The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search

Қазалым толы асылмен,

Қазалым толы асылмен,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектеп Ғылыми жұмыс: « Қазалым толы асылмен, Толықты тағы батырмен» Секциясы: Өлкетану Орындаушы: Сахитжан Ақжүніс 5-сынып оқушысы. Жетекші: Қани Жанат Күнәжатқызы Бастауыш пәнінің мұғалімі


Мазмұны Аннотация Жетекші пікірі І. Кіріспе ________________________________________________ 3 ІІ. Негізгі бөлім А) Майдангер ата өмірі _____________________________________4 Ә) Алапат айқаста ерлік көрсеткен аға алдындағы парыз __________7 Б) Ұмытпайды ұрпағың ерлігіңді ____________________________11 ІІІ. Қорытынды ___________________________________________15 Ұсыныс _____________________________________________16 Пайдаланылған әдебиеттер _______________________________16 Қосымша Күнделік


А Н Н О Т А Ц И Я Ғылыми ізденіс жұмысының тақырыбы – «Қазалым толы асылмен, Толықты тағы батырмен» Ғылыми ізденіс жұмысының мақсаты- Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қазалы топырағынан шыққан, ерлігі елеусіз қалған батыр есіміне лайықты тұлға Ордабай Жүргенұлының ерлік істерін анықтау,іздестіру, жинақтау. Ғылыми ізденіс жұмысының өзекті мәселесі - Ордабай Жүргенұлының ерлік істерін анықтау арқылы оның еліміздің батырлық тарихында өзіндік орны бар екендігін дәлелдеу. Ғылыми –ізденіс жұмысының жаңалығы- Қазалы ауданды бойынша тағы бір Кеңес Одағының батыры шыққандығының анықталуы. Бұл үшін шағын зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды: - Ордабай Жүргенұлының өміріне қатысты құжаттарды жинастыру және жүйелеу; - Іздестіру жұмыстарын жинақтай келіп, Ордабай Жүргенұлының ерлігінің батырға лайықтылығын елеп – екшеу; - Батырдың ерлік істері арқылы болашақ ұрпақ бойында патриоттық пен ұлтжандылық сезімін ояту; Ғылыми жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. . Негізгі бөлімде: Ұлы Отан соғысынан елге оралмай, ізсіз кеткен Ордабай Жүргенұлының өмір жолы мен “Курск доғасындағы” көрсеткен ерліктері баяндалады. Сонымен бірге ұрпақтарының іздестіру жұмыстары, замандастарының естеліктері айтыла келе, батыр атағына лайықты тұлға екендігі дәлелденеді. Ғылыми зерттеудің негізі ретінде ел басшылары мен ұрпақтары, замандастарының естелік әңгімелері зерттеу жұмысына негіз болған


Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектебінің 4-сынып оқушысы Сахитжан Ақжүністің « Қазалым толы асылмен, Толықты тағы батырмен» тақырыбындағы ғылыми жұмысына П і к і р 5 - сынып оқушысы Сахитжан Ақжүніс өз зерттеу жұмысын « Қазалым толы асылмен, Толықты тағы батырмен » деп атапты. Ол зерттеуде Ұлы Отан соғысы жылдарында өмір сүрген , Ел үшін, Отан үшін жанын пида еткен «Батыр» атағы бұйырмай кеткен боздақ Ордабай Жүргенұлы туралы жан-жақты зерттеген. Соғыс құрбаны Ордабай Жүргенұлы қан майданда мерт болып, сүйегі табылмай жат жерде о дүниелік болған боздақ. Тек, 70 жылдан кейін ғана сүйегі табылып, туған жерге топырағы әкелініп, еліне танылған батыр туралы жан – жақты зерттеген. Зерттеу жұмысында оқушы мақсатына жете біліп, көп ізденіп зерттеген. Тарих өткен күндер елесі десек, соның өшпес беттері әлі де аз емес. Миллиондаған адамдар жүректеріне сызат түсерген сұрапыл соғыс мәнгі есте сақталар тарихи оқиға екені белгілі. Елдің басына күн туған кезде қолына қару алып, Отан қорғауға өз үлесін қосқан боздақтардың бірі - Ордабай Жүргенұлы жайлы деректер бере отырып, жас ұрпаққа кеңінен насихатталған. Зерттеу жұмысында оқушы мақсатына жете біліп, көп ізденіп зерттеген. Зерттеу жұмысын оқи отырып, аға ұрпақтың ерлігіне тәнті еткен. Жетекші: Бастауыш пәнінің мұғалімі Қани Жанат Күнәжатқыз Мектеп директоры: М.Қаниев


I. К і р і с п е Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады. Ұлы Отан соғысы…Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бір мың төрт жүз он сегіз күн мен түнге созылған бұл соғысқа Бозкөл ауылынан 300 дей жерлестеріміз майданға өз өтініштерімен аттанды. Сол бір қанды соғыстың өрті лаулаған сұрапыл жылдарынан Бозкөлдіктерден 180- нен астам боздақ елге оралмады. Соғыста мерт болған жауынгерлеріміздің денесі жат жерде жерленіп, кіндік қаны тамған жердің топырағы бұйырмады. Сондай батыр тұлғаларымыздың бірі - Ордабай Жүргенұлы. Ол сол соғыста елдік пен ерлік, қайсарлық пен қаһармандық көрсетіп, Жалаңтөс пен Жанқожа, Ақтан мен Бекарыстан сынды батыр бабаларымыздың лайықты ізбасарлары екенін паш етті. Ғылыми жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімде: Ұлы Отан соғысынан елге оралмай, ізсіз кеткен Ордабай Жүргенұлының өмір жолы мен “Курск доғасындағы” көрсеткен ерліктері баяндалады. Сонымен бірге ұрпақтарының іздестіру жұмыстары, замандастарының естеліктері айтыла келе, батыр атағына лайықты тұлға екендігі дәлелденеді. Бүгінгі біздің мақсатымыз соғыс ардагері жерлесіміз – Ордабай Жүргенұлының ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, болашақ ұрпаққа ұғындыру болып табылады.


ІІ. Негізгі бөлім А) Майдангер ата өмірі "Әр адамның өмірі - тарихтың бір парағы" Н. Ә. Назарбаев Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Әбдібаевтың облыстық «Сыр ардагері» газетіне 2012 жылы 1 қарашада жарияланған «Алапат айқаста асқан ерлік көрсеткен аға алдындағы парыз» атты мақаласы ізімен. Ордабай Жүргенұлы - 1921 жылы Қазалы ауданының “Жанай” (кейiн Сталин атындағы колхоз аталған) елдi мекенiнде дүниеге келген. Ордабай Жүргенұлы Кішкене шектілердің үлкені Жиеней аталығынан шыққан. Жиеней Бабас Тоғыз Тоқпан Түбекбай Жүрген Ордабай Ордабай батырдың өмір жолына тоқталар болсақ, қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ордабай ақсақалдың отбасында жалғыз ұл болды. Төңкеріс жылдарында ауыр күндерді басынан кешірді. Анасы Әлима, әкесі Жүрген бір ер бала, бір қыз бала есімі – Ақжан тәрбиелеп өсірген. Ордабайдың әкесі ертеректе қайтыс болып жетім қалады. Жастайынан анасы Әлиманың тәрбиесінде болады Анасы Әлима - өте бауырмал, тазалықты сүйетін, әділ де, алғыр жан еді. Тәрбиесі тәлімді, мінез-құлқы биязы жан болатын. Соған қоса, ол ашық – жарқын, жомарт жан еді. Ол кісінің діни сауаты да бар болатын. Өлгенше намазын оқып, оразасын ұстап өтті. Ол кісі шаруақор да болатын. Екіүш бас сиыры, бірнеше бас уақ малдары болушы еді. Ана сүтінен дарыған мінезімен Ордабай - жасынан зерек болып өсті. Жаппай сауаттану кезінде ақедең мектепке қатынап жүріп, таңертең сабақ басталам дегенше көлге ау құрып, сабақтан шығысымен тапқан олжасын үйіне апарыа анасын қуантатын. Жеті жылдықты бітіргеннен кейін комсомол қатарына өтті. Еңбек майданына ерте араласып, егін егіп, мал бағып, аң аулап шаруашылық істерін атқарды. Кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жаңаша білім алуға ынта қойды. Көп ұзамай армия қатарына шақырылды. 1941 жылдың 11 маусымында әскерге қабылданып, Отандық борышын өтей бастайды. Солдаттық мiндетiн Челябинск қаласында өтеп жүргенде әлемдiк қанды соғыс басталып кетедi. Ордабай аталған қалада 3 ай мергендiк мектептi оқып, соғысқа қажеттi мамандық алады. Артынша Орта Азия әскери округi шекаралық “Памир” атқыштар


дивизиясына мерген болып қабылданады. 1943 жылдың ақпан айының аяқ кезiнде өзi қызмет атқарған дивизияның құрамында “Курск доғасындағы” майданға кiредi. Майдангер атамыз Ордабай Жүргенов 1943 жылы шілде айында соңғы демін жинап, Курск қаласын және маңындағы елді мекенді алуға ұмтылған 250-300 – ге тарта дұшпанның солдаттарына «Теплое» селосының маңындағы «Биіктікте» 18 жауынгер қарсы тұрып, бетпе – бет кескілескен ұрыста 83 дұшпан жауынгерінің көзін құртып, алға жылжуын тоқтатып, қосымша күш келгенше алғы шепті қалпында сақтауды қамтамассыз ету жолында 18 жауынгермен бірге мерт болады. 18 ержүрек жауынгердің ерен ерлігі жоғары бағаланып, 224 «Памир» атқыштар полкінің командирі, полковник Сурженко өзінің 166 атқыштар дивизиясының командирі генерал майор С.Я. Сенчиломен келісіп анкета толтырып, ең жоғары награда – «Совет Одағының батыры» атағына ұсынады. Бұл награда парағына 19 атқыштар корпусының командирі генерал Шарапов, соғыс Советінің мүшесі генерал Совков қолдарын қойып армия генералы Ракосовскиймен, генерал – лейтенант Телегинге жолданады. Өкінішке орай, аталған құжаттардың кейінгі тағдыры белгісіз, Жоғары орден егесін осы уақытқа дейін таппаған. Ия атамыз Ордабай Жүргенов 22 жасында еш қызық көрместен, ұрпақ жаймай арманда кетті. Бірақ оның артында Отаны үшін жасаған өшпес ерлігі қалды. Зерттеу жұмысым дәлелді болу үшін төменде осы марапатқа ұсынылған құжаттың орысша көшірмесінің бірінші беті Наградной лист 1. Фамилия, имя и отчество – Жүргенов Ордабай 2. Звание – Красноармеец 3. Должность, часть- Стрелок I стрелкового батальона 224 Памирского стрелкового полка. 4. Год рождения – 1921. 5. Националность – казах. 6. Партийность – б/п 7. Участие в гражданской войне- Центральный фронт с 15.02.43г 8. Имеет ли ранения и контузии в отечественной войне- убит 16.07.43г 9. С какого времени в Красной Армии – с 1941 г.


КРАТЕОЕ, КОРОТКОЕ ИЗЛОЖЕНИЕ ЛИЧНОГО БОЕВОГО ПОДВИГА ИЛИ ЗАСЛУГ В разгар июльских наступательных боев, когда враг любой ценой пытался прорваться к Курску, полк имел задачу занять высоты у.с. Теплое. Взводу Лейтенанта Романовского было приказано прикрыть правый фланг для перегруппировки I стрелкового баиальона выходом его к.с. Самодуровка. Немцы, воспользовавшись малочисленностью нашего прикрытия, подтянули против взвода в 18 человек до 200 автоматчиков, пользуясь выгодой рельефа, маскируясь во ржи,постепенно окружали еаш взвлд. Разгадав замысел врага, лейтенант Романовский вступил в неравный бой. Кахдый боец твердо шел на сближение с врагом, врывался в окопы расстреливал в упор, разил штыком, бил лопатой. Немци попятились, пытались окапаться, но герои продолжали настигать и вырастали с каждой минутой. На месте этого напряженного огневого и ркуопашного боя была наяитано 83 вражеских трупов. Романовский и все 18 героев –бойцов погили, но не отступили ни шагу. Приказ командования был выполнен с честью. Достоин росмертно присвоения звания-«ГЕРОЯ СОВЕТСКОГО СОЮЗА» Командир 224 памирского Стр.полка Полковник /Сурженко/ Ә) Алапат айқаста ерлік көрсеткен аға алдындағы парыз «Артыңда ақылды ұрпағы қалса, Ұлы адамның рухы мәңгі жасайды » Халық даналығы Ана мен баланың, әке мен атаның тыныштығы үшін сұрапыл соғыстың қанды кезеңдерін басынан кешкен майдангер ағаларымыздың өмір жолы таусылмас жыр, өшпес тарих!!! Тарих өткен күндер елесі десек, соның өшпес беттері әлі де аз емес. Миллиондаған адамдар жүректеріне сызат түсерген сұрапыл соғыс мәнгі есте сақталар тарихи оқиға екені белгілі. Елдің басына күн туған кезде қолына қару алып, Отан қорғауға өз үлесін қосқан боздақтардың бірі - Ордабай Жүргенұлы. «Артыңда ақылды ұрпағы қалса, Ұлы адамның рухы мәңгі жасайды» - деп халық даналығы айтқандай, соғыс ардагері майдангер – Ордабай Жүргенұлын іздеу, топырағын


елге әкелу, атын жас ұрпаққа таныту, бүгінгі ұрпақтың басты парызы. Жалғыз ұлы хабарсыз кеткеннен соң анасы Әлима қызы Ақжанның қолында болады. Ана жүрегі сезді ме қарт ана үнемі баласының жолына қараумен, қолындағы малын, құрт – майын жинап балам келеді деумен, 1965 жылы дүниеден өтті. Соғыс жылдары жазылған А.Қоразбаевтың «Қара кемпір» әні дәл Әлима әжейге арналып жазылғандай ... Қызы Ақжаннан – бес ұрпақ тараған. Әлима әжей үнемі «балам тірі, іздеу салыңдар» деп мазамызды алып отыратын еді деп - еске алады. Әлима әжейдің жиені – Амангелді Әбдібаевтың айтуы бойынша: « Мен жоғары оқу орнында оқып жүргенімде, одан кейін де Мәскеуге, Қорғаныс министрлігіне, бірнеше рет ағамның хабарын сұрап хат та жаздым. Бірақ соның бәрінен «без вести пропавший, информацией не владеем» деген жауап келіп жүрді. 2011 жылға қазан айының ортасында Ресейдің Курск облысындағы Чигра қаласындағы хабарсыз кеткендерді іздестіру тобының жетекшісі В.Ф.Королеев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атына хат жазып, Қазалыдан армия қатарындағы жауынгер Ордабай Жүргенов туралы мәлімет сұрайды. Мұнан соң хатты Президент әкімшілігі Қызылорда облысының әкімдігіне жолдайды. Мұнда келген соң Қазалы ауданынан бұл кісі жөнінде тағы мәлімет сұралады. Ұзамай бұл хабар менің де отбасыма да жетті. Зерделей келгенде іздеу салынып отырған солдат менің нағашы әжемнің жалғыз ұлы Жүргенов Ордабай екені анықталды. Мен дереу Королеевқа телефон соғып, өзімнің қандай жақындығы бар екендігімді мәлімдедім. Содан кейін байланысты үзбей, одан тағы да толық мәліметтер хабарлауды өтіндім. Ақыры 2012 жылғы 26 тамызда нағашым Ордабай Жүргенұлы жерленген жерге бару үшін жолға шықтым. Қарындасым Айжамал екеуміз қазақ дәстүрі бойынша сый-сияпат алып жүріп кеттік. Бізді Курск темір жол вакзалынан аталған іздестіру тобының басшысы Королеев күтіп алды. Содан Чигара қаласына барып орналасқан соң қала әкімі М.П.Моисеевтің қабылдауында болдық. Ол кісі бізді жылы қабылдап, жан-жақты көмек беретіндігін білдірді. Ертеңіне бізді ағамыз жерленген орынға апаратын адамдар жиналып жүріп кеттік. Жолай «Бауырластар зираты» деген қорымдар бірнеше жерден кездесті. Күндізгі сағат 13.00- де Пономорев ауданының әкімдігінде болдық. Аудан әкімі және орынбасары ақ жарқын раймен күтіп алды. Сый-сияпатымызды тапсырып, Қазақстан, Қызылорда туралы мәліметтерді айттық. Олар дереу музей директорын, мәдениет бөлімінің бастығын шақырып, біздің


шаруамызды баяндады. Ағамыз жерленген қорымға апарып салуды тапсырды. Осы жолы олар музейді аралатты, соғыс жөнінде бұрын естімеген, хабарымыз жоқ алуан түрлі мәліметтер алдық. Содан кейін аудан орталығындағы 2647 адам жерленген үлкен қорымға апарды. Бұл жердегі тақтада 200-дей ғана солдаттың аты-жөндері жазылған, қалғандары белгісіз. Одан шығып Ольхавка селосына бет түзедік, осыдан 5 шақырым жүрген соң тағы да көп адам жерленген қорымға келдік. Қорым ұқыпты қоршалған жан-жағы биік саяла ағаштармен көмкерілген. Граниттік ақ мәрмәрға солдаттардың есімі жазылған, маңайдың бәріне егілген гүл, өсімдіктер марқұмдар жерленген маңға ерекше көрік беріп тұр екен. Бізге мәлімдегендей, бұл жердегі 4 көмбеде мыңдаған мәйіт жерленген. Тас тақтайларда 300 адамның дерегі бар, қалғандары белгісіз. Біздің ағамыздың аты-жөні ортадағы көмбенің бас жағында бірінші колонкада жазылып тұр екен. Аты- жөнін оқып көңіліміз қатты бұзылып, қарындасым екеуміз көзімізге жас алдық. Ол кісіні тірісінде көрген жан емеспіз ғой. Осы жерде бір қиналғанымыз – жиналған топтың ішінде, маңайда да бірде бір мұсылман жоқ. Құран оқытатын адам таппай қиналдық. Қарындасымыз екеуміз білгенімізді оқып, нағашымыздың басына елден, анасының басынан апарған топырағымызды салып, көңілімізді бір демдедік. Содан кейін оның 60 жылға жуық ашық окопта көмілмей жатқан жерінде де болдық. Соғыс кезінде шейіт болған солдаттар сол жерде беті жабылмай ашық қалып, үстерінен талай рет танк басып өтіпті. Біз әңгіме етіп отырған аймақ соғыс кезіндегі қанды қырғынның нағыз ордасы болғандығы тарихтан белгілі. Аталған төбе басындағы қорымнан 18 солдаттың мәйіті қазылып алынған. Мүрдені ашқанда олар жөніндегі мәліметтерді баяндайтын жетондар табылған. Жетондарда марқұмдардың өмір деректері жөнінде толық жазылған екен. Сонан соң сол жердегі әскери коммисариат мән беріп олардың ұрыс кезіндегі мәліметтерін зерттей бастайды. Соның барысында талай тарихи шындықтардың беті ашылады. Сонда белгілі болғандай, 1943 жылғы 16 шілде күні біздің ағамыз қызымет еткен полктің командирі полковник Сурженко 18 солдатты ең жоғары наградаға ұсынып, мөрін басып, анкета толтырған екен. Бұл құжатқа әскери советтің мүшесі генерал майор Совков, 162 дивизаның командирі Сенчело, 19 атқыштар корпусының командирі Самаровский, 70 армия командирі Шарапов штаб бастықтарымен бірге қолдарын қойып, мөрлерін басады. Бұл құжат тек армия генералы Рокоссовский мен генерал лейтенант Телегинге жолданады. Тағы бір құжатқа көз жіберейік: 1943 жылғы 21 желтоқсанда №83/н ПВС СССР атынан №162 атықыштар дивизиясының опат болған солдаттарының бәрін бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапаттайды. Бұлардың ішінде біздің мерген ағамыздың взводы да бар. Ағамыздың соғыс даласындағы мамандығы мерген


(снайпер) ғой. Бірақ оның қанша дұшпанды жойғаны белгісіз. Құжат бойынша аталған топ 83 жаудың көзін жойған. Осы сапарымызда Мәскеудегі қазақ елшілігінде болдық. Елшілік хатшысы Жақсылық Данияр деген азамат бізбен асықпай әңгімелесті. Келешекте нақты көмек көрсететінін айты. Енді біздің арманымыз нағашы ағамыздың майданда, Отан қорғау кезінде көрсеткен қаһармандақ ерлігінің әділ бағасын алу – деп сөзін аяқтады. Ия атамыз Ордабай Жүргенов 22 жасында еш қызық көрместен, ұрпақ жаймай арманда кетті. Бірақ оның артында Отаны үшін жасаған өшпес ерлігі қалды. Туған апасынан туған аға ұрпақты іздейтін Амангелді ағамыздай, Айжамал апамыздай бауырлары қалды. Аға бейітін тауып, басына туған жерінің топырағын салып, туысқандық парызын өтеді. Ордабай атамыздың Ресей жерінен бір уыс топырағы әкелініп, Қазалы ауданындағы бейіттердің біріне ескерткіш белгі орнатылды. Б) Ұмытпайды ұрпағың ерлігіңді "Тұлғаңды, тарихқа біз енгіземіз" Еліміз егемендік алғалы қазақ қалпына қайта келіп, жоғымызды іздеп, аңсаған асыл арыстарымызды танып табыса бастадық. Батырлық пен батылдықты, ерлік пен елдікті, туған жердің азаттығын аңсаған қан майданда қан кешкен, өз кеудесін отқа төсеген Ордабай Жүргенұлының ұрпақтары өз қандастарын іздеусіз, ұмыт қалдырмады. Сонау Ресей елінің президенті Путинге хат


жолдап іздестіру жұмысын бастап кетті. Ордабай Жүргенұлын зерттеу, тұлғаны тану Елбасынан бастау алып, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сүлейменов Қайырбек мырзаға хат жолданып, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының ардагерлер үйымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық филиалы, Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Нұралиев Раджаб Тұрсынбайұлына хат жолдап өз ұсыныстарын білдірді. Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманұлының ҚР Қорғаныс министрлігіне жазған өтініші қаралып, ҚР Қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар бас басқармасына мұрағатпен расталған Ордабай Жүргеновке «Кеңес Одағының Батыры» атағын беруге 2013 жылғы 30 қаңтардағы шығыс №14\5\295 ұсынымды жолдады. Сыр бойы тарихының тағы бір парағы, Қазалы батырларының тағы бір есімі анықталды. Ордабайдай ерекше тұлғаны іздеу бақыты жиені Амангелді Әбдібайұлына бұйырды. Алдағы уақытта Амангелді ағаның бар арманы Ордабай нағашы ағамызды іздеп, тауып, басына шешесінің топырағын салып келу болатын. Бұл арман да орындалды. Ендігі арманы – Ордабай ағамыздың майданда, Отан қорғау кезінде көрсеткен қаһармандық ерлігінің әділ бағасын алу. Өзі мерт болса да ерлігін елі, туған жері, ұрпағы біздер мақтан етіп, есімін мәңгі есте қалдыратын шаралар ұйымдастырар едік. Бауырымыздың аты бүкіл қазақтың мақтанышына айналар еді. Осы орайда соғыс зардабын тартқан Россияның, Украинаның, Қазақстанның Президенттері соғыстың 50, 60, 65 жылдық мерекелері қарсаңында осылай кезінде ерекше ерліктері еленбеген боздақтардың есімін дәріптеп, оларға батыр атақтарын беріп жатыр. Мәселен, бейбіт кездің өзінде Ресейде ерлігі еленбей қалған 14 адамға, Украинада 7 және Қазақстанда 5 жауынгерге жоғарғы атақтар берілді. Егер кезінде осындай атаққа ұсынылған құжаттар жіті тексеріліп, тарих олардың ерлігіне бүгінгі үкімет басшыларының көзін жеткізсе Отан үшін жан берген азаматтардың аруағы ырза болар еді. Алдағы 2013 жылы Курск майданың басталғанына 70 жыл толады. Ресей мемлекеті сол күнді ерекше атап өтуге қызу дайындалып жатыр. Осындай сәтті пайдаланып, біздің ел басшылары да туған жер боздағының даңқын шығаратын шара қабылдаса нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі уақытта облыс, қала, Қазалы аудан көлемінде, Россиядағы Курск облысының «Пограничник» Соғыс ардагерлер клубы тағы басқа қоғамдық ұйымдардан, батыр соғысқан Курск қаласының маңындағы елді мекендерден, мұражайлардан құжаттар жинақталып, бұл мәселеде үлкен қозғалыс жасалынып жатыр. Бүгінгі күні батыр жерлесіміздің ерен ерлігін ақпарат құралдарынан оқып танысқан облыс халқы, әсіресе ардагер қауымы, шынайы ризалығын білдіріп жерлесіміз Ордабай


Жүргенұлының «Батыр» атағына лайық екенін, награда нақты егесін табады деген үлкен сенімде. Бұл үндеуге аудан халқы да соның ішінде Бозкөл халқы да өз жерлестерінің ерен ерлігін мақтан етуде. Батыр ерлігін халқына насихаттап жүрген аға ұрпағының өкілі ауыл ақсақалы - Қани баласы Күнажат атамыз. Күнажат атамыздың әкесі 4 ағайынды жігіт болған екен - Қани, Сисен, Бисен, Ордабай . Қанидан Күнажат атамыз тарап отыр. Күнажат ата: Ордабай ағамызды көзіміз көрген жоқ. Бірақ ол кісінің ерлігі, соғыста қаза тауып, елге оралмағанын біліп, естіп өстік. Мен Ордабай ағамды мақтан тұтамын. Аға ерлігі толық дәлелденіп «Батыр» атағы беріледі деген сенімдемін. Келешек ұрпақ қазақ елін, оның ұлан-ғайыр жерін, Отанын, Батыр тұлғаларын таза да жылы жүрекпен қабылдап,олардың ерліктерін паш етіп Әлемге танытса, бізге одан асқан бақыт жоқ - деп сөзін аяқтады. Ауылымызда Ордабай атамыздың замандасы, сол кезеңде бірге ойнап, бірге оқыған сыныптасы, құрдасы соғыс ардагері Үрзада әжейде замандасы жайлы сыр шертті. Қарт әже көзіне жас ала отырып, сонау тарихты еске түсірді. «Ордабай оқуға зерек, ақкөңіл жігіт еді. Жастайынан жетімдіктің зарын көріп, отбасын асырап, балалық шақпен ерте есейді. Жалғыз өзі анасы мен қарындасын балық аулап, аңға шығып аш қалдырмады. Мерген жігіт болатын. Сұрапыл соғыс оны да алып кетті. Соғысқа кеткеннен оралмады. Көз алдымызда баласын күтумен, өмірден өткен Әлима әжемізді ұмыту мүмкін емес», – деп қарт әжей көзіне жас алды. «Ешқашан соғыс болмасын! Еліміз аман болсын, балалар аман болсын!» - деп кейуана батасын берді.


Кіндік қаны тамған топырағынан шырақта, жат жерде шейіт болған батыр бабамызды біз ешуақытта ұмытпаймыз. Батыр бабамыздың есімі Бозкөл ауылындағы Қарасақал Ерімбет атындағы №96 мектеп жанындағы «Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды!» атты ескерткіш тақтада мәңгілік қашалып жазылған. Есімі мәңгі есімізде сақталады.


ІІІ. Қорытынды Еліміздің тағдырлы да тарихи кезеңіндегі айтулы оқиғаның бірі – 1941 – 1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісін ашық аспан, бейбіт күн астында, тыныштық пен бостандық аясында қарсы алуымыз болды. Ұлы Отан соғыс жылдарындағы жерлес азаматтардың майдандағы ерлігі мен тылдағы ерен еңбегін жас ұрпаққа насихаттау біздің басты парызымыз. Қан майданда мұз жастанып, қар жамылып, ажалмен арпалысып, таңғажайып ерлік жасаған аға ұрпақ өкілдеріне сый – құрметіміз ұшан теңіз болмақ. «Таға – тұяқты, тұяқ – тұлпарды, тұлпар – ерді, ер – елді сақтайды» дейді халқымыз. Бабаларымыздың ерлік тарихын, аталарымыздың ержүрек дәстүрін, өзінің алдындағы буынның батырлығы мен батылдығын көңіліне тоқып, олардың өнегелі өмір жолын оқып өскен жас қана ертеңгі күні елін қорғай алатын атпал азаматқа айналмақ. Елді сақтай алатын ерлеріміздің қарымы да, қатары да көбейе бергей! Отан қорғаушылардың қанымен, олардың шыбын жанымен жасалған ұлы Ерлік ешқашан ұмытылмақ емес!!! Сөзімді ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді. Болмасын соғыс болмасын, Сұм соғыс қолын созбасын. Аман қыл Алла әрдайым, Алаштың Ақ Ордасын! Зерттеудегі ұсынысым Ордабай Жүргенұлының есімі «Қазалылық бес батырдың қатарына «алтыншы» батыр болып енгізілсе: Ордабай Жүргенұлының туған Бозкөл ауылына батыр есімі берілсе: Ел қамын жеген осындай азаматты мәңгі есте сақтау үшін Ордабай Жүргенұлын еске алу кештері аудан көлемінде өткізіліп тұрса:


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Дінішев М. «Сталинградты қорғаған қазақтар» Алматы, 1994 жыл 2. Аманжолов Қ. «Ерліктің жарқын беттері», Алматы, 1987 жыл 3. «Сыр бойы» газеті №47-49, 2010 жыл 4. Шамұратов Н. «Қазалының қаһармандары» Қызылорда, 2005 жыл 5. «Боздақтар» Алматы 6. «Сыр бойы» газеті 11 қазан 2012 жыл 7. Тамыры-терең, тарихы кенен Қазалы - №15 2010 жыл 8. Қазалының қаhармандары – Н. Шамұратов, Алматы 2005 жыл.


Click to View FlipBook Version