Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. 5.алғашқы көшпелілер империясы туралы білеміз. Кілт сөздер: саяси генез, мемлекет, көсемшілік, көшпелілер империясы, күнби, шаньюй, түменбасы Әскери демократиядан ерте мемлекетке қарай.Ерте көшпелі тайпаларда әскери демократия болып, оларда әдеттiк құқық әрекет етті. Көсем бір мезгілде басшы, әскербасы, би, кейде тіпті абыз да болды. Халық жиналысы үлкен рөл атқарды. Алайда үнемі соғыс жүргізуден көсем билігі нығайып, халық жиналысының рөлі әлсіреді. Ол әскери жасақ жиналысына айналды. Туыстас жасақтар бір әскерге, ал туыстас тайпалар бір көсем басқарған тайпалық одаққа бірікті. Көшпелілер мемлекеттерінің үш үлгісі. Көшпелілер мемлекеттерінің үш үлгісі бөліп көрсетіледі. Көсемдік туыстыққа негізделген,мұрагерлік билігі бар көсем басқаратын саяси құрылым. Мұндай мемлекетте әлеуметтік жіктелу орын алады. Көсемнің басты қызметі: әскери, әкімшілік, сот, бітістіруші, біріктіруші істерін атқару болды. Ерте көшпелілер империясы- рулық және рудан тыс байланыстарға негізделген көпсатылы саяси құрылым. Мұндай мемлекетте министрлер, салық жинаушылар, төрешілдік аппарат пайда болды. Ерте көшпелілер империясының басты қызметі — өртекті халқы бар үлкен аумақты (империяны) бір орталықтан басқару, әскери жорықтарды ұйымдастыру, салықтар мен алымдар есебінен қоғам мен ақсүйектер мүддесін қорғау. Мұның бәрі қағидалар ретінде қарастырылып, әдеттiк құқықпен және дінмен бекітілді. Мемлекеттің дамыған кезеңі-дамыған көшпелілер империяларында ғана мәжбүрлеу жүйесі мен заң пайда болды. Сақ патшалықтары. Сақ патшалықтары көсемдіктері, яғни туыстас тайпалардың әскери-саяси одақтары болды. Ақсүйектер жерленген орасан үлкен қорғандар мен қарапайым жерлеу орындары арасындағы айырмашылықтар сақ қоғамының жіктелгендігін көрсетеді.Сақ көсемдері саяси қызметтерді атқарды. Антикалық дереккөздерде жіберген, одақтар жасасқан, басқарушыларды тағайындаған сақ патшалары мен патша әйелдер туралы айтылады. Сақтардың билеушілері біраз уақыт парсы патшасына одақтас та болды. Сақ қоғамында ескери демократия үстемдік етті және патша билікке «тең адамдар арасындағы бірінші ретінде жауынгерлердің жалпы жиналысында сайланды. Осылайша ерекше патша әулеті бөлініп шықты. Көсемдер мен ақсақалдардан өскеритайпалық ақсүйектер құралды. Сондай-ақ абыздар тобы бөлініп шықты. Скиф (сақ) қоғамында әйелдер жоғары мәртебеге ие болды. Оны далалық халықтардың ауыз әдебиеті растайды. Сақтардың әйел патшалары туралы мәліметтер аңызға айналған дастандарда кездеседі: патша әйел Зарина қарсыластарымен соғыс жүргізіп қана қоймай,бірнеше қаланың негізін салды, ал патша әйел Томирис өз патшалығын парсыларға қарсы соғыста басқарды.мперияларында ғана мәжбүрлеу жүйесі мен заң пайда болды. Қаңлы мемлекеті. Б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында Қаңлы мемлекеті күшейді. Алғаш қаңлылар оңтүстігінде юэчжилерге, солтүстігінде ғұндарға тәуелді болды, бірақ кейін күші жағынан олармен теңесті. Қаңлылар билігі біршама уақыт Батыс Қазақстанға, Каспийдің солтүстік жағалауларына дейін таралды. Бұл жерлерде оған массагеттер, кейін сармат-алан тайпалары тәуелді болды. Тіпті Орал маңындағы орман тайпалары да алым төледі. Қаңлы мемлекетінің құрамына біраз уақыт Шаш, Ферғана мен Хорезм де кірді. Негізгі халқы көшпелі болса да, олардың өз қалалары
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. болды, шұраттарда егіншілікпен айналысты. Қаңлылардың астанасы – Битянь қаласы. Ақтөбе қалашығында (Сырдарияның оң жағалауы) және Хорезмде қаңлылардың сарай үлгісіндегі құрылыстарына қазба жұмыстары жүргізілді. Үйсін мемлекеті. Б.з.б. I мыңжылдықтың соңында Жетісу, Тарбағатай және ТяньШань аумағында құрылды. Үйсіндер – сақ-тиграхауданын ұрпақтары. Олар жартылай көшпелі шаруашылық жүргізді. Әлеуметтік айырмашылықтар қорғандардан жақсы аңғарылады. Үйсіндердегі жоғары билік билеуші кунбиге (гуньмо) тиісті болды, оған билік мұрагерлік бойынша берілді. Күнбидің сарайы Чигу қаласында орналасты. Мемлекет сол жақ (шығыс), оң жақ (батыс) және орталық бөліктерге, ал олар толып жатқан ұсақ иеліктерге бөлінді. Иеліктерді басқарушылардың бір бөлігі көшпелі тайпалардың көсемдері болды. Мемлекет басшысы күнбиден кейінгі лауазымды тұлға бас уәзір — тулы (дулы), одан төменгілері сол және оң жақ аймақтарының билеушілері болды. Шенеуніктерден, тексерушілерден және хатшылардан тұратын төрешілдік аппарат құрылды. Б.з.б. II ғасырдың бас кезінде үйсіндер күшті мемлекет құрды. Олар ғұндармен күресте қытайлықтармен одақтасты. Б.з.б. I ғасырда Үйсін мемлекеті «кіші күнби» және «үлкен күнби» иеліктеріне бөлініп, өзара соғыс басталды. Нәтижесінде екі иелік те қытайлардың билігінде қалып қойды. Үйсіндердің бір бөлігі батысқа кетіп, қаңлылардың көмегімен Қытай билеушілерімен нәтижелі соғыс жүргізді. ІІ ғасырда үйсіндер Қытайдан толық құтылды. IV ғасырда көшпелі жужандардың қысымымен үйсіндер Тянь-Шань тауларына қоныс аударды. Осы күнге дейін үйсіндер V ғасырда Қытайға елшілер жіберген мемлекеттердің бірі ретінде аталады. Fундар мемлекеті - ерте көшпелілер империясы.Ғұн билеушілері садақ тартатын халықтарға (яғни көшпелілерге ) ғана емес, сондай-ақ жер үйлерде өмір сүретін адамдарға» (яғни отырықшы егіншілерге) да билік жүргізуге ұмтылды. Мундай мемлекет орталықтандырылған империя ретінде ғана өмір сүре алатын еді.Мемлекеттің басында тәңірқұт (шаньюй) турды, оның билігі қатаң мұрагерлікпен берілді және оның орасан зор беделі болды. Оны «Аспан ұлы», «Аспан мен жерден жаралған», «Күн жөне Аймен тағайындалган», «Үлы шаньюй» деп атады. Мемлекетте тәңіркүттан кейінгі жоғары тұлғалар «сол жақ және оң жақ» (яғни батыс және шығыс) кіші хандар болды. Олар империяның батыс және шығыс аумақтарын басқарды, әскердің сол және оң қанаттарына басшылық жасады. Олардан төмен 24 түменбасы, яғни он мыңдық өскерді басқарушы тұрды. 10 мың жауынгер саны шартты алынған. Түменбасылар тәңірқұттың туысқандарынан тағайындалды. Лауазымдар мен атақтар туыстық дәрежесіне байланысты еді. Түменбасыларды мемлекет басшысының өзі тағайындады,орнынан алды және жазалады. Ол әрбір түменбасының билігіне үлес бөлді. Үлес көлемінен оның халық саны маңыздырақ болды. Себебі онымен түменбасының әскери күші мен билігінің деңгейі анықталды. Өз иеліктерінің шектерінде түменбасы мыңбасылар, жүзбасылар мен онбасыларды тағайындап, оларға көшпелі халқымен бірге жер үлестерін бөліп берді.Шаньюйдің бұйрығынсыз тайпалардың орын ауыстыруына тыйым салынды. Ер адамдардың негізгі міндеткерлігі әскери қызмет болды. Әрбір ғұн жауынгер болып есептелді, әскери борыштан жалтару өліммен жазаланды. Қорытынды. Көшпелілік өркениет пайда болғаннан, яғни б.з.б. I мыңжылдықтан бастап ортаазиялық көшпелі қауымдастықтарда саяси ұйым мен мемлекеттің алғашқы түрлері қалыптасты. Бұл тайпалардың әскери одақтары бар. Оларға өскери демократия мен көптеген қызмет атқаратын билеушiнiң мықты билігі (мұрагерлік бойынша берілетін) төн. Үйсін мемлекеті олардан әкімшілік-төрешілдік аппаратының пайда
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. болуымен ерекшеленді. Ғұн империясы көшпелілер тарихындағы алғашқы империя және Ұлы Даладағы екінші үлгідегі көшпелілердің алғашқы мемлекеті. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1. Мемлекет ұғымына берілген анықтаманы естеріңе түсіріп, оның белгілерін айтыңдар. 2. Көшпелілердегі мемлекеттің үш үлгісі туралы әңгімелеңдер. 3. Сақтардағы жоғарғы көсем қандай қызметтер атқарды? 4. Сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың әлеуметтік және мүліктік жіктелуін қалай білуге болады? 5. Қалай ойлайсыңдар, Үйсін мемлекеті қандай өркениеттің және қандай мемлекеттің ықпалында болды? Бұл неден көрінді? 6. Ғұн империясының саяси құрылысы туралы әңгімелеңдер. Картамен жұмыс. Картадан: 1) Сақ протомемлекеттерінің (көсемшіліктің) орнын; 2) Үйсін мен Қаңлы мемлекеттерінің аумағын; 3) Ғұн империясының жерін көрсетіңдер. Лекция 14 . Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Сабақтың мақсаты: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуыныңтарихи кезеңдерін түсіндіру; деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау; Сабақтың жоспары: 1. Түрік қағандықтары; 2. он оқ одағы; 3. бектер - түркілік ру басшылары; 4. түркі дәуіріндегі отырықшылық-көшпелілік қатынас; 5. Білге қаған және руна жазуы туралы білеміз. Кілт сөздер: жабғу, қаған, қағандық, империя, он оқ одағы; Түркі елі, бодан, ру ақсүйектері
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Fұн империясы ыдырағаннан кейін Орталық Азия аумағында ғұндардың мұрагерлерітүркі тайпаларының мемлекеттілігі басталды. Олардың І мыңжылдықтың ортасында шоғырлануы Ұлы Далада көшпелілер империяларының-Түрік қағандықтарының пайда болуына әкелді: Бірінші Түрік қағандығы (552-603 жж.); Батыс Түрік қағандығы (603-704 жж.); Шығыс Түрік (екінші Түрік) қағандығы Түргеш қағандығы (704-756 жж.). Түрік қағандықтары, әсіресе Бірінші Түрік қағандығы мен Батыс Түрік қағандығы тек түркі тайпаларын ғана емес, сондай-ақ басқа да тайпалар мен отырықшы халықтарды біріктірген көшпелілер империялары болды. Түркі империялары тайпалардың оқшаулануына қарсы жалпы империялық құрылымды, идеологияны, ортақ жазу мен ортақ тілді қойып, олардың басын біріктіруге ұмтылды.Түрік қағандығы (552-603 жж.). Түркілердің бірігуі Ашина руының және Ұлы жағбу атағын иеленген Бумынның (олардың көсемі) басшылығымен жүрді. 552 жылы Бумын Түрік елінің қағаны болып жарияланды. Түрік сөзі мемлекеттің барлық көшпелі тұрғындарына таралды. Түрік қағандығының (Түрік елінің) әскери-әкімшілік құрылысы. Қағандықтың батыс бөлігіндегі түркілік көшпелі халық Он оқ одағына (Он оқ бұдын) біріктірілді. Барлық он оқ», яғни тайпалар сол (шығыс) және оң (батыс) қанатқа бөлінді. Тайпалар мен рулардан құралатын тайпалық одақ (бұдын) елге біріктірілді. Қаған елді ұстады және бұдынды басқарды. Ол тайпалар одағын басқарып, көсем, сот, абыз рөлін атқарды. Сондай-ақ елді басқара отырып, әскери қолбасшы қызметін де орындады. Әскердің жауынгерлік қуатын ұстап тұру, әскери жорықтар ұйымдастыру, бағындырылғандарды тәуелділікте ұстау – Түрік елін басқарған қағанның міндеті болды. Түркі қағандығының әлеуметтік құрылымы. Қағандықтағы бектер ру ақсүйектері болды. Ақсүйектік шығу тегі мүліктік жағдайына қарағанда анағұрлым маңыздырақ болды. Әрбір тайпада аға ру болды, ал ашина руы бәрінен де жоғары тұрды. Батыс Түрік қағандығы. Батыс Түрік қағандығын басқарудың ерекшеліктері. Батыс Түрік қағандығы тек көшпелі халықтан ғана құралған жоқ. Оған көптеген қалалар мен егіншілік аймақтар бағынды.Ортаазиялық мемлекеттердің (Хорезм, Ферғана, Шаш, Соғды және т.б.) тәуелділігі алым төлеумен ғана шектелген жок. Түркілер тағайындаған басшылар алым-салықты жинауды қамтамасыз етті. Сондай-ақ түркі билеушілері тәуелді отырықшы халықтардың билеушілерімен туыстасуға тырысты. Батыс Түрік қағандығында Ұлы Жібек жолындағы сауда арқылы мемлекеттің экономикалық өмірін өз қолдарында ұстаған соғдылықтар ерекше жағдайды иеленді. Жетісуда соғдылықтардың бірнеше ондаған қаласы мен елді мекендері па да болды. Соғдылықтар қағандықтағы ақша соғу ісін жүзеге асырды.Елтерістің әкімшілік реформасы. 630 жылдан 704 жылға дейінгі кезеңде Батыс Түрік қағандығында ұзаққа созылған дағдарыс уақыты болды. 634 жылы нушибиге сүйенген Елтеріс қаған «он оқ» жүйесін қалпына келтіруге әрекеттенді. Ол тайпалық көсемдерді қағанға ғана тәуелді, тағайындалатын басшыларға айналдыруға шешім қабылдады.Бақылауды күшейту үшін әрбір тайпаға тайпа ақсүйектерімен ешқандай байланысы жоқ,қағанның туысы-шад жіберілді. Түргеш қағандығы (704-756 жж.). Жетісудағы Қытай тағайындаған билеушіні құлатып, 699 жылы түргештер мен дулуды біріктірген түргештер тайпасының көсемі Үшеліктің билігін орнатты. Түргеш қағандығындағы «он оққа» бөліну мен басқа да Батыс Түрік қағандығындағы әскери-әкімшілік
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. дәстүрлер сақталды. Сонымен қатар Үшелік әкімшілік реформа жүргізді. Ол Шу және Іле жазықтарында өз ордасын құрып, қағандықты 20 аймаққа (тұтыққа) бөлді. 708 жылы Үшелiктiң мұрагері Сақал (Coгэ) Кучадағы Қытай билеушісінің әскерін талқандады. Алайда мұның артынша Сақалдың кіші інісі көтеріліс жатүркілердің билеушісінен көмек сұрады. 711 жылы шығыс түркілердің әскері Жоңғарияда Сақалдың әскерін талқандап, қаған қаза тапты. Қаған руының мүшесі Сұлу бастаған түргеш әскерлерінің қалдықтары Сырдариядан ары қарай шегінді. Олардың соңына түсе отырып, болашақ Білге қаған мен оның інісі Күлтегін бастаған шығыс түркілер жасағы Соғдыға дейін жетті. Бұл жерде олар арабтармен болған шайқастарға қатысты. Бірақ жеңіліске ұшырап Өтікенге қайтып оралды. Сұлу болса Жетісуға қайта оралып, өзін қаған деп жариялап, Түргеш мемлекетін қалпына келтірді. Оған екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Ол шығыстан төнген қауіпті дипломатиялық жолмен шешті.Өз иеліктерінің оңтүстікбатысында Сұлу қаған арабтардың баса-көктеп кіруіне қарсы күреске белсенді қатысты. Арабтар оны Әбу Музахим («Сүзеген») атаған және оны Соғдыдағы өз биліктеріне төнген катер санады. Тек 732 жылдың соңында ғана арабтың жергілікті кірді. 737 жылы Сұлу қаған шайқаста қаза болды. Қорытынды. I мыңжылдықтың ортасында түркі тайпаларының бірігуі олардың Ұлы Далада мемлекеттік үлгі бойынша көшпелілер империясына жататын бірнеше ірі мемлекет құруына әкелді. Империяқағандықтар түркі тайпалық одақтарында, сондай-ақ бағындырған халықтар мен вассалдық мемлекеттерді де біріктірді. Олар бірыңғай өскери-әкімшілік жүйемен басқарылды. Түркі қоғамы аумақтарды басып алу және әскери олжа түсіру идеологиясымен жұмылдырылды. Онда рулық ақсүйектер артықшылық жағдайға ие болды. Түркі империялары Еуразияның геосаяси сипатын өзгертіп халықаралық істер мен саудаға белсенді араласты. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1. Түрік қағандықтарының неліктен империялар болғандығын түсіндіріңдер. Қара қандай қызмет атқарды? 2. Бірінші Түрік қағандығының әскери-әкімшілік құрылысы туралы әңгімелеңдер. 3. Бірінші Түрік қағандығында қандай топ артықшылықтарға ие болды? 4. Батыс Түрік қағандығы мен Шығыс Түрік қағандығының қайсысының құрылымы күрделірек болды? Неліктен? 5. Араб басқыншылықтарының қашан басталғанын еске түсіріңдер. Қандай Түрік қағандығы араб әскерімен соғысуға мәжбүр болды? Лекция 15. Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері Сабақтың мақсаты: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуын зерттеу; ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау Сабақтың жоспары: 1. саяси дамудың моңғолдық кезеңі; 2. моңғолдардың экспансиясы және Моңғол империясының құрылуы;
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. 3. моңғол мемлекеттілігінің ерекшеліктері; 4. үшінші үлгідегі көшпелілер мемлекеті туралы білеміз. Кілт сөздер: Шыңғыс хан, құрылтай, экспансия, моңғол жаулап алулары, Яса, Шыңғыс ханның біліктері, Шыңғыс хан ұрпақтары, Шыңғыс ханның ұрпақтары ХІІІ ғасырда саяси жағдай тек Ұлы Далада ғана емес, сондай-ақ бүкіл Еуразияда толығымен. өзгерді. Ол моңғол басқыншылығы және Шыңғыс империясының пайда болуына байланысты еді. Моңғолдар - түркілерге туыстас халық. Олар І мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даланың шығысында көшіп-қонып жүрді. Ұйғыр қағандығы құлағаннан кейін Моңғолия аумағына қоныс аударды. Сол тұста онда татар тайпасы өмір сүрді. Бүл этноним моңғолдарға берілді: моңғол- татарлар деп аталды; Русьте моңғолдарды татарлар деп атады; Шыңғыс ханның Моңғол тайпаларын біріктіруі. Шыңғыс хан есім емес, моңғолдың ұлы ханының атағы. Оның шын есімі - Темучин. Ол 1155 немесе 1162 жылы қият тайпасындағы ақсүйек батыр Есугейдің отбасында туған. Есугей Темучин он жасқа жеткенде татарлармен болған шайқаста қаза тапты. Жас кезінде Темучин қорлықты, жәбірлеуді және мүқтаждыкты басынан өткізді. Бірақ ержүректілігі мен ақылының арқасында өзінің айналасына жауынгерлер жасағын жинап, көрнекті батырға айналды. Әскербасы ретінде оның теңдесі жоқ болды. XII ғасырдың соңына қарай ол көп әскер жинақтады. Әрбір сәтті жорықтан кейін Темучиннің даңқы өсе түсті. 1203 жылы Темучин керейттерді, кейін наймандар мен меркіттерді бағындырды. 1206 жылға қарай ол барлық моңғол тайпаларын өз қол астына біріктірді. Шыңғыс ханның тұлғалық рөлі.Шыңғыс хан тарихтағы жеке тұлға рөлінің жарқын мысалы болып табылады.ол дүниежүзілік тарихтағы аса ірі империяны құрды.Өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында оның бойында жауынгерге тән қасиеттермен (ұзын бойлы, алып дене бітімі,күш, ептілік, қаруды меңгеруі мен ер-жүректік) қоса, алғыр ой, қайтпас жігер, ұстамдылық сияқты қолбасшыға ұйымдастырушыға, , мемлекеттік қайраткерге тән қасиеттер де болды. Моңғол шапқыншылығының басталуы. Моңғол тайпаларын біріктірген Шыңғыс хан Даланың түркілік көшпелілері мен отырықшы халықтарды бағындыруды мақсат етті. Шыңғыс хан империясы көшпелілер ақсүйектерінің белсенді қатысуымен құрылды.Ақсүйектер үшін жаңа жер мен әскери олжа түсетін соғыс аса маңызды қажеттілік болды. Көшпелі ақсүйектер Шыңғыс ханды жаулап алу соғыстарын жалғастырған жағдайда қолдау көрсететін болады. 1215 жылға қарай моңғолдар Солтүстік Қытайдағы Цзинь мемлекетін жаулап алды. 1224 жылға қарай Шыңғыс хан өз билігін бүкіл Орталық Азияға таратты.Ұлы Дала көшпелілерін біріктіру Шыңғыс ханның әскери жетістіктерінің себебіне айналды. Түркілер мен моңғолдарды біріктіре отырып, Шыңғыс хан мәмілегерлікке жүгінді: одақтық келісімдер жасау әулеттік некелермен қатар жүргізілді.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Моңғолдар Қазақстан аумағында. Шыңғыс ханның күшеюі кезінде наймандардың бір бөлігі Жетісуға көшіп кетті. Бұл жерде наймандардың ханы Күшлік 1210 жылы Қарақытайлар мемлекетіндегі билікті басып алды. Күшлік хан Шығыс Түркістанның түркі тайпаларына шапқыншылық жасай бастағандықтан, олардың билеушілері Шыңғыс ханнан көмек сұрайды. 1218 жылы моңғолдар Күшлік ханды талқандап, өз империясына Жетісу мен Қарақытайлар мемлекетінің бүкіл шығыс бөлігін қосып алды.Сол жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы қыпшақтардың арасында жасырынып жүрген меркіттерді күйретті. Бұл уақытта хорезм-шах Мұхаммед қыпшақтарға қарсы 60 мыңдық әскерімен жорыққа шыққан еді. Осылайша Торғай даласында моңғолдар мен хорезмдіктер ұшырасып қалды. Бұл шайқаста ешкім жеңіске жетпегенімен, Шыңғыс ханның Хорезмшахпен соғысы болмай қоймайтын жағдайға айналды. Хорезмді жаулап алу (1219-1221 жж.). 1219 жылы Шыңғыс хан жорыққа 200 мыңдық әскермен аттанды. Ол бірнеше әскерге бөлінді.Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршап, ол бес ай қоршаудан кейін бағындырылды. Ал Жошы Сығанақты, Жентті және басқа да сырдариялық бекіністерді өзіне қаратты. Үшінші әскерге Ходженд қиян-кескі қарсылық көрсеткенімен, ол да басып алынды. Төртінші әскерді Шыңғыс ханның өзі басқарып, Бұхара мен Самарқандты күйретті. Екі қаланың жасақтары қырғынға ұшырап, бейбіт халық қатыгездіктен зардап шекті. Хорезмшах ашық далада бірде-бір рет шайқасқа түспестен жеңіліс тапты. Кейін моңғолдардың біріккен күштері Хорезмнің астанасы Үргенішті алды. Осылайша Хорезм мен Мәуереннахр Моңғол империясының құрамына енді.Моңғолдар басқыншылығының жалғасуы. 1227 жылы Шыңғыс хан қайтыс болған соң, оның жаулап алушылық соғыстарын мұрагерлері Үгедей хан, Күйік хан және Мөңке хан табысты жалғастырды. Моңғолдар Қытай, Иран, Ирак, Кавказ бен Русьті басып алып, Солтүстік Үндістан мен Шығыс Еуропаға өтті. Нәтижесінде құрлықтағы барлық дүниежүзілік империялардың ішіндегі ең үлкен және ең қуатты империя құрылды. Ол шығысында Сары теңізден бастап, батысында Дунайга дейін созылып жатты. Моңғол империясының мемлекеттік құрылысы. Моңғол мемлекеттілігіне түркілердің дәстүрі елеулі ықпал етті. Шыңғыс хан құрған мемлекеттің негізіне Түрік қағандығының мұрагер мемлекеттерінде дамыған ескери-әкімшілік жүйе алынды.Ұлы Моңғол мемлекеті біртұтас мемлекет болды. Бұл ретте ол үш өскери-әкімшілік аймаққа: оң қанатқа (барунгар), сол қанатқа (жоңғар) және орталыққа (гол) бөлінді. Әрбір аймақ он мың адамнан тұратын түмендерге, ал олар мыңдықтарға, жүздіктер мен ондықтарға бөлінді.Моңғол мемлекетінде жүздіктерден, мыңдықтар мен түмендерден тыс қалған адам болған жоқ. Шыңғыс ханның ұлдары мен басқа да туыстарына белгілі бір аумақ - жұрт пен онда көшіп-қонып жүретін тұрғындар - ел берілді. Мұндай үлестер ұлыс деп аталды. Бұл ереже Шыңғыс ханның алғашқы мұрагерлері кезінде сақталды. Көшпелілер мемлекетінің үшінші үлгісі. Моңғол империясы көшпелілер империясының неғұрлым толық және дамыған түрі. Оны басқару үшін ортақ құқықтық
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. ережелер жасап шығаруға тура келді.Көшпелілердің әдеттiк құқығының негізінде заңдар мен нұсқаулардың жазбаша жинағы - «Ұлы жасақ» жасалды. «Ұлы жасақ» 1206 жылғы күрылтайда қабылданып, 1225 жылы бекітілді. «Ұлы жасақтың» қатаң қағидаларын сақтау ұлы ханның барлық қол астындағылар үшін ғана емес, сондай-ақ оның өзі және Шыңғыс ханның барлық ұрпағына да міндетті болды. «Ұлы жасақ» көшпелі өмір ережелерін жасады. Онда қылмыстар және қылмыскерлерге қолданылатын жазалар көрсетілді.Шариғат қағидалары бойынша өмір сүруге үйренген мұсылмандар «Ұлы жасаққа бағынғылары келмеді. Уақыт өте келе, Моңғол империясының батыс ұлыстарындағы Шыңғыс хан ұрпақтары және әскери-көшпелі ақсүйектер ислам дәстүрін қабылдады. Олар «Ұлы жасақты» сақтауды қойды және шариғат бойынша өмір сүре бастады.Моңғолдарда хандардың нақыл сөздерін жазып алып, олардың өлімінен кейін тарататын әдет қалыптасты. Шыңғыс ханның нақыл сөздері - біліктердің кейбіреулері сақталған. Біліктерде сот жүргізу тәртібі белгіленген. Олар арнайы оқытылды, Шыңғыс хан ұрпақтары мен әскери ақсүйектер жылына екі рет Шыңғыс хан біліктерін келіп,тыңдауы тиіс болды. Моңғол империясындағы так мұрагерлігі тәртібі. Мемлекеттегі жоғары билік Шыңғыс ханның алтын әулетінде мұрагерлікпен қалдырылатын болды. Хан атағына ерекше құқық Шыңғыс ханның тек алғашқы төрт улы (Жошы, Шағатай, Үгедей жөне Толе) мен олардың тікелей ұрпақтарына ғана берілді. Жоғарғы билікке тек «алтын әулет мүшелері ие болды. Маңызды мәселелерді Шыңғыс хан ұрпақтары мен ақсүйектер жиналысы - құрылтай шешетін болды. Құрылтайда «алтын әулеттің кез келген лайықты өкілі хан болып сайлана алатын еді. Қорытынды: ХІІІ ғасырда Орталық Азиядан шығыс, оңтүстік және батыс бағыттардағы моңғолдардың басқыншылығы Еуразиядағы басты оқиға болды. Ол Монгол империясының пайда болуына әкелді. Бұл дүниежүзілік тарихта құрлықтағы ең ірі империя саналады. Моңғол империясы көшпелілер мемлекеттілігі дамуының үшінші, ең жоғарғы кезеңі болып табылады. Моңғол империясы өскери-әкімшілік жүйе,иерархиялық үлестік жүйе, елдерді өзіне бағындыру идеясы тәрізді Түрік империясының көптеген белгілерін өзіне қабылдады. Сондай-ақ оларға қатаң соттыққұқықтық жүйе, басқыншылықты идеологиялық негіздеу мен жоғарғы биліктің ерекше тұжырымдамасы қосылды. Пысықтауға арналған сұрақтар: 1. Шыңғыс ханның билікке келуі туралы әңгімелендер. 2. Моңғол шапқыншылығының негізгі себебін атаңдар. 3. 1207-1224 жылдары Моңғол империясының негізгі қарсыластары қандай мемлекеттер болды?
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. 4. Моңғол империясының мемлекеттік құрылысындағы қандай белгілер Түрік империясынан алынды? 5. Ұлы жасақ дегеніміз не? Оның маңызы неде? Картамен жұмыс.Картадан Моңғол империясының кеңеюін көрсетіңдер. 1204- 1224 жылдардағы негізгі жорықтарды атаңдар. Кестемен жұмыс. Кестені дәптерлеріңе толтырыңдар Түрік империясы Моңғол империясы Екі қанатқа бөлінді Ресми зан Лекция 16. Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі Сабақтың мақсаты: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау Сабақтың жоспары: 1. Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының гүлденуін; 2.қазақтардың Мәуереннахр шайбанилерімен соғыстарын; 3.Хақназар және Тәуекел хан кезіндегі Қазақ хандығын; 4.хандардың Қазақ хандығын нығайтудағы күресін; 5.Қазақ хандығының қазақтардың тарихи тағдыры үшін маңызын қарастырамыз. Кілт сөздер: Ақ Орда,Көк Орда,Әбілхайыр хандығы,Сырдария бойындағы қалалар,Моғолстан Қазақ хандығы, этникалық аумақ,мемлекеттік аумақ ,Қазақ мемлекеті Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының басты мүдесі еді.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстарды аяқтатты, тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды.Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды.Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұланбайтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлғая түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді.Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарымқатынас орнатты.Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды. Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді.Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси,әскери экономикалық қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды.Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады.Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. беріп отыруға құқысы болды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның ісқағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды.Мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды.Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау: 1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері). 5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді. Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды. Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды.Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538-1580 жж).Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды.Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.). Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келген Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты. Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты.Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. 1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді.Қазақстанның батыс аудандарында Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі.Қасым хан қайтыс болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің белгісі.Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды.Ішкі қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті.Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып, біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды.Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді. Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады. Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді.1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569ж. соң мемлекет ретінде өмір сүруден
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. қалды. Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзара көмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды.Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді.Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті. Тауке ханның ішкі саясаты.Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды. Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді.Жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді.Алауыздық пен өзара дау-жанжалға белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді.«Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді.Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген. «Қара қазаққа»
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты.Билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды. XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түсті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеуге бой ұрды.Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады. «Жеті жарғы» заңдар XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық құжат «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі.«Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтар. «Жеті жарғы» жеті заңнан құралды: 1. Жер дауы заңы 2. Отбасы - неке заңы 3. Әскери заң 4. Сот заңы 5. Қылмысты істер заңы 6. Құн заңы 7. Жесір дауы заңы Тәуке ханның сыртқы саясаты.Тәуке ханның сыртқы саясаты елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды 4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты.1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады,Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғ. бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді.Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады.1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар біріккен, қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүмкіндік бермеді.Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді.Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп есептеумізге болады. XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның билігі тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды. Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сыртқы жағдайынан дербес мемлекетке тән негізгі белгілерді анық байқауға болатын. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз болған, өзіне тән тілі, салт-дәстүрі,
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-ақ ортақ мүддесі бар қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі еді. Қазақ хандығының құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің калыптасуы және оны сырттан төнген қауіптен ұйымдаскан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай түсуіне алып келді.XV—XVII ғ.ғ. қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық қатынастар тынымсыз жаугершілік пен феодалдық қақтығыстардан тұрған бұл тарихи кезең жалпыұлттық мүдденің маңызын тура түсініп, мақсатты және саналы түрде қызмет жасаған белсенді тұлғаларды да өмірге алып келді. Тарих бізге аксүйек төре тұқымынан қазақ ұлты мен мемлекеттігінің қалыптасуы жолында еңбек еткен тұлғалардың есімі мен қызметін жеткізді. Солардың алдыңғы легінде Орыс ханның ұрпақтары — қазақ хандары мен сұлтандары Жәнібек пен Керей, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке хандар тұр. Қазак хандығы бұл кезде шығысында -Алтай таулары, батысында Жайық өзені, солтүстігінде — Орал таулары, оңтүстігінде Алатаудың батыс етегі аралығындагы алып еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп білген қазақ елінің басын біріктірген тұтас мемлекеттік құрылым болатын. Оның экономикасы кең аумақтағы табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан өзара тығыз байланысты көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілікке негізделді. Қоғамдағы саяси қатынастың бастау алар буыны және әуелгі субъекті — рулық қауым болды.Рулық қауым — тайпалық, тайпалық жүздік иерархияға ұласты. Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғыс хан ұрпағы саналатын төре тұкымына ғана тиесілі болды.Хан ел билеуші сүлтандар мен билердің, дінбасылар және ел арасындағы беделді адамдардың жалпыұлттық құрылтайында сайланды.Ел арасында аса беделді төрт би сайланған. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Сонымен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша сайланған хан өзінің хандық билікке лайық екендіғін ылғи да атқарған ісімен, қоғамдық мәселелерді шешуде ақыл-парасатымен дәлелдеп отыруға тиіс болған. Иерархиялық билікте ханнан төменгі сатыда тұрған белсенді және ықпалды жеке сұлтандар бүтін бір тайпа елді билеген. Хан жеке сұлтандардың мұндай құқын мойындаған. Өз ретінде тайпа басы сұлтандар да орталық хандық билікті мойындауға тиіс болған. Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды. Мұндай дәрежеге олар сайлау арқылы емес, ел мойындаған қызметі мен ақылпарасаты арқылы жеткен. Ал олардың шешімі мен ұсынысы әділ болған жағдайда ғана ел арасында өтімді, ал өздері билік өкілі ретінде жұрттың сеніміне ие болған. Халықта «Тура биде туған жоқ» деген ұғым осы дәстүрлі жолды білдіреді.Ең жоғары сот билігін хан иемденген. Ал одан төменгі сот билігі билерге тән. Көне дәстүр бойынша, билік қызмет елдің сенімі мен құрметіне ие адамға ғана жүктелген. Көп жағдайда би қызметін немесе сот ісін тайпа басшылары жүргізген, өйткені олардың кінәлі жақты сот үкімін орындауға мәжбүр етерлік күші болған. Әрбір бидің билік ауқымы өз рутайпасымен шектелген. Сонымен бірге өзге тайпа, тіптен, жүз адамдары келіп
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. жүгінетін аса беделді билер де аз болмаған. Ал ру-тайпалар арасындағы даулы, сондайақ жалпыұлттық мәселелерді арнайы шақырылған құрылтайда талқылап, ортақ шешім қабылдап отырған. Жүздің ерекшелігін ескере отырып басқару және бақылап отыру үшін оған бағынышты үш би сайланды: Ұлы жүзде — Төле, Орта жүзде — Қазыбек, Кіші жүзде — Әйтеке билер.Қазак хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды.Хан — мемлекет басы, ал оның жанында тұрақты билер кеңесі жұмыс жасады..Қорыта айтқанда, Тәуке хан кезеңі қазақ қоғамында мемлекеттік басқару жүйесінің біржола калыптасуымен сипатталады. Тәуке хан қазақ билеушілері арасында өз билігін үш жүзге түгел жая білген хан болды. Сонымен бірге Тәуке ханның өлімінен соң бүл мемлекеттік жүйенің әлсіз жақтары да байқалды. Қуатты мемлекеттік басқару жүйесінің жоқтығы салдарынан қазақ қоғамы тағы да феодалдық бытыраңқылық жолына түсті.Бұл біріншіден, жоңғарлық басқыншылыққа жол ашса, екіншіден, қазақ жүздерінің біртіндеп Ресей империясына отарлық тәуелділікке ұшырауына алып келді.Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы — «Жеті Жарғы» өмірге келді. Ол XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның тапсыруы бойынша сол тұстағы белгілі Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке және басқа билердің қатысуымен жазылды. Ереже қазақ қоғамында сол уакытқа дейін мәлім болған заңдық ережелердің табиғи жалғасы, сондай-ақ заман талабына бейімделген нұсқасы еді. «Жеті Жарғы» — қазақ қоғамындағы қоғамдық қатынастарды белгілі бір жүйеге түсірген жеті тараудан тұратын ережелер жинағы. Яғни, ол қоғамдық өмірдің мынадай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ұрпақ тәрбиесі және отбасы қатынасы, қылмыс үшін жауапкершілік (ұрлық, барымта, адам қорлау, т.б.), ру-тайпа аралық дay және елді жаудан қорғау.Қасым хан, Есім хан заманында адам өлтірген айыпкер өте ауыр жазаланды, яғни оның өзі ғана өлім жазасына кесіліп қоймастан, отбасы да ойрандалды. «Жеті Жарғы» енді айыпкерге жеті түрлі жаза белгілейді. Олардың арасында «қара қазан» (айыпкерге өлім жазасы), «қара нap» (айыпкерге өлтірілген аса беделді кісіні Түркістанға апарып жерлетіп, құнын төлету), «қара мылтық», «қара кілемт» т. б. жазалар болды.Мұндай өзгерістер, белгілі дәрежеде, қоғам өмірінде жеке адам рөлінің арта түскендігін, өмірлік құндылықтарға байланысты көзқарастың өзгеріске ұшырағандығын білдірсе керек. Мәселен, «әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады» деп көрсетілген бап та осы мазмұндағы өзгерістер қатарына жатады.Меншікті қорғау — ереженің негізгі міндеттерінің бірі. Жайылым мен егістік — ру, ал мал — отбасы меншігінде. Ереже ақсүйектердің құнын қарашанікінен жеті есе жоғары қойды.«Жеті Жарғы» — ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ моральдық азғындау сияқты жат қылықтарға байланысты өте қатал шараларды қарастырды. Мәселен, «Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі», т.б.«Жеті Жарғыда» сондайақ шариғат жолдары да қарастырылды. Онда: «Құдайға тіл тигізген кісі таспен атып өлтіріледі, көпір болған адам мал-мүлкімен айдалады», — деп көрсетілді.Ережеге «Құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде» деген бап енгізілді. Тәуке ханның Ережелер жинағы қазақ коғамында Ресейдің Уақытша Ережесі енгізілгенге дейін, 1867—1868
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. жылдары, негізгі заңдық ереже міндетін атқарды.XVI—XVII ғасырлар Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды.Мұны Шыңғыс хан тегінен шыққандардың белгілі бір қалаларды иеленуінен, үлестік жүйенің сақталуынан көреміз. Мәселен, казақ ханы Есім Түркістан қаласын биледі, ал сол кезде Ташкент Тұрсын ханның қолында болды.Жалпы, жер иелену мен жерге деген меншік түрлері мынадай болды: икта, сойырғал, вакуф, милк.Икта — дәстүрлі мағынасында Орталық Азияда Қарахан мемлекеті кезінен белгілі. Арабша «кесінді жер» деген мағынаны береді. Әскериазаматтық қызметі үшін сыйлық ретінде уақытша жер пайдалану және салық жинау құқын білдіреді.XIV ғасырдың соңына қарай бұл уақытша жер иелену түрі неғұрлым кеңейтілген құқықтар берілген сойырғалмен ауыстырылды. Сойырғал «сыйға тарту» деген мағына білдіреді. Иктадан айырмашылығы — өмір бойына берілді, демек, мұрагерлікке қалдырылды. Салық жинаумен қатар сот-әкімшілік істерін де басқару мүмкіндігіне қол жеткізді.Вакуфтық жер-салық салынатын мұсылман дінбасы мен мекемелеріне тиесілі жерлер.Милк -жер телімдеріне және халықтан жиналатын салыққа жеке меншік құқы.Райаттар-негізінен, қаладағылар және жер өңдеушілерден тұратын салық төлеуші сословие.Алым-салықтардың мынадай түрлері өмір сүрді: Хараж -жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық. Баж-саудагерлерден алынатын жол салығы. Жасақ -көшпелі малшылардан алынатын салық.Қамсыздандыру үшін алынатын заттай алым: Зекет — мұсылмандардан сауда мен жылжымайтын мүлік үшін алынатын заттай алым.XVI—XVIII ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындар төмендегідей міндеткерліктер атқарды:Мардикар - суландыру арықтарын қазу, тазарту, көпірлер, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, парсыша «мард» - адам, «кар» - іс, жұмыс.Құналғы -әскер бөлімдерін лайықты қабылдау. Жамылғы -әкімшілік адамдарын қабылдау (үй-жаймен, құралмен, тамақпен қамтамасыз ету).Салықтар, алымдар және міндеткерліктер қарапайым халық үшін ауыр салмақ болып саналды. Пысықтау сұрақтары: 1.Қасым хан саясатының мақсаты? 2. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі кезеңі? 3. Тәуке ханның 7 жарғысы туралы не білесің? 4. Есім ханның ескі жолы деп неге аталды? 5.Қазақ халқының әлеуметтік жағдайы қандай болды? 6. Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы 7. Алым-салықтардың қандай түрлері болды? 8. Билер институты деген не? Лекция 17. Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары Сабақтың мақсаты: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау; Сабақтың жоспары: 1. хан және хан билігі; 2.биліктің қасиеттілігі;
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. 3.сұлтандар мен билер; 4.Қазақ хандығындағы билік үштігі туралы білеміз. Кілт сөздер: мемлекеттілік, этноәлеуметтік, этноаумақтық, жүз, саяси құқықтар, билік, билік институты, сұлтан, билер, батыр Қазақ мемлекеттілігі ру-тайпалық (кейiн жүздік) жүйемен біріккен аумақ, билік және халықтың бірлігіне негізделген. Қазақ мемлекетінің идеологиясы шығу тегі мен дәстүрінің ортақтығы мемлекеттілік туралы түсінік болды. Қазақ қоғамы саяси қазақ қоғамы саяси билік институттарының ханның, билердің, құрылтайдың, ұлыстардың көмегімен басқарылды. Хан және хан билігі. Хан етіп сұлтанды Шыңғыс ханның тікелей ұрпағын ғана жариялауға болатын. Хан сайлауда көбінесе рудың жасы үлкен ер адамы басым құқыққа ие болды. Сондықтан ханның ағасы, інісі ханның ұлдарынан үлкен болып есептелді. Алайда бұл дәстүрге өзге де себептер әсерін тигізе алатын. Тақ мұрагерлігі туралы қатаң ережелердің жоқтығынан сұлтандардың арасында билік үшін күрес жүрді және әрбір ханның өлімінен кейін Ұлы Далада аласапыран басталды.Жаңа ханды таққа отырғызу кезінде ақ киізбен көтеру салты сақталды. Хан болып жарияланған сұлтанды ақ киізге отырғызды. Хандықтың неғұрлым ықпалды тұлғалары киiздi шеттерінен ұстап,үш рет көтеріп, «Хан! Хан! Хан!» деп жариялады.Хан өзіне жүктелген міндеттеріне орай төмендегідей орасан зор құқықтарды пайдаланды. 1. Шыңғыс хан ұрпақтарының және барлық қазақ тайпасының басшысы ретінде ханда ел аумағын басқару құқығы болды. Бұл құқықтың негізгі міндеті елді сыртқы жаулардан қорғау еді. 2. Хан соғыс жариялау және бітім жасасу құқығын иеленді. Бұл құқық оның бас қолбасшы қызметін атқаруына байланысты берілді. 3. Шетелдік мемлекеттермен келіссөздер жүргізу құқығы болды.Бұл оның мемлекеттегі сыртқы саяси бағытты белгілеу қызметіне орай берілген құқығы. 4. Хан өлім жазасына кесуге және кешірім беруге құқылы болды.Бұл оның бас төреші қызметіне орай иеленген құқығы саналады. 5. Хан заңдар мен бұйрықтар шығаруға құқылы болды. Бұл оның қоғамдық құрылысты және тәртіпті сақтау қызметінен келіп шықты. Ханның айналасында кеңесшілер, әскербасылар, нөкерлер, сондай-ақ жасақ пен төлеңгіттер болды. Жасақ хан мен оның отбасын күзетуді қамтамасыз етті. Атқосшылар күнделікті тұрмыста және хан ұйымдастырып тұратын жиын-тойларға қызмет көрсетті. XVII ғасырға дейін қазақ хандары Ұлы Даланы үнемі аралап жүрді және хан ордасы сол сәтте оның шатыры тігілген жерде орналасты. Хан ұлыстарды аралап жүріп, хандықтағы тәртіптің сақталуын қадағалады.Ел аралау кезінде хан істеріне қажет салық (әдетте, малмен) жиналды.Ташкент пен Түркістан хандар баратын жерге айналған кезде, олар өздеріне Бұхара және Хиуа билеушілерінің сарайларына ұқсас сарайлар салғызды.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Аға және кіші хандар. Бірнеше ғасыр бойы Қазақ хандығы биліктің орталықтанған және орталықсызданған кезеңдерін басынан өткерді.Біртіндеп орталықсыздану басым түсіп, хандықты бір адамның басқаруы тоқтатылды. Бұл жүздік жүйенің пайда болуымен байланысты еді. Тәуке хан билігін барлық жүз таныған Қазақ хандығының соңғы аға (ұлы) ханы болды. Кейін әрбір жүздің өз ханы сайланды. Алайда XVIII ғасырға дейін де хан билігі тек тайпалар тобына ғана таралған кезендер болды. Аға хандар билігі бүкіл хандыққа таралды (Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан және т.б.), ал кіші хандар барлық өзге хандар болды. Әрбір кіші хан аға хан болғысы келді, сондықтан Қазақ хандығында билік үшін күрес үнемі болып тұрды. Хан билігінің қасиеттілігі туралы түсінік. Беделді ханның өлімінен кейін басталатын өзара тартыстар мен сұлтандар арасындағы билік үшін күрес, сондай-ақ халық өкілдерінің өрлеуі (мысалы, шайқас кезінде батырлардың) биліктің қасиетті сипаты туралы түсініктерді жойған жоқ. Билік қазақтарда ежелгі түркілер мен моңғолдардағыдай сақталды. Шыңғыс хан ұрпақтарының билігіне ешкім таласқан жок. Қазақтар тәртіп пен әділеттілік негізінде билік жүргізетін ханның қасиеттілігіне сенді. Билеуші оларға ерекше құдіретті және құт қонған тұлға саналды. Құт қонған билеушіге бүкіл халықтың әл-ауқаты байланысты деп есептеді. Билер мен батырлардың билігі. Жергілікті жерлердегі бүкіл билік билерге тиісті болғандықтан, бидің руы мен тайпасы неғұрлым қуаттырақ болса, оның ықпалы соғұрлым жоғары болды. Неғұрлым ықпалды билер хандар жанындағы кеңесті құрды. Осылайша қара халық мемлекетті басқаруға қатысып қана қоймай, кейде шешуші дауысқа да ие болды. Батырлардың мемлекетті басқарудағы орны соғыстар мен бейбітшілік кезеңдеріне орай анықталды. Бейбіт уақытта олар ұлыс сұлтандары, билер мен ақсақалдар билігіне бағынды. Алайда XVII-XVIII ғасырдың басында үздіксіз ойрат басқыншылығы мен хандықтың батыс шегараларындағы күрделі жағдайға байланысты батырлардың қоғамдағы рөлі айтарлықтай өсті. Мемлекеттік құрылыс сабақтастығы. Қазақ мемлекеттілігі XV-XVIII ғасырлар шеңберімен шектелмейді. Оның бастаулары сақтар мен үйсіндердің ерте көшпелі мемлекеттерінде, түркілер мен моңғолдардың көшпелілер империяларында жатыр. Мемлекет құрылысындағы сабақтастық байқалады. Ол Еуразия даласындағы көшпелі өркениеттің өзіндік сипатымен байланысты. Көшпелі мемлекеттілік екі мыңжылдық бойы өзгеріссіз сақталды. Билік үштігі. Қазақтарды қоса алғанда, Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне биліктің «хан – билер - халық» үштігі тән. Хандардың билігі ауқымды, билердің билігі неғұрлым шектеулі болды. Алайда көшпелілер мемлекетінің демократизмі халыққа да біршама билік берді. Шағын көшпелі қауымдастықтар (рулар) тәуелсіз болып, Далада еркін көшіп-қонып жүрді. Олар билікке өз көзқарасын билеушіге көшіп келу немесе одан көшіп кету жолымен білдірді. Халық көшіп кетсе,хан биліксіз және мемлекетсіз қалады. Сондықтан халық билік көзі және дәстүрлерді сақтаушы болды. Қазақ хандары халыққа құрметпен қарады, оның игілігі үшін жағдай жасауға тырысты. Дәстүрлі түсінік бойынша, хан халыққа «ананың балаларына» жасайтын қамқорлығын жасауға, ал оның қол астындағылар ханды «өзі үшін әке» деп есептеуге және ұлдары өз әкелеріне бағынғандай бағынуға тиіс болды.Бұл көшпелі мемлекеттерді шығыстың озбыр патшалықтарына ерекшелендірді. Тұтастай алғанда, Жошы ұлысы мен алғашқы
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. қазақ мемлекеттеріні саяси құрылымдары Шыңғыс хан империясынан мұра болып қалған автократиялық белгілерге қарамастан неғұрлым демократиялық институттар болп табылды. Қорытынды. Қазақ хандығында мемлекет екі жүйенің селбесуі түрінде көрініс тапты. Біріншісі, жоғарғы билік институты (хан,сұлтандар) ретіндегі белгілі саяси жүйе. Екіншісі, биліктің ру-тайпалық ұйымы, онда әрбір ру мен тайпаны би басқарады. Билер - биліктің маңызды бөлігі және жоғары билік пен халықтың арасындағы байланыстырушы болды. «Хан - билер- халық» билік үштігі, олардың әрқайсысы Қазақ мемлекетінің нығаюы үшін маңызды рөл атқарды. Дәстүрлі қазақ мемлекеттілігі Еуразия даласындағы ерте көшпелілер мемлекеттілігімен сабақтастығын сақтаған (мемлекеттіліктің этноәлеуметтік сипаты, биліктің үштігі, биліктің қасиеттілігі туралы түсінік, авторитарлық пен демократиялық белгілердің үйлесуі). Пысықтау сұрақтары: 1. Қазақ хандығындағы саяси билік қандай әлеуметтік топқа тиесілі болды? 2. Хан қандай құқықтарды иеленді? Оның қандай міндеттері болды? 3. Сұлтандардың саяси құқықтары туралы әңгімелеңдер. Сұлтандар бұл құқықтарды қалай жүзеге асырды? 4. Алдыңғы параграфтың материалына сүйене отырып, Қазақ хандығындағы аласапыран мен күшеюіндегі хандардың рөліне мысалдар келтіріңдер. 5. Билер мен батырлар қандай билікті иеленді? 6. Хан билігі неліктен қасиетті болды? 7. Қарапайым халық билікке қалай қатыса алатын еді? Хандар неліктен халыққа құрметпен қарады? Күрделі тапсырмалар. 1. Қазақтардағы мемлекеттіліктің неліктен көшпелілер өркениетінің мәнімен байланысты екендігін ойланыңдар. 2. Жошы ұлысы мен Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысын салыстырыңдар. Лекция 18. Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себепсалдарын анықтау;қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу; Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Сабақ жоспары: 1. ұлт-азаттық күрес; 2.Сырым Датұлының көтерілісі; 3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының көтерілісі; 4.Кенесары хан және оның қазақ мемлекеттілігін қайта өрлетудегі күресі туралы Кілт сөздер: ұлт-азаттық күрес, көтеріліс, ұлт-азаттық соғыс, қазақ мемлекеттілігі, тәуелсіздік үшін күрес, бекіністер жүйесі Қазақ халқы тәуелсіздікті қалпына келтіру мен мемлекетті сақтау үшін ұзақ күрес жүргізді. Қазақтардың ұлт-азаттық күресінің бірнеше кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең (XVIIIғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы) - монархиялыққа,«жақсы патшаға» сену кезеңі және хан билігін қалпына келтіру үшін күрес уақыты. Даланы казактардың отарлауына байланысты жер мәселесінің шиеленісуі, жайылымдардың жетіспеушілігі, казактардың қазақ ауылдарына тонаушылық шапқыншылықтары - XVIII ғасырдың соңында қазақтардың көтеріліске ұласқан наразылығының негізгі себептері болды. Қазақтар «дұрыс патша өздеріне аңсаған еркіндік пен жер сыйлайды деген үмітпен Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына (1773-1775 жж.) қатысты. Қазақ жасақтары бірқатар бекіністі бақылауда ұстады, Орынборды тіке шабуылмен алуға әрекеттенді.Алайда көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. 1775 жылы қаңтарда Пугачев өлім жазасына кесілгеннен кейін де қазақ батырлары қаруларын бірден тастаған жоқ. Сондықтан орыс өкіметі қазақ даласына бірнеше жазалаушы жасақ жіберді. Пугачевшілерден қорқып қалған II Екатерина қазақтарға Жайық пен Ертіс, Еділдің оң жағалауындағы, Каспий теңізі, Ембі мен Сағыз өзендері бойындағы қысқы қоныстарына қайтып оралуға рұқсат берді.Осының арқасында 1776 жылдың жазына қарай Далада уақытша тыныштық басталды. Алайда бұдан кейін өлкені казактардың отарлауы одан әрі күшейіп, қазақтардың жаңа көтерілісін туындатты. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған көтеріліске (1783-1797 жж.) қатысуы. Қазақтардың өз жерінде дәстүрлі бағыттар бойынша көшіп-қонуы Жайық казактарының бұл жерді, әсіресе неғұрлым құнарлы учаскелерін басып алу ниетімен қарама-қайшылыққа тап болды. Алдымен (1782 ж.) казактар қазақтардан казак әскерінің аумағындағы жайылымдарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді талап етті.Кейін қазақтарға Жайықтың оң жағалауына өтуге мүлдем тыйым салды. Жылқы мен малдың тәркіленуі Ұлы Далада аштық тудырған 1783 жылғы қыстағы жұт жағдайды қиындата түсті. Батыр Сырым Датұлының басшылығымен қазақ жасақтары казак бекіністеріне шапқыншылықтар жасай бастады. 1785 жылдың басында Сырым батырдың қол астында 6 мыңнан астам сарбаз болды. Көтерілісшілер Жайық өзенінің ар жағындағы жерлерді қазақтарға қайтаруды, казактардың шабуылдарын тоқтатуды, Ресей қойған Нұралы ханды биліктен шеттетуді талап етті. 1786 жылы сәуірде хан Орынборға қашты. Уфаның жергілікті әкімі О.Игельстром Ұлы Даладағы хан билігін жоюға әрекеттенді. Мұның сәті түспегендіктен, тағы да орыс әкімшілігінің бекітуімен
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Ералы хан болды. Қазақтардың наразылығы артып, көтеріліс бүкіл Батыс Қазақстанды қамтыды. Хан билігін жоюға қарсы наразылық. 1820 жылдары ұлт-азаттық күрестің жаңадан өрлеуі Ресей империясының отарлық саясатының күшеюімен байланысты басталды. 1823 жылғы Жоламан Тіленшіұлының көтерілісі казак бекіністерінің Жаңаелек шебінің құрылысынан және Арынғазы хан мен Кіші жүздің кейбір старшындарын орыс тұтқынында ұстап отырудан туындады.Алайда басты себебі хан билігін жою болды. Жоламан жасақтары шекаралық бекіністер мен 1822 жылғы Жарғы бойынша сайланған сұлтан-басқарушылардың ауылдарына шабуылдар жасады. Көтерілісті басуға казак әскерлері тартылды. Көтеріліс 1835 жылы қайта тұтанып, көтерілісшілер саны 3 мың адамға жетті. Кейіннен Жоламан жасақтары Кенесары Қасымұлы жасағының құрамына қосылды. Мұнымен бір мезгілде Орта жүз қазақтарының «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» енгізуден туындаған наразылық көтерілістері басталды. Көтерілісшілерді Саржан Қасымұлы басқарды. Ол хан билігін қалпына келтіру үшін он екі жыл бойы күрес жүргізді. 1834 жылы Саржан мен қоқандықтардың біріккен әскері Ұлытау таулы аймағына орналасты. Жеңіліс Саржанды Түркістанға шегінуге мәжбүр етті. 1836 жылы Қоқанның Ташкенттегі жергілікті әкімі Саржанды бауырларымен бірге опасыздықпен өлтірді. Ал 1840 жылы оның әкесі Қасым өлтірілді. Көтерілісті басқару Қасымның кіші ұлы Кенесарыға өтті. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған көтеріліс (1836-1838 жж.). Көтеріліс Бөкей ордасында, Бөкей ханның ұлы Жәңгір ханның кезінде өтті. Жәңгір хан император сарайымен тығыз байланысты болды. Ол өзін далалық ханнан гөрі губернатор және патшалықтың адал қызметшісі ретінде ұстады. Бөкей ордасы қазақтарының наразылығын жердің тапшылығы, жер иеліктерін хан айналасындағылардың басып алуы, салықтық езгі патша шенеуніктерінің жүгенсіздігі туындатты. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық соғыс (1837-1847 жж.). Султан Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.)қазақтардың шашыраңқы күштерін біріктіре алды. Шыңғыс хан ұрпағы болғандықтан, Кенесары хан атағын иеленуге және хан билігін қалпына келтіруге қол жеткізді. Ол патша әскерлеріне қарсы он жылдай (1837-1847 жж.) күресті. Кенесары жасақтарын И.Тайманұлы мен оның туыстары сұлтандар сондай-ақ батырлар да басқарды. Негізгі әскери күш Орта және Кіші жүздің жігіттері болды. Көтеріліс басталған кезде Кенесары көптеген жеңіске жетті. 1838 жылы тамызда Ақмола бекінісін басып алды. Кенесары Орталық Қазақстанның үлкен аумағына бақылау жүргізді әне патша үкіметі елеулі жеңілдіктерге баруға мәжбүр болды. 1840 жылы Кенесарыға кешірім жарияланып, оның туысқандары тұтқыннан қайтып оралды. Орыс әскерлерінің Ұлы Далаға жазалаушы жорықтары біраз уақытқа тоқтатылды. Қазақ хандығы мен қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтірілуі.1841 жылы Кенесары Қасымұлы хан болып сайланып, Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілді. Кенесары ханның кезінде құрамына беделді адамдар кірген кеңес жұмыс істеді. Кенесары өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекетті басқарды. Ханның өзі жоғарғы сот болды. Рулар арасындағы сот істерін (барымтаны, қанды кекті, өзара қырқыстарды
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. тоқтату) шешу үшін билер тағайындалды. Жергілікті жерлерде хан жарлықтарының орындалуы мен салықтардың жиналуын жасауылдар қадағалады. Олар ауылдарды аралап, Кенесарының үндеуін таратты және халықты күреске көтерді. Неғұрлым дәстүрлі салықтық жүйе енгізілді. Тұтастай алғанда, Кенесары реформалары соғыс уақыты жағдайларында билікті қатаң орталықтандыруға бағытталды.Кенесары хан қатаң тәртіпке бағынған атты әскер құрды.Әскер мыңдықтар мен жүздіктерге бөлінді. Мергенбасы атқыштар жасақтарын басқарды. Артиллериясы мен жаяу әскері (қазақтардың тарихында бірінші рет) болды. Көтерілісшілерді жаңа әскери іске қашқын орыс солдаттары мен башқұрттар үйретті. Кенесарының бекіністерге алғаш шашыраңқы шабуылдап, артынша қайта жиналатын тәсілді қолданды. Бұл тәсіл қарсыласқа естен тандырарлықтай әсер етті. Шегінген кезде Кенесары даланы өртеп, жау сусыз қалуы үшін, құдықтарды бұзып кетті. Ресеймен соғыстағы үзілісті пайдаланып, Кенесары Қоқанмен Сырдария бойындағы қалаларды азат ету соғысын бастады. 1845 жылы күзде орыс әскерлері шабуылға көшті және Кенесары оңтүстікке қарай шегінді. 1847 жылы оның жасақтары қоқандық және қырғыз әскерлерінің қоршауына түсіп қалды. Нәтижесінде Кенесары хан тұтқындалып, қазаға ұшырады. Қорытынды. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің тарихында Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының көтерілістері маңызды орын алады. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық соғыс тәуелсіздік үшін күреске барлық үш жүзді көтерген, ХІХ ғасырдағы қазақтардың ең ірі және уақыты жағынан ең ұзаққа созылған көтеріліс болды. Ол қазақ халқының қарсылығының орасан зор күшін көрсетті. XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер отаршылыққа қарсы сипатта болды. Олар патша үкіметін белгілі бір жеңілдіктерге баруға мәжбүр етті. Көтерілістер қазақ жүздерінің бытыраңқылығынан, іс-әрекеттерінің үйлестірілмегендігінен, сондай-ақ көтерілісшілердің жақсы қаруланған патшаның тұрақты әскерімен салыстырғанды жауынгерлік дайындығының нашарлығынан жеңіліске ұшырады. Пысықтау сұрағы: 1. Көтерілісшілердің мақсаттары, себептері тұрғысынан алып қарағанда, ұлт-азаттық күрестің бірінші кезеңі немен сипатталады? XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ көтерілістері жеңілісінің себептері неде? 2. Сырым Датұлының басшылығымен болған көтерілістің себептерін Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс себептерімен салыстырыңдар. Айырмашылығы неде? 3. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің ұлттық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік те себептері болды. Ол қандай себептер? 4. Кенесары хан кезіндегі Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысына сипаттама беріңдер. 5. Кенесары әскеріндегі дәстүрлер мен жаңалықтар туралы әңгімелеңдер. Қосымша тапсырмалар.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. 1. Кенесары басқарған ұлт-азаттық соғыстың өзіндік ерекшеліктері неде? Әңгіме неліктен көтеріліс» емес, «соғыс» туралы болып отыр? Кенесары басқарған соғыс неліктен ұлт-азаттық күрестің бірінші кезеңінің шеңберінен шықпайды? 2. Кенесары Қоқан және Хиуа хандықтарымен қандай аумақ үшін күрес жүргізді? Бұл күрес Қазақ мемлекетінің аумақтық біртұтастығын қалпына келтіру идеясын қалай бейнелейді? Лекция 19. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі Сабақтың мақсаты: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін «автономдық кеңес республикасы», «кеңес одағы республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдарын пайдалану; Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау Сабақтың жоспары: 1.Қырғыз (Қазақ) АКСР-і және оның құқықтық жағдайы 2. Орта Азияны ұлттық –аумақтық межелеу 3.Қазақстан одақтас республика 4.Әміршіл-әкімшіл жүйе Кілт сөздер: Кеңес өкіметі, Кеңестік мемлекеттілік,Одақтас республика,әміршіләкімшіл жүйе Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы. Қазақстанда Кеңес өкіметі 1918 жылы наурызда орнатылды. Ленин 1919 жылғы 10 шілдеде «Қырғыз өлкесін басқару бойынша революциялык комитет туралы уақытша ережеге» кол койды. Бул комитеттің (Кирревком) құрамына коммунистер ғана емес, сондай-ак Алашорда екiлдерi де енді.Бұл Ұлы Даладағы Азамат соғысының аяқталуын тездетті.1920 жылы көктемде Қазақстан автономиясынын сипатын белгілейтін съезге дайындық жүргізілді. Қабылданған жоба большевиктердің бағдарламалық нұсқауларына сәйкес: бірпартиялық жүйе, Кеңестер билігі, пролетариат диктатурасын колдады. Астанаға айналған Орынборда РКФСР үкіметінің арнаулы жарғысымен РКФСР құрамындағы Қырғыз Автономиялык Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) құрылды. Сонымен қатар оның Орталық атқару комитеті (ОАК) мен үкіметі (ХКК) сайланды. 1920 жылғы 4 қазандағы ҚАКСР Кеңестерінің құрылтай съезі 1919 жылғы күзге дейін Қазақ даласын актар иеленгендіктен,Түркістандағы Кеңес өкіметі үлкен киындыктарга кез болды. 1919 жылы қыркүйекте ақтар талқандалды. Түркістан Кеңестерінің VIII съезі өткізiлiп, ОАК сайлады. Ондағы көпшілікті мұсылмандар құрағандықтан,партияның Мұсылман бюросы курылды. Осылайша өлкеде Кеңес өкіметінің «жергіліктенуі» басталды. Мұсылман коммунистер байырғы халықтың мүдделерін қорғауға тырысты. Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу және Қазақстанның мемлекеттік шегараларын белгілеу. 1924-1925 жылдары жүргiзiлген .Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде бірнеше жаңа одақтас және автономиялык республикалар мен облыстар - Өзбек КСР-і,
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Түрікмен КСР-і, РКФСР құрамында кара кыргыз² автономиялы облысы (АО), ҚАКСР (Қазақстан) құрамында Қарақалпақ АО пайда болды.Сондай-ақ КАКСР құрамына таратылған Түркістан Республикасының құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстары кiрдi. Республикалар мен облыстардың арасындағы шегаралар этникалық қағидат бойынша жүргізілді. Алайда көп жағдайда оларды жүргізу қиындады. Біріншіден,әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар катар өмір сүрді, екіншіден, олардың көпшілігінде этникалық ерекшелік болған жоқ.Казактармен жағдай біршама басқаша болды. Қазақ мемлекеттілігінің ұзақ тарихы және қазақ зиялыларының жүздердің арасындағы келіспеушіліктерді жоюға бағытталған ағартушылық жұмысы Қазақстаннын этникалык-аумақтық шегараларын айқын белгілеуге және этносты кеңестік мемлекеттілік шеңберінде ұлт етіп топтастыруға мумкіндік берді. Автономиялық республика ретінде Қазақстанның құқықтық жағдайы. КСРО билік катан орталықтандырылған біртұтас мемлекет бола отырып, сөз жүзінде ғана федерация болды. Елдiн ұлттық одақтас республикаларга белiнуi олардын саяси дербестігін білдірген жоқ. Республикалар тек жергілікті шаруашылық мәселелерді ғана дербес шешті. Олардың басшыларын Орталық (Мәскеу) тағайындады және орындарынан алды. Биліктің орталық органдары республикалык органдардын шешімдерін жойып, әкімшілік шегараларын ауыстыра алды. Автономиялык республиканың құқықтық мәртебесі одақтас республикалардан әлдеқайда төмен болды. Автономиялык республика, тіпті Одақтан шығу кукыгына да ие болған жоқ. Биліктің жоғарғы өкілдік органы Кеңестер съезі болды. Съездер аралығында биліктің жоғары органы Орталық атқару комитеті (ОАК), шын мәнінде, ОАК Президиумы болды. Ол республика үкіметін құрып, Кеңестердің сайлауларын басқарды. Сондай-ақ Халық комиссарлары кеңесі (ХКК) де заңнамалық өкілеттіліктерді иеленді. Ол тѳрағадан және жұмыстың жекелеген бағыттарын басқаратын халық комиссарларынан (халком) құрылды. Қазақ КСР-ның құрылуы. КСРО-ның 1936 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстанның мәртебесі одақтас республикаға Қазақ КСР-не дейін көтерілді. Бұл мәртебе және атау 1991 жылға дейiн, яғни Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғанға дейін сақталды. Қорытынды. Өз конституциясы бар Қаз КСР-інің құрылуы улттык егемендiктi қалпына келтiрудiн келесi бiр сатысына айналды. Этникалык аумакка жуыкталган аймакта улттык-аумақтық мемлекеттілік курылды,мемлекеттік шегаралар белгіленді, басқарудың заманауи органдары курылды. Казак этносы мен елдiн тарихи дурыс аталуы калпына келтірілді. Бөлінбейтін кеңестік федерация шеңберінде және кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайларында казак когамынын жангыруы орын алды. Кеңестік казак мемлекетiнiн курылуы болашакта улттык егемендiк пен тәуелсіздікке ие болудын мумкiндiгiн жасады. Өз білімдерінді тексеріндер. 1. РКСФР курамында Кыргыз (Қазақ) автономиялык республикасы курылуынын казак мемлекеттiлiгi үшiн кандай манызы болды? 2. ҚазАКСР-нын мемлекеттік құрылысы туралы әңгімелендер. 3. КазАКСР-нын мәртебесi дактас республика деңгейiне дейiн жогарылаганнан кейiн Қазақстаннын мемлекеттік құрылысы калай өзгерді? 4. Кенестiк конституцияларда жарияланган одактас республикалардын егемендiгi неліктен тиiстi дәрежесiнде iске асырылмады?
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. 5. Әміршіл-әкiмшiл жүйе дегенiмiз не? Картамен жүмыс. Картадан 1924-1925 жылдардагы улттык-аумактык межелеу нәтижесiнде Казакстанга откен аумактарды көрсетiндер. Күрделі тапсырмалар. 1. 1924, 1936, 1977 жылгы КСРО Конституциялары КСРО-ны Федеративтік мемлекет деп жариялады. Алайда Кенестер Одагы унитарлык мемлекет болды. Неліктен? 2. Калай ойлайсындар, Казак КСР-ның 1978 жылғы Конституциясынын кандай кукыктык ережелерi Казакстаннын егемендік алуына көмектесті? Лекция 20 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы Сабақтың мақсаты: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау;мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау Сабақтың жоспары: 1.КСРО-дағы жүйелік дағдарыс, қайта құру мен жариялылық; 2. Қазақстанның егемендігін жариялауы; 3 Қазақстан - тәуелсіз мемлекет; 4. ҚР Тұңғыш Президентінің ұлттық мемлекеттілікті қайта өрлетуіндегі рөлі туралы қарастырамыз. Кілт сөздер:қайта құру, жариялылық, КСРО-ның ыдырауы,егемендіктер шеруі,Тәуелсіздік туралы Декларация,президенттік-парламенттік республика,нарықтық экономика, этносаралық келiсiм Қайта құру және жариялылық. Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 1985 жылы КОКП ОК-нің Бас хатшысы М.С.Горбачевтің бастамасы бойынша жүргізілген «қайта құру» реформалары кенес мемлекетiн куткара алмады. Жоспарлы жүйе ғылыми-техникалык революцияның жетістіктерін кабылдамады. Сондықтан өндірісті жеделдету бағыты сәтсіздікке ұшырады. Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы орын алды. Қазақ КСР-і басшысы Д.Қонаевты қызметінен босатып, орнына Т.В.Колбинді (тіпті республика тумасы болмаған) тағайындауға карсы казак жастарының батыл наразылы білдіруі ұлттық сананың каншалыкты өскенін көрсетті. Катал басып-жанышталган наразылык шеруі КСРО басшылығына республикадағы жағдайдан хабар берген «алгашкы дабыл болып, Қазақстанның тәуелсіздігіне жол салды. Қайта құрудың неғұрлым түбегейлі кезеңінде (1987-1988 жж.) М.С.Горбачев Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарып, кеңестік экономикалык жүйені нарықтың тетіктерімен біріктіруге әрекеттенді, демократияландыру және «жариялылык» саясаты туралы жариялады. Бул коғамдық пікірталастар мен адамдардын саяси белсенділігінің өсуіне түрткі болды. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктер мен партиялардың пайда болуы. 1987 жылы жариялылык толқынында алғашқы қоғамдық ұйымдар пайда болды. Олар экологиялык (зиянды өндірістерді жабуды жақтаушылар, Арал мен Балкашты куткару О.Сүлейменов баскарган «Невада-Семей» ядролык сынақтарға
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. қарсы қозғалыс), тарих агартушылык (сталинизм кылмыстарын әшкерелеуші Мемориал» және «Әділет»), ұлттықмәдени сипатта болды. Қазақстанның егемендігін жариялауы. Жариялылыққа рұқсат беру шектеусіз сөз бостандығына алып келді. 1989 жылы мамырда КСРО халық депутаттарының І съезі өтті. Онда КОКП мен кеңестік жүйені ашык сынап, КСРО-ны тарату талаптары айтылды. 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін берген «Қазақ КСР-ндағы тілдер мен тіл саясаты туралы» Заң қабылданды. 1990 жылдын көктемінде КСРО халық депутаттарының II съезінде КОКП-ның басымдык рөлін бекіткен КСРО Конституциясының 6-бабы жойылды. Қоғамда демократия мен ерікті нарыққа бет бұру басым бола бастады. Идеологияда коммунизмге ашық қарсылыктар пайда болды. 1990 жылы КСРО-да президент қызметі, кейін барлык республикада президенттік лауазымдар қабылданды. 1990 жылы 24 сәуірде Казак КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Президенті қызметін белгіледі. Жоғары Кеңес Сессиясында Тұңғыш Президент болып Қазақстан Компартиясынын Бірінші хатшысы Н.Ә.Назарбаев сайланды. КСРО республикалары бiрiнен кейiн бiрi өз егемендiгi мен республикалық зандардын одактык зандардан басымдығын жариялай бастады (бұл үдеріс «егемендiктер шеруі» деп аталды). 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканын мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны кабылдады. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру - тарихи үдерістің заңды нәтижесі. XVIII-XIX ғасырларда мемлекеттік тәуелсіздігін жоғалтқан қазақ этносы жер бетінен жоғалып кеткен жоқ. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының ұлттық тәуелсіздікке деген ұмтылысы күшті екендігін көрсетті. Қазақстанның тәуелсiздiгi занды құбылыс болып табылады. КСРО құрамындағы Қазақ КСР-ның шегаралары қазақтардың этникалық аумағының негізінде құрылды. Бүкіл кеңестік кезеңде республиканың басқа этностары қазақтардың айналасына топтасты. Қорытынды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі ресми түрде қалпына келтірілді. Тәуелсіз даму жылдарында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті: қазақ мемлекеттілігі қайта өрледі, президенттік-парламенттік унитарлық мемлекет моделі бойынша мемлекеттік басқарудың заманауи институттары жасалды; елдің жаңа Конституциясы мен оған негізделген заңнама қабылданды; маңызды реформалар жүргізілді; нарықтық экономика жасалды және макроэкономикалық тұрақтылыққа, берік халықаралық жағдайға қол жеткізілді; мемлекеттегі этносаралық тұрақтылық сақталды; ұлттың мәдени-генетикалык кодын қалпына келтіру мақсатымен қазақ тілі мен мәдениетінің беделі көтерілді. Қазақстан заманауи мемлекетке айналды. Жаңа тәуелсіз Қазақстанды құруда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев орасан еңбек сіңірді. Өз білімдеріңді тексеріңдер. 1. Қайта құру кезеңдерін атаңдар. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кай кезеңде өтті? 2. КСРО-да жариялылықты жариялаудың қандай салдары болды? 3. 1991 жылы желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар орын алды? 4. Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс туралы әңгімелеңдер. Қазақстан Республикасында биліктің қандай жүйесі қалыптасты? 5. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлін сипат-
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. тандар. Кестемен жұмыс. КСРО-ның ыдырауы мен Қазақстан тәуелсіздігін жариялауға әкелген 1989-1991 жылдардағы негізгі оқиғалардың кестесін жасаңдар. Өлкетану бойынша тапсырма (шағын топтарға арналған). Тәуелсіздік кезеңінде өз қалаңның (облысыңның) дамуы (экономика, сәулет өнері, коммуникациялар, мәдениет) туралы таныстырылым дайындаңдар. Лекция 21. Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін «мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарын пайдалану;қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін анықтау; Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын талдау Сабақтың жоспары: 1.материалдық мәдениет; 2. қазақ халқының дәстүрлі баспанасы; 3. киiз үйдiң нышаны; 4.қазақтың қолөнері мен үй кәсіпшіліктері; Кілт сөздер: материалдық мәдениет, киiз уй,колөнер,үй кәсіпшілігі,сәндік-қолданбалы өнер,өрнек Киіз үй - қазақ халқының дәстүрлі баспанасы.Киiз үй жай ғана өмір сүруді қамтамасыз ететін баспана ғана емес, сондай-ак ол материалдық мәдениеттің көрінісі. Үйдін жасаужабдығымен үй кәсіпшіліктері, қолөнер мен колданбалы өнер байланысты. Көшпелілік дәуірдегі қазақтардың баспанасы бөлшектеніп көшпелілердің жыл бойы тасымалданатын киiз үй болды. Бұл көшіп-қонуға жарамды тамаша өнертабысы. Киіз үйдiн iшi – жазғы аптап ыстыкта салкын кыскы суық ызгырыкта жылы. Ол жылдам жиналады, бөлшектенеді және оңай тасымалданады. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері. Киiз үй казактарда дәстүрлі қолөнердің,үй кәсіпшіліктері мен қолданбалы өнер түрлерінің дамуына зор әсерін тигізген. Аса маңызды колөнер түрі – ағаш өңдеу. Ағаш өңдеуші шеберлер үлкен курметке ие болды. Олардың уықтарды булауға арналған пеші, июге арналған құрылғысы, бұрғылау аспабы бар арнаулы шеберханалары болды. Олар киіз үйдің ағаш бөліктерінен басқа, ағаштан әртүрлі еңбек құралдарын, ыдыс-аяк пен тұрмыстық бұйымдарды, музыкалық аспаптар жасады. Ағаш заттарды оюлау мен асыл тастармен безендіру ағаш өңдеушіні қолданбалы өнерге жақындатты. Ағаш оюшылар ою мен әртүрлі өрнектерді пайдаланды. Әшекей бұйымдар Бұған қоса, казактарда зергерлік, кару-жарак жасау, былғары өңдеу, сүйектеу және тас кашау сияқты колөнер түрлерi дамыды. Зергерлік өнердің кәсіптік сипаты болды. Шебер зергерлер зергерлік техниканың күрделі тәсілдерін меңгерді. Ұста аспаптар, металл ыдыстар, ал ертеректе қарулар да жасаган. Қазақ халқының үй кәсіпшіліктері. Үй кәсіпшіліктерінің ішіндегі негiзгiсi киіз басу болды. Киіз үйдің сыртқы қабырғаларына арналған киiздерден басқа, ішкі жасау-жабдықтарға арналған түрлі түсті киіздер де дайындалды. Киіз басу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. жүнді дайындап (жүнді сұрыптап, тазартып, бояп) алып, ши төсенішке жаяды. Содан кейін төсенішті орап,ыстық сумен ылғалдайды да, аякпен және шынтақпен нығыздауға кіріседі. Бұған үнемі көп адам, әсіресе әйелдер катысады. Тоқымашылар. Суретші Н.Хлудов Текеметтер еденге төсеу үшін пайдаланылады. Оларды ою түріндегі жүнді жаймалап салу немесе киізден кесіліп алынған оюларды басу әдісімен жасайды. Қабырғаға ілетін және жерге төселетін сырмақтарды дайындаудың бірнеше тәсілі бар: карама-қарсы түстегі киіз қиықтарынан құрастыру, ак киiзге матаны тігу, киізге жіппен кестелеп өрнек салу. Кошқармүйіз түріндегі зооморфты оюлары бар текеметтерден айырмашылығы сол, сырмактар сан алуан өрнектермен безендіріледі. Қабырға кілемдері тұскиіздер құрастыру, жапсыру және кестелеу тәсілдерімен жасалады. Оларға жануартектес және өсімдіктектес өрнектердің үйлесуі тән.Әйелдердің келесi бiр кәсіпшілігі ши төсеніштер току болды. Оюлы төсеніш дайындау кезінде ши сабақтарына қандай да бір ою жасау үшін түрлі түсті иірілмеген жүн орайды. Әйелдердің дәстүрлі кәсіпшіліктерi - токымашылық пен кестелеу. Казак әйелдері токыма құрылғысында (өрмек) жүн жіптен киіз үйді сәндеу үшін қажетті түрлітустi және оюлы бұйымдар тоқыды. Тоқылған бірнеше жолақтардан алашалар даярланып, оларды еденге төседі. Кестемен киiмдi, кiлемдерді, көрпелер мен түрлі үй бұйымдарын безендiрдi. Қалыңдық жасауына енетін дәстүрлі бұйымдарды, оның iшiнде үлкен тұскиізді калындык өзі кестелеген. Қорытынды. Казактардын материалдық мәдениетi халыктын, шаруашылық өмірінің ерекшеліктеріне байланысты болды. Кешпелi казактар баспанасы мен ыдыс-аяктары өмiр сүрген табиги жагдайларга негурлым оңтайлы бейiмделген. Киiз уй көшпелілік өмір жагдайларындагы ынгайлы баспана, сонымен бiрге әлемнiн кішігірім үлгiсi болды. Киіз үйде қазақтардың материалдык және рухани өмірі шоғырланган.Казактардын колөнерлерi мен үй кәсіпшiлiктерiнiн тамырлары ежелгi замандарга кетеді және далалык өркениет дәстүрлерімен және көшпелі өмірдің ерекшеліктерімен тығыз байланыста. Киiз үйдiн iшкi жасау-жабдыгы колданылуга колайлылыгымен, жогары эстетикасымен ерекшеленеді. Өз бiлiмдерiндi тексерiндер. 1. Материалдық мәдениет дегеніміз не? 2. Киiз үйдiн неліктен көшпелiлiк емiрге негурлым бейiмделген баспана болып табылатындыгын тусiндiрiндер. Көшпелілерде баспаналардын тагы кандай улгiлерi кездеседі? 3. Киіз үйдiн iшкi кенiстiгi кандай белiктерге бөлінеді? 4. Коленердін үй кәсіпшiлiгiнен кандай айырмашылыгы бар? Колоиер колданбалы енерден несімен ерекшеленеді? 5. Шаршы (ромб), шенбер ненiн нышанын бiлдiредi? Өрнектiн кейбiр белшектері неліктен әмбебап (барлык халыктарда ортак) болып табылады? Күрделі тапсырмалар. 1. Киіз үйдiн неліктен конустык емес, жартылай сфералык улгiсi таралган? (Комек: бул Казакстан климатымен байланысты.) 2. Казак халкынын улттык тагамы сонгы жуз жылдын iшiнде калай өзгерді? Не нәрсе өзгерiссiз калды?
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Лекция 21. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы Сабақтың мақсаты : қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін «әдетғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдарын пайдалану;қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру Сабақтың жоспары: 1.қазақ халқының дiлi; 2.діни сенімдері; 3,әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері; . Кілт сөздер: рухани мәдениет,дiл,дәстүр, әдет,жора-жоралғы Қазақстан аумағындағы тарихи-этнографиялық үдерістердің эволюциясы мен сабақтастығы. Қазақ халқынын кошпелiлiк өркениеті мен онымен байланысты мәдениеттiн тамыры өте ежелгi замандарда жатыр. Ерте көшпелілерге тән әскери демократия туркі құрылтайларына айналды және казак когамында да болды (казактар ханга наразылыгын одан көшiп кетуi аркылы бiлдiре алды). Материалдык мәдениеттегі сабақтастық шаруашылық жүргiзудiн көшпелі түрінен, сондай-ак турмыс, киiм, ыдысаяк, әшекейлер,кару-жарак және т.б. уксастырынан көрініс табады. Мысалы, калындыктын баскиімі (сәукеле) сак тиграхауданын баскиiмiне уксайды, казандарга арналган темiр тарандардын кола түрлері бар; ою-өрнектерде сактардын ан стилiне ұқсас жануар тектес оюлар бар және т.б. Рухани өмiрде де сабақтастык байкалады. Бұл XIX ғасырдың соңына дейін істерді дәстүрлі құқық негізінде қарастырған билер соты өмір сүрген көшпелілер үшін өте маңызды болды. Екіншіден, исламның Далада таралуы сопылықтың көм егіменжүрді. Ол әулиелерге табыну мен қасиетті молаларды құрметтеуді мойындайды. Сопылықтың көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің зираты қазақтар сиынып баратын басты қасиетті орынға айналды. Ясауи кесенесіне бару «кіші қажылык» болып есептеледі. Бейнесіз жоғарғы құдай Тәңірді Аллаға теңестіру арқылы Тәңірге сену Аллаға сену болып өзгерді.XVIII ғасырдың өзінде ежелгі діннің қалдықтары жерлеу еске алу салттарынан (мысалы, хандарды жылқыларымен бірге жерлеу) көрініс тапты. Көшпелі өмір салты қазақтардың өміріне исламнын отырықшы халықтардағыдай, мысалы, татарлардағыдай немесе өзбектердегідей терең енуіне мүмкіндік береді. Қазақтарда әйелдер шаруашылыққа араласты, сондықтан қазақтарда әйелдерді қамап ұстау мен паранжы (бетті толық жабатын киім) болған жоқ. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Қазақ қоғамы яғни дәстүрмен байланысты қоғам. осы күнге дейiн, көбінесе дәстүрлі яғни дәстүрмен байланысты қоғам.Дәстүр - қоғамның барлық мүшесіне ұсынылатын, мінез-құлық пен белгілі көрінетін топтық тәжірибе. Дәстүрлі бір жөн-жоралардың атқарылуынан қоғамда жеке тәсілдің мүмкіндігі шектеулі болып табылады. Дәстүрдің әдет-ғұрыптарға қарағанда, өресі әлдеқайда кең, тұтастай қоғамға таралады. Әдет кез келген ортада және кез келген сәтте туынтамырланған, терең әдет. Оның ұрпақтан дамуы мүмкін. Дәстүр ұрпаққа, ғасырлар бойы берiлуi манызды. Басқа да дәстүрлі қоғам сияқты қазақ қоғамында өмірлік кезеңдерге
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. қатысты (туу – үйлену - өлім) салттар ерекше берік. Әсіресе ол ас беру кезінде ерекше байкалады. Өз білімдерінді тексерiндер. 1. Рухани мәдениет дегеніміз не? мелендер. 2. Казак халкынын исламга дейiнгi дiни наным-сенімі туралы Анимизм, тотемизмнiн не екендiгiн еске түсiрiндер. Барлык туркі-монгол халыктарына кандай дiн ортак болган? 3. Исламнын (ХХ гасырга дейiн) ерекшеліктері неде? 4. Дәстур, әдет, жора-жоралғы дегенiмiз не? Дастурдiн адеттен кандай айырмашылыгы бар? 5. Кандай салттардын аткаратын гурыптары коп? Тапсырма. Казактардын балаларга және үйленуге байланысты салттары туралы таныстыры лым дайындандар. Курделі тапсырмалар. 1. Казак менталитетiнiн қалыптасуына кандай факторлардын әсер еткені ту ралы ойланындар. Казак халкына кандай дүниетанымдық сана мен мiнез-кұлық белгiлерi тән? Казак, орыс, америкалык, кыттерін салыстырындар. 2. Дәстүрлерге укыпты қарау не үшін кажет? Лекция 22. Тарихи және мәдени ескерткіштер Сабақтың мақсаты : дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу; типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау Сабақтың жоспары: 1.Қазақстанның сакральді картасы; 2.сакральді нысандардың жіктемесі; 3. Рухани қасиетті орындар және ұлттық бірегейлік туралы; . Кілт сөздер: сакральді нысан, рухани қасиетті орын, тарихи және мәдени ескерткіштер,мәдени-генетикалық код,ұлттық сәйкестік Ескерткіш елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихикөркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Қазақ даласы тарихи – мәдени ескерткіштерге бай. Батыс Қазақстан аймағында ғана 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Оларға Шопан -Ата жер асты мешіті, Қараман –Ата ескерткіші т.б жатады. Бұлардың көпшілігі Маңғыстаудың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Олар, көбінесе тастан тұрғызылған әр түрлі құрылыстар. Аса ірі тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Сарыарқадағы Алаша хан кесенесі, Тараз өңіріңдегі Айша бибі және Қарахан кесенесі,Бабаджа Хатун кесенелері бар. Тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері көп. Әрбір қалада, әрбір ауылда жергілікті ескерткіштер болып табылады. Мұндай ескерткіштер қалпына келтіріп отырады. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Қожа Ахмет Иасауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, кітаптар, шежірелер сақтаулы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы Айша Бибі кесенесі Айша бибі кесенесі – ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салдырған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Айша бибі кесенесі Тараз қаласынан 80 шақырым жерде. Қарахан кесенесі Кесене ортағасырлық Тараз аумағында құрылған қасиетті-мемориалды кешенеге жатады.Қарахан кесенесі өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда жасалған. Оның құрылысы Айша бибі мен Бабджа қатын кесенесімен тікелей байланысты. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты Х-ХІІ ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. Әулие-Ата атануы да содан. Бабаджа Хатун кесенесі Бабаджа Хатун кесенесі (ХІ ғ.) Айша бибі кесенесінің маңына, биіктеу жерде орналасқан. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған. Кесене 1979 жылы қалпына келтірілді. Аңыз бойынша, кесене Айша арудың күтушісі болған, кейіннен бибісі өмірден өткен соң жас қабірдің өмір бойғы шырақшысы міндетін атқарған парыз адамы – Бабаджа Хатунның жер бесігі үстіне орнатылған.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Махамбет мазары Ескерткіштің уақыты 1846 ж. Ескерткіштің мекен-жайы Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40ш. Мазардың жалпы биіктігі 12 метр. Мазардың авторы Көпбол Демесін. Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда(хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті асыл металдың(мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қоспасынан құйылған. Түркістан тайқазаны 1935 жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жылы қасиетті Тайқазан Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі өз орнына қойылды. Пысықтауға арналған сұрақтар 1.Қазақстандағы маңызды ескерткіштерді атаңыз. 2.Қожа Ахмет Иасауиге арнап кесене тұрғызуды қолға алған кім? 3.Айша бибі кесенесі қайда орналасқан? 4.Тайқазанның қалай? қашан? жасалғанын айтып беріңіз. 5.Бабаджа Хатун кесенесі қашан қалпына келтірілді? Тапсырма Сөзжұмбақ «Ескерткіш» 1.Индер ауданындағы мазар. Махамбет мазары 2.Түркістан қаласындағы кесене. Иасауи кесенесі 3.Махамбет мазарының авторы? Көпбол Демесін 4.Елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Ескерткіш. 5.Ескерткіштер 4 түрге бөлінеді, соның бір түрі. Тарихи ескерткіштер 6.Қазақстанның жеті кереметінің бірі. Тайқазан 7.Тайқазан қай қалада орналасқан? Түркістан 8.Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы кесене.Айша Бибі 9.Маңғыстаудың Оңтүстік бөлігінде орналасқан мешіт.Шопан Ата
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Лекция 23. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы Сабақтың мақсаты :Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау; халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау;фольклор және зерттеушілер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениеттің бастаулары мен ерекшеліктерін анықтау Сабақтың жоспары: 1.Қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениеті; 2.ұлттық мерекелер; 3. Халықтық білім 4.патриотизм және дәстүр ; . Кілт сөздер: рухани мәдениет, діл, дін, дәстүр, әдет, жора-жоралғы, халықтық білім, эволюциялық жаңғырту,патриотизм Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалық әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған. Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әлФараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше. Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән музыкалық ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 –
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.19 ғасырдың аяқ шенінен бастап қазақ музыкасы шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды. XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби композиторәншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адамдар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді.Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды. Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді музыкалық аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типологогиялық табиғаты үстем. Мысалы, бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Музыкалық аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр. Қазақ музыкалық аспаптары — халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар. Мұның аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан,15-19 ғасырдағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыкалық аспаптар төрт топқа бөлінеді: шертпелі, үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі. Шертпелі екі түрге бөлінеді: қолмен және ысқышпен. Қолмен: домбыра және шертер, ысқышпен: қобыз. Үрлемелі: сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз. Ұрмалы: дауылпаз және даңғара. Сілкімелі: асатаяқ және сылдырмақ жатады
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Өз білімдеріңді тексеріңдер. 1. Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарын атаңдар. 2. Жырау жанры казак фольклорымен калай байланысады? 3. Айтыс дегеніміз не? Айтыскер ақындар қандай тақырыптарды көтерді? Мысалдар келтіріңдер. 4. Бұрынғы кезде казактар кандай күнтізбені қолданған? Шағын топтарға арналған тапсырмалар. 1. Қазақтың әйгілі сазгерлері мен дәстүрлі музыканы орындаушылар туралы таныстырылым дайындаңдар. 2. Қазақтың ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы таныстырылым дайындаңдар. Лекция 24. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар Сабақтың мақсаты : Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау;кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау Сабақтың жоспары: 1.КСРО-дағы исламның жағдайымен; 2. кеңестік мектеппен,ғылыммен 3. кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетімен 4.қазақ өнерімен ; 5.КСРО –дағы мәдениеттің даму мәселелерімен танысамыз . Кілт сөздер: рухани мәдениет, жаңғыру,реформа, халық ағарту, мектеп, ұлттық зиялы қауым, қазақ әдебиеті,социалистік реализм,опера,өнер Қазаң төңкерісінен кейін Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны тұтастай бір мәдени төңкеріс деп атайық.Бұл төңкеріс қилықилы жағдайлардың барысында мүмкін болды.1921 жылды маусымда Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы қазақтан шыққан сауатты қызметкерлердін көбі мүмкіндігінше саяси – ағарту жұмысына жіберілсін өйткені қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрі бір істелмей тұра береді деп көрсетті. Сөйтіп, жергілікті ұлттардың өкілдерінен жергілікті халықтын тілін психологиясын білетін адамдардан мәдени – ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берді. Ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып кеген ұлттық мемлекеттігінен айырылған қазақ еліне,оны аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап қиюы қашқан шаруашылығымен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорған бола алатын мүлдем жаңа сападағы мемлекет құру үшін әрине, маңызды еді. Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары- кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы клубтары, халық университеттері,көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар, қызыл керуендерден тұрды. 1922 жыл көктемінде республикада 77 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халы үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінін еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмысын жүргізуге, сауаттарын ашуғаназар аударды. Бұқараның көркемдік творчествосын өрістетіп, көркем өнер паздықты дамытуға ат салысты. Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісінде кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98000 кітабы бар 139 кітапхана болса,1925 жылы олардың саны 300-ге жетті.1929 жылы республикада 494 оқу үйі,74 қызыл отау,11 театр,9 мұражай болды.Ал бірінші бесжылдықтың соңына қарай республикада 3569 кітапхана жұмыс істесе,1937 жылы олардың саны 2073-ке жетіп,қорында 2,5 миллион кітап болды.Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді.Бірақ бұл кітапханалармен оқу үйлері жөнді басқалқасы жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді.Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен болды.Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын.Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта – тілегі мәдени ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты. 1920 жылы жергілікті Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды,олар сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен,педагог кадрларды даярлаумен,курстар мен мектептерді ұйымдастырумен,көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды.Кейінірек бұл жұмысты Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының жергілікті бөлімшелері жүргізді. Жер-жердің бәрінде лекциялар оқылып, бір күндіктер, үш күндіктер айлықтар өткізілді. Өткен уақыттың бұл ауыр зардабын жоюда жастар неғұрлым күшті белсенділік көрсетті.Олардың инциативасымен 1928 ж. «Мәдени шеру» өткізілді.Кейінірек бұл сауатсыздықпен күрестің түріне айналды. Сауатсыздықты жою қиын жағдайда жүргізілді: қаржы жетпеді,мұғалімдер,оқулықтар,көмекші құралдар,жазу құрал-жабдықтары жетпеді.Ойланылмай жасалған алфавиттік реформалардың жүргізілуі де істі қиындата түсті.20-жж. аяғында қазақ жазуы араб әріпінен көшірілді.Сөйтіп бір адамның үш рет қайта сауат ашу үшін оқуына тура келді.30-жылдардың екінші жартысында жаппай сауатты аудандар, колхоздар мен совхоздар пайда болды.1939 жылы Қазақстан халқының сауаттылық дәрежесі 83,6 пайызға жетті. Әріп танымайтын сауатсыздықты толық жоюға Ұлы Отан соғысы кедергі жасады. 1920-1930жжЖ.Аймауытовтың,С.Торайғыровтың,М.Жұмабаетың, А.Байтұрсыновтың, И.Жансүгіровтің, Ш.Құдабердиев-тің, С.Сейфуллиннің Б.Майлиннің шығармалары кеңінен танылды.Әдебиқозғалысты М.О.Әуезовтың,С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың , Т.Жароковтың, Ғ.Ормановтың есімдері байытта түсті. 20-ж. екінші жартысында кәсіби театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Париж бен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шырқады.Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры,республикалық орыс драма театры,қазақтың мемлекеттік опера, қазақтың мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр,Республикалық қуыршақ
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. театры,Қазақстан суретшілер және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды. 1931 -1940 жылдарда республикада мектептердің саны мейлінше зор қарқынмен дамыды. 1930 жылы 14 тамызда Жаппай міндетті бастауыш білім беру,1931 жылы 5 қыркүйекте Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасы мен тәртібі туралы сондай-ақ, 1934 жылы мамырда Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасымен құрылысы туралы қаулы-қарарлар қабылданып, олар халық ағарту ісінің және мектептердің барынша тез дамуына оң ықпалын тигізді.Мектеп жүйесін тәртіптеу жөнінде шаралар жүзеге асыру нәтижесінде бұрынан болып келген 2 және 3 жылдық оқу орындары 4 жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылды.1940 жылы мұғалімдерді Қазақтың Мемлекеттік Университетімен 13 педагогикалық институттарында, 23 педагогикалық училищелерінде даярлайтын болды. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуына кеңес өкіметі құрылғаннан бастап айрықша көңіл бөлінді.1920-1940 жылдар аралығындағы мамандар даярлау ісіндегі жетістіктер Қазақстанның мәдени бейнесін мүлде өзгертті. Қазақстанда ғылымның дамуы, қазақ мәдениетінің өркендеуі. Қазақстанда ғылымның дамуы халық өнерінің театр, музыкалық мәдениеттің өркендеуімен тағдырлас болды. Олардың қай- қайсысы да Кеңес өкіметі жылдарында кең өріс алып, халықтың ақыл – санасынан орын теуіп, бұрын көбінесе Еуропа мен Азияның халқы мол қалыптасқан қалаларында ғана болып келген бұл өнерқазақ жеріне де кеңінен жайыла бастады.30-жылдары Қазқстанның әдебиеті мен өнерінде біраз өзгерістер,елеулі оқиғалар болды.1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезі болып,онда халықтың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетінің М.Жұмабаев,С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлин,,М.Әуезов,Ж.Аймауытов сияқты саңлақтармен бірге қазақ әдебиетінің қаулап өсіп келе жатқан мол жеткіншектер тобының бар екені көрінді. Өз білімдеріңді тексеріңдер. 1. Кеңес өкіметінін исламға қатысты саясаты кандай болды? Әліпби реформасы неліктен исламга карсы күрес тәсілі болды? 2. Неліктен жаңғырту мен индустрияландыру үнемi жалпы бiлiмдi дамытумен катар жүрдi, Қазақ КСР-інде білім беру жүйесінің дамуы туралы әңгімелендер. 3. 20-30-жылдардағы қазақ мәдениетінің жағдайы несімен ерекшеленді? 4. 20-30-жылдардағы қазақ жазушыларын кандай екі топқа бөлуге болады? 5. Социалистік реализм әдісі дегеніміз не? Түрі – ұлттық, мазмины - социалистік деген сөзді қалай түсінесіңдер? 6. 20-30-жылдары қазақ әдебиеті мен өнерінде қандай жана жанрлар пайда болды? Тапсырма. 1920-1930 жылдардағы қазақ мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлері туралы таныстырылымдар дайындаңдар. Күрделі тапсырма. Автономиялык, кейін КСРО мәртебесін алған соң Қазақстанда осы мәртебеге сәйкес келетін ұлттық атрибуттар пайда болды. Параграфтағы мәтiндi мукият окып шыгып, кандай атрибуттар туралы сөз болып отырғанын түсiндiрiндер.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Лекция 25. Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы Сабақтың мақсаты : Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау;халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру; Сабақтың жоспары: 1.Білім мен мәдениет саласындағы реформалар; 2. Қазақ тілі мен ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі 3. Заманауи Қазақстанның мәдени өмірі 4. Дүниежүзілік мәдениетпен байланыс туралы; Кілт сөздер: тәуелсіздік,кеңестіктен арылу,идеологиясыздандыру,қазақ тілі,мәдени мұра Мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзінөзі сезіну деңгейіне байланысты. Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік тағы басқа). Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары, қасиетті символдары, салттары тағы басқа) мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана «біз және біз емес» деген ажыратушылық оппозицияға негізделген. Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп-тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл — жағымды әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды. Алайда, этномәдени ментальдықтың әсіре бейнеленген типтері бар. Олардың бірі — архаизм. Архаизм— мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке зерттеушілер кейде «дәстүршілдік», «ортодокстық», «фундаменталиста», «партикулярлық» сияқты белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші жағынан алғанда, адамның шығармашылдығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір-бірімен тайталаста болады. Архаистік бағдар туралы бірнеше деректер келтірейік. Фундаменталистік дүниетаным тіршіліктің негізгі принциптеріне сәйкес келмейді. Дж. Холденнің эволюциялық ілімі бойынша табиғи сұрыптаудың нәтижесіңде ішкі өзгерістерге бейімделмеген жүйе дегенарцияға ұшырайды. Ал кибернетик Росс Эшби жабық және кесімді ұйымдастырылған жүйелерде энтропия артып, коллапстық қалып туады дейді. Мұның мәдениетке не қатысы бар деушілердің де табылуы мүмкін. Алайда мәдениет бүкіл әлемдік заңдылықтардан тыс болатын «мәңгі двигатель» емес. Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқалған өтпелі кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі құндылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт сынынан өткен үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.Қазіргі Қазақстан Республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі заңды әрі түсінікті ұмтылыс қалыптаса бастады. Бірақ азаматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық-тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілік пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты шежірешілдікпен ауыстыру және тағы басқалары осы архаизмнің көріністеріне
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. жатады. Тағы бір мысал келтірейік. Әрине «жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ қазіргі ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердің тоғысу заманында Бұл мәселе тәрбиелік-жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениеттілік құндылықтарға орнын береді. Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан: адам — отбасы — мәдени шағын топ — этномәдениет — үлкен өркениет — адамзат. Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның мазмұны мен кәлемінің кері қатынасы заңды әрекет етеді. Яғни, ең мағыналы мәдени тұлға адам болып табылады. Ұғымдардың көлемі кеңейе берген сайын комплиментарлықтың (басқаға деген жылылық) деңгейі де азайта түседі. Енді архаистік нұсқаны келтірейік: қауым мүшесі — ата баласы — ру — тайпа — жүз — ұлт. Ары қарай байланыстың ықтималдық дәрежесі төмен. Бұл жүйенің басқа адамдарды ассимиляциялау қабілеттілігі де жеткіліксіз. Түрік халықтарының тарихынан инкорпорациялық (қосып алу, сіндіру) деңгейі жоғары болған этностардың санының тез өскенін байқаймыз (түріктер, азербайжандар, өзбектер және тағы басқалары). Бұл да ескеретін жайт. Әсіресе дәстүршілдіктің көріністеріне қазақтың және әр жүздің ханын сайлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтіру, батыстық киім үлгілеріне тежеу сияқты пікірлерді ұсыну жатады.Ұлттық мәдени кодты құрметтеу, тіл мен дәстүрлерді негізгі элементтер ретінде сақтау. Бұл - әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу мақсатына жетудің бір нүктесі болып табылады. Халықтың жоғары білімі мен рухани байлығы кез келген елдің дамуы үшін маңызды. Президенттің бағдарламалық мақаласында әлеуметтік және мәдениағартушылық жобалардың үлкен қабаты бар. Ұсынылған идеялардың ішінде қарағандылық қауым ұлттық мәдениетті сақтау, латын әліпбиіне көшу және «Туғанжер» патриоттық бағдарламасын жүзеге асыру ең маңызды деп санайды.Қоғамдық сананы жаңғырту саяси және экономикалық модернизацияға қарағанда жылдам қарқынмен жүруі керек. Бұл әркімнің өзіне және бүкіл қоғамға деген өте маңызды жұмысын білдіреді.Адамның басты мақсаты – өз ұлтының, өз жерінің мәдени ұстындарына сүйене отырып, өз бойындағы қасиеттірді дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелеп, жүзеге асыру. Бүгінгі қоғам өмірінде жиі көрінетін жағдайлар –бір мемлекеттің азаматтары бола тұра, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымдарға бөліну, бірін-бірі белгілі бір себепсіздіктерге байланысты жек көру секілді құбылыстар теріс бейсаналық пен түрлі келеңсіздіктерге жол ашып жатыр. Бұл қоғам, мемлекет, әлем бойынша орын алуда. Міне, қоғамдағы мәдениет функцияларының бірі – осындай қоғамдық немесе жеке әрекет түрлерін реттеу болып табылады. Яғни мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-құлқына әсер етеді.Кез келген халықтың мәдениеті бос нәрсеге емес, адамдар мен оны қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени нысан оқшау, мәңгіге берілген үлес емес. Ол – заман ағымның өрісі. Мәдениеттің негізгі қайнар көзі, өзегі салт-дәстүр, әдеп-ғұрып болып табылады. Ал қазақ мәдениетін әдептік құндылықтардан тыс талдау мүмкін емес. Қазіргі әлемде ұлттық мәдениетті сақтау маңызды ма? Екі көзқарас бар. Соның бірі - қазіргі әлемде ұлттық мәдениетті сақтау қажет емес. Қоғамның дамуымен, экономикалық, ақпараттық және мәдени процестердің жаһандануымен ұлттық мәдениеттер негізінде біртұтас жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуы керек.Жоғарыда аталған тұжырымдамалардың әрқайсысының өзіндік
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Біздің планетаның тұрғындары көптеген тәсілдермен «аяқтарымен дауыс береді». Әлемдік эстрада әртістері өте танымал, сән, сәулет өнерінің әлемдік тенденциялары бар, дегенмен көптеген ұлттар мен халықтар өздерінің тарихи әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін мұқият сақтайды. Жаһандану процестері ұлттық мәдениеттерге қаншалықты енген сайын, халықтар мәдениеті, дәстүрі, тілі, діні сияқты ішкі компоненттерді қорғауға барынша белсенді тырысады. Яғни, жаһандық трансформациялар кезеңінде ұлттық бірегейліктің проблемалары шиеленісіп, халықтардың шындық әлемінде өзіндік ерекшелікке және өзін-өзі анықтауға, өз болмысын қорғауға және сақтауға ұмтылуымен байланысты. Өз бiлiмдерiндi тексеріндер. 1. Тәуелсіздік жылдарындары бiлiм, мәдениет салаларында жүргізілген реформалар туралы онгiмелендер. 2. Қазақстанның қазіргі мәдениетінің дамуын анықтайтын негізгі үш факторды атандар. 3. Тәуелсіздік жылдары Қазакстанда кандай жана мәдени орталықтар пайда болды? 4. Қазақстан үшін өнердiн негiзгi түрi неліктен музыка болып табылады? 5. Өз калаларында (облыстарында) осы жылы кандай мәдени іс-шаралар болып Оттi? Сендерге оларга катысудың сәті түсті ме? Әңгiмелендер. Күрделi тапсырма. Усынылган тақырыптардын бiрiн тандап, эссе жазындар: «Менің сүйікті фильмім», «Менің сүйікті жазушым», «Менің сүйікті суретшім» және т.б. (тәуелсіздік кезенiндегi туындылар). Лекция 26. Мәдениет және дәстүр- ұлттың генетикалық коды Сабақтың мақсаты : Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды сипаттау,халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру, ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау Сабақтың жоспары: 1. Ұлттық кодты сақтау жолында зерттеу жұмысын жүргізіп, өз идеясын ұсыну. 2.Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды; Ал ұлттық кодтың жөні бөлек. Мәдениеттануда оны генотип немесе тұқымдық факторлар жиынтығы деп те айтады. Атаусыз ұлт жоқ сияқты, ұлттық құндылықтарсыз, өз топырағына терең тамыр жібермеген ұлт болмайды. Егер Франциядағы, Америкадағы қазақтың шөбересі қазақпын десе, демек оның терең тамыры жайылған қазақпен байланыстары, қастерлейтін, бағалайтын бұлды дүниелері бар. Ұлт құндылықтарының астарындағы факторларды түсінуде және қабылдауға байланысты философиялық және саяси ойлар тарихына көз жіберсек, үш ағымның айқын көрініс алғаны назар аудартады. Біріншісі ұлт жасанды, уақытша қауымдастық, өмірге келеді, кетеді, жойылады, басқаларға сіңіседі дейтіндер. Бұл тұжырымды конструктивизм дейді. Әртүрлі детальдардан құрастыратын балалар ойыншығы – конструктор сияқты ұлт тамырсыз, шынайы емес, санадағы, қиялдағы құрастырылған қауымдастық. Конструктивизм басында тегі орыс, америкалық әлеуметтанушы П.Сорокин (1885-1968) тұр.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Ол 1917 жылғы «Революция және социология» атты еңбегінде «Ұлт» ұғымын талдауға аса зор мән береді. «Ұлт деп кейбіреулер қан, тек, нәсіл бірлігін айтады. Шындығында таза неміс, ағылшын қаны деген қан жоқ. Қан тазалығы жылқы зауыттарында кездеседі, «таза қан» айғырларда ғана бар. Ал адамдарды қан біріктіреді деу қате…» дейді ол. «Иванов пен Петров» бір ұлттан, оларды жақындататын қандарының химиялық құрамы емес». Бұл да соның уәжі. Кейбіреулер ұлттан ұлтты айыратын тіл дейді. Бір тілде сөйлейтіндер бір ұлтқа жатады делінеді. П.Сорокин оны да теріске шығарады: «Егер тіл – ұлттың шешуші белгісі болса, венгр мен неміс тілін бірдей білетіндерді кім дейміз? Ағылшындар мен америкалықтар да негізінен ағылшын тілінде сөйлейді, бірақ әртүрлі ұлттар», дейді ол. Дін де ұлттың белгісі бола алмайды, себебі бір дінді көп ұлттар ұстанады. Ортақ экономикалық мүдде де ұлттың белгісі бола алмайды. Экономика саласында әртүрлі ұлттар өкілі еңбек ете береді. «Мәдениет те ұлттың белгісі бола алмайды. Егер тіл, дін, экономика әртүрлі ұлтқа ортақ болса, онда мәдениеттен не қалды?» деп абыржиды ол. «Кейде ұлттық психология, мінез-құлық ортақ деген пікір айтылады. Шындығында адамдардың мінезі ұлтына қарай емес, кәсібіне қарай қалыптасады…» деген автор. Сонымен ешқандай ұлт туралы теория оны қанағаттандырмайды. Осылай ұлт әртүрлі элементтерге бөлініп ғайып болды. «Нация исчезла», – деп түйген ойын автор. П.Сорокин тіл, мәдениет, жер, су, атамекен, бас иетін қасиетті тарихи орындардың, жалпы ұлт табиғатының тереңдігін кейін мойындады. Оның қартайғанда бар арманы – тарихи отаны Ресейді, Мәскеуді, Санкт-Петербургті бір көру еді. Бірақ В.Ленинге қастандық жасау ниеті де болған ғалымның Кеңес одағына келуі мүмкін болмады.Ұлттық қауымдастықты бұлдыр сағым дейтіндер, әсіресе бүгін әлемге өз билігін жүргізуші ірі ұлттар өкілдерінің арасында көбеюде. Жаһандану – қазақ сияқты ұлттар үшін үлкен сын.Екінші ағымды әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі деуге болар. Ұлт жөніндегі тұжырымдардың ішінде психологиялық қағидалардың алатын орны ерекше. Материалистік бағыттағы ғалымдар шаруашылық, атамекен, тіл, тарих, мәдениет ортақ мінез-құлық қалыптастырады дейді. Екіншілері идеалистер ұлттың тарихи даму барысындағы қалыптасқан ұлттық психология, мінез-құлық мемлекет құруға, ұлттың тұтастығына, ортақ мәдениетіне, тіліне, әскеріне, тәртібіне, азаматтығына жетелейді, патриотизмге бастайды, ұлттық құндылықтарға артықшылық береді дейді. Абзалы ұлттық психология материалдық және әлеуметтік-мәдени факторлардың өзара ықпалдастығының жемісі. XIX ғасырда неміс ғалымы Отто Бауэр «Ұлт мәселесі және социал-демократия» атты еңбегінде «Ұлт дегеніміз – ортақ тағдыр, генетикалық және мәдени мұра негізінде қалыптасқан мінездің ортақтығы», дейді. Ұлттық ерекшеліктің, даралықтың сақталуы, О.Бауэрдің айтуынша, дүниені бірден-бір қайталанбас өзінше қабылдайтын ұлттық апперцепция (түйсік) механизміне байланысты. К.Маркстың ұлттық әлеуметнама саласындағы көзқарасы назар аударарлық. Ол «Еврей мәселесі жөнінде» еңбегінде кең таралған «еврей мәселесі – діни мәселе» деген тезисті теріске шығарып, еврейлікті капитализммен байланыстырады. Сауда мен қаржы қызметіне бейімді еврейлерге бәсекелестер көп. Пайдакүнемдік,
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. алыпсатарлық, саудагерлік еврейлерге ерекше назар аудартады. Капиталистік экономика ақшаны құдайға айналдырады. Сондықтан еврейлік тек еврейлер ғана емес, барлық халықтарға тән пайдакүнемдік психология туғызады. К.Маркс бұл мәселенің шешу жолын да ұсынады. Ол – адамзатты қанаудың қандай да болсын түрінен, соның ішінде ұлттық езгіден азат ету, тауар-ақша қатынастарын реттеу. Еврейлік мәнді жеңу міндеті шындығында азаматтық қоғамның еврейлік рухын, шырқау шыңы ақша жүйесінің адамгершілікке сыйымды еместігін жою екенін К.Маркс дәлелдеуге тырысты. Ұлттың рухани жан дүниесі туралы сөз болғанда оған қуат беретін дінге көп мән беріледі. Дінінен айырылғандар ұлт құндылықтарынан да айырылып басқа ұлтқа сіңіседі. Ұлттық бостандығынан айырылған ұлттың демеушісі, қолдаушысы – дін. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалыстар діни сипат алады. Діннің арқасында ұлт өз ұлттық кодын сақтап қалады. Сондықтан қазақты мұсылман, еврейді иудаизм, полякты католик дінімен байланыстырады. Ұлт табиғатын саяси тұрғыдан саралау оны мемлекеттің дамуымен байланыстырады. Гегель кезінде ұлт, ұлттық мемлекет абсолюттік идеяның бір көрінісі деген болатын. Н.А.Бердяев мемлекеттілік-ұлттық болмыстың қалыпты жағдайы, ал мемлекеттігінің жойылуы ұлтты ділінен айыратын үлкен бақытсыздық, ауыр індет деді. Неміс зерттеушісі Р.Дарендорф ұлттың негізі – жалғыз ғана конституция мен құқық деп атап көрсетеді. Ұлттық пен мемлекеттіліктің арақатынасы туралы орыс ғалымы П.Б.Струве былай дейді: «Өз мемлекетіңді жек көруге болады, бірақ өз ұлтыңды жек көру мүмкін емес». Ұлттың басын біріктіруде мемлекеттің дәнекерлік қызметі аса жоғары. Мысалы, тіліне, туыстығына, мінез-құлықтарына қарамастан, екі мемлекет құрғандықтан ағылшындар мен америкалықтар екі ұлт болып қалыптасты. Ұлтты саяси тұрғыдан түсіну беделді халықаралық ұйымның – Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан да байқалады. Мемлекетке ұлттық фактор ды күш-қуат береді. Кезінде екі мемлекетте өмір сүрген немістер, вьетнамдықтар бүгін бір ұлт болып қалыптасуда. Ортақ тарихи сана, тіл, дәстүр мемлекеттіке бөлінуден жоғары. Тәуелсіздік тұсында бір миллионға жуық қазақ басқа мемлекеттерден тарихи Отандарына оралды. Бұл үрдіс жалғасуда. Үшінші бағыт – табиғи биологиялық көзқарастар жүйесі. Бүгінгі ұлттану ілімінде этностарды әлеуметтік-биологиялық қауымдастық ретінде қарастыратын ой-жүйе қалыптасты. Бұл тұжырымға әрбір этностың антропологиялық белгілерімен ерекшелетіндігі негіз болды.Отбасы ұлттың әлеуметтік биологиялық тұрақтылығын, төлтума бітімін, ұлттық тәрбие арқылы ұлттың құндылықтарын сақтап, оның басқа ұлтқа сіңіп кетуінің алдын алады. Сондықтан ғалымдар аралас некелердің шегін анықтап, оның шектен аттауы ұлтқа қауіп төндіретіндігін ескертеді. Ол тек 7-10 пайыз аралығында болуы керек. Бұл шамадан шығу аз ұлттардың болашағын екіталай етіп, басқа ұлтқа сіңіп, бара-бара ұлт ретінде жойылуына әкеледі. Сан жағынан ірі ұлттарға мұндай қауіп төнбейді. XVIII ғасырдан бастап ұлттың табиғатын оның территориясымен, атамекенімен әсіресе жер бетінің көрінісі, өсімдіктер және жануарлар дүниесімен байланыстыратын көзқарастар жүйесі қалыптаса бастады. Осы тұжырымдамалардың ішінде ерекше назар аударарлығы Л.Н.Гумилевтің теориясы.Ұлттың пайда болуы (этногенез), Л.Н.Гумилевтің айтуынша, тарихи және ландшафттық факторлардың үйлесімді дамуының жемісі. Этнос әлеуметтік кеңістіксіз өмір сүре алмайтыны сияқты, атмосфера, гидросфера, биосферасыз да өмір сүре алмайды. Этностардың бір-бірінен айырмашылығы, олардың қоршаған табиғи-территориялық ортаға бейімделуіне
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. байланысты. Ландшафтысынан айырылған әр этнос (жер аударылғанда, көп ұлтты қалаға көшкенде, тағы басқа жағдайларда) басқа бір этносқа, жаңа қауымдастыққа айнала бастайды деп түйеді ол. Қорыта айтқанда, ұлттың рухани коды күрделі, көп астарлы құбылыс. Біз бүгін рухани жаңаруды бір ғана фактормен байланыстыра алмаймыз. Бүгінгі этнофилософиялық және этноәлеуметтанымдық тұжырымдарға сүйеніп, ұлттың рухани кодының он маңызды индикаторларын айтуға болады: Атамекен; Ұлттық тіл; Отбасы; Ұлттық мәдениет; Ұлттық білім; Ұлттық тәрбие; Ұлт тарихы; Дәстүрлі дін; Ұлттық дәстүр мен салттар; Кіші отаны (ауыл, аймақ, өскен орта). Сондықтан ұлттық код бір-бірімен үйлесімді, өзара ықпалдасқан көптеген ұлттық құндылықтардың жиынтығы. Маңызы жағынан ұлттық идеология деуге де болады.Руханилықты ұран тастап енгізе алмаймыз. Мемлекеттің ішкі саясаты ұлттың рухани кодының күрделілігіне негізделгенде ғана тиімді болады. Әлеуметтік деңгейі тұрғысынан ұлттың білімі, мәдениеті, діндарлығы, кәсіби деңгейі, экономикалық табысы, тұрмыстық жағдайы, қоныстануы (ауыл, қала), тууы, өлім-жітімі, отбасы және оның беріктігі, аралас некелер, қылмыстылығы, бір сөзбен айтқанда, ұлттың әлеуметтік сапасы оның биік рухына негіз болады. Ұлттық құндылықтарды ұлт өкілдерінің қабылдауы біркелкі емес. Рухани ұстанымына қарай жеке тұлғаларды моноэтностық, тек өз ұлттық құндылықтарымен шектелетін, биэтностық, өз бойына өз ұлттық құндылықтарымен қатар басқа да ұлттық құндылықтарды сіңірген, маргиналды, дүбәрә, этникалық тегінен ажырай бастаған тұлғалар деп саралауға болады.Әрбір этностың, әсіресе мемлекет құраушы ұлттың өзін өзі сақтайтын қасиеттерінің иесі орта тап. Орта тап – ұлттың өзегі, арқауы, берік мызғымас тірегі. Ұлттың қуанышын, ішкі күйін сезінетін, сәтсіздігіне қайғыратын, ұлттық мұқтажы жанына бататын оның орта тап өкілдері: кіші және орта кәсіпкерлер, педагогтар, ғалымдар, жазушылар, өнер адамдарды, орта шенді әскерилер. Орта тап қоғамды тұрақтандырушы, ұлт мәселесінде ауытқуларға жол бермей, байсалды ұстанымды таңдайды, экономикалық дамудың басты агенті, интеллектуалдар, ұлттық тілдің, мәдениеттің, жердің иесі, ұлт лидері. Орта таптың көңіл күйі, мәдениеттілігі, табысы, тұрмысы ұлттың рухани барометрі. Жағымсыздық ұстаным да, ұлттық мүддеден ауытқуға түрліше жағдайларға байланысты. Бірқатар ғалымдар өнеркәсіптің қалдықтары сияқты ұлттық қауымдастықтың да шығындары, кәдеге жарай алмайтын жақтарының болатындарын айтады, кейде оны жеті пайызға дейін деп кесіп-пішіп жатады. Олар аса байығандар мен аса кедейленген топтардан шығады. Ұлттың руханилығы тарихи жағдайларға да байланысты. Кейде ұлтына жағымсыз баға беру, кемсіту отарланған ұлт өкілдеріне тән. Қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт жалтақ, өзіне өзі сенімсіз. Ұлттың басын қосатын, біріктіретін, бір мақсатқа, ортақ іске жұмылдыратын, сабақтастыратын ұлттық рухани код, символдар мен идеялар. Олар тірілер мен тірілерді ғана емес, өлілер мен тірілерді байланыстырып жатады. Әр кезде символдар тұрақты әсер беріп, ұлттық біртектілікті бұрмалауға ырық бермейді. Жетекші ұлттық символдар – озық көңіл күйдің де арқауы. Қазақ үшін олар Керей мен Жәнібек заманымен бүгінгі күнді жалғастырады. Бұл бөлінбейтін, ажыратуға келмейтін нышан. Өз біліміңді тексер: Мәдениет және дәстүр- ұлттың генетикалық коды туралы эссе жазу.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Лекция 27. Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы.Қолөнер мен кәсіптер Сабақтың мақсаты : Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу; - көшпелі малшаруашылығы және егіншіліктің ерекшеліктерін «тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын пайдалана отырып анықтау; - картаны пайдаланып, дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін жіктеу. Сабақтың жоспары: 1. Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы. 2. Дәстүрлі малшаруашылығы – тіршіліктің негізі. 3. Егіншіліктің дамуы. 4. ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың жаппай егіншілікке өту себептері Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы. Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелейәсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырады. Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты. Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделіп, әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбүр етті. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Жайылымдық алқаптарды егіншілік мақсатында пайдалану өнімділікті арттырмады. Ұлы даладаегіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды. ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындақазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру салдарынан орын алған ашаршылықта республика халқының жартысына жуығы қазаға ұшырады. Жергілікті халық санының күрт кемуіне әкеліп соқты. 1950 жылдардағы ескерілмей жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты нәтижесінде құнарлы жерлердің 10 млн гектары эрозияға ұшырады. Сондай-ақ малшаруашылығын жүргізудегі кеңестік әдістер еліміздегі тағы 55 млн гектар жердің тозуына әкелді. Дәстүрлі малшаруашылығы – тіршіліктің негізі. Көшпелілікті зерттеумен айналысқан еуроцентристік тұжырымдамадағы кейбір зерттеушілер шаруашылықтың бұл түрін өркениеттен артта қалу мен жабайылық көрінісі ретінде біржақты түсіндіріп келді. Ұзақ жылдар бойы көшпелілерді белгілі өз атамекені мен шегарасы жоқ, баспанасыз, мән-мағынасыз көшіп-қонып, құқық пен әділетті білмейтіндер деп қабылдап келді. Бірақ бұл түсінік тіпті дұрыс емес. Ұлы дала көшпелілерінің нақты бекітілген өз жерлері болды. Шын мәнінде, қазақтар егіншілікпен ежелден-ақ айналысқан. Оны тарихи, соның ішінде археологиялық деректер айқын дәлелдейді. Өзен-көл, су көздері жақын өңірлерде егіншілік ошақтары дамыды. Егіншілік орталықтары – Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Орал, Ертіс өзендері мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері маңы. Егіншілік ертеден-ақ Оңтүстік Қазақстан (Сырдария, Қаратау) және Жетісу өңірлерінде кең өріс алды. Басқа аймақтарда да шағын көлемде тұрғындар жер өңдеумен айналысты.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Егіншілік неолит және энеолит кезеңінде қалыптасты. Алғашқы қола дәуірінің қарапайым орақтарын археологтар Шығыс Қазақстанмен Солтүстік Қазақстан өңірлерінен тапқан. Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар егіншілік кәсібімен шұғылданды. Оны археологиялық деректер айқындап берді. Андрон тайпаларында егіншілік қосалқы шаруашылық түрі болды. Андрондықтар жерді өңдеу үшін тесе, қола және мыс орақтарды пайдаланған. Егіс алқаптарын суару үшін тоғандар мен су қоймаларын салған. ХІХ ғасырдың соңында қазақтарды жаппай егіншілікпен айналысуға мәжбүр еткен себептер: біріншіден, орыс шаруаларының қоныс аударуы салдарынан мал жайылымдары қысқарып, қала тұрғындарының саны өсті. Екіншіден, қазақтар егіншілікке өтпеген жағдайда қоныстанған аймақтардан күштеп ығыстырылатын қауіпті де ескерді. Егіншілікке өту арқылы қазақтар өз жерінде тұрақтап қалуға әрекеттенді. Бұл туралы «Азиялық Ресей» (СПб, 1914, 1 т.) кітабын құрастырушылар былай деп жазған: «Орыстардың қоныстануы бұл жерге (Далалық өлкеде) қазақтардың отырықшылыққа көшуімен бірге жүріп жатыр. Жайылымдардың қысқаруы оларды малшаруашылығынан отырықшы егіншаруашылығына көшуге мәжбүрледі». Үшіншіден, патша өкіметінің отарлау саясаты қазақтарды отырықшылыққа көшіруді көздеді. Бұл жерде патшалық Ресейдің басты мақсаты – өлкенің негізгі тұрғындарын жерінен айырып, қоныс аударушыларға босатып беру және қазақ қоғамында патша билігі үстемдігін бекіту еді. Кейде қазақтар орыс шаруаларымен тәжірибе алмасып, олардан шаруашылықты жүргізу әдісін үйренген. 5. Аңшылық пен балық аулау. Қазақстанның жергілікті тұрғындары аңшылықпен ерте заманнан бері шұғылданды. Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсіп сипатында болды. Аң аулауға қыран құстар салу, құмай тазылар жүгірту, қақпан және тұзақ құру сияқты тәсілдер қолданылды. ХІХ ғасырдан аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкі, қарсақ ату кең таралды. Қымбат бағалы аң терілерін жәрмеңкелер мен сауда орындарына шығарып, сататын болды. Ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық аулау едәуір дамыды. Қазақтар балықты тағам ретінде тұтынды және сату үшін аулады. Балық Ертіс пен Жайықта көп ауланатын. Қорыта айтқанда, қазақ халқы малшаруашылығымен қатар, егіншілік кәсібімен де айналысқан. Егіншілік кәсібі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде ертеден дамыған. Оған дәлел ретінде оқулықта келтірілген картада суармалы егіншілік және бау-бақша өсіретін аймақтар анық көрсетілген. Пысықтауға арналған тапсырма: 1. Көшпелі қоғамда таптық бөлініс (бай мен кедей) болды ма? 2. XVIII–XIX ғасырларда көшпелі қазақ қоғамына орыс зерттеушілері қызығушылығының арту себебі неде? 3. «Көшпелілер тек малшаруашылығымен айналысты, өздері өнім өндірмеді». Бұл пікірге қалай қарайсыңдар? 4. Қазақ қоғамындағы ауқатты көшпелілердің рөлі қандай еді? 5. Қазіргі уақытта республикамыздың қай өңірлерінде егіншілік басым дамыған? Шығармашылық тапсырмалар. 1-тапсырма. Көшпелі өмір салты мен отырықшы өмірді салыстырып, талдаңдар. Көшпелі өмір Отырықшылық
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Тақырыпта кездесетін термин сөздер Еуроцентристік тұжырымдама – адамзат өркениетінде еуропалық немесе батыс халықтарының үстемдігі мен дамуын басқа ұлттардан жоғары қоятын философиялық ұғымдар жиынтығы. Эрозия – қандай да бір нәрсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу үрдісі. Суару қондырғылары – каналдар, арық-атыз желісі және басқа да техникалық құрылыстары бар суландыруды қамтамасыз ететін жүйе. Атпа – егінге су шығаратын қарапайым құрылғы. Шығыр – егістікке су шығару үшін жасалған, су ағатын науасы бар қарапайым құрал. Лекция 28 Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі Сабақтың мақсаты: картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу;Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлін талдау Сабақтың жоспары: 1.Ұлы Жібек жолы және Қазақстан 2. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар 3. Керуендердің қауіпсіздігін қорғау. 4. Ұлы Жібек жолының әлеуметтік-мәдени маңызы Сабақта кездесетін термин сөздер: Көпес – кәсіпкерлікпен, негізінен, сауда-саттықпен айналысатын әлеуметтік топ өкілі. Тауарды екінші бір мемлекетке апарып сатып немесе сол жердегі халықтың қолөнер бұйымдарына айырбастап отыратын меншігінде сауда жасайтын кәсіпорны бар бай саудагер. Рабад – ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі. Қаланың шетіндегі мекенжай. Пайза – моңғол қағандарының куәлікке беретін ерекше белгісі. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан. Ұлы Жібек жолы – елдер мен алықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыратын сауда жолының бағыты ретінде бекіту үшін «Жібек жолы» атауын 1877 жылы неміс ғалымы, географ Ф. Рихтгофен ұсынған болатын. Оның «Қытай» атты еңбегінде алғаш аталған бұл тарихи термин ғылыми әдебиеттерде қалыптасып кетті. Жолдың маңыздылығы мен мыңдаған шақырымды құрайтын қашықтығына байланысты «ұлы» сөзі қосылды. Бұл түрлі бағыттағы керуен жолы еді. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай жерінен басталып, Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі – Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы – Батысқа шығатын қақпаларының бірі болған. Жібек сауданың басты тауары саналды. Ғалымдардың пайымдауынша, жібек өндіру технологиясы осыдан 6000 жыл бұрын ашылған. Жібек маталарды адамдар ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек – жұқа, жеңіл, жұмсақ мата. Таза және табиғи болғандықтан, зарарсыздандыру қасиеті де бар. Жібек өндіруші елдер мен оны тұтынушылар жібектен тігілген киімге жәндіктердің жоламайтынын байқаған.
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. Жібек киімдер әдемі және ыңғайлы, сәнді еді. Сондықтан жібек жасаудың құпиясы ғасырлар бойы қатаң сақталды. Қытайдан шығарылған маталар Ұлы Жібек жолы арқылы дүниежүзінің басқа аймақтарына таралып, қазынаға мол табыс әкелген. Қытайдан кейін жібек құрты Шығыс Түркістан, Орта Азия, Үндістан, Иран, Византия елдерінде өндіріле басталды. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті. 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз – ең ірі қалалардың бірі. 568 жылы түрік қағаны Дизабул Византия императоры ІІ Юстиниан жіберген дипломатиялық елшілікті қабылдаған. Тараз – түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін маңызды әкімшілік орталығы саналған. Бұл – Тараздың сауда және әскери стратегиялық маңызды қала екенінің айқын дәлелі. Деректер бойынша қаланы ежелгі кезде ғұндар әскери бекініс ретінде орнатқан. Қала тұрғындары мықты жауынгерлер, жол бойымен өтетін керуен күзетін атқарып тұрған. ХІ ғасырдағы парсы ғұламасы Тебризи қалалықтарға: «Тараздықтар сияқты батыл, арабтар сияқты жомарт», – деген мінездеме берген. Тараз маңында қорғасын, күміс, темір және алтын өндіретін металлургиялық орындар дамыған. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуендерге қарақшылар үнемі қауіп төндіріп тұрды. Сондықтан саудагерлер жолға аса дайындықпен шығатын. Көпестер жеке қауіпсіздігі мен тауар сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы күзетшілерді жалдап отырды. Ұлы даланың қыр-сырын білетін көшпелілердің ең мықты күзетшілер болғаны анық. Әр қаладан бір бағытқа шыққан керуендер бірігіп те отырған. Ежелгі кезден бастап орта ғасырларда да керуендерді тонау ең ауыр қылмыстар қатарына жатты. Себебі сауда керуендері мемлекет тарапынан жасақталып жіберілді. Ал олардың тоналуы елдер арасындағы қақтығыстарға әкелуі мүмкін еді. Жолды қорғау мақсатында ел билеушілері қарауылдарын қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрды. Керуендер мемлекеттік қазынаға мол табыс әкелген. Араб саяхатшысы ибн Фадлан оғыздарға жатжерліктердің келу тәртібі туралы: «Оның достарының ішінен белгілі бір адамды сенімді серік етіп тағайындамайынша, ол елді аралап шыға алмайды. Оған қажетті киім-кешек, ал әйеліне көрпе, бұрыш, тары, мейіз, жаңғақ т.б. азық-түлік әкеліп береді. Сенімді серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді және оған қажетінше мал жеткізіп береді», – деп жазды. Бұл дерек түркілер жерінен өтетін Ұлы Жібек жолы тармағының сенімді де қауіпсіз болғандығын көрсетеді. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан қалалары арқылы өтуі мәдениет пен өнердің дамуына септігін тигізді. Саудамен қатар, Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы т.б. елдермен дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен жаңалықтар, мәдени, ғылыми жетістіктер алмасу жолы да еді. Қазақстан осы жол арқылы қағаз және оқ-дәрімен танысты. Бүкіл әлем соғыс арбаларын жасауды игерді, басқа да әскери өнер жаңалықтары тарады. Сақтардың «аң стиліндегі» алтын бұйымдарының таңғажайып үлгілері осы жол арқылы бүкіл әлемге паш етілді. Жібек жолымен Қазақстанға басқа елдердің сәулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мәдени ауысулары ағылып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен қару-жарақ, сауыт-сайман, дәмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы әртүрлі діндер мен конфессияларға төзімді және келісімді өмір сүріп келгені – ежелден келе жатқан дәстүр. Пысықтауға арналған сұрақтар:
Оқу-әдістемелік кешен.Қазақстан тарихы.Көшербаева Б.А. 1. Ұлы Жібек жолы бойындағы сауданың түркі кезеңінде жандану себебін түсіндіріңдер. 2. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтуда Ұлы Жібек жолы қандай рөл атқарды? 3. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қай қалалар бүгінгі күнге дейін сақталған? 4. Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихына қосқан үлесіне баға беріңдер. 5. Ұлы Жібек жолының жаңғыруы осы жол бойында орналасқан мемлекеттерге қандай мүмкіндіктер береді? 6. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың құлдырауына қандай себептер әсер етті? Шығармашылық тапсырмалар. 1-тапсырма. Көп нүктенің орнына «көпестер, саудагерлер, елшілер, миссионерлер, саяхатшылар» деген көмекші сөздердің бірін қойып, сөйлемді жалғастырыңдар. Ұлы Жібек жолы бойымен өткен … мақсаты: 2-тапсырма. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың пайда болуы мен дамуына PEST талдау жасаңдар. P – political (саяси) E – economical (экономикалық) S – social (әлеуметтік) T – technical (техникалық) Лекция 29 . ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану; ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау Сабақтың жоспары: 1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқы дәстүрлі шаруашылығының күйреуі 2. Өлкедегі өнеркәсіп пен сауданың жағдайы. 3. Кеңес өкіметі орнауының бастапқы кезеңіндегі Қазақстанда экономиканың дамуы 4. Қазақстандағы ұжымдастыру. 5. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық дамуы. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында өмір сүру жағдайы айтарлықтай күрделене түсті. Қазақстан Ресей экономикасы үшін шикізат базасы мен өнімін өткізу нарығы және отаршылдық саясат жүргізу аймағына айналды. 1917 жылдың шілде айында Орынбор қаласында өткен бірінші жалпықазақ съезінде өңірдің барлық облыстарынан жиналған өкілдер қазақ ауылының экономикалық жағдайына қатысты жинақталған мәселелерді шешуге тырысты. Мысалы, осы съездің қаулысында «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша олардың жері ешкімге берілмесін» деген талап көрсетілген. Бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді, яғни дворяндық, монастырлық, гарнизондық, демалыс орындары т.б. кері қайтару талап