1 Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектеп Ғылыми жұмыс: Түркістан қаласы- түркі елдердің тағдырын тоғыстыр рухани және мәдени орталық Баяндамашы:Қараман Әсел Ғылыми жетекшісі:Абилов Динислам 2021 жыл
2
3 АННОТАЦИЯ Зерттеу жұмысымда Түркістан қаласының қалыптасу және даму тарихына, қаланың рухани орталық ретіндегі орнын талдап, сонымен бірге Қ.А.Яссауи мұрасына жеке-жеке тоқталмақпын. Бірінші тарауда қала тарихының кезеңдерге бөліну мәселесі мен Түркістан қаласының атауының шығу төркінін қарастырсам, екінші тарауда қаланың рухани орталық ретіндегі маңызы мен бүтіл түркі халық құрметтейтін Қ.А.Яссауи дүниетанымы мен кесенесіне жан-жақты талдау жасадым. Зерттеу жұмысының мақсаты:Түбі бір туыс түркі халықтарының рухани және мәдени орталығы ретіндегі Түркістан қаласының дүниежүзілік өркениеттегі алатын орнын анықтау. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:Егер, Түркістан қаласының рухани және мәдени орталық ретіндегі орнын, түркі әлемінің алтын бесігі екендігін көрсете алсақ, онда қаланың қазақ тарихындағы орны жоғары дәрежеде айқындалып, жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне, тарихымыз бен мәдениетімізге деген құрметтері артып, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттері арта түсер еді. Зерттеу жұмысының құрылымы:кіріспе, негізгі бөлімі(2 тарау, 3 тарауша), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың орындалу әдістемесі: тарихи деректер мен зерттеулермен танысу,жинақтау,қорыту,жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау. Ғылыми зерттеудің нәтижесі: Талай ғасырдан бері түркі әлемінің алтын бесігі саналатын Түркістан қаласының тарихи дамуы ерте дәуірден бастау алады. Қаланың тарихи дамуын үш кезеңге:біріншісіШауғар-Шойтөбе, екіншісі – Ясы-Күлтөбе, үшіншісі – Түркістан деп қарастырылып, заттай және жазбаша деректер негізінде талдау жасалады. Қала XVI ғасырданҚазақ хандығының тұңғыш астанасы болды. Түркістан қаласы XVI-XIX ғасырларда көршілес елдерімен қарымқатынастар жасалып, саяси-экономикалық мәселелер шешілетін орталыққа айналды. Бүгінге дейін талас тудырып келе жатқан қаланың жасын анықтау және ондағы мәдени ескерткіштерге тарихи тұрғыдан талдау жасау өзекті мәселе. Өйткені қала жасын анықтауда зерттеуші ғалымдар арасында түрлі пікірлер қалыптасқан. Қала аумағындағы орналасқан халықаралық, республикалық және жергілікті маңызға ие 200-дей тарихи-мәдени ескерткіштердің бірнешеуіне сипаттама жасалып, олардың маңыздылығы ашып көрсетіледі. Бүгінгі күндегі Түркістан қаласының Түркі елдерінің тағдырын тоғыстырған мәдени және рухани орталық ретіндегі даму тарихына талдау жасалды.
4 МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ............................................................................................................ 3б. I ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ 1.1 Қала тарихының кезеңдерге бөлінуі ..................................................4-8 бб. 1.2 Түркістан атауының тарихи-этимологиялық сипаты.....................9-10 бб. 1.3 Түркістан – Қазақ хандығының астанасы.......................................11-12 бб. ІІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ - РУХАНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ 2.1 Қаланың рухани орталық ретіндегі маңызы..................................13-17 бб. 2.2 Қожа Ахмет Ясауи және Түркістан.................................................17-18 бб. 2.3 Түркі елдердің тағдырын тоғыстырған – Түркістан қаласы..........18-20 бб. ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 21 б. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................... 22 б.
5 КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Кең байтақ даламыздың тарихы, бізге өз халқының атақ-даңқын аспандатқан ұлы тұлғаларымен, олардың кіндік қаны тамып, білім нәрін алған, өркениеттің ежелгі ескерткіштерін жинақтаған қалалармен тығыз байланысты. Ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы атабабалар, тұтас бір халықтар, кейінгі ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп қалдырды. Далалық өлкені Батыспен жалғастырған, Ұлы керуен жолында кент-бекіністер, қамалдар, мазаркесенелер мен тұтас бір қалалар кешені бой түзеді. Соның бірі қасиетті Түркістан қаласы. Бірнеше ғасырлық тарихы бар түбі бір түркі халықтарының рухани, мәдени, ғылыми және экономикалық сауда орталығы ретінде Түркістанның орны ерекше. Түркістан қаласы – Қазақстанның көп ғасырлық тарихы бар ең ежелгі қалаларының бірі. Ұлы Жібек жолындағы ежелгі керуен бағдарында қолайлы географиялық орналасуы, сондай-ақ діндар адамдардың ұлы суфизм ақыны және уағызшы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне зиярат етуге баруы оның дамуы мен қызу сауда-саттыққа септігін тигізді. Түркістан қаласы Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің тарихи, мәдени, рухани және туристік өмірінде маңызды рөл атқарады. Бабалар аруағын айрықша қастерлейтін қазақ жұрты үшін Түркістанның жолы мен жөнінің өзгеше болуының келесі сыры – бұл арғыбергі тарихымызда есімдері ерекше құрметпен аталатын талай ел билеген атақты хандарымыздың, батагөй билеріміздің, халқына қорған болған батырларымыздың, аты ел аузында жүрген ақылман абыздарымыз бен зердесі биік зиялыларымыздың жандары жай тапқан қасиетті қала. Сондықтан да, мәселені тақырыптық жағынан кеңірек зерттеу үшін, Түркістан қаласының тарихына тереңдеп үңілу қажет. Бұл – Тәукеден бастап қазақтың талай-талай хандарының ту тіккен бас қаласы. Тақырыпты зерттеудің мақсаты: Түбі бір туыс түркі халықтарының рухани және мәдени орталығы ретіндегі Түркістан қаласының дүниежүзілік өркениеттегі алатын орнын анықтау. Тақырыпты зерттеудің міндеттері: − Ерте ортағасырдағы Шауғар-Иассы қалаларының қалыптасу, даму динамикасына жазба және археологиялық қазба жұмыстары мәліметтері негізінде тарихи талдау жасау; − Ортағасырлық Түркістан қаласының рухани орталық пен Қазақ хандығының астанасы ретіндегі өмір тіршілігінің ерекшелігін зерделеу; − Түркістан қаласының рухани орталыққа айналудағы Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымы мен оның кесенесінің маңызын айқындау; Жұмыстың құрылымыкіріспе, зерттеу бөлімі2 тараудан, әрбір тарау 3 тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. І ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
6 1.1 Қала тарихының кезеңдерге бөлінуі Қаланың тарихы ерте ортағасырлардан бастау алады. Шамамен ІV-V ғасырларда осы жерде ежелгі қаланың іргесі көтеріліп алғашқы қоныстар пайда бола бастады. Кейінгі кезге дейін Ясы қаласының көне атауы ғылыми ортада Шауғар-Шойтөбе аталып келді. Түркістан қаласының бастапқы тарихына жүгінгенде, оның Шауғар және Иассы атауларымен тығыз байланыстылығын айта аламыз. Шауғар қаласының тарихы VІ – ХІІ ғасырлар аралығын қамтып, өзіне жақын маңайдағы ұсақ қолөнер мен тұрақ мекендерді, соның ішінде болашақта аймақтың орталығына айналған Иассыны қамтыған [1]. ХІІ ғасырлардан бастап қала Ясы-Күлтөбе атала бастаған. Ясауи бабамыздың өмір сүрген уақыты Түркістан қаласының орта ортағасырға яғни Ясы-Күлтөбе кезеңіне дәл келеді. Бұл кезеңде Ясы қаласы Ислам дінінің орталықтарының біріне айналып үлгерді. Археолог – ғалымдар Көне Шауғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген, ал ХІ ғасырдан бастап қала орталығы Ясыға көшкендігін қазба жұмысы нәтижесінде табылған деректер негізіне сүйене отырып, растайды [10, 29 б.].Түркістан қаласы тарихымен Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық екі қаласы Шауғар (Шойтөбе) мен Яссының (Күлтөбе) тағдыры тығыз байланысты. Олар Түркістан оазисінің белгілі бір тарихи кезеңдерінде әкімшілік пен экономикалық орталығы болған. Алдымен, оазистегі басты қала Шауғар, сонан соң Яссы болды.Түркістан қаласының тарихы да осы Яссыдан басталады( Түркістан – ХVІ ғасырға дейін Яссы деп аталған) [16, 145 б.]. ІХ-Х ғасырлардағы жазба деректерден қазіргі Түркістан қаласы орналасқан жерде Шауғар атты орталық қаласы бар аймақ болғандығы белгілі. Шауғар VІ-ХІ ғасырлар аралығында, бұл өлкенің басты қаласы болып есептелді. Оған басқа ұсақ қалалар мен қоныстар, сонымен бірге, аймақтың болашақ орталығы – Яссы да бағынатын. ІХ-Х ғасырлар Шауғар қаласының нағыз гүлденген кезеңі болатын. Оның жер өңдеу және көшпенділік мәдениеттерінің қиылысында орналасуы қаланың көлемі жағынан тез арада өсіп, ірі қолөнер және сауда орталығына айналуына зор әсерін тигізді. Шауғар қаласының орнын Шойтөбе деп есептеу ешбір күман туғызбайды, және бұл Қазақстан археологиясында түпкілікті қабылданған ұғым.Түрлі тарихи жағдайларға байланысты Шауғар қаласы ХШ ғасырдың басында билігінен айырылып, аймақтың орталығы болып Яссы қаласы бой көтерді. Яссы атауы жазба деректерде тұңғыш рет ХШ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұған себеп болған армян патшасы Гетум І-дің моңғол хандары Батый мен Мөңкенің сарайларына сапар шегуі еді. Гетум елшілігінің жол жобасында Яссы қаласы «Асон» атауымен қатар жолда кездескен ірі қалалардың бірі ретінде аталады. Яссы – жазықтық, Шауғарқара тас деген мағыны білдіреді. Яссы этнотопонимі ортағасырдағы түркілердің Яссы тайпасының атыннан шығуы да мүмкін, бұл тайпа ІХ-ХІ
7 ғасырларда оғыз тайпаларының бірлестігі құрамында болған аталған) [14, 69 б.]. Ортағасырлардың бастапқы кезеңінде-ақ Яссы орнында ірі елді мекен немесе кішігірім қалашық болған және Шауғар аймағына енгендіктен соған бағынышты болатын. Кейбір зерттеушілер Ясыны Шауғар қаласының бір бөлігі деп те есептейді. ХІІ ғасырдың басына дейін Яссы да Шауғардың басынан өткерген тарихи оқиғаларды бастан кешті. VІ-VШ ғасырларда - Түркі, Батыс Түркі, Түргеш қағанатының құрамында болды. VШ ғасырда арабтар жорығын бастан кешті. ІХ-Х ғасырларда Саманидтерге, Қарлықтарға, Оғыздарға бағынышты болды. Х ғасырларды Қараханидтер мемлекеті қарамағында болды. ХІІ ғасырдың басында Селжұқтар мен қарақытайлардың вассалына айналды, ал ХІІ ғасырдың аяғы мен ХШ ғасырдың басында Хорезмшахтар мемлекетінің құрамында болды [11, 102 б.]. Түркістан қаласының тарихы үш кезеңнен тұратындығы белгілі.Алғашқы кезеңідеп, Шауғар – Шойтөбе қаласының тарихи өмірі қарастырылады. Ол өзі аттас аймақтың (қазіргі Түркістан территориясында орналасқан) саяси – экономикалық орталығы болғандығымен белгілі. Түркістан қаласының бастапқы тарихына жүгінгенде, оның Шауғар және Иассы атауларымен тығыз байланыстылығын айта аламыз. Шауғар қаласының тарихы VI-ХII ғасырлар аралығын қамтып, өзіне жақын маңайдағы ұсақ қолөнер мен тұрақ мекендерді, соның ішінде болашақта аймақтың орталығына айналған Иассыны қамтыған болды [16, 169 б.]. Солардың бірінде Шауғар мен Түркістанның ұқсастық мәселесі сөз болады. Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде орналасқан Шойтөбе (Шауғар) қалашығына қазба жұмысы 1989 жылдан бастап жүргізілді.Бұл жердегі қазба жұмысына белгілі археологтар К.Акишев, К.Байпақов, Е.Смағулов, Л. Ерзакович,Ә. Шашаев қатысып, өз зерттеулерінің нәтижесінде Шойтөбе қалашығының VI-ХI ғғ. Шауғар қаласы екендігін анықтады. ХШ ғасырдың басында Шауғар-Шойтөбе тарихи себептермен өмір сүруін тоқтатқан соң тарих төріне ерте ортағасырлардан бері (V-Хғғ.) онымен қатар өмір сүріп келе жатқан көршісі Яссы шығады. Бұрынғы Шауғар аймағы енді Яссы аймағы деп аталып, қала өзінің гүлдену кезеңіне қадам басады. Екінші – орта кезеңі деп Яссы – Күлтөбе қаласының гүлдену кезеңі (ХІІ – ХV ғғ.) есептеледі, ол да өзі аттас аймақтың саяси-экономикалық және рухани орталығы болған. ХІV ғасырдан бастап Ясы-Күлтөбе қаласында мешіт-медреселер салынып, сауда қатынастары жанданып, халықтың саны жылдам өсе бастайды.Қала туралы деректер Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорықтарында айтылады. Деректерде Түркістан қала ретінде емес қария – елді мекен ретінде баяндалады [7]. ХVІ ғасырға жататын деректерде Ясы атауының орнына, қала Түркістан атауымен аталатындығы да кездесе бастайды. Үшінші кезең – Ескі Түркістан – Түркістан тарихының кейінгі кезеңі деп аталады. Алғашқы Шауғар – Шойтөбе, Яссы – Күлтөбе бөлімдері қала
8 тарихының Ш-ІV ғғ. бастап ХІV-ХV ғғ. дейінгі ерте және орта кезеңдерін қамтыған болса, Ескі Түркістан бөлімі қаланың кейінгі орта ғасыр мен жаңа заман тарихы кезеңіндегі ХVғ.мен ХХғ. басы аралығындағы тарихын баян етеді. Бұл кезең Түркістанның гүлдену кезеңі, қаланың діни ғана емес, саяси да орталыққа айналған тұсы. Түркістанның нағыз гүлденген кезеңі ХVI - ХVIII ғғ. болды. Қала Оңтүстік Қазақстанның аса ірі орталығына айналды. ХVІ ғасырға жататын деректерде Ясы атауының орнына қала Түркістан атауымен кездесе бастайды. Рузбихан Түркістан қаласының бүкіл Түркістан оазисіндегі ең ірі қалалардың біріне және барынша гүлденген қала ретінде атайды. Қаланың осылайша гүлденіп дамуының себебі Түркілердің пірі, әулиелердің сұлтаны Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуы болды. Кесене тұрғызылған уақытқа дейін де бұл жер әлемнің барлық өңірлерінен зияратшылар ағылып келетін рухани әрі қастерлі орталық болған [3, 122 б.]. Түркістан қаласы үшін ХV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей хандар Әбілқайыр ұрпақтарының мемлекетімен, Темір ұрпақтарының және Моғолстан мемлекетімен күрес жүргізді. Ұзаққа созылған күрес 1597 жылы Тәуекел ханның Орта Азияға жеңісті жорығының нәтижесінде Түркістан қаласы Қазақ хандығының қол астына біржола көшті. Есім хан Түркістанды 1598 жылы Қазақ хандығының астанасына айналдырды. Қазіргі әдебиетте Түркістан қаласының бұл кездегі тарихы Ескі Түркістан деген атпен белгілі.ХVI ғасыр соңында қала түпкілікті Түркістан атауына ие болып, бізге дейін осы атаумен жетті [8, 99 б.]. А.Добросмыслов еңбегінде тарихшы Әбілғазының мәліметінде сүйене отырып: « Есім хан (1598 – 1628 жж.) Түркістан қаласын Қазақ хандығының астанасы етіп бекітеді және өз билігін тәуелсіз екендігін көрсету үшін осында ақша соқтыра бастайды, бұған қоса тұрғындардан жан бас салығы мен жер салығын жиюды қолға алады», деп көрсеткен [16, 182 б.]. Осы кезден бастап, Түркістан ХІХ ғасырға дейін қазақ хандығының экономикалық орталықтарының бірі және ресми әкімшілік орыны ретінде Ұлы жүз хандығына да, Орта жүз хандығына да қызмет етті. Қала ХVІ-ХІХ ғғ Қазақ хандығының белгілі қалаларының бірі болды. Түркістанға билік жүргізген қазақ хандарының бірі Тұрсын Мұхаммед (1613-1627) болды. Шығыстанушы П. Лерх, Түркістан аумағына 1867 жылғы барған іс-сапарының барысында Қожа Ахмет Йасауи ұрпағының қолында билеушілер артықшылықтар берген он бес құжат ішінде Тұрсын ханның һижра бойынша 1035/1625-26 жылғы жарлығын көргенін жазады[6, 36 б.].Түркістан қаласында қазақ хандары түрлі елшіліктер қабылдады. Орыс деректерінде 1694 ж. 22 шілдесінде Тәуке ханның (1652-1717) орыс елшілерін қабылдағаны сипатталады[4]. Екі жарым ғасыр астана ретінде қызмет атқарған Түркістанның XVIII ғ. басында жасалған жоспарында қаланың қорғандармен қоршалып, алты қақпалы болғаны көрсетіледі. Қазақ хандығы кезеңінде бекіністер, қалашықтар, үйлер салуға бұйрық берілген.Түркістанның өз цитаделі және қаланы қоршаған ұзындығы үш шақырымнан асатын бекініс қорғаны болған [15, 23-24 бб.].ХІХ ғасырдың ортасында қалада 1200 жеке меншік үй болған.
9 Қала бес бөлікке бөлінді. Олардың төртеуі қала қақпаларының аттарымен аталады, бұл бөліктерде қала тұрғындары орналасты. Ал бесінші бөлігі цитадельде А. Ясауидің кесенесі, түрлі діни құрылыстар және Ясауии ұрпақтары деп саналатын, қожалар тұратын үйлер орналасқан болатын. Түркістанның мұнаралы алты қақпасы, ирелеңдеген көшелері болды. Көшелер қаланы бірнеше бөлікке бөлген. Көше бойына бір-біріне жалғасып, тығыз орналасқан тұрғын үйлер орын алған. XVIII ғасыр жоспарында қала аумағында көптеген құдықтар көрсетілген. XVIII ғ. П.И.Рычков дерегінде Түркістан көшелерінің қисық, тар екені айтылады[7].І-ші Петр патша бұйрығымен Сібір жерін зерттеу мақсатында құрылған Ресейдің бірінші академиялық экспедициясы архивінде Тәуке ханның мөрі басылған Түркістан қаласының жоспары сақталған. XVIII ғасырдағы Түркістан қаласының картасын еуропалық жиһангездер К.Миллер мен Д.Г.Мессершмидтің экспедициясы салып, сызба соңына тамшыға ұқсас Тәуке ханның мөрін бастырып алған екен [3, 165 б.].Қаланың бұл жоспарына, қызылмен белгіленген қала аумағы сай келеді, деп есептейміз. Картада мешіттер христан храмдарының белгісімен беріліпті. Түркістанның қамалдары, Яссауи кесенесі, керуен-сарайы, хан ордасы, айнала аққан өзен мен 4 қақпасы да анық көрсетілген. Құжат еуропа архивінен табылып, көшірмесі елге әкелінді. XVIII ғ.Мессершмид экспедициясының жоспарынан қала қорғандары ның сыртында орналасқан үйлер, жылжымалы баспаналар, әскери тұрақтардың болғанын байқауға болады. Хан Ордасының әр түрлі қашықтықтағы биік құздарының басында, биік төбелерде қажет болғанда сақтық белгі беретін күзет орындары болғаны белгілі[12, 57-58 бб.].Түркістан қаласында қазақ билеушілерінің хан көтеру салтанаттары өтті. Абылайды қазақтың ұлы ханы етіп сайлау жөніндегі дерек назар аударарлық: « ... 1771 ж. ... біздің барлық текті және даңқты кісілеріміз, Үш алаш – қазақ жұртының хандары, қалалар мен далалық аймақтар, және Түркістан жұртының текті кісілері мені хандардың басшысы етіп қоюды келісті. Біздің дәстүрімізге сай және алдыңғы хандардың жолымен, біздің әулие Әзірет Қожа Ахмет Йасауи дүние салған Түркістан қаласында, оның қабірі басында Фатиха сүресі оқылып, мені хан етіп көтерді ...». Сонымен кейінгі ортағасырлық дәуірде Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ ханын ақ киізге көтеріп сайлайтын орын болды[16, 88 б.]. Ортағасырлық Қазақ хандығының астанасы болған Түркiстанның ең көрiктi ғимаратында бұдан да басқа бүкiл Еуразия тағдырына қатысты мәжiлiстер мен құрылтай жиналыстары болып тұрғаны күмән туғызбайды. XVIII ғасырдың ІІ жартысынан кейін, Жоңғар хандығы құлаған соң өңірдегі геосаяси ахуалда өзгеріске ұшырады.Түркістан қаласы үшін Орта Азиялық хандықтар арасында күрес жүрді. Осының нәтижесінде Түркістан қаласы алдымен Ташкентте, сонан кейін Қоқан хандығына қарады. ХІХ ғасырдың 60 –шы жылдары Түркістан қаласын патшалық Ресей жаулап алып, қала орыстардың қарамағына өтті. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Түркістан қаласында билік басына кеңестер келді.
10 Түркістанның нағыз тарихи жасы туралы ел ішінде әлі күнге дейін түрлі пікір қалыптасқан. Яғни, кейбір тарихшы, археолог ғалымдарымыз оның жасы 2000 жыл дегенді айтса, енді бірі сол баяғы 1500 жыл дегеннен танбауда. Бүгінгі күні Түркістан қаласы төңірегінен қола дәуіріне жататын қоныстар, құрал-саймандар табылып отыр. Түркістанның жасын зерттеу жұмыстары сонау 1928 жылы М.Массонның археологиялық зерттеуінен бастау алады. Ал Е.Смағұлов бастаған Түркістан экспедициясы 1981-1984 жж. зерттеп, нәтижесінде шаһардың IV-V ғғ. қалыптасып, XIV ғ. дейін өмір сүргенін анықтаған. 1981 ж. А. Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 м. жерде орналасқан ортағасырлық қала орны Иасы-Күлтөбеде археологиялық қазба жұмысы жүрді. Ол қала Түркістан тарихының алғашқы (бірінші) кезеңі деп есептеледі және тарихи бастауы болып саналады. Ғалым М. Тұяқбаев: «қала орнын зерттеуді 1998 жылға дейін жүргіздік. Түбіне жете алмай қойдық. Зерттеу нәтижесінде қала IV-V ғғ. қалыптасып, XIV ғасырға дейін өмір сүргендігі белгілі болды. Қаланың орнын қазған кезде I-II ғасырларда кездесетін тарихи мәліметтер табылды. Алайда Түркістанның серіктес қалалары Иасы-Күлтөбе мен Шауғар-Шойтөбеден табылған айғақтар, қала жасын 1800 жылдан асып жығылатынын көрсетті. Бұл қалалар Түркістанның негізі болып табылатындықтан, қала жасын 1800 деп қарастыруға болар еді. Бірақ, ... Түркістанның жасы 1500 ж. деп белгіленген күйі, 2000 жылы әлемдік масштабта тойланып кетті» деп, қала жасының нақты тойланбағаның атап көрсетті [1].Қазақстанның өтiнiшiмен 1993-95 жж. түрiк мамандары Қ.А.Ясауи кесенесiнiң iргесiн бекiтіп, «Вакиф Иншаат» фирмасы 1995-2000 жж. кесенеге үлкен реставрациялық жұмыс жүргізді. Реставрация барысында кесене ішінен алынған мәйіттерді антропологиялық тұрғыдан зерттеу, Кесене төңірегінде хандардың күмбез сағаналарын іздеу, және қазба жұмыстарын жүргізу жұмыстарын, академик, О.Ысмағұл басшылық ететін зерттеушілер тобы жүргізді. Сөйтіп аталған мақсатта біршама жұмыстар атқарды.Қазба объектісі ретінде ескі Түркістан қалашығының цитадельге таяу бөлігінде орналасқан Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан «Вакиф Иншаат» түрік фирмасының бас мекемесі алдындағы алаң таңдап алынды. Қазба жұмысы барысында үш құрылыс қабаты анықталды. Ең төменгі қабатта керамикалық шеберхана болғаны анықталды. Қазып алынған керамикалық пеш құрылысы керамикалық өндіріс технологиясының танып білуде маңызы зор болды. Қазған кезде I-II ғасырларда кездесетін тарихи мәліметтер табылды. Алайда табылған айғақтар қала жасын 1500 жыл емес, одан тереңде шамамен 1800- 2000 жылдан асып жығылатынын көрсетті [13]. Міне бұл мәліметтерден қала жасының 1500 жыл емес, одан да тереңде жатқандығын аңғардық. Тарихқа қиянат жасауға болмайтыны бесенеден белгілі жайт. Сондықтан қала жасын нақтылап, шынайы жасын анықтау келер ұрпақ үшін өте қажет.
11 1.2 Түркістан қаласының атауының тарихи-этимологиялық сипаты «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күйлер болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді», – дейді Ахмет Байтұрсынұлы [2, 56 б.]. Расында да, қасиетті қазақ халқы әрбір сөзінің мағынасына аса үлкен мән берген дана халық. Әсіресе, қазақ еліндегі жер-су атауларының шығу тарихы мен мағынасы халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетіні бәсенеден белгілі. Түбі бір туысқан түркі халықтарының рухани орталығы делінетін, заманында өнер-білімнің ошағы саналған Түркістан қаласының атауы сөзімізге дәлел. Ұлтымыздың ұлы қайраткері Мұстафа Шоқайұлы өзінің «Түркістан» деген мақаласында: «... Түркістан – түркілер елі деген сөз» –деп жазады[18, 78 б.]. Ал, Баймырза һайт болса былай деп жазған екен «... Түркістан термині иран тілінен енген «И» изафеті мен «стан» қосымшасы» арқылы «Түркілер жұрты»(елі, өлкесі) мағынасын береді. Алғаш рет бұл атауды VIII-IX ғасырларда араб-парсы тарихшылары қолданады да, оған барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерлерін жатқызады. ІХ ғасырда өмір сүрген араб географы Ибн Хордадбех «Китаб ал-масалик уа ал-мамалик» атты еңбегінде: «Мервтен екі жол шығады, біріШашқа және түркілер еліне, келесісі- Балх пен Тохаристанға апарады» - деп жазса, оның замандасы, тарихшы, әрі географ ал-Якуби бұл ұғымды нақтылап көрсетеді. Ол өзінің «Китаб ал-булдан» атты шығармасының бір тарауын «Түркістан» деп атап: «Барлық түркі елдері Хорасанмен және Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда түркілер бірнеше елге, тайпаға бөлінеді» - дей келе, түркі тайпаларының атауларын жазып қалдырады[6, 5 б.]. М.Қожа өзінің еңбегінде ХІ ғасырда түркі тайпаларынан шыққан атақты ғалым Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрк» атты кітабында бұл атауды жиі қолданылатындығын айтады. Кітаптың «Түркі халықтарының мекен жайлары мен тау-теңіздері» деген тарауында М.Қашқари былай деп баяндайды: «Кейбіреулер бүкіл Мауреннахрды Түркі елі деп те есептейді. Ол Янкенттен басталады ... Қазір бүкіл Түркі елінің шекарасы Абискүн(Каспий) теңізінен айналып, Рұм елі мен Өзкенттен Шынға(Қытайға) дейін созылады», деп түсіндіреді[6, 15 б.]. Монғол шапқыншылығына дейінгі жазба деректердің мәліметтері бойынша, Түркістан шығыста-Қытаймен, батыста-Каспий теңізінің шығыс және солтүстік жағалауларына дейінгі жерлермен, оңтүстікте-Хорасанмен шектесіп жатқан орасан зор аймақ болып саналады. Бұны Түркістан атауының кең мағынада қолдануы деуге болады. Академик В.В. Бартольд түркі тілдес халықтар мен тайпалардың саясиэкономикалық және мәдени тарихына арналған көптеген зерттеу еңбектерінде Түркістан ұғымына монғол жаулауына дейінгі араб-парсы тілдерінде жазылған атауды пайдаланады. Ол да Каспий теңізінен Қытайға
12 дейінгі жерлерді Түркістан дей келе, бұл ұғымның мәндеріне терең тоқталып өтеді. «Саяси және этнографиялық тұрғыдан қарағанда Түркістанға Каспий теңізі мен Қытай аралығындағы жерлер жатады, ал ортағасырлардағы мұсылман авторларының терминологиясы тұрғысынан қарасақ, Түркістан Мауереннахр енбейді», деп жазады[3, 7 б.]. ХІV-ХVІ ғасырлардағы парсы, тәжік, түркі, шағатай тілдеріндегі деректерде Түркістан ұғымы өзінің алғашқы мәніне қарағанда бірқатар өзгеріске ұшырайды. В.В. Бартольд көрсеткен «Түркістан» атауындағы терминологиялық айырмашылық ХІV ғасырдан бастап, саяси жағдайға да әсер етеді. Монғол шапқыншылығына дейінгі Мауереннахр атауы Түркістан ұғымының шеңберінде айтылып келсе, ХІV ғасырдан бері Мауереннахртарихи географиялық және саяси аймақ ретінде Түркістан ұғымынан бөлектенеді. Ал, Түркістан ұғымының географиялық аумағы анағұрлым кішірейеді. ХІV ғасырдың ІІ жартысы мен ХV ғасырдың І жартысында өмір сүрген тарихшы Муйн ад-дин Натанзи ХІV ғасырдың 70-ші жылдарында Мауереннахр мен Дешті Қыпшақта болған тарихи оқиғаларды баяндай келе, Ақсақ Темірдің Сауран, Отырар және Сығанақ қалаларын Тоқтамыс ханға сиға бергені жөнінде айтады және де ол осы еңбегінің келесі бір жерінде жоғарыда айтылған қалалардың бәрін, бір ғана Түркістан атауымен атайды. Осы кездерден бастап жазба дерек мәліметтерінде Түркістан деп нақты бір аймақ, өлке немесе уалаят айтыла бастайды. «Тауарих-и гузида-йи нусрат неме» атты ХVІ ғасыр басында жазылған авторы белгісіз шығармада «Түркістан уалаяты» деп жазылса, «Фатх-намада» Отырар және Сауран бір сөзбен «Түркістан» деп аталады. Сондай-ақ, ХVІ ғасырдың басы мен ортасына дейінгі жазылған «Шайбани-наме», «Зубдат ал-асар», «Тарихи Абулхайрхани» секілді шығармаларда жеке иелікті, өлкені, елді Түркістан деп атайды. «Бадай ал-вакай», «Тарихи-и рашиди» еңбектерінде Түркістан деп нақты әкімшілік-географиялық аймақжазылады. ХVІІ ғасыр тарихшысы Махмуд ибн Уәли «Түркістан бұрын қалалары көп, үлкен ел болған»,- деп түсіндіреді.Сөйтіп, ХІV-ХVІ ғасырларда Түркістан атауы Сырдария өзенінің бойындағы әкімшілік аймаққа ғана қолданылған. Ал ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап Түркістан деп Сырдария өзенінің бойындағы жеке бір қала айтыла бастайды. Бұл туралы Махмуд ибн Уәли: «казір Түркістан-Сақси қаласы, жергілікті халық оны Иассы деп атайды»,- деп жазады[3, 10 б.]. Жалпы, Түркістан атауының VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қолданылуы тарихына қарасақ, ірісаясиөзгерістерге байланысты атау өз ұғымын үнемі өзгертіп отырған. Ортағасырларда Түркістан атауының үш мәні болғанына көз жеткізуге болады.1. VІІІ-ХІІ ғасырларда түркі тілдес тайпалардың мекендеген жалпы аймағы жатады. 2.ХІV-ХVІ ғасырлардағы Сырдария өзенінің бойындағы жерлер, 3.ХVІІІ ғасырдан бастап Сыр бойындағы Иассы қаласының жаңа атауы енген[3, 11 б.].
13 1.2 Түркістан – Қазақ хандығының астанасы Қазақ хандығы құрамына Түркістан аймағы, яғни Сырдарияның орта сағасы ХVІ ғасыр соңында түпкілікті қарады. Бұл өңір әдетте ұлы дала аумағында үстемдік құрған түркі мемлекеттеріне қараған. Түркістан қаласын алғаш астана еткен қазақ хандарының бірі Есім хан (1598–1614; 1627-1628) болды. Хиуа хандығының ханы, айтулы тарихшы Әбілғазы өзі хан болмай тұрып Есім ханның Түркістан қаласындағы ордасын үш ай бойы паналағанын жазып кеткен[5]. Түркістанға билік жүргізген қазақ хандарының бірі Тұрсын Мұхаммед (1613-1627) болды. Шығыстанушы П. Лерх, Түркістан аумағына 1867 жылғы барған іссапарының барысында Қожа Ахмет Йасауи ұрпағының қолында билеушілер артықшылықтар берген он бес құжат ішінде Тұрсын ханның һижра бойынша 1035/1625-26 жылғы жарлығын көргенін жазады[3, 54 б.]. Түркістан қаласында қазақ хандары түрлі елшіліктер қабылдады. Орыс деректерінде 1694 ж. 22 шілдесінде Тәуке ханның (1652-1717) орыс елшілерін қабылдағаны сипатталады. Осы кезде өткен келіссөздер барысында қазақ ханы тең дәрежелі қатынастар болуын талап еткен. Тәуке хан түрік сұлтаны мен қызылбас (парсы) патшасын өзінен ешбір жоғары санамайтынын мәлімдейді[7]. 1719 ж. бастап 1724 ж. дейін қазақ хандарының басшысы болған Әбілқайыр (1718-1748) Түркістан қаласын өзінің астанасы етті. 1724 ж. Әбілқайыр әскермен келіп Түркістан қаласын қалмақтардан азат етті. Бір жылдай ол қаланы және оның айналасындағы елді мекендерді жау қолына бермей тырысып бақты. Алайда 1725 ж. басында сан жағынан басым болған қалмақтардың қысымымен Оңтүстік Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды[4]. Түркістан қаласында қазақ билеушілерінің хан көтеру салтанаттары өтті. Абылайды қазақтың ұлы ханы етіп сайлау жөніндегі дерек назар аударарлық: « ... 1771 ж. ... біздің барлық текті және даңқты кісілеріміз, Үш алаш – қазақ жұртының хандары, қалалар мен далалық аймақтар, және Түркістан жұртының текті кісілері мені хандардың басшысы етіп қоюды келісті. Біздің дәстүрімізге сай және алдыңғы хандардың жолымен, біздің әулие Әзірет Қожа Ахмет Йасауи дүние салған Түркістан қаласында, оның қабірі басында Фатиха сүресі оқылып, мені хан етіп көтерді ...». Сонымен кейінгі ортағасырлық дәуірде Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ ханын ақ киізге көтеріп сайлайтын орын болды. Қазақ хандарының Түркістан қаласына келуі үлкен салтанатпен атқарылды. 1744 ж. 24 маусымда жазылған хабар бойынша: «Әбілмәмбет хан қалаға жақындай түскенде қала ішінде бір адам қалмай қарсы алуға шықты... сонымен қоса өз дәстүрімен ұзындығы сажыннан асатын мыс кернейлар ойнатылды және қыш табақтарға тері тартылғандай етіп жасалғандай даңғыраларды ұрды. Бұған қоса оған аса қуанышты қабылдау белгісі ретінде үш сиырды үш мәрте айналдырды... Хан қалаға бөлек кетті. Қалаға енген кезде біріншіден олар әулие жатқан бас мешітке барды ...».
14 Түркістан қаласы қазақтың бетке тұтарлары мен ақсүйектерінің мәжіліс өткізетін орны болды. Бір деректе қазақтың атақты биі Төле Әлібекұлының 1744 шілдесінде келгені көрсетіледі: «...Түркістанға Әбілмәмбетпен кездесуге ұлы жүзден Ташкентте ханнан жоғары құрметтелетін қазақтың ең атақтысы Төле би келді»[6, 92 б.]. XVIII ғ. 60-жылдары Қазақстан мен Орта Азия аумағына қытай басқыншылығы қаупі пайда болды. 1762 ж. Әбілмәмбет хан (1734-1771) мен Абылай сұлтанға Қытай елшілері келіп, қытай билеушісі көктемде арнайы әскер жіберіп, Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барып құрбандық шалу жасамақ ойы барын жеткізеді. Осыған байланысты Түркістан қаласында 1763 ж. қазақ даласының ықпалды 6 мың тұлғасы қатысқан құрылтайы өтеді. Онда Қытай империясы тарапынан Орталық Азия елдерін жаулап алу қаупі төнуіне орай көрші мұсылман мемлекеттерімен, әсіресе, Ауғанстан патшасы Ахмад-шах Дурранимен (1747-1773) бірге әскери одақ құру мәселесі қаралып мақұлданады. Орталық Азия мұсылман мемлекеттерінің бірігуі Қытай империясының Қазақстан мен Орта Азия жерлерін басып алу ниетінен бас тартуға мәжбүр еткен. Түркістан қаласы діни білім мен ортағасырлық ғылым орталықтарының бірі болды. Қалада Абд әл-Ғафур Түркістани жазып кеткен бір топ мектеп пен медресе жұмыс жасады. Қазақ ханы Қайыптың кейбір хаттарында Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің діни қызметкерінің қолтаңбасы бар. XVIII ғасырда да Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ билеушілерін жерлейтін орын болып қала берді. Түркістанда Тәуке (1680-1715), Жолбарыс (1720-1740), Әбілмәмбет (1739-1771), басқа да хандар жерленді. Есім хан (1598-1614) үшін Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қасынан жеке кесене салынды. Кесене ішінен тек атақты Абылай хан (1771-1781) қабірі ғана жанжақты зерттелді[10, 77 б.]. Жетпіс жасында қайтыс болған Абылай хан Қожа Ахмет Йасауи жатқан қабырхананың шығысындағы дәлізде, қабырханаға кіретін шығыс есігі алдына қойылған. Бұл дәліз ескі деректерде осы жерде жерленген ханның атымен «Абылайхана» деп аталған. Бірнеше тәуелсіз деректер оның қабыріне «айнатас» атты құлпытас қойылғанын көрсетеді. Осы тас астындағы қабырді археологиялық тұрғыдан тазалау және табылған қаңқаны антропологиялық тұрғыдан зерттеу барысында алынған нәтижелерді Абылай хан жөніндегі мәліметтермен салыстыру бұл жерде атақты хан жерленгенін айғақтады. Қазақ тарихының ең көрікті тұлғалары Қазыбек би Келдібекұлы, Бөгенбай батыр, Жәнібек батыр Түркістанда жерленген. Кейінгі ортағасырлар дәуірінде де Қожа Ахмет Йасауи кесенесі күллі Орта Азия халықтарының киелі, қастерлі орындарының бірі болып қала берді.
15 ІІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ – РУХАНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИОРТАЛЫҚ 2.1 Қаланың рухани орталық ретіндегі маңызы Күні кешеге дейін Орталық Азия халықтарының тарихи мұралары архаикалық және патриархальды көшпелілер тарихы, яғни ешқандай құндылықтары жоқ деп бағаланып келді. Бұл жетім бағалау, дүниежүзілік өркениеттің дамуы тек отырықшы өмір салты, шаруашылығымен байланысты деп танудан туған жаңсақ пікір еді. Осы теорияға қарсы ХХ ғасырынан бастап, Шығыстың мұсылман мәдениетінің өркендеуін «Шығыс Ренессансы» деп атап мәселе көтерілді. Мұсылмандық қайта өрлеу дәуіріндегі қазақ тарихын қарастырғанда оның әлемдік өркениет төрінен орын алуына әсер еткен ұлы тұлғалардың аз болмағандығын айта аламыз. Қазақстандағы ортағасырлық рухани орталықтың бірі – Түркістан қаласының өзінде Қожа Ахмет Ясауи, Жамал ад-Дин Саид Түркістани, Шейх Ахмет Түркістани, Мұхаммед Бақи Қарнақи, Хазиз Бақи Түркістани, Даут Түркістани, Бақи Мұхаммед Түркістани, Молла шаһ Хаким Түркістани және басқа қала атын әлемге танытқан әйгілі тұлғалар дүниеге келген еді [12, 116 б.]. Түркістан қаласының тарихын баяндағанда ортағасырлық сәулет өнерінің озық үлгеріне тоқталмай кете алмаймыз. Олар ең алдымен түркі халықтарының рухани орталығы, қасиетті орны Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен әлем тарихында өзіндік орны бар Арыстан баб кесенесі. Арыстан баб кесенесінің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады [7]. Тарихи-мәдени және рухани мұраларымызды түгендеп, есепке алып, зерттеп дәріптеу егемендік алған соң ғана кең көлемде қолға алынып, зерттеу жұмыстары жаңа дәрежеге көтерілді. Ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы ата- бабалар, кейінгі ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп қалдырды. Сондай мәдени мұралардың бірегейі –Қожа Ахмет Ясауи тарихи мемориалдық кешені. XIV ғасырдың аяғында салынған бұл ғимарат әлемдегі миллиондаған адамдар үшін талай ғасырлар бойы тәуап етер рухани орталық болды . Ахмет Ясауи кешені, аумағы 46,5х65,5 м болатын порталды-күмбезді үлкен ғимарат болып табылады. Үйдің аралық ені 50м үлкен порталы мен аралығы 18,2 болатын аркалары бар. Үйдің еденінен орталық залдағы күмбезінің ең биік жеріне дейінгі биіктігі 37,5 метрге тең. Кесененің ішінде
16 әдетте екі қатарлы оюлармен және сүйектен ойылған өрнектермен безендірілген аспалы есігі бар басты орталық есік арқылы кіретін болған. Табалдырықтан аттаған бойда, келушікешеннің ең үлкен, орталық бөлмесіне кіреді, оның көлемі 18,5х18,5м.Залдың ортасында адамның бойындай үлкен қола қазан тұр, сондықтан зал қазандық деп аталады. Онда қазанды құйған шебердің есімін-тавриздік Сәруар аддиннің баласы Абды әл-Әзиз есімін және құйылған уақыты 1399жылғы 25 шілде екенін сақтап қалған бедерлі жазуы бар.Орталық залдың айналасында түрлі мақсаттағы 35 жай салынған, олардың арасында осы күнге дейін жеткен аңызға қарағанда кітапхана орналасқан. Қ.А. Ясауи жерленген бөлме торлап жасалған есікпен бөлінген. Қабірдің үстінде жасыл түсті яшманың жылтыр тақта тасынан құлпытас қойылған.Кесененің сырты құйма кірпіштермен және майоликамен қапталған олар геометриялық өсімдікті және эпиграфиялық өрнек құрайды [9, 52 б.]. Темірдің ресми тарихы-«Жеңістер кітабында» үйдің салынуы туралы әңгіме 1397 жылғы оқиғалармен байланыстырылады. Моғолыстан ханы Қызыр-Қожа ханнын қызы Тәуекел ханымға Темір үйленген кезі болатын. Темір қыркүйекте Қожа Ахметтің бейітіне тауап ету үшін Ясы қаласына барған,құрылысты бастауға бұйрықты ол сол кезде берсе керек. Темірдің ғимараттың жалпы жоспары мен негізгі көлемі жайлы жарлығы бекітілген: «Басты күмбездің диаметрі қырық бір кезге тең болуға тиіс. Алдыңғы жағынан екі мұнарасы бар биік аркалы портал көзделген.Оның арғы жағында айналасы отыз кез және және ортасында есік оюлары сияқты жеті металдың қорытпасынан құйылған хауізі бар үлкен күмбезді шаршы жай болады. Одан әрі айналасы он екі кез бөлме, онда кішірек күмбез астында Тавризден әкелінген мәрмер тақталардан шейхтың өзінің сағанасы салынған...»[15, 28 б.]. Массон бұл ескерткіш туралы былай деп жазды: «Жасалған құдіретті кесененің жоспары жағынан да, түпкі ойы жағынан да Орта Азияда ұқсасы жоқ , ол-бірегей. Бірақ оның көк тіреген зәулім тұрпатындағы ислам өнері жасап шығарған дәстүрлі сипаттың арғы жағынан дәуірге үндес пиғылдың сарыны еріксіз сезіледі, ол сасанилер дәуіріндегі Персеполдың аса салмақты стилі мен императорлық Византия сәулет өнерінен түйсік арқылы алынған болуы мүмкін Ктесифон мен Фурузабад сарайлары П -әріпі түріндегі жоспардың сипатты тұрпатынан өз көрінісін тапқан,сасанилер патшаларының қабылдау залының алып күмбезі айбынды порталға үлгі болған. Көк тәңірсінің және жер патшасы дара билігінің бірлігін сәулет өнерінде жүзеге асыру идеясы сасанилік Персияның кезінде-ақ орын алған Византияның неғұрлым айқын ықпалы гүлденіп, Константинопольдің Әулие София ғибадатханасында бай көрініс тапқан. Даңқты шығыстың ғана емес, мұсылмандық Түркияның да сәулет өнерінде ,едәуір дәрежеде сан ғасырларға озып кеткен сол дүниежүзілік ескерткішке тәуелділіктің Қожа Ахмет кесенесінде айқын көрінгені сонша ,оны мұсылмандардың АйяСофиясы деп толық негізбен атауға болады» [14, 248 б.].
17 XIX ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасынан бастап Түркістан қорымдарын зерттеуге деген қызушылық оянды, оның басты себебі Қожа Ахмет Ясауидің тарихи мемориалдық кешенінің тарихы болды. 1865-1866 жылдар аралығында Түркістанға келген Уфалық сот қызметкері М.Бекчуринің «Әзірет сұлтан мешіті» жайында қалдырған мәліметтері аса құнды деректер береді. Бұл еңбекте алғашқылардың бірі ретінде Қожа Ахмет Ясауидің кешенінде жерленгендердің жатқан орнын көрсетеді [8, 55-56 бб.]. XIXғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап Түркістанның өткен тарихын зерттеуді, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері П.Н. Ахмеров «Надписи мечети Ахмеда Ясави», Диваевтың «Бакси как лекарь и колдун»,Н.С.Лыкошин «Очерк археологических изысканий в Туркестанском краее до учреждение Туркестанского кружка любителей археологии» деген еңбектеріндеҚ.А.Яасауи кесенесіжәне онда жазылған жазбалар жайында құнды мәліметтер береді[5].Жоғарыда көрсетілген ғалымдардан басқа кесененің зерттелу тарихында өзіндік үлес қосқан Ресейлік алдыңғы қатарлы зерттеуші ғалымдар:В.В.Радлов (1837- 1918),С.Е.Малов (1880-1957),А.А. Семенов (1873-1958), Н.Г. Маллицкий (1873-1947), М.Е. Массон және тағы басқалары. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Түркістан қаласының тарихы негізінен Қ.А. Ясауи кесенесін қалпына келтіру мен қорғауға байланысты зерттелді.Ол туралы мәліметтерді негізінен А.А. Семеновтың «Мечеть Ходжи Ахмеда»деген еңбегінде көрсетілген [6]. Алғашқы археологиялық зерттеулер 1928 жылы Массонның басқаруымен цитадельде жүргізілгендігін К.Байпақов пен М.Елеуовтың «Средневековые горада Казахстана на великом шолковом пути Туркестана» деген еңбегінде, қазіргі Түркістан қаласының орнында Ақсақ Темір дәуіріне дейін-ақ XII-XIII ғасырларда үлкен қала болғандығын айқындады. Ұлы Отан соғысы нәтижесінде тоқтап қалған зерттеулер 1947-1951ж.ж. Н.А. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмысымен қайта жанданды.1958 жылы Қ.А. Ясауи кесенесінің айналасында Н.Б. Немцова қазба жұмысын жүргізді. Оның зерттеуі нәтижесінде «Археологические раскопки у комплекса Ходжа Ахмеда Ясави» деген еңбегі жарияланды. Археологиялық қазба мен зерттеу жұмыстары нәтижесінде тарихи момериалдық кешенде қазақ хандарының мазарларының орны туралы тың мәліметтер келтіріледі. 1972-1977жылдары Түркістан қаласында Қаз КСР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институты мен ҚазССР Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып кең көлемдегі археологиялық зерттеу жұмыстары басталды. Алынған мәліметтерді жинақтап және оған ғылыми талдау жасап өңдеген Сенигованың «Керамика городища Туркестана из верхного стройтельного горизонта» (17-18в.в.) (Археологические памятники Казахстана) еңбегі жарық көрді. Кейінгі қазба жұмыстарын Б.Х.Адильгереев пен А.О. Итенов жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде «Исследовательские работы по изучению археологических памятников материальной культуры»,«Археологические исследования в охранной зоне музея-заповедника»еңбектері жарияланды.
18 Жарияланған еңбектерінде Түркістан қаласы тарихы мен Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі жайындағы мәліметтердің баюына өз үлестерін қосты.Ортағасырлық қала мен сәулет кешенінің тарихын тыңғылықты зерттеуге алған Е. Смағұловтың «Очерки по истории и археологии средневекового Туркестана» деген еңбегінде ортағасырлық Түркістан қаласының тарихы жайлы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттай деректер негізінде мәліметтер береді. М.Тұяқбаевтың «Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар» деген еңбегінде мавзалей маңына жерленген қазақтың игі жақсылары туралы мәліметтерді жүйелі түрде көрсетіп берген. Түркістан тарихы тереңінен басталғандығын деректер негізінде сараптай отырып, ондағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі жазуларын оқып мәліметтердің тың көзін ашқан. Бұл саладағы ірі еңбектердің бір ретінде Б.Т.Тұяқбаеваның «Эпиграфический декор архетектурного комплекса Ахмеда Ясави» деген еңбегі жарияланды. Эпиграфикалық мәліметтердің құндылығын аша отырып, оларды Түркістан қаласы қорымдарында жерленген адамдардың ата- тегін анықтауға, пайдалануға, қала тарихындағы рөлін сипаттауға қажет мәлімет көзі ретінде қарауда аталмыш еңбектің маңызы зор. Қ.А. Ясауи кесенесі мен қала тарихына байланысты қаншама археологиялық қазба жұмыстары мен зерттеу жұмыстары нәтижесінде жарияланған және де жариялануға дайын еңбектер бар, соның жоғарыда көрсетілгендерінен ғана мәліметтер берілді. Ясауи кесенесі түркі әлемінің рухани орталығы, талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі.Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қазақстан үкіметі кейінгі жылдарда "Әзірет Сұлтан" атындағы мемлекеттік қорық-мұражайын ашып, оған қарайтын ескерткіштерді бұрынғы қалпына келтіруге күш жұмсауда. Соңғы жылдары Қожа Ахмет Яасауи кесенесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге Түркия мемлекеті де ат салысуда. Түркістан Қазақстан тарихында ерекше орын алатын қала. Түркістандағы Қ.А. Ясауи кесенесі төңірегіндегі қабырстанды зерттеу, онда жерленген тарихи тұлғалардың, қазақ хандары мен би батырлардың молаларын анықтау жұмыстары Түркістан қаласының 1500-жылдық мерейтойына дайындық кезінде қарқынды түрде жүргізілді. Кеңестік кезенде Ясауи кесенесі төңірегіндегі жүргізілген қазба жұмыстары барысында мәдени қабаттардың бұзылғанын ескеріп, соңғы кезде жүріп жатқан реставрациялық жұмыстарда бұл қайталанбауы ескерілді. Осыған орай ҚР-сы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, тарих ғылымының докторы О.Ысмағұлұлы басшылық ететін зерттеушілер тобы құрылды.Сөйтіп аталған мақсатта біршама жұмыстар атқарды. Реставрация барысында кесене ішінен алынған мәйіттерді антропологиялық тұрғыдан зерттеу, Әзірет Сұлтан кесенесі төңірегінде хандардың күмбез сағаналарын іздеу, қазу жұмыстарын жүргізді.Қазба объектісі ретінде ескі Түркістан қалашығының цитадельге таяу бөлігінде орналасқан Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеу-өңдеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан «Иншаат»
19 түрік фирмасының бас мекемесі алдындағы алаң таңдап алынды. Қазба жұмысы жүргізілген қабаттан орыс үлгісіндей қыштар кездеседі. Ауданы 13х6 см. Яғни бұл құрылыс қабат ХІХ-ХХғ.ғ аралығына жатады. Қазу барысында үш құрылыс қабаты анықталды. Ең төменгі қабатта бұл жерде керамикалық шеберхана болғаны анықталды. Қазып алынған керамикалық пеш құрылысы керамикалық өндіріс технологиясының танып білу үшін аса маңызды болып табылады. Бұл қабатты ХVIII ғасырға жатқызды. Түркістан қаласының қолөнер орталығы болғанын қоштайтын жаңа деректер табылып отыр.Екінші құрылыс қабаты кезінде бұл орын қаланың тұрғын жай орналасқан бір орамы болса керек. Оған осы арада екі ташнау табылуы дәлел. Бұл қабат ХІХ ғасырға жатады. Орыстарға тән материалдардың болмауына қарағанда бұл қабаттың хронологиялық тұрғыдан жоғары межесі 1860 жылдар. Соңғы құрылыс қабаты ХІХ-ХХғғ. қамтиды [17, 23-24 бб.]. Өзінің "Даналық кітабымен" әлемге танылған әулие бабамыз Ясауидің есімін Түркістаннан немесе керісінше, Түркістанды Ясауи есімінен ажыратып қарау мүмкін емес. Өзінің сопылық идеясын қалыптастыру, уағыздауды осы Түркістанда отырып жүзеге асырды. Ясауи идеясын кең байтақ қазақ даласына тарап, олардың рухани өмірінде берік орын алуы қазақ халқының қалыптасуының, қазақ хандығының кұрылуының алғы шартының рөлін атқарды. Тарихы тереңде жатқан Ясауи тарихи мемориалдық кешені материалдық, рухани-мәдени құндылықтар қордаланған орталық. Яасауи кешені ірге көтерген кезден бастап мұнда елге елеулі, халыққа қалаулы хан-сұлтандар, би-батырлар жерленіп, қазақ халқының киелі қорымына (пантеон) айналды. Ясауи кешені исі мұсылман елдері үшін айрықша киелі. Осы қасиеттеріне қоса шығыстағы Ұлы Қытай қорғаны мен батыстағы Жерорта теңізінің арасын мекен еткен түркі тілдес халықтар Түркістан өңірін өздерінің киелі кіндік жұрты санаса, соның ішінде Ахмет Ясауи кешенін әулиелі мінәжат орыны деп біледі. 2.2. Қожа Ахмет Ясауи және Түркістан Қазақстанда суфизмнің түркі дәстүрінің атасы йасауийа(султанийа) орденінің негізін салған Қожа Ахмет Йассауидің есімі кеңінен мәлім, йасауийадан әр түрлі тармақ дамып шықты. Йасауийа конгрегациясы түрік халықтарын, соның ішінде қазақтарды да ислам дініне кіргізуде маңызды рөл атқарды. Йасауийа іліміне тән белгі оның дербес тармақтары мен тұрақты қоныстары болмаған кезбелердің ілімі екендігі еді, онда түріктердің ежелгі дініне жақын діни практика елеулі рөл атқарды. Мәселен, йасауийа ілімінде зікір(джахр) салу дамытылды. [12, 16 б.]. Сопылық ілім негізіндегі дүниетаным Түркістан өлкесінде ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығында жанданып, кең өріс ала басталғаны байқалады. Ал оның арғы түп төркініне ой жүгіртсек Ваиз Кашифидің «Футувватнамаи Султания» еңбегінің хабарлауынша, тақуалық бағыты Шиш пайғамбардан бері келе жатқан рухани құбылыс сияқты. Насафидің «Қожа Ахмет Ясауи»
20 еңбегінде «...сопылық ағым, дәруіштер пайғамбар заманында-ақ өмірге келген»,– деген пікірді айтады [12, 84 б.]. Сопылық ағымның ең басты да өзекті мәселесі– хақиқатқа жету. Міне осы хақиқатқа жетудің жолында адам рухы жағынан тазарып, іштей түлеп пәктенгенде ғана адам камили инсани(толық адам) қалпына қол жеткізе алмақ. Қожа Ахметтің рухани ұстазы түрік шейхтарының бірі Арыстан баб болған деп саналады. Қожа Ахмет Бұхарада Қожа Жүсіп әл-Хамаданның басшылығымен рухани жетілудің күрделі жолынан өтті. Ол тірі кезінің өзінде-ақ «өзінің тақуалығы, сопылығы үшін және өзі танымның шырқау шыңына жеткен суфизмдегі жоғары ерлігі үшін» кеңінен мәлім болды. Ахмет Йассауи түрік тілінде жазылған суфистік өлеңдердің белгілі жинағы «Диуани хикмет» авторы болып табылады. Ол хижра бойынша 562(1166-1167) жылы қайтыс болған. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. «Диуан-и хикметте» исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор 4 ұстанымды, атап айтқанда, шари’атты, тарихатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мән береді. «Шари’ат»–ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі, «Тарихат»–суфизм идеясы, «Хакихат» –Құдайға құлшыну ету, бірігу, «Мағрифат» – дінді танып-білу[12, 254 б.]. Яссауидің пікірінше, шари’атсыз, тарихатсыз, мағрифатсыз хакихат жоқ. Ол «Хикметте» Алланың атын түріктер бұрын өзінің Құдайы санаған Тәңір атымен жиі алмастырып отырған. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көшкен соң да халықтың даму бағытын бір арнаға салуға күш жұмсады. Демек, жаңадан енгізілген идеологияны бұқараның ғасырлар бойы қалыптасып қалған сана-сезімінен, олардың ұстанып келген Тәңірге табынушылық-шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болған, кейін мұндай процесс «Түркі халқының мұсылмандығы» деген атауға ие болды. Осы орайда яссауилік ілім зор рөл атқарды, ол әділдікті, рухани тазалықты және адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мұндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды. Егер рухани күш болмаса, құдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі құрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін-өзі тануы мүмкін емесдеген қағиданы ұстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғұмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелік жолға арнады. 2.3 Түркі елдердің тағдырын тоғыстырған - Түркістан қаласы Киелі Түркістан тағдырының бүгінгі адамзат қауымдастығына да, ол орналасқан Еуразия кеңістігіндегілер де, өзара тектес түркі әлемі жұрт басына тәу етуді қажылықпен қатар бағалап, өздері пір тұтқан, әділет пен ақиқаттың атасы атанып кеткен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тұрған киелі қала. Өзінің «Даналық кітабымен» әлемге танылған әулие бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің есімін Түркістаннан немесе керісінше Түркістанды Ясауи атынан ажыратып қарау да мүмкін емес.
21 Бабалар аруағын айрықша қастерлейтін қазақ жұрты үшін Түркістанның жолы мен жөнінің өзгеше болуының келесі сыры – бұл арғыбергі тарихымызда есімдері ерекше құрметпен аталатын талай ел билеген атақты хандарымыздың, батагөй билеріміздің, халқына қорған болған батырларымыздың, аты ел аузында жүрген ақылман абыздарымыз бен зердесі биік зиялыларымыздың жандары жай тапқан қасиетті қала. XVII-XVIII ғасырларда Түркістан қаласы қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы жүргізген ұзақ та, ауыр күресі кезінде қазақ халқының басын біріктіріп, жауға соққы беруде тиісті рөл атқарғаны белгілі. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз халық жадында сақталып, қазақ халқының басына түскен ауыр күндерде, әсіресе жоңғар басқыншыларына күрес мәселесіне байланысты шешім қабылдарда қазақтың игі жақсылары Түркістанда жиналып, шешім қабылдап отырған. Үш жүздің өкілі ылғи бас қосып, уәжге келіп отырған. Жер дауы, жесір дауы да осы арада әңгімеге өзек болған. Қазақ билерінің жиналып, кеңесудің нәтижесінде қазақ хандарының жазба заңдар жинағы «Жеті жарғы» да, Түркістанда дүниеге келеді[13]. Түркістан – Алтайдан өрбіген он сан түркі тайпаларының кең жазыққа түсіп, қайта тоқайласқан, тұтас ұлыс бой ұйып, ортақ ділі мен дінін қалыптастырған қасиетті мекені. Түркі жұртының өзіндік өркениеті құралып, кең қанат жая дамыған шежірелі аймақ. Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза өзінің Рашид Ыбыраевпен бірлесіп жазған «Киелі Түркістан» деген мақаласында: «... Әр елдің, егер ол өз тарихын, өз ұлтын, өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтқан, асыл кие тұтатын бір мекені болады. Мысалы, ол өзбектерде – Самарқанд, Бұхара, орыстарда – Суздаль, Владимир, Иранда – Машхат, Моңғолда – Қарақұрым, біз үшін, қазақтар үшін, сондай рухани алып – Түркістан...», – деп ерекше атап өтеді. 2000 жылы Түркістан қаласының күллі Шығыстағы тарихи рөлін, Орталық Азияның тарихи, рухани, мәдени әлеміндегі орнын жете бағалаған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЮНЕСКО арқылы халықаралық деңгейде Түркістан қаласының 1500 жылдық тойының аталып өтілуіне мұрындық болды. Бұл тек қазақ елінің ғана емес, бір кездерде көне Түрік мемлекетін құрған өзге түркі жұртшылығының да үлкен мерекесі болды. 2000 жылы қазан айының 19-21 күндері аралығында түркі халқы ХҮ ғасырлық тарихы бар Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын тойлады. Елбасының сол кездегі Түркістан қаласының 1500 жылдық салтанатына қатысушыларды құттықтап тұрып: «Түркістан – ұлттық бостандығымыз бен елдігіміздің ақ ордасы. Киелі Түркістан дүние тұрғанша тұрсын!» , - деген үлкен ой толғанысын білдірген еді. 2017 жылы Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты кеңесінің XXXIV отырысында Түркістан шаһары түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Осылайша Түркістан елордамыз Астана мен Түркияның Ескишехир, Түркменстанның Марысымен Әзербайжанның Шеки қаласынан кейін, мұндай мәртебеге лайық деп танылған 5-ші шаһар атанды.
22 Түркі елдерінің тағдырын тоғыстырған киелі Түркістан төріндегі дүбірлі шараға 23 мемлекеттен келген Түркі тілдес 25 ұлттан тұратын 300-ге тарта шетелдік қонақтар, халықаралық ұйым өкілдері, қазақстандық зиялы қауым және өнер тұлғалары, бұқаралық ақпарат құралдары мен оңтүстік қазақстандық тұрғындар, яғни, жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысты[13]. Салтанатты жиында Түркітілдес мемлекеттердің әлем халқын бірлікке, достыққа, бейбітшілікке шақыруға арнаған үндеуі қабылданды. Он бес ғасырлық тарихы бар Түркістан қаласы түбі бір туысқан түркі халықтарының аса маңызды қасиетті рухани және мәдени орталығы болып саналады. Талай тарихи тұлғалар мен беделді адамдардың денесі жерленген Түркістан қаласының қасиетті рухани орталыққа айналуын кездейсоқтық емес, қайта занды құбылыс деп айта аламыз.
23 ҚОРЫТЫНДЫ Тарихи Ұлы Жібек жолының бойындағы Түркістан - қазақ хандығының астанасы, бүгінгі таңда түркі тілдес халықтардың рухани орталығы. Түрік қағанаты және Түркістан. Бірі – әлем мойындаған ұлы империя да, екіншісі – сол империяның атын алып жүрген астанасы. Түркістан дегенде күллі түркі тағзым етіп, иісі ислам бір елеңдеп қалып жатады. Оның себебі – кезінде бір тамырдан өсіп-өніп, кейіннен Сыр Ана сағасында енші алысқанда қара шаңырақ – Түркістан қазақта қалғандықтан да түркі ағайындар Түркістанға кие тұта зор сүйінішпен қарайды. Түркістан – Алтайдан өрбіген он сан түркі тайпаларының кең жазыққа түсіп, қайта тоқайласқан, тұтас ұлыс бой ұйып, ортақ ділі мен дінін қалыптастырған қасиетті мекені. Түркі жұртының өзіндік өркениеті құралып, кең қанат жая дамыған шежірелі аймақ. Түркістан – тоғыз жолдың торабына айналып, түркілер еліне әлемнің төрт қиырынан жаңалықтар жеткізген түркілер туралы мағлұматты да сол төрт қиырға таратқан, сөйтіп, ұлы даланың әлемдік өркениетпен байланысын қамтамасыз еткен сырлы өлке. Түркістан өлкесі сауда орталығы, суармалы егінді алқап, сонымен бірге қолөнершілердің де еңбегі қайнаған өңір. Ғасырларға созылған қазақ-жоңғар соғысы тұсында қазақтың қалың бөлігі оңтүстік өңірге ойысты. Отан қорғауға ұран тастап, бірігу үрдісіне басшылық жасауға да Түркістандай қала табу мүмкін емес еді. Түркістан – түркі халықтарын тоғыстырған қасиетті рухани және мәдени орталық. Бабалар аруағын айрықша қастерлейтін қазақ жұрты үшін Түркістанның жолы мен жөнінің өзгеше болуының келесі сыры – бұл арғыбергі тарихымызда есімдері ерекше құрметпен аталатын талай ел билеген атақты хандарымыздың, батагөй билеріміздің, халқына қорған болған батырларымыздың, аты ел аузында жүрген ақылман абыздарымыз бен зердесі биік зиялыларымыздың жандары жай тапқан қасиетті қала. Жалпы, Түркістан – Қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін дүниеге әкелген алтын бесік әрі оны кемелдендірген өнегелі мектеп. Сол себепті де, Түркістан мен оның ұлы ғимаратын бүгінгі ұрпақ қазақ мемлекеттілігі тағдырымен тығыз бірлікте қарастырады. Ұлттық бостандығымыз бен іргелі елдігіміздің ақ ордасы, асыл көзі деп ардақ тұтады.
24 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1 Әбдіраманов Д.Түркістанға қанша жыл? https: // kz.otyrar.kz /2012/09/ turkistanga-kansha-zhul.28.05.2018. 2 Байтұрсынов А. Тiл тағылымы. – Алматы: Ана тiлi, 1992. – 444 бет. 3 Бартольд.В. Работы по истории и филологии Тюркских и монгольских народов. М. «Восточная литература» РАН. 2002. – с. 757 4 Берденова Х. Түркістанның дүниеге келуі //ҚР Гуманитарлық ғылымдар Академиясының ғылыми журналы. – 1999, №2(4). 5 Берденова Х. Түркістанның шығу тарихы. //Қазақ тарихы, 2004. №3. 6 Жәнібеков Ө. Жолайрықта.–Алматы:Рауан, 1995. – 110 б. 7 Исабеков З.К. Ескі Түркістан қалашығындағы 1996 жылғы қазба жұмыстары. //Хабаршы, - 1997., – №6. 8 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін ). –Т2. – Алматы: Атамұра, 1998. – 688 б. 9 Кәрібаев Б.Б. Түркістан және Қазақ хандығы –Алматы: Сардар, – 1999. – 64 б. 10 Қожа М.Б.Иассы -Түркістан тарихы. Ерте заманнан XVIII ғасырға дейін. – Алматы: Қазапарат, – 2000. – 89 б. 11 Қожа М., Байсариева Г. Абылай –қазақ тарихының ерекше тұлғасы // Қожа Ахмет мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері. IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Түркістан. – 2012. – 400 б. 12 Мырзахметұлы М.Түркiстанда туған ойлар. – Алматы : Санат, 1998. – 368 б. 13 Мұхаметжанов Б. Түркі әлемінің мәдени астанасына қалтқысыз қызмет ету – абыройлы міндетіміз.// ttps://www. qazaquni.kz 2017/03/15/ 66378. 14 Путешествия в восточные страны ПланоКарпини и Гильома де Рубрука. Серия: Путешествия. Открытия. Приключения. –Алматы: Ғылым, 1993. – 287 б. 15 Смағұлов Е., Тұяқбаев М. Түркістанның ортағасырлық тарихы. – Түркістан: Мұра, – 1998. – 52 б. 16 Смағұлов Е., Григорьев Ф., Итенов О. Очерки по истории и археологии средневекового Туркестана. – Алматы: Ғылым, – 1998. – 232 б. 17 Тұяқбаев М. Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар. – Алматы, 2000. – 96 б. 18 Шоқайұлы М.Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы: Жалын, – 1992. – 184 б.