Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектеп Ғылыми жұмыс: «М. Жұмабаев шығармашылығындағы патриоттық өлеңдер» Орындаған: Жандас Айсәуле Бақберген Шапағат 4- сынып оқушылары Жетекші: Алберген Ақсобық Бастауыш сынып мұғалімі 2012 жыл
3
4 МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ........................................................................................................... .... 4 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. ПАТРИОТИЗМ - ЕЛІМІЗДЕГІ РУХАНИ БОЛМЫСТЫҢ, ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ....................................................... 4 2. М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТКЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ ................................................................. 9 3. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ, ҰЛТШЫЛДЫҚ СИПАТТАҒЫ .ШЫҒАРМАЛАРЫ................................................................ 14 ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 24 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................. 25
5 КІРІСПЕ Қазақ халқында өзге де ұлттар секілді ұрпақ тәрбиесі күн тәртібінен түспегені белгілі. Тәлім–тәрбие мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, мәңгі ескермейтін мәнді сөздерін болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлы бабаларымыздың нақылдары мен ой-пікірлері әлі күнге сарқылмас қазына, тауыслмайтын байлық. Еліміз егемендікке ие болғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесі, олардың бойында өз Отанына, еліне ұлтына деген сүйіспеншілігін дамыту - қоғамымыздың басты проблемаларының бірі болып саналуда. Мәңгі ескермейтін мәнді сөздерін болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлы бабаларымыздың нақылдары қазірде өзінің мәнділігін жойған жоқ. Олардың өлең жырларындағы елжандылық, Отансүйгіштік, өз халқының салт дәстүрін сақтау туралы айтқан нақылдары бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Жас жеткіншектерді ізгілікке тәрбиелеуде ұлтымыздың ұлы ағартушылары педагогикалық ойларын жетік меңгерген А.Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсариндер болса, кейіннен олардың тәлімдік ойларын жалғастыруға А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Сералин, Ж. Аймауытов, С. Көбеев тағы басқа ғұламалар өз үлесін қосты. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің азаматтары – шынайы патриоттарды тәрбиелеу ауқымды мәселе болып отыр. «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің қажеттілігі жоғары. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» – деп көрсетіп, жас ұрпаққа үлкен үміт артты. ХХ ғасырдың кеменгерлерінің қатарынан М.Жұмабаевтың алатын орны ерекше. Оның азаматтық, ақындық, жолы бір бөлекте, ұстаздық, ағартушылық жылы бір басқа. Ол, қысқа ғұмырын қазақ халқының бақыты мен болашағына арнады. Ұлтты бақытқа жеткізудің жалғыз жолы, оқу-ағарту ісі екенін Мағжан ерте ұқты. Сондықтан да өз өмірін осы жолға арнады. М.Жұмабаевтың шығармашылығындағы шоқтығы биік тақырып - ол ұлтқа деген сүйіспеншілік, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу. М.Жұмабаевтың патриоттық сипаттағы шығармаларын жастардың патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың маңызы зор.
6 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. Патриотизм - еліміздегі рухани болмыстың, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» – деп көрсетіп, жас ұрпаққа үлкен үміт артты. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, атабабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтанұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді» – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қорқыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, т.б. айтқан болатын. Ықылым заманнан бізге жеткен «Қорқыт Ата кітабында» тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық» – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақылпарасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақтаныш сезімін тудырса керек.
7 Патриоттық сезімнің қайнар көзі батырлар жыры десек болады. Батырлар жырындағы: «Атам күйеу болған жер, анам келін болған жер, кіндік қаным тамған жер», - деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген. Қазақ батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. Ел басына қиын – қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә. Отансүйгіштік, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік, Отан қорғау, ұлтын сүю сынды асыл қасиеттерді дәріптеу қазақтың ақын-жыраулар шығармаларында да кең орын алған. Ақын-жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп, оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің патриоттық сезімін: «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды... қадірлеймін», – деген екен. Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады. Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады. Қарап отырсақ, қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпау, оқу білімге уағыздау, адамгершілікті, адал шыншыл болуға, өз Отанын сүюге, отаншылдық, отансүйгіштік қасиеттерді әр адамның бойына дарытуға ұмтылған. Бұл бүгінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау» деген бағытымен үндесіп жатыр. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Мысалы, А.Байтұрсынов: – Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның,
8 Аш көзіңді оянып… – десе, М.Дулатов: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» – дейді. С.Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Патриотизмнің тарихи, элементтері туған жерге, ана тіліне, салтдәстүріне сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. «Патриотизм» - гректің сөзі. Оның қазақшасы - жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау. Қазақтар ежелден басқа халықтар секілді өз Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал-мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы «Туған жерге туың тік», «Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне», «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» т.б. Мақалмәтелдер қазақ халқының туған жеріне, Отанына, өлкесіне деген ыстық ықыласы мен қарым-қатынасын байқатады. Сонымен қатар қазақтың би-шешендердің атадан балаға мұра етіп қалдырған сөздері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізіне жатады. Мысалы: Төле Би: «Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол», десе Қазыбек Би: Алтын ұяң-атаң қымбат, Құт берекең-атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың-әкең қымбат, Туып өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат» деп толғайды. «Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.»[2.372бет] Отансүйгіштік сезімі туа бітті пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет
9 деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарында бас ию, рәміздерін құрметтеу, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек. Еліміздегі рухани болмыстың, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ұлтжандылық болып табылады. Ұлтшылдық та, ұлтсыздық та ұлттық рухтан туындайтындығы баршамызға аян. Демек ұлтшылдық - туған халқыңды өз анаңдай құрметтеу, қолыңнан келген барлық жақсылығыңды жасау, қызметіңді көрсету. Ұлтшылдық – патриоттық және ұлттық тәрбиемен сабақтас, ол мемлекеттің алға дамуының қозғаушы күші. Халқымыздың ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрде халқымыздың рухани қазынасы, мәдениеті, әдет-ғұрып дәстүрлері негізінде тәрбиелеу заман талабына айналып отыр. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі жүйелі түрде жүзеге асқандығы белгілі. Әрбір баланың тәрбиесіне оның ата-анасы, отбасы мүшелері, ағайын-туыс, көрші-қолаңның барлығы атсалысып, ортақ қамқорлық танытқан. «Қызға қырық үйден тию» деген мақал осы сөзіміздің айғағы. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өнегелі өсиетті қалдыра отырып, қазақ халқы әр баланың бойында ізгіліктілік, имандылық, кішіпейілдік, қарапайымдылық, парасаттылық, сабырлылық сынды игі қасиеттерді қалыптастырған. Өкінішке орай, бүгінгі күні шетелдік үрдіске бағыт алған, соған икемделген көптеген қазақ жастарының мінез-құлқы, тәлім-тәрбиесі ұлтжандылық сипаттан алыс кетіп қалды. Әсіресе қыз балалардың киім кию үрдісі ұлттық санамызға сәйкес емес екендігі көпшіліктің аузында да, баспасөз беттерінде де көп айтылып жүр. Сонымен қатар сөйлеу мәнеріміздің түбірлі өзгеруі, лексикондағы жаргондар, жастардың өз ойын қажетті деңгейде жеткізе алмауы, тіпті үлкендердің жанында тұрып былапыт сөздер айтуы, олардың бойындағы дөрекілік, олардың кез-келген жерге түкіруі сынды көңілге қонымсыз жағдайлар кең етек жайған. Жастарды ұлтжандылықтылық сипатта тәрбиелеу, оларды адамгершілікке, имандылыққа баулу жұмысы баршамыздың қасиетті борышымыз Қай кезеңде болмасын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды ой-өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу – барлық қоғамда да басты міндет болғаны анық. Қазақ халқын жетпіс жыл бойы тоталитарлық бұғауда ұстаған кеңес үкіметі өзінің дәстүрлі болмысын бойына сіңірген ұлт азаматын тәрбиелеуден гөрі, «жаңа кеңес азаматын» тәрбиелеу мақсатында пәрменді идеология жүргізді. Кеңестік үкіметтің солақай саясаты негізінде қазақ халқы
10 Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. сынды біртуар тұлғаларынан, олардың ұлт рухын көтерген шоқтығы биік шығармаларынан көз жазып қалды. Шын мәнісінде «ұлт ақыны» атанған Мағжан Жұмабаевтың щығармашылығындағы ұлтты, елді, халықты сүю, туған жерді қастерлеу мәселесі, оның патриотизмі толыққанды жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Сондықтан бұл тақырыпты біз өз зерттеу жұмысымызға негіз етіп алдық. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды. Мағжанды сүйетін, еуропалығын, жарқыраған, әшекейін сүйетін Мұхтар Әуезовтің өз ойын осылай Мағжан қуғын-сүргінге ұшырап жүрген кезде ашық айтуы, бұл – Мағжанның шығармашылығына берілген баға. 1925 жылдың өзінде-ақ: Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам! – деп жазған Мағжан өзінің туған ұлтының аспандағы Айы, көгіндегі Күні, әмсе ақыл-ойының, парасатының өлшемі, асқар биігі, мақтанышы, тағзым етер тұлғасы болуға ұмтылысын танытып үлгерген дауылпаздың нақ өзі. Ұлтына, еліне, халқына деген шексіз ықыласы оның шығармашылығындағы алтын әріппен жазылар өшпес мұра.
11 2. М.Жұмабаевтың патриоттық шығармашылығының дамуына ықпал еткен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай Мағжан Жұмабаевтың өмірі ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде өткендіктен, сол кездегі аса күрделі қоғамдық құбылыстармен, қым-қуат саяси оқиғалармен тұспа-тұс келді.. Қазақ зиялылары арасынан саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен түскен көрнекті тұлғалар шықты. Олар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев және басқалар болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси сана-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын әуел бастан-ақ түсінген еді. Сондықтан да олар,отаршыл өкімет халыққа қарсы озбырлық әрекеттерін әщкереледі.. Қазақтың қоғамдық-саяси қайраткерлері оларды сынап қана қойған жоқ, сонымен қатар саяси дамудың нақты жолдарын ұсынып, өздері сол үшін жапа шеккеніне қарамастан, ойын халық санасына сіңіре білді. Ғасырлар тоғысында дүниеге келіп, екі ғасыр арасында өмір сүріп жатқан қазақ елін отарлық қанаудан құтқару, ұлттың өзі-өзі билеу құқығына жету жолында күресіп, халықты жаңа өмірге бастаған көрнекті тұлғалардың қатарында ХХ ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары еліміздің ағарту саласында ғылыми-педагогикалық мол мұрасымен, зор ұйымдастырушылық қабілетімен өз таңбасын қалдырған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Шонанов, Ә.Бөкейханов, О.Жандосов, Х.Досмұхамедов, С.Көбеев, С.Аспандияровтар бүгінгі таңда өз ортамызға қайта оралды. Азат ел, ортақ мақсатта өмір сүру талабы – осы Алаш зиялыларының түпкі мақсаты болды. Қазақ поэзиясындағы саяси-әлеуметтік мәселенің аса өзектісі – қазақтың ұлт-азаттық құқықтарының жырлануы. Сол кезеңдегі өлеңдердің негізгі арқауында «Алаш елі – қазақ халқы» ұғымы тұрақты орын алды. «Ұранымыз – Алаш, керегіміз – ағаш» атты халықтық дүниетанымға сәйкес қазақ ақындары осы көзқарастарды саяси бағдар етті. Қазақ хандығы заманынан бері қалыптасқан тарихи көзқарастарын өлеңдерінің арқауы еткен ақындардың идеялық мақсаттары орынды еді. Бұл орайда, қазақ ұлтының өзін-өзі тануы, рухани оянысын, мәдениеттің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіре дамуын, ұлттық айқындалу, тұлғалану мәселелерін жырлаған ақындардың бұл ойлары азаттық, бостандық туралы ойлармен ұштасып жатады. Мысалы, Ш.Құдайбердиевтің «Бостандық туы жарақырап», «Бостандық таңы атты», А.Байтұрсыновтың «Маса», «Сөз иесіне», М.Дулатовтың «Оян қазақ», «Жас қазақтар, қайдасыңдар», «Алашқа», М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма», «Мен жастарға сенемін», «Бостандық», С.Торайғыровтың «Арманым», «Алаш ұраны» және басқа ақындардың осы сарындас өлеңдерін айтар едік. Өмірі халық тарихындағы осындай өте бір күрделі кезеңдер тұсында өткен, сол дәуірдің барша қарам-қайшылығын жүрегімен сезінген, тарихтың тар жолдарында өмірін шындық іздеумен тауысқан, сол тауқыметі мол жылдар
12 тез есейтіп, қаламына қайрат бітірген қаламгерлердің бірі Мағжан Жұмабаев еді. ХХ ғасырдың басында қазақ халқын мүсәпір күйге түсіріп, жан-жақтан қысып, еркіндік бермей тұншықтырып отырған патша үкіметі екенін түсінген Мағжан Жұмабаев көп нәрсені түйіндейді. Қазақ баласының ең шығандап шыққанда болыс болатынын немесе оның бар шығар биігі оязға тілмаш болу ғана екендігін түсінеді. Өз алдына ел болмаса, халықтың быт-шыты шығып, тозып кететінін сезе бастайды. Сөйтіп, ол болашақтан үміт күтеді. 1917 жылы ақпандағы ұлт санасын жаңа биікке көтерген революцияны Мағжан Омскіде қарсы алды. Бұрын шағын топта ғана айтылған сөз енді бүкіл халыққа жетеді, қуанышта шек болған жоқ. Революция өзімен бірге халыққа тәуелсіздік әкелді деп сенген Мағжан жалпы саяси өмірге қызу ат салыса бастады. Алаш партиясының құрылуына ат салысып Алаш орда облыстың үкіметтік комитетінің мүшесі, депутаттардың кезекті жиналысына кандидат, қазақ мектептеріне оқулық құрастырушы комиссияның мүшесі болды. Октябрь революциясы қазақ жеріне жетіп, сүттей ұйып отырған қазақ халқын дүрліктіріп, бір халықты екі топқа бөліп тастайды. Жауы алыстан емес, жанынан табылып, бір-біріне айдап салды. Сол бір ағаға іні оқ атқан, әкені бала ұстап берген, жазықсыз қан төгілген жылдар адамзаттың бойына, ой еркіне қара күш иелерінің билік құрған жылдары Мағжанның «Бостандық» атты өлеңі дүниеге келеді. «Алаш» партиясын ұйымдастырып, қазақ елін бөлек мемлекет етіп алыр шығамыз деген қазақ ойшылдары Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатов, А.Байтұрсынов т.б. зиялылар тағдырының не боларына көзі жетпесе де, қазақ халқы орыс төңкерісшелірінің соңынан ереді.Бұл жағдай қазақ халқының басына түскен тозақ екенін сезіп, ол «Адастым» деген өлеңін жазады. Мағжан мұнда өз жеке басының адасуы емес, бүкіл алты Алаштың атынан сөйлеп, «адастым» дәлірек айтқанда «адастың» деп аттан салады. Бірақ бұл сөз әлі саяси дамымаған елдің санасына жетпейді. Елінің осылай екіге бөлініп, тоз-тоз болуы ақын жанына үлкен соққы болып тиеді. Әлдеқандай шу шықты, Қып-қызыл қан ту шықты. Жердің жүзін түн басты. Шегір көзді, сары шаш Бәр тырдай жалаңаш, Жан-жағымды жын басты, - деп тебіренеді /71;71/. Ақын халықыны бақытты болашағына қарсы емес. Кеңестік саясаттың қазақ халқына деген қарым-қатынасына көңілі толмаған ақынның жаны күйзеліп, «қара түн» басқанын айқайды, оның секемшіл көңілі коммунистік идеологияға сенбейді. Дегенмен, үмітін үзбей болашаққа сеніммен қарап, елімен іштей мұңдасуын, сырласуын былайша аңғартады: Ел де жоқ, қазір жол да жоқ... Табылар жолың, тарылма Жылама, жынға жалынба,
13 Таң атқанша күн де жоқ. Қандай ауыртпалық болса да еліне еңсеңді түсірмей, рухыңды биік ұста деп үндейді. Ел болашағын ақын бөлек отау тігуден күтеді. Бұл ақнның өз ойы, өз тұжырымы. Бөтен шаңырақты астына кірген ел болашағын ойлап, дал болады. Ақын осы ойларын бөтен ұлттың дүрмегіне еріп кеткен қазақ зиялыларының алдына салады, оларды ойландырғысы келеді. Ақын осы ойын «Жолдасқа» өлеңінде білдіреді. Қазақтың іргесін шайқап, тапқа бөліп, берекесін алма деп ескерту жасайды. Кейін осы өлеңі қатты сынға алынады. Оның «Сәрсенбайдың жыры» атты өлеңінен халық басына түскен зобалаңды айқын көреміз. Онда ақын өз атынан емес, халық атынан сөйлейді. Сәрсенбай шартты түрде алынған есім. Ондағы мұң бір ғана Сәрсенбайдың емес, халықтың мұңы. Онда халықтың көкірегіндегі зары, көзінен аққан жасы көрінеді. Көрнекті ұлт-азаттық қозғалыс қайраткері Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ» атты өлеңінен кейін қазақстан тарихында өрлеу кезеңі деп аталатын уақыттың жаңа кезең белең алды. Міржақып Дулатов бостандық үшін күресті өзіне мақсат етті және оның өлеңдері ұлт-азаттық қозғалысты жандандыруда өте жоғары рөл атқарды. 1917 жылдың 1-2 сәуірінде Орынборда Торғай облысы қазақтарының құрылтайы өтеді. Осы құрылтайда сөйлеген сөздер мен қабылданған қаулылар ақынның ұлттық тәуелсіздік жолындағы күреске бекем бел бууына зор әсер етеді. Сол кезде Ақмола облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланады. Мағжанның бұл кездегі белсенді әлеуметтік қызметі оның саясиқоғамдық көзқарасының қалыптасуына ықпал жасайды. Ол 1913 жылдары-ақ ұлт азаттығы жөнінде ойлана бастайды. 1912 жылғы «Шолпан» жинағы оның ағартушылық бағыттағы өлеңдерінен тұрса, 1913 жылы жазылған «Орал тауы» өлеңінде ұлт қайғысын жырлаған. Оның азаматтық, ақындық жолы бір бөлікте, ұстаздық, ағартушылық жолы бір басқа. Ол, қысқа ғұмырын қазақ халқының бақыты мен болашағына арнады. Ұлтты бақытқа жеткізудің жалғыз жолы оқу-ағарту ісі екенін Мағжан ерте ұқты. Сондықтан да өз өмірін осы жолға арнады.1920 жылы кейінгі ұрпақтың болашағы жайлы көп ойланып, көп толғанған ақын «Жан сөзі» деген өлеңді жазады: Болмаса басыма да бармас па екен, Атымды аузына алмас да алмас па екен? Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған, Молама көз қырын да салмас па екен? Дариға, сол күндерде күнім қараң, Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған. Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы, Кінәні жүрекке қой, қойма маған Болашағына «мені аузына алса екен» деп үміт артты. «Жатыр» өлеңі ақынның өз халқының нағыз жанашыры екенінің куәсі. Ол өз халқын басқа дамыған халықтар қатарында көргісі келеді, бірақ оған қараңғылық пен көзі
14 ашық надандардың ұмтылмай әрекетсіз жатқандығын, ал кейбір оқығандары жалпы ұлттық емес, жеке өз қызықшылықтарын ойлайтындығын көрсеткен. Мысалы: «Бір іске жанаса алмай шетте жатыр. Қазекең таң қаларлық кепте жатыр Кең жері күннен күнге құрып жатыр. Сұр жылан қанын–сөлін сорып жатыр». Кеңес дәуірі кезінде патша заманындағы азаттық үшін күрескендерді ұлтшылдар, байлар деп кінә тағуға тырысты. Сонымен бірге революцияға дейін интеллегент болғандар сол заманның рухани уымен уланғандар деп ұғынылды. Олар жаңа өмірді жырлай алмайды деген ешбір ғылыми негізделмеген тұжырымдар жасалды. Ақыр соңында оларға әртүрлі жаба жабылып, көпшілігі 30 жылдарды басында-ақ ату жазасына бұйырылды, қалғандары ұзақ мерзімге айдалып кетті. «Тегінде «тағдыр жазған» жолымен қалтақтап келе жатқан қазақ елі Ресей революциясының толқынының екпінімен кете барып, қанша ұтты, қанша ұтылды, анық шешуін тарих береді» деген Мағжанды Кеңес үкіметі «бүлікшіл ақын» деді. Халқының мүшкіл халін көріп, қиналып, басын бәйгеге тігеді. «Ұлтымнан мен садақа, Бекіндім, басты байладым», - деп халқы, ұлты үшін өз өмірін құрбан ететіндігін білдіреді. Өкімет тарапынан жіберілген ұшы қиырсыз қателіктерді қиналған елінің тағдырын «Өткен күн» өлеңінде тебірене толғайды. «Мағжан өлеңдерінде өткенді аңсайды, ескілікті іздейді, ұлтшылдықты жырлайды, мен-мендікті дәріптейді» деген қаулының қабылдану себебі осыдан. «Алдыңғы толқын Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сықылды Мағжанға да жағылмаған қара май, шашылмаған лас сөз қалған жоқ. Ол талай әділетсіз сындарды естіді. Соның бәрі елім, жұртым деген ақ жүрегіне, халықының жігер-қайратын шыңдаймын, ішін жаңалаймын деп арпалысқан арманына шіркеу бола алмайды. Мәуе төккен жеміс ағашын жайқалып тұрған шағында үсік шалды. Ақын дер шағының шабытты кезеңін айдауда, құрғынсүргінде өткізді. Ақыры қаза тапты. Туған әдебиеті бақшасын баптасуға мүмкіндігін сарқа алмай арманда кетті», - деп тебірене жазады ғалым, филология ғылымдарының докторы М.Базарбаев /9;15/ Абақтыда жатып: «Қазағымды, қалың елді сағындым, Сарыарқамды – сайран жерді сағындым. Балдай бұлақ, мөлдір күміс күбікті, Арқадағы айдай көлді сағындым», - деп жүрегі аһ ұрып, елін, жұртын, туған жерін аңсағандығын жырына арқау ете отырып: «Не көрсем де алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
15 Істей берсін қолдарынан келгенін», - деп қазақ ұлты үшін өлімге тайсалмастан бас ұратындығын толғайды. 1924 жылы Мағжанның «Қызыл жалау» деген өлеңі жарық көреді. Бұл өлеңінде ол Кеңес үкіметі ұстанған таптық принципті мойындамағанын байқатты. Қазақ ұлтын екіге бөліп, бай, кедей деп қырқыстыруға деген қарсылығын білдірген. Сол «Қызыл жалау» деген өлеңінде ақын: - «Қанды жас жалау кімдікі?» - «Кімнің ұлы құл болса, Тұлымдысы тұл болса, Қанды жас жалау соныкі, Ендеше қазақ, сенікі!», - дейді. Қазақ бай, кедей болып бөлініп, қан төгіспесін, қырқыспасын, ұлт мүддесн бәрінен жоғары қойсын деп тіледі, сондықтан Мағжанды халық ұлттық ақын дейді. Мағжан жаратылысынан табанды, бірбеткей болған. Бірақ оның 1936 жылғы айдаудан кейінгі жазған өлеңдеріне қарап, қиындыққа төзімсіз солқылдақ екен деп ойлауға болмайды. Бұдан кейін өлең жазуды доғарды деген пікір жаңсақ. Өйткені ақын 1937 жылы үшінші рет тұтқындалғанда Қызылжардағы әкесінің үйінде «шүберекке түйілген» өлеңдерін оның жақындарының үйіне тығып қойған. Өкінішке орай одан кейінгі өлеңдері бізге беймәлім. Өкінішке орай, Қазақстанда жазықсыз жазаға ұшырап, қуғындалушылар қатарында Мағжан Жұмабаев есімі де аталып, мәдениет тарихынан уақытша болса да, сызылып тасталғаны белгілі. Шын мәнісінде XX ғасырдың кемеңгерлерінің қатарынан Мағжан Жұмабаевтың алатын орны ерекше. Мағжан Жұмабаев қанатын еркін сермей алмай қапыда кетті, жақұт жырлары қаратүнек қойнауында қалды, артық-кемі жоқ, жарты ғасыр бойы тұншығып жатты десек те, солақай, содыр саясат оның өзін де, сөзін де жоя алған жоқ. «Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар» деген ақынның өз сөзі ақиқатқа айналып, Мағжан халқымен қайта қауышты, мәңгілікке оралды.
16 3. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығындағы патриоттық, ұлтшылдық сипаттағы өлеңдері ХХ ғасырдың кеменгерлерінің қатарынан М.Жұмабаевтың алатын орны ерекше. Оның азаматтық, ақындық, жолы бір бөлекте, ұстаздық, ағартушылық жылы бір басқа. Ол, қысқа ғұмырын қазақ халқының бақыты мен болашағына арнады. Ұлтты бақытқа жеткізудің жалғыз жолы, оқу-ағарту ісі екенін Мағжан ерте ұқты. Сондықтан да өз өмірін осы жолға арнады. М.Жұмабаевтың шығармашылығындағы шоқтығы биік тақырып - ол ұлтқа деген сүйіспеншілік, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу. «Туған жерім – Сасықкөл» деген өлеңінде, патшаның отаршылдық саясатына қарсы жаза бастайды: «Айдын көл, ата қоныс, құт болған көл, Сусын боп, сұрағанға от болған көл. Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта, Бейне бір сенің басың от болған көл..., - деп туған жерінің зарын заралйды. «Анама», «Жазды күні қалада», «Есімде тек таң атсын», «Жауынгердің жыры», «Орал», «Орал тауы», «Алыстағы бауырыма» деген өлеңдері ұлтқа деген сезімнің ояна бастағанын көрсетеді... 11 жылы жазылған «Олар» өлеңі: «Екі дүние – күн мен түн, өмір, өлім, Бірі – бесік, біреуі – даяр көрің. Бала болып жата бер бесігіңде, Сар даланың еркесі – қазақ елім», - деп аяқталады. Мағжан тағдыр тәлкегіне түссе де, өмірден түңілген емес. Ол, керісінше, жігерлене, ширай түседі. Соңғы демі біткенше елімен, ұлтын жырлаумен, оқуға үндеумен болған. Қазақ поэзиясында ұлы Абайдан кейін аталуының өзі, Мағжанның маңызы мен орнын аңғартады. Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбергенов секілді ұлы ағартушы-демократтардың дәстүрлерін жалғастыра отырып Мағжан Жұмабаев туған жер, Отан тақырыбына арналған өлеңдер циклын жазған. Оларға «Туған жерім-Сасықкөл», «Туған жер», «Жел», «Сағындық», «Жазғы жолда», «Алатау», «Түркістан», «Оқжетпестің қиясында», «Орал тауы» өлеңдері жатады. Мағжанның «Туған жерім - Сасықкөл» өлеңінде ата-қоныс, құт, ынтымақ, бірліктің бесігі болған, әсем жердің келімсектердің қолына өтіп кете ме деп абыржып, мұңға, қасіретке батқан лажсыз күйін жырлайды. Білмеймін не боларын, қайран көлім, Жарайды тең болмаса күн мен түннің. Итиіп қора шекпен келіп қонса, Басыңнан құсың ұшып кетер сенің. Мағжан өз туған жері Сасықкөлдің табиғатын ерекше сүйген. Ауыл балаларын жинап алып, көлдің түбіндегі тастарды жинап былай дейді: «Біздің отанымыздың тастары қалай аңқитынын, өмір бойы есте сақтаңдар».
17 Мағжанның барлық өлеңдерінен оның ақындық ұстанымын, нені армандап, не толғандырғандығын, қай кезеңде қандай ой-пікірде болғанын байқауға болады. Ол жас кезінен-ақ халық болашағы, ұлт тағдыры жөнінде жан-тәнімен толғанған биік сана иесі болғанын айқын аңғарамыз. Ақын өз халқын басқа халықтармен терезесі тең ұлт болып қалуына кедергі келтіріп жүрген әлеуметтік дерттерді аяусыз шенейді. «Қазағым» деген өлеңіндегі: «Қарашы өзіңе-өзің көз жүгіртіп, Жараспас бұдан-былай күлкі-ойын», «Надандық қоршап алып тұс-тұс жақтан», «Тасталық болыстыққа таласуды», «Қырылысып өзді-өзімен қазақ сорлы», «Мың жылға өткен қумай ата заңды, Өнерден кеш қалмайық, ойланайық», - деген өлең жолдары осыны көрсетеді. Мағжан орынсыз ойын-күлкіден, мансапқорлықтан, жалқаулықтан, алауыздықтан, тар өрісті рушылдықтан, ойсыздықтан сақтандырады. Ел болғың келсе, осылармен күрес деген ой айтады. Ойын, сауық-сайран, ит жүгіртіп, құс салу - бәрі де жан рахаты. Отанды, елді, жерді сүю тақырыбына өлең арнамаған ақын кемде-кем. Бірақ әр ақын қасиетті Отанды өз көңіл көзімен көреді. Мағжанның «Алаш деген елім бар», «Сарыарқа деген жерім бар» өлеңдері жастарға патриоттық тәрбие беруге негіз болатын шығармалар. Сонымен бірге Мағжанның «Сүйемін» өлеңінің жөні бөлек екендігін айта кеткен жөн. Өлеңде Отанға деген біріңғай мақтау, табыну сарыны ашық байқала бермейді. Қайта, керісінше, кең сахарада бейхам жатып, жалқаулыққа бой ұрған халықтың мұратқа жетпейтіндігіне қынжылып, халықтың есіне салады. Ақын бұл өлеңі арқылы елім деп жаны ашитын ұл мен қыздың намысын қамшылауға тырысады. Ақын адам үшін қасиетті «ана», «жер» ұғымдарын Отан бейнесінде елестетеді. Мағжан бұл өлеңін 1911-1917 жылдар аралығында қазақ елінің бірқатар сұрқай тірлігіне жан ауыртып жазғанын байқаймыз: Күлдей күңгірт шашы бар, Тоқсан бесте жасы бар. Көз дегенің - сұп-сұр көр, Тасбиық санап, бүгіліп, Жерге қарап үңіліп, Көрсе ауыр күрсінер, Менің бір қарт анам бар, Неге екенін білмеймін – Сол анамды сүйемін, - деген жолдар ақынның тек суреткерлік шеберлігін танытып тұрған жоқ. «Мұндағы «тоқсан бес» сандық ұғым емес, көптік ұғым, - деп жазады Н.Е.Дөкенова «Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі» атты еңбегінде . «Осы ұғым арқылы қазақ ұлтының өте ерте дәуірден келе жатқан халық екендігін алға тартады. Осындай ежелгі халықтың бүгінгі халі аянышты екендігін ақын жанын отқа
18 салып, тұйыққа тірегендей күй байқатады. «Көз дегенің сұп-сұр көр». «Төңірегіңдегі басқа халықтардың тірлігіне көз салмайсың, сахарада бейқам, жалқау қалпыңда қатарыңнан қалып барасың» дегенді бұдан артық жеткізу айту мүмкін еместей» /15;17/. Туған халқының бойындағы кемшіліктерді ашына айта келіп, «Неге екенін білмеймін сол анамды, сол елімді сүйемін...», - деген жолдар арқылы Отанын, елін, жерін шын жүрегімен сүйетіндігін білдірген ақын сезіміне, азаматтық өлшеміне назар аудармасқа болмайды. Мағжан Жұмабаев елін білім алуға ,өнер үйренуге шақырды.Жазғы тан, Өнер-білім қайтсе табылар Қазағым т.б өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді.ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол: Басқа жұрт аспан -көкке асып жатыр, Кілтін өнер -білім ашып жатыр,- дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын- аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді.Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс -тартыс көп.Міне, Мағжанның өкініші -осылар. Дегенмен Мағжанның ойлары мүнымен шектелмейді.Бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғанғ қалып қоймайды. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман – мақсаттар бүдан әлде-қайда биік. Туған халқы туралы айтқанда ,оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жаймен салыстырады.Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түрік тектес халықтардыңбәрінің болашағынан үміт күтеді,жалпы Шығысты пір тұтады.Бұл қатарда Пайғамбар, Күншығыс, Түркістан От, т.б өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәріде Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық жұлдызы талқандамақ.Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі,перзенттік патриотизмі айқын көрінеді. Күншығыс өлеңінде: Қисық көзді Күнщығыс, Бұл тұруың қай тұрыс: Серпіл енді,алыбым! деп, Шығыс елдеріне ұран тастай отырып,өз ойларын әйгілі Пайғамбар өлеңінде жалғастырады. Өлеңде ақын шабытының ғаламат күші қаншалықты сезіліп тұрса,ақынның Шығысқа,оның ұлдарына деген махаббаты мен мақтанышы да соншалықты жарқырап көрінеді. Мағжанның бұл тақырыптағы өлеңдерінде заман шындығы ,халықтың басынан өткен тарихи белестерді ойға алу арқылы түсіндіріледі.Ол Шығыстың, соның ішінде түркі елдерінің кешегі тарихына көз жібереді. Бір кезде жайлаған мекенін еске алады. Түркістан өлеңі соның айғағы:
19 ...Түркістан-екі дүние есігі ғой, Түркістан –ер түріктің бесігі ғой- деп басталатын өлең жолдары кешегі тарихқа жетелейді. Мағжан Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан аМағжан Жұмабаевтың отаншылдық тақырыбына жазылған ауқымды туындысы «Батыр Баян» поэмасы. Поэма отаншылдық тақырыбын көтергендіктен де басты кейіпкер Баянның азаматтық тұлғасы, батырлық, ерлік қасиеттері жөнінде ақын соншалықты сүйіспеншілікпен жырлайды. «Наркескен, өрттей еске, қайтпас болат», «Сұңқардай», «Керілген күнге еркелеп жас жолбарыс» сияқты теңеулер арқылы оның шынайы батырлық образын береді. Поэмадағы Абылай хан өз халықының тәуелсіздігі үшін күш жұмылдырған көсем ретінде бейнеленеді. «Абылай-данам», Ойы теңіз хан Абылай» деген теңеулерден ақынның оған деген жылы ықыласы мен жоғары бағасын байқаймыз. Жастардың бойында қажырлылық пен қайсарлық, ержүректілік пен батырлық секілді қасиеттерді қалыптастыруға ықпалын тигізетін бейненің бірі – Ноян. Алғашқыда оқырманын сүйсіндірген Ноянның «бар ақылы білегінде, Билеген асау жүрек, қайнаған қан» деген жолдарды оқып, оған сүйсінсе, ал енді Ноян қалмақ қызының сөзіне елітіп, кіндік кескен жеріне, қалың елі алашына опасыздық жасағанда оқырман тұғырыққа тіреледі. «Құл болса, бір қыз үшін балдырғаны, Алашқа бұдан ауыр шер болар ма?» – деген аға намысы, бүкіл алты алаштың намысы оның өлуіне себепші болады. Жалпы «Батыр Баян» поэмасын оқып-үйрену арқылы жастар отаншылдық, адамгершілік қасиеттерін ұштай түсуге мүмкіндік алады /69;150-152/. ХҮІІІ ғасырдағы ел қорғаған батыр, ірі тарихи тұлға, даңқты адам жайлы жазғанда Мағжан Жұмабаев нақты деректер мен аңыздарды бұлжытпай қайталауды мақсат етпеген. Баян, оның қызы, Ноян арасындағы махаббат сюжеттік негіз болғанмен, дастан «ғашықтар жыры» аясында қалып қоймай, үлкен ел сүйгіштік идеяға негізделген шығарма. Абылайдың ең аяулы батыры Баян 1740 жылы қалмақтарға қарсы соғыста қайтыс болған. «Батыр Баян» поэмасы - қазақ халқының сан ғасырға созылған даңқты қаһармандық дәстүрінің айнасы іспетті батырлар жыры, қазақтың рухани игілігіне айналып, мәдениеттің төрінен орын алған ғажайып туынды. Патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал жасайтын, жас ұрпақтың ұлтжанды, елшіл болуына бастайтын өлеңдер қатарына Мағжанның «Мен кім?» және «Мен жастарға сенемін» өлеңдерін жатқызуға болады /25;270/. «Мен кім?» өлеңі арқылы әрбір жастың өжет, өршіл, қажымас қайратты болуын қалайтынын аңғартса, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде аталған қасиеттердің елге қызмет ету үшін жұмсалуы ғана жас адамның азаматтық келбетін айқындайтынын ақын жырына арқау еткен. Алғашқы өлеңде ақын жастықтың арда мінез, асау қалпын жырлай отырып, осы қайнаған қуат-күшті қандай мағыналы істерге жұмсау қажеттігін айқын ашып көрсетпейді. Түпкілікті шешімді оқырманның өзіне қалдырады. Өлең оқырманды еріксіз ойлануға мәжбүр етеді.
20 «Мен жастарға сенемін» өлеңінде ақын жастардан не күтетінін оптимистік сеніммен жырға қосады. Ақын ұғымында жастықтың қуат-күші ел мен жерге қызмет ету арқылы ғана көркейе түседі. «Жолбарыстай қайратты», «Көздегені көк аспан», «Жаннан қымбат олар ар» деген жолдар оқырманын азаматтық, отаншылдық ойларға жетелейтіні ақиқат. Мағжан сенген жастар кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында дүниені дүр сілкінтіп, оның үмітін ақтады, сол жастардың қайсарлығы мен күштілігі, табандылығы мен төзімділігі өз алдына егемен ел болып, шаңырақ көтеруге мүмкіндік туғызды. М.Жұмабаев: « Тәрбиенің мақсаты адамды сол адамның ұлтын, бүкіл адамзат қауымын бақытты ету» дей отырып жеке адамның бақытын ұлт, одан қалса бүкіл адамзаттың бақытты болуымен байланыстыра қарастырды. Мағжанды ұлт шеңберінде шектеліп қалған адам деп ешкім айта қоймас. Тіптен ұлттық тәлім-тәрбие мен халық педагогикасының өзін жаны қанша сүйсе де, ол ұлттық шеңберде қалып қоюға қарсылық білдіреді. «Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болған сықылды, жамандық жағы да көп. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр», - деп ұлт тәрбиесіндегі кейбір олқылықтарды: «Ұлттың тәрбие жолында ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды», - деп ашық айтады. Қазақ топырағынан шыққан тұңғыш педагог-ғалым Ы.Алтынсарин тәрбие мен оқуды жүйелі түрде сол кездегі мектепке енгізді. Қазақ даласында халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлы тәрбиесі болғанын білеміз. Қазақ халқының бар болмыс тіршілігінің өзі тұнып тұрған тәрбие дегенді Мағжан өзінің педагогикалық еңбектерінде өте жақсы көрсете білген. 1926 жылы ақынның туған ауылына келуі барлық ауылдастары, әсіресе балалар үшін үлкен мереке болды. Онша биік емес, толықша, ақ костюм киген, қолында күміс сопы таяғы, жанынан тастамайтын қаламымен блокноты бар Мағжан ақсақалдар ішінде отырып, олардың атақты жерлестерінің жұқа кішкене кітапшадан, бұларды жинап алып, оқуын өтінетіні есінде қалған, бұл кітапшаның екінші бетінде ақынның өзінің суреті болған. Көптеген ауылдастары бұл жинақты үйлерінде ұстады, бірақ Мағжан ұсталғаннан кейін барлығына құн жетпес даналарды жоюға тура келді деп есіне түсіреді 80 жастағы ақсақал, ұлы ақынның жерлесі Ғабиден Ақанов. Дегенмен бүгінге дейін ол немерелері мен шөберелеріне Мағжанның өлеңдерін жатқа оқиды, Жастарға ұлы ақынның басты өсиеті -адамды отан сүйгіштікке, адамзаттыққа тәрбиелейтін, туған жерге деген сүйіспеншілік.Мұндай сүйіспеншілік болмайынша халық та, ұлт та жоқ-, деген ақын. Мағжан ғасырдың басында армандағандай, қазіргі Қазақстан тәуелсіздік алып, дербес мемлекет құрған кезде,жастардың келешек үшін жауапкершілікті сезінуді және оған қызмет ету үшін білімі үшін күшін сарп етуге дайын болуға оқытатын мұндай поэзиялар өте қажет. Осы мағынада Мағжан Жұмабаевтың тек ақын-азамат ретінде ғана емес, сондай-ақ болашақта бүгінгі күнді мегзей отырып, тәуелсіздік алу ғана ұлтты сақтап қала алады деп көре алған ойшыл ретіндегі тұлғалық мәні зор. Сондықтан да мен қазақ ақыны-тек поэзия шамшырағы ғана емес, сондай-ақ
21 қазіргі кезеңнің мәдени өмірінің, әлеуметтік-саяси барлық салаларының шамшырағы немесе ол өз халқының тағдыры жайлы толғанған ұлы гуманист және де оның шығармашылығы біз үшін және келер ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәнде деп есептеймін. М.Жұмабаевтың шығармашылығын зерттей отырып, оның шығармашылығындағы азаматтық-ағартушылық тәсілдердің күшеюі заңдылықты екендігін аңғарамыз. Оның ақындық дарындылығы қалыптасқан сайын, ол халық алдындағы, зор жаупкершілікті өткір сезіне түседі. Егер көптеген өлеңдерінде Мағжан өз «менінің» ақыны ретінде баяндалса, ендігі бізбен іріктелініп алынған соңғы кезең, яғни М.Жұмабаевтың шығармашылық шыңын айрықшаландыратын кезең, өз жерінің патриоты, өз шығармашылығында жалпы адами құндылықтарды жырлаған, өзінің дұрыстығына нанымның күшін және қуатын көрсетеді. Әлем мәдениетінің, оның ішінде ақындық талант масштабындағы үйлесімділікте орыс декадансының ең жақсы үлгілерін жүйелеу және түсініпұғыну Жұмабаевтың азаматтық ұстанымында және ел өмірін тереңнен білуінде осы кезеңде әлем деңгейіндегі шедевр құруға мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі өлеңдердегі алдыңғы қатардағы тақырып өмір мен өлім мотивтерін айтқымыз келеді, яғни бұл ақынның түсінігінше үнемі бірге жүреді. «Мені де өлім алдында» өлеңінде ақын өлімді міндетті, қашып құтыла алмайтындай ұғынады. Дүниені түйсінудегі трагизм өмірді жақсы көру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл дана Мағжанның шығармашылық ерекшелігі, поэтикасының айырықша жағы, оның рухани өзегі болып табылады. Ақын өзінің көрегендігін адамдар өмірі мен өлімін әсерлеп көрсетуден көрді, өйткені ол – олардың бр бөлігі. Ақын ажалды, бірақ оның өнерінің күші, ақындық сөзінің күші түнектің түңлігін ашады. Барлық тіршілікке сүйіспеншілігі, адамдар қайғысы мен қуанышына қатыстылығы, олармен оардың тағдырын бөліскісі келетіні өлеңінің соңғы жолдарында жазылған: Өмірмен тәтті қоштасып, Өлімменен қол ұстасып, Үстіне топырақ үюлі Суық жерде көмулі Қара жерді құшақтап Жатқанда мен сорлы Мені есіне кім алар. Осы топырақты, өлім мен өмір тақырыбын Жұмабаев «Қорқыт» поэмасында дамытады. Мәңгілік өмірді іздеген далалық ғұлама жер жүзін шарлайды, бірақ қайда барсада оны «Қорқыттың көрі» күтіп тұрады. Қорқыт өледі, бірақ өзінен кейін сазды қобыз әуенін қалдыра отырып, ажалды алдады. Екі бастау, өмір және өлім жақсылық пен жамандық қарт бейнесінде біріктірілді, оның талантындағы рухани мәңгілік адамдар мойындауында орнын тапты. Поэма соңында Жұмабаев өз түсінігін келтіреді: «Егер өз халқың үшін
22 өлу бұйырып тұрған болса, бақытты болар едім, егер ол үшін әйтеуір бір жақсылық жасай алсаң». Мұнда ол ағартушылық ұсталымда болады, өзінің жол салушыларының аса биік гуманизм идеяларын мақұлдай отыр. Осылайша, жалпы адамның және ұлттың тағдыры жайлы толғам Мағжан Жұмабаевтың қызметі мен дүниетанымында келістілікпен үйлеседі. Демократизм мен гуманизмді оның педагогикалық жүйесінің алдыңғы қатардағы принциптері ретінде тереңдетеді және дамытады. М.Жұмабаев өзінің романтикалық поэмалары «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіп хан» т.б. еңбектерінде Байронның, Пушкиннің, Блоктың, Абайдың, Шәкәрімнің ұлы дәстүрлерін жалғастырды. Нағыз егемендіктің құрылуы, оның тұрақтылығы өзінің тамырына қайтып айналып соғуды, ұлттық өзіндік сананы меңгеруді, қасиетті жердің ұлы ұлдарына деген құрметті тәрбиелеуді міндеттейді. Осы мағынада оқу-тәрбие процесінде Жұмабаев мұраларын зерттеу және пайдалану бізге аса қажет. Біздің пікірімізше Жұмабаевтың өткенге үңіліп, мемлекет қайраткері Абылай өмірінің тарихына, қазақ батырлары, халық көтерілісіне қатысушылар Бөгенбай, Наурызбай, ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Кенесарының өмірлеріне үңілуі заңдылық, немесе барлық уақыт кезеңінде бұл батырлар образдарының үлкен тәрбиелік мәні болды. Ақын батырлық және ұлылықтың халықтың дәстүрлері ұмтылатынын ұғынды және оның өткенге үңілуі - уақыттың үзілген жібін жалғауға, елдің есінде оның тарихын сақтауға тырысу. «Батыр Баян» поэмасы - халықтың рухани-өнегелік негізгі жақтарын іске асырған, оның шығармашылық мұрасының шыңы. Тұтқындағы қалмақ қызын жақсы көріп, оның азғыруына көніп, тұрған жерін тастап кетіп бара жатқан кіші інісін халық батыры, Абылай құрмет тұтқан, үзеңгілісі Баян өлтіреді. Баян Ноянды жерлей отырып, ұлт азабын тартады, өйткені өзінің қызбалыққа салғанын ұғады. Өкіне, қайғыра отырып Баян жан қиналысына төзе алмағаннан, ажалды жауларынан іздеп, табады. Мұндай сипаттағы өнер туындысын өнегелік сезім тазалығын тәрбиелеуге бағытталған. «Батыр Баян» поэмасында автор сезімнің жалындығын, ойдың адалдығын дәріптей отырып, өз әрекеттерін талдау, түзеуді ойлап –толғануға мәжбүрлейді /69;150-152/. Поэмада Абылайхан образы берілген, оның аты кескінделген және естен шығармауға берілген. Жұмабаев поэмасы бірінші қазақ дипломаты, әскербасы, бүкіл өмірін тәуелсіз мемлекетті сақтауға арнаған және осыдан өзінің орнын көрген мемлекет қайраткерінің жоғары азаматтың ерлігін жеткізуге көмектесті. «Батыр Баян» поэмасын оқи отырып, балалар адами сезім, нұрлы ұмтылыс әлеміне парасатпен енуді үйренеді және де осы мағынада поэма гуманистік педагогикалық идеялардың асыл қазынасы болып табылады. Жоғары құндылық ретінде адамдағы адагершілік айғақтылығын түйсіну, өнегелік тұнықтық - қазіргі заманғы мектептің көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Осы идея Жұмабаевтың шығармашылық мұрасының анықтағышы болып табылады. Халық педагогикамының өсиетіне ілесе отырып,
23 Жұмабаев өз шығармашылығында адам рухының жоғары өнегелігіне, оның күші мен сұлулығына таңданыс тудыратын, адами қасиеттерді ашуға тырысады. Жаңа кезең ағартушысы Жұмабаев тарихи еске алусыз, адам жалпы білімсіз толыққанды адамды қалыптастыру мүмкін еместігіне сенімді болды. Ақынның бұл ойлары қазіргі күндері өте өзекгі, өйткені мұндай білімнің жеткіліксіздігі тұлғаның адамгершіліктің құлдырауына әкеліп соқтырды, бұл қоғамда айқын көрініс тапты /49;66/. Шәкірттерінің болашағына үміт артқан ақын өзінің жүрекжарды тілегін былайша білдіреді: «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар Мен жастарға сенемін! Жас қырандар балапан, Жайып қанат ұмтылған. Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер, Сүттей таза жүректер. Қасиетті тілектер. Мен жастарға сенемін!». Жастардың көзі ашық болса, надандықтан аулақ болса, өнер-білімнің жолын қуса, сөйтіп елдің, халықтың қамын ойлар нағыз азамат болса игі деп армандайды. Теориялық тұрғыдан алғанда кез-келген қаламгер шығармашылығында оның өз образы тұрады делінеді. Мағжан поэзиясындағы кез-келген образды, мысалы, Абылай ханды, Кенесарыны, Наурызбайды, Баян батырды немесе шағын өлеңдеріндегі кейіпкерлердің қай-қайсысын алсаңыз да, олардың бойынан Мағжан рухы айқын сезіліп тұрады. Дәл осындай пікірді кезінде Ж.Аймауытов та айтқан болатын Өзінің «Мағжанның ақындығы туралы» деген еңбегінде: «Мағжан - алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзінде тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне әтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алатындай құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ұран сала ма, бәрінен де ақынның ойлағаны, сезгені,
24 жүрегінің қайғыруы, жанның күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады. Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен сырласқандай боласың» /2;5-7/. Біздің пікірімізше, азаматтық сезімді тәрбиелеу, адамзатқа риясыздықпен қызмет етуге дайындау, өзін-өзі құрбан етуді тәрбиелеу өз халқына, жеріне сүйіспеншілік, тарихы жайлы білімсіз тәрбиелеу мүмкін емес. Осылайша Мағжан Жұмабаев, ақиқатшыл ағартушы ретінде жер жүзі халықтарының ынтымақтастығының, гуманистік принциптерін жариялайды, ол адам тек өз халқын ғана жақсы көріп, басқаларын жек көре алмайды дейді. Мұндай жек көрушіліктің салдары мыңдаған адамның көзқарасы, қайғысы мен ажалына душар еткен 1914 жылғы дүниежүзілік соғыс және өзге де бұрынғы жылдардағы соғыстар деп көрсетеді М.Жұмабаев. Белгілі зерттеуші Д.Қамзабекұлы: «М.Жұмабайұлы қайсыбір ғалымдар дәлелдегендей «жаңа өмірді түсінгісі келген жоқ» емес, түсінгісі келді. Бірақ ол имансыздықты түсінбеді. Екі сөйлейтіндерді, дәреже-даңқ үшін Отанын сататындарды, бейімделгіштерді түсінбейді», - деп жазады. Бұдан байқайтынымыз, ақын өз елінің болашағының қамын ойлап, басын қатерге тосқан паториот екендігі. (,360) Отансүйгіштік сезімі туа бітті пайда болатын қасиет. Баланың бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, қаламгер, қайраткер ұлтым деп жанын отқа тосқан ақын мағжан Жұмабаев ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Мағжанның алып тұлғасының қалыптасуына оның еліне, жеріне, туған халқына деген сүйіспеншілігі де барынш а ықпал етті десем қателеспейміз. Бұл орайдағы оның ой-сезім толғаныстары бүкіл поэзиясына алтын арқау болып өрілгенін жыр сүйер қауым жақсы біледі. Мағжан кемеңгерлігінің бастауы оның көрегендігінде, болашақты болжай білуінде жатыр. Ол өзі «Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар» демей ме?! Демек, ол өзінің мәңгілік екеніне, ұлтының өзгелермен терезесі теңелер күн туарына сенген. Сондықтан да ол ұлтының аспандағы Айы, көгіндегі Күні, ақыл-ойының, парасатының биігі болуға ұмтылды, өз бойына халқының ащысы мен тұщысын, қуанышы мен қайғысын қондырып, соқтықпалы, соқпақты, бұралаңы мен қалтарысы, тауқыметі мол тағдырлы жолды таңдады. Осы жолда жанын пида етті, жырлары да жарты ғасырдан астам уақыт тар қапаста тұншығып жатты. Осы жолда өмірден қыршын өтті. Мағжанды тануға, танытуға білек сыбана кіріскендер кімдер десек, елімізге белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар Шерияздан Елеукеновті, Тұрсынбек
25 Кәкішевті, Мұзафар Әлімбаевты, Қадыр Мырзалиевті, Кәкімбек Салықовты, Ғафу Қайырбековті, Дүкенбай Досжанды, ақынның ұрпағы Ғаділша Қаһармановты, Ғаббас Қабышұлын, Серік Негімовті, Раушан Кошенованы ауызға бұрын алып, мұрағаттарда шаң жұтып, көз майын тауысып Мағжан Жұмабаев туралы деректерді тірнектеп жинағандары, сүбелі де сүйекті еңбектерімен ақынның шынайы бейнесін сомдағандары үшін алғыс айтып, бас июіміз керек.
26 ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ халқында өзге де ұлттар секілді ұрпақ тәрбиесі күн тәртібінен түспегені белгілі. Тәлім–тәрбие мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, мәңгі ескермейтін мәнді сөздерін болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлы бабаларымыздың нақылдары мен ой-пікірлері әлі күнге сарқылмас қазына, тауысылмайтын байлық. ХХ ғасырдың басында теріс саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жазаланған қазақтың біртума қайраткерлерінің мұраларын зерттеу, олардың шығармаларын халқына қайта қауыштыру, жастарға жеткізу – көкейкесті мәселелер қатарынан орын алады. Сол тар жол, тайғақ кешу замандағы ұлтым деп жырлаған, елінің болашағы үшін жанын шүберекке түйіп, өмірін сарп еткен қазақ мемлекетінің іргетасын қалауға үлес қосқандардың бірі, дарынды ақын, атақты қайраткер, ірі педагог - Мағжан Жұмабаев. Бүгінгі таңда Мағжанның қайта оралуына жол ашқандар жайында сөз сабақтап, оларды еске алсақ, ризашылық білдірсек артық болмас. Мағжан кемеңгерлігінің бастауы оның көрегендігінде, болашақты болжай білуінде жатыр. Ол өзі «Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар» демей ме?! Демек, ол өзінің мәңгілік екеніне, ұлтының өзгелермен терезесі теңелер күн туарына сенген. Сондықтан да ол ұлтының аспандағы Айы, көгіндегі Күні, ақылойының, парасатының биігі болуға ұмтылды, өз бойына халқының ащысы мен тұщысын, қуанышы мен қайғысын қондырып, соқтықпалы, соқпақты, бұралаңы мен қалтарысы, тауқыметі мол тағдырлы жолды таңдады. Осы жолда жанын пида етті, жырлары да жарты ғасырдан астам уақыт тар қапаста тұншығып жатты. Ғылыми жұмысымның аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: М.Жұмабаевтың еңбектерінің тағылымдары, сонымен қатар патриоттық шығармалары жинақталды. М.Жұмабаевтың патриоттық сипаттағы шығармаларын жастардың патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың маңызы зор. Ғылыми жұмысым арқылы мен мәселені шештім деп айта алмаймын Сондықтан педагог-ақынның тәлім-тәрбиелік мұрасын зертеуді әрі қарай жалғастыру мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасар едім: М.Жұмабаев шығармаларындағы патриоттық, ұлтжандылық тақырыбы тереңірек зерттелсе. Мағжан туралы деректі, сондай-ақ көркем фильм түсіру, драмалық шығарма жазып, сахналау – бұл да бүгінгі ұрпақтың өтелмеген парызы демекпіз. Сөз соңында айтарым: сан жылдар бойы жабылып келген тұлғалардың мұрасын танып білу, оның тереңіне үңілу оңай емес, ол үшін әлі де болса көптеген ізденістер мен қажырлы еңбек етуді талап етеді.
27 Пайдаланған әдебиеттер: 1.Боранбаев Ж.Сөз зергері.Мағжанның әдемі өрген өрнегі (Қазақ әдебиеті 2003) 2.М.Жұмабаев щығармалары.Алматы.Рауан. 3.М.Жұмабаев жыр жауһары.Жансөзі(Алматы2005) 4.М.Жұмабаев Сүй,жан сәулем.Алматы.(Жазушы2002)