The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by Perizat Abdigapbar, 2023-05-27 05:21:47

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ

Аналитикалық химия пәнін инновациялық технологиялар негізінде оқыту (Әдістемелік нұсқаулық) Әбдіғапбар П.С


КІРІСПЕ Соңғы жылдары аналитикалық химия пәнін жаңа технологияларды қолдана отырып оқытудың әдістемелік жүйесі ұсынылуда. Әдістемелер жүйесінің негізінде білім алушылар аналитиликалық химияның қырсырын түсініп, заттардың құрамын және қасиеттерін ажыратуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, аналитикалық химияны толықтай меңгеру арқылы оның қоршаған орта мен адам өміріндегі маңызын да игереді. Инновациялық технологиялар-бұл қазіргі жағдайда баланың жеке дамуындағы динамикалық өзгерістер арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әдістер, әдістер, оқыту әдістері, білім беру құралдары жүйесі. Жахандану жағдайына байланысты білім берудің көптеген технологиялары дамуда.


Цифрлық білім беру ресурстары Цифрлық білім беру ресурстары – компьютерді қолдану арқылы жүзеге асатын өнім. Цифрлық білім беру ресурстары деп қазіргі заманғы білім берудің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөйлеу, музыкалық, бейне, фото және басқа да ақпаратты қамтитын ақпараттық дереккөздер түсіндіріледі.


Химия пәнін жеткілікті түрде меңгеруде ақпараттық технологияны дұрыс таңдай білу маңызды мәселені бірі. Инновациялық әдістердің ішіндегі маңыздысы – интерактивті оқыту әдісі. 1-суретте көрсетілгендей, интерактивті әдістерге келесілерді жатқызуға болады.


Технология дегеніміз не? Технология ұғымының негізгі түрлері Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс. Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету. Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, ондаөндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады.


Технологияның артықшылықтары. Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар. Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі. Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды. Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.


Педагогикалық технология. “Педагогикалық технология – оқудың арнайы жиынтығы мен құрамдастар пішінін, әдістемесін, әдісін, тәрбие құралдарын анықтайтын психологиялық - педагогикалық белгілеуіштер жиынтығы, ал педагогикалық процестің ұйымдастыру - әдістемелік сайманы болып табылады” (Б.Т.Лихачев) деп анықтама беріледі.


Оқыту ресурстары химия саласында Инновациялық технологиялар негізінде заттардың құрамы мен құрылымын, заттардың қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу, мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер болып табылады. Мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды) Зертханалық тәжірибиелер Компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта) Анықтамалық мәліметтер Сөздік, энциклопедия,карта, деректер қоры Интернет және т.б. көрнекі материалдар


Виртуалды зертханалар Виртуалды зертханада жұмыс жасау артықшылықтары: Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қажет етпейтіндігі Бірнеше стандартты реактивтермен жұмыс жасауға қолайлылығы Виртуалды жабдықтың тозбайтындығы Білімалушыларды толықтай зертханалық жұмыспен қамту Жекелеген көрсеткіштерг е қолайлы Уақыт үнемділігі


Виртуалды зертханалар Зертханалық жұмыс химия пәнінің маңызды компоненті. Білімалушы теория жүзінде алған білімін практика барысында түсініп, қорытынды жасауы қажет. Десе де , қазіргі уақытта зертханалық жұмыстарды жасау кезінде туындайтын бірнеше проблемалардың салдарынан 100% білімалушы химиялық білімді толық меңгермейді.


«Case-study әдісі -теориялық білімді практикалық есептерді шешуде қолдануға мүмкіндік беретін құрал» Кейс технологиясы -ситуациялық талдау әдісі; -ситуациялық жаттығулар мен тапсымалар; -ситуациялық рөлдік ойындар; -нақты жағдайларды талдау; -пікірталас әдісі; -іскерлік хатхабарларды талдау әдісі CASE ұсыну түрлері баспа корпусында графиктер, кестелер, диаграммалар, суреттер болуы мүмкін, бұл оны көрнекі етеді соңғы уақытта ең танымал мультимедиалық кейс, бірақ білім беру ұйымының техникалық жабдықталуына байланысты бейне жазбадағы фильм, аудио және бейне материалдар болуы мүмкін


STEM технологиясы Қазіргі уақытта қолданыстағы әдістердің бірі STEM технологиясы. STEM технологиясын 1990 жылы америка ғалымы, бактериолог Р.Колвелл ұсынды. Дегенмен бұл технология 2011 жылдан бері қарай қолданысқа белсенді түрде ене бастады [36]. Ресей ғалымы А.О.Ропин STEM негізінде оқытудың келесі қағидаларын тізбектеді.


STEM негізінде оқытудың қағидалары Біріншісі Проблемалық бағдарланған оқу қызметін пайдалану арқылы жекелеген STEM-пәндердегі оқушылардың оқу тәжірибесін кеңейтуді көздейді, оның барысында талдамалық тұжырымдамалар оқушылардың күрделі тұжырымдамаларды жақсы түсінуі мақсатында нақты проблемаларға қолданылады Екіншісі Пәндердің мазмұнын тереңірек түсіну мақсатында STEM-пәндердің білімін кіріктіруге бағытталған, осының нәтижесінде білім алушылардың болашақ мансабының техникалық немесе ғылыми бағытын таңдауда мүмкіндіктерін кеңейтеді Үшіншісі STEM-пәндерді оқытудағы интеграциялау нақты өндірістік жағдайларда қолдану (оқушылар өз білімдерін жобалар әдісі, техникалық жобалау негізінде немесе STEM-пәндерді игерудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жеке мектептің пәні шеңберінде проблемалық бағдарланған оқу қызметі жағдайында қолдана алады) Төртіншісі Жаратылыстанудың, технологияның, инженерия мен математиканың негізгі ұғымдары STEM деп аталатын бір оқу бағдарламасына біріктіру.


STEM технологиясының қозғалысы 2015- 2016жж • 1-ші сынып оқушыларына "Жаратылыстану" пәнінің енгізілуі 2016-2017жж • барлық мектептерді АКТ-мен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтылу, интернет желісіне қолжетімділік; • мұғалімдер арасында да Stem жобалар 2019ж • жоғары сыныптарда жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер ағылшын тілінде оқытылды. Мектептерде Stem кабинеттер ашыла бастады, робототехникадан олимпиадалар ұйымдастырылды


STEM технологиясын химия сабағында қолдану арқылы білімалушылардың бойында келесідей құзіреттіліктер дамиды: -химиялық ұғымдарды ғана біліп қоймай, химиялық ұғымдардың тарихымен таныс болады; -экологияға қатысты білімі тереңдей түседі; -реакцияларды жазуда, заттардың құрылымдық формуласын жазуда инженерлік білімі артады; -білімалушы да өзіне деген сенімділігі мен ізднімпаздық қабілеті артады. -логикалық ойлау қабілеті кеңейеді; -дискуссияға қатысу арқылы өз ойын анық жеткізіп, дәлелдеуді үйренеді. -өз идеясын көрсетуде шығармашылық, жаңашылдығы дамиды; -жобалық зерттеуді орындау кезінде ғылыми түрде зерттеу жасауға машықтану әдеті қалыптасады.


Химия пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар Оқыту үдерісін тиімді басқару мен ұйымдастырудың тиімділігіне негізделген педагогикалық технологиялар: • оқытудың деңгейлік саралау технологиясы; • топпен жүргізілетін жұмыстар технологиясы; • компьютер көмегімен жүргізілетін оқыту технологиялары. Білім алушылардың іс-әрекетін жандандыруға бағытталған педагогикалық технологиялар: • ойын технологиялары; • проблемалық және зерттеушілік тұрғыдағы оқыту технологиялары; • оқу материалының сызба нұсқалық және символдық модельдеріне негізделген оқытуды жандандыру технологиялары.


Блум таксономиясы Бенджамин Блум – американдық оқыту әдістерінің психологы, Блум таксономиясының негізін қалаушы Бағалау - бағалау Синтез - шығармашылық Талдау – түсіндіру Қолдану – практикалық Түсіну – нақтылау Білу – бұл қарапайым сұрақтар


Төңкерілген сынып технологиясы Төңкерілген сыныптағы аралас оқыту технологиясы интерактивті технология болып табылады. Бұл технология пәнді терең зерттеуге бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар арқылы оқушылармен аудиториялық жұмысты оңтайландыруға бағытталған ойлаудың жаңа тәсілі болып саналады. Төңкерілген сынып технологиясы негізінде химияны оқыту интерактивті әдістер ұйымдастырушы лық формалар іскерлік ойын, сабақ-зерттеу жаңартылға н мазмұн


Интерактивті әдіс пен ұйымдастырушылық формалар интерактивті әдістер іскерлік ойын миға шабуыл әдісі кейсстади әдісі Ұйымдасты рушылық формалар сабақ-зерттеу, веб-сабақ сабақпікіртал ас сабақжоба


Аралас оқыту технологиясы Aрaлac oқыту- интeрaктивті әдіc, oл «oқытушы-cтудeнт» пeн «cтудeнтcтудeнт» aрacындaғы қaрым - қaтынac мүмкіндігін, oлaрдың көзқaрacтaрын жoғaры бaғaлaуды, пікір aлмacуды, coндaй-aқ өзіндік білім aлуғa бaғыттaлғaн зaмaнaуи тexнoлoгия бoлып тaбылaды. күндізаудиторияда лекция, семинар гі оқыту (сабақтары) электронды оқыту (электронды кітапхана, электронды ресурстар) Аралас оқыту


Қазіргі уақытта ақпараттың күн сайын артып, жаңа технологиялардың қарқынды түрде дамып жатканын айқындайды. Әлем бойынша білім саласында болып жатқан өзгерістер ақпараттың мазмұны мен көлеміне сәйкес жаңа әдістердің пайда болып, олардың қолданысқа енгізілуін талап етеді.


Оқытушының цифрлық технологияларды меңгеріп, білім берудің мүмкіндіктерін ұтымды қолдана білуі оқыту процесінің сапасы мен тиімділігін арттырады.


Бағдарламалар Сабақтың барысында қолданылуы Castlots, Qrcoder Топқа бөлуде қолдануға болады. Labexchange EduWebLabs VirtualLab Виртуалды лабораториялық жұмысты жасау кезіне қолдануға болады. «Wordwall» Үй тапсырмасын қорыту мақсатында бағдарламаның бірнеше шаблондарын қолдануға болады: - диаграммалар - тест - анаграмма - кездейсоқ карта - кроссворд - сәйкестендіру - қалып кеткен сөзді немесе әріпті анықтау, т.б «JeopardyLabs» Ұяшықтарға жасырылған сұраққа жауап Командалық жұмыс Жұптық жұмыс, т.б «LearningApps» Классификация Хронологиялық кесте Жұбын тап Викториналық сұрақтар Пазлды құрастыр, т.б Quizizz Тест


Қорытынды Қорыта келе, цифрлық технологияларды пайдаланып оқыту, оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыра отырып, болашақта білім алушылардың цифрлық, сондай-ақ кәсіби құзіреттіліктерін шыңдауда маңызды фактор болатындығы айқындалды. Білімалушылар инновациялық технологиялар негізінде оқытуда зерттеу жұмыстарымен айналысу, жаңа технологиялар негізінде білім алу, өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізу және нәтижесін талдап, қорытынды шығаруға бейімделеді.


Click to View FlipBook Version