Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектеп Ғылыми жұмыс: «Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер» Орындаған: Шындалы Шәкірат 8-сынып оқушысы. Жетекші: Бекжан Елжетпес Математика пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазалы ауданы Бозкөл ауылы Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектеп Тақырыбы: Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер Бағыты: Жаратылыстану Секциясы: математика Орындаушы: Шындалы Шәкірат – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектебінің 8 сынып оқушысы. Жетекші: Бекжан Елжетпес математика пәнінің мұғалімі 2012 жыл
Мазмұны І. Кіріспе.............................................................................................1-2-бет ІІ. Зерттеу бөлімі 2.1. Қол-таразы, көңіл-қазы...............................................................3-5-бет 2.2. Қарыстың алыстығы бар, Сүйемнің жақындығы бар...........................................................6-8-бет 2.3. Туған елің болмаса, тумай-ақ қойсын күн мен ай...................9-11-бет 2.4. Төрт түлік және ұлттық өлшемдер.........................................12-13-бет 2.5. Халық өлшемі-математикада.................................................14-бет ІІІ. Қорытынды..................................................................................15-бет IV. Ұсыныс..........................................................................................16-бет V. Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................17-бет
Мақсаты: Халқымыздың байырғы өлшем бірліктеріне қазіргі халықаралық өлшем бірліктерімен салыстыру. Бұл өлшемдерді әдеби еңбектерден ғана оқып емес, күнделікті сыныптан тыс жұмыстарда, өмірде пайдалануға болатындығын көрсету. Міндеттері: - Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер туралы нақты мәліметтер жинақтау. - Байырғы өлшемдер мен қазақ балуандары мен спорт жұлдыздарының көрсеткішін насихаттау. - Сыныптан тыс үйірме жұмысында байырғы өлшемдер туралы айтып, сыныптастарымның зерттеу жұмысына деген құлшынысын арттыру. Маңыздылығы: - Халық арасынан кеңінен тараған байырғы өлшемдердің шамасымен таныстыру. - Байырғы өлшемдердің қазіргі халықаралық бірліктермен салыстыру. - Төрт түлікті және оларға қолданылатын құралдардың салмақ, ұзындық өлшемдеріне қатысын көрсету.
Аннотациясы «Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер» атты жобалық жұмысым кіріспе, зерттеу және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімінде қазақ арасына кең тараған кейбір байырғы өлшемдік терминдердің басқа елдердің өлшемдерімен салыстыра көрсетілген. Ежелгі өлшемдеріміздің дәл баламасы болмағанымен, өмірде пайдалану, қолдану аясы жағынын өзге елдердің өлшем бірліктерімен ұқастықтары бар екендігі нақты мысалдармен дәлелденген Ал зерттеу бөлімін төрт тарауға бөліп қарастырдым. 1«Қол-таразы, көңіл қазы» тарауында Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен таралған кейбір салмақ өлщем бірліктерін қазақ палуандары Балуан Шолақ пен Қажымұқанның көрсеткен ерлік істері арқылы ұтымды көрсетуге талпындым. 2.«Қарыстың алыстығы бар, сүйемнің жақындығы бар» тарауында ең көп таралған байырғы ұзындық және қашықтықты білдіретін өлшемдер туралы сөз қозғалды. 3.«Туған елің болмаса, тумай-ақ қойсын күн мен ай» тарауында халқымыздың бай тәжірибесіне сүйене отырып, сұйықтық және уақыт өлшемдерінің ұлттық ерекшеліктерін баяндадым. 4.«Төрт түлік және ұлттық өлшемдер» тарауында ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ төрт түлікке байланысты түрлі өлшем бірліктердің бай тәжірибесін жинақтағанын нақты дәлелдеме арқылы көрсеттім.Онда уақыт өлшемдері, қашықтық өлшемдері, адамның жасына қатысты өлшемдер, көлем өлшемдері, төрт түліктің жеке топтарына қатысты өлшемдер туралы сөз қозғалды. 5.«Халық өлшемі-математикада тарауында логикалық есептерде, теңдеу құруда байырғы өлшемдерді еңгізіп, оқушының пәнге деген қызығушылығы арытатынын көрсеттім. Қорытынды бөлімде қазақтың байырғы өлшемдерінің тарихи таным түрінде ғана белгілі болып, көне мұра ретінде сақталып, тарих қойнауында ұмытылып бара жатқандығын, халықаралық аренада көп қолданылатын өлшем бірліктерді өзгерту оңай емес екендігін, сонда да болса, қазіргі таңда өндірісіне ерекше көңіл бөлініп отырған қазақтың ұлттық тағамдарын (бренд) байырғы өлшемдермен атап, айналымға шығарсақ деген пікірімді тұжырымдадым. Сонымен бірге математика пәнінде байырғы өлшемдермен берілген есептер құрастырылса деген ойым бар екендігін көрсеттім.
Аннотация В работе “ Широко распрастряннные древние меры измерения среди казахского народа использованы введение, исследовательская работа а также заключительная часть. Во введении широко использованы термины, бывшие в обоходе у казахов,сравнивая их с мерами измерения других народов Средней Азии. Древние измерения с некоторыми изменениями схожи по звучанию с мерами измерение других народов, что доказано в иследовательской работе. Исследование состоит из пяти разделов. 1. В первом разделе «Рука весы-душ судья» на примере Балуан Шолако и Кажымукана развитие в Средней Азии мера весов. 2. В разделе «У карыса дальше расстоянии, чем у суиема» (карыс растояние вытянутых большого и среднего пальца, а суием растояние большого и указательного пальца) хотел покозать самые распрастраненные меры измерения длины и дальности растояния. 3. В разделе «Пусть не входить солнце, не взойдет луне, если нет родного края». Опираясь на богатый опыть своего народа, покозал меры измерения жидкосты и времени в народной особенности измерения. 4. В разделе «Домашний скот и народные измерения» доказоно, что казахский народ издревле пас бескрайной широкой степи, и его жизн было тесно связно с животным миром. В этом разделе собраны доказательство богатого опыта, связанные с временем, деятельностью измерения, возрастные измерения, обьемные, а также измерения, связанные с человеческой деятельностью. 5. В разделе «Народные измерения в математике» дано обьяснение применений бывших употребленими меры измерении в логическом, в употреблении математических задач на уроках в школе, что приведет к возрастнию интереса учащих к данному предмету- математике. В заключительной части работы о традиционных измерениях казахского народе, что они являются исторический ценностями, их нельзя предать заблению их надо внедрять в жизнь называть продукты бренд традиционными измерениями, внедрять в оборот речи.
Annotation The work “widespread ancient measure among the Kazakh people” used the introduction and research work as well as the final part. In introduction of widely used terms that were in the passing comparing them with the measures of the other folk of Central Asia. Ancient measurement with some changes is similar in sound to measures of measurement of other nations, as proven in study work. Investigation consists of 5 sections. First section “hand of all the souls of judge” for example Baluan Sholak and Kazhymukan development in Central Asia measure weights. Second section the “қарыс” further distance than the “сүйем” ( “қарыс” distance outstretched thumb and middle finger and “сүйем” distance of the thumb and index finger) wanted to show the common measure of length and range of distance. Third section “Let doesn’t the sun enter, won’t ascend to the moon if there no native land”. Relying on the rich experience of the people, showed a measure of the fluid and time in the popular features of the measurement. Forth section “A livestock and folk measurement” has proved that the Kazakh people since ancient times grazed the boundless, wide steppe and his life closely connected with fauna. This section contains the proof of the rich experience, related to the time, the activities of measure, age measuring volume, as well as measurements related to human activity. Fifth section of “popular measure in mathematics” explanation on the application of formed in use of the measures dimension in a logical, in use of mathematical problems on the lesson in school, which will lead to the increase of the interest of teachers for this subject – math. At the final part work on the traditional measurements of Kazakh people, because they are historical values, they can’t be forgotten them should introduced into the life of the name brand products traditional measurements, introduce in a manner of speaking.
Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Шындалы Шәкіраттың «Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер» тақырыбында ғылыми жұмысына Пікір 8-сынып оқушысы Шындалы Шәкірат өз зерттеу жұмысын «Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер» деп атапты. Ол зерттеуде байырғы салмақ, уақыт, ұзындық, қашықтық, өлшемдерін көрсеткен және оларды қазіргі өлшем бірліктерімен салыстырып жазған. Бұл өлшемдердің өз халқымыздың экономикалық сөздіктеріне енгізуге, кластан тыс жұмыстарда халық өлшемдерін пайдаланып есептер шығаруға болатынын көрсеткен. Жетекші: Математика пәнінің мұғалімі Бекжан Елжетпес Мектеп директоры: М. Қани
І. Кіріспе бөлімі Халық қалпына келмей, Салтына келмейді. (Қазақтың мақал-мәтелдері) «Байырғы өлшемдер» деген атаудың өзіде шартты ұғым. Өйткені бұл терминге алғашқы қауым адамдары пайдаланған ұзындық, салмақ тәрізді шамалардың ең тұрпайы өлшемдерінен бастап осы күнге дейін маңызын жоймаған ярд, дюйм, қадақ тәрізді өлшемдер де жатады. Метр, секунд, килограмм тәрізді қазіргі өлшемдер қолданысқа келгенше адамзат қоғамы өте ұзақ әрі қилы- қилы кезеңнен өтуіне тура келді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпаның дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша «арпа дәні» алтын мен асыл тастардың салмағын бағалауға арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Ол шамамен 45 мг болады. Басқа бір жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Мысалы, Дешті Қыпшақта арпа дәні үшін аттың қатар қойылған алты тал жалы алынған. Ал алты дәннің еніне тең өлшем бармақ деп аталған. Ертедегі халықтардың ішінде тек ежелгі вавилондықтарда ғана біраз жүйеге келген өлшемдер болған. Тәулікті күн мен түнге бөлу, ал олардың әрқайсысын тең 12 мерзімді бөлікке бөлу де солардан шыққан. Ыдыстағы судың толық ағып бітетін уақытын сағат деп атау да алғаш осы вавилондықтардан бастау алған. Кейбір өлшемдердің шығу тарихы да қызық. 1101 жылы ағылшын королі Генрихтың әмірі бойынша «ярд» өлшемі тағайындалыпты. Алғашқы қабылданған күйінде «ярд»- корольдің мұрнының ұшынан кере созылған ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа тең. Заманында ата- бабаларымыз кеңінен қолданған «қолдың қары» атты өлшеміміз осы ағылшын ярдымен шамалас. Ал Россияда І Петрден бастап Октябрь революциясына дейін қолданылып келген ағылшын футы біздің ескілікті өлшеміміз «табанға» сәйкес келеді. Тіпті «foot» - ағылшын тілінде «табан» деген мағына береді. 1324 жылы Англияның басқа бір королі ІІ Эдуард ұзындық (қалыңдық десе де болады) өлшемінің тағы бір түрі Дюйм (голланд тілінде «duim - бармақ буыны») – халқымыздың байырғы «бармақ» өлшеміне сәйкес келеді. Осы өлшемдерді әр халық өз қажетіне қарай пайдаланғанынан- ақ көруге болады. Мәселен, «табан» өлшеміне біздің халқымыз табанның енін алса, ағылшындарша фут- табан тұрқына тең. Сол сияқты ағылшын дюймі де-қазақ арасында қолданылатын бармақ ені емес, бас бармақтың ұшынан бірінші буынына дейінгі аралыққа тең. Дюйм үшін 2,54 см, ал кейбір мәліметтер бойынша бармақ үшін 2,18- 2,54 см алынған. 1
Қазақ арасында «бармақ» қазының қалыңдығын бағалауға қолданғаны белгілі. Реті келгенде қазы майының қалыңдығына қарай ала бұлт қазы, пышақ сырты қазы, шынашақ қазы, бір, екі, үш және төрт елі қазы, табан (төрт еліден үлкен сүйемнен кіші) қазы деп аталатынын ескерте кетейік. Енді біраз ежелгі өлшемдеріміздің бұлар сияқты дәл баламасы болмағанымен де, өмірде пайдалануы, қолданылу аясы жағынан басқа елдердің өлшеу бірліктерімен ұқсастары аз емес. Мысалы, орыстың «верстасымен» шақырымымыз, «долясымен» мысқалымыз немесе ағылшынның «фунтымен» қадағымыз шығу төркіні жағынан да, атқаратын қызметі жөніненде ағайындас,тектес десек жансақ айтпаймыз. Халық арасында кең тарап, оның көшпенділік өмірінде ыңғайлы да, үйлесімді қолданылған «мес», «торсық» тәрізді сұйық және сусымалы заттар көлемін білдіретін өлшемдер, орыстың қалың бұқара арасында алыс-беріс, айырбас жұмыстарында қолданылып келген «бочкасы» мен «ведросының» қызметін атқарғаны даусыз. Сөзіміз дәлелді болу үшін қазақ арасында кең тараған кейбір байырғы өлшеулік термендерді басқа елдердің өлшемдерімен салыстырмалы түрде және олардың метрлік системамен қатысын төмендегі таблицада көрсетіп отырмыз: Өлшеу техникасы жөніндегі оқулықтар мен техникалық әдебиеттерден «ярд», «дюйм», «фунт» сияқты ескілікті өлшемдердің күні бүгінге дейін маңызын жоя қоймағандығын байқауға болады. Өндірістік маңызы бар кейбір ұзындық өлшемдері (мысалы, құбырдың диаметрі) қазірдің өзінде дюйммен берлетінін талай естіген боларсыздар. Бұл келтіріліп отырған мысалдардан қазақтың халықтық терминдерін шығу төркіні, қолданылу мақсаты, өміршеңдігі, аталу сәттілігі жағынанда басқа халықтардың ұлттық өлшемдерімен деңгейлес болғанын байқауға болады. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшеулік мәні бар байырғы терминдеріміз ұлт шеңберінен аса алмай, нақты мәнге ие бола алмаған. Сондықтан да қазақтың «бармағы» мен «табаны» немесе «құлашы» мен «қарысы» арық пен семіздің, ұзын мен қысқаның жекелеген мүшелеріне тәуелді күйінде қалып қойған. [1] Барлық жерде қолданылып келе жатқан байырғы өлшемдер әр елдің көне мұрасы ретінде ғана сақталып, тарих қойнауында қалып барады. 2 Қазақтың байырғы өлшеулік терминдері Басқа елдердегі баламасы Метрлік жүйедегі мәні Қолдың қары Ярд 0,9144 м Бармақ Дюйм 2,54 см Мысқал Доля 4,44 г Шақырым Верста 1,066 км Қадақ Орыс фунты 409,5 г
ІІ. 1 Қол-таразы, көңіл-қазы Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, түтам, қарыс, сүйем, кез,, құлаш, шақырым деп атаған. Халық арасында, әсіресе, ауылдық жерлерде жие қолданылмайтын «бие сауым», «сүт пісірім», «мысқыл» т.б қашықтық өлшемдер мен салмақ өлшемдері – халықымыздың ғасырлардан туындаған күнделікті тұрмыстарында қолданылған бірліктер. Енді осы өлшемдердің қазіргі кездегі халықаралық өлшемдермен салыстырғанда қандай дәрежеге ие болатындығын көрелік. Бір ескерелік жайт, қазіргі сантимерт, метр, шақырымдар шамалап алынған. Өйткені дене мүшелері арқылы өлшенетін өлшемдер адамның дене бітіміне қарай көрсетілген шамадан әлде қайда қысқа не ұзын болуы мүмкін. Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен таралған кейбір салмақ бірліктері төмендегідей: Табақ- шамамен 12 орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі қолданылған. Ол үлкен табақ (17-12 кг шамасында), кіші табақ (3,9-4 кг шамасында) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ – астық салығын өтеуге, кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. Қадақ- ертедегі шығыс елдерінің көбінде қолданылған салмақ бірлігі. Европада көп тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Кейбір этнографиалық мәліметтер бойынша қадақтың төмендегідей түрлері болған: Дешті Жұмада 317 г., Қаратегінде 634,5 г., Қатта-Қорғанында 409,512 г. Ал Египетте, қадақ сұйық көлемінің өлшемі ретінде қолданылған және ол үлкен қадақ (1,68 л), кіші қадақ (0,94 л) болып бөлінген. Қазіргі Египетте қадақтың қазыналық өлшемі – 2,062 л-ге тең. Мысқал – Шығыс елдерінде кең таралған салмақ бірлігі. Мысқал бүкіл араб елдерінде, Индияда және Шығыс Африкада, Орталық Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Ерте кездің өзінде-ақ мысқалдың дәл мәнін өзгеріссіз ұстау үшін, оның баламасы болып табылатын шыны сауыттар жасалған. Б.з.б. 780ж. жасалған шыны сауыттар табылды. Қазіргі зерттеулердің 3
көрсетуі бойынша олар милиграмның үштен біріне дейінгі дәлдікпен істелген. Сол сауыттардың салмағы бойынша бағаласа, мысқал 431 г-ға тең. Мысқал – негізінен алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Ол әр жерде, әр түрлі мөлшерде өлшенген: Египетте 4,68 г, Иранда 4,6 г, Иракта 4,46 г, Индияда 4,538 г. XIV ғ-да Қыпшақтар арасында қолданылған «Азов мысқалы» үшін 4,41 г алынған. Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар арасында мысқалдың бірнеше варианты ұшырасады. Мысқалдың баламасына Хорезмде 4,55 г, Бұхарада 4,8-5,0 г, Самарқанда 4,46 г, алынған. Қазақ жерінде, негізінен, бұхар мысқалы қолданылды. Мысқал – халық арасында сонғы кезде дейін дәрі-дәрмек, бояу мөлшерін анықтаудағы ең көп қолданылатын бірліктердің бірі. [1] Шөкім – үш саусақтың шөкіміне ілінген заттың мөлшері. Шымшым – ұсақ затты бас бармақ пен сұқ саусақтың арасында қысып ұстағандағы сыйымдылық өлшемі. Уыс – қолдың алақанымен ұстағандағы сыйымдылық өлшемі. Қос уыс – қос қолдың алақанын біріктіре ұстағандағы сыйымдылық өлшемі. Қолтық – кісі қолын бүгіп бүйіріне жеткізгенде қолтығының астына сыятындай көлем. Батпан - Россияның шет аймақтарында (негізінен Азиялық бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Россияда батпан туралы алғашқы дерек Афанасий Никитиннің «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты кітабында кездеседі. Ескілікті орыс жазбаларында ол он фунтқа тең делінеді. Қазан губерниясында батпан үшін 4,5 пұт астық мөлшері алынған. Ал көне түрік сөздігінде (Древнетюрский словарь, М., 1969.) батпан 180-нен 300 кг аралығындағы салмақ мөлшері делінген. Әр елде батпанның әр қилы мөлшері пайдаланылған: Грузияда 32,20; 16,15 және 8 фунтқа, Түркияда 25; 18,73 және 6,25 фунтқа, Хиуада 48 фунтқа, Бухарада 7 пұт 32 фунтқа, ал Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Кейбір жерлерде батпан жалпы ауырлық ұғымы ретінде қолданылған. Бүкіл шығыс елдеріне кең тараған бұл өлшем ескілікті жазба әдебиеттерде «ман» немесе «батман» деп те айтыла береді. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс аудандарында шамамен 65-66 кг-ға, 4
ал Қазақстанның біраз жерінде алты пұтқа (96 кг) тең болған. Қап астық салығын өтеуге, күнделікті алыс-беріс, сауда-саттық жұмыстарында қолданылған. Кейбір әдебиеттерде қаптың мынадай түрлері де кездеседі: тоқты қап – 3 пұт, қой қап – 6 пұт, торпақ қап – 9 пұт. Пұт – салмағы 16 кг-ға тең ауырлық өлшемі. Қазақта Балуан Шолақ ( шын аты-жөні – Нұрмағамбет) балуан Көкшетауда өткен ояздың съезінде 51 пұт (қазіргіше есеп тесек 816 кг) гірді тасын көтеріп, жиналған жұртты таң қалдырған. [3] Ал Қажымұқан жалшы болып жүргенде байдың атын көтеріп алып, шөп салмағы, 40 пұт арасындағы қары 5 пұт, аты 15 пұт, яғни 60 пұт (960 кг) жүкті жеті шақырымнан сүйреп келеді. [5] Илия Ильин Лондонда XXX Әлемдік жазғы Олимпиадада Жұлқа көтеруде -11 пұт (185кг). Серпе көтеруде – 15 пұт (233 кг) Барлығы -26 пұт (418 кг). Сонымен қатар мынадай өлшемдері бар. Дағар- 100- 130 кг. Найза қап, қанар- 70-80 кг. 1 қап шамамен- 50- 60 кг. 1 арқа (жүк)- 45- 50 кг. Қоржын- 40 кг. 1 жамбы күміс- 6 кг 1 пітір бидай- 3кг. 1 ширек шай- 250 г. 1 әшмөңке шай- 50 г. 1 таймөңке шай- 25 г. 1 қайнатым шай- 6,5 г. 1 шөкім тұз- 12,5 г. Бұл өлшемдермен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып, ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады. 5 ІІ. 2. Қарыстың алыстығы бар, сүйемнің жақындығы бар.
Орта Азия мен Қазақстанда ең көп таралған байырғы өлшемдердің ішінде ұзындық өлшемдері төмендегідей: Қолдың қары немесе қары- кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80- 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралықта (1 м шамасында) қары ретінде пайдаланылған Шығыс елдерінде кең таралған бұл бірліктің шығу тегіде тым әріден басталады. Ертедегі вавилондықтарда қолдың қары 525 мм шамасында болған. Ол вавилондық өлшеу бірліктері жүйесінің негізіне алынған. Қалған ұзындық бірліктері осы бірліктің туындысы ретінде пайдаланылады. Египеттіктерде үлкен қары (шамамен 525 мм) және кіші қары (шамамен 450 мм) қатар қолданылған. Бабырдың жазбаларында (16ғ.) 6 тұтамға (шамамен 500мм) және одан бір жарым есе артық қары да кездеседі. Бұхарада 1,07 м- ге немесе 1,5 аршынға тең қары пайдаланылған. Ол базар қарысы (177,8 см) және хан қарысы (213,36 см) болып бөлінеді. Алғашқы сауда- саттықта, ал соңғысы салықты өтеу кезінде пайдаланылған. Мысалы, арқан салығы құлашпен және хан қарысымен өтелген. Сонымен қатар жібек маталар құлаш қары немесе ұзын қарымен (164,45 см), ал бөз келте (қысқа) қарымен (57,79 см) өлшенген. [3] Қарыс- толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық бірлігі (19- 20 см шамасында). Тұрмыста, құрылыс жұмысында пайдаланылған. Киіз үйдің уығы 12- 16 қарыс мөлшерінде жасалады. Елі- сұқ қолдың еніне тең ұзындық бірлігі ( шамамен 2 см). Мұнда өлшенетін дененің үстіне қолды салып, оған сұқ қолдан бастап шынашаққа дейін қанша саусақ орналасқанын анықтайды, қатар орналасқан төрт саусақтың ені төрт елідеп аталады (шамамен 7-8 см). Бас бармақтың ені үшін (шамамен 2,2- 2,3 см) кейбір жерлерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған (Бабар жазбалары 16 ғ.). Халық жылқының семіздігін оның қазысының қалыңдығымен өлшейді және соған қарай бағалайды.Мысалы:бұлт (қазысы болар-болмас яғни арық), пышақ сырты (2- 3мм,арық),қылыш сырты (4-5мм), шынашақ (яғни саусақ өлшемімен 1см), бармақ (2,5см), екі елі (3,5-4см,семіз),үш елі (5-6см,семіз),сере, табан (6-10см, өте семіз). Буын- ортан қолдың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі (шамамене 5- 6 см). Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимаратардағы ою- өрнектің мөлшерін осы буынмен өлшеген; тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған. 6 Шынтақ- қолдың ортаңғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Қазақстанда кең тараған Бұхар шынтағы шамамен 40- 41 см.
Тұтам- бүгілген төрт саусақ пен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. Бабар жазбаларында тұтам шамамен 8- 8,5 см-ге тең ұзындық өлшемі делінген. Сүйем- бас бармақ пен сұқ саусақтық аралығындағы өлшенетін өлшем. Сүйем 18 см- ге шамалас. Қарыс сүйем- бармақ пен ортан қолдың аралығы 20 см- ге шамалас. Сынық сүйем- бас бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың аралығымен өлшенетін өлщем. Сынық сүйем- бір сүйемнің төрттен үш бөлігі, яғни шамамен 14 см. Кез – байырғы ұзындық өлшемі. Парсы тілінен аударғанда шынтақтың ұзындығы дегенді білдіреді. Ол 62 см-ге тең. Бұл өлшем бірлігі әр елде, әр заманда түрліше өлшенеді, 50 см-ден 95 см-ге дейін болуы да мүмкін. Кез өлшеуіші метрлік жүйе енгенге дейінгі Ресейде қолданылып келген аршынға тең. Орталық Азия мен Қазақстанда, негізінен, сауда-саттық жұмысында қолданылған. «Кездеме» атауы да осы «кез» ұғымынан шыққан. Орталық Азияда «кез» өлшем бірлігінің үш түрі болады: 1) қолдың ұзындығымен өлшенетін кез созылған қолдың бармағының ұшынан иыққа дейінгі аралықты қамтиды.Оның бармақтың ұшынан кеуденің ортасына дейін немесе иыққа дейін өлшенетін түрлері бар. Оны қазақша «сай кез» деп атайды; 2) елімен өлшенетін кез, яғни бір кез 24 еліге тең; 3) түтаммен өлшенетін кез. ХІХ ғасырда Түркістан аймағында кез өлшемі 68,58 - 88,9 см аралығында болды. Құлаш – иық денгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. 1838 жылғы мәлімет бойынша Фергана құлашы 166-170 см, Қазақстанда қолданылып келген Бұқар құлашы 142 см-ге тең. Құлаш сауда-саттық жұмысында, тұрмыста, сондай-ақ салықты өтеу кезінде пайдаланылған. Сондай-ақ құлаштың да сала, кере, қөш құлаш атты түрлері болған. Аршын – көне түрік заманында қолданылған ұзындық бірлігі. Ол кездегі мәні белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда ХVI ғасырдан бастап аршын 71,12 смге тең ұзындық өлшемі ретінде Россияның шет аймақтарында пайдаланылған. Парсы (Иран) тілінен енген бұл өлшемнің бастапқы дәл мағынасы-шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралық. Кейбір әдебиеттерде хан аршыны деген атпен 7 саусақтың ұшынан мұрынның ұшына дейінгі аралыққа тең өлшем де ұшырасады.
Кез – ескілікті әдебиеттерде аршынның синонимы ретінде кездесіп қалады. Сонымен бірге ұзындық өлшемінде ұзын, қысқа деп шамамен есептей береді. Ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. Қашықтық өлшемдері: Қадам – адам адымына тең ұзындық бірлігі. Бүкіл шығыс елдеріне кең тараған фарсах – 12 000 қадамға тең деп саналады. Құрылыс жұмыстары мен суару жүйесінде кеңінен қолданылған. Бұхар әмірі бойлары бірдей бірнеше адамды іріктеп алып, қадамның мөлшерін белгілемек болған. Бұл сияқты талпыныстар басқа жерлерде де кездеседі. Осындай мәліметтерге қарағанда қадам 60-70 см шамасында болғанға ұқсайды. Шақырым – ұзындық өлшемі. Шақырым Орта Азия мен Қазақстанда, сондай-ақ бірқатар Шығыс елдерінде де кең тараған. Қазақта шақырым өлшеміне дауыс жетер жердегі қашықтық алынған. Бұл нақтылы бір мәнге ие болмаған. Басқа халықтар арасында шақырым іспеттес өлшемдер жиі кездеседі. Шақырым Араб елдерінде пайдаланылған фарсах немесе парсанг (шамамен 6 км), сондай-ақ Ресейде қолданылған верста (1,0668 км) тектес өлшемдер қатарына жатады. Шақырым қазіргі кезде мың метрді (1 км) құрайды. Таяқ тастам – шамамен 10-15 м жер. Әй дейтін жер – 100 м. Дауыс жететін жер – 250-300 м. Иен астында, бір төбе астында – 4-5 км жер. Көз ұшында – 6-7 км жер. Түстік жер – ат жүрісімен, шамамен, 4-5 сағаттық жер. Сәскелік жер – сәскеге дейін жететін жер. Көрші ауылдардың екі арасы біріне-бірі жақын болса, жақсы атқа сәскелік жер бар болады. Айлық жер – ат жүрісімен, шамамен, 25-30 күндік жер. Күндік жер – ат жүрісімен, шамамен, 8-10 сағаттық жер. Орта көш жер – 90 шақырым болатын аралық. Күзгі көшжер – 25-26 шақырым жер. [7] 8 ІІ. 3. Туған елің болмаса, тумай-ақ қойсын күн мен ай
Халық уақытты анықтауда бай тәжірибе жинақтайды. Оны қолданудың сәті мен жолдарын, соған лайықты сөз өрнектерін ойластыра білді. Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті, бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да келтіре білді. Мерзім, мезгіл өлшемдерінің халықтық атауларына қазақ тілі өте бай. Ұлттық ұғымда мерзім уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді, мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқсан. Мезгіл сол уақыттың бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең-алаң, түс, кеш, түн ортасы т.б. Қыс, көктем, жаз, күз мезгіл өлшемдеріне жатады. Сонымен мынадай байырғы уақыт өлшемдері бар. Қас пен көздің арасы – халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаны білдіреді. Қас қағым (көзді ашып-жұмғанша) – жарықтың жылт етуі, көзді ашып – жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7-1 сек аралығы. Сүт пісірім – халықтық өлшем. Ширек сағат шамасы. Шамамен 15 минут. Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл. Түн ортасы – түнгі сағат 12-кі. Тал түс – күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазықтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі. Бозала таң – күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы. Түн жарым – түнгі сағат 3 Сәске – күн шығып, арқан бойы көтерілген кез. Таң сәрі – Шолпан жұлдызының туған мезгілі. Ғылым тілінде ол Венера планетасы. Бағзылар қара қазан, жас баланың қамы үшін жазбай жұлдыз қарап, оны түгендеп жүріп шолпан жайын дұрыс бағдарлаған. Шолпан кейде таң алдында тумайды, бірақ шағыр жұлдыз болып, іңірде батыстан туады.Күннің шығысынан таңмен аралас Шолпан туатын жылдары шөп, егін жақсы шығады.Ал, Шолпан Күннен кешеуілдеп, Күн батқаннан кейін батыстан көрініп, шақырайып көтеріле берсе, сол кезде оны Тұл- қатын дейді. Қыс жақсы болатын жылы Шолпан Күн шығыстан туады, қыс жаман болатын жылы айналып барып күнбатыстан Тұлқатын болып туады.Егер ол жоғары шалқая берсе, қыс қатты болады 9 Таң ата – күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл.
Ат адым – ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. Елік адым – қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Сәске түс – шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 450 градуспен түсуі, мысалы, қазықтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез. Қарға адым – қаңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең. Кешқұрым – күн батқан кез. Ал, мұнан басқа елең-алаң, құланиек, құлқын сәрі, алакеуім, күн шыға, күн қыза, түске жақын, түс ауа, түс қайта, бесін, ымырт, апақ-сапақ, ақшам (намазшам), бейуақыт, қас қарая, ай ту, жұлдыз сөне т.б. Демек, мұның бәрі халықымыздың таным-түсінік, ойының, әрістің байыбына терең бойлау, бағдарлау қабілетінің жоғары тұрғанын дәлелдеп береді. Ел ішінде тереңдік, биіктік өлшемдері де бар. Бұған терең, тайыз, биік, аласа деген сөздер қолданылады. Сонымен бірге кісі бойы, белуар, тізеден, тобықтай, оқ бойы – 1-1,5 м, найза бойы – 3-5 м, арқан бойы – 10-12 м. Қазақтың байырғы сұйықтық өлшемдерін саба,торсық, мес, көнек арқылы өлшеген Саба(10-15л)-ертеде қымыз, шұбат ашыту үшін, іркіт пісу үшін мал терісіне тігілетін ыдыс.Иленген теріні су сеуіп жібітіп, өңін ішіне қаратып, сабаға лайықтап пішеді.Саба пирамида пішінді, яғни түп жағы төрт бұрышты, кең, мойын жағы тар жіңішкерек етіп жасалады. Торсық (6-7л)-қымыз,шұбат,айран сияқты сүт тағамдарын құюға арналған, мал терісінен тігілетін ыдыс.Торсықтың бүйірі дөңгелек,мойыны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Оның аузына ағаш тығын тығады. Торсықтың түрлері көп. Оар шимай торсық, өркеш торсық, жанторсық, мүйіз торсық, т.б.Торсық тігілетін терінің шел майы мен көк етін тазартып түгін тықырлап қырады.Иленген теріні белгілі пішінге келтіріп пішеді де, шуда жіппен жөрмеп тігеді. Көнек (15-16л)- түйенің терісінен жасалатын ыдыс. Көнектің кейбір түрлері бие сүтін сақтау үшінде қолданылады. Шара (10-15л)- қымыз құюға арналған ыдыс.Кей жерлерде тегене депте атайды Қымызды дастарқанға апарғанда сабадан осы шараға құйып апарады шараны емен,қайың сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. 10 Аяқ (1л)-ағаштан ойылып жасалатын ас құйылатын, шұңғыл дөңгелек ыдыс.Оның орнықты түбі жиегі тік, жұқа болады.
Ожау (0,5л)-шарадағы қымызды сапыру,аяққа құю үшін ожау керек.Сабын қолға ұстауға ыңғайлы етіп, бунақтап, қосарлап, өрнектеп әсемдейді. Қасық (50г)-сыртқы түрі ожауға ұқсас, көлемі кіші, әдемі,ыңғайлы етіп оюлап жасалады.Ағаштан жасалатындықтан ағаш қасық деп аталады. Қазақтың байырғы сұйықтық өлшемдеріне: Бір тамшы-1г Бір қасық-20-30г Бір жұтым-50-60г Бір кесе-250-300г Бір ожау-300-400г Бір аяқ-700-750г Бір шара-8-10л Бір шелек—10-12л Бір саба-40-80кг шамасы Бір кеспек-200кг [7] Ауа райын бақылауда, ыстық, суықты және оның өзіне тән өлшемін белгілеуде де халықтық атаулар аз емес: қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай т.б. Жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр. Күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын, аяз, үскірік, бет қаратпас аяз, тіфу десе, түкірік жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап, соған сәйкес әрекет ете бастайды. 11 ІІ. 4.Төрт түлік және ұлттық өлшемдер
Халқымыздың басынан өткен тарихында күн көру көзі, тұрмыс тіршілігі тікелей мал шаруашылығы болғандықтан, түрлі өлшем бірліктері (уақыт, қашықтық, жасқа қатысты т.б) төрт түлікпен байланысты аталады. 1.Уақыт өлшемдері. Сүт пісірім – 15-20 минут уақыт деген ұғым. Бие сауым – 1,5-2 сағат өткен соң биені қайта сауатын уақыт болады. Ет пісірім – қазанға салынған ет орта есеппен 2,5-3 сағат аралығында қайнап піседі. Сиыр сәске – күннің арқан бойы көтерілген кезі. 2. Қашықтық өлшемдері: Құнан шаптырым – бәйге ұйымдастырған кезде жарыс 8-10 шақырым деп белгіленеді. Ат шаптырым – әдетте ат бәйгесін ұйымдастырғанда 25-30 шақырым қашықтыққа жүгіріп өтуді айтады. Құрық бойы – халықтық өлшем. Бұл өлшем құрықтың ұзындығындай ғана жер дегенді, яғни шамамен 4-5метрді білдіреді. Шібер бойы – жылқының алдынғы оң аяғы мен артқы сол аяғының арасы. Тұсау бойы – жылқының алдынғы екі аяғының арасы. 3. Адамның жасына қатысты өлшемдер: «Қозы жасы» - ертеде халқымыз ұл баланы он жасқа толғанда бағуға жарайды деп ата кәсібімізге тәрбиелеуді бастаған. Бұл жаста ұл бала төрт түлік малға үйірсек болсын және бұл ұл баланы атакәсіпке үйретудің алғашқы басқышы деп есептеген. «Қой жасы» - деп он бес пен жиырма бес жас аралығын атаған. Бұл кезде ержеткен ұл қоралы қойды бағуға жарайды деп оған қойды қорасымен тапсырған. «Жылқы жасы» - деп жиырма бестен асқан жастағы ер баланың бұғанасы бекіп, қабырғасы қатаяды деп есептеген. Бұл жаста асау үйреніп, үйірлі жылқыға қамқор бола алады, яғни табиғатттың қатал ауа-райында жылқыны бағып-баптауға толығымен шамасы келетініне сенген. 12 4. Көлем өлшемдері: Ат төбеліндей – өте шағын көлемді білдіреді.
Бір торсық (айран) – 6-7 л деген ұғым. Бір саба (қымыз) – 10-15 л деген ұғым. 5. Төрт түліктің жеке топтарына қатысты өлшемдер: Бір үйір (жылқы) – 15-20-дейін байтал немесе бие болады да, оның арсына бір айғыр жіберіледі. Бір қос (жылқы) – жазда жайлауға шығар кезде, бірнеше жылқы үйірлері бірге қосылып айдалады. Кейде бір қоста 1000-ға жуық жылқы болады. Бір келе (түйе) – түйе матауында болатын өрісінде 15-20 түйеден құралған топ деген ұғымды білдіреді. Бір табын сиыр – табындағы сиыр саны бірнеше ондағаннан бірнеше жүздеген сиырлар жиынтығын құрайды. [8] Адам жасының әрбір он жылдық белестерінің өзін де төрт түлікпен байланыстыра отырып олардың әрқайсысына орынды түсініктемелер беріп отырған. «Он – теке, жиырма – қошқар, отыз – бұқа, қырық – айғыр, елу – бура, алпыс – ақта, жетпіс – ноқта, сексен – серке, тоқсан – торғай, жүз – жұмыртқа». Бұл өлшем бірліктері бойынша мынадай түсініктеме жасауға боады. «Он жасында текедей ойнақтап тұрасың. Жиырмада қошқардай қуатты боласың. Отызда бұқадай мөңкіп, қырқында айғырдай азынайсың. Елуде бурадай аузыңнан көбігің бұрқырып жүресің. Алпысыңда ақта атанасың себебі, көп тіршіліктен тыс қаласың. Жетпісіңде басыңа ноқта киіліп, жетекке жүре бересің. Сексеніңде мүйізі қарағайдай болған серке сияқты қойларды бастап қана жүресің. Тоқсанда адам торғайдай болатын көрінеді, яғни күш-қуаты азайып, дене тұрқы да кішірейеді. Ал, жүзде жұмыртқа дегені кез келген сәтте жұмыртқадай жарылып кетуің ғажап емес». Бұл теңеулердің бәрі де өмірден алынған аңғару қиын емес. 13
II.5.Халық өлшемі-математикада. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек оның тамаша тәрбие боларлықтай салт – дәстүрлері баршылық.Математика сабағында халықтың байырғы өлшемдерін логикалық,теңдеу құрып шығаратын есептерге қолдануымызға болады. Сол жағдайда оқушы есінде ескі өлшемдер сақталады жәнеде математикаға қызығушылығы артады оған дәлел ретінде мен мынадай есептер құрастырдым 1.Таразының сол және оң жақ табақшадарында 1ширек шай, 1 әшмөңке шай бар ,ал оң жағында 6 әшмөңке шай бар. Шайлардың барлық салмағы 600гр. Әшмөңке және ширек шай салмағын табыңдар. Шығарылуы: Барлығы-600 г 6 әшмөңке шай – 300 г 1 әшмөңке шай -300:6=50 г Жауабы:1 әшмөңке шай -50г 1 ширек шай -250г 2.Екі торсыққа 16л айран толтырылған. Бірінші торсықтағы айран екінші торсықтағыдан 4л артық. Әр торсықта қанша литр айран бар. Шығарылуы: Барлығы -16л Бірінші торсықта –х+4л Екінші торсықта-хл х+4+х=16 2x+4=16 2x=16-4 2x=12 x=12:2 х=6 Жауабы: 10л және 6л 3.Таразының бір табағында 2 пұт бидай тұр. Таразының екі жағы тең, сонда екінші табағында қанша килограмдық гір тасы тұр? Жауабы: 32 кг 4.Нұрылбектің бір балығы 10 қадақ болды. Балықтың салмағы қанша килограмм болды? Жауабы: 4кг 5.Жолдыбек ауылға атпен 3 шақырым жерден сүт пісірім уақытта жетті. Жолдыбек қандай жылдамдықпен жүрген? Жауабы:2,5 м/с 6.Апам арқайсысы 4 кез матадан 5 көйлек тікті. Барлық көйлекке қанша метр мата кетті? Жауабы: 14м 14
Қорытынды Бүгінгі күні Қазақтың байырғы өлшемдері тарихи таным түрінде ғана белгілі. Көбі ұмыт болған, қалғаны ұмыт болып барады. Мәселен, ел ішінде мұнайды баррельмен емес қазанмен не тайқазанмен өлшеуді тәжірибеге енгізсе бұл экономика үшін де тиімді болмақ. Баррель – бар болғаны 159 л. Ал тайқазан – 1117,23 литр. Ал бағалы тастарды ешкі тұяғымен, жартылай бағалы тастар мен түсті металдарды-түйе не тай тұяғымен өлшеуге болады, «Қазақ халқы алтынды расымен бұрыннан тұяқпен өлшеген. Зерттеулер бойынша қазақ зергерлері XIX ғасырдың басынан бастап металды, күмісті, алтынды Орта Азияның, Шығыс Түркістанның базарларынан сатып алатын болған. Сонымен бірге материялдарды, әсіресе, XIX ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанға көптеп келген татар көпестерінен де сатып алып отырған. Әлбетте, сатып алу үшін оның өлшемі мен бағасы болу қажет Күміс салмағының бір бірлігі 4 грамға тең келген және 20 тиын тұрған. Бір бірлік деп отырғанымыз – мысқал.Ал күміс кесек-кесегімен сатылғанда, тұяқтар қолданылған.Кесек тай тұяғындай болса, тай тұяқ деп аталып 80 мысқалға теңелген, кесек қой тұяғындай болса, қой тұяқ деп аталып 45 мысқалға теңелген, кесек қой тұяғындай болса, қой тұяқ болса, қой тұяқ аталып, 45 мысқалға тең елген, ал 30 мысқалға теңелгені – бір сиыр көз аталды. Әлбетте, өлшем бірліктердің көбі халықаралық аренада кең қолданылатындықтан, оларды өзгерту оңай емес. Бірақ мұнай мен алтынды сол баррель мен унциямен өлшей беріледі, ал қазір өндірісіне ерекше көңіл бөліп жатқан қазымызды, шұбат-қымызымызды, құрт-ірімшігімізді тарихи өлшемдерімен атауға болады емес пе! Қымызды – сабамен (10-15л), сүтті-көнекпен (6-7л), айранды-торсықпен (6-7л) айналымға шығарсақ болады. Бірақ, тарихи өлшем бірліктердің тек әдеби еңбектерден оқимыз. Тұрмыссалттың өзгеруі ол өлшем бірліктердің бәрін пайдаланудан ығыстырып шығарудан, болашақта біздің оқулықтарымызда ұзындық, сұйықтық, тереңдік, қашықтық, салмақ өлшемдерін пайдалана білуіміз керек. Мәселен: 1) «Екі елі ауызға – төрт елі қақпақ», 2) «ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», 3) «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар», 4) «Қарыстың алыстығы бар, Сүйемнің жақындығы бар.» Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А. Құнанбаев «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» десе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтты. Мен өз жұмысымда аз болса пайдам тиетін ұғымдар алдым. 15
Ұсыныс Қазіргі кезде жұртшылықты алаңдатып жүрген іргелі мәселелердің бірі – жас ұрпақтың рухани құлазуы. Сондықтан да Елбасы Н.Назарбаев білім беру саласында халқымыздың дәстүрлерін кеңінен дамытып, өскелең ұрпақтың рухани сезімдерінің биік, өз Отанын, халқын қастерлеп сүйетіндей етіп тәрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударуда. Мен де осы азғантай жұмысымда өз халқымның халықтық есебін, болжауын көрсеткім келеді. - Халық арасына кең тараған байырғы өлшем бірліктерді насихаттап, сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану. - Әдеби мұраларда кеңінен қолданылуын көрсету. - Келешекте оқулық жазу кезінде кейбір есептерге байырғы өлшемдерді енгізу - Сауда-саттықта өз халықтық өлшемдерімізбен жұмыс істеу. 16
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: І. Алгорифм. 2004 жыл №6. 27-бет. ІІ. Қазақ энциклапедиясы. Томдар жинақ ІІІ. Сен білесің бе? энциклопедиясы. Қ.Ж.Райымбеков, Қ.Т.Байғабылова Алматы «Аруана» баспасы – 355-357-бет IV. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер «Қазақстан» баспасы. 107 бет. V. Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» Хикаят. Алматы: Жазушы 2007ж. 13 бет. Ө.Тұрманжанов. VI. Қазақтың мақал-мәтелі. Алматы – 1980 жыл. VII. Қазақ халқы – тұрмысы мен мәдениеті. Кенжеақметұлы Сейіт. Алматы кітап баспасы. 2006 ж. 306-309 бет. VIII. Қызықты биология. Жануарлар әлемі, Төрт түлік. Р.Сәтімбеков. Р.Әлімқұлова. Алматы «Таймс» баспа үйі. 20-бет. 17