 20,0 ℅ мүлдем
өзгеріс болған жоқ, 6,0 ℅ ахуал нашарлады деп баға береді.

Сауалнаманың осы сұрағына жауап алу өте маңызды болды. Се-
бебі, қазір латын əліпбиіне көшу процесі болып жатқандықтан,
адамдардың көзқарасы мен ойын анықтау қажет еді. Жалып Қа-
зақстан Республикасындағы тілдік ахуалды бағалау кезінде адамдар-
дың көзқарасы бөлінді. Оң өзгерістер болды деп жатқандар мемле-
кеттің қазіргі таңда латынға көшу саясатын, телеарналардағы бағдар-
ламалар мен телефильмдердің қазақшалануын, қазақша интернет
аясының кеңейгенін, тілге қатысты заңнаманың күшейгендігін, тілді
дамытуға қатысты шаралардың көбейгендігін мысалға келтіріп отыр-
ды, ал «айтарлықтай өзгеріс жоқ» дейтіндер мемлекет тарапынан
ақша бөлінгендігімен, ол ақшаның дұрыс пайдалану жəне таратуға
байланысты сенімсіздіктерін айтты, сонымен қатар тіл заңнамасын
бірнеше жыллдар бойы өзгертілмегендігін, мемлекеттік тілді білуді

65

Алматы облысындағы тілдік ахуал

қатаң талап етілмейді деген мысалдар келтірді. «Мүлдем өзгеріс
болған жоқ» дейтіндер халық арасында мемлекеттік тілді дұрыс на-
сихаттаудың жоқтығы, басшылардың өздері 25 жыл тəуелсіздіктің
ішінде қазақша сөйлей алмайтындығын, заңнамаға толықтырулар
мен өзгерістердің қажеттілігін атап көрсетті.

10-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ОНОМАСТИКАЛЫҚ
ЖҰМЫСТАРҒА БЕРГЕН БАҒАСЫ

Сіз ауданыңызда (қала) жүргізіліп жатқан ономастикалық
жұмыстарға қанағаттанасыз ба? деген сауалға берілген жауап
төмендегідей болды:

1. Толық қанағаттанамын - 30℅
2. Қанағаттанамын деуге болады -26℅
3. Қанағаттанбаймын деуге болады - 26℅
4. Қанағаттанбаймын -18℅
Өңірде бірнеше аудандар мен елдімекендердің қазақшаға аудар-
ылғандығын атап көрсетіп, соған қанағаттанатын айтты. Ал кейбірі,
сол аудан мен ауылдардың аттары қандай мағына немесе неліктен
олай аталатындығын білмейтіндерін айтып, соған байланысты жұмыс-
тардың жоқтығын атап көрсетті. Аудандар мен ауылдардың əлі күнге
дейін кейбірі орыс тілінде аталып келетіндігін айтып, осы мəселенің
қашан шешімін табатындығы туралы көзқарастарын білдірді.

66

Алматы облысындағы тілдік ахуал

11-диаграмма. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНЫСҚА
ЕНГІЗУ ШАРАЛАРЫ

Сіздің пікіріңізше, мемлекеттік тілді қолданысқа толығымен
енгізу үшін қандай шаралар қажет? деген сұраққа респонданттердің
жауабы жеті мəселенің төңірегіне əрқалай топтасты (диаграммаға қа-
раңыз). Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік
тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда,
əсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің
қолданыс аясы едəуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар
деп кейбір респонденттер ойларын білдірді. Бірақ əлі күнге дейін кей-
бір салаларда мемлекеттік тілдің аясы, орыс тілдің аясына қарағанда
тар екендіктерін мойындаған адамдар да бар. Мемлекеттік тілді дамыту
– əр Қазақстан азамтының жауапкершілігі екендігін түсінбейінше, қазақ
тілі орыс тілінің көлеңкесінде қала бермек. Ең біріншіден, адам қазақ
тілін дамытуды өзінен бастауы қажет. Қоғамдық орындарда, жұмыста,
білім беру мекемелерінде қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде қызмет
көрсетуді талап ету қажет. Тіпті қарапайым банкоматтан банк операция-
ларын жасаудың өзінде адамдардың 80-90 пайызы орыс тілін пайдала-
данады, біз осыдан бастауымыз қажет. Яғни, қарапайым нəрселер мен
күнделікті өмірде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, өз үлесімізді
қосуымыз қажет. Кінəлілерді іздей бермей, өзімізден бастауымыз керек.
Сонда ғана қазақ тілінің дəрежесі арта бермек. Қоғам арасында қазіргі
таңда, осындай азаматтар мен азаматшалардың арқасында қазақ тілінің
мəртебесі біршама өскендігін мойындауымыз керек.

67

Алматы облысындағы тілдік ахуал

12-диаграмма. ОБЛЫСТАҒЫ КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН
СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ТІЛІ

«Өзіңіз тұратын аудандағы (қала) көрнекі ақпарат пен сы-
ртқы жарнамада қай тіл басым» деген сұраққа респонденттертің
20% қазақ тілі, 25% қазақ жəне орыс тілі, 35% орыс тілі жəне 5%
орыс жəне ағылшын тілдері басым қолданады деп жауап берді. Об-
лыстағы ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша көрнекі ақпарат пен
жарнамалардың біразы орысша берілетіндігін мойындау қажет, тіпті
қазақ тілінде берілгенннің өзінде, оның түпнұсқасы – орыс тілінде
жасалып, кейін шала-пала қазақ тіліне аударылатынын, сол аударма-
ны сапасыз аудармашыларға аудартып, халыққа ұсынатындығын
мойындауымыз керек. Бұл, біріншіден – жауапкершілік мəселесі.
Жазаның қатаң болмауы себебінен олар жауапкершіліктен қорықпай-
ды. Сондықтан да, осы мəселеге қатысты заңнаманы күшейтіп, құзы-
зретті органдарға тексерістерді жиілету қажет.

13-диаграмма. ОБЛЫСТАҒЫ КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН
СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ТІЛІ

«Сіздіңше, ауданыңыздағы көрнекі ақпарат пен сыртқы жар-
намаларда қандай проблемалар жиі кездеседі?» деген сұраққа ре-
спонденттердің 16,0 % мəтіндерінің қате немесе мағынасыз аудары-
лады, 13,0% əдепсіз жарнамалар бар, 11,0% мекеме немесе тауар атау-
ларының шет тілінде қойылуы жəне жарнамалануы жиі кездеседі,
10,0% ақпараттағы қазақ əріптерінің қате жазылуы жиі ұшырасады,

68

Алматы облысындағы тілдік ахуал

10,0 % орфографиялық қателер көп, 21 % тұтынатын тауарлардың
жапсырмалары мен нұсқаулықтарында қазақ тіліндегі аудармасының
түсініксіз, 7,0 % көше атаулары жазылған тақтайшалар мен нұсқау-
лықтардың тілдік ережеге сəйкес жазылмайды, 5,0 % ақпараттардың
тек орыс немесе ағылшын тілінде жазылады, 4,0 % латын əрпінде
жазылған нысан атауларының кириллицаға траслитерацияланбайды
жəне 2,0 % басқа да проблемалар бар деп жауап береді.

Жалпы көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаларды басты мəселе
– қазақ тіліндегі мəтіннің қате жəне мағынасыз аударылуы. Тұпнұсқа
орыс тілінде жасалады, сондықтан да жарнама жасаушы мен ұсы-
нушылардан жарнама тек қазақ тілінде жасалып, кейін қажетті тілге
аударылуын заң жүзінде талап ету қажет. Ұсыныс ретінде, халық ара-
сынан құзыретті органдармен тексеріс жүргізу, орыс тілді жарнама-
ларды алып тастау, орыс тілін тек əкімдіктер мен қоғамдық орындар-
да қазақ тілімен қатар пайдалану қажет дегенді айтуға болады. Со-
нымен қатар, заң бұзушыларға қатысты əкімшілік жазаны қатайту
деген ұсынысты, олардың елемейтіндігін айта кету қажет. Себебі ай-
ыппұл көлемі тым аз.

69

Алматы облысындағы тілдік ахуал

14-диаграмма. ОБЛЫСТАҒЫ КӨРНЕКІ
АҚПАРАТ ПЕН СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ТІЛІ

«Сіз көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамалардың заңға сəй-
кес дұрыс жазылуы үшін қандай шаралар қолдану қажет деп
есептейсіз?» деген сұраққа сауалнамаға жауап бергендер төмендегі-
дей ұсыныстарды растайды:

1. Заң бұзушыларға əкімшілік жазаны қатайту – 19,0 %.
2. Халықты үнемі ақпараттандыру – 11,0 %
3. Тілдерді дамыту басқармасына аталған кемшіліктерді реттейтін
құзыреттілік беру – 23,0 %.
4. Айыппұл көлемін ұлғайту – 5,0 %.
5. Жарнама жасаушылар мен таратушыларға түсіндірме жұмыста-
рын жүргізу – 9,0 %.
6. Арнайы веб-сайт ашу – 5,0%.
7. Көмекші əдістемелік құралдар шығару (сөздіктер)- 9,0%.
8. Қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу – 19,0%.

70

Алматы облысындағы тілдік ахуал

15-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҢА ҚАЗАҚ ЖАУЫНА
КӨЗҚАРАСЫ

«Қазақ тілін латын əліпбиіне ауыстыру бойынша бастаманы
қолдайсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 64,0% қолдаймыз,
34,0 % қарсымыз жəне қалған 2,0% жауап беруге қиналатындықта-
рын айтады.

Қазақ тілін латын əліпбиіне ауыстыру бастамасы халық арасында
кеңінен қолдау тапты. Оның ішінде жастар жағы белсенді болды,
орта жас пен егде жас арасындағы адамдар бұл бастамаға сенімсізді-
гін білдірді. Ең біріншіден, бұл – ақшаның зая кетуі, одан үйреніп
қалған əліпбиді қалдыру керек екендігін, бұл бастманың пайдасынан
гөрі, шығын алып келетіндігін айтады. Ал бастаманы қолдаушылар,
бұл - ешкімге ұқсамайтын өз жаңа төл əліпбиімізді жасау мүмкіндігі,
бағдаралама тілінің жеңілдеуі, саяси астар да бар екендігін айтып
жатты. Өзге ұлт өкілдері, онсыз да үйрене алмай жүрген қазақ тілін,
тіпті үйрене алмаймыз дегенді алға тартады.

16-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҢА ҚАЗАҚ ЖАУЫНА
КӨЗҚАРАСЫ

«Сіздің пікіріңізше, латын əліпбиіне қиындықсыз ауысу үшін
қандай шаралар жүргізілуі қажет?» деген сұраққа респондент-
тердің 25,0 % төл дыбыстарға негізделген əліпби мен емле жасау ке-
рек десе, 5,0 % əліпбиге кірме дыбыстарды да енгізіп, емлесін жасау

71

Алматы облысындағы тілдік ахуал

керек, 11,0 % латын əліпбиінде тегін оқытатын курстар ашу қажет,
12,0 % латын əліпбиіне орыс жəне еліміздегі басқа да тілдерді толық
ауыстыру керек, 12,0 % 2025 жылға дейін əдебиеттің негізгі ауқы-
мын латын əліпбиіне аударылып болуы тиіс, 13,0 % ауысуды ке-
зең-кезеңімен жүргізілуі керек, 20,0 % техникалық жабдықтардың
(компьютер, ұялы телефон жəне т.б. ) тілдерін латын əліпбиінде
шығаруды қолға алған жөн деген жауаптарды таңдаса, 2,0 % респон-
дент өз жауаптарын ұсынаған.

Латын əліпбиіне көшу – қиын, əрі ұзақ процесс екендігі анық. Ла-
тын əліпбиіне көшу барасында өз төл дыбыстарымыз бен əріп-
терімізді басты назарға алу қажеттігін айтылады. Ал осы процестің
қиындықтарсыз өтуі үшін – латын əліпбиіне қатысты тегін курстар-
ды қазірден бастап ашу, латын əліпбиіне еліміздегі басқа тілдерді де
ауыстыру керектігі айтылды. Ал жастар жағы техникалық жаб-
дықтарды латын əліпбиіне ең біріншіден ыңғайлау керектігін айтты.
Себебі, қазір тұрмыста барлық адамдар, студенттер, оқушылар теле-
фондар мен гаджеттерді пайланады. Осы телефондар мен гаджет-
тарға латын əліпбиіне негізделген бағдарлама тілін жасап, адамдар-
дың көзін үйрете беру қажет. Осылайша, біз 2025 жылға дейін латын

72

Алматы облысындағы тілдік ахуал

əліпбиіне біртіндеп көше бастаймыз.
Адамдар арасында латын əліпбиін тез жəне ат-үсті енгізіп жатыр,

бұл мəселеге кезең-кезеңме, асықпай көшу керек деп жатқандар да
бар. Себебі, ат-үст көшкен жағдайда, көптеген қиындықтар мен мəсе-
лелерге тап болуы ғажап емес.

17-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮШТІЛДІЛІККЕ КӨЗҚА-
РАСЫ

«Көше, даңғыл, елді мекен атауларының үш тілде жазылуына
қалай қарайсыз?» деген сұраққа респонденттердің 69,0 % оң қарай-
мын десе, 31,0 % келіспеймін деген жауапты таңдаған.

Көше мен даңғылдардың үш тілде жазылуын оң қабылдайтындар
өте көп. Себебі, олар қазақстанда 130-ға жуық тарта ұлт тұратын-
дығын атап өтті. Ал теріс қарайтындар, мемлекеттік тіл – қазақ тілі
болғандықтан, тек қазақ тілінде жазылуы тиіс дейді. Елдімекендер
мен көшелердің орыс тілінде жазуды қою керек, себебі бұл – ешқан-
дай заңнамада жазылмайды дейтіндер де бар.

18-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИ-
ЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІРІ

«Терминдердің қазақ тіліне аударылуына қаншалықты
көңіліңіз толады?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың
30,0 % толығымен көңілім толады десе, 40,0 % ішінара көңілім то-

73

Алматы облысындағы тілдік ахуал

лады, 25,0 % мүлдем көңілім толмайды дейді, ал 5,0 % жауап беруге
қиналады.

Зерттеушілердің ортақ тұжырымына тоқталсақ, термин – арнайы
(ғылыми, техникалық, əскери, медициналық, географиялық т. б) ма-
мандық саласына қатысты туындаған сөздер мен сөз тіркестері.
Ғылыми техника, өнер, қоғамдық өмір саласындағы белгілі түсінікті
дəл белгілейтін сөздер мен сөз тіркесі. Ешқандай түсіндіруге келмей-
тін қалыпты, мағыналық қолданысы шектеулі сөздер. Аудармаға ар-
налған мəтінде термин əрқашан аудармада жеке шешімді талап етеді,
сондай-ақ аударма бірлігі болып табылады.

Терминология – өндіріс қызмет саласындағы терминдер туралы
білім жиынтығы. Терминдерді аудару – аударманың ең қиын түрі.
Оған балама табу да үлкен білімділікті талап етеді. Əдетте терминдер
арнайы ғылыми, техникалық, өндірістік т.б. салалар түрлерінде қол-
данылады. Арнайы заттарды белгілеуге жəне арнайы ұғымдарды дəл
жеткізуге қолданылатын немесе басқа тілден кіріккен сөздер. Олар
негізінен ақпаратты барынша дəл жəне мейілінше нақты жеткізудегі
тілдегі ізденіс нəтижесі.

Терминология аудармашыдан тек қана шетел терминологиясын
жақсы білумен бірге, соған баламалы ұлттық ұғымдарды іздестіріп,
оны тілде орынды, дұрыс пайдалануға дағдыландырады. Ұлттық тіл-
дің бай сөздік қорын жете меңгеру термин аудармасының сапалы
дəрежеде жасалуына жəрдемдеседі. Термин аудармасының қиын-
дығы сан-салалы ғылым мен техниканың арнайы материалдарынан
тұрады. Негізгі аудармашылық мақсат терминге дəл, дұрыс балама
табу немесе қалыптасқан халықаралық термин болса, сол күйінде қа-
растыра отырып, оның мағыналық сипатын түсіндіру.

Термин ереже бойынша, басқа тілде де соған сəйкес терминмен
аударылады. Сондықтан да ұқсастық, синонимдік ауыстыру, сипатта-
малы аударма тек қана аудармаға арналған сəйкес терминдер тілде
жоқ жағдайда жасалады. Дəл жəне анық семантикалық сипаттағы бір
мағыналы терминдермен бірге көпмағыналы терминдер де болады.
Бір сыңарлы терминдердің көпмағыналылығы оларды түсіну жəне
аудару қиындығын тудырады, ал оған балама табу толығымен алған-
да контекст жағдайына байланысты.

Халық арасында, терминдерді аударуға қатысты ойлар екіге жа-
рылды, бірі аударылғаны дұрыс десе, енді бірі халықаралық термин-
дерді аударып қажеті жоқ дейді. Тіпті кейбірі ел президенті Н. Назар-

74

Алматы облысындағы тілдік ахуал

баевтың мына сөзін де мысалға келітіріп айтты: «Тəуелсіздігіміздің
алғашқы жылдары ғалымдарымыз, жалпы біздің халық бір жаңа-
лықты көріп қалса, бірден ұрандатып кететін. Шетелдің жəне оры-
стардың сөздерінен құтылғымыз келді. Барлық аударманы жасадық.
Айтуға ұяласың», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда Мемле-
кет басшысы бірнеше мысал келтірді. «Процент» сөзін түркі тілдес
сөзге емес, керісінше, парсы тіліне аудардық - «пайыз» деп. Мен мұ-
нымен келіспеймін. (. . .) Маған марқұм Еркеғали Рахмадиев былай
дейтін: «Мен композитор болдым, кейін «сазгер» болдым. Компози-
тор, пианино сөздерінің несі жаман? Бұлар халықаралық сөздер ғой.
Пианино сөзін «күй сандық» деп аудардық. Жалпы, тілімізді байыту
үшін кейбір сөздерді аудардық», - дейді Президент. Сондай-ақ, Нұр-
сұлтан Назарбаев мұндай терминологияны қазақ тіліне аудару мін-
детті емес екенін айтып өтті. «Халықаралық терминдер қазақ тіліне
енсе, ол тек қазақ тілін байытады. Мұнымен қоса, ол сөздердің санын
арттырады», - деді Президент.

19-диаграмма. ОБЛЫС ХАЛҚЫ ЖƏНЕ ТІЛ САЯСАТЫ

«Егер мемлекеттік тілдің қолданылуы қатаң түрде талап етіл-
се, мұны сіз қалай бағалар едіңіз?» деген сұраққа облыс тұрғында-
рының таңдаған жауаптары төмендегідей болды:

1. Шешімін көптен күткен қажетті шара – 56,0%
2. Уақыт өте келе міндетті түрде орындалатын шара – 23,0 %

75

Алматы облысындағы тілдік ахуал

3. Өзге ұлт өкілдерінің құқығы мен бостандығын шектеу – 14,0 %
4. Əртүрлі жауап айтқандар мен жауап беруге қиналғандар – 5,0 %
Мемлекеттік тілді қатаң талап ету – қазақ ұлты арасында жақсы қа-
былданса, басқа ұлт өкілдері бұны өзге ұлттың құқығы мен бостан-
дығын шектеу екендігін айтып өтті. Қазақстандағы басқа ұлттарға
толеранттылықпен қарау еліміздің ең басты құндылықтарының бірі
екендігін өзге ұлт өкілдері баса айтты. Қатаң талап етілгеннің өзінде
де, заңнама аясында жəне де басқа ұлттардың құқығын шектемеген
жағдайда, қолдайтындарын білдірді. Бірнеше адам жауап беруге қи-
налатындарын да жеткізді. Себебі, бұл сұраққа қатысты өз ойлары-
ның əлі жоқтығын атап өтті.

20-диаграмма. ОБЛЫС ХАЛҚЫ ЖƏНЕ ТІЛ САЯСАТЫ

«Сіздіңше, тіл саясатының жүргізілуіне қандай жағдайлар
кері əсерін тигізуде?» деген сұраққа респонденттердің таңдаған жа-
уаптарының нəтижесі мынадай болды:

1. Ұлттық идея мен қазақ тілін оқып үйретуге ынталандырушы
азаматтардың жоқтығы – 24,0%.

2. Азаматтарда Отанға деген патриоттық сезімнің төмен деңгейі
немесе жоқтығы – 25,0 %.

4. Отбасында ата-аналардың балаларымен қазақ тілінде сөйлеспе-
уі – 21,0 %.

76

Алматы облысындағы тілдік ахуал

5. Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану бойынша бағдарлама-
ның əлсіздігі мен тиімсіздігі – 28,0 %.

6. Жауап беруге қиналғандар – 2,0 %.
Көріп отырғанымыздай тіл саясатының дұрыс жүргізілуіне қа-
тысты халық арасындағы ой мен көзқарастар əртүрлі болды. Рес-
понденттердің кейбірі өз арасында қарапайым адамдардың ынтасы
жоқтығын жəне же адамдар арасында еліне, жеріне, тіліне деген па-
триоттық сезімнің белгілі бір деңгейде төмен екендігін атап көрсет-
ті. Ал кейбірі, толықтай мемлекеттің жəне сол мемлекет жүргізіп
отырған саясаттың кесірінен еліміздегі тілдік ахуалдың қиын
жағдайда тұрғандығын айтты. Яғни, бағдарламалардың əлісіздігі,
олардың тиімсіздігі, шенеуніктер арасындағы жемқорлық, осы се-
бептер – еліміздегі тілдік ахуалды қиындатып тұрғандығы екені
анық.

2.3. Қазақ, орыс, ағылшын жəне этникалық тілдерді үйрену-
дің уəждері

Осы ұсынылып отырған жобада біз Алматы облысының тұрғын-
дарының тілдік таңдауын қарау қажет деп есептейміз.

Тілді таңдау мəселесі əлеуметтік лингвистикада жеке индивидқа
байланысты. Бұл мəселеге қараудың түрлі жолдары бар. Бұл зерттеу-
лердің мақсаты біреу ғана, ол: бұл тілді немесе бірнеше мүмкіндік-
терден бір тілдік вариантты таңдап алудың индивидтік себебін түсін-
діру.

Шын мəнінде топтық таңдау жағдайын қарастырған да жөн си-
яқты, яғни қайбір тілді белгілі салада қолданбауды жеке индивид
емес, отбасы, адамдардың тобы немесе тілдік қауым ретінде тұтастай
қабылдаған жағдайда. Бұл таңдау жеке индивидтік таңдауға қараған-
да белгілі бір коммуникативтік жағдай емес, болашақ коммуника-
тивтік жағдайлар түрлеріне немесе осы мезгілде емес, ұзақ мерзімге
бағытталады.

Осы таңдау жеке таңдаулардың қарапайым ғана жиынтығы бола
қоймас, жағдай одан күрделірек болады. Соған қарамастан қол жет-
кен жеке тілдік таңдаудан алынған нəтижелерді ұжым жүйелі түрде
немесе шектеулі көлемдегі жағдайда қатынас құралы ретінде бөтен
тілді таңдау, яғни тілдік ілгері басу кезеңін таңдауға мүмкіндік туады
деп есептеуіміз керек.

77

Алматы облысындағы тілдік ахуал

1968 жылдың өзінде тілдік таңдауға тірелген жеке адамның мо-
дель құлқын зерттеген Саймон Германның еңбегі жарық көрді. Гер-
манн əр адамда кемінде таңдаудың үш критериі бар дейді.

Бұл үш уəж таңдап алу критериінің кейде біреуі, кейде екіншісі
басты болып шығады: сол сəттегі себеп те, түбірі тереңдегі, өткен
уақыттан қалған себеп те болуы мүмкін. Бұл критерийлер:

1. Жеке қажеттілік.
2. Тікелей сөздік-тілдік жағдай.
3. Айналадағы жағдай.
Əрбір коммуникацияда бұл үш талап өзара келісіп те, сөйлеп
тұрған адамның əртүрлі таңдауына қандай да əрекет ете алады. Ол
адам өзі жақсы білетін тілде сенімді сөйлеуі, бұл арада айналадағы-
лар одан басқа тілде тілдесуді де күте алады, бір уақытта ол іштей
түйініп кең əлеуметтік контекстегі топқа да бағыт ұстауы мүмкін, ол
адам қазір осы коммуникацияға қатыспаса да, сөйлеп тұрған адамға
ықпал етуі əбден мүмкін. Бұл арада сөйлеп тұрған адам өзін қайсібір
əлеуметтік топтың мүшесі ретінде қабылдануын қажетсінеді немесе
осы топтан шектеуді де, ия бөліп тастауын да қалауы мүмкін.
Германның осы үш факторына қарай оларды:
1. Прагмативтік уəж.
2. Айналадағын күту уəжі.
3. Өзін-өзі идентификациялау уəжі деп қайта атауға болады.
Алайда бірден ескертіп қойялық: бұл үш уəж көптеген жағдайда бірі-
нен кейін бірі емес, араласып, бірін бірі ілгері басуда алмастырып
тұрады. Кейде əрқайсысын бір-бірінен ажырату да қиынға соғады.
Прагматикалық факторлар – яғни қолайлылық факторы,
адамдар топтық қостілділік жағдайында қалғанда, яғни қостілділік
қауымдастықта тұрақты өмір сүріп жатқанда əрекет етеді. Егер де
осындай жағдайда олардың ана тілі басқа доминантты тілмен «қара-
уына түсіп» өндірістік саладан ығыстырылса, қарапайым тілмен айт-
қанда, негізгі жұмыс орындары екінші бір ана тілді адамдармен
ауыстырылса, онда адамдар жұмысқа орналасу үшін доминантты
тілді үйрену жəне жұмыста сол тілде сөйлеуі қажет. Прагматикалық
фактор екінші тілді таңдап алумен түсіндіріледі.
Əйтсе де прагматикалық факторлар өз тілін қолданбауды да
түсіндіре алады. Тілдік қауымның жеке бөлігі толық түрде жергілік-
ті тілді меңгермеген жағдай қалыптасқан тілдік алмасудың кейінгі
кезеңдерінде, сол адамдар бөлігіне тілдерін жетік білетін адамдар-
мен, олардың қауымымен іс жүзінде қатынастары қолайлы болмай-
ды. Біз бұл жерде «жарты тілдік» немесе өз тілін жартылай ұмытып
қалған адамдардың сөйлесуге ұялатындығын, күлкі-келекеге қалудан

78

Алматы облысындағы тілдік ахуал

қашқақтайтын жағдайларды айтып тұрған жоқпыз. Адамдар доми-
нантты тілді өздеріне қатынас құралы ретінде қолайлы деп тауып
отыр. Ол тілді неғұрлым аз қолданса, соғұрлым ол тілде сөйлесу күр-
делене түседі - лауазымды тілден бас тарту қардың домалақ кесегі
сияқты комақтанып өсе береді.

Прагматикалық уəждің тағы бір варианты күту уəжімен байла-
нысты. Ересек адамдар саналы түрде балаларымен сөйлескісі кел-
мейді, өйткені олардың жаңа əлеуметтік жағдайға енуін жеңілдеткісі
келеді.

Өздерін күту уəжі: Ең алымен, адамды қоршаған орта біртекті
болмайды. Қоршаған орта тілдік тұрғыдан əрқилы - ол ортаға «өз-
дері» де, «бөгделер» де кіреді. Тілдік алмасуға əкеліп соқтыратын
даму үрдісінің кейбір кезеңінде сырттан əкелінген жаңа əлеумет-
тік-экономикалық модель қоғамның құрылымын едəуір өзгертіп жі-
берген жағдай да кездесуі мүмкін. Оларда «инновациялық ошақтар»
пайда болады, қарапайым тілмен айтқанда, басқа адамдар, басқа от-
басылар пайда болады, олар прагматикалық ойлаумен белгілі дəре-
жеде жаңа əлеуметтік жүріп-тұру тəртібін қабылдайды: еуропалық
үлгіде орта, жоғары білім алады, жалданады, «еуропалық əдеттерді»
бойына сіңіреді, киім, тұрғын үй үлгісін, осыдан сайығанда доми-
нанттық тілді меңгеріп алады. Мұндай жағдай Қазақстанда 1940-жыл-
дардың аяғында, 1950-жылдардың басында байқалынды.

Сондай-ақ осы жаңа топтар мен тұрғындардың қалған бөлігі ара-
сында белгілі дəрежеде əлеуметтік шиеленіс пайда болады. «Жаңа топ-
қа» көзқарасы ала-ғұла, қызғанышты, жек көрінішті, негізінен
«төменнен жоғарыға қарай», ал қол жеткен адамдар қандастарына
əлеуметтік-мəдениеттілік дəстүрлерін сақтап келе жатырғандарға
«жоғарыдан төмен» қарайтын болады. Мəңгі келе жатырған «көр-
шілерден жаман болмайық» психологиялық механизмі күш ала түседі,
оған қарамастан бөтен өмір салтын, мəдениеті мен тілін қабылдау:
адамдардың табысының өсуі, үйлерінің ауқатты болуы, балаларының
жақсы киінуі сияқты нақты басымдылыққа қол жеткізе алады. «Сырт-
тан келген келімсектер» де қарым-қатынасында осы кезеңде
кешірімділік пайда болады. Бурыкин осылай жазған (4, 33 стр.).

Осы сипатта топтардық арасында тек əлеуметтік қайшылықтар
ғана емес, сонымен бірге жас айырмашылығы да əсер етеді. Ересек
адамдар өзгерістерге, өзінің мінез-құлқын өзгертуге қасаңдау келеді,
ал ол уақытта жастар керісінше инновациялау, бөтен болмысты тез
қабылдайды. Сондықтан да инновациялық топтарда əрдайым жастар
көп болады, мұның өзі қауымдастықтың дəстүрлі бөлігі мен жастар
топтарының қатынасына қосымша реңк береді.

79

Алматы облысындағы тілдік ахуал

Инновациялық топтарды өмірге əкелген əлеуметтік жəне эконо-
микалық жағдай тұрақты болып қалып отырса, аз уақыттан кейін,
тəжірибе көрсеткендей 25-30 жылдан кейін осы қауым мүшелерінің
басым бөлігі қостілді болып шығады, отбасылық жəне лауазымды
тілдерді сақтайды, ересектермен тілдесуде де, көше тілі де доминант-
ты тілді ресми, өндірістік тіл деп өмірде қолданады.

Əйтсе де, Қазақстанда бұл жағдай тұрақты болған жоқ: қазақтарда
қостілділік кең қанат жайған уақытта- 1950-жылдардың ортасы-ай-
қын əлеуметтік-саяси бетбұрыс пайда болды: бүкіл елдің халқын
«біртұтас кеңес халқына» аударуға идеологиялық қысым жасалды, ал
шын мəнісінде бұл орыстандыру болатын. Қазақстанға сырттан кел-
гендер ағыны белең алды, өз қандастарының алдындағы бедел-
ділік уəжі доминантты тілді негізгі ана тілімен қатар үйрену тегеу-
рінде, қуатты, агрессивтік сыртқы бедел толқынымен шайылып кет-
ті, өз тілі мен мəдениетін ұмыта бастады.

1950-жылдары қалыптасқан мəдени таразы басын теңестірудегі
қостілділік жағдайы орныға алмай дəстүрлі мəдениеті мен тілдегі іл-
гері басушылықтан бас тартуға ығысу басталды. Бұл үрдіске
«өзіміздің» көзімен алғанда прагматикалық уəж бен беделділік уəжі
де, сонымен қатар «бөтендер көзіндегі» беделділік уəжі теріс ықпа-
лын тигізді. Ата-аналар балаларын «ана тілін өзі онсыз да біледі»,
орыс тілі қажетті деп лауазымды тілді меңгеруге бой ұрды, олар өз-
дерінің бастарынан кешкен кемсітушілікті, теріс тəжірибені балала-
рының басына қайталатпау үшін осынған барды.

Өзін-өзі идентификациялау уəжі
Прагматикалық уəждің сырттан қысымы жағдайында - «бөтен тіл-
де көптеген жағдайда отбасынан тыс жерде айту ыңғайлы - одан кей-
ін күту дəрежесі – «менен бөтен тілде сөйлеуді күтіп отыр ғой, əйтпе-
се маған «өзіміз» де, «бөтендер» де жоғарыдан менсінбей қарайды»
- жекелеген тіл тұтынушылары мəселені шорт шешіп тастағысы кел-
се, қолайсыз жағдайда тұрған этникалық топтан оқшауланып жəне
«жеңімпаз» топқа қосылады. Яғни басқаша айтқанда, идентизмін
жоғалтады. Идентизмнің басты белгілерінің бірі - тіл. Сол себепті
идентизмді өзгерту жергілікті тілді қолданудан бас тартуға əкеп
соқтырады.
Егер осы уəж өзінің құқығына енсе, ересектер, біріншіден, өздері
лауазымды тілде сөйлемейді, екіншіден, еш жағдайда ол тілде бала-
ларын сөйлетпейді. Балалар «өзгелерге» ұмтылып, лауазымды тілді
үйренуден бас тартады жəне ол тілді егде адамдармен сөйлеспейді,
ал егде адамдар жас ұрпаққа ол тілді меңгерте алар еді. Лауазымды
тіл бұл жағдайда жоғалып кетеді.

80

Алматы облысындағы тілдік ахуал

Біздің сауалнамамызға жауап берген респонденттердің басым
көпшілігі мемлекеттік тілді білу жəне меңгеру қажеттілігін атап көр-
сетті. Зерттеу барысында төмендегідей прагматикалық факторлар ай-
қындалды: Мысалы, «Сіз мына тілдерді қандай деңгейде меңгер-
генсіз?» деген сұраққа респонденттердің 75,0 ℅ қазақ тілін еркін
меңгергенмін деп жауап берсе, респонденттердің 80 ℅ орыс тілін
еркін білетінін, сондай-ақ 15% ағылшын тілін еркін меңгергендерін
көрсеткен (қараңыз: 6-диаграмма. Тұрғындардың тілдерді меңгеру
деңгейлері).

Ал «Күнделікті өмірде қай тілге артықшылық беретініңізді
көрсетіңіз» деген сауалға тұрғыдардың жауабын қарасақ, қазақ
тілінің қолданыс асясы жұмыс барысындағы қызметте, білім беру
мекемелерінде, отбасындағы қарым-қатынаста, достарымен жəне та-
ныстарымен болатын сөйлесулерде, бос уақытын өткізуге арнал,ан
орындарда, қоғамдық орындарда, БАҚ пен көркем əдебиетті оқуда,
ісқағаздарын жүргізуде өзге тілдерден (орыс тілінен) басымдылыққа
ие болса, ғылыми əдебиеттерді пайдалануда, интернетті қолдануда,
сондай-ақ əртүрлі əуестіктерде орыс тілінің артықшылығы байқала-
ды. (қараңыз: 7-диаграмма Тұрғындардың күнделікті өмірде ар-
тықшылық беретін тілі). Мұнан шығатын қорытынды қазақ тілін
үйрену жəне білудің негізгі уəждері прагматикалық жəне күту уəж-
дері болып табылады деуге болады. Тілдік ахуалдың қазақ тілінің
пайдасына қарай өзгеруі қазақ тілін үйренудің негізінде прагматика-
лық жағдайлар жатқандығын көрсетеді. Осылайынша, жұмыс бары-
сында, қызмет бабында, яғни ұжымда қазақ тіліның қолданысы
60,0℅ асып келеді (қараңыз: 8-диаграмма. Ұжымда жиі қолданыла-
тын тіл).

Көріп отырғанымыздай Алматы облысының тұрғындары мемле-
кеттік тілді қажеттілік болатынын сезе отырп үйреніп жатыр жəне
үйренуге дайын.

Тілдік ахуалдың динамикалық өзгеруінің маңызды көрсеткіші бо-
лып тілдерді үйрену табылады. Алматы облысы аудандарының
тұрғындары тілдерге қызығушылық танытады. Əрбір ауданда да
ақпарат берушілер қазіргі уақытта тілдерді үйренудеміз деп көрсетті.
Аудандарда село халқы басым болғандықтан тілдерді зерттеу статис-
тикасы селолық аудандарда тілдердің алуандылығын жəне тілдерді
үйренудегі сапалы жақсартуға бағытталуда, обьективті себептерге
сəйкес қалалармен салыстырғанда тіл білімі үшін мүмкіндіктер аз.
Өйткені тілді меңгеру нəтижесін ұзақ уақыт күтетін процесс.

81

Алматы облысындағы тілдік ахуал

ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы облысында жүргізілген кең көлемді əлеуметтік-лингви-
стикалық зерттеу оның 3 қаласы мен 17 аудандағы қазақтарды,
орыстарды, түрлі этностардың өкілдерін қамтыды, 2018жылғы тіл-
дік ахуалға көз жеткізді жəне алдағы уақытта тілдерді дамыту мен
қолдану бағдарламаларын жүзеге асырудағы жетістіктерді анықта-
ды.
Елбасы Н. Ə. Назарбаев: «Біз барлық қазақстандықтарды бірік-
тіретін басты фактор ретінде қазақ тілін одан əрі дамыту үшін бар
күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Жəне осы уақытта елде мекен-
деген барлық этностардың өкілдері өздерінің ана тілдерінде сөйле-
уіне жəне оның дамуына қолайлы жағдайлар жасауымыз қажет» ,-
дейді.
Алматы облысындағы тілдік ахуалды екі басым тілі бар (қазақ тілі
- мемлекеттік, орыс тілі – қазақ тілімен ресими түрде тең қолданыла-
тын қатынас тілі) көптілді деп сипаттауға болады. Респонденттердің
басым көпшілігі Алматы облысында мемлекеттік тілді меңгеру үшін
барлық жағдайлар жасалған деп есептейді.
Алматы облысында шын мəнісінде билингвизм қалыптасқан
екендігі күмəн келтірмейді. Біздің зерттеуіміз жаппай қазақ-орыс
билингвизмімен қатар əлі де күшті болмағанымен ағылшын тілі
компонентімен орыс-қазақ билингвизмін, этникалық-қазақ би-
лингвизмін де дамыту алға қойылып отыр. Соңғы халық санағы-
ның мəліметінде облыс тұрғындарының 15 жас жəне одан жоғары
жастағыларының 1 131 094-і (83,7 %) қазақ тілін ауызша түсі-
немін, 981 202-і (72,6 %) еркін оқи аламын жəне 939 180-і (69,5 %)
еркін жаза аламын деп көрсетеді. Оның ішінде қазақтардың 97,1
пайызы өз тілін ауызша түсініп, сөйлей алады, 94,6 пайызы еркін
оқиды жəне 92,3 пайызы еркін жаза алады.
Алматы облысы тұрғындарының қоғамдық өмірдің негізгі салала-
рында мемлекеттік тілдің қажетсіну деңгейі 65,0℅.
Қазақ тілінің қолданыс аясы жоғарыда талданған 7-диаграммадан
көрініп тұрғандай жұмыс барысындағы қызметте, білім беру меке-
мелерінде, отбасындағы қарым-қатынаста, достарымен жəне таны-
старымен болатын сөйлесулерде, бос уақытын өткізуге арналған
орындарда, қоғамдық орындарда, БАҚ пен көркем əдебиетті оқуда,
ісқағаздарын жүргізуде өзге тілдерден (орыс тілінен) басымдылыққа
ие болып отыр. Десек те қазақ тілінің функцияларының кеңейю əле-
уеті туралы көбінесе оның ресми емес салаларда: отбасында, көр-

82

Алматы облысындағы тілдік ахуал

шілер мен достармен қолданысы көрсетеді. Отбасы, көршілер мен
достармен қолданыспен салыстырғанда қазақ тілінің мемлекеттік
емес секторда ғылыми əдебиеттер мен интернетті пайдалануда бел-
сенділігі жеткілікті емес. Оны өндірістік ұжымдардың интернацио-
налдық құрамымен түсіндіре аламыз. Жұмыста қазақ тілі белсенді
қолданылуда, бірақ əңгімелесе білу стилі үміт күтерлік фактор. Тіл
білуді жетілдіре түсуге негіз бар.

Қазақ тілінің қолданылуын кеңейюі жас ұрпақтың тілдік қатына-
сынан байқалады. Қазақ тілін қолдануда информанттардың 70℅ 18-
40 жастағы жастар. Жас ұрпақтың тілді меңгеруі оның əрекеттілігін
нығайта түсуде. Бұл халықтың мемлекеттік тілдің пайдасына қарай
тілдік ахуалдың өзгерісіне ықпал ететін фактор. Респонденттердің
басым көпшілігінде прагматикалық уəж, сондай ақ қазақ тілін меңге-
рудегі күту уəжі. Олар оны қажетті жоғары деңгейде меңгеруге итер-
мелейді.

Алматы облысы тұрғындарының басым көпшілігі белгілі бір
қиындықсыз ісқағаздар мен келіссөздерді жүргізе алады, қазақ тілін
мүлдем білмейтіндерге аудармашы бола алады, түрлі тақырыптарға
əңгімелесе алады, қиындықсыз күрделі емес тақырыптарға, мысалы,
дүкен қай жерде, қандай көлікпен баруға болады, т.б. баяндап, жөн
сілтей алады, аса қиындықсыз кез келген тақырыпта ойын жеткізе
алады жəне өз, туыстары жөнінде əңгімелесе алады.

Мемлекеттік тіл саясаты жетістіктерін Алматы облысының əр ау-
данындардағы қазақ тілінде сөйлеушілердің санының этникалық қа-
зақтарға қарағанда көп екендігі дəлелдейді. Бұл басқа ұлттар өкіл-
дерінің қазақ тілін қолданатындығын көрсетеді. Жоғарыда көрсетіл-
гендей, бұл үрдіс аудандарда ғана емес, қалада да байқалады.

Қазақ тілі барлық коммуникацияда: баспасөз, радио, теледидарда
қажетті тіл. Респонденттердің басым көпшілігі Алматы облысында
мемлекеттік тілдің ортасы кеңейе түсті деп есептейді. Қазақ-ұлттық
қостіліділігін дамыту жөніндегі оң жорамал жасауға төмендегі көр-
сеткіштер дəлел:

1. Түрлі мақсаттарда қазақ тілін қолданушы информанттардың
үлесі көп.

2. Қазақ тілін меңгермегендердің оны меңгеруге құлшынысы. Бұл
жөнінде қазақ тілін жақын арада үйренуге ұмтылып отырған жəне
үйреніп жүрген адамдардың саны дəлел.

3. Қазақ тілінде тек қызметтік мақсатта ғана емес ақпарат алу, сон-
дай ақ өндірістік қажеттілікпен байланысты ақпараттар легі.

Алайда жорамалдаудың оңдығына қарамастан шынайы болған
дұрыс. Қазақ тілінде де ісқағаздарын жүргізе алатындар жеткілікті
емес. Тілдік ахуалды өзгерту ұзақ уақыт алатын үрдіс.

83

Алматы облысындағы тілдік ахуал

Респонденттердің басым көпшілігі үшін этникалық тіл маңызды.
Алынған нəтижелер қорытындысына қарағанда орыстілді қазақтар-
дың басым көпшілігі ана тілім - қазақ тілі деп есептейді.

Барлық сұралған татар, белорус, орыс, шешен, болгар, неміс жəне
украиндықтар өз этносының тілін ана тілім деп санайды. Тек аздаған
украиндықтардың, кəрістердің, немістердің, болгарлардың, шешен-
дердің, поляктардың пікірінше ана тілі – орыс тілі деп санайды. Ана
тілі респонденттердің бірден бір сөйлесетін тілі емес екендігін атап
көрсетуіміз керек.

Қазақтардың, өзге этнос өкілдерінің көпшілігі үшін ана тілі бұл
балалық шақта жəне ата аналардың игерген тілі. Тек олардың болым-
сыз бөлігі ана тілім жақсы меңгерген тіл деп есептейді.

Респонденттердің жартысынан көбі ана тілін отбасылық қатынас-
та қолданады. Респонденттердің үштен бір бөлігінен артықтау отба-
сында сирек сөйлейді. Алынған деректерге қарағанда басқа этносара-
лық этникалық тілде хабарлар қарауы мен радио тыңдауы көп емес.
Респонденттердің басым көпшілігі этникалық тілде хабарлар тыңда-
майды жəне көрмейді.

Ал енді Алматы облысы тұрғындарының орыс тілін меңгеру дең-
гейіне келер болсақ, соңғы 2009 жылғы халық санағының мəліметін-
де облыс халқының 15 жас жəне одан жоғары жастағыларының (бар-
лығы 1 351 044 адам) 91,6 % орыс тілін ауызша түсінемін десе, соның
ішінде еркін оқимын дегені – 84,3 %, оның ішінде 80,5 % орыс тілін-
де еркін жаза аламын деп көрсетеді.

Соңғы санақ мəліметінде ағылшын тілін облыс халқының 14,0 %
ауызша түсінемін десе, соның 8,7 % еркін оқи аламын, 6,7 % еркін
жаза аламын деп көрсеткен. Мұны жекелеген этностар бойынша тал-
дап көрсетер болсақ, ағылшын тілін меңгеруге ден қойған облыстағы
диаспоралар қатарына литвалықтарды (23,5 %), еврейлерді (19,7),
болгарларды (18,1 %), қырым татарларын (17,5 %), башқұрттарды
(17,2 %), грузиндерді (17,1 %), сондай-ақ кəрістерді (15,6 %), татар-
ларды (13,6 %), ұйғырларды (13,1 %), орыстарды (11,1 %), украин-
дарды (9,3 %) айтуға болады.

Қазақтардың арасында ағылшын тілін ауызша түсінемін деген –
15,3 % болса, соның 9,8 % еркін оқи аламын, 7,6 % еркін жаза ала-
мын деп көрсеткен.

Тұтастай алғанда Алматы облысының тұрғындары облыстағы
ономастикалық жəне терминологиялық жұмыстық жайына қанағат-
танады.

Облыстағы ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша көрнекі ақпарат
пен жарнамалардың біразы орысша берілетіндігін мойындау қажет,
тіпті қазақ тілінде берілгенннің өзінде, оның түпнұсқасы – орыс

84

Алматы облысындағы тілдік ахуал

тілінде жасалып, кейін шала-пала қазақ тіліне аударылатынын, сол
аударманы сапасыз аудармашыларға аудартып, халыққа ұсынатын-
дығын мойындауымыз керек. Бұл, біріншіден – жауапкершілік мəсе-
лесі. Жазаның қатаң болмауы себебінен олар жауапкершіліктен қо-
рықпайды. Сондықтан да, осы мəселеге қатысты заңнаманы күшей-
тіп, құызретті органдарға тексерістерді жиілету қажет.

Жалпы көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаларды басты мəселе
– қазақ тіліндегі мəтіннің қате жəне мағынасыз аударылуы. Тұпнұсқа
орыс тілінде жасалады, сондықтан да жарнама жасаушы мен ұсы-
нушылардан жарнама тек қазақ тілінде жасалып, кейін қажетті тілге
аударылуын заң жүзінде талап ету қажет. Ұсыныс ретінде, халық ара-
сынан құзыретті органдармен тексеріс жүргізу, орыс тілді жарнама-
ларды алып тастау, орыс тілін тек əкімдіктер мен қоғамдық орындар-
да қазақ тілімен қатар пайдалану қажет дегенді айтуға болады. Со-
нымен қатар, заң бұзушыларға қатысты əкімшілік жазаны қатайту
деген ұсынысты, олардың елемейтіндігін айта кету қажет. Себебі ай-
ыппұл көлемі тым аз.

Қазақ тілін латын əліпбиіне ауыстыру бастамасы халық арасында
кеңінен қолдау тапты. Оның ішінде жастар жағы белсенді болды,
орта жас пен егде жас арасындағы адамдар бұл бастамаға сенімсізді-
гін білдірді. Ең біріншіден, бұл – ақшаның зая кетуі, одан үйреніп
қалған əліпбиді қалдыру керек екендігін, бұл бастманың пайдасынан
гөрі, шыған алып келетіндігін айтады. Ал бастаманы қолдаушылар,
бұл - ешкімге ұқсамайтын өз жаңа төл əліпбиімізді жасау мүмкіндігі,
бағдаралама тілінің жеңілдеуі, саяси астар да бар екендігін айтып
жатты. Өзге ұлт өкілдері, онсыз да үйрене алмай жүрген қазақ тілін,
тіпті үйрене алмаймыз дегенді алға тартады.

Көше мен даңғылдардың үш тілде жазылуын оң қабылдайтындар
өте көп. Себебі, олар қазақстанда 130-ға жуық тарта ұлт тұратын-
дығын атап өтті. Ал теріс қарайтындар, мемлекеттік тіл – қазақ тілі
болғандықтан, тек қазақ тілінде жазылуы тиіс дейді. Елдімекендер
мен көшелердің орыс тілінде жазуды қою керек, себебі бұл – ешқан-
дай заңнамада жазылмайды дейтіндер де бар.

Мемлекеттік тілді қатаң талап ету қазақ ұлты арасында жақсы қа-
былданса, басқа ұлт өкілдері бұны өзге ұлттың құқығы мен бостан-
дығын шектеу екендігін айтып өтті. Қазақстандағы басқа ұлттарға
толеранттылықпен қарау еліміздің ең басты құндылықтарының бірі
екендігін өзге ұлт өкілдері баса айтты. Қатаң талап етілгеннің өзінде
де, заңнама аясында жəне де басқа ұлттардың құқығын шектемеген
жағдайда, қолдайтындарын білдірді. Бірнеше адам жауап беруге қи-
налатындарын да жеткізді. Себебі, бұл сұраққа қатысты өз ойлары-
ның əлі жоқтығын атап өтті.

85

Алматы облысындағы тілдік ахуал

Көріп отырғанымыздай тіл саясатының дұрыс жүргізілуіне қа-
тысты халық арасындағы ой мен көзқарастар əртүрлі болды. Ре-
спонденттердің кейбірі өз арасында қарапайым адамдардың ынта-
сы жоқтығын жəне же адамдар арасында еліне, жеріне, тіліне деген
патриоттық сезімнің белгілі бір деңгейде төмен екендігін атап көр-
сетті. Ал кейбірі, толықтай мемлекеттің жəне сол мемлекет жүр-
гізіп отырған саясаттың кесірінен еліміздегі тілдік ахуалдың қиын
жағдайда тұрғандығын айтты. Яғни, бағдарламалардың əлісіздігі,
олардың тиімсіздігі, шенеуніктер арасындағы жемқорлық, осы се-
бептер – еліміздегі тілдік ахуалды қиындатып тұрғандығы анық.

Тəуелсіз Қазақстанда тіл мəселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп
келеді. Өйткені тіл - біздің ана тіліміз - Туымыз, Елтаңбамыз, Əнұра-
нымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып са-
налады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сəйкес Қа-
зақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілі –
батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін
тілдер – қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қара-
шай, балқар, құмық жəне тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік əде-
би, ғылыми жəне саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.

Қазақ тілін дамыту – еліміздің стратегиялық бағыты болып табы-
лады.

Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру
мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алматы облы-
сында тұратын таза ниетті əрбір азамат, мемлекеттік қазақ тілін өзіне
тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. Елбасымыз айтқандай, «Қа-
зақстанның болашағы- қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

86

Алматы облысындағы тілдік ахуал

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Алматы облысындағы тілдік ахуал (əлеуметтік жəне аналитика-
лық зерттеу). –Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012.
2. Мечковская Н. Б. Общее языкознание. Структурная и социаль-
ная типология языков. Учебное пособие для студентов филологиче-
ских и лингвистических специальностей. – 2 изд. – Москва: Наука,
2001.
3. Чернышев В. А. Факторы складывания и изменения языковой
ситуации // Проблемы изучения языковой ситуации в странах Азии
и северной Африки. – Москва: Наука, 1970.
4. Словарь социолингвистических терминов. – Издание 2-е, до-
полненное и переработанное / Э. Д Сулейменова, Н. Ж. Шаймер-
денова, Ж. С. Смагулова, Д. Х. Аканова. Отв. ред Э. Д. Сулеймено-
ва. –Алматы: Қазақ университеті, 2007. –330 с.
5. Сулейменова Э. Д. Макросоциолингвистика. –Алматы: Қазақ
университеті, 2011. – 404 с.
6. Алматинская область. Итоги Национальной переписи населе-
ния Республики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сбор-
ник. /Под ред. Смаилова А. А. / Астана, 2011. -162 с.
7. Алтынбекова О. Б. Этноязыковые процессы в Казахстане. Мо-
нография. -Алматы: Экономика, 2006. – 416 С.
8. Хасанулы Б. Языки народов Казахстана: от молчания к страте-
гии развития (социопсихолингвистические аспекты). - Алматы: Арда,
2007. -384с.
9. Хасанұлы Б. Ана тілі - Атамұра. - Алматы: Жазушы, 1992, - 169 б.

87

Алматы облысындағы тілдік ахуал

Облыс тұрғындарының мемлекеттік тіл саясаты бойынша
атқарылып жатқан жұмыстарға көзқарастарын анықтау

мақсатында жүргізілген сауалнама үлгісі

Мемлекеттік тілді дамыту Сауалнама № ___________

институты Аудан (қала) ___________

«___» ______________ 2018 жыл

ҚҰРМЕТТІ РЕСПОНДЕНТ!
Мемлекеттік тілді дамыту институты «Алматы облысы тілдерді
дамыту басқармасы» ММ тапсырысы бойынша Алматы облы-
сытұрғындарының тілдерді меңгеруі деңгейін анықтау, қазақ əліп-
биін латын графикасына көшіру бойынша пікірлерін білу жəне өңір-
дегі тілдік ахуалды талдау үшін əлеуметтік лингвистикалық зерттеу
жүргізуде. Зерттеу нəтижелері Қазақстандағы барлық этностардың
тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тілдің ұлттық бірлікті сақтау-
дың ең маңызды факторы ретінде толық көлемде қолданылуын
қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты жөнінде кеңестер мен
іс-əрекеттер жоспарын əзірлеуге мүмкіндік береді.
Бұл сауалнама анонимді түрде (яғни сұраққа жауап берушінің
аты-жөнін көрсетусіз) жүргізіліп жатқанына назарыңызды аудара-
мыз.
Сіздің пікіріңізге барынша сəйкес келетін нұсқаны құс белгімен
(v), шеңбермен (0) немесе қосу белгісімен (+) белгілеу арқылы төмен-
дегі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз. Егер ұсынылған жауаптар-
дың ішінде Сізге барынша анық жəне əділетті болып көрінетіні та-
былмаса, өз жауабыңыздың нұсқасын арнайы жолдарға жазуыңызға
болады.

Сауалнамаға қатысқаныңыз үшiн алдын-ала алғыс бiлдiремiз!

**********************************************************

88

Алматы облысындағы тілдік ахуал

1. СІЗ МЫНА ТІЛДЕРДІ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ МЕҢГЕР-
ГЕНСІЗ?(ƏР ҚАТАР БОЙЫНША БІР ЖАУАП)

Еркін Оқып, сөйлесе Түсінемін,
аламын, бірақ бірақ Мүлде
Тілдер меңгергенмін жаза сөйлесе білмеймін

алмаймын алмаймын

Қазақ

Орыс

Ағылшын

Үш тілді қатар
(қазақ, орыс,
ағылшын)

2. КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ ҚАЙ ТІЛГЕ АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕ-
РЕТІНІҢІЗДІ КӨРСЕТІҢІЗ(ƏР ҚАТАР БОЙЫНША БІР ЖАУАП):

Қолданысаясы Қазақ Орыс Ағылшын Басқа
тілі тілі тілі тіл:_____

Жұмыс, қызмет

Білім беру мекемесі

Отбасындағы қарым-
қатынас

Достармен, таныстар мен
қарым-қатынас

Бос уақытты өткізуге
арналған қоғамдық орындар:
кинотеатрлар, кафе-
мейрамханалар, театрлар,
клубтар, үйірмелер

Қоғамдық орындар:
базарлар, дүкендер, халыққа
қызмет көрсету орындары,
қоғамдық көлік

Газет-журнал оқу,
телебағдарламаларды көру

Көркем əдебиетті оқу

Ғылыми əдебиетті оқу

Ісқағаздарын жүргізу

Интернет

Əуестіктер

89

Алматы облысындағы тілдік ахуал

3. СІЗДІҢ ЖҰМЫС ҰЖЫМЫҢЫЗДА ЕҢ ЖИІ ҚОЛДАНЫ-
ЛАТЫН ҚАЙ ТІЛ?

1. Қазақ тілі
2. Орыс тілі
3. Ағылшын тілі
4. Басқа тіл: ___________________________ __________________

4. СОҢҒЫ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ТІЛДІК АХУАЛДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Оң өзгерістер болды
2. Аайтарлықтай өзгеріс жоқ
3. Мүлдем өзгеріс болған жоқ
4. Ахуал нашарлады

5. СІЗ АУДАНЫҢЫЗДА (ҚАЛА) ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚАНАҒАТТАНАСЫЗ
БА?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Толық қанағаттанамын
2. Қанағаттанамын деуге болады
3. Қанағаттанбаймын деуге болады
4. Қанағаттанбаймын
5. Басқа (жазыңыз)_______________________________________

6. СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДА-
НЫСҚА ТОЛЫҒЫМЕН ЕНГІЗУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРАЛАР
ҚАЖЕТ? (2 ЖАУАПҚА ДЕЙІН ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ)

1. Басшылардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі жəне олардың
оң көзқарасы қажет

2. Əрқайсымыз мемлекеттік тілді дамытуға деген жауаптылықты
сезіне білуіміз қажет

3. Балабақшада, мектепте қазақ тілінің оқытылуына баса көңіл
бөлінуі қажет

4. Іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді кеңінен қолдануы-
мыз қажет

5. Тіл туралы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет
6. Қазақтілді интернет аясын кеңейту керек
7. Басқа (жазыңыз)________________________________________

7. ӨЗІҢІЗ ТҰРАТЫН АУДАНДАҒЫ (ҚАЛА) КӨРНЕКІ АҚПА-
РАТ ПЕН СЫРТҚЫ ЖАРНАМАДА ҚАЙ ТІЛ БАСЫМ? (ТЕК БІР
ЖАУАП)

1. Қазақ тілі

90

Алматы облысындағы тілдік ахуал

2. Қазақ жəне орыс тілдері
3. Орыс тілі
4. Орыс жəне ағылшын тілдері
5. Қазақ жəне ағылшын тілдері
6. Ағылшын тілі
7. Басқа (жазыңыз)_______________________________________
8. СІЗДІҢШЕ, АУДАНЫҢЫЗДАҒЫ КӨРНЕКІ АҚПАРАТ
ПЕН СЫРТҚЫ ЖАРНАМАЛАРДА ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМАЛАР
ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ?(2 ЖАУАПҚА ДЕЙІН ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ)
1. Мəтіндерінің қате немесе мағынасыз аударылуы
2. Əдепсіз жарнамалар
3. Мекеме немесе тауар атауларының шет тілінде қойылуы жəне
жарнамалануы
4. Ақпараттағы қазақ əріптерінің қате жазылуы
5. Орфографиялық қателер
6. Тұтынатын тауарлардың жапсырмалары мен нұсқаулықтарында
қазақ тіліндегі аудармасының түсініксіздігі
7. Көше атаулары жазылған тақтайшалар мен нұсқаулықтардың
тілдік ережеге сəйкес жазылмауы
8. Ақпараттардың тек орыс немесе ағылшын тілінде жазылуы
9. Латын əрпінде жазылған нысан атауларының кириллицаға трас-
литерацияланбауы
10. Басқа (жазыңыз) ______________________________________
9. СІЗ КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН СЫРТҚЫ ЖАРНАМАЛАР-
ДЫҢ ЗАҢҒА СƏЙКЕС ДҰРЫС ЖАЗЫЛУЫ ҮШІН ҚАНДАЙ
ШАРАЛАР ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ ДЕП ЕСЕПТЕЙСІЗ? (2 ЖАУАПҚА
ДЕЙІН ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ)
1. Заң бұзушыларға əкімшілік жазаны қатайту
2. Халықты үнемі ақпараттандыру
3. Тілдерді дамыту басқармасына аталған кемшіліктерді реттейтін
құзыреттілік беру
4. Айыппұл көлемін ұлғайту
5. Жарнама жасаушылар мен таратушыларға түсіндірме жұмыста-
рын жүргізу
6. Арнайы веб-сайт ашу
7. Көмекші əдістемелік құралдар шығару (сөздіктер)
8. Қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу
9. Басқа (жазыңыз)________________________________________

91

Алматы облысындағы тілдік ахуал

10. ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ƏЛІПБИІНЕ АУЫСТЫРУ БОЙ-
ЫНША БАСТАМАНЫ ҚОЛДАЙСЫЗ БА?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Қолдаймын
2. Қолдамаймын (12-сұраққа көшіңіз)
3. Жауап беруге қиналамын

11. СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ, ЛАТЫН ƏЛІПБИІНЕ ҚИЫН-
ДЫҚСЫЗ АУЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУІ
ҚАЖЕТ?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Төл дыбыстарға негізделген əліпби мен емле жасау
2. Əліпбиге кірме дыбыстарды да енгізіп, емлесін жасау
3. Латын əліпбиінде тегін оқытатын курстар ашу
4. Латын əліпбиіне орыс жəне еліміздегі басқа да тілдерді толық
ауыстыру
5. 2025 жылға дейін əдебиеттің негізгі ауқымын латын əліпбиіне
аудару
6. Ауысуды кезең-кезеңімен жүргізу
7. Техникалық жабдықтардың (компьютер, ұялы телефон жəне
т.б. ) тілдерін латын əліпбиінде шығару
8. Басқа (жазыңыз)_______________________________________

12. КӨШЕ, ДАҢҒЫЛ, ЕЛДІ МЕКЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ҮШ
ТІЛДЕ ЖАЗЫЛУЫНА ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Оң
2. Теріс
3. Жауап беруге қиналамын

13. ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫНА
ҚАНШАЛЫҚТЫ КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛАДЫ?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Толығымен көңілім толады
2. Ішінара көңілім толады
3. Мүлдем көңілім толмайды
4. Басқа (жазыңыз) ___________________________________

14. ЕГЕР МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ҚАТАҢ
ТҮРДЕ ТАЛАП ЕТІЛСЕ, МҰНЫ СІЗ ҚАЛАЙ БАҒАЛАР
ЕДІҢІЗ?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Шешімін көптен күткен қажетті шара
2. Уақыт өте келе міндетті түрде орындалатын шара
3. Өзге ұлт өкілдерінің құқығы мен бостандығын шектеу
4. Басқа (жазыңыз)_______________________________________
5. Жауап беруге қиналамын

92

Алматы облысындағы тілдік ахуал

15. СІЗДІҢШЕ, ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІНЕ ҚАН-
ДАЙ ЖАҒДАЙЛАР КЕРІ ƏСЕРІН ТИГІЗУДЕ?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Ұлттық идея мен қазақ тілін оқып үйретуге ынталандырушы
азаматтардың жоқтығы

2. Азаматтарда Отанға деген патриоттық сезімнің төмен деңгейі
немесе жоқтығы

3. Қазақ тілінде əдістемелік құралдар мен басылымдардың аздығы
4. Отбасында ата-аналардың балаларымен қазақ тілінде сөйлеспеуі
5. Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану бойынша бағдарлама-
ның əлсіздігі мен тиімсіздігі
6. Басқа (жазыңыз)_______________________________________

САУАЛНАМА СОҢЫНДА ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ КЕЙБІР
МƏЛІМЕТТЕР БЕРСЕҢІЗ:

16. ЖЫНЫСЫҢЫЗ: 17. СІЗДІҢ ЖАСЫҢЫЗ:
1. Ер 1. 18-ден 29 жасқа дейін
2. Əйел 2. 30-дан 39 жасқа дейін
3. 40-тан 49 жасқадейін
18. СІЗДІҢ ҰЛТЫҢЫЗ: 4. 50-ден 59 жасқадейін
1. Қазақ 5. 60 жасжəнеоданжоғары
2. Басқа ұлт өкілі(жазыңыз)
________________________ 19. СІЗДІҢ БІЛІМІҢІЗ:
1. Аяқталмаған орта
2. Жалпы орта
3. Арнаулы орта
4. Аяқталмаған жоғары
5. Жоғары

20. СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ҚАНДАЙ ƏЛЕУМЕТТІК-КƏСІБИ
САНАТҚА ЖАТҚЫЗАСЫЗ?(ТЕК БІР ЖАУАП)

1. Студент
2. Кəсіпкер
3. Қызмет көрсету саласы қызметкері
4. Білім беру саласы қызметкері
5. Мемлекеттік қызметші
6. Денсаулық сақтау саласы қызметкері
7. Құрылыс саласы қызметкері, жұмысшы
8. Ғылым, мəдениет саласы қызметкері
9. Ауыл шаруашылығы қызметкері, жұмысшы

93

Алматы облысындағы тілдік ахуал

10. Əскери жəне құқық қорғау қызметкері
11. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
12. Үй шаруасындағылар
13. Жұмыссыздар
14. Зейнеткерлер
15. Басқа (жазыңыз) ______________________________________

САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСҚАНЫҢЫЗ ҮШІН РАҚМЕТ!

94

МАЗМҰНЫ
ГЛОССАРИЙ ........................................................................................ 3
КІРІСПЕ ................................................................................................ 6
1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДІК АХУАЛЫ:
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ........... 14
1.1.Тілдік ахуал: ғылыми-теориялық сипаты ................................... 14
1.2.Алматы облысының тарихи жəне этнолингвистикалық ахуалы .... 17
1.3. Алматы облысындағы этностар жəне олардың тілдерінің
қызметтік жүктемелері ........................................................................ 26
1.4. Мемлекеттік тілдің меңгерілу деңгейлері, мəселелері............. 37
1.5. Алматы облысында орыс тілінің қолданылуы мен дамуы,
меңгерілу жағдайы............................................................................... 45
1.6. Алматы облысында ағылшын тілінің меңгерілу деңгейлері ......52
1.7. Алматы облысындағы қостілділік, көптілділік мəселелері. ..... 56
2.АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТІЛДІК АХУАЛЫ:
САУАЛНАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ................................................. 59
2.1.Алматы облысының тілдік ахуалын зерттеу нəтижелерінің
жалпы сипаттамасы ............................................................................. 59
2.2. Алматы облысындағы тілдік ахуал жəне оның құрамдас
бөліктері................................................................................................ 62
2.3. Қазақ, орыс, ағылшын жəне этникалық тілдерді үйренудің
уəждері .................................................................................................. 77
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................... 82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................. 87
Облыс тұрғындарының мемлекеттік тіл саясаты бойынша
атқарылып жатқан жұмыстарға көзқарастарын анықтау
мақсатында жүргізілген сауалнама үлгісі.......................................... 88

Алматы облысындағы тілдік ахуал

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ
ТІЛДІК АХУАЛ

(əлеуметтік жəне аналитикалық зерттеу)

Тех. редакторы Б. Қосдаулетов

Теруге 22. 11. 2018 берiлдi.
Басуға 29. 11. 2018 қол қойылды.
Пiшiмi 60х84. 1/16. Офсеттiк басылым.
Қарiп түрi «Times New Roman»
Шартты баспа табағы 5,5.
Таралымы 100

96


Click to View FlipBook Version