The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zhandos.kaldybaev, 2024-02-06 14:18:38

технологик карта 1

технологик карта 1

Технологиялық карта Тақырып Қазақстандағы мәдени өмір Жалпы мақсат: Соғыстан кейінгі ғылымның даму ерекшеліктерін айқындай алады, әдебиет және музыка өкілдері мен кино туындыларын айта алады. Міндеттері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлтаралық қатынастар мен мәдениетті сипаттау; Ұлттық ғылым академиясының жұмысын саралау; Қазақ кеңестік өнерінің даму бағытын анықтау; Соғыстан кейінгі кезеңдердегі Алматы қаласында бой көтерген оқу орындарының қоғамдағы рөлін айқындау; Студенттер білуі тиіс: Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орнындары мен киностудияларды анықтайды; Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтарды баға бере алады; КСРО дәуірдегі Қазақстан мәдени ахуалының ерекшеліктерін бағалайды сипаттай алады; Тарихта мәдениет пен тілдің біртұтастығының құндылығын бағалай алады; Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін саралай алады. Түйін сөздер Прогресс, өнер идеологиясы, ғылым академиясы, ЮНЕСКО, технологиялық карта Оқу процесінің технологияси Сабақ түрі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру сабағы. Сабақ формасы: жұптық, топтық форма. Сабақты ұйымдастырудың негізгі әдістері: «Идеялар генерациясы» әдісі арқылы коллаж ұсынып, топтық талқылау ұйымдастыру Құралдар: сызбалар, үлестірмелі материалдар. Тәсілдер: сұрақ-жауап, миға шабуыл, түсіндіру, иллюстрация. Бақылау әдістері : сұрақ-жауап (жеке, фронталды), байқау, шығармашылық жұмыстар ( коллоквиум ). Бағалау: рейтинг, баллдық жүйе. Күтілетін нәтижелер Мұғалім: аудиторияда проблемалы жағдай туғыза алу. тыңдаушылардың қызығушылығын оята алу. тыңдаушыларды өзіне қарата алу. оқу материалын жүйелі, тартымды жеткізу. Білім алушы: тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену, өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту. Білім алушы: Барлығы: ғылым, әдебиет, музыка мен өнер саласындағы жаңалықтарды айқындай алады. Көпшілігі: қазақ мәдениетінің дамуына шектеу келтірген кедергілерді түсіндіріп бере алады. Негізгі мәліметтерді анықтап, кесте толтырады. Жекелеген: мәдени өмірдің дамығандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп бере алады. Келешекте орындалатын жұмыстар (талқылау, -өзгерістер ендіру). Мұғалім: тақырып бойынша лекция дайындау; тренинг өткізу үшін материал жинау; іс жүзінде қолдану (сабақ өту) ; жаңа материалдар мен байыту Білім алушы: тақырып пен танысып, тренинг өткізеді; ұжымда талдау жасайды; көрнекі құралдар мен стендтер дайындайды; мұғалімдер арқылы өз ұжымында жүзеге асырады.


Click to View FlipBook Version