Қаңтардың он тоғызы
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Жазушы шығармашылығы
Сенің білетінің:
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы;
М.Әуезов шығармашылығы
Сенің меңгеретінің:
әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді
қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық
мүдде тұрғысынан ашу
көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін
жинақтау мен даралау арқылы өмір
шындығын көрсету.
«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи
романдар топтамасы - қазақ халқының тұңғыш эпопеясы.
1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа
шықты.
Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО
Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт
томына Лениндік сыйлық (1959) берілді.
Романға тән ерекшелік Роман-эпопеяға тән ерекшелік
1.Адамның жан-дүниесін, болмысын, 1.Бүкіл бір дәуірді кеңінен қаптып бейнелейтін
тұтастай өмір белестерін кең ауқымда кеңтынысты, сан-саналы эпикалық шығарма.
суреттейтін проза жанрының бір түрі.
2.Сюжеттік құрылымы шытырман 2. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің
оқиғаларға толы әрі көлемді болып типтік оқиғаларының кең көлемде суреттелуі.
келеді. Бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ
идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік
тұтастықта баяндайтын прозалық кесек туынды.
3.Жеке адам тағдыры арқау болады. 3.Жарты ғасырлық немесе бір ғасырлық қоғамдық
өзекті мәселелерді қозғап, халықтың тұрмысы мен
тіршілігінен сыр шертеді. Сондай-ақ кейіпкер
сипаты байсалды түрде дараланады.
Роман – күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық
түр. Өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған,
композициялық күрделі құрылымнан тұрады.
Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі.
Сюжеттің негізі – өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс.
Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке
адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп,
әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады.
Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі
бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы.
Сюжеттің басталуы (латынша – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар
өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ
қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше
жағдайларға, шиеленістіре байланысты.
Шарықтау шегі (латынша – шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар
арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық
тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Шешім – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар
арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі.
АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ
Әдебиет теориясында әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп
танылып жүр. Сонда, мысалы, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең
көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, новелла, сюжетті
қысқа өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге – повесть, поэма, ал, кең көлемді эпикалық
түрге – роман, эпопея жатады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада
өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өз ара қарым-
қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылады. Мысалы, М.Әуезовтің
«Абай жолы» романында да өмірдің күрделі шындығы, тарихи тағдырлары, оқиғалар
мен құбылыстар, жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-
қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан
қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы) одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер –
жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, адамның рухани бітімі, Құнанбай, Абай, Зере,
Ұлжан, Дәркембай, Базаралы, т.б көркем тұлғаларға жинақталғанын көреміз.
Роман-эпопея эпикалық жанрдың кең мүмкіндіктерін танытты. М.Әуезовтің «Абай
жолы» роман-эпопеясы қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі болып
саналады.
М. Әуезовтың «Абай жолы» романының 1-кітабы жеті бөлімнен тұрады
Қайтқанда – 13 жасар Абай ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып
Барлас пен Байкөкше келеді.
Қат – қабатта – Елде көш-қон. Жер дауы кезінде Бөжейге дүре соғылады.
Жолда – Бөжейлер Құнанбай үстінен арыз жазды. Абай да бірге Қарқаралыға жол алады. Ол жерде
Абай Шөже ақынды көреді. Алшынбай Құнанбай мен Бөжейді татуластырады. Бөжей Кәмшатты
алып кетеді.
Шытырманда – Жер, қыстау мәселелеріне Абай араласады. Түйеөркеш деген жерде Тоғжанды
кездестіреді. Кәмшат қайтыс болады. Соңынан Бөжей кетеді.
Бел – белесте – Жігітек, Көтібақ, Бөкенші мен Ырғызбай араларында үш күндік шайқас өтеді. Арыз
түсіп, Чернов деген шенеунік Құнанбайды алып кетеді. Құнанбай Майырды конякқа тойғызып, іс-
қағаздарды жандырып жібереді. Тоғжан мен Абай кездеседі.
Өрде – Ұлжан Ділдәнің ауылына құдалыққа барады. Абай Бөжей асына ат салысады. Абайдың
Тоғжанмен соңғы кездесуі.
Қияда – Абай 17 жаста әке атанады (Ақылбай мен Күлбадан). Жұт болады. Абай халыққа
қамқорлық көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлаумен айналысады.
Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке айдалады.
1-тапсырма. М.Әуезов шығармашылығына талдау жаса
Ғылыми мұрасы
Шығармалары. Прозасы
Драмалық шығармалары
Абай жолы» роман-эпопеясы туралы
Көркемдік уақыт
Кейіпкерлер жүйесі
Дескриптор:
Ғылыми мұрасы -1
Шығармалары-1
Прозасы-1
Драмалық шығармалары-1
«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы-1
Көркемдік уақыт-1
Кейіпкерлер жүйесі-1
Барлығы – 7 балл
2-тапсырма. Роман, роман-эпопеяға тән 3 ерекшелікті ата.
Роман Роман-эпопея
1. 1.
2. 2.
3. 3.
Дескриптор
Роман, роман-эпопеяны бір-бірінен ажырата алады-1;
Романға тән ерекшілікті атайды-1;
Роман –эпопеяға тән ерекшелікті атайды-1
Барлығы-3 балл