THE ADVANTAGES AND DISADVANTAGES OF
ONLINE EDUCATION
KOIGELDINOVA ZHAZIRA NURBEKOVNA,
GYMNASIUM #130 NAMED AFTER
I.ZHANSUGUROV
TEACHER OF KAZAKH LANGUAGE
AND LITERATURE
ALMATY CITY
Онлайн білім берудегі оң нәтижелерді тиімді
пайдалану. Кемшіліктерді анықтап, олармен
жұмыс жасау.
Болжам:
Қазақстан
Республикасының
білім сапасын
көтеру мақсатында
жазылуда.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет
ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір
қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды
ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - мұғалім мен
білім алушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз
етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен
онлайн түрде семинар, презентация, дәріс, тренинг,
кеңестерді нақтылы уақыт режимінде өткізу болып
табылады.
Conclusion: The article
discusses the advantages and
disadvantages of online
education.
Keywords: Online education,
online platform, isolation,
additional lessons, positive
results, advantages,
disadvantages, obstacles.
Кіріспе.
"Оқшаулау", "Қашықтан оқу", "Онлайн платформа"
терминдері бүгінде үйреншікті сөзге айналып шыға келді. Онлайн
білімнің енді осы қарқыннан кері қайтуы мүмкін емес! Күн сайын
миллиондап ашылып жатқан парақшалар мен виртуалды өмір,
мектеп бағдарламасында тиімді пайдалануға таптырмас құрал
болып отыр.
Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін. Онлайн білім
біздің жұмысымызға қалай ықпал етті? Біз бұл
қиындықтарымызды қалай жеңдік? Шәкірттеріміз сабағымызға
қаншалықты белсенді қатысады? Осы сұрақтар төңірегінде өз іс-
тәжірибемізбен бөлісе отырайық:
І. Онлайн білім берудің артықшылығы
Онлайн білім - адам санасына ұлы жарылыс жасаған ақпараттар ағыны!
✓ Онлайн-платформаларды еркін пайдалану арқылы кез-келген қиын сұрақтардың
жауабын жылдам табу;
✓ Әлемнің кез-келген түкпірімен байланыса алу;
✓ Күнделікті сабақты тестілеу арқылы, болашақ емтихандарға психологиялық бейімделу;
✓ Қисынды (логика) ойлауды дамыту;
✓ Білім берудегі бәсекелестік пен әдіс-тәсілдердің дамуы;
✓ Қызықты бейнесабақтар легі немесе тартымды ақпараттардың молдығы;
✓ Түрлі электронды марапаттар арқылы оқушыларды оқуға жігерлендіру;
✓ "Онлайн жиналыс" арқылы ата-аналармен түрлі бағытта бірлесе жұмыс істеу;
✓ Ғаламторды толық игеруге, АКТ - ны үйренуге баулу; т.т...
І. Онлайн оқытудың кемшіліктері
Гаджеттер алдағы өміріміздің бөлінбес құралы болатындықтан, ІТ мамандар адам денсаулығына
зиянсыз өнімдер мен радияциадан қорғайтын, көз жанарына салмақ түсірмейтін мониторлар ойлап
табуы тиіс!
✓ Ата-ана жұмыста болғандықтан баланың әлеуметтік желілерге еркін кіруі;
✓ Интернет ойындардың шырмауына түсіп қалуы
✓ Үй тапсырмасын орындауға деген құлықсыздық;
✓ Монитор алдында баланың ойы бөлініп, өзге нәрсемен айналысып кетуі (мультфильм, кино,
ойындар т.б);
✓ Зиянды ультракүлгін сәулені көп қабылдау;
✓ Көрудің нашарлауы;
✓ Мидың шектен тыс жұмыс істеуі;
✓ Ұйқының бұзылуы т.т.;