Қимыл-қозғалыс ойындары №1 «Ұшты - ұшты» Мақсаты:Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді. Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сӛзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары кӛтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Ойынды былай жүргізеді. Ұшты - ұшты сұңқар ұшты (қол кӛтереді) Ұшты - ұшты қарға ұшты (қол кӛтереді) Ұшты - ұшты арба ұшты (қол кӛтермейді) Ұшты - ұшты дауыл ұшты (қол кӛтермейді) Ұшты - ұшты ұшақ ұшты (қол кӛтереді) Ұшты - ұшты торғай ұшты (қол кӛтереді) Ұшты - ұшты жылан ұшты (қол кӛтермейді) Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді. №2«Күн мен түн» Мақсаты:Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын мазмұны:Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бӛлінеді. Олардың бір - бірінен бӛлек, ӛз үйлері болады. Тәрбиешінің кӛрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сӛйтіп, ойын осылайша алма - кезек жүріп отырады. Кӛп бала ұстаған команда жеңіске жетеді. №3«Секіртпелі жолдар» Мақсаты:Балаларды белгі бойынша алға жылжуға, тізені бүгіп аяқ ұшын кӛтеріп секіруге үйрету, нақтылық пен шыдамдылық танытуға дағдыландыру. Барысы:Балалар бір дӛңнен екінші дӛңге секіреді. Іздерді басып, қолдары белде болады №4«Обручьтермен эстафеталық ойын» Ойынның шарты: Балалар екі қатарға тұрады. Әр қатардың алдында 2 м жерде обручь жатады.«Алға» дегенде әр қатардағы бірінші ойыншы алға жүгіріп, обручьті жоғары кӛтеріп онын ішінен ӛтіп орнына қойып.Ӛз тобына жүгіріп келеді.Қай топ бірінші келсе сол жеңіске жеткен болып есептелінеді. №5 «Құстармен мысық» Мақсаты:Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы кӛңіл-күйлерін кӛтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты ӛмір салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Балалар құстар болып ұшып жүреді. Бір бала мысық болады. Мысық ұйықтап жатады. Құстар мысықтың жанына келеді. Мысық оянып құстарды қуады №6«Лақтырып қағып ал» «Қағып алып лақтыр»
Мақсаты:Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы кӛңіл-күйлерін кӛтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты ӛмір салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Балаларды шеңберге тұрғызып, допты лақтырып, қағып алуы керектігін айтамыз. Допты түсіріп алған немесе дұрыс лақтырмаған бала шеңбер ортасына отырады, басқа балаға лақтырылған допты ұстап алса, қайта шеңбер бойына тұрады. №7« Атомдар мен молекулалар » Ойынның шарты: Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады . №7«Айдаһар, ханзада, ханшайым» ойыны Ойынның шарты: Оқушылар 2 топқа бӛлінеді. Екі топ ӛзара ақылдаса отырып, бірде айдаһар, бірде ханшайым, бірде ханзада болады. Айдаһар ханзададан жеңіледі. Ханшайымнан ханзада жеңіледі. Ханшайым айдаһардан жеңіледі. Қай топ кӛп жеңсе, сол топ жеңіске жетеді. №8«Ортаға түспек» Ойынның шарты: Ойынға қатынасушылар екі топқа бӛлінеді. Ойын үлкен алаңда ӛту тиіс. Ортадан кӛп ойыншы сиярлықтай үлкен тӛрт бүрыш сызылады. Бірінші топ сол тӛрт бұрыштың ішіне енеді де, екінші топ сырттан орын алады. Ойын басталған соң сырттағы ойыншылар тік тӛрт бұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген ойыншы сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол допты денесіне дарытпай, әрі жерге түсірмей
қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін қайта кіргізіп алады. Тік тӛрт бұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда, ұтып жатқан топ оған 10 не 20 рет сызықты айнала жүгіруге айып бұйырады. Ол бұл сыннан сүрінбей ӛтсе, сырттағы ӛз тобын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, ӛзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан топ кіреді. Ойын тӛзімділікке, күш-қуатты молайтуға, нерві жүйелерін шыңдауға жаттықтырады. №9«Айгөлек» Ойының мақсаты:балалардың шапшандылығын дамыту, ептілікке тәрбиелеу, балардың үйлесімді қимыл-әрекетерін, жылдамдық сияқты қасиетерін жетілдіру. Ойының барысы:балалар теңдей екі топқа бӛлінеді Аралары 20-30 қадамдай аралықта бір-біріне қарама-қарсы қарап, қол ұстасып тұрады. Бірінші топ: Айгӛлек-ау, айгӛлек, Айдың жүзі дӛңгелек. Ақ терек пен кӛк терек, Шауып алдым бәйтерек. Ақ терек пен кӛк терек, Бізден сізге кім керек?-деп хормен сұрайды. Екінші топ: Айгӛлек-ау, айгӛлек, Айдың жүзі дӛңгелек. Ақ терек пен кӛк терек, Шауып алдым бәйтерек. Ақ терек пен кӛк терек, Анау тұрған....(бір баланың аты)керек!- деп хормен жауап береді Аты аталған бала жүгіріп барып, қарсы топтың ұстап тұрған қолдарын үзіп ӛтуі керек. Егер үзіп ӛтсе, сол балалардың бірін ӛзімен бірге алып қайтады, үзе алмаса, ӛзі сол топта қалады. Ойының сонында қай топтың балалары кӛп болса сол топ жеңімпаз болып есептеледі.
№10 «Ине мен жіп» Ойынның шарты: Тәрбиеші: Мен ине боламын, ал сендер жіп боласыңдар. Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнен ұстап тұрасыңдар, қазір бәріміздің алдымыздағы тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады. №11 «Дайын бол» Ойынның шарты: Балалар шеңбермен жүреді, тәрбиеші бір сӛз айтады, ал балалар сол сӛзді іс-қимылмен кӛрсетеді. Ат-шабады, құс-ұшады, ләйлек-бір аяғымен тұрады, балық-жүзеді. №12 «Төрт құбылыс» Ойынның шарты: Балалар шеңбермен тұрады, жүргізуші «су» десе қолдарын алдына созады, «ауа» дегенде жоғары кӛтереді, «от»-екі қолын айналдырады, «жер»-дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысады сол ойыннан шығады.
Ұжымды қалыптастыруға арналған ойындар №1 Сәлемдесу .«Жапон әліппесі» жаттығуы Ойынның шарты: Мұғалімдер осы әліппе арқылы ӛздерінің есімдерін жапон тілінде қасына сын есімді косып айтып шығуы керек. Мысалы: адемі Бегайым деген жапон тілінде катэкурин Зукужикаки. А – ка З – з П – но Ц – ми Б – зу И – ки Р – ши Ч – кэ В – ру К – мэ С – ари Ш,Щ – хи Г - жи Л – та Т – чи Ь,Ъ,Ы -зук Д – тэ М – рин У – до Э – мэй Е – ку Н – то Ф – лу Ю – фу Ж – су О – мо Х – ри Я – на №2«Ыстық картоп» ойыны Ойынның шарты: музыка ойналады, ыстық картоп кезекпен қолдан-қолға беріледі. Музыка тоқтаған кезде картоп кімде калса, сол адам ситуациялық сұраққа жауап береді. Ситуациялық сұрақ әр картоптың ішінде жазылады. Ситуациялық сұрақтар 1.Суға қай кезед қолды кесіп алуға болады? 2.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3.Кӛшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен әңгіме айтып отыр. Кӛшеде неше адам отыр? 4.Қараңғы бӛлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 5.Бір кӛз, бір мүйіз, бірақ мүйізтұмсық емес? №3«Паравоз» ойыны.
Мақсаты:ұжымда бір –бірімен жағымды қатынас қалыптастыру, кӛңіл – күйлерін кӛтеру. Ойынның шарты: Мұғалімдер бір қатарға тұрып реттік санымен 1,2ге саналады. Екі топқа бӛлініп, бірінші топ қолдарын бір рет шапалақтап, оң аяқтарын екі рет жерге қағады. Ал екінші топ қолдарын екі рет шапалақтап, оң аяқтарын бір рет жерге қағады. Осылайша ойын жалғасады, шатасқан ойыншы ӛз ӛнерін ортаға шығып кӛрсетеді. №4«Қарым-қатынас шеңбері» Мақсаты:Ұжым арасындағы қарым-қатынасты орната білу. Ұстаздарға жіп тағылған шеңбер және стақанға құйылған су беріледі. Ойынның шарты: тәрбиеші:Жалпы біз әрқайсымыз, әр мектепте қызмет етіп келдік. Бірақ біздің алға қойған мақсатымыз балаларға білім, білік дағдыларын, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.Біз ұжым болып бірлесе жұмыс жасасақ, алынбайтын қамал жоқ. Сол себепті алдымыздағы шеңбер үстіндегі стақандағы суды тӛгіп алмай бірлесе кӛтеруіміз қажет.
Оқушылардың зейінін арттыруға арналған ойындар №1«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе тӛбені, біресе еденді, біресе мұрнын кӛрсетеді және «тӛбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сӛзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады. №2«Отыр-тұр» Ойынның шарты: Оқушылар тәрбиешінің нұсқауымен «отыр» дегенде тұрады, «тұр» дегенде отырады. Шадасқан оқушы ойыннан шығады. №3«Не өзгерді?» ойыны Ойынның шарты: Бір топ бала жиналып, қолдарына түскен әр түрлі заттарды үстел үстіне жайып тастайды. Олардың саны аса кӛп болмауы қажет. Ойын жүргізуші ол заттардың аттарын атап шығады. Ал ойыншыларға сол заттардың қайсысы ненің қасында ненің қасында және қандай қалыпта жатқанын, олардың түр-түстері қандай екенін кӛріп алуға 5-10 секунд уақыт беріледі.Осыдан кейін ойыншылар бӛлмеден шығарылады немесе теріс қарап отырады.Осы кезде ойын жүргізуші бірнеше заттың орнын тетез ауыстырып, кейбіреуін тығып қояды.«Үстелдің үстіне қандай ӛзгерістер болды?» деген сұраққа кім дұрыс әрі толық жауап берсе, сол ойын жүргізуші болып, әрі қарай жалғастырады. №4«Шапалақ» Ойынның шарты: Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті. Балалар сендердің кӛңіл-күйлерің қандай? Сендер кӛңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы кӛңілкүйлеріңді кӛрсетіңіздерші. 1. Кӛңілді болғанда не істейміз?
2. Ренжігенде... 3. Қорыққанда... 4. Қуанғанда... 5. Таң қалғанда... Шапалақты тыңда.Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады. №5 «Мен жеңімпазбын» Ойынның шарты: Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек. №6 «Құлақ-мұрын» Ойынның шарты: Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс кӛрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды. №7 «Зейінді бол» Ойынның шарты: Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты кӛрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады. №8 «Сөз моншақтар» Ойынның шарты: Жүргізуші балаларға бір сӛз айтады, ол сӛздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сӛз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сӛз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала кӛп сӛзді есінде сақтап, кӛп сӛз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сӛзді ӛзі бастап ойынды жүргізеді. №9 «Алақан шапалақтау»
Ойынның мақсаты:«Мен қазір сіздерге әртүрлі сӛздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сӛздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.» №10 «Түгелдеу, шатастыру» Мақсаты:Еріксіз зейінді дамыту. Ойынның шарты: Жүргізуші сол жерде отырған балалардың атымен, тегін қате айтады.Балалар зейін қойып, мұқият тындап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айқанда ғана алға шығады.Егер кімде –кім қателессе ойыннан шығады, айыбын тӛлейді.
Танысу тренингтері және ұйымдастыру кезеңінде өткізілетін тренингтер түрі №1 Тренинг «Танысу» Ойынның шарты: Оқушылар дӛңгелек болып отырады. Әр қатысушы ӛзін таныстырады. (аты- жӛні, қай жылы ӛмірге келгенін, сыныбын) және бір- бірлеріне тілектер айтады. №2«Шеңбер бойымен жалғасқан есім» Ойынның шарты: Оқушылар шеңберде тұрып, бір - бірлеріне допты бере отырып, ӛздерінің есімін және ӛздерінің қызығушылық іс - әрекетін айтады. №3«Есте қалған қызықты оқиға» Ойынның шарты: Топ дӛңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. №4«Мен саған сенемін» Ойынның шарты: Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің кӛздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» ӛйткені сен жақсы адамсың. №5«Сиқырлы сөздер» ойыны Ойынның шарты: Мұғалім кез-келген ӛтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, ӛтінемін дәптерді берші » №6«Жағдайлы волейбол» ойыны Ойынның шарты: Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті кӛрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды. №7«Кездесу» ойыны
Ойынның шарты: Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады. №8«Радио». Ойынның шарты: Балалар шеңберге отырады.Психолог балаларға арқасын беріп жайғасады да хабарлайды; «Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Бір кішкентай қыз жоғалып кетті (шашының түсін,киімін,бойын,сырғасын,т.б.ерекшеліктерін нақты айтады)Сол қыз мені естіп тұрса директорға келсін» дейді.Балалар тыңдап болған соң бір бірлеріне қарайды.Кім туралы айтылып жатқаны анықтап сол қыздың атын атауға тиіс.Үйреген соң директордың орнына қалаған бала отыра алады. №9«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау:Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сӛзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша ӛзінің сыйлығын айтады. №10«Өрмекші торы» жаттығуы. Нұсқау:Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып ӛрмек жиналу керек. Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1- ші ӛзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, ӛрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Ӛрмекті жию.