Морфология. Сөз таптары.
Етістік.
Етістер
Шақтар
Райлар
Етістік
Ереже: заттың
қимылы мен
амалын, іс-әрекетін,
жай-күйін білдіреді.
Сұрақтары:
Не істеді? Не
қылды? Қайтті?
Мысалы: бар, кел,
жаз, оқы, айт, күл.
Тұлғасына
қарай
Негізгі Туынды
тек түбірден жұрнақ арқылы
тұрады. жасалады.
М: күш-ей,
М: оқы, күл. жаға-ла.
Есім сөздерден туынды естістік жасайтын
жұрнақтар
• -ла, -ле, -да, -де, -та, -те: ой-ла, су-ла,
гүл-де, шеге-ле, сипат-та, жаға-ла;
• -лан, -лен, -тан, -тен: ой-лан, үй-лен,
рақат-тан, әдет-тен;
• -лат, - лет, -дат, -дет: ән-дет, шаң-дат,
серуен-дет;
• -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: көмек-
тес, пікір-лес, сыр-лас, ақыл-дас;
• -қар, -кер, -ғар, -гер: бас-қар, ес-кер,
тең-гер;
• -ар, -ер, -р: жаса-ар, көг-ер, қысқа-р;
Есім сөздерден туынды естістік жасайтын
жұрнақтар
• -ай, -ей, -й: көб-ей, аз-ай, қара-й;
• -ал, -ел, -ыл, -іл, -л: жоғ-ал, тең-ел,
тар-ыл;
• -ық, -ік, -к: бір-ік, тын-ық, кеш-ік;
• -сы, -сі, -ымсы, -імсі: үлкен-сі, кісі-
мсі, пысық-сы;
• -сын, -сін: жат-сын, көп-сін;
• -сыра, -сіре: әл-сіре, ой-сыра;
• -а, -е, -на, -не: ой(ы)н-а, түн-е;
• -рай, -рей: кіші-рей т.б.
Еліктеуіш-ыра, -іре: бұрқ-ыра, жарқ-
ыра т.б.
Естістіктен туынды естістік жасайтын
жұрнақтар
• -н, -ын, -ін: ки-ін, тара-н, бу-ын;
• -ыл, -іл, -л: аш-ыл, тес-іл, жұм-
ыл;
• т: тара-т, жара-т, қара-т;
• -тыр, -тір, -дыр, -дір, -дірт, -тырт:
күл-дір, айт-тыр, кеп-тір, жаз-
дырт;
• -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз: айт-қыз, жет-
кіз, өт-кіз;
• -ыз, -із: там-ыз, ем-із.
Мысалдар
Оқы, кел, сула,
көрін, қолда,
төбелес, тісте,
аяқта, іркіл,
бұрғыз, ұсақта,
жаздыр, үндеме,
жылтыра, байла,
кептір, шапқыла,
кескіле, жылтыра.
Құрамына
қарай
Дара Күрделі
оқы, сұра, біріккен
айт, кел, қос
қара, сана.
тіркескен
қысқарған
Есімді сөз тіркесі
• Басыңқы сыңары есім
сөзден жасалады.
• М: жақсы кітап.
Етістікті сөз тіркесі
• Басыңқы сыңары
етістіктен жасалады.
• М: қонақтар келді.
Өз алдына толық
мағынасы бар,
сөйлемде дербес мүше
бола алатын етістік
түрі негізгі етістік деп
аталады.
Мысалы: балық суда
жүзеді.
Көмекші етістіктер
е (еді, екен, емес)
де (деді, деген, деп, десе, дей,
дейді)
ет (етті)
жазда (жаздады)
Мысалы: балық суда жүзеді
екен.
• отыр
Қалып • тұр
етістігі • жатыр
• жүр
Тұйық • у-жақпен де,
етістігі шақпен де
байланыспайды.
• жуу, турау, жабу,
табу, салу, басу.
Пысықтау
Мақта теріліп жатыр. Асқар
жығылып қала жаздады.
Омар есікке қарай жүрді.
Жақыптың көзі жайнап сала
берді. Айша күліп жіберді.
Оспан шанамен сырғанады.
Нағашым оған бірдеме
айтпақ болып келе жатыр еді.
Жер беті қата бастаған екен.
Біраз жер жаяу жүрдік. Қар
жауып жатыр екен.
Іс- • Болымды (бар, кел)
әрекеттің • Болымсыз
жүзеге асу, • -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -
аспауына
пе және жоқ, емес
қарай сөздерінің тіркесуі
арқылы жасалады.
• М: барма, келме.
Мағына- • Сабақты – табыс
сына жалғаулы сөзді талап
қарай етеді. Әлияны шақыр.
Гүл ек. Кітап оқы.
• Салт – табыс
септігіндегі сөзді қажет
етпейді. Мектепке бар.
Етіс - іс-әрекет пен орындаушының арасындағы қарым-
қатынасты білдіретін етістіктің түрі.
1. Өздік етіс – іс-әрекет иесіне тікелей
бағытталады. Жұрнақтары: -ын -ін -н.
М: жуынды, киінді.
2. Өзгелік етіс – іс-әрекет өзге біреу
арқылы іске асады. Жұрнақтары: -т, -дыр, -
дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -ғыз, -гіз, -қыз, - кіз.
М: оқыт, сөйлет, жаздыр, келтір, өсір,
келгіз, айтқыз. Оқы-т-қыз-дыр-т.
3. Ырықсыз етіс – іс-әрекет істеушінің
ырқынан тыс орындалады. Жұрнақтары:
-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н.
М: үй жиналды. Есік ашылды. Ақша
төленді. Қамал алынды. Киім ілінді.
4. Ортақ етіс – іс-әрекет бірнеше адамға
ортақ болады. Жұрнақтары: -ыс, -іс, -с.
М: жазыс, теріс, жинас.
Мысалдар
• Алан спорт кешенін
салғызды.
• Ол үйде қалуын өтінді.
• Ел намысы қорғалды.
• Екі айтыскер сахнада
айтысты.
• Өнерімен әлемді
бағындырды.
• Асхат апасына су
тасысты.
• Аң терісінен шаңғы
жасалды.
Шақтар
Осы шақ. Келер шақ. Өткен шақ.
Осы шақ
Нақ осы шақ Ауыспалы осы
отыр, тұр, шақ
жатыр, жүр.
М: Асан хат Ж: -а, -е, -й.
жазып отыр.
М: күз келеді.
Жапырақтар
сарғаяды.
Келер шақ
• Жұрнақ-Болжалды келер шақ • Жұрнақтар • Жұрнақ-
тары:-ар, Мақсатты келер шақ ы: -мақ, - тары:
-ер, -р, -с. Ауыспалы келер шақ мек, -бақ, - -а, -е, -й.
бек, -пақ, -
• М: пек. • М: Самал
барармын сабаққа
келермін. • М: ертең
Кейде -с- бармақпын, келеді.
пын келмеппін.
жұрнақта
-ры • -мақ, -мек
жалғанып жұрнақта-
жасалады рына -шы, -
. М: ші
бармас- жұрнақтар
пын. ы
жалғанады.
• М:
бармақшым
ын,
келмекші-
мін.
Салыстыру
Осы шақ Келер шақ
• Ол мектепте • Ол мектепте
оқиды. күндіз оқиды.
• Үйдің алдында • Ағаш ерте
ағаш өседі. көктемде бүр
жарады.
• Мен ылғи ерте
тұрамын. • Мен ертең ерте
тұрамын.
• Ол өлең
жазады. • Өлеңді ол
есейгенде
жазады.
Пысықтау
Есік алдындағы бақтан
алма иісін аңқытып
әлдеқайда әкетіп жатыр.
Атасының ана жылғы
айтқан ағаштары аса бір
әдемілікпен иіліп тұр. Ана
бейнесі Жұмақанның көз
алдына елестейді. Ол
өскенде ойлы мінездер
көрсете бастады. Күнделікті
уақытын жақсы
пайдаланады. Атасы еккен
ағаштарды мәпелеп күтеді.
Пысықтау
Жақсымен жолдас болсаң,
жетерсің мұратқа, жаманмен
жолдас болсаң қаларсың
ұятқа. Айдын көлге жарасар
Жағалай біткен қоғасы. Мал
керек болса, өнер үйренбек
керек. Құстар ұяларын
тастап, жылы жаққа
кетпекші. Мен ауылға кешке
келемін. Алдыңа келіп
тұрмын деп, ар, намысымды
қашырман. Айта келген сөзім
бар, не қылсаң да жасырман.
Өткен шақ
Жедел өткен шақ
Жұрнақтары: -ды, -ді, -ты, -ті.
М: келді, барды. -а, -е, -й-ден кейін
жалғанса, жіктік мәнге ие болады.
Бұрынғы өткен шақ
Жұрнақтары:-ып, -іп, -п, -ған, -ген, -
қан, -кен.
М: барған, келген, жазып қойған.
Ауыспалы өткен шақ
Жұрнақтары: -атын, -етін, -йтін.
М: Ол ауылға баратын еді. Атасына
қыдырып келетін еді.
Есімше
• -ған, -ген, -қан, -кен: алған, жапқан, піскен
ішкен.
• -ар, -ер, -р, -с: алар, қарар, жетер, көшер,
бармас, келмес.
• -мақ,- мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: алмақ,
қарамақ, бармақ, жетпек.
• -атын, -етін, -йтын, -йтін: баратын, келетін.
Көсемше
• -а, -е, -й: бара жатыр, келе жатыр.
• -ып, -іп, -п: барып, келіп, айтып, біліп.
• -ғалы, -гелі, -қалы, -келі: барғалы, келгелі,
айтқалы, жүргелі.
Пысықтау
Сұрғылт бұлттар сеңдей
сығылысып жөңкіліп
барады. Күміс
шашбаудай күн сәулелері
жерге төгіліп тұр. Ауылға
екеу келе жатыр.
Бұтағынан үзілген
жапырақ жерге тербетіле
құлайды. Аспанда бұлт
тартылып, ай бұлт
арасымен затап барады.
Райлар
(Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай).
• Ашық рай – (осы шақ,
келер шақ, өткен шақ)
• М: Әркім өз ойымен отыр.
Келемін тау ішінде
түнделетіп. Мақсатым –
тіл ұстартып, өнер
шашпақ.
• Бұйрық рай – 2,3-ші
жақтарда айтылады.
• М: Сен бар. Ол барсын.
Кейде -шы, -ші жұрнағы да
жалғанады. Онда ол
талаптан гөрі, тілек, өтініш
мағынасын білдіреді.
• М: мен алайыншы
Райлар
(Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай).
• Шартты рай – қимылдың
болу болмау, іске асу-аспау
мүмкіндігінің шартын
білдіреді.
• Жұрнақтары: -са, -се.
• М: барса, келсе, айтса, көрсе.
• Қалау рай - іс иесінің
қимылды қалауын, соған
ынтасын білдіреді.
• Жұрнақтары: -ғы, - гі, -қы, -
кі, -са, -се+игі еді, -ғай, -гей, -
қай, -кей+еді.
• М: барғым келді, келсе игі еді,
барғаймын, барғай едім.
Пысықтау сұрақтар
1. Қалау райды табыңыз
А) – Кәне, жол беріңдер!
В) Білімділігіне піріндей сенеді
С) Бетің былғанса, су тазартады.
D) Ынтыға тұрып ентелейді.
Е) Менің аралап қайтқым келеді.
1. Шартты райды табыңыз
А) Екі қошқар сүзіссе, ортасында
шыбын өледі.
В) Досыңа достық – қарыз іс.
С) Ерінбеген етікші болады.
D) Ұста пышаққа жарымайды.
Е) Көргені көп көш бастайды.
Пысықтау сұрақтар
3. Қалау райды табыңыз
А) Мен тағы да қайталаймын
В) Өзіме сеніп жазбасам
С) Ол да тілегін айтса игі еді
D) Қасым қала сыртында тұратын
Е) Мұны Салиха апай күтіп тұр екен
4. Бұйрық райды табыңыз
А) Сөйткенше, Оспан сырттан кірді
В) Ана мәселені ерекше көрсетіңіздер
С) Бұдан әрі сөз қозғағысы келмеді
D) Қазақтар туралы ештеңе естімепті
Е) Суық желдің лебі күшейіп барады