Анатация Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика барлық педагог үшін өте маңызды, өйткені біздің өмірімізде кез келген педагогикалық міндеттерді дидактика ғылымы мен теориялық білім негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зертейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні- оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтежиелері.
Дидактика туралы түсінік Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Қазіргі түсінік бои ынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зертеи тін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні- оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтежиелері. Зерттеу пәні аясына баи ланысты жалпы және жеке дидактикалар аи қындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұның, барысын, формасы мен әдістерін зерттеуіне қараи оқыту әдістемесі деп аталады. Мыс: математиканы оқыту әдістемесің, дүниетануды оқыту әдістемесі т.б. дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындаи ды. Дидактиканың ғылыми –теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұи ымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәи кестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұи ымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика оқытудың іс - әрекеттерін, әртүрлі нысандарын зерттейді және анықталған заңдылықтардың негізінде оқытудың әралуан жүйелерін талдап, белгілейді. Бұл жүйелер оқу жоспарларында, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды ашылатын білімнің мазмұнында нақты көрінеді, белгілі бір ұйымдық нысандарда оқытудың тиісті әдістері мен және құралдарымен жүзеге асырылады.
Дидактиканың негізгі міндеттері Дидактиканың негізгі міндеті – жас ұрпақты ғылыми білім, білік, біліктілік жүйесімен қаруландыру. Мұның бәрі мұғалімнің тәрбиелік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін жүзеге асыруда көрініс табуы керек. Осы негізге сүйене отырып, мұғалім білім беру процесінде алған білімін шәкірттеріне үйретеді деуге болады. Бұл олардың оқу іс-әрекетінде дағдылар мен дағдылармен қаруландырады. Сонымен қатар білім алушылардың дүниетанымы мен адамгершілік нормаларын қалыптастырады, қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытады, танымдық белсенділігін арттырады. Мұғалімнің қызметі білім алушы тұлғасын мақсатты түрде қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер ашады. Дәлірек айтқанда, ол бүкіл оқу-тәрбие процесін жоспарлайды, осы үдерісте студенттермен бірлескен іс-әрекетті ұйымдастырады. Ол оқушыларға қиындықтарды жеңуге көмектеседі және олардың білімі мен бүкіл оқу процесін диагностикалайды. Өз кезегінде білім алушылардың белсенділігі оқу процесінде оқуға, білім, білік, дағдыларды меңгеруге, өзін қоғамға пайдалы іс-әрекетке дайындауға бағытталады. Білім алушылардың оқу-тәрбие процесіндегі белсенділігі жан-жақты қозғалысты білдіреді және бұл қозғалыс оларға танымдық міндеттерді шешуде үлкен көмек көрсетеді. Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылымитеориялық және қолданбалы қызметтер орныдайды. Дидактиканың ғылыми- теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұны, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістерімен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагоктік іс- әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары,оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік. Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталдға.н алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Оқыту мазмұны- өкімет арнайы таңдап анықталған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктерімен қызметі Оқыту процесібілімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүние танымын, күш- қайратын, қабілеттетін тәрбиелеп дамытатын іс әрекет
барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды. Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық. Оқыту- мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдер мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады. Оқыту- таным процесі. Танымның еркішелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі. Оқытудың міндеті- оқушының айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуның нагізгі заңдылықтарынмен қаруландыру. Оқушы дүние танудан бұрын ғылымда белгілі болған, зеріттіліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдырды әрі қарай дамыта түседі. Оқыту-бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ой мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жекек тұлғаға бір тұтас (комплексті) ықпал жасау көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірнеше қызметі-оқушыларға білім беру. Білім беру, біріншіден, ғылыми негіздерге сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида ментүсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқрасын қалыптастыру Екінші қызметі-тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Үшінші қызметі- дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ой, сана-сезімі, шығармашылық қызметі т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінң артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды, (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады. Тәрбие – білім алушыға арнайы дайындалған мамандардың көмегімен білім беру және оларда іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру процесі, адамды тұлға ретінде өмірге және еңбекке саналы түрде дайындау құралы. Тәрбие дегеніміз адамның физикалық және рухани дамуы, оның кейбір үлгілі іс-әрекеттерді саналы түрде дамыту, әлеуметтік үлгі болуға және жан-жақты кемелдікке жетуге ұмтылуын білдіреді. Тәрбиенің басты міндеті – оқушыны тәрбиелеу. Сонымен бірге ол отбасы, өндіріс және басқа салалар үшін ақпарат көзі қызметін атқарады. Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады. Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес. Дидактиканың пайда больш дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар: • оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау; • оқушыларды сыныптарға бөлу; • әр сыныпқа бір бөлме беру; • күніне 4 сабақ өткізу; • әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; • қоңыраудық соғылуы; • тәртіп; • бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек; • сабақты күзде бастау. Дидактикалық жүйелер және оқыту модельдері Дидактикалық жүйе (гр. systema – тұтас, бөліктерден құралған , қосынды) – нақты критерийлер бойынша анықталған тұтас білім. Дидактикалық жүйелер оқытудың құрылымдары, мақсаттар бірлігі, ұйымдастыру принциптері, мазмұны, формалары мен әдістерінің ішкі бірлігімен сипатталады. Зерттеушілер өзара ерекшеленетін үш дидактикалық жүйені бөліп көрсетеді (И.П.Подласый): И.Ф.Гербарт жүйесі (дидактикасы); Д.Дьюидің дидактикалық жүйесі;
Жетілген, қазіргі дидактика. Неміс философы және педагогы И.Ф.Гербарт (1776 - 1841) Я.А.Коменскийдің дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйесін сын тезінен өткізе келе этика мен психологияның теориялық жетістіктеріне негізделген «педагогиканың ғылыми жүйесін» жасады. Гербарт бойынша тәрбиенің жоғарғы мақсаты – ізгілікті тұлға, моральдық жағынан күшті мінез-құлық қалыптастыруда. Тәрбие этикалық идеялар мен психологияның негізгі ережелеріне сүйенуі керек. Оқытудың гербарттық жүйесінің негізгі белгілері мынадай: мектептің басты міндеті – оқушылардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау, ал тәрбие – жанұяның ісі. Моральдық тұрғыда күшті мінез-құлық қалыптастыруға дұрыс педагогикалық басқару, тәртіп және онымен байланысты оқыту қызмет етеді. Басқарудың міндеті – оқушыларды ылғи жұмысқа тарту, олардың оқуын ұйымдастыру, олардың дене және интеллектуалдық дамуын бақылау, тәртіпке үйрету. Тәртіп үшін Гербарт тыйымдарды, шектеулерді, сол сияқты дене жазаларын қолдануды ұсынады. Оқыту мен тәртіптің, білімдерді оқушылардың сезімдері мен ерік-жігерлерін дамытумен ұштастыру тәрбиелей оқытудың мәні болып табылады. Бұл ұғымды енгізе отырып Гербарт тәрбиені оқытудан бөлуге болмайтынын, сана мен ерік-жігер, сезім қатар дамитынын көрсеткісі келді. Дьюидің оқыту теориясына қосқан үлесі – ол жасаған «ойлаудың толық актісі» тұжырымдамасы. Әр «толық акт» бірнеше кезеңнен тұрады: қиындықты сезіну; оны табу және анықтау; оны шешу жолын ұсыну (болжамды келтіру); ойлаған шешімнен шығатын қорытындыларды келтіру (болжамды логикалық тексеру); болжамды қабылдауға немесе қабылдамауға мүмкіндік беретін байқаулар мен эксперименттер. Дьюи бойынша дұрыс құрылған оқыту – проблемалық оқыту болуы керек. Мұғалім оқушының қызығушылығының дамуын бақылауы, олардың шамасына қарай проблемалар көтеруі керек. Оқушылар өз кезегінде осы проблемаларды шешу арқылы жаңа және қажетті білімдер алғанына сенімді болуы қажет. Дәстүрлі» гербарттық жүйеден Дьюи жүйесінің ерекшелігі, «кітаптық білімнің» орнын белсенді оқу қағидасы, белсенді мұғалімнің орнын мұғалім-көмекші, жалпыға бірдей тұрақты оқу бағдарламасының орнын бағдарлық бағдарламалар, жазбаша және ауызша сөздің орнын теориялық және практикалық сабақтар басты. Қазіргі дидактиканың ерекшеліктері Принциптері практикалық педагогикалық іс-әрекет негізінде жатқан қазіргі дидактиканың мынадай ерекшеліктері бар:
Оның әдіснамалық негізін таным философиясының (гносеология) заңдылықтары, материализм құрайды, сондықтан қазіргі дидактика прагматизм, рационализм, эмпиризм, технократизмнің философиялық жүйелеріне тән оқыту процесін талдау мен интерпретациялауды біржақты қарастыруды жеңе алды, оның қазіргі тұжырымы оқыту процесін жүйелі қарастыруға саяды. Бұл дегеніміз – сезімдік қабылдау, білімді түсіну және меңгеру, алынған біліктер мен білімдерді практикалық верификациялву танымдық процесте, оқу іс-әрекетінде органикалық түрде бірігуі қажет. Қазіргі дидактикалық жүйеде оқыту мәні оқушыға дайын білім беруге де, олардың қиындықтарды өздері жеңуіне де немесе өзіндік жаңалық ашуларына да тірелмейді. Ол педагогикалық басқаруды оқушылардың өзіндік белсенділіктерін дамытумен ұштастыру арқылы ерекшеленеді. Қазіргі дидактиканың басты мақсаты – оқушыларды аз уақыт, күш, құрал жұмсап, көрсетілген деңгейге жеткізу. Оқытудың мазмұнын анықтауға көзқарас өзгерді, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қалыптастырудың, оқу курстарын құрудың принциптері өзгерді. Қазіргі дидактика жүйесі бойынша проблема қою мен оны ой елегінен өткізу кезеңінде-ақ оқытудың алғашқы өнімдері (көзқарас) қалыптасады. Бұдан кейін осы өнімдерді сандық және сапалық тұрғыда дамыту жүреді (пайымдар, түсініктер, білімдер, т.б.). Нәтиже (оқыту өнімдері) жоспарланған деңгейге сәйкес келгенде оқыту мақсаты орындалады. Яғни, оқушыларды төмен деңгейден жоғарысына көшіру процесі жүреді. Осы деңгейлермен шектелген процесс дидактикалық деп аталады.