Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы Қарасақал Ерімбет атындағы №96 мектеп Амантай Дильназ Оңталапқызы - 10-сынып оқушысы Тақырыбы: «Түйе өркешінің емдік қасиеті» Бағыты: ІІІ - «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі» Секциясы: Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы Жоба жетекшісі: Қалдыбаева Эльвира Алдажарқызы Биология пәні мұғалімі Қызылорда -202
3 Мазмұны 1.Аннотация 2. Жетекші пікірі 3. Кіріспе 4.Теориялық бөлім 5.Зерттеу бөлімі 6.Қорытынды 7.Пайдаланған әдебиеттер
Аннотация Бұл жұмыстың негiзгi мақсаты - адам денсаулығына зиянсыз, емдік мақсатта қолданылатын экологиялық таза өнiмдi зерттеу болып табылады. Жобада халықтық медицинаны қолдану мәселесі қарастырылған. Мен зақымданған тік іше қалпына келтіру үшін гигиеналық күтім мақсатында ректальді свечаны ұсынып отырмын. Дұрыс тамақтанбау – көптеген аурулардың пайда болуына себепші болады. Оларға геморрой (көтеу) да жатады. Геморрой - бұл тік ішекте орналасқан геморроидалды түйіндердің қалыптан тыс ұлғаюы. Науқастар қабыну үрдісі басталғанда ғана диета ұстайды, бірақ диетаны үнемі ұстағанда сол аурудың алдын алуға болатынын ойламайды.Бұл жоба түйе өркешінен жасалган геморрой ауруын емдейтiн ректальды свечаларды зерттеуге арналған.Геморрой ауруын емдеу үшін түйе өркешін пайдалана отырып емдік қасиетіне көз жеткіздім. Құрамына түйе өркеші, араның балауызы ( воск ) қолданылады. Бұл емдік свечаны пайдалану барысында салқынды алады, ауырсыну, қышыну, iciнy белгiлерi басылады. Annotation The main purpose of this work is to study an environmentally friendly product, harmless to human health, used for medicinal purposes. The project considers the use of traditional medicine. I recommend a rectal candle for the purpose of hygienic care to repair a damaged rectum. Improper nutrition provokes the appearance of many diseases. They also include bloating or hemorrhoids. Hemorrhoids are abnormal enlargement of hemorrhoids located in the rectum. Patients are on a diet only when the inflammatory process begins, but do not think about the fact that with regular dieting, the same disease can be prevented. This project is dedicated to the study of rectal candles that treat hemorrhoids from camel's hump. I was convinced of the medicinal properties, using camel hump for the treatment of hemorrhoids. The composition includes camel hump, beeswax (wax). When using this medicinal candle gets Salka, pain. the symptoms of tingling, swelling go away.
3 Кіріспе Сан ғасырлардан бері, атадан - балаға жалғасып келе жатқан халықтық ем , әлі күнге маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Дәстүрлі медицина дамымаған тұста , халық емшілері шөптен дәрі жасап сан түрлі ауруларды емдеп келген.Адамзаттың өткен ғасырлардағы өміріне назар аударсақ халықтың ішіндегі киелі тылсым күш иелерінің құпиялы сырларына тосқауыл болғанымен,оның жоқ боп кетуіне әсер ете алмады.Тектік қасиет халықпен бірге жасасып,ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табуда.Және де өз нәтижесін көрсетуде.Қазіргі таңда басы ауырып,балтыры сыздамайтын адам жоқ.Ілгеріде дәрі тапшы болса, қазіргі уақытта удай қымбат, химиялық құрамына да сенуге болмайды.Дәл осы сәтте халық медицинасында бұрынғы заманнан келе жатқан қазақи емнің түрі – кәдімгі түйенің емдік қасиеттері жайлы білген де артық болмас еді Бұлай деуімнің себебі, мен бұл жобада зақымданған тік ішекті қалпына келтіру үшін ректальді свечаны ұсынып отырмын. Дұрыс тамақтанбау – көптеген аурулардың пайда болуына себепші болады. Оларға геморрой (көтеу) ауруы да жатады. Науқастар қабыну үрдісі басталғанда ғана диета ұстайды, бірақ диетаны үнемі ұстағанда сол аурудың алдын алуға болатынын ойламайды.Алкогольді қолдану геморройдың дамуына ықпал етеді.Геморройдың пайда болуында және аурудың шиеленісінде тамақ факторы көбінесе маңызды рөл атқарады. Кейбір тағамдармен тамақтану аралық және жамбас тамырларына қан ағымының ұлғаюына әкеліп соғады. Сәйкесінше веноздық жүйені қанмен толтыруға себеп болады, нәтижесінде геморрой пайда болады. Мұндай әсерді ысталған, маринадталған, консервіленген өнімдер, дәмдеуіштер, дәмді тұздықтар мен алкогольдер тудыра алады, яғни бұл өнімдер геморройдан зардап шеккен адамдардың диеталарынан толығымен алынып тасталуы керек. Дәріханаларда көптеген свечалар бар.Бірақ үй жағдайында қолдан свеча жасауға болады.Себебі бұл өнім қолжетімді және экотабиғи.
4 Теориялық бөлім. Түйе - төрт түлік малдың бірегейі. Денелі, шөлге шыдамды. Күшіне, төзім ділігіне қарай халық оны «Қара жердің кемесі» деп те атайды. Еліміздің батыс өңірінде Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда облыстарында арнайы асырайды. Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды. Түйенің қасиеті.Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті– ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол – сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді.Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. «Айт-шу» десең атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырым ды мал. Түйе – жайылым малы, ол тунде жусап, күндіз оттайды. Сораң, жусан, бұршақастық түқымдас шөптерді, бұта бастарын жеп қорек етеді. Басқа малға қарағанда түйенің ас қорыту жолдары, кеудесі, сирақтары ерекше жетілген, аңызақ шөлдің сусыз, кұбылмалы ауа райына өте төзімді. Түйенің негізгі ерекшелік -терінің бірі – оның табиғи жайылым жағдайында тез қомдалып, өркештеріне 100-150 кг мөлшерінде май жинау қасиеті. Бұл май қыстың катты боранында, әрі жаздың кұрғақшылық сәттерінде, сонымен бірге су болмаған кездерінде пайдаланылатын энергетикалык резерв көзі болып есептелінеді. Қысқа қарай түйенің жүні шудаланып, қою болып өседі де, оны қыстың қытымыр аязынан жақсы қорғайды. Көктемде жүні түлеп, сыпырылып түседі де, аптап ыстықта терлемейтін болады. Түйе организмінің су жоғалтуы оған қауіпті емес. Түйенің сүт өнімділігі.Адам баласы сүтті нан секілді бес мың жыл бұрын пайдаланған. Сүт – адам өмірінің алғашқы айларындағы жалғыз тағамы екендігі белгілі. Қазақстаңда түйелердің басым көпшілігі Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында өсіріледі. Түйе сүті қар секілді ақ
5 түсті, дәмі ашқылтым, сиыр сүтінен қоюлау, ыдысқа қүйғанда көпіршіктенеді. Сауым мерзімі 16-18 айга созылады. Бір түйеден жылына 1200- 1700 литр сүт сауылады. Түйе сүті және одан дайыңдалған өнімдер туберкулез – өкпе ауруына қаназдык,асказан,ішек диабеті тағы басқа сыркаттарға ем. Түйе сүтiнiң құрамында кальций, фосфор, темiр, күкiрт сияқты ағзаға пайдалы микроэлементтер жетiп-артылады, ол – демiкпе, сусамыр, өкпе, асқазан, бауыр ауруларына бiрден-бiр шипа. Қазақ арасында ұлттық сусын ретінде ықылым заманнан үзбей пайдаланылып келе жатқан шұбаттың емдік қасиетін қазір әлем мойындап отыр. Шұбатты көптеген ауруларды, атап айтқанда рак, Альцгеймер дерті, сары ауру, өкпе ауруларына шалдыққандарды емдеуге пайдалануға болатындығы, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.. Қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің қызметін жақсартады. Оның денесінен шыққан сүт «С» витаминіне толы болады. Ал, мұндай витамин сәйкесінше түйенің сүті ұзақ бұзылмай сақталып тұруына септігін тигізеді. Түйе жүні өзінің технологиялық сапасы жағынан басқа жүн түрлерінен асып түседі және тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат больш табылады. Бұл жүннен тоқылған маталар өте жоғары сұранысқа ие. Оған басты себеп түйе жүнінің жылу ұстағыш қасиетімен қатар халыққа ежелден белгілі емдік қасиетінің де бар екендігі. Тағы бір артықшылығы сол, ол ауа райының салқын кездері организмді суық тиюден, ыстық күндері қатты қызудан сақтайды. Осындай ерекшеліктердің арқасында түйе жүнінің түбіті емдік қасиеті бар киімдер дайындауда ең қажетті материал болып саналады. Түйе жүні түбітінен ұшқыштар мен су астында жүретін теңізшілерге аумалы-төкпелі температурадан сақтайтын киімдер дайындайды. Түйе жүні жеңіл, мықты, дененің демалуына мүмкіншілік туғызады, жұмсақ және созылмалы, басқа талшықтарға қарағанда ылғал
6 сіңіруі және булануы артығырақ болады. Сол себепті табиғи түйе жүнінен жасалған көрпелерді тыныс жолы, белі және жотасы ауыратын адамдарға пайдалануға ұсынатындығы бұрыннан белгілі. Қазақстанда соңғы жылдарға дейін түйе жүні жергілікті кішігірім цехтарда көрпе жасауға ғана пайдаланылып келді. Жүнін көктемде жылдамырақ қырқып алмаса, көкке ауызы тиген соң жалбырап түсіп қалады. Өзі де тұзды жерге, сорға аунайды да жүнінің жылдамырақ түлеуіне ықпал етеді. Шуданың жүні көп ауруға ем деп жатады. Оның емдік қасиеті жүнде емес, түйенің басқа мал жемейтін шөптерді жейтіндігінде, сол шөптерге аунайтындығында тұр. Көктемде өзен жағалауларында ,талдың, қарағаштың жапырақтарын қорек етеді. Күз түсіп, жауын-шашын мол болғаннан соң көкпек, ошаған, ебелек, теміртікен, кекіре сияқты басқа да былайғы мал жемейтін шөптерді жейді. Түйе етінің құнарлығына келсек, кең байтақ далада басқа малдар жей бермейтін жантақ, көкпек, қияқ, жусан, изен сияқты шөптерді қорыта отырып сапалы ет өнімін береді. Түйе етінің дәмі сиыр етіне ұқсас, алайда іш майы болмайтындықтан, түйе еті анағұрлым жеңіл. Химиялық құрамы су-73-76%, белок 17-20%, май 2- 6%.Етінде су мөлшері көп болғандықтан ағзаға тез сіңімді.Тағы бір қасиеті - еті сасымайды, денені қуаттандырады, дәмді,жағымды.. Түйенің өркеш майы. Қасиеті-тәтті дәмді, қанды жүргізеді, ісікті қайтарады. Басты ем болатын аурулары: тері жарылғаннан, ішкі ағзаның әлсіреуінен, жел ауруға және жарақаттарға жағуға. Қарттардың әлсіреп арықтап, тәбеті азайғанда, 150 гр. түйенің ерітілген өркешіне сүт араластырып тосап қайнатып күніне 100 мл.ішкізеді. Ағза қуаттанып оңалады екен. Аязды күндері өркеш майды нанға қосып жеуге болады. Алдымен бір кесек өркеш майды суға салып екі сағаттай қайнатамыз. Оны кез келген етпен қосып пісіруге де болады. Өркеш май жоғары калориялы азық болуымен бірге, суықта адам денесін тоңдырмай тын қасиеті бар.Түйенің өркеш майын шыжғырып, бауырсақ пісірсе,
7 қатпайды. Ал ет асатын болсаң, майдың бір жапырағын қоссаң, сорпаң дәмді болады. Біреудің қаңсығын таңсық көрмей өзіміздің құнарлы витамин мен микроэле ментке бай тағамдарымыздың қадірін білейік. Емдік қасиеті . Адам ағзасында 2 түрлі май болады. 1. Тығыздығы жоғары май 2. Тығыздығы төмен май Тығыздығы төмен май адам ағзасына зиян келтіреді.Адам тамырының қуысында майда майлы түйіршіктер түзеді.Соның салдарынан қан қысымы көтерілуі, ми тамырларынан қан кету, жүрек тамырларын тарылту салдарынан жүрек талмасына шалдығады.Ішкі ағзалар : бауыр,бүйрек зақымданады.Өркештің, қойдың құйрық майында осындай тығыздығы төмен май болмайды. Кешегі дүниежүзіне қауіп төндірген «Ковид 19» пандемия кезінде бұл майлар ем есебінде пайдаланылды.Өкпенің альвеоласы 90% майдан тұрады.Осы май арқылы оттегіні қабылдап, көмірқышқыл газын шығару процесі жүрді. Түйе еті денені қуаттандырады. Жеуге өте-мөте жағымды. Еті, жілік майы, өркеш майы, сүті, шұбаты және жүні емге дәрілік мақсатта қолданылады. Түйенің майынан өте құнды дәрілер жасауға болатыны анықталған. Югославиялық ғалымдар түйе майынан тері ауруларын жазатын дәрілер, сондай-ақ, әр түрлі кремдер, лосьондар мен шампундар жасауда. Түйенің жабағысын күйікке күйдіріп, күлін сепкен, бел ауырғанда тұзға салып таңған.Түйенің өкпесін көз ауырғанда пісіріп жылы күйінде таңған. Қолданылуы 1. Бала көтермеген әйелдер: түйенің бақайшақ майын алып, оған түбіт жүнін шылап, етеккірден арылғанда жатыр мойнына қойса, бала көтеруге ықпалын тигізеді. 2. Теріге түскен ақтандаққа: жаңа сойылған түйенің өкпесін таңса жазылады.
8 3. Сал (паралич) ауруына: адыраспанға түйенің несебін құйып қайнатып, жылы кезінде қол аяққа биіктеу ұстап сорғалатып құйып сорықтырса шипа. 4. Қан тыюға: түйе жүнінің түбітін күйдіріп, ұнтақтап қан аққан жерге сепсе, қан тыйылады. Сепкеннен кейін бірнеше минут басып тұру керек. 5. Қол-аяқтын буыны қайырылып ісінгенде: түйе шудасын ерітілген тұзға немесе сірке суына шылап, таңып қояды. Күніне бірнеше рет жаңалап тұрады, мұны «сорбақта» деп атайды.Соңғы кезде түйенің зәрін,құмалағын емдік мақсатта қолдануда. Гайморит ауруын емдеуде түйе құмалағын ұнтап,темекі етіп шегу керек екен.Ал зәрін рак,асқазан ауруларына ем ретінде қолдануда.Сонымен бірге түйе өркешінің көпшілік біле бермейтін тағы бір емдік қасиеті көтеу аурына ем екендігі. Ол үшін өркешті дәріханада сатылатын свечи көлеміндей етіп кесіп алып пайдалануға болады.Осы емді естігеннен кейін неге үй жағдайында свечи жасамасқа деген ой келді.Өркеш майы еріп кетпей,ұзақ сақталу үшін оған ара балауызын қосуға болатынын ғаламтордан ізденіп білдім Балауызды қосуымның тағы бір себебі,ол жараларды емдейтіндігі.Сөйтіп жасап көрдім.Жасалу жолын зерттеу бөлімінде айтып өтемін.Төменде геморрой ауруы және ара балауызы туралы қысқаша мәлімет беріп кетейін. Геморрой (көтеу) - бұл тік ішекте орналасқан геморроидалды түйіндердің қалыптан тыс ұлғаюы. Бұл түйіндер қан тамырларының түйісуін білдіреді. Геморроидалдық тамырлар түйісуінде қан жүруінің бұзылуы салдарынан түйіндер қабынады. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі қоғамда қалыптасып жатқан өмір сүру салты геморройдың пайда болуына бірден-бір себеп. Себебі адамдар көп уақытын компьютер алдында немесе машинада отырған күйде өткізеді. Бұл тік ішектегі қан айналымының бұзылуына әкеп соғады.Сондай-ақ дұрыс тамақтанбау, созылмалы іш қату,
9 ащы тағам мен алкогольді ішімдікті жиі тұтыну, тым ауыр дене жаттығулары, жүктілік пен бала босану, жас ұлғайған кездегі ағзадағы өзгерістер де әйелдерде геморрой пайда болуына алып келеді. Ара балауызының қасиеті. Ара - табиғаттың қайталанбас туындысы, бұл кішкене жұмысшылар ең құнды пайдалы қасиеттері бар өнімдердің үлкен тізімін шығарады: бал, тозаң, корольдік желе, прополис және аралар осы өнімдерге жатады.Балауыз бездері шығаратын май тәрізді өнімді аралар материал ретінде балға арналған кішкене контейнерлер - ұялар жасау үшін пайдаланады. Көптеген адамдар балауызды қалдық немесе көмекші өнім деп санайды, шын мәнінде, бұл басқа да ара өнімдері сияқты құнды емдік өнім.Неліктен балауыз пайдалы?Ара балауызы өте күрделі құрамға ие, көп жағдайда бұл аралардың қай жерде орналасқандығына және олар не жейтініне байланысты. Орташа алғанда балауызда 300-ге жуық заттар бар, олардың арасында май қышқылдары, су, минералдар, күрделі эфирлер, көмірсутектер, спирттер, хош иісті және бояғыш заттар бар. Сонымен қатар балауыздың құрамында дәрумендер бар (оның құрамында А дәрумені көп - 100 г-ға 4 г) сондықтан көбінесе ол көптеген косметиканың (кремдер, маскалар және т.б.) негізгі компоненті ретінде әрекет етеді. 70 градус температурада балауыз ери бастайды және кез-келген пішінді оңай қабылдайды.Ара балауызын фармацевтикалық және косметикалық мақсаттарда қолдану өте ертеде басталды. Зақымдануды инфекция мен ылғалдан қорғау үшін жаралар балауызбен жабылған. Балауыз, сондай-ақ моншақтар (балауыздың жоғарғы балауыз қабатын кесіп тастаңыз, яғни балдың қалдықтарымен «ұяшықтар») ауыз қуысының шырышты қабығын емдеу үшін кең қолданылады: стоматит, қызыл иек ауруы, тістер үшін.Балауыз өте пластикалық, оны шайнау оңай, шайнау кезінде қызыл иекке, тілге массаж жасайды, тістерді тазартады. Ежелгі уақытта тіс
10 пастасы болмаған кезде тіс тазартып, тыныс алу үшін балауыз шайнаған. Тіс, мұрын-жұтқыншақ қабынуы кезінде, фарингит және тонзиллит кезінде забрусты (жарты шай қасық) сағат сайын 15 минут бойы шайнау ұсынылады.Басқа ингредиенттермен араласқан балауыз терінің көптеген аурулары мен мәселелерін емдейтін емдік майларға айналады: фурункулалар, бөртпелер, абсцесс, жаралар, каллус.
11 Зерттеу бөлімі Геморройды халықтық емдеу әдістерімен емдеу ертеден қолданылып келеді. Менің де жобадағы ұсынып отырған өнімім түйе өркешінен жасалған ректальды свечилар.Бұл свечилар гемморой,яғни көтеу ауруынан емделу үшін қолданылады. Ректальды свечилар жасау үшін мынадай заттар қолданылады: 1.Түйенің өркеш майы -100мг 2. Араның балауызы (воск) – 20 гр Шыны ыдысқа өркеш майын турап салып, су буында ерітеміз.Оған ұсақталған араның балауызын қосып су буында тағы ерітеміз.Осыдан кейін әбден араластырып,2 гр шприцқа тартып аламыз.Немесе фольгамен қаламсаптың сыртын орап пішін жасап алуға болады.Дайын болған өнімді тоңазытқышқа салып сақтаймыз Бұл жерде ара балауызын қосу себебім ,оның қаттылық беретін қасиеті бар.Яғни свечиді еріп кетуден сақтайды. Қолданылуы: 10 күн қатарынан түнгі ұйқыға жатар алдында қолданылады. Ескерту: ара балына, т.б араның өнімдеріне аллергиясы бар адамдар пайдаланбаған жөн.
12 Свечи жасалу жолдары
13 Осы свечиді жасап болғаннан кейін ,оны ауылда геморрой ауруымен ауыратын науқастарға қолданып,нәтижесін көру керек болды. Ол үшін Бозкөл ауылдық дәрігерлер амбулаториясының меңгеруші дәрігері Картабаева Алия апаймен ойласа отырып,осы таңда ішкі геморрой диагнозымен емделіп жатқан 2 науқасқа ұсынып,олардың келісімімен емдедік. Нәтижесінде бұл свечидің адам ағзасына ешқандай зияны жоқ екеніне көз жеткіздік.Науқастардың жағдайы жақсарып,ауырсыну белгілері басылып,үлкен дәретке шығуы жеңілденді.Осы еммен бірге науқастарға тамақтану кестесін де ұсындық.Өте қолжетімді,көп жағдайда аллергия бермейтіндігін,химиялық қоспалары жоқтығын ескере отырып,болашақта басқа да осы диагнозы бар науқастарға еш күмәнсіз пайдалануларына ,зиянсыз екендігіне 100% кепілдік бере аламыз. ТОО «Центр Информационных Технологий»Даму» КМС бағдарламасы бойынша алынған мәліметке сүйеніп мынадай кесте жасадық. Науқас Саны Емделген науқас саны Свечиді қолданғандар саны Пайдаланылған свечи саны Қолда бар свечи саны 20 5 3 30 30 Бозкөл ауылдық дәрігерлер амбу- Емделуші Ақлима Әлімбаева латориясының меңгеруші дәрігері
14 Картабаева Алия апаймен сұхбат ҚОРЫТЫНДЫ: Қазақтың дәстүрлі халық емшілігінде пайдаланған дәрі-дәрмектер "адал" және "харам" дәрілер деп екі топқа бөлінеді. "Адал" дәрілерге өсімдіктен алынатын, еті жеуге келетін жануарлардың еті, сүті, майы, терісі, жалы яғни табиғи заттардан жасалынатын дәрілер жатса, ал "харам" дәрілерге еті жеуге жарамайтын жануарлардың еті, сүті, майы мен терісі, т.б. бөліктер жатқызуға болады. Бүгінгі таңда сырқаттың шығу тегіне қарай емделушінің де, әрі дәрігердің өз болжамдарына қарай емді не дәстүрлі жолмен не болмаса халық емшілігімен
15 емдеген дұрыс деп тапқан өзара ортақ шешімінің арқасында екі сала емдері де қатар ұстанып келе жатқан жайы бар. Адам барда ауру бар. Олай болса, оған ем де қажет. Ал, енді оны қалай емдеу керек, ол ғасырлар бойы жалғасқан дәстүр. Мұны үзіп алмау керек. Себебі, бүгінгі экологиялық, жаћандану т.б. келеңсіз жағдайлардың әсерінен адамдар өз қадыр-қасиеттерін жоғалтып алып жатыр. Соған тосқауыл қояр бірден-бір жол, ол осы ата-дәстүрін үзіп алмау және оны келер ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізу. Халық емінің құдіретін түсіну, білу әрі оны пайдалану кез-келген адамға артық етпейді. Дәрісіз шипасы мол бұл халықтық емдік тәсілдің бүгінде қайтадан гүлдене бастағанына қуанамыз әрі қолдағанымыз қажет екенін білген артық болмайды Ертедегі ата- бабамыз білімсіз болғанымен, олардың ішіндегі кейбіреулері күнделікті өмірдегі өзгерістерге мән берді. Өз шешімдерін қабылдады. Сол кездегі қазақ даласындағы емшілердің өзінше ғылыми танымы бұл күнде ғылыми сипатқа ие болуда. Жетекшінің пікірі 10-сынып оқушысы Амантай Дильназдың ғылыми жоба тақырыбы «Түйе өркешінің емдік қасиеті». Зерттеу жұмысы кезінде төрт түлік малдың бірегейі – түйенінің қасиетін зерттеді. Ол тек түйе жануарының пайдасын зерттеп қана қоймай, сонымен бірге оның адам денсаулығына да тигізетін пайдасының зор екеніне көз жеткізді. Бұл жобаны жазудағы мақсаты – бабалардан жеткен, өзімізде бар,қолжетім ді емнің түрін қолдану арқылы дерттен сауығып,емімізге шипа табуымыз- ға болатынын түсіндіру.
16 Амантай Дильназ кіріспе бөлімінде атадан - балаға жалғасып келе жатқан халықтық емнің әлі күнге маңыздылығын жоғалтпағандығы туралы айта кеткен. Халық медицинасында бұрынғы заманнан келе жатқан қазақи емнің түрі – кәдімгі түйе өркешінің дәрі-дәрмекке бергісіз әсері туралы жазған. Теориялық бөлімде түйе туралы ,одан алынатын өнімдердің адам денсаулығына тигізетін емдік қасиеттері жайлы тоқталып өткен. Зерттеу бөлімінде өркештің гемморой ауруына орасан зор пайдасы жайында дерек келтірген.Қалың көпшілікке таңсық көрінетін, бірақ ата-бабадан жеткен айрықша ем-домды еске салып отыр. Менің пікірімше оқушы бұл тақырып аясында алынған мақсаты мен міндетіне қол жеткізіп, жоба өз деңгейінде орындалған.
4 Пайдаланған әдебиеттер: 1. Р.В.Тонкова, Т.Я.Черток, И.Н.Алферова «Основы медицинских знаний» МОСКВА «Просвещение» 1981 ж [17;37;64;214;240;297;306-бет] 2. В.А.Белоусов, А.Д.Певзнер «Балалар аурулары» Медицина баспасы-1974 ж білім баспасы 1992 ж аударған. [11;42;116;177;229-бет] 3. Е.Оразақов «Дәрігерлік кеңес» [191;192;196;197-бет] 4. «Биология пәні» журналы 5. «Денсаулық» атты Республикалық журналы Мәтіннің авторы Ж.Арман тері дәрігері [5-бет] 6. «Жануарлар әлемі», «Мектеп», 2008. 7. Р.Д. Риб - Ара шаруашылы 8."Қазақстандағы жануарлар әлемі" / А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь 9."Тірі табиғат" / Д.В. Вознякевич, Е.И. угарова, В.Т. Чутнова Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/23562/ Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/23562/ Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/18342/ Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/18342/ Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/62533/
5