IV бөлім
Педагогтың
кәсіби
шеберлігіне және
жеке тұлғасына
берген баға
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ
«№ 178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ» КММ
Пікірлер
Алматы қаласы Алатау ауданы
«№178 мамандандырылғанлицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
информатика пәнінің мұғалімі
Бейсенбекова Ләйлім кәсіби шеберлігі мен
жеке педагогикалық тұлғасына берілген пікір
«Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалімнің
тәрбиесі мен өнегесі – оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-
тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда
бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі – қазіргі
ұстаздардың қолында. Бейсенбекова Ләйлім тәрбиелеп, оқытқан оқушылары
дұрыс таңдау жасаған, еш қиындыққа мойымайтын білімді жастар. Оған әрбір
оқу жылындағы оқушылар арасында өтетін пәндік олимпиадалар мен ғылыми
жобалардан жүлделі орын алғандары дәлел. Бейсенбекова Ләйлім мінезі
ашықтығымен, оқушыларды өзіне білімі арқылы баурайтындығымен
әріптестерінің арасында сыйлы.
Ұстазға тән ерекше қасиеттері бойында бар, қоғамдағы және педагогика
саласындағы өзгерістерді терең меңгерген, жаңашыл ұстаз.
Бейсенбекова Ләйлім өз іс-тәжірибесімен конференция, семинарларда арнайы
педагогика мәселелері бойынша халықаралық, республикалық, аудандық деңгейде
бөлісіп отырады. Педагогтың ғылыми-әдістемелік материалдар
жарияланымдары республикалық, қалалық баспа беттерінде шықты.
Қазіргі кездегі сабаққа қойылатын талаптар мұғалімнен үлкен шеберлікті талап
етеді. Соның ішінде жаңа педагогикалық технологиялардың оқушылардың білім
сапасын арттыруға, өздігінен ізденуіне, ой-санасының дамуына мүмкіндік беретіні
анық. Бейсенбекова Ләйлім әрбір оқушыны жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін
тиімді оқу бағдарламасын таңдай отырып, олардың шығармашылықпен жұмыс
істеу мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Бейсенбекова Ләйлім өзіне тән коммуникативтік және ұйымдастырушылық
деңгейдегі үйлесімді қасиеттері бар. Ол – талап қойғыш оған қоса мейірбан,
жауапкершілігі бар ұстаз. Ол өзінің педагогикалық-әдістемелік тәжірибесінің
ғылыми тұрғыдан жүйелеп, баспасөз беттерінде жариялап отырады. Оған
ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы дәлел болып табылады.
«№178 мамандандырылған лицей»
директоры,
Ы.Алтынсарин төсбелгесінің иегері,
Қазақстан Республикасы Білім беру
ісінің құрметті қызметкері
Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ
«№ 178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ» КММ
Пікірлер
Бейсенбекова Ләйлім жыл сайын лицейде өтетін аудандық,
қалалық, республикалық семинарларда ашық сабақтар, Lesson study,
сондай-ақ коучингтер өткізіп, өз іс тәжірибесімен бөлісіп келеді.
Жас мұғалімдерге көмек ретінде «Дарынды балалармен жұмыс»,
«Жаңа технологияларды игерудегі тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту»
және т.б. тақырыптарда педагогикалық және әдістемелік
кеңестерде шеберлік сыныптар көрсетіп, өзінің ойларымен бөлісіп,
баяндамалар жасап отырады.
№178 мамандырылған лицей директорының
Оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Амалбекова Лунара Еркиновна
Мен өзім дәрігер болсам да, қыздарымнан Ләйлім апай туралы,
оның өткізген сабағы туралы естіп, мен де физикалық
құбылыстарға қызыға бастадым. Физика сабағында оқушыларды
шығармашылық, ізденгіштік іс-әрекетке баули отырып,
информатиканы соңғы ғылыми деректермен, өмірмен керемет
байланыстыратынының куәсі болдым. Ерекше дарынды, қабілетті
балаларды анықтап, олардың ары қарай дамуына әсер етіп
отырады екен. Сабаққа қатысу барысында оның физика пәнін
оқыту деңгейін қазіргі күн талабына сай көтеріп жүрген ұстаз
екеніне көзім толық жетті.
10 «б» сынып оқушысы Манатбаева Аминаның
әкесі, техника ғылымдарының кандидаты Манатбаева Р.Қ.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ
«№ 178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ» КММ
Пікірлер
Мен Бейсенбекова Ләйлім апайдан 8-сыныптан бері білім
алып келе жатырмын. Мен информатиканы сүйіп
оқимын. Сондықтан бұл саладан неғұрлым көп ақпарат
алғым келеді. Ол кісінің өткізген күнделікті сабағының өзі
маған үлкен әсер қалдырып, таңғажайып информатика
әлеміне тереңдете түсіреді. Жаңа технологиялар мен
бағдарламаларды жете меңгерген Ләйлім апай
информатика пәнінде көптеген қызықты қосымша
материалдармен бөліседі, ғылым майталмандарының
кітаптарынан информатика курсының жаңа есептерін
үйрете отырып, жадымызда жеңіл жаттатады. Менің
ойымша, информатика пәнінің программаларын сүйіп,
ерекше ынтамен зер салып, оңай шығаратын баланың
ойлау әрі есте сақтау қабілеті жоғары болады.
Кенжебеков Рүстем
9«А» сынып оқушысы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ
«№ 178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ» КММ
Пікірлер
Бейсенбекова Лайлим Калиевна оқыту мен тәрбиелеу әдісін жақсы меңгерген,
шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген ұстаз. Еңбек өтілі 18 жыл. «Ақпараттық
технологияларды қолдана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу» түйінді
тақырыбымен жұмыс істейді, қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологияны жан
– жақты меңгерген.
Білімнің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне,
жаңашылдықпен ұштастыра білуге, шығармашылық жұмыс істеп, шәкірттің білім-
біліктері мен дағдыларын іскерлікпен дамытуға байланысты. Сабақ беру барысында әр
түрлі жаңаша әдіс-тәсілдерді ұтымды, жүйелі қолданады. 8 «А» сыныбында «Санау
жүйелері», 9 «В» сыныбында «Циклдер.Қайталау операторлары» тақырыптарында
ашық сабақтар өткізді. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында пәндік
онкүндіктерде, апталықтарда сыныптан тыс іс- шаралар, сайыстар өткізіп тұрады.
10 сыныптар арасында «Информатика әлемі», 7-10 сыныптар арасында математика,
физика мұғалімдерімен бірлесіп «Ізденіс – шығармашылық бастауы» атты
интеллектуалдық сайыс өте жоғары деңгейде өтті.
Сонымен қатар мектеп ұстаздарына, қала, облыс мұғалімдеріне ақпараттық
технологияларды қолдануда әдістемелік көмек көрсету негізінде шебер класстар
өткізіп өз іс – тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Атап айтсақ: 2018 жылы «Үштілділік –
заман талабы» атты облыстық семинарда баяндама жасады.
2016 жылы бастауыш сынып мұғалімі Ғ.Ә.Нүркеновамен бірлесіп «Бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылығын арттыру» атты электронды көмекші құрал,
«Информатика сабақтарын ұйымдастыру негізінде оқушылар қабілетін дамытуға
бағытталған технологияларды пайдалану» атты оқу-әдістемелік құралдар жасады.
Республикалық, халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысып,
баяндамаларын жинаққа ұсынып, әр түрлі конкурстарға қатысып отырады. 2018
жылы «Шығыс» өңірлік орталығы ұйымдастырған «Үздік электрондық білім ресурсы»
облыстық байқауында «Үздік электрондық интерактивтік оқу материалы» сайысында
жүлделі ІІ орынды иеленді. 2016 жылы Республикалық жоғары оқу орындары,
колледждер, мектептер, балабақша ұстаздары арасында өткізілген «Мектеп
мұғалімдерінің үздік әдістемелік жұмысы» ғылыми- әдістемелік жұмыстар
конкурсында І дәрежелі мадақтама және алғыс хатпен марапатталды.
Республикалық ұстаздар сайтында, интернет-журналдарда үнемі ашық сабақтары
жарияланып тұрады.
Әріптестерінің компьютерлік сауаттылығын арттыруда, АКТ қолданып
өткізетін сабақтарына көмек көрсетуде аянбай еңбек етеді. Мектепішілік іс-
құжаттарын компьютер арқылы реттеуде өзіндік үлесі мол.
Лайлим Калиевна өз мамандығының қыры мен сырын жетік білетін, теориялық және
практикалық жағынан жақсы қаруланған, мектеп ұжымы ортасында сыйлы, өзіне де
өзгеге де талап қоя білетін, білікті маман.
«34 жалпы білім беретін мектеп» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Оразбеков Е.Н.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ
«№ 178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ» КММ
Пікірлер
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» демекші осынау мерейлі
де, мәртебелі мамандықтың қыры мен сырын толық меңгерген, күш
жігерін, білімі мен тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, еңбек етіп
келе жатқан информатика пәнінің мұғалімі Бейсенбекова Лайлим
Калиевнаны айтуға болады.
Шәкірттерінің биік шыңға шығуына негіз қалаған, қанатын қатайтып,
біліммен сусындата білген ұстаз Лайлим Калиевнаның сабақ берудегі әдіс-
тәсілдері сан қилы.
Сабақты түрлендіріп өткізуде оқытушының жаңаша әдістемесін шебер
меңгерген ұстаз. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білімдерін
тереңдету мақсатында, әр сабағына ыждахаттылық пен ізденіс үстінде
жүретін ұстаздан сабақ алғаныма шексіз ризамын. Мен өзім мамандық
таңдап бет алуыма ұстазымның еңбегі зор екендігін айта кеткім келеді.
Лайлим Калиевнаның алдағы еңбегіне шығармашылық табыс тілеп, аяулы
ұстазыма алғыс айтқым келеді.
Шәкірті: Муслимханова Әсел
10 сынып
Бейсенбекова Ләйлім Қалиқызы маған информатика пәнінен 8-
сыныптан бастап сабақ береді. Өз ісіне ұқыпты, тиянақты, жауапты
мұғалім. Сабақты өте жақсы өткізеді. Басқа мұғалімдерге ұқсамайтын,
ерекше мұғалім. Ләйлім мұғалімнің ісі сырттай қарапайым болғанымен
тарихтағы ең ұлы істің бірі. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»
дегендей, біздің информатика пәні мұғаліміміз Ләйлім Қалиқызы өте
жақсы мұғалім. Біздің мектебімізде де ұстаз есіміне лайықты ұлағатты
жандар бар. Солардың бірі – Ләйлім Қалиқызы, мен оны ең лайықты ұстаз
деп ойлаймын. Информатика мұғалімі өз пәнін өте жақсы менгерген, өз
ісінің маманы. Мектепке көп үлес қосып жатқан мұғалімдердің бірі.
Мұғалімдер арасында да сыйлы, білікті маман. Ләйлім Қалиқызы да менің
көңілімде жүреді, мен ол мұғалімді мақтан тұтамын. Информатика менің
ең сүйікті пәнім. Ләйлім Қалиқызы да менің ең сүйікті мұғалімім.
9 «Б» сынып оқушысы
Рахымбаева Балауса.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ
«№ 178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ» КММ
Мұғалім алғыс хаттары. грамоталары
• ҚР білім және ғылым министрі
А.Аймағамбетовтың құрмет грамотасы, 2020
жыл
• Семей қаласының Білім бөлімінің басшысының
грамотасы, 2019 жыл
• Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
қалалық комитетінің құрмет грамотасы, 2019
жыл
• Семей қаласындағы Құқық және бизнес
колледж, алғыс хат, 2016 жыл
• Семей қаласындағы Бизнес және сервис
колледжі, алғыс хаты, 2018 жыл
• Облыстық «Өрлеу» біліктілік орталығының
Алғыс хаты, 2018 жыл
• Дарын республикалық ғылыми практикалық
орталығы, грамота, 2018 жыл
• «Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми –
әдістемелік журнал, диплом, 2019 жыл
• «Болашаққа бағыт» республикалық ғылыми-
әдістемелік журналының алғыс хаты, 2019 жыл
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ
«№ 178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ» КММ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ
«№ 178 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙ» КММ