ЖҮРЕК ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ ЛИМФА
ЖОСПАР 01 02 03 04 05 06 Кіріспе Жүрек және оның құрылысы Қантамыр лар Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері Лимфа Қорытынды
— іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250- 300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер ұлпасынан түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек
ЖҮРЕК ҚҰРЫЛЫСЫ Жүрек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады. Жүректің жалпақ бөлігі – негізі, сүйірлеу бөлігі – ұшы деп аталады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек (жүрек қабы) – перикардқаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады. Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады.
ЖҮРЕК Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард (грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард (грекше «mіos» – бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа – эндокард(грекше «endo» – ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады
ҚАНТАМЫРЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ҚАНТАМЫРЛАР — АДАМ МЕН ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМІНІҢ ЖҮРЕК-ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІНЕ ЖАТАТЫН, ҚАБЫРҒАСЫ СЕРПІМДІ КЕЛГЕН ТҮТІКШЕ МҮШЕЛЕР. ҚАНТАМЫРЛАР ҚАНДЫ ЖҮРЕКТЕН АЛЫП ШЫҒЫП, ОРГАНИЗМГЕ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ҚЫЗЫЛ ТАМЫРЛАР КҮРЕТАМЫРЛАРҒА,ҚАНДЫ ОРГАНИЗМНЕН ЖҮРЕККЕ АЛЫП КЕЛЕТІН КӨК ТАМЫРЛАР КӨКТАМЫРЛАРҒА ОЛАРДЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫРЫП ОРГАНИЗМДЕГІ ЖАСУШАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРЕТІН ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН "МИКРОАЙНАЛЫМ АРНАСЫНЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА"БӨЛІНЕДІ.
ВЕНА ҚАНТАМЫРЛАРЫ (ЛАТЫНША «VENA» – ҚАНТАМЫР, СІҢІР) – МҮШЕЛЕР МЕН ҰЛПАЛАРДАН КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫНА, ЗАТ АЛМАСУ ӨНІМДЕРІНЕ, ГОРМОНДАРҒА ЖӘНЕ Т. Б. ҚАНЫҚҚАН ҚАНДЫ ЖҮРЕККЕ ТАСЫМАЛДАЙДЫ. АРТЕРИЯ ҚАНТАМЫРЛАРЫНА ҰҚСАС ВЕНАЛАРДЫҢ ДА ҚАБЫРҒАСЫ 3 ҚАБАТТАН ТҰРАДЫ. АРТЕРИЯЛАРҒА ҚАРАҒАНДА ВЕНАЛАРДЫҢ БҰЛШЫҚЕТ ҚАБАТЫ НАШАР ЖЕТІЛГЕНДІКТЕН ҚАБЫРҒАСЫ ЖҰҚА, ЖҰМСАҚ, СЕРПІНДІЛІГІ АЗ БОЛАДЫ.
Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – латынша «capіllarіs» – шаш тәрізді қылдай) адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Артерия қантамырлары – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты – бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты– жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия қантамырларының қабырғасы қалың, серпінді.
Үлкен қан айналым шеңбері Кіші қан айналым шеңбері ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІ
Кіші қанайналым шеңбері → жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге қан тартады → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады. Кіші қан айналым шеңбері Кіші қан айнадым шеңберінде Артериялық тамырды-Вена қаны Вена тамырында-арткрия қаны болады
ҮЛКЕН ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРДІҢ ВЕНАЛАРЫ 1)Жоғарғы қуысты вена(бас,мойын,иық) 2)Төменгі қуысты вена(бауыр,бүйрек,аяқ) 3)Жүрек венасы
АОРТА Aopma, aortae - ең ірі артериалды тамыр, жүректің сол қарыншасынан шығып үлкен қанайналым шеіберінің барлық артерияларын қанмен жабдықтайды. Аортанын үш бөлігі болады: 1. аортаныц жоғары өрлеуші бөлігі , 2.аорта доғасы 3. аортаның төменгі өрлеуші бөлігі
Аорта доғасының дөңес бөлігінен үш ірі қантамыр шығады. 1.Иық-басы сабауы 2.Сол жақ жалпы ұйқы артериясы 3.Сол жақ бұғана асты артериясы
ЛИМФА ЖҮЙЕСІ Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Лимфа қанға ұқсас болғанымен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйықтық тек бір бағытта ағады.
ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытқа (журекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қан айналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады.
1-Бастың лимфа тамырлары 2-шүйде бөлігіндегі лимфа бездері 3-құлаш маңы лимфа безі 4-емізікше лимфа безі 5-төменгі жақ асты лимфа безі 6-иек асты лимфа безі 7-тереңдегі мойынның лимфа бездері 8-мойынның беткейдегі лимфа бездері 9-мойынтұрық сабауы 10-қолтық асты лимфа бездері 11-орталық лимфа безі 12-сүт бездерінің лимфа ағыны БАС ПЕН МОЙЫННЫҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйек және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді
АДАМДА ЛИМФАНЫҢ ҚОЗҒАЛУЫНА 3 ЖАҒДАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ: 1. Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңка бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты. 2. Кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен. 3. Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады
Лимфа жүйесінің қызметі 1. Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі. 2. Лейкоциттер түзеді. 3. Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады. 4. Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ