The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Aruzhan Duisenbek, 2024-05-03 11:08:50

Дидактика

аружан04

Анатация.Дидактика (көне грекше διδακτικός “оқыту”) – педагогика мен тәрбие теориясының оқыту мәселелерін зерттейтін бөлімі. Білімді, дағдыны, дағдыны меңгеру және сенімін қалыптастыру заңдылықтарын ашады, білім мазмұнының көлемі мен құрылымын анықтайды. Дидактиканың негізгі мәселесі әртүрлі тәсілдермен тұжырымдалады. Кейбіреулер оны оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мәселесімен, басқалары белгілі бір пәнді «оқу процесінде оқушылардың ойлауы қалай жүретінімен» байланыстырады; басқалары оны екі сұрақпен қорытындылайды: «не үйрету керек?» және «қалай оқыту керек?».Оқыту адамның қызметінің бірі ғана түрі, ол екі жақты сипаттама береді. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқытудың мақсатміндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарам-қатынастар мен оқу әреттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу- бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті.


Дидактика- педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (didatikas-оқытушы, didaska-оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфранг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А.Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің Ұлы дидактика еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика нені оқытады және қалай оқыту керек деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту. Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселесін зерттейцтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканы зерттеу пәні оқыту мен оқытудың себептері, барасы, нәтижелер Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы дидактикалық оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын түрі мен әдістерінзерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихи оқыту әдістемесі. ХҮІII ғасырда жаңа педагогиканың негiзiн қалаған ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) дидактикалық идеясына, оның шығармаларына, әсiресе, дидактика саласы бойынша ХI-ХII ғасырларда жаңа философияның (Бруно, Галилей, Леонардо-да-Винчи т.б.), соның iшiнде ағылшын материализмiнiң негiзiн қалаушы Ф.Бэконның философиясының ықпалы, оның көзқарасының жаңа дәуiр талабына сай қайта құрылуына арқау болды.Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты – логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi –


дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты – табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я.А.Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я.А. Коменскийдің қоғамда байлығына немесе жыныс айырмашылығына қарамай, жалпыға бiрдей, ана тiлiнде оқытатын мектептер ашуды қолдауы, ұлы педагогтың гуманистiк және демократиялық ұстанымда болғандығын дәлелдейдi. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негiзiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет болашағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi. Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды. “Табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” – оқытудағы құрғақ жаттау мен догмалық бiлiмге қарсы, баланың табиғатын, оқу мүмкiндiктерiн ескерiп, бiлiм мен тәрбие беретiн ұстаным. Ол өмiрге қажеттi күнделiктi iстерге пайдалы бiлiмдердi берудi ұсынды. Сол себептен мектептiң мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, адамның адамдық қасиетi тек тәрбие арқылы қалыптасады дедi. Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылымитеориялық және қолданбалы қызметтер орныдайды. Дидактиканың ғылымитеориялық қызметі: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұны, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістерімен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагоктік іс- әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары,оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік. Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталдға.н алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.


Оқыту мазмұны- өкімет арнайы таңдап анықталған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктерімен қызметі Оқыту процесібілімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүние танымын, күш- қайратын, қабілеттетін тәрбиелеп дамытатын іс әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды. Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық. Оқыту- мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдер мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады. Оқыту- таным процесі. Танымның еркішелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі. Оқытудың міндеті- оқушының айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуның нагізгі заңдылықтарынмен қаруландыру. Оқушы дүние танудан бұрын ғылымда белгілі болған, зеріттіліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдырды әрі қарай дамыта түседі. Оқтуда ғылым негіздерін оқып үйретудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметіжайлы ақпарат алады. Оқыту – даму негізі. Педлтагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмні өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді. Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі-өзара қарым-жүиелі түрдегі көмек және жеке бастың жанжақты жетілуін түйістіреді. Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі-өзара қарым- қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі- мұғаліснің баламен үнемі рухани қарым- қатынаста ынтымақтастық жағдайда болуын қажет едеді. Оқыту процесінің бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс- қимылын өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білу (іс- әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субекті екенін анықтайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолданға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.


Бұдан шығатын қорытынды: оқыту- баланың рухани жағынан қаматамасыз етеді; Оқыту- бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс туындап отыралды.Л.С. Выготскийдің баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегі күні дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала дамуының екі зонасы болатынын айтады. Бірінші зона- бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (екінші зонаға) жеткізуге міндетті екендігін айтады. Оқушының жалпы психикалық дамуы- мектептегі оқумен оның өздігнен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қорлайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Оқыту -екі жақты процесс. Оқыту оқушымен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекуетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқытумұғалімнің білім берудегі негізгі іс -әрекеті болса, оқу- баланың өзіндік танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге басшылығы арқасында ғана жүзеге асады. Оқыту- жлспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикаылық тұрғыдан өзгерілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазыллған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді. Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйсестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады. Оқыту-бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ой мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жекек тұлғаға бір тұтас (комплексті) ықпал жасау көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірнеше қызметі-оқушыларға білім беру. Білім беру, біріншіден, ғылыми негіздерге сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида ментүсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқрасын қалыптастыру Екінші қызметі-тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін


қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттерін және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбеимен оқытудың байланысы бір жақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастықпринципке негізделген, бірлікте қолданылады. Демек, тұлға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығын артады. Үшінші қызметі- дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ой, сана-сезімі, шығармашылық қызметі т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінң артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды, (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады.) Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Сондықтан, дамудыңқарқынды, жан-жақты әрі, терең білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз адына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді. Дидактикада Жетілдіру оқыту процесі 1960 жылдардан басталды.осы негізде Л.В. Занков, Н.А. Менчинская, Д.Б.Скаткин еңбектерінде, оның жолдарын шешу үшін әртүрлі принциптерді ұстанады. Солардың ішінде Л.В.Занковтың оқу процесі арқылы білім беруді қарқынды, ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы меңгеруін қамтамасыз ету ережесін ұсынылды. Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуына да оңтайлы әсер етеді.Педагогикалық процестің құрылымы. Педагогикалық процесс- тәлім-тәрбиелік қарам-қатынасты ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процесс-бірнеше элементтерден құралатын жүйе. Педагогкалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық Педагогикалық процестің педагогикалық құрлымы: мақсат- принциптерәдістер-құралдар-түрлер. Мақсат- ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын айтады. Мазмұн- мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер- мұғаліммен оқушының мазмұнды жетілдіру- қабылдауға арналған іс- әрекеттері. Құралдар -мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.


Педагогикалық пройестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс- әрекетінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққабайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау, экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту нәтижесін талдау. Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат)оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күшқуаты, белсенділік, еңбекқолық не шаршау динамикасы). Оқыту адамныңқызметінің бірі ғана түрі, ол екі жақты сипаттама береді. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқытудың мақсат- міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарам-қатынастар мен оқу әреттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу- бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім берудің қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатдқа бағытталған бұндай өзара қарам-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғаліммен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқада элементтері бар.оқытудың басқада элементтері бар. Олар мыналар: 1.Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат- міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді. 2. Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгертеді, білімдерін дамытуды міндеттейді. 3. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амалтәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгертуді баяндайды 4. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасын көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушыларың өзін-өз қадағалап, тексеріп отырады. “Ұлы дидактикада” оқыту әдiстемесiне байланысты құнды пiкiрлердi кездестiремiз, мәселен, оқытуды бақылаудан бастап заттар мен нәрселердiң сыртқы және iшкi ерекшелiктерiнiң себеп-салдар байланыстарын сезiну, содан соң көргендi талдау керек. Оқу материалын бiрiздiлiкпен жоспарлы


ұйымдастырудағы оқу әдiсi жеңiлден қиынға, жақыннан алысқа, жалқыдан жалпыға қарай жүргiзiлiп оқушылардың алған бiлiмдерi тиянақталып, өмiрде пайдалануға жағдай туғызады.Келесi оқыту әдiсiнiң мәнi оқушылардың бiлiмге деген қызығушылығын арттырып, алған бiлiмдерiне көңiлі толуына, келесi бiлiмге деген ынтасына бағыт беруге кеңес бередi. “Ұлы дидактика” еңбегiнде Я.А.Коменский адамгершiлiк тәрбиесi жөнiнде дiни бағыт ұстанғанын байқаймыз. Ұлы педагог балалардың адамгершiлiк қасиеттерiн тәрбиелеуде кiшiпейiлдiлiкке, мейiрiмдiлiкке, өзiн-өзi басқару, ерлiк, еңбек сүйгiштiк сапаларын қалыптастыруға көп көңiл бөлудi талап еткен. Ал терiс мiнезқұлықтан эгоизм, қаталдық, жалқаулық, өтiрiкшiлiк сияқты әдеттерден арылуға ата-аналар мен мұғалiмнiң бiрлесу қажеттiлiгiн ескеру керектiгiн айтты. Я.А.Коменский мектеп практикасына жаңа леп, жаңа бағыт әкелдi. Сондықтан ол “Тәрбиенiң Галилейi” деген әдiл атаққа ие болды. Жаңа философияның негiзiне сүйенген педагог алғашқы рет дидактика жүйесiн құрды, тың педагогикалық идеялар енгiздi. Я.А. Коменскийдің еңбектері әлемдегі педагогикалық ойлар мен мектеп тәжірибесінің дамуына орасан зор әсерін тигізді. Дүние жүзінде оқулық жасауға үлгі боларлықтай көптеген оқулықтар жазып даярлады. Оқу жұмысын ұйымдастыру туралы прогресшіл дидактикалық идеялар, ұстанымдар, қағидалар ұсынды. Сыныптық-сабақтық жүйенің және мектепті ұйымдастырудың теориялық негіздерін, мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасады. Джон Локктың педагогикалық идеялары. ХVII ғасырда Англиядағы революциялық қозғалыстың қарқындап тұрған кезiнде жаңа заманның ұстаған бағыт-бағдары схоластикалық оқу жүйесiн сынға алып, баланың табиғи бейiм қабiлеттерiн дамытуға назар аударды. Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың (1632-1704) саяси-әлеуметтiк, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер еттi. Ол Оксфорд университетiн бiтiрiсiмен 1658 жылдан бастап сол оқу орнында оқытушылық қызмет атқарды. Кейiннен жаратылыстанумен айналысып, медицинаны зерттеп, ғылыми жұмыстармен шұғылданды.


Деңгейлік оқыту технологиясы Оқытуды деңгейлеу – қабілеттері мен проблемалары әртүрлі балаларды біртекті топтарда ұйымдастырып оқыту үшін жагдай жасау. Бұл – оқушылардың оқудағы міндетті денгейін анықтайтын, олар үшін жоғары деңгейге жетуде оқу үдерісін кезең-кезеңімен жүргізуге мүмкіндік беретін деңгейлеп оқытудың бір түрі.Оқу бағдарламаларында да, А,В,С – үш кезеңге бөлуді ұсынады. - «А» бағдарламасы оқытудың міндетті нәтиже- сіне сәйкес келеді; - «В» бағдарламасы оқулықтан қосымша есеп- тер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді; -«С» бағдарламасы қосымша оқу әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.


Click to View FlipBook Version