Орындаған:Наға шбай Құралай Ұлттық идея Егемен Қазақстан идеологиясының тұғыры
Жоспар 03 01 02 «Ұлттық идея» анықтамасы Ұлттық идеяның мемлекет Құрудағы маңызы Ұлттық идеяны дамыту – Қазақстандық идеологияның негіздері
Бар, әрине. Оның ең біріншісі, ата-бабамыздың қаны мен терінің арқасында аман қалған ұлан-асыр ұлттық территориямыздың тұтастығын сақтау. Екіншісі, сол кеңістікте өмір сүріп жатқан өзіндік дәстүр-салты, әдет-ғұрпы бар жұртымызды жаһанданудан сақтап қалып, оның шын мәніндегі ұлттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда соның ең бастысы – ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін күшейтіп, бүкіл дүние жүзіндегі мәдени ұлттық экономикалық, әлеуметтік дамудағы озық үлгілерді өз бойымызға терең сіңіріп алу болып тұр. Республикамызда ұлтаралық татулық бүгінде өз жемісін берді. Бұл да біздің ұлттық идеямыздың маңызды бір саласы еді. Қазақта ұлттық идея бар ма?
Қазақстан 2050 стратегиясы «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын-қатерді бөліп көрсеткен болатын.Елбасымыз осы он қатерді көрсете отырып, жаһандану жағдайында рухани құндылықтардың маңызы туралы: «Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз. 2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс», – деп шегелеп көрсетті. Қазақ зерттеушілерінің қазіргі алдында тұрған міндет те жаһанданудың тәуелсіз ііі
Халқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, елеусіз қалған бұл өсиеті – қазақтың дәстүрі, дәстүрлі дүниетанымы, қазақтың дәстүрлі дүниетанымынан нәр алған қазіргі «Мәңгі ел» идеясы. Бұл идеяның түп мақсаты – қазіргі әлемді дағдарысқа тіреген рационалды идеяларға балама ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен ұлттық дүниетанымын ұлттық, қала берді, барынша гуманистік идея ретінде әлемдік идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлемдік қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын рухани темірқазығына айналдыру болып табылады.Мәңгілік Ел идеясы –қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
Назарларыңыз ға рақмет!