The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Оқу әдістері (3) анарбек айзере

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Айым Шайыздар, 2024-05-06 09:22:24

Оқу әдістері (3)

Оқу әдістері (3) анарбек айзере

Қазақстан Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі А.Анарбек Оқытушыларға арналған оқу құралы Шымкент 2024


Шымкент, 2024 Анарбек АйзереУбайдуллақызы Оқыту әдістері: Оқытушыларға арналған оқу құралы Оқытудыбұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалынжеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылыстарды, процестердіжәне нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалықжәне ізденушілікжағдайға итермелейді. — оқушыларды бақылаужұмыстары нәтижесіне қорытындыжасай білуге дағдыландыру.


Мазмұны: 1. Алғы сөз.......................................................................................3 2. «Оқыту әдісі» ұғымының мән-мағынасы.................................4 3. Оқыту әдістерін топтамалау және олардың сипаттамасы......5 4. Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және оның критерийлері.....7 5. Глоссарий.....................................................................................11 6. Қорытынды..................................................................................12 7. Қолданылған әдебиеттер............................................................13


Алғы сөз «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімдіжәне денсаулығы мықты азаматтар. Қазақстан Республикасындағы 12 — жылдық білім беру Концепциясында «Қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерінің бірі өзгермелі әлеуметтік, экономикалықжағдайда тек өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар қалыптыжағдайдыңжақсыжағына қарай өзгеруіне белсенді түрде әсер ете алатын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру»,- депжазылған. Қазіргізаманғы ғылыми — техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар менжаңа міндеттержүктейді. Жас ұрпақтыжан — жақтыжетілген, ақыл — парасатты, ой — өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспенжаңаша істеуін қажет етеді. Олай болса, қызықты сабақтар мұғалімнің ашқанжаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсатмұраты.Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндікжұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына , адамның дербесжұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық пенжұмыс істеугежәне ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндікжасайды. Оқушыжүрегінежол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескеріп, білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғаның негізінің ашылуынажол көрсететін ұстаз. Ұстаз өзінің құзырлығының деңгейін бағыттыжетілдіріп, ой, іс бірлігін қатар дамыту қажет.«Еліміздің ертеңі бүгінгіжас ұрпақ қолында, алжас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» -деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев. 3


2. Әдіс – оқу-тәрбиежұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіпжұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқажету үшін істелетінжұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге,жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдықжұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасынжақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ойжұмыстары тәсілгежатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: * ой,зейін, ес, қабылдау, қиялдыжақсарту тәсілдері; * мәселеліжағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; * оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; *жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерліктіжасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері,зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. 4


3. Оқыту әдістеріжәне олардыжіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік,зерттеу,зертханалық әдістерінжетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелікжұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқажету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлікжәне дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқажету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудыңжолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығыменжұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ойжұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді 5


Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол ісәрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс. Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы,жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды,заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелердіжаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оныжаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оныжай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес біріншіжағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайдыжәне ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарғажауап іздейді. Бұлжерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақжаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсіліжаттау, оқушылардың үлгі бойыншажұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз. Сондықтан оқушының кітаппенжұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппенжұмыс оқу әдісі болып табылады. 6


4. Әл-Фараби «Оқытудың негізгі әдісі — көрнекілік» деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көпжағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарғажәне техникалық құралдарға байланысты. 7 Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетедіжәне оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептержәне проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетіменжұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибежүргізу, қосымша ақпарат, фактілердіжинап оларды өз бетімен талдаужәне қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдардыжинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.


Көрнекілік әдісі оқытудың сөздікжәне тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде үш үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрацияжәне демонстрация. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин) Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. 8


Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар — мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды,жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзатжинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілгенжәне көп елдерде қолданылады. Түсіндермелі- иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең тараған. Ол арқылы білім «дайын» күйінде беріледі. Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды. Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелікжұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдемжаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек. Мәселелік әдісті қолданғанда оқушылар орындайтын іс-әрекеттен шығармашылық іс-әрекетке көшеді. Бастауыш мектептің оқушылары мәселелік міндеттерді өз бетімен шеше алмайды, сондықтан мұғалім оларға мәселені шешужолдарын көрсетеді, мәселені толықтай өзі шешеді. Оқушылар мәселені шешпесе де, танымдық қиындықтарды шешужолдарын көреді.Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс. Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. 9


Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім олардыжеке затжәне құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. Индуктивтік әдіс. Индукция — латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларғажеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады. 10


Глоссарий 1. Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі. 2.Дидактика – гректің didaktikos деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді. 3. Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптаржүйесімен анықталады. 4. Білім беру мазмұны – жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағдыжүйесі білім беру мазмұны болып табылады. 5. Оқыту технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтержиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымыжәне қамтамасыз етілуі. 6. Ұжым – қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізіндежалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынасжасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі. 7. Әдіс - білім беру, тәрбилеужәне дамыту барысында белгіленген мақсатқажетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеудіжүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің біржолы. 8. Принцип - іс-әрекеттегі негізгі, іргелі ой, жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші ұғым ретінде қаралып, қандай да бір қағиданы қарастырып отырған құбылыстажинақтаужәне таратуды көрсетеді. 9.Баяндама - нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру, оқушылардың өз бетіменжұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналады. 11


Қорытынды: Осы әдіс-тәсілдердің мұғалім бойындағы қалыптасуы мұғалімнің шығармашылдыққа бет бұрғандығының көрсеткіші бола алады. Алғашында оқушы алдындағы сенімге ие болу мен танылу,жаңашылдық пен шығармашылыққа ұмтылу, өзіндікжетілу мен өзіндік даму, баламен жұмысжасау барысындағы қиыншылықтарды оңтайлы шешу, балада білімге деген талпынысты қалыптастыру, өзін өзісінің шебері ретінде таныту мен адал қызметжасау түрінде байқала бастаған қызмет түрткілері құзырлылықтың, кәсібиліктің негізіне айналады. Кәсіби құзырлылық деңгейінежеткен маман шығармашылықжұмыс нәтижесінде өзіндік тәжірибесінің ерекшеліктерін көруге, өз тәжірибесінің мақсатқажетудегі артықшылықтарын, оғанжетудің тиімді жолдарынжәне болжамды нәтижені сипаттап, ұзақ уақыт тиімді де, жоғары нәтижені ұстап тұру мүмкіндігіне ие болады. Тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықтыжеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіпжұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Білім беру мазмұнынжаңарту аясында өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана тиімді нәтижегежетеміз деп сеніммен айта аламын. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларыныңжас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат — мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдіс-тәсілдердіжүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. 12


Қолданылған әдебиеттер: 1. «Қазақстанжолы– 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 2. Захарова Е. А. Требования к профессиональному развитию педагогов в условиях последипломного образования // Молодой ученый. – 2011.- №3 Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. — Алматы. 2001 Қаленова Г. С. Педагогикалық ғылым Алматы 2003ж. Интернет ресурстар https://emirsaba.org/referat-tairibi-bilim-beru-jalpi-adamzatti-ndili- retinde.html https://kk.wikipedia.org https://stud.kz/referat/show/109691 13


5.о қ 3.ғ Кроссворд: 1.о 2.қ ы 4.т у й а л ә ш ы б ы р ы Оқыту әдісінде білімді тәжірибелік бекіту және тексеру: 1. оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілетіжетіледі, қарымқатынасжасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. 2. әрекеттің белгілі бір саласында ерекше біржетістіккежетугежағдай жасайтын, адамның дамуыныңжоғарғы дәрежесі. 3. лат.scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар,зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын зерттейді 4. жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатындажүргізілетінжүйелі процесс дегеніміз не? 5. Мектепте білім алатын тұлға атауы қандай? 1. 14 н і м б л и е е т


2. Тест 1.Оқытудың функциялары: А)білімдік, тәрбиелік, дамытушылық; В)ынталандыру; С)ізгілендіру;Д)білімдік, ынталандырушылық; Е)тәрбиелік. 2.Білім: А)алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады; В)адамзаттыңжинақтаған тәжірибесі,заттар мен құбылыстарды,табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі; С)қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану; Д)білім, іскерлік пен дағдының бірлігі; Е)оқыту нәтижелері. 3. «Дидактика»ұғымын алғаш ғылымға енгізген: А)А.С.Макаренко; В)Я.А.Каменский; С)А.Дистерверг; Д)К.Д.Ушинский; Е)Ратке 15


4.Дидактиканы басқаша не деп атаймыз: А)оқыту теориясы; В)тәрбие теориясы, С)мектептану;Д)білім беру; Е)Дамыту теориясы. 5.Дидактиканың негізін салушы: А)А.С.Макаренко; В)Я.А.Каменский; С)А.Дистерверг; Д)К.Д.Ушинский; Е)Ратке 6.Я.А.Каменскийдің еңбегі: А) «Ұстаздық дастан» В) «Ұлы дидактика» С) «Дидактикалық материалдар»Д) «Мектептіңжас директорымен сырласу» Е) «Балаға жүрекжылуы» 7 .Көру, есту т.б. кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың саласы: А)педагогика тарихы; В)еңбектік түзету педагогикасы; С)арнайы педагогика; 16


Д)жоғары мектеп педагогикасы; Е)өндірістік педагогика. 8.Көрнекілік принципінің негізін қалаған: А)Я.А.Каменский; В)К.Д.Ушинский; С)А.Құнанбаев; Д)М.Жұмабаев; Е)И.Г.Песталоцци. 9.Түсініктілік принципі дегеніміз: А)оқыту мен тәрбиені оқушылардың дайындық дәрежесіне сай ұйымдастыру; В)табиғат,қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білу; С)теория мен практиканың байланысы; Д)оқушылардыңжасжәне дара ерекшеліктерін есепке алу; Е)жеке адамның әржақты дамуына , оқыту мен тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасау. 10.Оқыту принципі дегеніміз: А)оқытудың мазмұнын ашатын ережелер мен қағидаларжиынтығы; В)білім беружүйесі; С)оқытудың заңдылықтары; Д)оқыту әдістерініңжүйесі; Е)тәрбие процес інде басшылыққа алынатын ережелер мен қағидалар жиынтығы. 17


Click to View FlipBook Version