Инклюзивті білім беруді дамытуға серпін берген келесі екі оқиға 1960-1970
жылдары АҚШ-та болды. Біріншісі - нәсілдік теңдікті жақтайтын азаматтық
құқықтар қозғалысының басталуы, екіншісі - 1975 жылы мүгедек балаларды "ең аз
шектеулі ортада" оқыту талабын қамтитын мүгедек балаларды оқыту туралы Заңның
қабылдануы. Үшінші оқиға 1994 жылы маусымда Испанияның Саламанка қаласында
92 Үкімет пен 25 халықаралық ұйымның өкілдері кездескен кезде болды. Осы
кездесуде қабылданған "Саламанк декларациясы" деп аталатын келісім халықаралық
қоғамдастықтың барлығына білім беруге деген адалдығын көрсетеді. Декларация
барлық үкіметтерді "инклюзивті білім беру принципін заң немесе ереже ретінде
қабылдауға, егер басқаша әрекет етуге елеулі себептер болмаса, барлық балаларды
қарапайым мектептерге қабылдауға" шақырды. Кейінірек, 2006 жылғы желтоқсанда
БҰҰ Бас Ассамблеясының 61 сессиясы "Мүгедектердің құқықтары туралы"
Конвенцияны мақұлдады, онда қатысушы мемлекеттердің инклюзивті білім беруге
қатысты елеулі міндеттемелері қамтылды[2].
1-кесте. Арнайы білім берудің даму кезеңдері:
Кезең Уақыт аралығы Қысқаша сипаттама
І VIII ғасыр - ХII ғасыр
ІІ агрессия мен төзімсіздіктен
ІІІ аралығы мүгедектерге деген жиіркеніш сезім
ІV
ХII ғасыр - ХVIII ғасыр ұғымы
V аралығы
мүгедектерге деген жиіркеніштік
ХVIII ғасырдың аяғы - сезімінің тереңдеуінен көзі көрмейтін,
ХХ ғасырдың басы
аралығында құлағы естімейтін балаларды бөлек
оқыту мүмкіндігін ұғыну;
ХХ ғасырдың басынан –
ХХ ғасырдың 70- сенсорлық кемшіліктері бар балаларды
жылдарына дейінгі оқыту мүмкіндігінен жалпы даму
аралықта нормасынан ауытқыған балаларды
оқыту құқығының мойындалуы;
ХХ ғасырдың 70-
жылдарынан бастап дамуында ауытқуы бар балалардың тек
қазірге дейінгі аралық жекелеген категориялары үшін арнайы
білім беруді айқын ұғынудан барлық
арнайы білім беруді қажет ететін
балаларды оқытуға қарай өсу; арнайы
білім берудің жүйесін дамыту мен
саралау;
тең мүмкіндіктен тең құқыққа,
сегрегациялаудан (бөлектенуден)
интеграциялауға (кіріктірілуге) өту
кезеңдері.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуға, қарым-қатынасқа түсуге, өз
қызығушылықтарын мүмкіндігінше дамытуға, жетістіктерге жетуге және басқа да
мәселелер де тең құқылы. Себебі, инклюзивті білім беру жүйесінің жетекші идеясы
бұл жүйеге баланың дайындығы емес, керісінше жүйе кез-келген мүмкіндігі шектеулі
тұлғаны қабылдауға дайын болуы маңызды деп есептейді.
Сонымен қатар, инклюзивті білім беру идеясы екі, мүмкін үш негізгі факторға
негізделген. Біріншіден, инклюзивті білім беру, егер тиісті түрде іске асырылса,
ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білімді игеруді, әлеуметтік дамуды
және өзін-өзі бағалауды арттыруды қамтамасыз етеді. Қалған студенттер де білімді
сәтті игереді, сонымен қатар қоғамның алуан түрлілігін, әлеуметтік әділеттілікті,
теңдікті түсінуге және бағалауға және бір-біріне жақсы қарауға үйренеді.
Екіншіден, қазіргі уақытта көптеген елдерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар
студенттердің ерекше білім беру қажеттіліктері жоқ құрдастарымен бірге оқуға
құқығы бар екендігі жалпыға бірдей қабылданған болып саналады. Кейде үшінші
дәлел келтіріледі: инклюзивті білім беру оқушылардың арнайы мектептерде, әсіресе
ауылдық жерлерде тасымалдау және тұру шығындарын ескере отырып,
экономикалық тұрғыдан тиімді[2].
Қорыта келе, инклюзивті білім беру жүйесі кеше немесе бүгін пайда болған жүйе
емес екеніне, ғасырлық даму тарихына ие деген тұжырымдама жасадық. Шешілуі
қажетті болған мәселелерге ерекше назар аудару есебінен бүгінгі күні дамыған
елдерде бұл жүйенің толықтай енгізілгенін байқап отырмыз. Тарихсыз ештеме болмас
демекші, бұл жүйенің толықтай әрбір елде енгізілуі, сонымен қатар дамуы көптеген
факторларға тәуелді екенін ұмытпағанымыз абзал.