The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by stb.sarin, 2018-11-14 08:41:19

Ақша айналымы сыныптан тыс жұмыс

Шұбарқұдық гимназиясы




















Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы:





Ақша айналымы














Математика пәні мұғалімі


Сарин Тимур Берікбайұлы















2018-2019 оқу жылы

Күні: 15.11.18
Сабақтың тақырыбы: Ақша айналымы
Білімділік: оқушыларға ақша айналымы туралы түсінік беріп, ақша айналымы
мен ақша түрі мен ақшанынң пайызына қатысты есептер шығарудағы білім білік
дағдыларын арттыру.
Дамытушылық: оқушыларды өз бетімен және топпен жұмыстануға үйрету,
логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын ояту, белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тазалыққа және
патриоттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабағы
Әдісі: түсіндірмелі, есептер шығару, сұрақ жауап.
Көрнекілік құралдар: тарату материалдары, интерактивті тақта, бейне ролик.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау, топқа бөлу
Жоспары:

 Ақша айналымы туралы түсінік;
 Бейне ролик;
 «Кім жылдам» сайысы;
 Сұрақ-жауап капитандар сайысы;
 Жеңімпаз топты марапаттау.
 Қорытынды
Ақша айналымы
Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен
бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ.
капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір
жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік
өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне
өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы
“Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша
айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша
бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі,
ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі
ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста
қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша
белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне
қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің
міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.
1991 ж. қаңтарда “1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша
бірліктерін КСРО Мембанкіде төлем ретінде қабылдауды және олардың

айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша
беруді шектеу туралы” Президенттің Жарлығы мен КСРО Министірлер
Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа
купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаның жаңа ақшаға айырбастауына
не бары үш күн уақыт берілді. Бір адамның ауыстыратын ақшаның ең жоғары
мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын
мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада
ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссмяға
бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою
енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне
байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-
құжаттарына белгі қойылды.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға
кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре
берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси
тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен
экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін емстігіне
байланысты бір тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдыраған соң ақшаны дизентеграциялау процесі өте күрделі
жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын
енгізілумен аяқталды.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу туралы”
Жарғыға қол қойды. Осы жарлыққа сәйкес: 1993 ж. 15 қарашада сағат 8–де

Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды
төлем құралы болып тағайындалады. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-
қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
 Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1
теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18 аралығында екі
валюта – сом және теңге – айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100
мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол
туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы
банктегі апнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы
болмады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталықкурсын
бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болады.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір
бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен
өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша
айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар
айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын
қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.

Кім жылдам сайысы

Тапсырма:
№1. Жинақ банкке жылына 8%-тік өсіммен 3000 тг салынды. Жинақ банкке
салынған ақша 3 жылдан соң қанша болды?
№2. Жинақ банкке жылына 10%-тік өсіммен 700000 тг салынды. Жинақ
банкке салынған ақша 3 жылдан соң қанша болды?
№3. Жинақ банкке жылына 15%-тік өсіммен 400000 тг салынды. Жинақ
банкке салынған ақша 3 жылдан соң қанша болды?
№4. Жинақ банкке 8%-тік жылдық өсіммен 750000 тг салынды. Егер банкке
салынған осы ақша үш жылдан соң алынса жай проценттік өсіммен неше тг
болады?
№5. Банкке 10%-тік жылдық күрделі өсіммен салынған ақша 2 жылдан соң
605000 тг болады. Алғашқыда қанша ақша салынды?
№6. Мирас 195 санын 20%-ке кемітті де, оның 75%-ін есептеп тапты. Мирас
қандай санды есептеп тапсы?
№7. Саттар кредитке көлік сатып алу үшін алдымен сол көліктің құнының
25%-ін алдын-ала төлеу қажет. Саттар көлікті кредитке алуға 450000 тг төлегені
белгілі болса, көлік бағасы қанша тг?
№8. Бақтағы ағаштардың 84%-ті жеміс ағашы болса, оның 25%-ті шие
ағаштары болса. Бақтағы ағаштың неше %-ті шие ағашы?
№9. Картоптың 20%-ті крахмал, ал сұлының 60%-ті крахмал. 2кг сұлыдан
алынған красмалды қанша кг катоптан алуға болады?

Сұрақ – жауап.

№1. ҚР Ұлттық валютасы?
№2. 1 теңге қанша тиынды құрайды?
№3. Ұлттық валюта –теңге енгізілді?
№4. Теңгенің алғашында 1 долларға
шаққандағы құны қанша болды?
№5. 500 рубль қанша теңгемен
айырбасталды?

Жеңімпаз топты марапаттау.
Қорытынды.


Click to View FlipBook Version