The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Берілген кітапта адам психологиясына әсер еткен оқиғалар дене қабылдауына әсері жайында айтылған.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by gauga.23, 2024-04-01 09:02:48

Тело помнит все

Берілген кітапта адам психологиясына әсер еткен оқиғалар дене қабылдауына әсері жайында айтылған.

шығару жайында «Жазушы» баспасына да, Қазақстан комсомолының Орталық Комитетіне де оқырмандардан көптеген өтініш тілектер түсті. Жер-жерде өтіп жатқан оқырмандар конференцияларында айтылған осындай тілектерді жəне ескере отырып, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті 1971 жылдың басында Қазақ ССР Министрлер Советінің Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті мен «Жазушы» баспасына жас оқырмандардың тілегін айтып, бұл кітапты қайта басып шығару жөнінде ұсыныс енгізді. Баспа бұл өтінішті ескере отырып, оны 1972 жылдың жоспарына енгізді. Сөйтіп бұл кітап 1972 жылы «Махаббат жырлары» деген атпен қайтадан шықты. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге «Махаббат жыры», «Ботакөз», «Əсем», «Ескі дəптер» кіреді, екінші бөлім «Махаббат, қызық мол жылдардың» бір өзінен ғана тұрады. Ең алғашқы жоспарым бойынша осылардың бəрінің басын қосып, бір роман деп атадым. Романның бірінші бөлімінде: журналист Ербол Есенов өзгелер туралы баян етсе, екінші бөлімінде өзі жəне өзінің достары туралы сыр шертеді. Осы арада егер кітап қайта басылса, оған оқырмандар айтқан кейбір ескертпелер ескерілді ме деген сұрақ тууы мүмкін. Иə, ескерілді. Мəселен КАЗГУ-де өткен конференцияда Ербол Меңтайдың мойнын сілекейлей береді делінген еді. Енді Ербол сілекейлемейтін болды. Сол сияқты артық деген абзацтар қысқартылды. Жұрттың тілегіне сəйкес кейбір беттерге толықтырулар жасалды. Кітап 20 тараудан тұрады. Мұндай көлемді кітапты кейбір авторлар бірнеше бөлімге бөледі. Əр бөлімді жеке-жеке тараулайды. Мен өйтпедім. Кітап ұнаса, оқырман бас алмастан оқыр, ұнамаса үш бөлімге бөліп, отыз тарауға таратып секектетсең де оқымайды деп ойладым да, бұл жағының «техникасына» мəн бермедім. Осылай ойласам да жұрт бұған наразылық білдірмес пе екен деп іштей сезіктеніп жүрдім. Бақсам бұған оқырмандар да мəн бермепті. Сондықтан кітаптың бұл басылымында оны бөлімдерге бөлмей, бұрынғыша қалдырдым. Қайта басылымында кітабым кемшіліктен жүз процент арылды демеймін. Кем-кетіктері əлі де болар. Оларды жаңа оқырмандар көрсетер, сөйтіп тағы да түзетермін деп ойлаймын.


Сұрақ: Бұл кітапты Меңтай өлімімен бітіру жөн емес пе еді? Одан соң қалған кейіпкерлердің кейіннен кім болғанының керегі не? Жауап: Өзі де солай, кітап Меңтай өлімімен бітіп тұр. Содан кейін бір беттей ғана эпилог ретінде басқа кейіпкерлердің бүгінгі тағдырынан мəлімет беріледі. Өйткені «Махаббат, қызық мол жылдар» осымен бітеді. Олай болса, оқырмандардың өзге кейіпкерлердің кейіннен кім болғанын білгісі келер, ендеше бұл біреуге қажет болмағанымен, біреуге керек болар деп ойладым. Оның үстіне кейбір оқырмандар бұл кітаптың жалғасы қашан шығады деп сұрайды. Енді біреулер: «Махаббат, қызық мол жылдар» үш кітаптан тұруы керек. Қазіргісін екінші кітап деп есептеп, енді Ерболдың соғысқа дейінгі жəне университет бітіргеннен кейінгі өміріне арнап бірінші, үшінші кітаптарды жазу жөн деп кеңес береді. Əрине, ондай кітаптар болмайды. Ендеше кітаптың ең соңындағы эпилог орнындағы кішкентай тарауы оқушыға автордың осы ойын жеткізу жөніндегі жүкті арқалап тұр деп білген жөн. Сұрақ: «Менің сіздерден өтінішім: «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабын баршаға ортақ тіл - орыс тіліне аудартсаңыздар екен. Менің орыс, тəжік, дүңген, татар құрбыларым да оқысын бұл кітапты. Алтай Жапарбекова, Жамбыл қаласы». Осындай өтінішті Целиноград қаласынан Қасым Қарпышев, Чернигов қаласында əскери борышын өтеп жатқан жауынгер Сағынбай Қаратаев жəне басқа оқырмандар да жолдаған. Жауап: Оқырмандардың осы тілектерін ескере отырып, «Жазушы» баспасы бұл кітапты 1973 жылы орыс тілінде басып шығаруды жоспарлап, Ленинградта тұратын орыс жазушысы Г.А. Горышинмен шарт жасасты. Жазушы Глеб Горышин «Махаббат, қызық мол жылдарды» орыс тіліне аударып жатыр. Мінеки, оқырман хаттарындағы авторға қойылған сұрақтардың ең негізгілері осылар. Осымен оқырмандарға жауабымды аяқтаймын. Əр жүректе асыл адамгершілік, айырылмас махаббат болсын. Өмірден қол ұстасып өтер жан серік жалғыз жарын шын сүйе білмеген адам жолдасын да жақсы көре алмайды, коллективін де құрметтей білмейді. Жан жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген


жұмыс, атқарған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Кеудесінде өз адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайды. Жоғарыда келтірген осы ойымды тағы да қайталағаныма кешірім өтіне отырып, əр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат əр жас семьяның алтын діңгегіне айналсын деп тілеймін, қырда жайқалған қызғалдақтай қыздарым мен өндірдей өрен ұлдарым менің! Тек жас семьяның ғана емес, «махаббат» деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырмалдық, Октябрь революциясының ісіне, дəстүріне жан-тəнімен берілгендік сезімдері біздің социалистік Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын деймін! Жастықтың, жігердің, адалдықтың, адамгершіліктің алтын туы асыл махаббат жасасын! 1 - 10 январь, 1972 ж.


Click to View FlipBook Version