The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by nagimarahi2000, 2022-12-07 23:11:04

Артық білім-кітапта

Артық білім-кітапта

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Бірлік ауылы

№102 орта мектебі

Артық білім- кітапта

/оқуға құштар балалар клубының жұмысы/

Адамгершілік құндылықтар жүйесінің
қалыптасуы кітап оқу кезеңінде болады.
Оқушыларды кітап оқуға баулу
«Демалыста оқу » жобасын
дамыту

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл
құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік
белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.
Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы
сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз
«Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол
жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық
ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп
насихаттайды.

“Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі
уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы.
Алтын уақытымызды пайдалы істерге
жұмсағанымыз жөн”

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Демалыста оқылған кітаптар тізбесі

Бердібек Соқпақбаев
«Менің атым-Қожа» хикаяты

Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951),
"Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа
саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде
1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды.

"Менің атым Қожа повестсі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын
шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек
тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап
бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.
… Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау
кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген
«Менің атым Қожаны» барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған
Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын
сыйлап қойғанбыз…
Марат Қабанбай

Қалмақан Әбдіқадыров
«Қажымұқан» хикаяты

Қалмақан Әбдіқадыров – поэзия, проза жанрында қалам тартып,
аударма саласында жемісті еңбек еткен қаламгер. Қалмақан
Әбдіқадыровтың «Қажымұқан», «Алатаудың бауыры»,
«Амантай», «Тапқыш», «Тәтті қауын» атты шығармалары
балалар әдебиетіне қосылған бағалы дүниелер.

Қалмақан Әбдіқадыровтың аударма саласындағы үлкен
еңбегі – тікелей парсы тілінен тәржімаланған «Мың бір түн»
хикаяттары.

Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінде балуанның
бала күннен күрескер кезіне дейінгі қалыптасу жолы танылады.

Мағжан Жұмабаев
«Батыр Баян» поэмасы

Мағжан туралы академик Әлкей Марғұлан: «Қазақ халқы үшін Мағжан
Жұмабаевтың маңыздылығы ағылшындар үшін - Шекспирдің, орыстар үшін
– Пушкиннің маңыздылығынан кем емес» деп баға берген

1905-1910 жылдары Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск) медреседе оқып, араб,
парсы, түрік тілдерін меңгерді. 1910-1911 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде
ғылым мен білімнің алғашқы негізі қаланды.
.
1912 жылы Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық
көрді.

Оның қаламгер ретінде халқына қалдырған көлемді туындыларының
бірегейі саналатын еңбектері: «Қорқыт», «Толғау», «Оқжетпестің
қиясында», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Ақан сері»,
«Шолпанның күнәсі», «Ертегі», ағартушылық еңбектері «Педагогика»,
«Сауатты бол!», «Бастауыш мектептегі ана тілі» және т.б.

Мұқағали Мақатаев
«Аманат» жинағы

Шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз
заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі
биік ақиық ақын.

«Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің
бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің»
(1975) атты жыр жинақтарын жазды.

1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлық
Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Ғабит Мүсірепов
«Ұлпан» романы

Халық жазушысы, сыншы, әдебиеттанушы, тарихшы, аудармашы,
қазақ әдебиеті мен драматургиясының негізін қалаушылардың бірі
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы Қостанай облысы Жаңажол
ауылында дүниеге келген. Туған ауылында оқып-жазуды үйреніп,
бала кезінен әдебиетке қызықты. Балалық шағынан бастап «Ер
Тарғын», «Қыз-Жібек», «Қобыланды батыр» секілді халық әндері мен
ертегілерін оқып өсті. С

Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында "Қазақ батыры" (1945)
повесін (кейін "Қазақ солдаты" романы) жазды. Бұдан кейін
жарияланған (1953) "Оянған өлке" романы қазақ әдебиетінің алтын
қорына қосылған шоқтығы биік туынды еді.

Атақты романдарымен қатар, Ғабит Махмұтұлы прозаның шағын жанрында да еңбек
етті. Ондаған очерк, әңгіме, повестер жазып, жариялады. "Кездеспей кеткен бір
бейне" кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. 1974 жылы
"Ұлпан" повесін жариялады. Ал "Оянған өлкенің" заңды жалғасы - "Жат қолында"
романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң - 1984 жылы ұсынылды.

Бауыржан Момышұлы
«Ұшқан ұя» повесі

Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери
шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Бауыржан Момышұлы – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы»,
«Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы
«Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы
кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы
«Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды.
Б.Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»
(1976) роман-диалогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы, «Ел
басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва академиялық драма
теарты Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды.

1- тапсырма. Оқылған шығарма бойынша эссе жазып келу.
Оқушылар өздері жазып келген эсселерін оқиды.

Оқылған шығарма бойынша өзінің ойын ,
көзқарасын білдіреді.

Шығарма бойынша дәлелдемелер келтіреді.

Логикалық бірізділікт сақтайды.і

1- тапсырма. Оқылған шығармалар бойынша үзінді жаттап айту.

Үзіндіні жаттап, мәнерлеп оқиды.
Дауыс ырғағын сақтайды.

Сахналық мәдениетті меңгерген.

Оқылған шығармалар бойынша сұрақтар

р/с «Менің атым Қожа» хикаяты бойынша
1 «Менің атым Қожа» хикаятының өмірдегі прототиві кім?
2 Қожа қандай бала?
3 «Менің атым Қожа» хикаяты әлемнің неше тіліне аударылған ?
4 Қожаны Қара көже деп мазақтайтын сыныптасы кім?
5 “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей

қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен - ақ жет.
Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған
шапағатың тиер.”Кімнің сөзі?

р/с « Қажымұқан» хикаяты бойынша
1 .Қажымұқанның балуандық жолы қай жылдан басталады?
2 Ол ең алғаш қай жерде өнер көрсетеді?

3 Қажымұқанмен күрескен әлем чемпиондары

4 Қажымұқанның лақап атаулары
5 Қажымұқанның майданға қосқан үлесі.

р/с «Батыр Баян» поэмасы бойынша
1 Поэманың кейіпкерлерін атаңдар
2 Оқиға болған жер ?
3 Қалмақ сұлуының аты кім?
4 Поэмадағы Абылай бейнесі қалай көрінеді?
5 Поэмадағы жырау

р/с «Аманат» жыр жинағы бойынша
1 Жинақ қандай сыйлық алды?
2 Жинаққа енген поэмалар
3 «Ақынның ақындығы арда ғана» деген жолдардың авторы кім?

4 Жазушы Ғ.Мүсірепов ақынға қай шығармасын оқығаннан кейін
алтын қаламын сыйға тартты?

5 Ақынның 70 жылдығы қарсаңында жарық көрген жыр жинағы
қалай аталады?

р/с «Ұлпан» хикаяты бойынша
1 Шығармадағы Есеней қай рудың биі?
2 Ұлпанды ел қалай атады?
3 Ұлпан атына қойылған жерс-су атауы бар ма?
4 Шығармадағы Торсан қандай адам?
5 Шығармадағы желісі қайдан алынған ?

р/с «Ұшқан ұя» повесі бойынша
1 Шығарма неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?
2 Бауыржанның әжесі
3 Шығармада қазақ халқының салт-дәстүрлері көрініс

таба ма?
4 Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
5 Бауыржанның балалық шағы қай жылдары өтті?


Click to View FlipBook Version