The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by kaldymurat05, 2024-03-11 13:24:41

АКТ оқулық

АКТ оқулық

Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб порталдардың қызметтерін пайдалану


Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі ұсынған Қ.Г.Қалдымұрат Ж.Н.Беделбай Ж.Ш.Қуандық Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб порталдардың қызметтерін пайдалану Қоғамдық-гуманитарлық бағытының оқулығы


Мазмұны 1.Техника қауіпсіздігі және компьютерде жұмыс істеу ережелері ............................................................................. 3 2.Компьютердің техникалық жабдықтамалары ............... 5 3.Операциялық жүйелердің түрлері .................................. 4. Операциялық жүйелердің командаларын орындау ..... 5. Тексттік құжаттарды құру .............................................. 6. Power Point бағдарламасында жұмысты автоматтандыру 7. Microsoft Acsses деректер басқару жүйесі .................... 8. Дата орталықтары. Бұлтты есептеулер қағидаттары .. 9. Мәтінді,аудио, бейне және графика-ақпаратты сандық формада ұсыну .................................................................... 10. Мектепетің ұйымдастырушылық-басқару қызметін ақпараттандыру ................................................................... 11. Мұғалім қызметін ақпараттандыру. Оқу қызметін еске алу, жоспарлау, басқару ...................................................... 12. Электрондық үкімет ..................................................... 13. Электрондық оқулық жасақтау технологиясы ..........


1.1 Техника қауіпсіздігі және компьютерде жұмыс істеу ережелері Мақсаты: Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі ережесімен танысу. Құрал-жабдықтар: Дербес компьютер, әдістемелік нұсқау. Жоспар: 1.Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар. 2. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі . 3. Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. 4. Microsoft Power Point бағдарламасында «Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері» атты презентация жасау. Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Аталған міндеттерді орындауда оқушы төмендегідей: 1.Жалпы ережелерді; 2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы; 3. Жұмыс жасау кезіндегі; 4. Апаттық жағдайдағы; 5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар: Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады; Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды; Компьютерлердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс; Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды; Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды. Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары: Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек; Жұмыс жасау кезінде сымдарының дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек. Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар: ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек; Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі; Көз шаршаған жағдайдағы орынынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады; Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білу қажет; Көз жаттығуларын білу міндетті.


Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар: -Бас жаттығуларын жасау; -Басты сағат тілі және керісінше бүрып айналдыру; -Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру; -Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту; -Денені босаңсыту және оны кетіріп ширықтыру; -Көз жаттығуларын жасау. Көзге арналған жаттығулар: • 1-4-ке дейін санап көзді қатты жұмып, содан кейіп ашып жайбарақат ұстау; • 1-6-ға дейін санай отырып, алысқа қарау қажет, 4-5 ретқайталау қажет; • 1-4-ке дейін санай отырып, екі көзді оларға қатты күш салмай, бір-біріне қаратып, соңында 1-6-ға дейін санай отырып алысқа қарап 4-5 рет қайталау керек; • 1-4-ке дейін санап, басты қозғамай, оңға қарап бір нүктеге көз тоқтату, соңында 1-6-ға дейін санап, алысқа қарау. Осы тәрізді басты қозғамай солға, жоғары, төмен қарау керек. • 1-6-ға дейін санай отырып көзқарасты диагоналі бойынша оң жақ жоғарыдан- сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезінде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады. Тұрақты түрде көз және дене гимнастикасын жасау көзге Бақылау сұрақтары: 1.Информатика кабинетінде ТБ туралы жалпы ережелерді түсіндіріңіз. 2. Жұмысқа кіріспес бұрын нені білу керек? 3.Компьютерлік сыныпта жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады? 4.Компьютерде жұмыс істеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?


1.2 Компьютердің техникалық жабдықтамалары Компьютерлік жабдықтама (ағылш. Computer hardware) — бұл санатқа компьютерге орнатылған, компьютер процессоры арқылы басқарылатын барлық физикалық жабдықтары жатады. Компьютерлі жабдықтама негізінен Компьютер бағдарламасына салыстырмалы айтылады. Бұлар компьютер жасап шығарылған кезде оған жалғанған жабдық болуы немесе кейін үстелген периферия құрылғылар болуы мүмкін. Төменде мысал ретінде кейбір құрылғылар келтірілген: • Монитор • Тінтуір • Модем • Дискіенгізгі • Ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі • DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі • Принтер • Пернетақта • Желілік бейімдеуіш • Бейнекарта • Ойын контроллері Құрылғыларды компьютерге түрлі тәсілмен жалғауға болады. Кейбір құрылғылар, мысалы, желілік бейімдеуіштер мен дыбыстауыш тақталар компьютердің ішіндегі кеңейтім ұяларына жалғанады. Басқа құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар компьютердің сыртқы порттарына жалғанады. Құрылғы Windows жүйесінде дұрыс жұмыс істеу үшін компьютерде құрылғы драйвері деп аталатын бағдарламалық жасақтама орнатылуға тиіс. Әр құрылғының жұмысы әдетте құрылғы өндіруші жеткізетін бір немесе бірнеше драйвер арқылы қамтамасыз етіледі. Кейбір драйверлер Windows жинағына кіреді. Бұл – Windows жүйесі құрылғылардың қажетті драйверлерін өздіктік түрде анықтап, орнатады деген сөз. Егер құрылғы өздіктік түрде орнатылмаса, жаңа жабдық орнату шебері іске қосылады да, құрылғының жеткізілім жинағына кіретін ықшам дискіні немесе алмалы дискіні дискіенгізгіге кірістіруді ұсынады. Егер драйверлерді таба алмасаңыз, құрылғы өндірушіге хабарласыңыз.


Тест тапсырмалары Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру 1.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды? А) Өте ауыр В) Ауа алмасуы (желдету) бұзылады С) Ұнамсыз D) Экран жабылып қалады 2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек? А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау В) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру С) Пернелерді ақырын басу D) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу 3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек? А)Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру В)Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу С)Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау D) Арасында мониторды өшіріп отыру 4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек? А)Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру В)Компьютерді ажырату батырмасын басу С)Тұрып, кабинеттен шығу D) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету 5. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ... аспауы керек. А)6 сағаттан В)45 минуттан С)2 сағаттан D) 15 минуттан 6. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер? А)Мұғалімді шақырамын В)Ақауды өз бетіммен жоямын С)Компьютерді электр желісінен ағытамын D) Сыныптасымнан көмек сұраймын 7. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек? А)10-15 см В)20-30 см С)40-50 см D) 55-65 см 8. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер: А)Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін В)Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар С)Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін D) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды


Ақпарат өңдеу тәсілдері 1.Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет: А)Теледидар көру В)Дәптерге жазу С)Кітап оқу D) Телефонмен сөйлесу 2. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты: А)Ақпаратты өңдеу В)Ақпаратты сақтау С)Ақпаратты жеткізу D) Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу 3. Ақпаратты іздеуге не жатады? А)Электрондық поштамен ақпарат алу В)Компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу С)Кітап мазмұнымен жұмыс істеу D) Мәтіндерді басқа тілге аудару 4. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс: А)Кітапханадан кітап іздеу В)Телефон арқылы сөйлесу С)Музыка тыңдау D) Табиғат құбылысын бақылау 5. Ақпарат алу – ол: А)Үй жұмысын орындау В)Ағаш көшеттерін отырғызу С)Музыка тыңдау D) Математикадан есеп шығару 6. Адам үшін ұялы телефон – ол: А)Ақпарат көзі В)Ақпарат қабылдаушы С)Ақпаратты өңдеу құралы D) Байланыс құралы 7. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үдеріс? А)Ақпаратты тасымалдау В)Ақпаратты іздеу С)Ақпаратты өңдеу D) Ақпаратты сақтау 8. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен ақпараттың қай түріне жатады? А)Мәтіндік және графикалық В)Графикалық және естілетін С)Электромагниттік және көрінетін D) Цифрлық және музыкалық


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі • Ә .Диваев ұлттық ойындарды зертеген ғалым • Иманбетов А.Н. «Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру» авторефераты • Жалғасбаева Р.Ж. «Жаратылыстану пәндерін оқытуда халықтық педагогика элементтерін қолдану» • Отансүйгіштік тәрбие-басты міндет //Қазақстан мектебі. - 2005. - №5-6. • Қалымбетова А. ««Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс». Информатика негіздері, ғылыми-әдістемелік журнал, 2012, №3. • Жүсіпова М.Қ. «Информатика пәніне арналған жұмыс дәптері» Информатика негіздері, ғылымиәдістемелік журнал, 2011, №2. • Әбдуахитов Ә. «Информатика пәнін оқытудағы ұлттық ерекшеліктер» Информатика негіздері, ғылыми-әдістемелік журнал, 2011, №1. Web сайттар: 1. www.koshpendi.kz 2. www.adyrna.kz 3. www.ustaz.kz


Click to View FlipBook Version