The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Проза
Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Бахыт Мырзамуратова, 2022-12-02 00:51:54

Көшпенділер ІІІ. Қаһар Ілияс Есенберлин

Проза
Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.

Тұрған соң хан қамығып, ел жабығып
Досқожа толғай берді кегін қайрап...
Көш ұзаған сайын, жыр да ұзай берді, Шыдай алмаған Кенесары алға қарай асыға шаба жөнелді.
Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, Иман, Құдайменді, Наурызбай, Бопай, Таймас, әбілғазы, тағы бір топ кісі
аттарын борбайлай қамшылап соңынан ерді. Осыдан жеті жыл бұрын, көтеріліс басталған сәтте-ақ
Кенесарыға қосылған бұл батырлардың ішінде, ел билігін қайтадан қолына алған Жоламан сұлтан ғана жоқ
еді.
Кенесарының бұл асыға көтерілуі ажалына асығуы болды. Екі жыл өтпей биылғы көрген түсі дәл
өңіндегідей келіп, ол Кекілітауының бауырынан ажал тапты.
Ал мынау көш Шыңғысхан шабуылынан бастап, алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы, тәуелсіздігі
үшін күрескен қазақ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді.


Click to View FlipBook Version