The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Үйсіндердің шығу тарихы жайлы Қытай және басқа да шет ел ғалымдарының құнды деректеріне салыстырмалы талдау жасалған.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Ulbosyn Adilbek, 2023-04-28 05:42:02

Үйсіндердің шығу тарихы

Үйсіндердің шығу тарихы жайлы Қытай және басқа да шет ел ғалымдарының құнды деректеріне салыстырмалы талдау жасалған.

Keywords: Үйсіндер,гуньмо,Қызыл Аңғар,Хань хандығы,Сыма Цянь,Тарихнама

ҮЙСІН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ӘДІЛБЕК ҰЛБОСЫН АЛМАТЫ ,2023


МАЗМҰНЫ • Үйсін қоғамының тарихы……………………………3 • Ежелгі үйсіндер туралы көне жазба деректер…........5 • Үйсіндердің әлеуметтік-экономикалық қатынастар.......... 8 • Үйсіндердің археологиялық ескерткіштер............................11


Үйсін тайпалар одағы • Үйсін мемлекеті Қазақстан аумағында б.з.д.II-б.з.ІV ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі. • Орталық Азияны, Қазақстанды Шығыс Түркістанмен, одан ары Қытаймен жалғастырып жатқан Іле аңғары батысында Балқаштың кұмынан бастау алып, шығысында Құлжа қаласына дейін шамамен 600-700 шақырымға созылып жатқан территоторияны қамтыды.


Қытай жазбаларына сүйенсек, үйсін, юзчжилер (ұлы жүз) тайпалары сонау Қиыр Шығыстағы ата мекендерінен біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда Тәңірі (Гималай) тауының немесе Ерен қабырғаның терістігіне келіп мекендеген.


ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІ Қытай деректеріне үңілер болсақ, үйсін тайпасы қытай жазбаларының ескі дәуірлердегі кітаптарында өте жиі кездеседі. Соның ең бастылары, мәселен, ертедегі қытай хандары кезінде /б.з.б. 475- 221 жылдары/, Чин хандығы билік құрған тұста /б.з.б. 221- 206 жылдары/, Хань хандығы билік құрып тұрған уақытта /б.з.б. 206 жылдан бері қарай/ жазылған Қытайдың терістігі мен Батыс өңірлерінен мағлұмат беретін тарихи жазба деректерден табуға болады. Онда үйсіндер ұлы жүз тайпаларын талқандап, олардың елін бостырып, жерін тартып алғаннан кейін, Іле және Ыстықкөл өңіріне келіп мекендейді. Осыдан кейін олар аса күшті бір мемлекет құруды бастаған


«Үйсін» деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған «Тарихнама-Ши цзи,Хұндар тарауында» хатталған. Оның дерек көзі б.з.д. 176 жылы Хұн империясы Маодунь (Модэ) тәңірқұттың қытайдың Хань патшалығы императорына жолдаған «Крурана, үйсін, хужие елдерін және олармен көрші отырған 26 елді бағындырып, оларды түгелдей ғұндарға қостық, сөйтіп садақты халықтарды бір елге айналдырдық» деген мәліметінен алынғаны жазылған.


Үйсін сөзі Күлтегін тарихи жырында да Монғолдардың «Алтын» шежіресінде кездеседі. Түрік тілінің маманы А.С.Аманжоловтың зерттеуі бойынша «Үсін» сөзін Көне түркінің ус немесе ас сөзімен салыстыруға болады дейді. Ал бұл сөздердің мағынасы М.Қашқаридың сөздігіндегі «Күшіген, бүркіт» деп берілген. 8 ғ.Тоныкөк ескерткішіндегі «түркі бүркіт халқы» деген тіркес ашина түркілерінің, яғни билеуші тайпаның баламасы ретінде қолданылған деп шамалауға болады. Күлтегін ескерткішіндегі тәждің маңдайшасында бейнеленген бүркіт кескініне зер салсақ, жоғарыда көтерілген болжамдардың шындыққа жақын екендігін көрсетеді. Әйгілі түрік тілінің маманы Е.С.Малов Үйсін деген ел атының Орхон-Енесей ескерткіштерінде кездесетінін де жазған.


Үйсіндердің тарихы туралы қытай тарихшылары Су Бейхэй, Лиң Хэн, Чин Кывейлерде зерттеген. Су Бейхэй Хан патшалығы кезіндегі үйсіндердің көне мекені туралы зерттесе, Лиң Хэн Үйсін мемлекетінің Батыс хан патшалығымен жүргізген қарымқатынастары туралы жазған. Ал, Чын Кывей Үйсіндер мен Ұлы жыужының ата мекені және олардың қоныс аударулары туралы жазған.


Деректерге қарағанда Чин және Хан патшалықтары тұсында Үйсін мемлекетінің Нәнді би мен оның баласы Елжау би билік жүргізген. Нәнді би кезінде үйсіндердің мекені «Хан кітабы» дерегі бойынша олар Ұлы жыужылар мен Дунхуанда қатар өмір сүрген. Ал осы «Хан кітабының», «Жаң Чиән өмірбаянында» Елжау бидің әкесі Нәнді би ұлы жыужылармен бірге Дунхуаң, Чилән аралығында болған. Олар шағын мемелекет еді деп көрсетілген. Алайда көрсетіліп отырған аймақта дүнхуан мен Чиләнда жыужылардың тұрғандары анық, бірақ үйсіндердің тұрғандығы күмәнді. Өткені олардың жайылымдық жерлері нақты көрсетілмеген.


Елжау ержеткен соң оның бытыраған елін жинап беріп, өзінің батыс жағындағы шекарасын қорғатады. Елжау ержетіп кемелденеді. Күнби деген атақ алып, елінің басын қосып, ақылды қолбасшы болса керек. Ол әкесінің кегін алу үшін Ғұн тәңірқұтына өтініш еткен. Шамамен бұл кез б.д.б. 160 жылдары болған. Ғұн тәңірқұты Лаушаңның берген қосымша әскерімен Іле бойындағы Ұлы иүзлерді Елжау би талқандайды. Сөйтіп, үйсіндер Темірті (қазіргі Ыстықкөл) көлін, Іле аңғарларын Ұлы йүзлерден тартып алады. Бұл арада қалған сақтар мен ұлы йүзлердің адамдары үйсіндерге қосылып сіңісіп кетті, соның әсерінен олар күшті елге айналды деп жазады қытай деректерінде. Күшейіп алған үйсіндердің Күнбиі Елжау би енді ғұндарға барып, бас иіп, бағыныштылығын білдіріп тұрудан бас тартады. Бұл кезде Ғұндардың тәңірқұты Лаушаң да қаза болып, оның елінде бытыраңқылық жайлап жатқан. Қытай деректерінде екі Хан патшалығы тұсындағы батыс өңірдегі 36 мемлекеттің ішіндегі Үйсін мемлекеті ең күшті ел болып саналған


Қытай тарихшысы Сыма-Цянь мен Бан Гудың "Ханнамасы" мен "Тарихи жазбаларында" мынандай деректер бар: "Үйсін мемлекетінің жері ұлан-байтақ кең, әрі жазық, жауын-шашыны көп, ауа райы суық, тауларда қалың қарағай өседі. Егіншілікпен шұғылданбайды. Малмен бірге жайылым-суат жағдайымен көшіп жүреді. Әдет-ғұрпы хұндарға ұқсайды. Бұл елде жылқы көп, байларында 4-5 мың жылқы болды. Халқы қайсар, батыл келеді. Сенімсіздік істерге де қатты өшігеді, ұры-қарысы көп. Ең күшті мемлекет. Бұрын хұнға бағынышты болған, кейін күшейді де, оның бұғауынан құтылып, оған бағынбайтын болған. Шығыс жағы хұндармен, солтүстігі қаңлымен, батыс жағы Ферғанамен, оңтүстігі қалалық мемлекеттермен шектеседі...",-дейді.


Шығыс Жетісуда Теңлік обасында бір обаға атақты әйел жерленген. Оның киімі мәнерлі үлкен-кішілі алтын қаптырмалармен сәнделген, құлақтарында сәнді бедерленген сырғалары бар, шашына немесе бас киіміне алтынмен шебер қапталған ауыр түйреуіш түйрелген. Жанына сәндік заттардан қола айна және алтын жапырақша жолақтармен өрнектелген ағаш қобдиша (шкатулка) қойылған. Мұндай обалар батыс Жетісуда Қаракөл және Буранин обаларын қазғанда олардан алтын мүсінді қаптырмалар, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару-жарақ, ағаш, қыш ыдыстар табылған.


Б.д.б. I ғасырдың басында, дәлірек айтқанда б.д.б. 11 жылғы «Хан кітабы», «Үйсін мемлекеті» тарауында Үйсіндердің жайылым жерлері бірте-бірте жекешелікке көше бастағандығы жазылған. Әсіресе күнбидің жеріне кіруге болмаған. Таң Шігудің түсіндірме сөздігінде «Кунмидің жайылым жеріне кірмеу керек. Олай болған күнде, оның жазалауына ұшырайсың» деп жазылған. Мұндай деректерден жерге меншік көзінің күшейе бастағанын байқатады.


СҰРАҚТАР! 1.Үйсін мемлекеті жөнінде қытай тарихшыларының жазба деректері. 2. Ежелгі Үйсін мемлекеті, оның қоныстанған аумағы. 3. Үйсін қоғамының саяси жағдайы. 4. Үйсін мемлекетінің мемлекеттік және қоғамдық құрылысы. 5. Үйсін қоғамы – ең алғашқы мемлекеттік құрылым. 6. Үйсіндердің шаруашылығы, материалдық-рухани мәдениеті. 7. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері.


ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР! Сақтардың Үлкен Жетісу құрбандық тасының салмағы қанша болған? А) 164кг В) 174кг С) 184кг Д) 154кг Е) 134кг Қызыл-ауыз қорымы қай тайпаға жатаады? А) Үйсін тайпасына В) Сақ тайпасына С) Ғұндарға Д) Қаңлыларға Е) Сарматтарға Қазіргі уақытта Шу алабынан Үйсіндердің қандай қоныстары ашылды? А) Қапшағай-2 В) Қарабалта,Аламедин С) Есік Д) Тасмола Е) Шілікті Үйсіндердің астанасы Чигуге қосарлана айтылатын чин сөзі қытай тілінде қандай мағына береді? А) қала В) қорған С) бекініс Д) жайлау Е) күзеу


Абсолютшілдік, абсолютизм (лат. Absoiutus-сөзсіз, шексіз) – мемлекеттік басқарудың түрі. Би- дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Гурхан – қидандар мемлекетінің билеушісінің лауазымы. Декларация- (лат.deklaratio- мәлімдеу, хабарлау)- мемлекеттік саясат және құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат. Демократия (грек. Demos-халық,kratos-билік)- қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің бірі, ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим. Елтаңба – герб-мемлекеттің, әлеуметтің, әкімшілік бөліністің, т.б. дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін, оларды әлеуметтік тұрғыдан даралау мақсатында жасалатын айырымдық белгі, рәміз, таңба. Қаған – ерте түрік мемлекеттерінің басшысы. Айдар – газет-журналдарда бір тақырып төңірегінде ұдайы беріліп тұратын материалдардың жалпы атауы. Ғимарат – белгілі бір архитектуралық үлгімен салынған құрылыс. Жариялылық – жағымсыз құбылыстар мен кемшіліктерді ашып көрсетудің, қоғамды сауықтыру мен демократияландырудың негізгі құралы. ГЛОССАРИЙ


ӘДЕБИЕТТЕР: • ЖЫЛҚЫШЫБАЕВА Қ.Қ. Ж Ертедегі темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен ерте мемлекеттік құрылымдар: Оқу құралы. ˗ Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2015.- 258 бет. • Түркі халықтарының тарихы 2-кітап. Авторы: Аманжолов К.Р. Издательство: Білім, Алматы 2005


Click to View FlipBook Version